БАНДИТИЗМНІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1 БАНДИТИЗМ - ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ БІР ТҮРІ

  1. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түсінігі
  2. Бандитизмнің түсінігі
  1. БАНДИТИЗМНІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ субъектісі мен субъективтік жағыБандитизмнің объектісі мен объективтік жағыСараланған түрлері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Қылмыстық заң қоғамдық қатынастарды жетілдіруде, оларды қылмыстық әрекеттерден қорғауда маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік мәжбүрлеудің ең қатал нысанының мүмкіндігін қарастыратын қылмыстық заңды қолдану заңдылық пен құқық тәртібінің қатаң сақталуын талап етеді.

Қорқытып алушылық үшін қылмыстық жауапқа тарту мәселесі-экономикалық қатынастарды қылмыстық озбырлықтан қорғау сияқты үлкен мәселенің бір бөлігі.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы 1997 жылдың 16-шілдесінде қабылданған және 1998 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген қылмыстық кодексінен басталады. Осы кезеңнен бастап Қазақстандығы қылмыстық заңнама және қылмыстық құқық дамудың жаңа сапалық деңгейіне көтерілді. Өз кезегінде ол қоғамдық қатынастарды қылмыстық қол сұғұшылықтан қорғап қалуға, сондай-ақ заңдылық пен қоғамдық тәртіптің қатаң қадағалауына тәрбиелейді.

Соңғы жылдары елімізде ұйымдасқан қылмыстық топтар жасайтын қылмыстардың саны өсе түсуде. Оған басты себеп экономикамыздың төмендеуі, халықтың әлеуметтік жағдайының нашарлауы, жұмыссыздық.

Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың ішіндегі ең қауіптісі бандитизм болып табылады. Бандитизммен күресу, аддын алу, саралау мәселелері қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осы орайда мемлекетіміздің президенті Н. Ә. Назарбаев 19 сәуір 2000 жылы қылмысқа қарсы күресті күшейту мәселелері жөнінде мемлекетіміздің бірқатар министрлері мен лауазымды адамдары қатысуымен болған кеңесте сөйлеген сөзінде: «Біз тұтастай алғанда базарлар мен жайма базарлардағы қарадүрсін рэкеттің жолын қидық, онда тәртіп ұлғайып келеді. Бандиттер кәсіпкерлер мен банкирлерден ашық алым талап етпейтін болды. Бірақ бүл ұйымдасқан қылмысты түпкілікті жеңе алдық дегенді тіпті де білдірмейді»1 деді. Бұл жерде Елбасымыздың ұйымдасқан қылмыстық топтармен күресуді тиісті органдардың басшылары мен қызметкерлеріне міндеттеп тапсырып отыр. Бұл қылмысты, яғни бандитизмнің ашылмай қалып отыруының басты себебі. Елбасымыз айтқандай: құқық қорғау органдарында «крышаларының болуы”.

Көп жылдар бойы мемлекетімізде бандитизм жоқ және болуы мүмкін емес деп есептелінді. Бола қалғанның өзінде социалистік қоғамның басқа қоғамдардың арасында беделін түсіреді деп санады. Бандитизм барлық мемлекеттерде өте қауіпті қылмыстар ретінде қарастырылды. Осыған байланысты 2000 жылдың сәуір айында 1999-2000 жыддар арасындағы бандитизм жөнінде Алматы обылысы бойынша алынған статистикалық мәліметтерге қарап көрейік. 1999 жылы және 2000 жылы бір-бірден бандитизм қылмысы тіркелген. Екі жылда да бұл қылмыс Талдықорған қаласында орын алған. Бандитизм қылмысы тіркелгенімен сол бойы аяқсыз қалдырылған. Бұл жерден біз құқыққорғау органдары қызметкерлерінің өз қызметтеріне тиянақты қарамайтындығын көруімізге болады.

Қазіргі танда, ұйымдасқан қылмыстылықпен белсенді күрес жүргізіп отырған шақта, бандитизм құрамын теория тұрғысынан талдап, жан-жақты сипаттама беру өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Курстық жұмысымды жазу барысында осы мәселемен айналысқан В. С. Комиссаров, А. М. Ивахненко, Н. В. Водько, Г. А. Кригер, М. А. Шнейдер, П. И. Гримаев және т. б. сияқты белгілі ғалымдардың еңбегін пайдаландым.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады.

1 БАНДИТИЗМ - ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ БІР ТҮРІ

1. 1 Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түсінігі

Қылмыстық заң шығарушылық институттарының және нормаларының жүйесінде қатысушылық институты маңызды орын алады. Ол өзінің қызметтік ролінде қылмыстық заң шығарушылықтың жалпы мақсаттарына тәуелді болады, яғни адам мен азамат еркіндігі мен бостандығын, құқығын, меншігін, қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті, қоршаған ортаны, ҚР Конститутциялық құрылысын қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғау, сонымен қатар қылмыстан ескерту болып табылады.

Бірігіп қатысушылық институтының ҚР қылмыстық құқығында алатын арнайы маңызын келесілерден көруге болады:

  • Қылмыстық Кодекстің ерекше бөлімімен қарастырылмаған қоғамға қауіпті әрекеттер түрлерін бекіту, бірақ олармен күресудің қылмыстық-құқықтық әрекеттерді талап ететін;
  • жасаған әрекеттерінің жауаптылық жағдайын және қағидаларын белгілейді;
  • қылмыс жасауға бірге қатысқан тұлғаларға жаза тағайындауды анықтайтын критерийлерді құрастырады;
  • ұйымдасқан қылмыстық қызмет формаларын анықтау кезінде теориялық негіз ретінде қызмет ету.

Құқық теориясында бірігіп қатысушылық институтының тағайындалуына байланысты бірнеше көзқарас бар. Жекелеген авторлар қатысушылық институтын қылмыстық репрессияны күшейту құралы ретінде қарастыру керек дейді.

М. А. Шнейдердің пікірінше, қатыстылық «әрқашан қылмыстық қоғамдық қауіптілігін ауырлататын жағдайлар болып табылады және қылмыскердің өзінің қауіптілік дәрежесін сипаттайды1.

Ал, Л. Д. Гаухман мынандай пікірді ұстанады: «бірігіп қатысушылық қылмыстық жауаптылықтың негіздеріне ешқандай ерекшеліктер туғызбайды, қылмыстық құқығы бойынша жауаптылықтың жалпы жағдайларын қолданады2 .

Қылмысқа қатысушылық деп ҚР Қылмыстық Кодекстің 27 бабына сәйкес екі немесе одан да көп адамның қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы болып танылады. Қылмыс жасаудың ерекше формасы ретінде қатысушылық объективтік және субъективтік белгілерінің бірнешеуімен сипатталады.

Қылмысқа бірігіп қатысушылықтың заң шығарушылық анықтамасы арнайы үш белгіден тұрады:

1. Қылмысқа екі немесе одан да көп адамның қатысуы;

2. Олардың қызметінің біріккен түрде болуы;

3. Олардың қасақана қылмыс жасауға, қасақана бірлесіп қатысуы.

Алдыңғы екі белгі объективтік сипатта болады, олар қылмыстың топ қызметінің ішкі ерекшеліктерін сипаттайды, ал үшінші белгі- субъективтік белгіге жатады.

Заңға сәйкес бірігіп қатысушылар санының ең төменгі саны екі адам, екеуінің де ақыл-есі дүрыс және заңмен белгіленген жасқа жетуі қажет. Қылмысты екі адам жасады, бірақ олардың біреуінің ақыл-есі кем, екіншісі заңмен белгіленген жасқа толмаған.

Мұндай жағдайларда олар қылмыс субъектісі бола алмайды, сондықтан бұл жерде бірігіп қатысушылық туындамайды.

Қылмыстық Кодекстің ерекше бөлімінде қылмыстық топтарға қатысушылардың саны анықталмайды. Бұны бірігіп қатысушылық құрамының барлық жағдайларында, сонымен қатар қылмыстық топтарда бірігіп қатысушылық саны жөніндегі мәселе бірге қарастырылып шешіледі, бірігіп қатысушылық екі немесе одан да көп адамдардың әрекетінен туындайтындығымен түсіндіруге болады.

Бірігіп қатысушылық институтының фундаментальды ережесі болып, бандалық топ жасаған қылмыстарына еқі немесе одан да көп адамдарының қатысуының объективтік белгілерінде болып табьшады. Бірігіп қатысушылықтың объективтік белгісінің бірі ол қатысушылардың қызметінің бірігіп әрекет етуі болып табылады.

Заңдарды талқылау, заң әдебиеттерін талдау, сонымен қатар Жоғары Сот пленумы қаулыларының материалдары «бірігуі, бірігіп қатысушылық белгісі материалдық құрамдарда объективтік белгісін келесілерден тұратындығын анықтайды:

а) қатысушылардың органикалық байланыстары, әрқайсысының әрекеті қажетті, басқалардың қылмыстық әрекеттеріне жағдайы болып табылады;

б) олардың қылмыстық әрекеттерінің қорытындысы жалпы болып табылады;

в) қатысушылардың әрқайсысының әрекеті келтірілген кылмыс қорытындысының жалпы байланысында болып табылады1.

Қасақаналықтың интеллектуалдық элементі екі субъективтік белгісімен сипатталады.

Біріншіден, өзара мәліметтілік және екіншіден өзара келісімділік. Өзара мәліметтілік (осведомленность) қатысушылардың қасақаналық элементі ретінде, олар яғни орындаушы, көмекші және т. б. өздерінің қылмысты жалғыз жасамайтыңдығын түсінеді, бірігу барысында қылмыс жасауға басқа тұлғаларды қосу ретінде көрініс табады.

Мұндай мәліметтілік әрбір қатысушыға сонымен қатар орындаушыға міндетті болуы тиіс. Орындаушының ойластырылған әрекеттерінен хабардар болуы қатысушының, орындаушының қасақана жасалатын әрекеттерімен келісіп қана қоймай сонымен қатар онымен бірге қасақаналық әрекеттер жасауға қатысады.

Екіншіден, өзара мәліметтілік әрбір қатысушы басқа қатысушы жасайтын кез-келген әрекетті емес сонымен қатар нақты қылмыстар немесе бірнеше қылмыстар жасайтындығы жөнінде хабардар болады және оны көре біледі.

Үшіншіден, әрбір қатысушы өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті сипатта болатындығын түсінеді, сонымен қатар қылмыстың нәтижесінде зиянның болмай қоймайтындығын түсінеді.

Өзара келісімділік. Қатысушылықтың субъективтілік элементі ретіңде қасақаналықтың еріктілік элементіне сәйкес келеді. Тұлға басқа тұлғамен қылмыс жасауға өз ойын және тілегін білдіруінде болып табылады.

Мұндайда келісушіліктің субъективтік көрінісі, яғни қатысушылардың психологиялық байланыстары, субъективтік жағынан олардың қызметінің келісімділігін сипаттайды.

Келісімділіктің болмауы субъективтік белгісі ретінде қатысушылықты болдырмайды1. Келісімділік қатысушылық басталатын алдын-ала сөз байласуды көрсетеді.

Л. Д. Гаухманның, М. А. Шнейдердің, П. И. Гримаеваның, Г. А. Кригердің және М. Н. Ковалевтің зерттеулерінде қатысушылықтың екі түрі көрініс табады:

жәй (бірігіп орындаушылық) ал, субъективтік жағынан біркінәлілік;

күрделі, онда әр қатысушы сипатына қарай әртүрлі әрекеттерді орындайды, субъективтік жағынан қатысушылық тар мағынада жәй сөз2;

күрделі қатысушылық немесе әртүрлі рольдерді орындау қатысушьшығы, келесідей элементтермен сипатталады: күрделі қатысушылық кезінде қылмыстың объективтік жағын құрайтын әрекеттер кінәлімен әр түрлі рольдерді орындауымен жүзеге асырылады (орындаушы, ұйымдастырушы, итермелеуші, көмекші және т. б. ) .

Қатысушылардың жекелегендері әрекеттерді орындауға мүлдем қатыспауына болады, сонымен қатар олардың қылмыс жасауға да қатыспауларына болады. Аталған қатысушылық түрінде міндетті болып орындаушы және бір қөмекші табылады.

ҚР Қылмыстық кодекстің 31 бабына сәйкес қылмысқа қатысу нысаңдары көрсетілген. Бұл бапта қылмысқа қатысу нысанының төрт түрі көрсетілген:

а) қылмыс жасауға екі немесе одан да көп орындаушы күні бұрын сөз байласпай бірлесіп қатысса, ол адамдар тобы жасаған қылмыс;

б) қылмысқа бірлесіп жасау туралы күні бұрын уағдаласқан адамдар қатысса ол адамдар тобы алдын-ала сөз байласып жасаған қылмыс;

в) қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бүрын біріккен адамдардың түрақты тобы жасаса, ол ұйымдасқан топ жасаған қылмыс;

г) қылмысты ауыр немесе ерекше ауыр қылмыстар жасау үшін құрылған, бірігіп ұйымдасқан топ (ұйым) немесе сондай мақсатпен құрылған ұйымдасқан топтардың бірлестігі жасаса, ол қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыс деп табылады.

Бандитизм қылмысқа қатысу нысандарының төртіншісіне жатады.

Енді бандитизм үғымына тоқталып өтейік. Бандитизм бұл ҚР Қылмыстық қодексінің 237 бабының бірінші тармақшасына сәйкес азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында қарулы топ (банда) құру, сол сияқты осындай топты басқару болып табылады.

Бандитизмнің қылмыс ретінде, ауыр қылмыстардың қатарына жатқызылады. Оның басты себебі- бұл қылмыс қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіп негізіне, жекелеген тұлғаның денсаулығына, меншігіне, мекеме ұйымдардың қалыпты қызмет етуіне қол сұғуында болып табылады.

Банда келесі белгілермен сипатталынатын қылмыстық топ санатына жатқызылады: тұрақтылық, қаруланғандылық, құрамында бірнеше адамның болуы (кем дегенде екі адам), арнайы азаматтарға, ұйымдарға, мекемелерге шабуыл жасау мақсатында құрылуы белгілерін айтуымызға болады.

Келесі мәселе бұл бандитизмнің даму тарихы. 1917 жылдардағы Азамат соғысы. Бұл соғыс барысында қоғамға қауіпті деген қылмыс қатарына: әскери қызмет ережелерін бұзу, бандитизм, тонау және басқа қол сұғушылықтар жатқызылды. Сол кездегі өте қауіпті қылмыстардың бірі бандитизм болып табылды. Бандитизм қауіптілік дәрежесі бірнеше жағдайлармен байланысты болды. Революцияға қарсы ұйымдар әр түрлі банда-шайка топтарының мүддесін қолдады.

Екіншіден, банданың шабуылдары жас Кеңестік Мелекеттік негіздеріне қол сұқты.

Үшіншіден, Октябрь революциясынан кейін бандитизм кең етек жая бастады. Тек бір Одессаның өзінде 1918 жылы отыз мыңға жуық банданың элементтері қөрініс тапқан.

Сонымен қатар бұл қылмыс 20-30 жылдар арасында да саны жағынан өсе түсті. Мысалы, Кеңес Одағында милиция және жедел іздестіру органдарында бандитизмге байланысты 1924 жылы 3897, 1925 жылы 3338, ал 1920 жылдың алғашқы үш кварталында 465 қылмыс қарастырылған1.

Отызыншы жылдары жас Кеңестік Мемлекетке бандитизмге байланысты тағы күресу қажет болды. Бұл жолы мемлекеттің саясатына қарсы банда-кулак топтары көрініс тапты. Бұл кездегі бандитизм өзінің сипаты бойынша Кеңестік билікке қарсы болды. Банда-кулактар жергілікті мекендердегі тұрғындарды қорқытып мал-мүлкін тартып алып отырған. Одан кейінгі бандитизмнің дамыған кезеңі ол Ұлы Отан Соғысы жылдарынан басталады. Бұрынғы кулактар ұсталмай қалып кеткен ақ гвардияның солдаттары мемлекеттің ауыр күндерді кешіп отырганына қарамастан мемлекетке, азаматтарға қол сұғушылықтарды жүзеге асырды. Сонымен қатар бандалық шабуылдардың жоғарғы деңгейде соғыстан кейінгі алғашқы жылдарында көрініс тапты. Бұған себеп-Қызыл Армия қатарынан солдаттар мен офицерлерді демоблизациялау өз ықпалын тигізді.

Бұл кезеңдегі бандитизмнің дамуына бірнеше факторлар өз әсерлерін тигізді: азық-түлікпен және киіммен қамтамасыз етілмеуі, неміс әскерінің басып алған жерлерінде қару-жарақтың көптеп қалып кетуі, адамдардың көбісінің еңбек етуге жарамай қалғандығы сияқты факторлар әсерін тигізіп, бандалық шабуыддар жасауға алып келді.

  1. Бандитизмнің түсінігі

Бандитизммен қарақшылық қылмыс құрамдарын айыру туралы сұрақ осы құрамдарды сипаттайтын элементтердің үқсас келетін жағдайларда туындайды, яғни, егер қарақшылық бірнеше адаммен және қару арқылы қолданған жағдайларда қарастырамыз.

Бандитизм мен қарақшылықтың үқсастығы ол қылмыстардың жекелеген азаматтарға және мелекеттіқ қоғамдық, өзгеде меқемелер мен ұйымдарға қол сұғушылығы арқьшы көрініс табады. Сонымен қатар бандалық шабуьш жасау қарақшылық сияқты жәбірленушіге қатысты өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретш қүш қолдану арқылы топтастырылуы мүмкін.

Бірақ, бұл қылмыстардың сырт көзге ұқсастықтары болғанмен, бұл қылмыстардың елеулі айырмашылықтарын да көруге болады.

Кеңестік қылмыстың зандар тарихында қарақшылық бандитизмнің бір түрі есебінде қарастырылған. 1922 жылғы РСФСР қылмыстық кодексінің 184 бабында келесідей түсінік қалыптасқан: «Ашық түрде мүлікті ұрлау мақсатында, қандайда бір тұлғаға шабуыл жасау, оған физикалық және психиқалық қүш қолдану арқылы өмірі мен денсаулығына зақым қелтіруі деп атап көрсеткен. Осы қодеқстің 184 бабының екінші тармағында «сондай қылмысты адамдар тобын жасау сөздерінен кейін жақшаның ішінде «бандитизм» сөзі тұрады.

1922 жьшғы РСФСР қылмыстық қодексінің 76 бабында бандитизм «әртүрлі қылмыстық мақсаттарда қарақшылық шабуылдар жасау үшін банда- шайктерді үйымдастыру деп қөрсетілген болатын.

Осыдан біз заң шығарушының бұл ұғымдарды бір-бірімен теңестіргенін көре аламыз. Сол кезде практикада бандитизм мен қарақшылық арасындағы ұқсастықгары туралы сұрақгар туындай бастады. Осы аталған кодекске кейіннен шыққан түсіндірмеде: «топ пен «банда-шайка ұғымын бір-бірімен ұқсас деп түсіну қате» деп жазылды.

«Банда шайка бірнеше адамның бірігуін анағұрлым қауіпті формада құрылып көрініс табады.

Қазіргі қолданылып жүрген қылмыстық зандарда қаруланған қаракшылық топты бандитизмнен айыру өте күрделі болып отыр. Бандалық шабуылдар меншік қатынастарына байланысты қол сұғушылық әрекеттер жасаған жасаған жағдайларда бірнеше белгілері қарақшылық топ белгілері мен сәйкес келеді. Соған байланысты аталған қылмыстарды ажыратуға көмектесетін критерийлерді өндіруіміз қажет.

Бұл проблеманың күрделілігі тек ұйымдасқан қылмыстың таралуымен ғана байланысты өсіп отырған жоқ. Сонымен қатар практикада қылмыстық қол сүғушьілықтарға қарсы күрес, бандитизм үшін жауаптылықгы көрсететін нормалардың қоддану тендециясында болып отыр. Оның өзектілігі күқық қорғау орғандарының респендент-қызметкерлерінің он бес пайызы атап көрсетіп отыр.

Қылмыстық құқық теориясында көрсетілген қылмыс құрамдарын ажырататын, бір жүйеге келтірілген критерийлер жасалынбаған. Сондықтан, бұл мәселе жөнінде әр түрлі көзқарастар мен пікірлер айтылған. Кейбір авторлардың пікірінше, «қарақшылықтың бірнеше қаруланған адамдар тобымен жасалған шабуылын бандитизмнен айыратын басты критерийі ол-тұрақгылық. «Басқа авторлар қарастырылып отырған қылмыстарды айыру кезінде олардың мүшелерінің қаруланғандығы мен түрақгылығы белгілеріне көңіл аударған жөн деген пікір айтады.

Келтірілген көзқарастардан қаруланғандық пен тұрақгылық жеке-жеке қарастырғанда қарақшылық пен бандитизмді айыратын критерийлер болуы мүмкіндігін көре аламыз.

Тұрақгылық банданың міндетті белгісі болып табылғанымен ол қарақшылық топта да болуы мүмкін. Топтардың қаруланғандығы критерийімен бандитизм мен қарақшылық арасында айырмашылықты ашып көрсету мүмкін емес.

Қаруланғандық пен түрақтылық белғілерінің жиынтығы қылмыстық топтың неғізғі критерилері болып табылады және сол арқьшы бандитизм, меншік қатынастарына қол сүғушылықпен байланысты қылмыстар және қаруланған қарақшьшық топ арасындағы айырмашьшықтарды айыруға мүмкіндік туады.

Бандитизмді қарақшылықтан айыру күрделілігі үйымдасқан топ пен банданы айыру қиын болатындығында болып отыр.

Практикада аталып көрсетілген белгілердің біреуі ғана жұмыс жасауда ол-қаруланғандық ал, басқа белгілер айтарлықтай көрініс тауып отырған жоқ.

Бандитизм мен қарақшылық арасындағы айырмашылық ең алдымен қылмыстардың әр қайсысының қол сұғушылық объектілеріне байланысты ажыратылады. Жоғарыда аталғандай екі объектіге қол сұғады. Біріншіден, меншік қатынастарына қол сүғады және екіншіден жеке басқа қол сұғады.

Бандитизмге байланысты жекеленген кейбір шабуылдар осы қылмыстарды жасау барысында және азаматтарға немесе мемлекеттік, қоғамдық мекелер мен ұйымдарға қол сұғушьшық тұрғысында көрініс табады. Бірақ заң шығарушы бұларды нақгы, белгілі бір объектілермен байланыстырмайды. Бандитизм әрқашан мемлекеттің қоғамдық қауіпсіздікті сактау облысындағы қызметі неғіздеріне қол сұғады. Сондықтан бандитизмнің топтық объектісі ретінде басқару орғандарының қалыпты қызмет етуі мен байланысты сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздіқ пен тәртіпті сақтау қатынастары табылады.

Құқық қорғау органдары үшін бандитизмнің объективті жағының белгілерін жинақтау: шабуыл жасау мен банданың түсінігі бандитизм формасы, оның көрініс табуының ерекшеліктері күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Осыған байланысты олар бандитизмнің қауіптілік дәрежесі зор екендігін атап көрсетеді.

Бандитизм мен қарақшылықты айыру үшін маңызды жағдайларға нақты белгілерін анықтап алу, банданың ұғымын сипаттайтын, яғни банда ретінде екі немесе одан да көп адамдар тобымен кұрылған, тұрақты қаруланған қылмыстық ұйымның бір формасы ретінде аддын-ала жеке азаматтарға, үйымдарға, мекемелерғе шабуыл жасау үшін күрылған қылмыстық топты айтамыз.

Банда келесідей белғілерден түрады:

1. ұйымдастырушылық;

2. тұрақтылық;

3. мүшелердің қаруланғандығы;

4. оның құру мақсаты шабуыл жасауды қөздейді;

ҚР қылмыстық кодексінде қаруланған қарақшылық топқа арналған бап жоқ, ол тек қарақшылық деген сөзбен көрініс табады.

Ал қаруланған қарақшылық топ қылмыстық жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар есебінде қарастырылады. Қаруланған қарақшылыққа да аталған бандитизмнің ерекше белгілері тән болып табылады. Егер қарақшылықгы жалғыз адам жасаған болса, онда оған аталған белгілердің тек қаруланғандығы, шабуыл жасауды көздейтін белгілері ғана тән болады.

Енді бандитизм мен қаруланған қарақшылық топ қылмыс құрамдарының арнайы, практикада кездесетін белгілеріне тоқталып өтейік.

Ұйымдастырушылық. Бұл бандитизм мен қаруланған қарақшылық топ белгісі қатысушылар арасында белгілі бір байланыстарды ұстау формасын белгілеу, яғни иерархиялық тұрғыдан функцияларын бөліп беру ретінде көрініс табуы, сонымен қатар жасайтын әрекеттерінің келісушілігі, жалпы мақсаттарға жетудің дайындығын, қылмыстық қоғамдастықтағы ролі ретінде көрініс табады. Ұйымдастырушылықтың міндетті элементі болып, бандамен қарақшылық топта қатаң тәртіптің сақталуы болып табылады.

Қылмыстың құқықтық әдебиеттерде қөрсетілгендей банданың міндетті элементтерінің бірі болып «тұрактылық табылады. Бірақ, кейбір авторлар тұрақтылық белгісін банданың ұғымынан алып тастауды ұсынған. Мысалы, ол туралы П. Ф. Гришанин былай деп жазды: «тұрақтылықгы банданың міндетті белгісі ретінде есептелмеуі тиіс2. Бұл позиция П. И. Гримаев пен Г. А. Кригердің әділетті пікірімен қайтарылып тасталды.

Топ мүшелерінің арасында қылмыстық түрақгы белгілерінің болмауы қарақшьшық пен бандитизм қылмыс құрамдарын айырудың маңызды белгілерінің бірі болып табьшады.

Тұрақтьшық ретінде тұрақгы немесе уақытша қылмыстық қызметті түсінуіміз қажет. Қылмыстық әрекеттердің бірнеше рет жасалуына есептелінген және жасалынатын қылмыстық әрекеттердің үздіксіздігі болып табылады. Қылмыс жасау арасындағы үзіліс орын алуы мүмкін, бірақ банда қелесі шабуылдар жасауға дайындалып интелектуалдық деңгейде әрекет етіп отырады. Мұндай жағдайда әрбір банда мүшесіне белгілі әрекеттерді жүзеге асыру сеніп тапсырылады. Бұндай әрекеттер мүшеге болашақта жасайтын шабуылдардың жоспарын жасау барысында сеніп тапсырылады. Осыған байланысты банданың жай қатысушылық немесе топпен жасалған қылмыстырдан ажыратылады1.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бандитизм қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Қарақшылық қылмысының сараланған және аса сараланған құрамдары
Бандитизм қылмысының криминологиялық сипаттамасы
Қылмыс заты мен қылмыс құралының айырмашылығы
Қылмыстық құрамдардың түрлері
Меншікке қарсы қылмыстың түрлері
Қарақшылықпен күрестің криминологиялық, қылмыстық – құқықтық мәселелерін теориялық тұрғыдан зерттеу және қылмыстылықтың алдын алу жолдарын анықтау
Терроризмнің ұғымы және белгілері туралы
Қарақшылық бөтеннің мүлкін ұрлаудың ерекше түрі
Терроризм және халықаралық террористік экстремистік үйымдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz