Балалар бақшасындағы балалардың музыка арқылы ұлттық дүниетанымының қалыптасу моделі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе 3

1 Музыка арқылы балалардың ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың
теориялық негіздері
1.1 Музыка тілі мазмұны және оның құрылымы 6
1.2 Балалар бақшасындағы балалардың музыка арқылы ұлттық 6
дүниетанымының қалыптасу моделі
11
2 БАЛАЛАР БАҚШАСЫНДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗЫ МЕН МІНДЕТІ
2.1 Балаларды музыканы тыңдау-қабылдау білуге тәрбиелеудің
компоненттері, өлшемдері, көрсеткіштер жүйесі 14
2.2 Музыканы оқытуды ұйымдастыру формалары жайлы түсінік
2.3 Музыка сабағы - музыканы оқытуды ұйымдастырудың негізгі 14
формасы және оның өнер пәні ретінде ерекшеліктері 18

3 Музыка сабақтарының дәстүрлі емес жаңа түрлері 21
3.1 Музыкалық көңіл күй, Дыбыс әлеміне саяхат сабақ жоспары
23
ҚОРЫТЫНДЫ 23
Пайдаланылған әдебиеттер
26
28

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Жас ұрпақтың санасын шыңдауға қызмет ететін
білім жүйесін қалыптастыру – қазіргі заманның өзекті мәселесі болып тұр. Ал
мұндай білім жүйесі сол ұлттың төл болмысымен санасу арқылы жүзеге асады.
Өйткені, өткен тарихтың сын көзінен өткен құнды ұлттық дүниетаным мұралары
жас буынның рухына негіз болып қаланып, болашаққа бағыт жасап отырған
жағдайда ғана ұрпақтар арасындағы сабақтастық үзілмейді. Жастарды халықтық
тәрбиенің негізінде оқытуда ұлттық өнердің өркендеуіне жол ашу қажеттілігі
туып отыр. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында
білім беру жүйесінің басты міндетінің бірі ретінде көрініс тапқан. Атап
айтқанда: Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау керектігі
белгіленген.
Қандай бір халықтың ұлттық дүниетанымының мол мұрасын толық зерттемей
және оны күнделікті оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланбай, жан-жақты жетілген
ұлтжанды жастарды тәрбиелеу мүмкін емес. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру
барысында, біріншіден, бүгінгі өркениетті дүниеде болып жатқан
өзгерістерді ескеріп отыруда, екіншіден, өз халқының ұлттық, мәдени-
тарихи, әлеуметтік-экономикалық ахуалын терең танытуға айрықша назар аудару
қажет. Мұндай жағдай басшылыққа алынған жерде, ұлттық балабақшаның өзекті
мақсаты – адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына дарытқан парасатты
тұлғаны тәрбиелеу болып шығады.
Әр халықтың ұлттық мәдениеті халықтың ежелден келе жатқан өзіне тән
өнері, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі есебінде жетілетіні белгілі. Сол себепті,
бүгінгі таңда халықтың дәстүрлі өнер түрлерін жинақтап зерделеудің, оның
айналасындағы тәлім-тәрбиесінің мол тәжірибесі негізінде жас өспірімдерді
тәрбиелеудің қажеттігі өсе түсуде. Сондай-ақ, еліміздің қоғамдық-
экономикалық өміріне нарықтық қатынастардың енуіне байланысты өзгеріске
түскен саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, рухани қарым-қатынас
жағдайлары жас ұрпақ тәрбиесінің проблемаларын осы үдеріс талаптарына сай
ойластыруды қажет етеді. Демек, балаларға әлемдік деңгейде, өркениетті
негізде білім-тәрбие беру маңызды мәселеге айналып отыр. Ал бұл өз
кезегінде оқу-тәрбие үдерісін балабақшадан бастап олардың дүниетанымын
ұлттық мәдениетіміз мазмұнына бағыттау және олардың ғылыми негіздерін
анықтауды алға тартады. Қазіргі физиология, психология және медицина
ғылымдарының дәлелдеуін ескеретін болсақ, болашақ дүниеге келер
ұрпағымыздың, шарананың психикасын қалыптастыруда музыка рөлінің үлкен
екенін мойындаймыз. Бұл дана халқымыздың бесік жырларының ұрпағының
санасында ұлттық дүниетанымды қалыптастырудың педагогикалық шарттарының
бірі екендігін алға тартады.
Мектепке дейінгі, балабақшаның, оның ішіндегі балабақшалардың, оқу-
тәрбие үдерісінде музыка өнерін пайдалану, оларды ұлттық мәдени тұрғыда,
дүниетанымдық мазмұнында пайдалану, балалардың ұлттық дүниетанымын
қалыптастыру ғылыми-педагогикалық жүйелілікті талап етеді.
Бұл мәселеде, философ ғалымдардың зерттеулерінде (Ә. Нысанбаев,
А. Қасабеков, І. Ерғалиев пен Ғ. Телібаев, М. Орынбеков, Ж.
Алтаев, Д. Кішібеков т.б.) дүниетаным, таным,
қазақ дүниетанымы саласында көптеген құнды ой-пікірлері мен көзқарастары
жан-жақты мазмұндалған.
Зерттеуіміздің әдіснамалық негіздері М. Әуезов, С. Мұқанов,
А. Байтұрсынов, Ж. Аймаутов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ш.
Құдайбердиев, Ө. Жәнібеков, М. Орынбеков, Ә. Бірмағамбетов, А. Сейдімбек
және т.б. еңбектерінде орын алған.
Балалардың танымдық әрекетінің әр түрлі аспектілерін бірқатар
психологтар мен педагогтардың еңбектерінде (С.Л.
Выготский, В.В. Давыдов, И.Я. Лернер, М.Н. Скаткин, Л.В. Занков,
Т.И. Шамова, М.И. Махмудов, А.Н. Леонтьев, Н.Б. Менчинская, П.Я.
Гальперин, Д.Б. Эльконин, Ю.К. Бабанский т.б.) зерттеу міндеттеріне қарай
жүйелі түрде талдаған.
Өскелең ұрпақты өз ұлтының өнерімен, салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен
таныстыру, халықтық педагогика саласында терең мазмұнды зерттеулер жүргізу
мәселелері бойынша Қ.Б. Жарықбаев, С. Қалиев, С. Ұзақбаева,
Ж. Наурызбай, Қ, Қожахметова, М. Балтабаев, Р. Дүйсенбінова, А.
Көбесов, З. Әбілова, А.А. Қалыбекова, Қ. Болатбаев, И.
Оршыбеков, Қ. Бөлеев, Д.Қ. Пошаевтың еңбектерін атап
өтуге болады. Халықтық тәрбие саласында қалыптасқан дәстүрлері, мазмұндары
ондағы еңбек, ақыл-ой, эстетикалық адамгершілік, тәрбие берудің жекеленген
әдістері мен амал-жолдары баяндалып, балалар дүниетанымын қалыптастырудың
тәрбиелік мәні ерекшеленіп көрсетілген.
Қазақстан ғалымдары С.А. Ұзақбаева, М. Х.Балтабаев, Т.А. Қышқашбаев,
М. Оразалиева, Ш.Б. Құлманова, Е.Ш. Қозыбаев, Р.К.
Дүйсенбінова, К.А. Ибраева, Н.А. Гончарова және т.б.
өз еңбектерінде қазақ халық музыкасы мен дәстүрлі көркем мәдениетін балалар
тәрбиесінде (музыкалық, эстетикалық, адамгершілік) жетілдіру мақсатын
қарастырып, педагогикалық мүмкіндіктерін ашып көрсеткен.
Дегенімен, педагогикалық әдебиеттерді талдау және зерттеулер жалпы
музыка өнерінің, оның дүниетанымды қалыптастырудағы рөлі, педагогикалық
шарттарына (әдістер, формалар, тәсілдер т.с.с.) оның ішінде балабақшадағы
маңызына ғылыми-педагогикалық зерттеулер жасалынбағанын көрсетеді. Яғни,
балабақшадан балаларды халқымыздың ұлттық игіліктері мен адамзат мәдени
мұралардың сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу, оқыту және олардың ұлттық
дүниетанымының қалыптасуына жан-жақты мүмкіндік жасау қажет екендігі
айқындалды.
Зерттеу мақсаты – балалар бақшасындағы музыкалық тәрбиенің маңызы мен
міндеті теориялық тұрғыда негіздеу.
Зерттеудің нысаны – балабақшадағы оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні – музыка арқылы балалардың ұлттық дүниетанымын
қалыптастырудың педагогикалық шарттары.
Зерттеу міндеттері:
- балалардың ұлттық дүниетанымын музыка арқылы қалыптастырудың
теориялық негіздерін айқындау;
- балаларды музыканы тыңдау-қабылдай білуге тәрбиелеу әдістемесі
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: жеке тұлға теориясы,
дүниетаным туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық жалпы
азаматтық және ұлттық құндылықтардың өзара сабақтастық теориясы, өнерді
қабылдау теорияларымен қазіргі гуманистік тұжырымдар, білім туралы
мемлекеттік саясат біздің зерттеуіміздің әдіснамалық және теориялық негізі
болды.
Зерттеу көздері: философ, психолог, педагогтардың дүниетаным, қазақ
музыкасы туралы зерттеу еңбектері; Қазақстан Республикасының Ресми
материалдары, Үкіметтің қаулы-қарарлары, қағидалары және т.б. музыканы
оқытудағы этнопедагогика материалдарын тиімді жүзеге асыру жөніндегі озық
тәжірибелер.

1 Музыка арқылы балалардың ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың
теориялық негіздері

1.1 Музыка тілі мазмұны және оның құрылымы

Шаруашылық пен тұрмыс ұйымдастырудан, сәулеткерлік пен кәсіпшіліктен,
бейнелеу өнері мен киім-кешектен, суырып салма ақындық пен әуезден, әншілік
пен билеу машығынан, қоғамның имандылық, ізгілік дәстүрінен көрінетін қазақ
жасампаздығы мен шығармашылығының әлі де болса ашыла қоймаған тұстары
жеткілікті. Қазіргі ұрпақтың негізгі мақсаты – осы мәселені шешу. Өйткені
қазақ халқының рухани байлығының әсері адамның парасатты, білімді болуына
дүниетанымдық көзқарасының жоғарғы деңгейде дамуына әсері ерекше болып
табылады. Осындай үрдісте қазақ халқының музыка әсері өзгеше, осыны ескере
отырып, біз ең алдымен оның “дүниетаным” ұғымына және осы арқылы адам
баласының ежелден дүниеге деген көзқарасын қалыптастырудағы рөліне назар
аудардық.
Дүниетанымның басты категориясы ретінде, дүние мен адам алынды,
өйткені, әлемді танушы – адам. Оның ішінде ең негізгісі – дүние өмір,
тіршілік ретінде түсіндірілсе, енді бірде дүние ұғымы – қоршаған орта,
табиғат, әлем ретінде қарастыруға болады.
Философ ғалымдар І. Ерғалиев пен Ғ. Телібаев өз еңбектерінде ұлттық
дүниетаным туралы: ...Адамның дүниемен байланысы, оны тануы белгілі ұлттық
жағдайда қалыптасқандықтан, дүниетанымның ұлттық белгілері болады, – дей
келе, ежелгі қазақ дүниетанымының түрлеріне: мақал-мәтелдер, жырлар,
дастандар, аңыздар, ертегілер, термелер, жоқтауларды жатқызды.
Дүниетаным – адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі.
Адамдардың ұжымшылдықты, гуманизмді (еңбек адамын құрметтей білу)
оптимизмді (жарқын болашаққа сену) дәріптеп қана қоймай, әр адамды дүниені
қайта құру жолындағы жан қиярлық күреске баулиды.
Дүниетанымның негізі балабақшаның өзінде қаланады да, бала кәмелетке
келгенде оның дүниетанымы біршама қалыптасады. Адамның алдына қойған
мақсатының айқын болуы, дүниетанымның өмірмен байланыстылығы берік сенімнен
туады. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана
түседі. Өйткені бұл екеуі, құстың қос қанатындай, адамның ең асыл
қасиеттері болып табылады. Дүниетанымды қалыптастыру үшін адамға бәрінен
бұрын білім негіздерін меңгеру қажет. Өйткені білім дүниетанымды
қалыптастыратын негізгі мәселе болып табылады.
Дүниетанымдық деңгейлерді сараптай келе, дүниетаным – әлем, тұтас дүние
туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы
көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы деуге
болады. Дүниетаным көзі – білім. Адам тіршілігінің көзі – табиғат.
Дүниетаным – дүние және тану деп аталатын екі бөлімнен тұрады. Адамның
әрбір даму кезеңіне байланысты дүниені тану шеңбері мен оның мазмұны
ұлғайып, тереңдей түседі. Қоршаған дүниені білу – танымға байланысты. Таным
– адам санасын дамытудың негізгі және ол арқылы адам өзін қоршаған ортаны
игеру мүмкіндігі.
Дүниетанымның қалыптасуында ұлттық мәдениет үлкен рөл атқарады.
Д. Пошаевтың пікірінше ұлттық мәдениет – мінез-құлық негізінде
қалыптасады. Яғни ол жеке ұлттарға, этносқа тән сезімдер жиынтығы болып
табылады. Өйткені, адамның жеке көзқарасы, айналаны қабылдауы тарихи
қалыптасқан дәстүрлі ұлтының дүниетанымына да байланысты болып тұрады.
Қазақ халқының ежелден келе жатқан тарихында негізінен түркі халықтарының,
соның ішінде қазақ халқының көзқарасы ертеде мифология арқылы қалыптасып
жатты.
Ж. Аймауытов баланың дүниетанымын қалыптастыруда тәрбиенің екі түрлі
болатындығын көрсетеді: дене тәрбиесі және жан тәрбиесі. Әсіресе
екіншісінің дамуына қазақ халқының музыка өнері байлықтары әсер етеді, –
деп ғалым ойын түйіндейді. Жастайынан ұлттық музыка өнері құралдарын естіп,
біліп, тану баланың ой-өрісін, ойлау қабілетін тереңдетіп отырады.
Дүниетанымдық түсінікке негізгі бағыт беретін, қоғамдық өмірді
суреттейтін өнердің бірі – музыка өнері. Музыка өнері қоғамдық формациядағы
халықтың тұрмысын, саяси хал-жағдайын, іс-әрекетін, мінез-құлқын тереңірек,
көркем түрде түсінуге жол ашады.
Біз өз зерттеуімізде осы ойды басшылыққа ала отырып, музыка өнері
туындыларын талдау арқылы, олардың дүниетанымды қалыптастырудағы
мүмкіндіктерін қарастырдық. Зерттеу барысында, қазақтың ауызекі
шығармашылығын музыка арқылы кеңінен пайдалану балалардың музыкалық-
эстетикалық тәрбиесінің қалыптасуымен қатар, ұлттық дүниетанымының және оны
дамытудағы :
– әуенді қабылдау – музыка өнеріндегі және өмірдегі құбылыстардың
қасиеттерін көре білу, сезім әсерлерін бастан кешіру;
– сезімталдық – өмір мен өнер құбылыстарының құндылықтар тұрғысынан
бағалау, көңіл-күйді бағалау;
– сазды қажетсіну – саздың сезімдерді бастан өткізу, оны қажетсіну;
– талғам – құбылыстар мен музыка өнері туындыларын бағалау қабілеттері
айқындалды.
Балабақшада музыка сабағында қазақ фольклоры материалдарын пайдалану –
балалардың оқуға деген саналы көзқарасын терендететін, таным міндеттерін
шешетін, балалардың белсенділігін арттыратын:
– музыка тілін талдау;
– екпінін ажырату;
– ырғағын, әуенін табу;
– аспаптарды тембрлік үнінен ажырату;
– сөз мәтініне көңіл бөлуіне қажетті әдістерді таңдауға мүмкіндік
жасады.
Музыкалық білім беру басқа кез-келген білім беру сияқты, өз мақсаты
етіп баланың жеке тұлғасын дамыту міндетін қояды.
Жеке тұлғаның музыкаға оқыту процесінде дамуы балаға мүмкіндік
болатындай жаңа музыкалық іс-әрекеттердің жанама дамуымен және баланың
өмірлік тәжірибесі мен интонациялы-символикалық байланыстарының дамуы
жүйесінде (бастан кешулері мен іс-әрекет тәжірибесі) және музыкалық
шығармаларда, ұлттық стильдерде, дәстүрлі музыкалық тәжірибеде жинақталған,
жалпы адамзат мәдениеті дамуының антропогенетикалық тәжірибесімен жанама
жүзеге асады. Осыған байланысты зерттеу жұмысымызда Адам баласына
музыка және музыкалық сана-сезім не үшін қажет? Ол әр бір адамға не
береді? деген сұрақтарға жауап іздестірілді.
Музыка адамға басқа өзге шындық, айнадағы сияқты өзін-өзі тануға
мүмкіндік береді: яғни, санадан тыс тереңдегі өзін, өзінің тегін, өз
халқын, адамзатты көре алады.
Зерттеу барысында музыка өнері арқылы ұлттық дүниетанымдық
құндылықтарды енгізу үш түрлі жағынан қарастыруды: біріншіден, ұлттық ой
мен танымды жалпы адамзаттың құндылығы тұрғысынан пайымдау; екіншіден, өнер
мен халқымыздың кемелденуін тұтас бір құбылыс, даму ретінде қарастыру;
үшіншіден, музыка өнері арқылы ұлттық дүниетанымын қарастырудың мазмұны мен
оның процессуалдық үйлесімділігін анықтауды алға тартты.
Адам психологиясының бүкіл эмоционалды қатары – базалық туа берілген
эмоциядан жоғары, әлеуметті және мәдени шартталған сезімдерге дейін,
көптеген ғалымдардың пікірінше, музыканың негізі мазмұны қызметін
атқарады.
Зерттеуіміз барысында жоғарыдағы психологиялық идеяларға талдаулар
жасау педагогикалық тұрғыдан кез-келген интелектке қатысты қарастырғанда,
музыка қандай бір дәрежеде адамның санасын басқарып, манипуляция
жасайтынын, музыканың ұлы күші оларды басқаруда педагогтардың
жауапкершілігінің мол екендігін анықтайды.

Сол үшін балалардың тұлғаларын біртұтас психологиялық құрылым
ретінде қарастыра отырып, олардың ұлттық, дүниетанымдық көзқарастарын
қалыптастырудың әлеуметтік позициясын анықтауымыз қажет болды.
Зерттеу барысында балалардың ұлттық дүниетанымы, қоғамдық және
әлеуметтік қарым-қатынастар деңгейлері әлі толықтай қалыптаспағандықтан,
мінез-құлықтарында тұрақтылық болмайды. Сол сияқты, олардың нақты
көзқарастарында балалық пен жасөспірім жасындағы балалардың талап,
мұқтаждықтары аралығында болатындай қоршаған ортамен қарым-қатынастарында
өзгермелік, ауытқушылдық әрекеттер көптеп ұшырасатыны анықталды.
Балалардың іс-әрекеттерінің сипаты жан-жақты болғанымен, олардың даму
ерекшеліктері әр қалай. Д.Б. Эльконин балабақша жасындағы танымдық-
интелектуалдық, танымдық іс-әрекеттер тез қарқынмен өрби бастаса, ал
жеткіншек жастағы балалардың танымдық қызметтері де қарқынды түрде
қалыптаса отырып, соның арқасында дүниетанымның ең эмоционалды-ерік күйі
дамуының да алғашқы кезеңі бастау алады дейміз, - деп сипаттайды. Мәселен
көптеген ғалымдардың зерттеу жұмыстарында (физиолог, психолог, педагогтар)
балалар дүниетанымдық түсініктерінің қалыптасып, дамуы олардың жас
ерекшеліктеріне байланысты екендігін С.А. Рубинштейн, Б.Г.
Ананьев, Д.Б. Эльконин, Л.И. Божович, П.Я. Гальперин, Ш.А. Амонашвили, В.В.
Давыдов, С.М. Жакупов, А.В. Запорожец, А.Н.
Леонтьев, М.М. Мұқанов, Н.А. Менчинская, Ж.И. Намазбаева және т.б. өз
еңбектерінде атап көрсетілген.
Аталған ғалымдар еңбектеріне талдау жасай келе, балалар
дүниетанымын қалыптастырудағы төмендегідей компонентердің: интеллектуалдық
(білім жүйесін меңгеру), жеке көзқарасы (қарым-қатынас, себеп-салдар,
бағыт-бағдар) және тәжірибелік (білімді жүзеге асыру) қажет екендігін
анықтадық (сурет 1).

Сурет 1- Балалардың дүниетанымдық компоненттерінің жіктелуі

Жоғарыдағы пікірлерден келіп шығатын қорытынды: дүниетанымдық
зерттеудің теориялық қайнар көзі – сан мен іс-әрекет бірлігінің
ұстанымына саяды, яғни іс-әрекетте көрінбеген нәрсе санада да болмайды.
Бұл ұстанымның ішкі мазмұны тұлғаға қатысты. Өйткені, өзіндік іс-
қимылды меңгеру арқылы адам тұлғаға айналады.
Балабақшаның өз ерекшеліктері, физиологияға, психологияға байланысты
даму заңдылықтары бар екені анық. Ал музыка өнер құралдарын зерттеу пәні
ретінде қарастырғанымыз балалардың ұлттық, патриоттық тәрбиесін арттыра
түседі.
Музыка арқылы балабақшадарда балалардың ұлттық дүниетанымын
қалыптастыру – әуен, музыка тілін, олардың табиғатпен, дүниемен
үйлесімділігін ұғынуға бастайтын іс-әрекетке жетелеу, түрткі беру, сезімін
ояту арқылы жүзеге асырылды.
Сондықтан да музыка тілі мазмұнының компоненттері мен құрылымы
анықталды (сурет2).

Сурет 2- Музыка тілі мазмұны және оның құрылымы

Мұндағы басты мәселе – музыка өнері, оның ішіндегі қазақ әндері мен
оған жазылған әуендер арқылы ұлттық дүниетанымды қалыптастыру болғандықтан,
балаларды осы өнердің музыкалық тілімен таныстыру, олардың музыкалық
білімі ауқымын кеңейту, ой-өрісін тереңдету болды.
Музыка тілінің құрылымынан көрініп тұрғандай музыка өнеріндегі ұлттық
ерекшеліктері арқылы сипатталатыны айқындалды.
Біз зерттеу барысында, музыка арқылы ұлттық дүниетанымды
қалыптастыру логикасы мен әдістемесін жасауда, музыка тілінің жоғарыдағы
мазмұны мен құрылымына сүйендік.
Сонда біздің құрастырған дүниетанымның құрылымдық моделін құрастыру
жүйесі интелектуалдық (білім жүйесін меңгеру), жеке көзқарасы (қарым-
қатынас, себеп-салдар, бағыт-бағдар) және тәжірибелік (білімді жүзеге
асыру) тәрізді тұлға құрылымының негізгі бөліктерінен тұрады. Адам
бойындағы асыл қасиеттердің көзін ашып, оның қоғамды толыққанды белсенді
мүшесі етіп дайындау, білім мен тәрбие ісі қатар жүргізілгенде ғана өз
деңгейінде жүзеге асады. Білім мен тәрбие мазмұны жеткіншек дүниетанымын
қалыптастыруға септігін тигізіп, оларды қоршаған табиғат, қоғам туралы ой
жүйесін дамытуға негіз салуға тиіс. Жүйелі жолға қойылмаған білім беру
жұмысын бала дүниетанымын қалыптастыру ғылыми тұрғыда жүзеге асыруға
болмайтыны белгілі. Олай болса, балалардың дүниетанымдық көзқарасы ғылыми
білім негізінде, оны тиянақты меңгеру нәтижесінде қалыптаспақ. Балалар
бойында ғылыми дүниетанымды қалыптастыруда жас ерекшеліктерінің маңызы зор.

Жалпы педагог-ғалымдар балалар дүниетанымының диалектикалық бірлікте
болатын, эмоционалдық және ерік-жігер компоненттерінің бар екендігін атап
көрсете отырып, психологтар сияқты, олардың бірінің болмауы дүниетанымның
қалыптасуына әкеп соғатынын айтады.
Дүниетанымды адам идеясының қоршаған орта жөніндегі ғылыми,
философиялық, қоғамдық-әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық
көзқарастардың және іс-әрекетінің бағыт-бағдарын айқындайтын тұтас жүйесі
ретінде қарастыруда ғалымдардың осы пікірі бір арнаға тоғысады.

1.2 Балалар бақшасындағы балалардың музыка арқылы ұлттық
дүниетанымының қалыптасу моделі

Адамзаттың барлығына тән дүниеге деген көзқарастарының жалпы тарихи
түрлеріне келетін болсақ, олар мифологиялық, діни және философиялық
тағылымдар, солардың негізінде жастарға этнопедагогикалық тәлім-тәрбиелер
береді.

Сурет 3 - Балалар бақшасындағы балалардыңмузыка арқылы ұлттық
дүниетанымының қалыптасу моделі

Сонымен, балабақшадардегі оқу-тәрбие үдісіндегі бала мен
мұғалімнің қарым-қатынастарында байқалған ерекшеліктер: білімдер
жиынтықтарының байланыстылығы, бір-бірімен қарым-қатынас, практикалық іс-
тәжірибелер, оқуға, еңбекке деген ынтасы, қоғамдық тапсырмаларды орындауы,
үлкен-кішілермен сыйластығы, баланың өзіне берген мінездемелерімен
салыстырылады. Жинақталған материалдарды талдау және балалардың жеке-дара
ерекшеліктерін салыстыру олардың ұлттық дүниетанымдарын қалыптастырудың
құрылымын, қабылдау көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ, балалардың ұлттық дүнетанымын қалыптастыру моделін жасауға,
зерттеу жұмысының ғылыми, әдістемелік логикасы ретінде басшылыққа алып
отыруға мүмкіндік туғызды (сурет 3).

2 БАЛАЛАР БАҚШАСЫНДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗЫ МЕН МІНДЕТІ

2.1 Балаларды музыканы тыңдау-қабылдау білуге тәрбиелеудің
компоненттері, өлшемдері, көрсеткіштер жүйесі

Балалармен оқу үдерісінде және одан тыс әңгімелесу, бақылау, танымжорық
өткізу, шығарма жазу, тыңдау-қабылдау қабілеттерін қалыптастырудың сандық
және сапалық көрсеткіштері, шығармашылық тапсырмалар нәтижелері талданды,
балалардың сабақтағы және одан тыс әрекеті зерттеліп компоненттер, өлшемдер
анықталды (кесте 1).

Кесте 1- Балаларды музыканы тыңдау-қабылдау білуге тәрбиелеудің
компоненттері, өлшемдері, көрсеткіштер жүйесі

№ Компоненттер Өлшемдер Көрсеткіштер
1 Мазмұндық Музыка Музыкалық шығармалардың мазмұны жөніндегі
саласындағы білімі. Музыкалық шығармалар- дың жанрлық
білім көлемі ерекшеліктеріне қарап ажыра- та алуы.
Музыкалық шығармалардың таны- мын
арттырудың маңызын түсінуі.
2 Эмоционалдық Музыкалық Музыкалық шығармаларды эмоциялық сезім мен
шығармалары қабылдауы. Музыкалық шығармаларды тыңдау,
қабылдауы, орындауда эстетикалық рахаттану сезіміне
қарым қатынасыбөлене алуы. Музыкамен шұғыл- дануға
қызығушылықпен талпынысы және қажеттігінің
болуы.
3 Іс-әрекеттік Музыкамен Музыкалық шығармалардан алған сезімдік
шұғылдану толғаныстарын жеткізе білуі. Музыкалық
белсенділігі шығармаларды тыңдаушылық, орындаушы- лық
дағдыларының қалыптасуы. Музыкалық
шығармаларға баға беру қабілеті.

Осы компоненттер, өлшемдер, көрсеткіштер балалардың дүниетанымын
қалыптастырудың деңгейлерін анықтауға мүмкіндік берді (жоғары, орта,
төмен).
Жоғары деңгей: сабақта және сыныптан тыс меңгерілген музыкалық
шығармалар жөнінде білімдері толық, оларды жанрлық ерекшеліктеріне қарай
ажырата алады, эстетикалық маңызын түсінеді; музыкалық шығармаларды терең
эмоциялық сезіммен қабылдайды, оларды тыңдау, орындау кезінде ерекше
эстетикалық рахаттану сезіміне бөленеді, ән салуға, музыканы аспаптарда
орындауға қызығушылықпен талпынысы, қажеттігі белсенді; музыкадан алған
сезімдік толғанысты әсерлі жеткізе біледі, музыканы тыңдау, орындау
дағдылары жақсы қалыптасқан, оларға эстетикалық баға беру қабілеті
жетілген.
Жеткілікті деңгей: сабақта және сыныптан тыс меңгерілген музыкалық
шығармалар жөніндегі білімдері жеткілікті, оларды жанрлық ерекшеліктеріне
қарай ажырата алуы да жеткілікті дәрежеде, эстетикалық маңызына түсінуге
құлшыныс білдіреді, музыкалық шығармаларды эмоциялық сезіммен қабылдайды
себебі, музыканы тыңдау, орындау кезінде эстетикалық рахаттану сезіміне
бөленгендей болады, ән салуға, аспапта ойнауға талпынысы бар, музыканы
тыңдау дағдысы дұрыс, қалыптасқан, оларға эстетикалық баға беру қабілеті
мұғалімнің көмегінсіз де болып тұрады.
Орта деңгей: сабақта және сыныптан тыс меңгерілген музыкалық шығармалар
жөнінде білімдері толық емес, жеткіліксіз, оларды жанрлық ерекшеліктеріне
талдауда қателіктер жібереді, эстетикалық маңызына аса мән бермейді;
музыкалық шығармаларды кейде ғана эмоциялық сезіммен қабылдайды, музыканы
тыңдау, орындау кезінде әрдайым эстетикалық рахаттану сезіміне бөлене
бермейді, ән салуға, музыканы аспаптарда орындауға ішінара қызығады,
талпынысы, қажеттігі бәсең, музыкадан алған сезімдік толғаныстарын әсерлі
жеткізуде салғырт, музыканы тыңдау, орындау дағдыларының қалыптасуы
жеткіліксіз, оларға мұғалімнің көмегімен ғана эстетикалық баға бере алады.
Төмен деңгей: Сабақта және сыныптан тыс меңгерілген музыкалық
шығармалардың көпшілігін білмейді, олардың жанрлық ерекшеліктерін талдап,
ажыратып бере алмайды, эстетикалық маңызын түсінбейді; музыкалық
шығармаларды эмоциялық сезіммен қабылдамайды, эстетикалық рахаттану
сезіміне бөленбейді, ән салуға, музыканы аспаптарда орындауға қызықпайды,
қажеттілігі нашар, сезімдік толғанысын жеткізе алмайды, музыканы тыңдау,
орындау дағдылары қалыптаспаған, оларға эстетикалық баға бере алмайды.
Бұл өлшемдер, балалардың музыкалык ұғымдарды менгеру деңгейін анықтауға
мүмкіндік берумен қатар, олардың күнделікті мінез-құлықтарын, жүріс-
тұрыстарын салыстыра отырып, тәрбиелік дәрежелерін байқауға көмектесті.
Музыканы қабылдау – музыка арқылы қолданылатын іс-әрекеттердің кез
келген түрінің іргетасы, бастапқы нүктесі ретінде қарастырылды. Кез келген
түрі деп отырғанымыз, музыка тыңдау, ән айту, музыкалық білімділігін
арттыру, нота сауаты және т.б. Ән үйрену үшін алдымен тыңдау, сонан соң
орындау керек, сондықтан орындау барысында интонация тазалығына,
мәнерлігіне назар аударылды. Оқыту үдерісінде мұғалім балаларға арналған
соқпалы аспаптармен ырғақ өрнегін орындағанда немесе музыка әуеніне би
қимылдарын жасағанда музыканың қалай өзгеретінін байқап, сол көңіл күйді
балаға өзінің қимылы арқылы жеткізе білуге тиіс. Бұл музыканы ұғынуға алып
келеді. Музыканы ұғыну дегеніміз – оны тек сезіммен қабылдау ғана емес,
саналы түрде түсініп қабылдау.
Жоғарыдағы айтылған мәселелер оқыту үдерісінде музыка арқылы
балалардың ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың мынадай педагогикалық
шарттарын ұстаным етті:
- әуен, мәтін, музыка тілін табиғатпен, дүниемен үйлесімділігін ұғынуға
бастайтын іс-әрекетті алға тарту;
- табиғатта жүріп, өзгеріп жатқан құбылыстарды музыка арқылы бейнелеу,
суреттеу;
- музыканың адамдардың тыныс-тіршілігіндегі орны, қоғамдық өмірдегі
мазмұнын ұғындыру;
- әуен, музыка тілінің тарихи кезеңдермен байланыстылығын ұғындыру;
- музыка өнерінің, ұлттық ерекшеліктері арқылы ұлттық дүниетанымды
қалыптастыру.
Өмір шындығы балабақша табалдырығын аттаған балаға білім беру,
тәрбиелеуде жан-жақты қарастырылады. Сондықтан музыка сабағының мазмұны
әдіс-тәсілдері үнемі, жылма-жыл өзгеріп, бала тәрбиесі ісіне жаңа нышандар
әкелуі заңды.
Соның бірі – баланы ұлттық музыка негізінде тәрбиелеу. Халық музыкасы,
фольклорды қастерлеу баланың жас кезінен басталуы керек. Егер ұлттық нәрі
бар дүние бала жүрегінен орын алса және оны өмірдің мәні деп қабылдаса,
онда ол келешекте өз халқының, туған жерінің нағыз азаматы болады. Себебі
халық музыкасы арқылы балалар оның әлемдік музыкамен байланысын көреді.
Ән-күй – халық қазынасы деген тақырып 1-4 сыныптардың музыкалық
материалдарынан көрініс тауып отыр. Бағдарламадағы музыкалық материал,
дидактикалық ұстанымдар музыкалық педагогика талаптарын ескере отырып
алынған. Сондықтан олардан музыканы оқытудың тәрбиелік, білім берушілік,
дамытушылық принциптерінің бірлігі, ғылымилық принципі, оқытудың өмірмен
байланыс принципі, құштарлық пен қызығушылық принципі, музыкадағы оқытудың
беріктігі мен нәтижеге жету жолдары толық көрініс тапқан.
Бүгінде бұл бағдарлама балабақшадағы оқу жоспарына енді. Оны игеріп,
тиісті деңгейге жеткізу қажет. Елімізде білім беру жүйесіне бетбұрыс
жасауға себеп болған Қазақстан Республикасының Білім туралы заңына сай
балабақшадарде жаңа оқулықтар мен бағдарламалар жасалып, оны іске ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыка сабағындағы оқушылардың шығармашылық бастамаларын дамыту жолдары
Мектепке дейінгі жастағы балаларды рухани мәдениетке тәрбиелеу жолдары
Музыкалық тәрбие қызметінің сипаттамасы
Мектепке дейінгі мекемелерде музыка арқылы эстетикалық тәрбие беру жолдары
Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының балалардың бейнелеу шығармашылығын жетілдірудің теориясы мен әдістемесін толық игеруге бағытталған кәсіби дайындығын жетілдіру
Баланың музыкалық қызметінің мазмұны, түрлері мен формалары
Музыкалық ырғақты қимылдардың маңызы, қойылатын талаптар
Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын музыка арқылы қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Мектепке дейінгі балалар еңбегінің өзіндік ерекшеліктері
Көпмәдениетті тәрбиенің түйінді мақсаттары көпсатылы
Пәндер