Қазақстан Республикасында балаларды әлеуметтік қорғаудың теориялық негіздері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар׃

1 Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары халықаралық құқық қорғау
стандарттарының аясында

2 Қазақстан Республикасында балаларды әлеуметтік қорғаудың теориялық
негіздері
2.1 Қазақстан Республикасындағы балаларды әлеуметтік қорғау туралы
түсінік
2.2 Муниципалды құрылымдағы балаларды әлеуметтік қолдаудың қазіргі
уақытта қолдау мәселелері

3 Балаларды әлеуметтік қорғауда Бөбек қорының алатын рөлі
3.1 Муниципалды құрылымдағы балаларды әлеуметтік қорғау әдістерін
жетілдірудің даму перспективасы.
3.2 Батыс Қазақстан облысындағы балаларды әлеуметтік қорғау
салаларында атқарылып жатқан жұмыстар

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Өткен жылдар - Қазақстанның мемлекеттiлiгiн нығайту, оның қазiргi
демократиялық, құқықтық республика ретiндегi белгiлерiн қабылдау уақыты
болды. Қазiргi кезде демократиялық нысандарымыз қалыптасу үстiнде.
Республикамыздың заңдары заман талабына сәйкестендiрiлiп, жаңадан
жаңғыртылып, қоғамымыздың демократиялық жаңғыру жолымен алға басуына
мүмкiндiктер жасалуда.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 3 бабында көрсетiлгендей
мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы – халық. Азаматтарымыздың көгерiп,
көркеюi – мемлекетiмiздiң басты мақсаты болып табылады [1].
Курстық жұмыстың өзектілігі: Адам құқығы мен бостандығына қатысты
мәселелердi талдап қарайтын болсақ, мемлекетiмiздiң оған ерекше мән берiп
келе жатқандығын байқаймыз. Оған аз уақыт iшiнде елiмiздiң демократияға
айқын бет бұрып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын конституциялық
құрылыстың негiзi етiп қалағаны, iшкi және сыртқы саясатты қалыптастырғаны
дәлел. Бiздiң Негiзгi заңымызда адам және оның өмiрi, құқықтары мен
бостандықтары әркiмге тумысынан жазылған, одан ешкiм айыра алмайды деп
жазылып, баға берiлген.
Адамзат баласы ғасырлар бойы адам құқығы мәселесiне ерекше назар
аударумен келедi. Талай-талай қақтығыстар, соғыстар, көтерiлiстер болғанда
да әрбiр жаңа ұрпақ адам құқықтарын қорғай отырып, адам құқықтары мен
бостандықтарының субъектiлердiң кең шеңберiне таралуына ұмтылыстар жасады.
Мемлекеттердiң тарихи даму кезеңдерi олардың қоғамдағы ерекше
құбылыстарымен ерекшеленедi. Қоғамның ең басты негiзi – жеке тұлғаның өмiр
сүру жағдайын қамтамасыз ететiн маңызды құқықтар мен бостандықтар.
Мемлекетiмiздiң адам құқықтарын қамтамасыз етуде қоғамдық өмiрге тигiзетiн
ықпалын елiмiзде жүрiп жатқан реформалардан, мысалы, “Қазақстан-2030”
стратегиялық бағдарламасынан айқын көремiз [2]. Қазақстан Республикасының
құқықтық, демократиялық мемлекет ретiнде алдына қойған және 1995 жылғы 30
тамыздағы Конституциямызда бекiтiлген негiзгi мақсаты - адам мүддесiн
мемлекет мүддесiнен жоғары ұстап, оны қамтамасыз ету. Бұл бағытта
мемлекетiмiздiң ең бiр атқаратын қызметi – мемлекетте адам құқығын қорғау,
оны толық жүзеге асырылуына кепiлдiк беру.
Қазiргi қоғам дамуының негiзi адамның негiзгi құқықтары мен
бостандықтарының мәнiнiң өсуiмен сипатталады. Адам құқығы алғаш идея
ретiнде қалыптасып, одан кейiн теория негiзiнде тұжырымдалып, көптеген
кезеңдерде өздерiнiң көрiнiстерiн тауып, қалыптасты.
Қоғамның және жеке болмыстың әртүрлi аспектiлерiн қамтитын адамзат
дамуының ең жоғары құндылығы – адам құқығы. Адам құқығын қорғау үшiн
бiрiншi кезекте адамның негiзгi құқықтары мен бостандықтарын заң
мазмұндарында көрсете отырып, оның қамтамасыз етiлуi мемлекет тұрғысынан
ғана емес, жалпы адамзат, халықаралық қауымдастық тұрғысынан ескерiлуi, сол
бағытта iс-әрекеттер жасалуы қажет.
Қоғамның ең басты негiзi – жеке тұлғаның өмiр сүру жағдайын қамтамасыз
ететiн маңызды құқықтар мен бостандықтар. Адам құқығын қорғау мәселесi бiр
ғана мемлекет шегiнен шықты. Осыған байланысты адамның негiзгi құқықтарын
бекiтетiн әмбебап халықаралық-құқықтық стандарттарды құру қажет болды.
Бiрiккен ұлттар ұйымы өзiнiң қызмет етуiнiң бiрiншi күндерiнен бастап
адам құқығына үлкен мән бердi. Ол адам құқықтары төңiрегiнде 70-тен аса
халықаралық құжаттарды қабылдады. Халықаралық құжаттардың барлық түрлерi
заңдық сипатына және жүзеге асырылуына байланысты өздерiнiң ерекшелiктерiне
ие.
БҰҰ-ның Бас хатшысы 1998 жылдың 10 желтоқсанындағы өзiнiң жолдауында:
“Барлық адамзаттық құқықтарды толық қолдана алып, қинауға ұшырайтын ешбiр
ер, зорлауға ұшырайтын ешбiр әйел, ар-намысы қорлауға ұшырайтын ешбiр бала
қалмағанға дейiн адам құқықтарының шеңберiн кеңейту үшiн күресуде әрбiр
күндi маңызды етуге” шақырады.
Адам құқығы – бiздiң кезеңiмiздiң өзектi мәселесi. Сондықтан да әрбiр
адам және қоғамның әрбiр органы декларацияда көзделген құқықтар мен
бостандықтардың құрметтелуiне, ұлттық және халықаралық дамушы шаралар
арқылы қамтамасыз етiлуiне, танылуына және жүзеге асуына ұмтылуы тиiс.
Кез келген мемлекетте, қандай да бiр қоғамда балалар ерекше
қамқорлықта және қорғалуда болуы керек. Қолымыздағы барымыздың ең
қымбаттысы - балалар, сондықтан да олардың өмiрi қалай, қаншалықты
қалыптасқандығына, мемлекет олар үшiн қандай жағдайлар жасағандығына сәйкес
елiмiздiң келешегi айқындалады. Осыған байланысты балаларды қорғау, олардың
негiзгi құқықтарын қорғау сұрақтары–кез келген мемлекеттiң басты көкейтестi
мәселесi болуы қажет.
Қозғалған тақырыптың ерекшелiгi оның көп қырлылығында: балалықты,
кәмелетке толмағандардың заңды мүдделерiн қорғауды құқықтық реттеу
мәселелерi экономикалық, саяси, рухани қондырмалары бар қоғамдағы қазiргi
жағдаймен байланыстыра отырып қарастырылады.

Балалардың тағдыры, олардың қиыншылықтары кез келген саналы, мейiрбан
адамды толғандырмай қоймайды. Қазақстан Республикасының азаматтары -
мемлекеттiк қызметкерлер, мұғалiмдер, полиция қызметкерлерi әркез балаларға
көмектесуге тырысады.

Бiздiң қоғамымыз қазiргi кезде әлеуметтiк өзгерiстердi басынан кешiрiп
отыр. Балаларға және жастарға қатысты заңнама да өзгерiп, жаңарды.
Балалармен және жастармен жұмыс iстейтiн мемлекеттiк органдар және қоғамдық
ұйымдар қызметiнiң ұйымдастырылуы және мазмұны өзгердi. Мүлдем басқа жаңа
мәселелер пайда болып, үлкендердiң де, балалардың да өмiрi едәуiр
өзгерiстерге ұшырады. Болған өзгерiстердiң әсерiмен жаңа өмiрдiң талабына
жауап бермейтiн жұмыстың нысандары мен әдiстерi қажетсiз болып қалды.
Бiрақ, өкiнiшке орай пайдалылығы дәлелденген балалықты қорғаудың көптеген
түрлерi мен бағыттары ұмытылып қалды. Балалар үшiн барлық қажеттi және
мүмкiн болатын шаралар жасалып отырған жоқ. Ал, бұл мәселенiң балалықты
қорғау аясындағы құқықтарды қолдануға, балалардың әртүрлi мүдделерiн
қорғауға тiкелей тұрғыда қатысы бар.
Осы жағдайда балалардың мүдделерiн және қоғам мүдделерiн қорғауға
бағытталған, яғни балалықты құқықтық қорғауға, әрекет ететiн заңдардың
қолдану тәжiрибесiнiң сипатын ашуға және олардың балалықты қорғаумен
байланысты өмiрлiк қиыншылықтарды шешу үшiн қалай қолданылуы мүмкiн
болатындығын көрсетуге бағытталған заңнаманың жағдайын сипаттауға
қажеттiлiк туындады.
Жеке адамның қоғамдағы жағдайы мемлекет дамуының деңгейiн сипаттайды.
Адамның өмiрiне, жеке басының бостандығына, ар-намысы мен қадiр-қасиетiне
қол сұғуға ешкiмнiң құқы жоқ. Сондықтан Қазақстан Республикасының
Конституциясы, басқа да заңдары азаматтың жеке басының бостандығын
қамтамасыз етуге айырықша назар аударады. Егер өмiрiне, денсаулығына,
азаматтық қадiр-қасиетiне қауiп төнсе, әр адам мемлекеттiк органдардан
көмек сұрауға, заңмен қорғалуға құқылы.
Ең маңыздысы - адамның табиғи, яғни өмiр сүру құқығы. Қазақстан
Республикасы Конституциясының 15 бабында: “Әркiмнiң өмiр сүруге құқығы бар.
Ешкiмнiң өз бетiнше адам өмiрiн қиюға хақысы жоқ” деп жазылған [1].
Ал, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заңының 10
бабында әрбiр баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-
қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы бар екендiгiн, сонымен
қатар, мемлекет баланың жеке басына ешкiмнiң тиiспеуiн қамтамасыз
ететiндiгiн, оның тәнi мен жанын жәбiрлеуден, адамдық қадiр-қасиетiн
қатыгездiктен, дөрекiлiкпен қорлаудан, кемсiтуден және оны адам мен
азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген құқықтары
мен бостандықтарына қысым жасаудың өзге де түрлерiнен қорғауды жүзеге
асыратындығын көрсеткен [3].

1 Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары халықаралық құқық қорғау
стандарттарының аясында

БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы жариялаған Бала құқықтары декларациясында:
адамзаттың балаға қолда бардың ең жақсысын беруге мiндеттi екендiгi
айтылған[4]. Бiрақ, өкiнiшке орай, бұл тұста бiз күннен-күнге ұлғайып бара
жатқан балалардың өлiмiн және өсiп келе жатқан ұрпақтың әлсiз денсаулығын
айтуға мәжбүр болып отырмыз.
Адамның өмiрiне қол сұғатын әртүрлi аспектiлердегi қылмыстарды
зерттеуге ерекше назар аударудың себебi алдымен қазiргi кезде олардың көп
таралғандығымен емес, олардың қоғам үшiн қауiптiлiгiнiң артуымен
түсiндiрiледi. Әрбiр адамның өмiрiн сақтау маңыздылығы кiсi өлтiрудiң
түрлерiмен, соның iшiнде баланы өлтiрумен күресу проблемаларына назар
аударуды қажет ететiндiгiмен шартталады.
Қазiргi кезде нәзiк жанды әйелдер мен болашағынан зор үмiт күттiретiн
жастар арасындағы қылмыстық әрекеттердiң саны арта түсуде.
Анасының өз баласын өлтiру қылмысын қоғамдағы жасалатын қылмыстардың
iшiндегi ең қатыгез, ауыр түрiне жатқызуға болады.
Анасының нәрестесiн туып жатқан кезiнде, сол сияқты одан кейiн
психикасының бұзылуы жағдайында немесе есiнiң дұрыстығын жоққа шығармайтын
психиканың бұзылуы жағдайында өлтiруi Қазақстан Республикасы Қылмыстық
кодексiнiң 97 бабына сәйкес қылмыс болып табылады. Бұл қылмыстық әрекеттiң
қоғамға қауiптiлiгi сол - адамға туғаннан берiлетiн, оның өмiрге деген
шексiз құқығы бұзылады [5].
Әрқашан да ана адамның ақылшысы, қоғамның тiлеушiсi ретiнде жоғары
ардақталып, құрметтеледi. Небiр қиын жағдайларда аяулы, асыл жүрек
аналарымыз балаларын қызғыштай қорғаушы едi. Ал, қазiр заман өзгердi ме,
жоқ әлде адамдар қатыгез болып кеттi ме, аналардың туған сәбиiн өлтiру
фактiлерi жиi кездеседi. Балалардың мәйiттерi немесе олардың дене бөлiктерi
қалалық қоқсықтың iшiнде жиi табылуда. Қоқсықтың арасында тек қана
нәрестелердiң өлiктерi ғана емес, сонымен қатар әлi тiрi балалар табылған
оқиғалар да ұшырасып жатады.
Сонымен бiрге, баланың табиғи құқығына қол сұғатын көптеген басқа
жәйттарды да байқауға болады. Қазiргi кезде ауыстырып салу не өзгедей
мақсаттарда пайдалану үшiн адамның, соның iшiнде баланың мүшелерiн немесе
тiнiн алу жағдайлары көрiнiс табады. Бұл жәйт баланың өмiр сүру құқығының
бұзылуына әкелетiндiгi сөзсiз. Адамның мүшелерiн және тiнiн
трансплантациялаудың көптеген құқықтық мәселелерi анықталмаған. Әлемде
мүшелер мен тiндi трансплантациялаудың әртүрлi аспектiлерiне қатысты 200-
ден астам заңдар және заңға бағынышты актiлер бар. Сөз болып отырғаны –
тiрi адамнан немесе мәйiттен донорлықты құқықтық реттеу, өлiмнiң заңды
түсiнiгi және оны констатациялаудың санаттары, донорлықтың ерiктiлiгi және
оның мүмкiн болатын нәтижелерiн жете түсiнуi, кәмелетке толмағандардың,
әрекетке қабiлетсiздердiң донор болуларына жол берiлмеуi сияқты сұрақтар.
Бүкiл әлемде адамның мүшелерiн трансплантациялаудың коммерциализациясы
бойынша қауiп күннен-күнге өсуде. Соның iшiнде балалардың мүшелерiн
пайдалану жағдайлары да көбейiп кеткенi мәлiм.
Адамзаттық генофонды сақтау және жақсарту адамгершiлiкке сай болу
керек және адамның табиғи құқықтарын қозғамауы тиiс. Адамның генетикасына
қатысты халықаралық келiсiмдерде адамның денесiн, мүшелерiн және
жасушаларын тауарға, коммерцияның затына айналдыратын қандайда бiр адамға
тәжiрибелер жүргiзуге тыйым салуды қарастыру қажет [6].
Қазiргi кезде бала құқықтарын қамтамасыз етуге байланысты мәселелер
бүкiл әлем қызығушылығын туғызып отыр. Бұл қоғамның өмiршеңдiгiн кепiлдiк
етудегi және оның келешек дамуын болжаудағы өсiп келе жатқан ұрпақтың
анықталған рөлiмен түсiндiрiледi. Бiрақ, әлемдегi бiрде бiр мемлекет бала
құқықтарын сақтау жөнiнен өзiн үлгi етiп қоя алмайтындығын айтқан жөн.
Демократиялық және экономикасы дамыған мемлекеттердiң өзiнен-ақ кәмелетке
толмағандар арасындағы қылмыс санының өсуiн, әлеуметтiк жағдайы төмен
отбасылардың болуын, медициналық қызметтiң жеткiлiксiздiгiнен балалар
өлiмiнiң көбеюiн, бақылаусыз балалар санының ұлғаюын көруге болады. Осы
фактiлердiң барлығы бала мәселесiн тек қана ұлттық тәсiлдермен шешу мүмкiн
еместiгiн дәлелдейдi.
Мемлекет пен қоғам балаларды тәрбиелеу саласында қандай да бiр тиiмдi
шаралар қолданғанымен, ата-ана махаббатын, олардың қамқорлығын еш уақытта
айырбастай алмайды. Сондықтан да әрбiр бала ата-ананың сүйiспеншiлiгi
аясында моральдiк, материалдық қамқорлықта өсiп жетiлуi тиiс. Әр ата-ана
Президентiмiздiң “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасындағы: “Бүгiнгi
кезеңнiң мiндеттерiнен бiздiң ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор
жауапкершiлiк жүгiн арқалайтынын күнделiктi есте ұстауы тиiс” деген
үндеуiнiң терең мәнiн түсiнiп, жүрекпен сезiнуi керек [2]. Жас ұрпақты
моральдiк тәрбиелеудегi немқұрайлық көзқарастың арқасында жiберiлген
залалдың орнын ештеңе толтыра алмайды.
Қорытындылай келгенде, балалықты құқықтық қорғау мәселесiнiң
көкейтестiлiгi және көпқырлылығы соншалық, ол үнемi ғалымдар мен
тәжiрибедегi адамдардың назарын аударып отырады.
Егер әлемнiң барлық мемлекеттерi бала құқықтары төңiрегiндегi қажеттi
жағдайларды орындауға ұмтылса, билiк басындағылар өз жеке басының ғана
қамын ойламай, өз елiндегi мұқтаж халдегi балалардың да жағдайын
ойластырғаны абзал. Өкiнiшке орай, әлемдегi балалардың көпшiлiгi үлкендер
және қоғам тарапынан немқұрайлылықты сезiнедi.
Ортақ мүдде қоғам дамуында әр кез тежеуiш емес, демеуiш болған. Олай
болса, бала тағдырына байланысты күрделi проблемаларды шешуге
отандастарымыз жұмыла ұмтылса дұрыс болар едi.

2 Қазақстан Республикасында балаларды әлеуметтік қорғаудың теориялық
негіздері
2.1 Қазақстан Республикасындағы балаларды әлеуметтік қорғау туралы
түсінік

Халықаралық балалардың құқықтарын қорғау – тарихи тұрғыдан алғанда,
салыстырмалы түрде жас құбылыс. Бала құқықтарының конституциясы деп
аталатын Бала құқықтары туралы конвенцияның тек
1989 жылы қабылданғанын еске түсірсек те жеткілікті. Сонымен бірге заң
әдебиетінде жиі еске алынатын, бала құқықтарын қорғау жөніндегі қозғалыстың
басталуы туралы классикалық мысал – шешесі жиі ұрып-соққан және Жануарларға
қатігездікпен қарауға қарсы күрес жөніндегі қоғамның жергілікті
бөлімшесінің мүшелері қорғауға келген Балтимордағы сегіз жасар Мари Элен
Уильсонның жағдайы жануарларды қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктердің
балаларды қорғау жөніндегі үкіметтік емес ұйымдардан бұрын пайда болғанын
айғақтайды.
Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі алғашқы ұйым әлемде
1919 жылы пайда болды, 1924 жылы – Ұлттар лигасының Женева бала құқықтары
туралы декларациясы, 1959 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының Бала құқықтары
декларациясы қабылданды, 1979 жыл Халықаралық Бала жылы болып жарияланды
және тек он жыл өткеннен кейін ғана Бала құқықтары туралы конвенция
қабылданды.
Балалардың ең абзал мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан
Республикасы бала құқықтарын қорғау мақсатын көздейтін неғұрлым маңызды
конвенцияларға қосылды: Бала құқықтары туралы конвенция
1994 жылы бекітілді, 1999 жылы Шетелдегі алименттерді өндіріп алу туралы
конвенция бекітілді, 2000 жылы - Жұмысқа қабылдау үшін ең төменгі жас
мөлшері туралы конвенция, 2001 жылы – балаларды сатуға, балалар жезөкшелігі
мен балалар порнографиясына қатысты Бала құқықтары туралы конвенцияға
Факультатив хаттама және әскери қақтығыстарға балалардың қатысуына қатысты
Бала құқықтары туралы конвенцияға Факультатив хаттама, 2002 жылы - Балалар
еңбегінің ең жаман түрлеріне тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар
туралы МОТ Конвенциясы (Конвенция 182), 2004 жылғы қарашада Қазақстан
Адамдарды сатуға және үшінші тұлғалардың жезөкшелікке пайдалануына қарсы
күрес туралы БҰҰ Конвенциясына және оған Қорытынды хаттамаға қол қойды.
Алайда, Қазақстан бекітпеген, бала құқықтарын қорғауды қамтамасыз
етуге жәрдемдесетін қағидаларды қамтыған бірқатар маңызды Конвенциялар бар.
Осындай халықаралық құқықтық құжаттардың ішінде – Барлық көшіп-қонушы
еңбекшілердің және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы
конвенция (1990 жылғы 18 желтоқсан) және Балаларды қорғау және
мемлекетаралық бала асырап алу саласындағы ынтымақтастық туралы конвенция
(Гаага, 1993 жылғы 29 мамыр).
Барлық көшіп-қонушы еңбекшілердің және олардың отбасы мүшелерінің
құқықтарын қорғау туралы конвенция негізгі құқық қорғау шарттарының
санатына жатады, олар бойынша конвенциялық бақылау органдары құрылған.
Конвенция көшіп-қонушы еңбекшілер балаларының мүдделерін қамтамасыз етуге
қатысты нормаларды қамтыған, атап айтқанда көшіп-қонушы еңбекшілер отбасын
қауыштыру, көшіп-қонушы еңбекшілердің балаларын жергілікті білім беру
жүйесіне, әсіресе оларға жергілікті тілді үйрету тұрғысында тарту, көшіп-
қонушы еңбекшілердің балаларына олардың ана тілін үйрету мәселелерін
реттейді, сондай-ақ көшіп-қонушы еңбекші бас бостандығынан айрылған
жағдайда, балаларының құқықтарын қорғау тетіктерін көздейді.
Балаларды қорғау мемлекетаралық бала асырап алу саласындағы
ынтымақтастық туралы Гаага Конвенциясы шетелдіктердің баланың абзал
мүдделеріне орай оның құқықтарын сақтай отырып, бала асырап алуды жүзеге
асыруына кепілдіктерді көздейді, сондай-ақ мемлекеттердің уәкілетті
ұйымдарының арасындағы ынтымақтастық тетігін көздейді. 2004 жылғы
2 желтоқсанда өткен, Халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары
жөніндегі халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
отырысында Қазақстан Республикасының Гаага конвенциясына қосылуының
орындылығы және осы Конвенцияға қосылу жөніндегі жұмысты бастау қажеттігі
туралы шешім қабылданды.
Нормалары Қазақстан аумағында қолданылатын, балалар құқықтарын қорғау
саласындағы неғұрлым маңызды халықаралық құжат Бала құқықтары туралы
конвенция болып табылады. Бала құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан
Республикасының қандай да бір ескертулерсіз бекітуі шеңберінде мемлекеттің
балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету кепілдіктерін қоғамға беруге
тиіс шекараларын белгіледі.
Конвенция нормалары баяндаманы шартқа қосылғаннан кейінгі екі жылдан
соң ұсынуды көздейтін уақытта, Қазақстан Республикасы Конвенцияның
орындалуы туралы бастапқы баяндаманы 2001 жылғы наурызда дайындады.
Баяндама екі бөлімнен тұрды, Қазақстан Республикасының 1994 және 2000 жыл
аралығындағы кезеңде Конвенцияны жүзеге асыру жөнінде қабылдаған шаралары
туралы ақпаратты қамтыды. Баяндамамен танысқаннан кейін Қазақстан
Республикасының үкіметтік емес ұйымдары дереу шара қабылдады, олар 2002
жылы Қазақстанның Конвенцияны орындауы туралы, үкіметтік баяндамаға
түсініктемені қамтыған балама баяндама дайындады.
Бірінші үкіметтік есеп 2003 жылғы маусымда Женева қаласында
БҰҰ Балалар құқықтары жөніндегі комитетінің 33-сессиясында тыңдалды, оның
нәтижелері бойынша Комитет баяндамаға ескертулер мен ұсынымдардың
топтамасын дайындады. Осы сессияда БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитетінің
сарапшылары Қазақстан Республикасы Үкіметінің балалар құқықтарын қорғау
саласында қабылдаған шараларына оң баға берген. Оң жетістіктердің бірі
ретінде жаңа заңнама базасының дамуы мен жетілдірілуін, сондай-ақ
мемлекеттік органдардың балалық мәселелері жөніндегі халықаралық ұйымдармен
және БҰҰ-ның әр түрлі органдарымен ынтымақтастығын мойындады.
Қазақстанға бірқатар ұсынымдар берілді, олардың ішінде негізгілері
ретінде еліміздегі балалардың жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың
ұлттық жоспарын әзірлеу қажеттігін және балалықты қорғау мәселелерін шешуде
ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету үшін арнайы уәкілетті орган құру
қажеттігін атауға болады.
Балалардың жағдайын жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық жоспары.
Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыру жөніндегі іс-қимылдардың
ұлттық жоспары сияқты Қазақстан Республикасында әлі әзірленген жоқ.
Баланың құқықтары туралы Заңда балалардың мүдделеріне орай мемлекеттік
саясат мақсаттары айқындалған, бірақ оны іске асыру тетіктері жоқ.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан – балалықты
қорғау тұрғысында атты
2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарлама жобасын әзірледі, алайда
қазіргі сәтте бағдарлама бекітілмеген. Осы бағдарлама балаларды қорғау және
олардың құқықтарын сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі
стратегиялық бағыттарын және бала жасындағы халықтың барлық санаттарының
әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз етудің жүйелі жүйесін
жасауды көздейді.
Кәмелетке толмаған балалардың құқыққа қарсы қызметін ескерту
мақсатында Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың
профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу
туралы Заң кәмелетке толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылықтардың,
қадағалаусыздықтың және панасыздықтың алдын алу саласындағы мемлекеттік
саясатты іске асыруды жорамалдайды, бұл балалардың заңды құқықтары мен
мүдделерін сақтауға қатысты мемлекеттік саясат элементі болып табылады және
кәмелетке толмаған балалар үшін құқықтық және әлеуметтік кепілдіктерді
жасауды, кәмелетке толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылықтардың,
қадағалаусыздықтың және панасыздықтың алдын алу жүйесін құрайтын органдар
мен мекемелерді материалдық-техникалық, қаржылық, ғылыми-әдістемелік және
кадрлық қамтамасыз етуді қамтиды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы ақпандағы қаулысымен 2003-2004 жылдарға арналған
Жастар саясаты бағдарламасы бекітілді. Алайда жекелеген проблемаларды
шешуге бағытталған, мұндай салалық бағдарламалар Балалардың жағдайын
жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық жоспарының орнын алмастыра алмайды
және балалардың құқықтарын қамтамасыз етудің белгілі бір қырларымен
айналысатын мемлекеттік органдардың жұмысындағы келісушіліктің жоқтығын
ашық көрсетіп отыр.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасында осы уақытқа дейін бала
құқықтарының сақталуын бақылау жөніндегі мемлекеттік орган құрылған жоқ.
Осындай органды құруға 2004 жылғы наурызда талпыныс жасалған болатын:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылы
11 наурыздағы қаулысымен Балалардың құқықтары мен мүдделерін сақтау
жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылған болатын. Комиссия балаларды
және олардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске
асыруды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында құрылған
болатын және Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-
кеңесші орган болып табылатын. Комиссияның жұмысшы органының функциялары
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жүктелді. Комиссия
құрамына білім және ғылым, әділет, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау,
денсаулық сақтау, ішкі істер министрлері мен вице-министрлері, Адам
құқықтары жөніндегі уәкіл, Отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия
өкілі, саяси және қоғам қайраткерлері кірді. 2005 жылғы наурызда Комиссия
таратылды.
Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы Заң да бала
құқықтарының сақталуын бақылау жөніндегі мемлекеттік органды құру қажеттігі
туралы сұраққа біржақты жауап бермей отыр. Заңның Мемлекеттік органдар
және бала құқықтарын қорғау деген 44-бабы уәкілетті мемлекеттік органға
сілтеме жасамағанымен, 46-бап балалардың құқықтарын қорғау саласындағы
уәкілетті органның балалардың жағдайы туралы жыл сайынғы мемлекеттік
баяндаманы дайындап, ұсынуын көздейді.
БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитеті Ұсынымдарының бірі Конвенция
нормаларын іске асыруға бөлінетін қаражатты ұлғайту ұсынымы болып табылады.
Балалардың абзал мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында мемлекет балалардың
құқықтарына қатысты жекелеген бағдарламаларды іске асыруға жеткілікті ақша
қаражатын бөліп отыр. Алайда, тұтастай алғанда, Бала құқықтары туралы
конвенцияны іске асыруға қаражат бөлуді көздейтін жекелеген бап
республикалық бюджетте көзделмеген.
Жұртшылық пен балалар арасындағы Конвенция туралы хабардарлық деңгейі
бұрынғысынша төмен күйінде қалып отыр. Білім беру саласында балаларды
олардың құқықтарымен таныстыру факультатив сабақтар деңгейінде жүргізіледі,
алайда мұндай сабақтарды міндетті түрде оқу бағдарламаларында нормативтік
деңгейде бекіту тиімді болар еді.
Сонымен бірге Бала құқықтары туралы конвенцияда көзделген
міндеттемелердің орындалуы туралы елдік есептерді дайындау және мақұлдау
рәсімінің жоқтығы проблема болып отыр, атап айтқанда мәліметтерді жинау
және Конвенция нормаларының орындалуын мониторингілеу тетігі әзірленбеген.
Алайда, мұндай жағдай есептілік жүйесін көздейтін барлық құқық қорғау
шарттарына қатысты қалыптасып отыр. Қазақстандағы елдік есептерді дайындау
практикасында осы күнге дейін жүйелілік жоқ: есептердің бір бөлігін алқа
органдары мақұлдап, қалған бөлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулысымен мақұлданады, мәтінін ұлттық заң базасынан табу тіпті мүмкін емес
есептер де кездеседі.
Тұтастай алғанда, баланың оның көзқарасын құрметтеуге, туылғанын
тіркеуге, тиісті ақпаратқа қол жеткізуге, отбасының болуына, денсаулығы мен
медициналық қызмет көрсетуге, білім алуға, бос уақыты мен мәдени қызметіне,
кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігінің іске асырылуына, азаптаудан
және қатігездікпен қараудан қорғалуға, сондай-ақ панасыз балалар мен
мүгедек балалардың ерекше қорғалуына құқықтарымен байланысты қалған
мәселелер бойынша Қазақстан Комитеттің Ұсынымдарын орындау үшін ауқымды
шараларды қабылдады.

2.2 Муниципалды құрылымдағы балаларды әлеуметтік қолдаудың қазіргі
уақытта қолдау мәселелері

Қазақстанның Бала құқықтары туралы конвенцияны орындауы туралы келесі
есебін Комитет 2006 жылғы 10 қыркүйекке, яғни 3-ші кезеңді баяндаманы ұсыну
мерзіміне тапсыруды сұрады.
Бала құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы халықаралық
нормаларды енгізу процесі Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасын
дамытуда және жетілдіруде өз көрінісін тапты. Бала құқықтары туралы
конвенцияның жалпы принциптері мен нормалары (2, 3, 6 және 12-баптары)
Қазақстан Республикасының Коснтитуциясына, Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу
және Қылмыстық-атқару кодекстеріне енгізілді. Негізгі қолданылу аясы
балалардың құқықтары мен мүдделері болған заңдардың толық кешені қабылданды
(Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы, Неке және отбасы
туралы, Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері
туралы, Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу
арқылы қолдау туралы, Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың профилактикасы мен балалар қадағалаусыз және панасыз
қалуының алдын алу туралы және басқа да Заңдар). Ұлттық және халықаралық
нормалардың неғұрлым егжей-тегжейлі және толық сәйкестендіру мақсатында
қолданыстағы заңнама актілеріне түзетулер, толықтырулар мен өзгерістер
енгізілді.
Алайда, Конвенцияның ұлттық заңнамаға енгізілмеген бірқатар нормалары
бар. Атап айтқанда, босқын балаларға ерекше қорғау жасау мәселесі шешілген
жоқ. 1954 жылғы Азаматтығы жоқ адамдардың мәртебесі туралы Конвенцияға және
1961 жылғы Азаматтығы жоқ адамдарды азайту жөніндегі Конвенцияға Қазақстан
қазіргі сәтте қосылмаған. Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары
туралы Заңның 47-бабы босқын балалар мен мәжбүр қоныс аударушылардың өз
мүдделерін қорғауға құқығы бар екенін көздейді. Бала орналасқан жердегі
Қорғаншылық және қамқоршылық органдары, аумақтық көші-қон қызметтері ата-
аналарының не өзге де заңды өкілдердің бар екені және тұратын жері туралы
мәліметтерді алуына жәрдемдеседі, қажет болған кезде баланы емдеу-алдын алу
немесе бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын өзге
ұйымдарға орналастырады. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты
тұратын немесе уақытша келген шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға,
босқындарға медициналық-санитарлық көмек көрсету ережесіне сай босқындардың
тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне құқығы бар. Дегенмен, босқын
балаларға мемлекеттік көмек беру және оларды әлеуметтік қорғау
жүйеленбеген.
Өкінішке орай, білім беру саласын реттейтін кейбір нормативтік
құқықтық актілерде Конвенцияның нормаларын бұзатын бірқатар нормалар орын
алған. Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік
көмектің мөлшерлері мен көздері туралы Үкімет қаулысымен мынадай тәртіп
айқындалған, оған сәйкес мемлекет білім алу кезеңінде азаматтардың мынадай
санаттарын: жетім-балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларды; кемтар балаларды, мүгедек және туғанынан мүгедек балаларды
интернаттық ұйымдарда тұратын мүгедек балаларды қамтуға арналған шығыстарды
көтереді. Осы қаулымен Білім туралы Заңның көп балалы отбасыларындағы
балалармен қоса, барлық мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсетуді
көздейтін нормасының аясы тарылған, бұл олардың білім алу кезіндегі
мемлекет көмегіне құқығын бұзып отыр.
Дегенмен, халықаралық стандарттармен кепілдік берілген, мемлекет
тарапынан неғұрлым ауқымды көмекті және қолдауды қамтамасыз ететін бірқатар
ұлттық заңнама нормалары бар. Атап айтқанда, Конвенцияның
28-бабы мемлекеттің тегін және міндетті бастауыш білім берумен қамтамасыз
ету және тегін орта білім беру жөніндегі міндеттемесін көздейді, ал ҚР
Конституциясының 30-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында орта білім алу
міндетті. Азаматтың мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негізде тегін
жоғары білім алуға құқығы бар. Осылайша, заңнама Конвенция нормаларын
кеңейте отырып, азаматтардың тек тегін бастауыш білім ғана емес, сонымен
бірге тегін орта білім алуына да кепілдік береді.
Балалардың құқықтарын іске асыруға балалардың әскери қақтығыстарға
қатысуына, балаларды сатуға, балалар жезөкшелігі мен балалар
порнографиясына қатысты Қазақстан бекіткен Бала құқықтары туралы
конвенцияға Факультатив хаттамалары да жәрдемдеседі.
Өткен жылғы мамырда Қазақстанның балаларды сатуға, балалар жезөкшелігі
мен балалар порнографиясына қатысты Бала құқықтары туралы конвенцияға
Факультатив хаттамасын іске асыру жөніндегі есебі дайындалып, БҰҰ-ға
жіберілді. 2004 жылғы қарашада Қазақстан БҰҰ-ның Адамдарды сатуға және
үшінші тұлғалардың жезөкшелікке пайдалануына қарсы күрес туралы
Конвенциясына қол қойды, бұл адамдарды сатудың басты құрбандары балалар
болып табылатындықтан, балалар құқықтарының қорғалуын жақсартуға тиіс.
Осыған байланысты Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның қатысуымен
Қазақстаннан, Қазақстанға, Қазақстан арқылы және Қазақстанның ішінде
адамдарды сатуға (трафигіне) қарсы күрес шарасын іске асыру жалғасын
табуда. Ол құқық қорғау органдары мен прокуратура органдарының
қызметкерлерін әлемдік тәжірибені ескере отырып, трафиктің алдын алу
әдістемесіне үйретуді, трафик мәселелері жөніндегі ұлттық заңнаманы
жетілдіруді, сондай-ақ трафик құрбандарына көмек көрсетуді көздейді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің адамды сатуға қарсы күрес, қылмысты
болдырмау және оның алдын алу жөніндегі 2004-2005 жылдарға арналған іс-
шаралар жоспары туралы Үкіметтің 2004 жылғы 24 ақпандағы № 219 қаулысын
іске асыру жөнінде жұмыс жүргізілуде. Үкіметтің ағымдағы жылғы 3 маусымдағы
қаулысымен Парламентке Қазақстан Республикасының адамдарды сатуға қарсы
әрекет жасау мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы жіберілді. Алайда, БҰҰ-ның
Ұлтаралық ұйымдасқан қылмыстылыққа қарсы Конвенциясы бекітілмеген күйде
қалып отыр.
Қазақстан Республикасы бекіткен, балалардың әскери қақтығыстарға
қатысуына қатысты Бала құқықтары туралы конвенцияға Факультатив хаттама 18
жасқа толмаған балалардың әскери қақтығыстарға тікелей қатысуына және
әскери күштер қатарына міндетті түрде шақырылуына жол берілмеуін
жариялаған. Осы хаттаманың нормалары Қазақстан Республикасындағы балалар
құқықтары туралы Заңның баланы әскери іс-қимылдарға, әскери қақтығыстарға
қатысуға тартуға, балалардың әскери құрылымдарын құруға тыйым салатын 41-
бабына енгізілген. Өзге тәсілдермен немесе жолдармен шабуылға қарсы тұру
мүмкіндігі болмаған кезде, әскери қызметшінің өміріне қауіп төндіретін
қарулы шабуыл жасау, қарулы қарсылық білдіру немесе топтық шабуыл жасау
жағдайларын қоспағанда, кәмелетке толмағандарға қатысты қару-жарақ
қолдануға тыйым салу Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің
мәртебесі және әлеуметтік қорғау туралы (20-бап) және Әскери полиция
органдары туралы (12-бап) Заңдарында бекітілген, онда сонымен бірге
адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін шабуыл жасау, топтық
шабуыл жасау не қарулы қарсылық білдіру жағдайларын қоспағанда, жас
балаларға қатысты арнаулы құралдар мен дене күшін қолдануға тыйым салынған.
Кәмелетке толмағандарды әскери қақтығыстар уақытында қорғауға қатысты
Әскери жағдай туралы, Қазақстан Республикасының Қорғанысы және Қарулы
Күштері туралы, Азаматтық қорғаныс туралы Заңдарында әскери жағдай
кезінде халыққа қатысты қолданылуы мүмкін жалпы шаралар ғана айтылған, ал
балаларға қатысты қандай да бір арнайы шаралар бекітілмеген.
Халықаралық құқық қорғау стандарттарын енгізу саласындағы негізгі
проблема олардың бар екендігі туралы хабардарлықтың төмендігі болып қалуда.
Бөлімнің басында айтылғандай, БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі Комитеті
өзінің Қазақстанға берген Ұсынымдарында осы жайлы Бала құқықтары туралы
конвенция нормаларына қатысты атаған болатын. Алайда проблема Конвенция
туралы нашар хабардарлықпен ғана шектелмейді. Кәсіби топтар, жұртшылық,
балалардың өздері де, әдетте, БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі Комитетінің
Қазақстанға берген Ұсынымдары, БҰҰ-ның кәмелетке толмағандарға қатысты сот
төрелігін атқаруға байланысты Минимал стандартты ережелері (Пекин
ережелері), БҰҰ-ның бас бостандығынан айрылған кәмелетке толмағандарды
қорғауға байланысты ережелері, БҰҰ-ның кәмелетке толмағандар арасындағы
қылмыстылықты ескертуге бағытталған Басшылық принциптері (Эр-Рияд Басшылық
принциптері) туралы ақпаратты білмейді.
Ұлттық заңнама Бала құқықтары туралы конвенция нормаларын енгізу
процесінде барлық басқа құқық қорғау шарттарымен салыстырғанда алға жылжып,
Конвенция нормаларын тұтастай енгізген Қазақстан Республикасындағы баланың
құқықтары туралы Заң қабылданғанымен, халықаралық стандарттар бұрынғысынша
ұлттық құқық жүйесінен алшақ күйде. Мүмкін, Қазақстан Республикасындағы
баланың құқықтары туралы Заңды іске асыру тәжірибесі халықаралық құжаттар
нормаларын ұлттық құқыққа енгізудің жаңа үлгісін әзірлеуге жәрдемдесетін
болар, ал әзірге заңның көптеген нормалары іс жүзінде қолданылмай отыр.
 Өткен жүзжылдықта үшінші Еуразиялық революция тыныш та, қантөгіссіз
болып, өзімен бірге байырғы тәрбие жүйесін де жойып тынды. Мұның зардабы ең
алдымен тұлға қалыптастыруда жетекші маңызға ие болған қоғамдық және отбасы
тәрбиесін күйзеліске түсірді.
Қоғамдық(әлеуметтік)тәрбие-"адам-ад ами" қатынастары желісінде
жүргізілген тәрбие, яғни тікелей адамаралық байланыстар мен осы мақсатқа
арнайы ұйымдастырылған қоғамдық мекемелер(қайырымдылық қорлары, ұйымдарды,
қорлар, бірлестіктер т. б) тарапынан болатын істер.
Қоғамдық тәрбие проблемаларын арнайы педагогика саласы зерттейді.
Оның пәні-тұлға қалыптастырудағы ықпал жасайтын қоршаған орта заңдылықтары.
Дәлірек айтсақ, отбасы, ресми ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, діни
руханият мекемелерінің қоғам мүшелеріне жасайтын әсерлері сарапталады.
Әлеуметтік педагогика шұғылданатын және бір өмір саласы-бұл ересектер
мен кәрілер тәрбиесі, нарықтық экономика қыспағынан өзгеріске келген
адамаралық қатынастар, аяусыз бәсекелестіктер жағдайына жеке тұлғаларды
икемдестіру. Сонымен бірге бұл педагогика саласын қызықтыратын мәселелер-
қызмет бабында көтерілу, әйел-қыздар тәрбиесі, кәсіптен қанағат табу,
балалар тәрбиесі, жұмыстан бос уақытты пайдалы ұйымдастыру. Адамдарды
рухани кемелдерге орай діни мекемелермен белсенді байланыс жасау
проблемалары да осы әлеуметтік педагогиканың айналысатын шұғыл міндеттерден
тұрады.
Қоғамдық тәрбие өркениетті елдерде тұрақты тәрбиелік іске айналып,
кәсіби деңгейге көтерілген. Бұл сала батыстық педагогика ғылымында
“әлеуметтік жұмыстар”­атамасымен қабылданған. Бізде осы терминді қолданып
жүрміз.
”Әлеуметтік жұмыстар“­адам мен адамдардың инабаттық қатынастардағы
қажеттіліктерден туындайтын әлеуметтік іс­әрекет құбылысы. Бұның бастауы
ежелгі дүниеден келе жатқан адам қайырымдылықтары мен жаратқан алдындағы
борышты сезінуден, қасіретті жандарға қол ұшы көмегін беру жүйесі ретінде
қалыптасқан. Дегенмен, арнайы дайындықты қажет еткен бұл әлеуметтік
жұмыстар біздің заманымызда ғана қоғамдық кәсіп түрінде танылып отыр.
Әлеуметтік жұмыстар, сонымен бірге­адамдардың қоғам қолайсыздықтарына
икемделуін жеңілдететін үздіксіз, жүйелі орындалып баратын іс­шаралар
бірлігі. Тәжірибеде көрсетілгендей, жекеленген, науқандық тәрбие істерінен
түсер пайда шамалы, сондықтан әлеуметтік жұмыстар мемлекет және қоғамдық
көзқарас қолдауымен ұйымдастырылған қуатты кәсіби ұйымдарды(коммерциялық ,
коммерциялық емес)сүйеніш етеді .
Әлеуметтік жәрдем–бұл қоғамның жоғары мәдениеті мен өркениетінің
көрсеткіші. Әдетте, мұндай істер барша қауымның қолдауы мен сый­құрметіне
іс болып, жоғары беделімен танылуда, мысалы, қайырымдылық. “Бөбек ”қоры
елімізде алғаш ұйымдастырылып, бүгінде мол игілікті әлеуметтік шараларға
бастау берген әлеуметтік мекемелердің ең танымалысы.
Әлеуметтік педагог қызметін бірдей рухани-имандылық борыш ісі, кәсіби
қызмет және бизнес ретінде қарастыруға болады.
”Тәжірибелік әлеуметтік жұмыстары“ 1970 жылдан бері қолданылымда.
Алғашқыда бұл жұмыс түрі әрқилы түсіндіріліп, әдіснамалық тұрғыдан
клиенттермен (қорғаушыларға ісі түскен, алыс­беріс жүргізуші мекемелерге
қатысты жұмысы барлар)жұмыс, топтар мен қауымдардағы істер; бағыт-бағдар
тұрғысынан-балаларды әлеуметтік қамсыздандыру, отбасылық көмек қызметтер,
дәрігерлік әлеуметтік жәрдем, тәрбиелік түзету мекемелеріндегі жұмыстар;
әлеуметтік қызмет аясына түскен адамдар мен проблемді топтар
тұрғысынан­кедейлер, мүгедектер, қараусыз қалған балалар, маскүнем және
нашақорлармен жұмыстар мәні берілді . Әлеуметтік қызметтер мән-мағынасы
біртіндеп аталған тар бағыттағы істерден кең қоғамдық проблемаларға
айналған мәселелерді қамти бастады. Олардың ішінде бастылары׃ жеке меншік
құқықтарының бұзылысы, балаларға қастандық, ерлі-зайыптылар жанжалы,
қоғамнан аласталу, оқу жасындағылардың мектептен тыс қалуы, балалардың
отбасынан қашуы ж. т. б. Бұдан былай аталған проблемалар тобы бойынша
арнайы мамандандыру қажетті туындап отыр, себебі әлеуметтік қызметтің
байыпты да терең дайындығы үшін бұл өте қажет.
Қазіргі күнде әлеуметтік тәжірибе жұмыстары келесі салаларға
бөлінген׃отбасы, балаларға жәрдем, денсаулық және салауатты өмір, кәсіптік
дайындық, сауат ашу мен білім көтеру, тәрбие түзету мекемелері. Бұл
мамандануға болған аса кең бағыт­бағдар. Осыдан белгілі әлеуметтік бағытты
таңдаған маман өзінен жәрдем күткен адамдар мен топтар жөнінде қажетті
білімдерді жеткілікті игеріп, туындаған проблемаларды шешуде жоғары
біліктілік танытуға ұмтылғаны жөн.
Бұрынғы ТМД елдерінде әлеуметтік тәрбие жұмыстары осы күнге дейін
ескірген мемлекеттік жүйеден босай алмай отыр. Ал осы процеске жан ендіруі
тиіс қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер селқостық танытуда. Қоғам мен әрбір
жеке адам күйзеліске түсіп , қайдан жәрдем күтерін білмей алаңдауда.
Сондықтан да әлеуметтік қызмет көздерін тез дамытып, нарықтық заман адымына
жедел жәрдемге келу­бүгінгі күннің шұғыл да көкейтесті мәселесі.

3 Балаларды әлеуметтік қорғауда Бөбек қорының алатын рөлі
3.1 Муниципалды құрылымдағы балаларды әлеуметтік қорғау әдістерін
жетілдірудің даму перспективасы.

Соңғы кездері Бөбек қорының президенті Сара Назарбаева адами
ізгіліктерді қалыптастыру, жас ұрпаққа жан­жақты рухани тәрбие беру, тән
мен жан тазалығы, табиғатпен үндестік сияқты сындарлы бағдарламалар ұсынып,
осы ретте көптеген игі істер атқарумен қатар, ата­анасы жоқ жетімдерді
жебеп, ауырып қиналып жатқан балаларға қол ұшын беру сияқты қайырымдылық
шараларын да жүргізуде.
Бүгінгі басқосуды өткізудің өзіндік сырына тоқталған Сара Алпысқызы
балалар күні қарсаңында қордың есебінен Қазақстандағы бірқатар жетім
балалар тәрбиеленіп жатқан облыстық балалар үйлеріне әлеуметтік жағдайларын
жақсартуға қомақты қаржы бөлінгенін атап өтті. Мәселен, Алматы облысының
Талдықорған, Үштөбе қалалары мен Қарасай ауданының Бағанашыл ауылындағы
балалар үйлері жөндеуден өткізіліп, қажетті жаңа төсек­орын сатып алып
бермек.
Ал Атырау облысындағы Жасөспірімдер үйінде де жөндеу жұмыстарын қолға
алып, қажетті керек­жарақтармен қамтамасыз етпек. Шығыс Қазақстан облысы,
Ахмиров селосындағы отбасылық балалар қалашығына түгелімен күрделі жөндеу
жүргізіп, Көкпектідегі Раев атындағы балалар үйінің ғимараты жаңадан
салынбақ. Қарағанды облысында бірден төрт балалар мекемесіне нақты көмек
көрсетілмек: Теміртау қаласындағы Жасөспірімдер үйі мен Сәтбаев қаласындағы
балалар үйін жөндеп, оларға құрал­жабдықтармен, ал Жезқазғандағы Үміт
және Қарағандыдағы Әсем балалар үйінің асханасын жиhазбен қамтамасыз
етпек.
Сондай­ақ Тараз қаласындағы көпбалалы және тұрмысы төмен
отбасыларының балалары оқитын Тілендиев атындағы мектеп­интернат пен
Сарымолдаев атындағы балалар үйінде компьютер сыныбын ашып, Ақтөбе облысы,
Алға қаласындағы балалар үйінің аумағын асфальттауды, Жасөспірімдер үйіне
компьютер сыныбын, Бөбектер үйіне қазіргі құрал­жабдықтармен жабдықталған
Жедел жәрдем көлігін сатып әперуді мойнына алған.
Әрине, бұл көмектер Бөбек қоры жасаған қайырымдылық шараның бірі
ғана болса керек. Олай дейтініміз, Сара Алпысқызы 2005 жылғы 1 қыркүйектен
бастап колледжде, ПТУ­да, ЖОО­да оқитын ата­анасы жоқ студенттерге қор
атынан шәкіртақы тағайындаған еді. Бүгінде Алматы қаласында 380, бүкіл
республика бойынша 3000­ға жуық студент 2 мың теңгеден шәкіртақы алуда.
− Бөбек қоры беретін шәкіртақының баланың сабақ үлгеріміне қатысы
жоқ, −деді Сара Алпысқызы шәкіртақыны кімдер алады деген сауалға. ­Бұл
ата­анасы жоқ балаларға өздері жұмыс істеп, аяқтарынан тік тұрып кеткенше
берілетін жәрдем. Біздер де студент болдық. Ата­анамыз, туған­туысымыздың
арқасында қашанда қажетті затымызды сатып алатын қалтамызда ақша жүретін.
Бала емес пе, бір нәрсеге қызықса, жоқтықтан бір нәрсеге ұрынып қалуы
мүмкін. Егер жағдай болса, шәкіртақы мөлшерін көбейткен болар едік.
Бүгінгі жинап­терген қаражатымыз осыған жетіп тұр. Тіпті бұл көмекті
шәкіртақы емес, басқаша айту керек шығар. Қазақта мақал бар Бір жетімнің
басынан сипасаң, қырық періште күліп тұрады деген. Ал жасаған жақсылығың
алдыңнан шығады. Бұдан әрі қарай әңгіме ауаны имани, адамгершілік бағытына
ауысты. Сіз өз жүрегіңізге, әлде ұстаздарыңызға сенесіз бе? деген сауалға
Сара Алпысқызы арыдан жауап қайырды. − Мынау өмір заңдылықтары, этикалық,
мәдени, моралдық құндылықтар, адамдағы жақсы қасиеттер−осының бәрі білім,
ғылым, −деді сөзін әрі қарай жалғап. −Міне, осы ілімді оқып, бұрынғы өткен
ғұламалардың еңбегін көкейге тоқып, өмірде жақсы адамдармен араласа
жүргенде өзіңді терең түсінеді екенсің.
Егер сол біліміңді, білетін ақпаратты, өмірден түйген, көргеніңді
ішкі жан дүниеңмен тыңдап, қолданбаған, оны өзіңе орнықтырмаған жағдайда,
сіз бен біздің проблемамыз, бір­бірімізді түсінбеуіміз, қорқыныш,
мазасыздық туындайды. Сондықтан Мен кіммін? деген сауалды адам өзіне
қойып, өз шындығын білуі керек. Одан әрі қор басшысы өзі авторы болып
табылатын педагогика саласында эстетикалық, рухани­адамгершілік тәрбие
берудегі ізгі қадам −Өзін­өзі тану бағдарламасына кеңінен тоқталды.
−Өзін­өзі тану дегеніміз­бұл рухани білім, ал академиялық білім,
материалдық жағдай ол өзінше, −деп ойын сабақтады Сара Алпысқызы. −Рухани
білім ол әрқашанда олармен тең болуы керек. Өйткені, мұның бәрі өзара
байланысты. Сондықтан әрқайсымыз өз қасиет болмысымызды дамытып отыруымыз
керек. Өйткені, әркімнің өз тағдыры бар. Ол адамның білімі мен
білімсіздігіне көп байланысты. Жан мен тәннің үйлесімінде өмір сүруіміз
керек.
Міне, ондай адам өзгеге жаман сөз айта алмайды, онда көре алмаушылық,
қызғаныш тумайды. Құрылғанына он үш жылдан асқан Бөбек әлемін зерделеп
қарасақ, бірқатар ірі­ірі жұмыстар атқарылыпты. Бұл бір күннің, бір айдың
емес, жылдар бойғы еңбектің нәтижесі. Сол уақыт ішінде көңілі жарым,
бейкүнә балалармен тонның ішкі бауындай араласып, жағдайларын өз көзімен
көріп, олардың жан дүниесін ана ретінде тереңірек сезінеді. Алғаш Бөбек
ашылғанда Қазақстан экономикасының күрделі кезеңі болатын. Сол уақытта
мүгедек, аурулары меңдеген науқас балаларға, әлеуметтік жағынан мұқтаж
отбасыларына қолұшын берді. Бірқатар балалар ауруханаларын жөндеуден
өткізді. Жаңа туған нәрестені анасынан ажыратпас үшін еш елде жоқ Үміт
үйін ашты.
Онда баласын асырауға мүмкіндігі жоқ аналардың сәбилерін
перзентханадан шыққаннан жеті жасқа дейін тегін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәмелеттік жасқа толмағандарды әлеуметтік қорғауда атқарушы органдардың қызметі
Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік және әлеуметтік қамтамасыз ету қызметін талдау
ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Әлеуметтік мемлекетті орнықтырудағы Қазақстан тәжірибесі
Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының толықтылығы
Саяси құқықтар мен бостандықтар азаматтың субъективті құқықтары мен бостандықтарының маңызды бөлігі
Үкіметтік емес ұйымдардың халықты әлеуметтік қорғау саласына қосқан үлесін анықтау
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі әлеуметтік саясаттың негізі
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту және кедейшілікті төмендету бағыттары
Халықты әлеуметтік қорғау құрылымы
Пәндер