Қозғалыс дағдылары жүйесін қалыптастру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе. 3
ІІ. Негізгі бөлім.
Қимылды ойындарға нақты сипаттама 5
Қимылды ойындардың түрлері 12
Қимылды ойындардың мазмұны әдіс- тәсілдерін ұйымдастыру түрлері
Қимылды ойындарға басшылық ету 16
ІІІ. Практика 26
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер 30
32

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Адам өзінің күнделікті тіршілігінде еңбек
барысында толып жатқан әрекеттер мен әр түрлі қозғалыстар жасайды. Осының
бәрі дененің кейбір жекелеген мүшелерінің қалыптасып, жетілуіне өзіндік
әсер етеді. Кей жағдайда мұндай ықпалдар теріс болуы да мүмкін. Бір
бағыттағы артық қозғалыстың әсерінен дененің бір мүшесі шаршап немесе
деформацияға яғни ағзаның қалыпты формаларының өзгеруіне әкеліп соғады.
Сондықтан да күнделікті тіршілікте болатын бір бағытта ғана жүргізілетін
дене қозғалыстары мен әрекеттерінің бәрін бірдей дене тәрбиесінің құралы
деуге болмайды.
Адамның жеке басының қасиеттері дененің қалыптасуымен тығыз
байланысты. Демек денені жүйелеп шынықтыру мен денсаулықты қалыптастыру
адамның ой санасының жетілуі мен шығармашылық күштерінің дамуының негізі.
Спортшылардың өмірінде дене тәрбиесі жаттығуларының гигиенасы маңызды
орын алады. Гигиена - денсаулықтың кепілі. Мектеп тәрбиешілерііне балалар
денсаулығы үшін аса үлкен жауаптылық жүктеген. Сондықтан олар сабақ
өткізбес бұрын балалар отырған орынның гигиеналық талаптарға сай болуына
назар аударғаны орынды.
Ал дене тәрбиесі сабағында тәрбиеші балалардың жаттығулар орындағанда
дем алысының дұрыс та бірқалыпты болуын бақылайды. Дұрыс терең дем алудың
ашық алаң мен жабық орындарда шұғылданушылар үшін орны ерекше. Тағы бір
ескертетін жайт- шұғылданушылардың жас ерекшеліктерін ескерген жөн.
Спортпен шұғылдана бастаған бүлдіршіндердің сүйегі қата қоймаған, буындары
дұрыс бекімегендіктен, жаттығуды жасына, шама-шарқына қарай шамалап
орындайды.
Адамның рухани өсуi мен денесiнiң өсiп-жетiлуi балалық шақта
қалыптасады. Гимнастикамен, жеңiл атлетикамен, жүзумен, шаңғымен,
волейболмен т.б спорт түрлерi және қазақ халқының, сонымен қатар өзге ұлт
өкiлдерiнiң ұлттық ойындарымен жүйелi түрде және үздiксiз айналысатын
балалар денi сау болып қана қоймай, дене жаттығуларын орындаумен
айналыспаған өздерiнiң құрдастарына қарағанда сергек, саналы болып өсетiнiн
ғылым мен өмiр тәжiрибесi толық дәлелдеп отыр.
Дене тәрбиесiмен айналысатын бала жақсы оқып, бiлгендерiн iске
асыратын табанды, жiгерлi азаматтар қатарына қосылады.
Дене шынықтыру қоғамға жат қылықтармен күресуге көмектесетiнi,
ұжымдық және өзара көмек беру сезiмдерiн жетiлдiретiнi, белсендi өмiрлiк
көзқарасты тәрбиелейтiнi, жоғары адамгершiлiк қасиеттердi
қалыптастыратыны - өмiрде белгiлi қағидалар.
Сондықтан да "Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi
және әл-ауқатының артуы туралы" Республика Президентiнiң халыққа жолдауы
(Қазақстан - 2030) осы мiндеттердi шешуге бағыттайды. Онда "...бүгiнгi
кезеңнiң мiндеттерiнен өзге бiздiң ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан
зор жауапкершiлiк жүгiн арқалайтыны" сонымен бiрге жастар алдындағы
жауапкершiлiк туралы да айтылған.
Қазақстанның болашағы – қазiргi жеткiншек жастардың денсаулықтарына,
оны нығайту iсiне айрықша назар аударылып, салауатты өмiр салтын тұрмысқа
толық енгiзу көзделген. Салауатты өмiр салтының бiр белгiсi әрбiр адамның
дене тәрбиесiмен жүйелi түрде айналысуы болып табылады.
Балалар дене тәрбиесiнiң түрлерi сан салалы. Балабақшадағы
енгiзiлетiн дене тәрбиесiнiң мiндеттi сабақтарынан бастап, топтан тыс
секциялық сабақтар, қазақтың ұлттық ойындары, балалар мен жасөспiрiмдер
спорт мектептерiндегi жаттығу сабақтары, дене шынықтыру үзiлiстерi, үзiлiс
кезiндегi қимылды ойындар, таңертеңгi гимнастика, өздерiнiң арнайы
машықтануы - осының бәрi осы жасөспiрiмдердiң денсаулықтарын жетiлдiрiп
қана қоймай, оларды эстетикалық сезімдерін, яғни, адамгершiлiк рухқа,
көпшiл болуға тәрбиелейдi,
Күштiлiк, төзiмдiлiк, жылдамдық, икесдiлiк, сергектiк, өмiрге деген
құштарлық, мықты денсаулық тәрiздi сапалы қасиеттер дене шынықтыру мен
спорт арқылы орнығып, қалыптасады. Спортшы болу балалардың барлығына бiрдей
мақсат болмас, бiрақ денi сау, қоғамымызға пайдалы, азамат болып өсу -
барлық жастардың мiндетi және парызы болып саналады.
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап мемлекеттік
саясатта халық денсаулығы басты назарда болып келеді. 1997 жылы қыркүйек
айында ел президенті Тәуелсіз Қазақстанның ата заңының 44-бабының 8-
тармақшасы “ҚР азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту және олардың
денсаулығын сақтауға деген Конституцияның құқығын іске асыру талабына сай
Қазақстан халқына Қазақстан 2030 барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі
қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы” жолдауын жасады. Осы жолдаудың
мақсаты жас ұрпақтың толқынды денсаулығын қалыптастыру.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан-2030” стратегиялық
бағдарламасында салауатты өмір салтына ынталандыру әрқайсымыздың дене
тәрбиесімен айналысуымызға дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен санитарлық
шараларын сақтауымызға бағытталған денсаулықты нығайту үшін жастарды
салауатты өмір салтына насихаттап, ақпараттық іс-шаралар жүргізілуі керек
деген. Қазіргі таңда жастардың дене шынықтырумен айналысуының ең басты
мақсаты салауатты өмір салты болып табылады.
Дене тәрбиесімен ерте жастан айналысып, тиімді де уақытылы дем алған
адамның оқуға, еңбек етуге қабілеті арта түсетіні белгілі. Спорттың өзіне
тән керемет қасиеті темекі тарту, ішімдік, нашақорлық сияқты зиянды
әдеттерден бойды аулақ салуға тәрбиелейді. Елбасының салауатты өмір салты
туралы сөз еткенде – спорттың бұқаралығына ерекше мән беріп отырады.
Себебі, денсаулық болмаса тән азабын былай қойғанда, адам нағыз азаматтық
асқарына көтеріле алмай, аңсаған армандары көңілді мазалап, жан азабына
шалдығады. “Он екі мүшең сау болса жарлымын деме” – деп халқымыз
денсаулықтың адам өміріндегі орнын, тән сұлулығын, жан тазалығын ешнәрсемен
теңестіруге болмайтыны жайлы ескертіп отырған.
Дене тәрбиесі жүйесі дегеніміз - әлеуметтік-экономикалық, заңдылық
пен ғылыми әдістемелік, нормативтік бағдарлама негіздерінің жиындығы және
республикада дене тәрбиесі мәселесін үйлестіріп отыратын әрі башылық ететін
ұғымдар мен мекемелер. Дене тәрбиесі жүйесінің басты мақсаты – күш қуаты
мықты, жан-тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар,
жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен адамдар тәрбиелеу.
Курстық жұмыстың мақсаты – балабақшада балалармен қимылды ойындарды
ұйымдастыру ерекшеліктерін талдау. Осыған орай, мынадай міндеттерді алдыма
қойдым:
– қимылды ойындарға нақты сипаттама беру;
– қимылды ойындардың түрлерін талдау;
– қимылды ойындардың мазмұны әдіс- тәсілдерін ұйымдастыру түрлерін
баяндау;
– қимылды ойындарға басшылық ету мәселелеріне тоқталу.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен,
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.

1. Қимылды ойындарға нақты сипаттама

Дене тәрбиесін үйрету үшін балалардың белсенді қозғалыс қызметі
ерекше және басты орын алмақ. Ол арқылы баланың денесі және психикасы
жетіледі. Осы органикалық бірлікте балалар дене тәрбиесі туралы арнаулы
білімге ие болады
Дене тәрбиесіндегі үйрету – дене және психикалық жағынан жетілдіруге
бағытталған қозғалыс қимылдары және арнаулы білімдер жүйесін беру мен
игерудің ұйымдасқан тәсілі болып табылады.
Қозғалыс қимылдарына үйрету атауы бір қимыл және оған қосарланатын
теориялық түсінік болған жағдайда қолданылады. Себебі ол қимыл және оған
енетін қозғалыстар құрылымын қосып көрсетеді. Ол жағдайда қозғалысқа
үйрету деген кең мағанадағы атауды пайдалануға болады. Нақты кезеңде әр
түрлі атауларды қолдану, жетекшінің педогогикалық міндеттерге топтастыруына
мүмкіндік жасайды.
Қимылға үйрету – білімді бір мезгілде қабылдау, қозғалыс дағдыларын
қалыптастыру және тиісті дене мүмкіншіліктерін қалыптастыру процесі болмақ.
Бұлардың барлығы бір-біріне жәрдемдеседі, бірақ жеке әдістері мен құралдары
жөнінен бірыңғай емес. Сондықтанда педогогикалық жұмыста бір не өзге
міндеттерді баса көрсетуге жүгінеді.
Әрбір қимылға үйренуде бала жаңадан қабылдаған және өзінде бар
бұрынғы біліміне сүйенеді
Дене тәрбиесіндегі білім – бұл дұрыс ұйымдастырылған дене тәрбиесі
негізіндегі нақтылықтар мен түсініктер және заңдылықтардың белгілі жүйесі.
Білімнің сапасын арттыру мен көлемін кеңейту
оқытудағы саналық қағидасын жүзеге асырудың, баланың танымдық
белсенділігін тәрбиелеудің ең маңызды міндеттерінің бірі.
Үйренетін қозғалыс қимылын меңгеру шартты үш деңгейге бөлінеді.
Олардың әрқайсысы, оларға жеке атау беруге мүмкіндік беретіндей белгілі
сипаттамаларға ие:
1-деңгей – алғашқы дағды; 2- деңгей –дағды; 3- деңгей – шеберлік
дағдысы(жоғарғы деңгейдегі дағды).
Деңгейлер арасында айырмашылық шекарасы жоқ. Бұл барлық деңгейлердің
негізінде дағдыны қалыптастырудың біріңғай психофизиологиялық заңдылықтары
жатқандылығымен түсіндіріледі. Негізінде, бастапқы дағды – бұл әлі
қалыптасып болмаған дағды, ал дағды – алыптаскан дағды, шеберлік бұл
қалыптасқан дағдыны меңгерудің жоғарғы деңгейі.
Қозғалыс дағдысы – жеке қозғалыстарда емес, қимылдың дәрежесіне және
жағдайына назар аудара қимылды орындау қабілеттілігі.
Егер дағды психофизиологиялық категория болса онда орындау -
педогогикалық категория. Қозғалыс қимылдарын меңгерудің барлық деңгейін
істей аламын, жақсы істеймін, өте жақсы істеймін деген сөзбен
бейімдеуге болады. Қимылды орындау қабілеттілігі адамның білімі мен
қозғалыс тәжірбиесі арқылы пайда болады. Мұндай қабілеттілік кенеттен емес,
сол қимылды қайталаудың белгілі бір санынан кеиін ғана пайда болады.
Адам денсаулығының кепілі, ауырудың алдын алудың басты буыны
салауатты өмір салты мен дене тәрбиесі болуға тиіс дейміз. Ал дене
тәрбиесінің өзі қарапайым дене қимылдары мен қазғалыстарынан тұратындығы
белгілі. Сол себепті дене тәрбиесінің мамандарына көмекші болар,
әдістемелік құралға негізінен қозғалысқа қатысты материалдар, сондай-ақ
жоғарғы топ балаларын жүгіруге үйрету, кіші допты лақтыру, секірулер мен
лақтыруларды бағалауға байланысты әдістемелік ұсыныстар енгізіліп отыр.
Жаттығушы қозғалыс қимылын үйрене отырып, әдетте оны жетілдіріп
меңгеруге үмтылады. Жетілдіріп меңгеру күшті аз жұмсап, алға қойылған
мақсатқа жету. Тек қана осы жағдайда үйренген қимылды еңбек, қорғаныс және
спорттық қызметке дайындау үшін табысты пайдаланылмақ. Бірақ өз қимылын
еркін игеру қабілеттілігі оның орындалуында дағды белгілері болса ғана
қалыптасады.
Қалыптасқан дағды жағдайында қимыл қурамына енетін әрбір қозғалыстың
орындалуын қадағалау қажеттілігі керек болмай қалады. Бұл ретте қимылдың
нәтижелеріне көмектесетін жағдайларға және т.б. зейін аудару мүмкіншіліп
туындайды. Ойын кезінде футболшы доп соғарда тірейтін аяқты қалай қоюды,
аяқты қалай сілтеуді және соғуды қалай жүгіре асыруды ойламайды. Оның
назары ойын жағдайына толық ауғаи. Мұндай қозғалыстардың міндетті түрде
саналы орындалуын қадағалау керек.
Дағды өмірлік тәжірбиеден және үйрену нәтижесінен жинақталады.
Арнаулы білімдер негізінде және үздіксіз жаттығу нәтижесінде дененің
қайсыбір бөліктерінің қозғалысын басқару сипаты өзгереді, Қимыл қозғалысын
меңгеру деңгейі үйретудің бірінші кезеңіндегі қимылды орындаудың шектелген
мүмкіншіліктерінен келесі кезеңдегі жетілдірудің шексіз болашағына дейін
біртіндеп артады. Дағдыны жинақтау процесі қозғалыс қимылына үйретудің
әрбір кезеңінің мазмұны дағдыларды қалыптастырудың психофизиологиялық
заңдылықтарын бейнелейтін болса ғана тиімді болмақ.
Балалардың жалпы қозғалыс дайындығы оларда қазғалыстың негізгі
өлшемдерін бағалау қабілеттілігін қалыптастыру жолымен жүзеге асырылады.
Бүл үшін нақты қозғалыс әрекеттеріне үйрету кезінде арнайы дайындалған
тапсырмаларды пайдаланады. Мектепке дейінгі мекеме балаларына ұлгі есебінде
төмендегілерді келтірелік.
Саптық және жалпы дамытатын жаттығулар.
Шеңберге, лекке, қатарға сапқа тұру; бір лекпен, көрсетілген бағытпен
айнала қозғалу; алдын-ала белгіленген бастаушылардың артына үш - төрт лекке
қайта сапқа тұру; үш- төрт лектен және алға, берілген қашықтық пен аралықты
анықтай отырып, созылу 0м - ден 2м-ге 5 біріңғай психофизиологиялық
заңдылықтары жатқандылығымен түсіндіріледі.
Қазіргі талаптарды ескере отырып мектептегі дене тәрбиесі міндеттерін
толық және табысты шешу үшін табиғи ортаны және адамның қозғалыс қызметі
жағдайларын жан-жақты зерттеу қажет болады. Осы мәселенің маңызды
бөліктердің бірі – мектеп жасындағы балалардың қозғалыс функцияларын
дамытудың педогогикалық аспектлерін зерттеу.
Үйлесімділігі жөнінен күрделі қозғалыстарды адамның орындауы, оларды
басқара отырып, бір қозғалыстан екіншісіне ауысу, қоршаған ортаның
өзгермелі жағдайларына сәйкес жаңа қозғалыс- қимылдарды жылдам жасау
қабілеттілігі - бұлардың бәрі де биологиялық және педогогикалық факторларға
негізделген қозғалыс қызметтерінің қасиеттері
Биологиялық фактор балалар мен жеткіншектердің жас ерекшеліктерімен
байланысты, оның әсері елеулі тұрде олардың қозғалыс қызметтеріне әсер
етеді. Оның биологиялық дамуына қозғалыс анализаторының жетілуі, үлкен
жарты шар қабығындағы және жүйке-ет аппаратының жасқа байланысты
ерекшеліктері (олардың функционалдық мүмкіншіліктері); биологиалық жағынан
кемелденуі (жыныстық жетілу); акселарация құбылысы; дененің дамуы себепкер
болады. Биологиялық фактордың барлық бөлшектерін физиологтар, гигиена,
морфология саласындағы ғалымдар зерттеуде; біздер, ұстаздар осыларды ескере
отырып, олардың көрініс беруіне сай іс-әрекет жасауымыз қажет.
Алайда, қозғалыстың жетілуі қозғалыс қызметінің белсенділігінің
тәртібімен де (режимімен де) байланысты. Ақырында, қозғалыс қызметтерін
қалыптастыру мен жетілдіру негізгі шарттарды сақтаған жағдайда ғана
педогогикалық әсер ету жолымен шешіледі.
Бірінші шарт – қозғалыс әрекеттеріне үйрету. Балалардың қозғалыс
тәжірибесі көп болған сайын, оларда жаңа қозғалыс-қимыл түрлері жылдамдырақ
қалыптасады. Ақырында негізгі гимнастиканың ойындарын, жузуді, шаңғымен
жүруді, спорттық жаттығуларды енгізе отырып балаларды кең келемде
бағдарламамен оқыту қозғалыс функцияларының қалыптасуына себепкер болады.
Екінші шарт – дене қасиеттерін дамыту. Олардың дамуы қаншалықты
жоғары болса, қозғалыс дағдылары да соншалықты табысты, нәтижесінде
қозғалыс әрекеттері де қалыптасады 6-7 жастағы балалардың жеке қозғалыс
жылдамдылығына, иілгіштігіне, икемділігіне, бұлшық еттерінің турақты
кұшіне,8-10 жастағылардың жылдамдығына, икемділігіне, дене бұлшық еттерінің
т^рақты күшіне, 11-13 жастағылардың күш денгейі шыдамдылығына, 14-16
жастағылардың ең жоғарғы күш деңгейі мен шыдамдылығына назар аудара отырып,
барлық дене қасиеттерін бірқалыпты дамыту қажет.
Үшінші шарт (ең маңыздысы) - бұлшық ет күшін жұмсау мен уақыт бойынша
жасалған қозғалысты дәл бағалай білу біліктілігіне үйрету.
Осы шарттарды жүзеге асыру тәрбиешінің қызметіне байланысты. Қозғалыс
әрекеттеріне үйрету барысында педогогикалык әсер етудің барлық шарттары
өзара бірігіп іс- әрекет етеді, өйткені қозғалыс функцияларының
көрсеткіштері қозғалыс дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Олардың
қайсы бірін елемеу, үйрету барысын кідіртуі немесе күрделілендіруі мүмкін.
Дегенменде үшінші шарттың ерекше орын алатындығын есептен шығаруға
болмайды.
Қозғалыстың дәлділігі мен үйлесімділігі ет сезінуінің жақсы дамуымен
қамтамасыз етіледі. Ол дене жаттығуларының кемегімен арнайы үйреткен
жағдайда ғана жетілдіруге болатын қозғалыс анализаторлары қызметінің
нәтижесі болып табылады.
Қозғалысты басқару мүмкіндігі туралы айта отырып, И. П. Павлов адам
өз қимылының әрбір сәтін сезбейтін болса, онда оларды басқара да алмайды
деп атап көрсетті.
Өз кезегінде П. Ф. Лесгаф та дене мүшелерінің әртүрлі қозғалыстарын
талдау мен оларды өзара салыстыруға мүмкіндік беретін уақыт пен кеңістік
арқылы ғана қабылдаумен балаларды үйретуге болатындылығын сенімді түрде
дәлелдеді. Әрине, қозғалыс қимылдарына балаларды табысты түрде үйретудің
басты шарттарының бірі - қозғалыс анализаторының дамуына себепкер болатын
және уақыт, кеңістік пен бұлшық еттердің күш жұмсау Дәрежесі бойынша
орындалатын қозғалыстарды басқару біліктілігмен тығыз байланыстағы
қозғалыстарды басқару қабілеттілігін оларда тәрбиелеу керек екендігі
түсінікті. Өкінішке орай, бұл шарттар мектептегі дене тәрбиесі сабақтарында
унемі сақтала бермейді. Осыған байланысты айтылған шарттардың орындалуына
толық тоқтала кетелік. Қозғалысқа жұмсалған кұш, кеңістік пен уақыт бойынша
орындалуды бағалау дәлдігі, осыған арнайы бағытталған қимыл-қозгалыстарды
және жіберілетін қателердің көлемі туралы жедел ақпараттар әдісін қолданған
жағдайда балаларда қалыптасатындығы сынау жолмен белгілі болған. Кеңістік
пен уақыт арасындағы қозғалыс әрекеттерін бағалау біліктілігін қалыптастыру
жалпы заңдылықтарға бағынатындығы да белгілі болып отыр. Сол заңдылықтарға
сәйкес қозғалыс дағдылары қалыптасады және олар қозғалыс әрекетерінің
үйлесімділік курделілігімен тығыз байланысты. Қимыл-қозғалыстарды орындау
барысында осы біліктіліктер қалыптасады. ...'
Бастапқыда балаларды қарапайым түрдегі қозғалыстың жекелеген
сипаттамаларын айыра білуге үйрету керек, яғни дененің жекелеген
бөліктерімен (қолдармен, кеудемен, аяқтармен) қимылды баяу және шапшаң
екпінде, сосын осы қозғалыстарды отыру түрінде дененің барлық мүшелерін
қатыстра отырып, бірақ баяу және шапшаң екпінде, аз немесе көп куш жүмсап
орындау қажет. Сипаты бойынша бір-бірінен шапшаң айырылатын қозғалыстар
айырмашылығы аз, ұқсас қозғалыстарға қарағанда есте жеңіл сақталады. Осы
сипаттағы қозғалыс тапсырмалары 6-7 жастардағы балаларға оңтайлы. Олар
салыстырмалы түрде баяу жүріс пен жүгірісті жылдам жұріс пен жүгірістен,
доптың қашық не жақын лақтырылғандығын, баяу жасалған қозғалысты жылдам
орындалған қозғалыстан жеңіл айырә біледі.
Бірінші топтағылар бірнеше сабақтардан кейін-ақ дененің жеке
мүшелерімен қозғалысты орындауға ғана емес және дененің кеңістіктегі қалпын
(жағдайын) бағалай білуге де (берілген қалыпта қайта көрсетуге де)
қабілетті, кіші допты лақтырудағы лақтыру қашықтығын сондай-ақ үлкен допты
4-5м дейінгі лақтыруды жеткілікті дәл айыра алады, бір метрге дейінгі
белгіленген қашықтыққа орнынан ұзындыққа қарғуды да жақсы анықтайды, жүріс
пен жүгіріс кезіндегі адымның қысқа, орта және ұзын екендігін де айыра
алады. Бұдан бетен де жүру мен жүгірудің баяу ,орта және жылдам екпінінде
қимылды орындауға үйренеді.
Естиярлар тобының балалары берілген қашықтықты және саптағы
жаттығуларды орындау кезінде бір метрден екі метрге дейінгі аралықты
анықтай білуге, 50 см-ден бір метрге дейінгі ұзындыққа секіруді, бағыт-
белгі бойынша анықтауға қабілетті, содай-ақ берілген секіру тапсырмаларының
50 процентін орындай алады, берілген қашықтыққа кіші допты лақтыру
қашықтығын жақсы анықтайды, бір мезгілде қарқын жасай отырып, жүгіру
екпінін өзгертуге қабілетті. Қол, аяқ және кеудемен қимыл-қозғалыстарды
орындағанда белгілі бір уақыт ішінде кеңістікте қозғалысты дәл орындауға да
қабілеттері жетеді. Естиярлар тобының балалары барынша және жартылай күш
жұмсап секіру мен үлкен доптарды лақтыру кезінде тапсырманы орындауға
қабілетті. Заттардың көлемін көру арқылы бағалау жолымен заттар мен
қашықтықтың өлшемін (көлемін) анықтауға берілетін тапсырмалар да тиімді
болмақ. Бағалардың дәлдігі туралы ақпараттарды балалар өздерінің тексеруі
(өлшеуі) арқылы алу керек.
Ересектер тобында әр түрлі қозғалыс тапсырмаларын орындауда
кеңістікті, уақытты жене күш жұмсаудың сипаттамаларын бағалау біліктілігін
қалыптастыру женіндегі жұмыстар осы тапсырмаларды күрделендіру жолымен
жалғасуы керек. Бұдан бөтенде, кеңістіктік, уақыттық және күш жұмсау
сипаттамаларын бөлшектеуге жаңа тапсырмалар енгізіледі. Ондай
тапсырмалардың үлгісі төмендегідей болуы мүмкін: үш-төрт рет қайталауда
секіру узындығына азғана қашықтық қосу, тәрбиешінің тапсырмасы бойынша
адымның ұзындығы мен жүгіру екпінін өзгерту, бір орында жүгіргенде уақытты
азайту, Ересектер тобы балалары орнынан секіруді орындағанда ет күшін
жұмсау дәрежесін бағалауға қабілетті-өлшеп, белгіленген қашықтыққа секіру
немесе нығыздалған допты көзді жұмып (байлап) лақтыру, сезінуі бойынша
нығыздалған доптар мен өзге де заттардың салмағын анықтау.
Өз жетістіктерін бағалай білу біліктілігін үйренген балалар әр түрлі
қозғалыс әрекеттерін жеңіл менгереді, кимылдарды салыстыра алады, қозғалыс
әрекеттерінің ұқсастығы мен әр түрлілігін анықтай алады.
Қозғалыстың негізгі сипаттамарын бөлшектеп қарастыру біліктілігіне
үйретуді дербес міндеттер есебінде, жалпы Қимыл-қозғалыс дайындығы есебінде
қарастру керек. Бұл, қозғалыстың жекелеген сипаттамаларын бағалау
қаблеттілігі жекелеген дене қасиеттерінің даму деңгейіне қатыссыз
екендігіне негізделгендігін көрсетеді. Мысалы, баланың күші жақсы жетілген
болып, бірақ оны басқару қабілетіне ие болмаса да, дене қасиетін меңгерген
болып есептеледі. Қозғалыстың жекелеген өлшемдерін (күш, шапшаңдылық,
кеңістіктегі дәлдік) бағалау қабілетілігі өзге қабілеттерге ауыспайды, яғни
бала қозғалыс шапшаңдығын жақсы бағалай алуы мүмкін де, кеңістіктегі
дәлдікті нашар бағалауы мүмкін. Қозғалыстың негізгі өлшемдерін бағалай білу
қабілеттілігі дене дамуы мен дене дайындығы деңгейіне қатыссыз. Бұл
ережелер дербес міндеттер есебінде салыстырмалы түрде жалпы қозғалыс
дайындығын арнайы айырып қарастыру (жоспарлау) қажеттігіне дәлел болады.
Бұлар уақыт бойынша, кеңістікте және ет күшінің жұмсалу дәрежесі бойынша
негізгі қозғалыс өлшемдерін бағалау қабілетін қалыптастру жолымен шешіледі.
Қандай да болсын дене жаттығулары мен жаттығулардың кез-келген тобын
үйрету төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады:
1. Балалардың белсенді қозғалыс қызметі оқу материалын меңгерудің
қажетті шарты. Баланың дене жаттығуларын үйренуі өзінде бар психикалық және
дене күшін жұмсауды талап ететін оқу-еңбек қызметі.
Жұмысқа қабілеттілік бірнеше факторларға байланысты:
тұқымқуалаушылық, өмірде жинақталған және нақты жағдайларға бейімделу
қызметінің тәсілдері. Олар көбірек дамыған сайын адам жоғары жұмыс
қабілеттілігін көрсете алады. Жай уақытта адам өзінің жалпы жұмыс
қабілеттілігінің белгілі бір бөлігін пайдаланады. Қор деп аталатын басқа
белгі ең жоғары талаптар қоятын жағдайларда ғана іске қосылуы мүмкін.
Кездейсоқ жағдай жұмыс қабілеттілігі қорын көрсетуді арттырыл қана қоймай,
адам қабілеттілігін ең жоғары деңгейде дамытады. Өз кезегінде мұндай
қабілеттілікті дамыту әр түрлі жағдайларға байланысты. Қимылды үйретуге
қолданылатын қолайлы жағдайлар үйрету әдісін жетілдіргенде көрінеді.
2. Қозғалыс дағдылары жүйесін қалыптастру. Тек қана қимыл жүйесі
балалардың дене дайындығының сипатын анықтайды. Бірақ жүйелер түрлерінің
көп болуы нәтижесінде, олар дене тәрбиесінің бағытына және оның нақты
міндеттеріне байланысты іріктеліп алынуы керек.
Бұл жүйелерді анықтау тәсілдері бір не өзге қимылдарды пайдаланудың
көп жылдық тәжірибесімен, олардың теориялық және тәжірибелік негізіне
сүйенеді. Мысалы, мектеп бағдарламасы үшін дене жаттығулары жүйесін жасауда
қолданбалылық принциптеріне сүйене отырып, өмірлік тәжірбиемен ең тығыз
байланыста болған қимылдар ғана іріктеліп алынады. Ол жүйе тәжірибеде
ыңғайлы болуы үшін бірін-бірі қайталайтын немесе екінші кезектегі қимылдар
қолданылады.
3. Қозғалыс қимылдарына үйрету дене мүмкіндіктерін қалыптастырумен
өзара байланысты. Екі процестің өзара шарттылығы үш бағытта көрінеді:
кейбір қозғалыс қимылдарына үйретуді дене мүмкіндіктерінің тиісті
деңгейінсіз жүзеге асыру мүмкін емес (мысалы, өрмелеуге үйрету қолдың
жеткілікті жоғары деңгейін талап етеді);
Қозғалыс дағдыларының қалыптасуы дене мүшелерінің тиісті деңгейінің
бір мезгілде артуымен қоса жүреді (мысалы, кіші допты лақтыруға үйрету күш,
шапшаңдық мүмкіндігінің өсуімен қоса жүреді); қалыптасқан дағдының
нәтижелігі арнайы мүмкіндіктер деңгейіне байланысты, ал ол өз кезегінде
өзге мүмкіндіктердің деңгейіне тәуелді (мысалы, қысқа қашықтыққа жүгіруге
үйреткенде шапшаңдық мүмкіндіктері дамытылады, бірақ олардың дамуы күш пен
шыдамдылықтың қолайлы деңгейі жағдайына тиімді болады).
4. Қимылға үйрету нәтижелілігі дене туралы білімнің қол жеткен
деңгейімен ғана емес, дене дамуының жинақталған деңгейімен де анықталады.
Білім жүйелерін және қимылды меңгерудің дұрыс ұйымдастырған педогогикалық
жұмыстары дененің даму көрсеткіштерінің артуымен де қоса жүруі керек.

2. Қимылды ойындардың түрлері

Дене тәрбиесі — тұлғаны жан-жақты үйлесімді қалыптастырып дамыту
процесінің негізгі бір саласы. Себебі, дене тәрбиесі тұлға денесінің
қалыпты жетілуін, денсаулығының нығаюын қамтамасыз етуде, оларды еңбекке,
Отанда қорғауға дайындауда аса маңызды қызмет атқарады. "Дене тәрбиесі -
адамның денсаулығын нығайтып, оңтайлы, қимыл-әрекеттерін қалыптастыратын
адамгершілік қасиеттері мен ерік-жігерін жетілдіретін негізгі тәрбие
бағыттарының бірі. Дене тәрбиесі төзімділікті, шыдамдылық, батылдық,
табандылық қасиеттерді шыңдайды".
Қандайда бір қоғам болмасын оның сәтті болуы болашақ жастарының
денсаулығына тікелей байланысты. Себебі, қазіргі қоғам, жоғары қарқынмен
дамыған өндіріс дене бітімі жақсы жетілген, өндірісте жоғары қарқынмен
жұмыс істей алатын жасөспірімді қажет етеді. Адамның ширақтығы неғұрлым
басым болса, соғұрлым атқаратын жұмысы тиімді болады. Сондықтан әрбір ұстаз
өзінің шәкірттерін денсаулығы мықты, көңілді дене бітімі жақсы дамыған
тұлға ретінде көргісі келеді.
Сондай-ақ, дене тәрбиесі ерік-жігері мықты, тәртіпті, батыл және
белсенді, өз Отанын қорғауға лайықты жас ұрпақты ойдағыдай әзірлеуде аса
маңызды әлеуметтік міндеттерді атқарады. Дене тәрбиесі жастарда ақыл-ой
және еңбек әрекетінде нәтижелі жұмыс істей алатын сапа қасиеттерін
қалыптастыруға да ықпал етеді.
Сондықтан да тәрбие теориясы дене тәрбиесі мәселесіне тұлғаның дене
күштері және ағзасын дамытудағы негізгі бір факторы ретінде айрықша мән
береді. Әрине, қоғамдағы жасөспірімдердің дене және рухани қабілеттері
қаншалықты дамуына байланысты, соншалықты олар халық игілігі үшін пайдалы
әрі нәтижелі еңбек етеді.
Дененің дамуы - адам дене күштерін нығайту және жетілдірудің сапалық
өзгеруін қамтиды. Мұндай көзқараста ол тек дене тәрбиесінің бір ғана
нәтижесі ретінде көрініс береді.
Дене тәрбиесінің көздейтін тағы бір мақсаты балалардың дене мәдениеті
және спорпен айналысу қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ояту, ынталандыру
және дененің дамуы мен денсаулықты нығайтудың психо-физиологиялық
негіздерін терең ұғынуларына, сонымен қатар ақыл-ой, адамгершілік және
эстетикалық т.б. тәрбие салаларының дамуына да ықпал ету мүмкіндіктерінше
жағдай жасау.
Ұлттық ойындарды меңгеру, оның даму тарихымен танысу, қазақ халқынан
шыққан спорт шеберлері жөнінде мағлұматтар алу.
Осы бағытта дене тәрбиесі балалардың белсенді танымдық және дене,
сонымен бірге денсаулықты шынықтыру әрекетін ұйымдастыруда көпжақты
процесс. Сондықтан да дененің саулығы адамның кез келген әрекетінен
нәтижелі айналысуына зор ықпал етеді; соның ішінде, әсіресе ақыл-ойдың
дамуына әсері мол. Бүгінгі ғылыми-техникалық прогрестің дамуы, адам
баласының өмірі мен атқаратын қызметтерінің сипаты олардың дене күштерінің
даму жағдайларына маңызды ықпал етері сөзсіз. Бұл, әсіресе баланың жоғары
деңгейде жалпы білім және кәсіби даярлығында көптеген мағлұматтар алуымен
байланысты оның миында және интеллектуалдық күшінде жүктеменің артуымен
көрініс береді. Сонымен қатар қала жағдайында пәтерлердің бүкіл керек-
жарағымен толық қамтылуы, тіпті жақын қашықтыққа үнемі автокөлікті
пайдалануы, көгілдір экран мен компьютер алдында үнемі қозғалыссыз ұзақ
отыруы балалардың қимил-қозғалыс белсенділігінің, денеге түсетін жүктеменің
төмендеуіне әкеледі. Сондықтан дене тәрбиесі мәселесі дәуірлеген машиналы
және автоматтандырылған жүйе жағдайында жоғары маңызға ие болуы тиіс.
Бұған қосымша, балалардың шамамен алғанда 85 пайызында жүрек, өкпе
және т.б. ішкі ағза мүшелерінің ауыруы, сонымен бірге есту, көру
қабілеттерінің төмендігі, жүйке жүйелерінің ауыру салдарынан оқуда нашар
үлгерім жағдайларында болуына да себепші болады. Баланың есте сақтау
қабілеті, зеректілігі, ынталылығы да оның жалпы денсаулығы мен дене
күштерінің жағдайына байланысты болып келеді.
"Ақыл-ойдың дамуы, рухани күштер мен қабілеттердің дамуы көп жағдайда
адамның денсаулық жағдайымен, оның төзімділігімен, жүйке жүйесінің
мықтылығымен айқындалатын болғандықтан, ол дене тәрбиесімен тығыз
байланысты қарастырылады. ...Нарықтық экономика жағдайында адамның жеке
басының саулығы, оның дене күшінің мығымдылығы оның жеке басының ерекше
құндалыты болып саналады. Сондықтан спорт әрбір адам үшін өмірдегі қажетті
құндылық болып есептеледі". Олай болса адамның денесінің дамуы ақыл-ой
әрекетінің, еңбекке қабілетінің, үлгерім сапасының дамуына жағдай тудырады.
Дене тәрбиесі тәрбиенің басқа салаларымен табиғи байланыста болып
тұлғаны жан-жақты үйлесімді қалыптастырып дамытуда маңызды міндеттерді
атқарады".
Дене тәрбиесі эстетикалық тәрбиемен де тікелей байланысты. Оның
барысында баланың дене бітімі, қимыл-қозғалысына қатысты эстетикалық
талғамы, бағалауы, көзқарасы қалыптасып дамиды. Дене жаттығулары қимыл-
қозғалыстағы әсемдікті көре бағалай білуге үйретеді және онда
үйлесімділіктің болуына тәрбиелейді.
Сонымен қатар дене шынықтыру және спорпен шұғылдану ағзаның жалпы
нығаюына көмектесіп, бұлшық ет, тыныс алу жолдары және жүйке тамырларын
дамытады, барлық ішкі мүшелердің жұмысын жақсартады және қан алмасу
процесін күшейтеді.
Дене тәрбиесі барысында әртүрлі дене жаттығуларын оны шынықтыру
процесімен бірлікте тиімді пайдалану ағзаның бірқалыпты жетілуін қамтамасыз
етеді (атмосфера қысымының ауытқуына байланысы дененің қызуы немесе
салқындауы т.с.с.), балалардың суық тию және тұмаурату жағдайын және кейбір
жұқпалы ауыруға тап болуын едәуір азайтады.
Белсенді қимыл-қозғалыс балалардың жүрек қан тамырының дұрыс жетіліп
дамуына күшті ықпал етеді.
Арнаулы дене жаттығулары жүрек бұлшықетінің жұмыс істеу күшін
арттырады, қан тамырлары қабырғасының тым созылғыш, икемді болып келуше
ықпал етеді. Нәтижесінде жүрек өнімді жұмыс істеп, бір мезгілде күш қуаты
жоғары болады.
Дене тәрбиесінің ықпалы әсіресе жүйке жүйесінің қызметін шынықтыру мен
жетілдіруде маңызы ерекше. Орталық жүйке жүйесімен әртүрлі дене мүшелерінің
арасындағы жүйкелік күштердің өтуін тездетеді, жүйке процестерінің қызметін
жандандырып, тұрақтандырады.
Сондықтан балалардың денсаулығын шынықтыру педагогикалық ұжымның үнемі
назарында болып, қамқорлығына айналуы тиіс. Сол үшін де әрбір тәрбиеші дене
тәрбиесінің мүмкіншілігін жете білуі міндетті және оны тәрбие процесінде
жан-жақты пайдалануы қажет.
Дене тәрбиесінің міндеттері және мазмұны
Дене тәрбиесінің мәнін ашу барысында оның міндеттері мен мазмұнын
анықтау қажеттігі туындайды. Дене тәрбиесінің міндеттері мынадай:
➢ денсаулықты нығайту, ағзаны шынықтыру және дененің дұрыс қалыптасып
дамуын, мүсіннің сымбатты болуын қамтамасыз ету;
➢ ақыл-ой және дене күштерінің жұмыс істеу қабілеттерін көтеру;
➢ дененің негізгі қимыл-қозғалыс сапаларын (күштілік, ептілік,
шыдамдылық, шапшаңдылық) қалыптастыру
➢ гигиеналық дағдыларды қалыптастыру;
➢ дене шынықтыру және спорт саласында арнаулы білімдер беру;
➢ адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу (батылдығы, өжеттілігі,
қайсарлығы, табандылығы, тәртіптілігі, жауапкершілдігі, ұжымшылдығы
т.с.с.;
➢ дене және спорт ойындарымен үнемі және жүйелі айналысуға
қажеттілігін тәрбиелеу;
➢ дененің әрқашан сау болуын, сергектікке, өзіне және айналасындағы
адамдарға әрқашан қуаныш әкелуге ұмтылысын тәрбиелеу т.с.с.;
➢ ұлттық ойындарды игеру және олардан пайда болу және даму тарихымен
танысу, әдіс-тәсілдерін білу.
Еліміздің барлық азаматтарының денсаулығын нығайту — мемлекет алдында
тұрған ең жауапты міндеттердің бірі. Сол үшін де жоғарыда аталған
міндеттерді орындау, ең алдымен оқу және денсаулық министрлігіне, содан
кейін мектеп әкімшіліктері мен мектептен тыс тәрбие беру мекемелеріне
жүктеледі.
Келесі кезекте, ол қоғамдағы әрбір адамның өздерше міндеттеледі.
Себебі, дене тәрбиесі әрбір адамның өз денсаулығын белсенді түрде нығайтуға
бағытталған шара. Сондықтан да адамның өз денсаулығына өзі бақылау жасауы;
оның алдын алуы, дене шынықтыру және спорт ойындарымен үнемі шұғылдануы,
бір жағдайда оның өзіне, ал екінші жағдайда, қоғамға дені сау, еңбек етуге,
Отанын қорғауға қабілеті зор жеке тұлғаны қалыпастырып дамытуда маңызы
ерекше. Жақсы денсаулық - адамның еңбек процесі және қоғамдық пайдалы
әрекетінде де белсенді және табысты болуының бірден-бір кепілі.
Дене тәрбиесінің бағдарламасында дене шынықтыру процесін дамыту және
жетілдіру мәселесі бірнеше бағытта жүргізілуі қарастырылған:
Базалық бөлім. Бұл дене тәрбиесі саласында жалпы білім даярлығының
мемлекеттік үлгісінің негізі. Онда негізгі оқу материалын орындау міндетті
түрде жүзеге асырылады және базалық бөлімді жоспарлағанда баланың аймақтық
немесе ұлттық ерекшелігі ескерілмейді.
Дене тәрбиесінің негізгі теориялық және әдістемелік бөлімі. Ол денені
шынықтыру мен сауықтыру, спорттық, қозғалыс-қимылдарын қалыптастыруды және
жоғары қимыл қабілетін арттыруды қамтамасыз етуді көздейді.
Дене тәрбиесі бағдарламасының өзгермелі бөлімінде балалардың жеке
басының ерекшеліктері, мектеп жұмысының аймақтық ұлттық және жергілікті
ерекшеліктерін ескеру көзделген. Сонымен қатар осы бөлімде жалпы білім
беретін мектептерге ауа райы жағдайларын, дене тәрбиесі тәрбиешілеріінің
кәсіптік даярлығын, дене тәрбиесі жөніндегі жұмыстың мүліктік-техникалық
жабдықталуын, мүліктік қаржы және ұлттық дәстүрлерді ескере отырып сабақты
ұйымдастыруға, оқу материалының мазмұнына; оқыту әдістеріне өзгертулер мен
қосымшалар енгізу құқы берілген.
Бағарламаның өзгермелі бөлігінде материалды таңдау жер жағдайына және
ұлттық ерекшелікке байланысты тәрбиешінің балалардың, мектептердің қалауы
бойынша немесе белгілі бір спорт түрін тереңдетіп оқыту негізінде жүзеге
асырылады. Өзгермелі бөлімнің әрбір оқыту материалына бөлінген оқыту
мерзімі әртүрлі болуы мүмкін. Бағдарламаның өзгермелі бөлігін таңдаған
жағдайда ұлттық ойындарға, жаттығуларға, би элементтеріне, халықтар
ойындарына, жеке қарсыласу элементтеріне шахмат дойбы, балахан, тоғыз
құмалақ ойындарына және ойын залының сыртында таза ауада жүргізілетін
қозғалмалы ойындарға ерекше көңіл бөлу қажет.
Бағдарламада көрсетілен 3 сағатты ұйымдастыру немесе онда жоспарланған
жаттығулар, эстафеталар, спорт және ұлттық ойындары жемесе қозғалмалы ойын
түрлері таза ауада, мектеп алаңдарында өткізу ұсынылады. Ол үшін төменгі
топ балаларына арналған мынандай ұлттық ойындарды таза ауада ұйымдастыру
ұсынылады; "Бәйге", "Теңге алу", "Ақ сүйек", "Үшінші артық", "Қашпа доп",
"Қозғалмалы ойындар" болса, ал орта және жоғары топтар үшін "Бес тас",
"Асық", "Батпан көтеру", "Арқан тартыс", "Қыз қуу", "Омпы", "Қазақша күрес
"т.с.с. ұлттық сипаттағы балалар ойындары.

3. Қимылды ойындардың мазмұны әдіс- тәсілдерін ұйымдастыру түрлері

Балалар мен жасөспірімдердің дамуында қозғалыстың маңызы зор.
Кеңістікте қозғалып жүру, денені тік қалыпты ұстау,теңдікті ұстау
қабілеттері адамның сүйек –ет жүйесінің қасиеттері мен қызметіне
байланысты. Сүйек-ет жүйесіне, яғни тірек-қимыл аппаратына адамның қаңқасы
мен бұлшық еттері жатады.
Қаңқа екі жүзден астам сүйектерден тұратын адамның негізгі қатты
тұлғасы. Олардың көбі бір-бірімен буын арқылы жалғасып, қозғалмалы келеді.
Қаңқаға бұлшық етттер бекітілген. Ет пен сүйек адамның негізгі тірегі және
оның қозғалуы, еңбек етуі осы сүйек – ет жүйесінің қызметіне байланысты. Ол
жұлынның, мидың және көптеген ішкі мүшелердің сауыты болғандықтан, қорғану
қызметін де атқарады, яғни жұмсақ мүшелерді соққыдан және басқа да түрлі
жағымсыз әсерлерден қорғайды. Соңғы кезде бұл жүйе зат алмасуына, әсіресе
минерал заттарының мөлшерін бір деңгейде сақтауға қатысатыны анықталды.
Бұлшық еттердің ұштары сүйекке бекітілген. Олардың көбі екі сүйекке
бекігендіктен олардың қозғалысын іске асырады. Әрбір сүйекке екі, тіпті
одан да көп еттердің ұштасуы мүмкін.
Еттердің негізгі қызметі – сүйектерді қозғау. Сол арқылы адамның
еңбек етуін, күрделі жұмыстарды орындауын қамтамасыз етеді.
Адамның қимыл-қозғалысы организмдердің эволюциялық дамуында
қалыптасқан, оған тән морфологиялық және функциялық денені тік ұстауға,
қимыл қозғалысқа ет пен сүйектен басқа тірек – қимыл жүйесіне кіретін
буындар, сіңірлер, тарамыстар қатысады.
Сонымен сүйек-ет жүйесі негізінен тірек, қимыл-қозғалыс, қорғаныс,
тұздардың алмасуына қатысу арқылы адам организмінде өте маңызды орын алады.
Адам қаңқасының негізі – сүйек. Сүйек қан тамырлары мен нервтер
өтетін сүйек каналдардың айналасында орналасқан остеон деп аталатын жұқа
пластинкалардан тұрады. Сүйектің сыртында сүйек қабы бар. Тек қана
буындарда сүйек қабының орнына шеміршек болады. Остеондардың орналасуына
қарай сүйек екі түрлі заттардан тұрады: тығыз және кемік заттар.
Тығыз заттар кемік сүйектің сыртын ала орналасқан. Олардың қалыңдығы
әр сүйекте әртүрлі. Тірек-қимыл қозғалыс қызметтерін атқаратын сүйектердің
тығыз заттары көп болады, мысалы, ұзын сүйектің ортаңғы бөлімі –
диафизінде. Кемік сүйекте остеондар айқыш – ұйқыш орналасады да, арасында
саңлаулары көрінеді. Олар қысқа, жазық сүйектерде, ұзын сүйектің екі жақ
ұшында көп болады. Жілік сүйектерінің майы және қуыстары болады. Жілік
майының каналдарында сары түсті, ал кемігінде қызыл түсті май бар. Себебі
кемік сүйектерде қан түйірлері эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер
өніп дамиды. Ересек адамның жілік қуыстарындағы май сары түсті келеді. Олар
көбіне май клеткаларынан тұрады.
Сүйек қабы сәл қызғылттау екі қабықтан тұрады: сыртқы және ішкі
қабықтар. Сыртқы қабығы тығыз, ішкі қабығы жұмсақ, борпылдақ дәнекер
ұлпасынан тұрады. Ішкі қабығында сүйектердің өсуін қамтамасыз ететін
клеткалар остеобластар болады.
Сүйек қабығының қан тамырлары мен нервтер бар. Сү йектің 13
бөлігі органикалық және 23 бөлігі бейорганикалық заттардан тұрады.
Сүйекті күйдргенде оссеин жанады да, бейорганикалық заттары қалады.
Ондай күйдірген сүйекті оп-оңай сындыруға немесе үгуге болады. Сүйекті тұз
немесе азот қышқылына салса, бейорганикалық заттары еріп, тек органикалық
заттары қалады. Ондай сүйекті оңай майыстыруға болады. Демек, сүйектің
жылтырлығы, серпімділігі оның органикалық затына, ал мықтылығы
бейорганикалық затына байланысты.
Сүйектің құрамы атқаратын қызметіне, адамның жасына қарай әртүрлі
келеді. Салмақ көп түсетін сүйектерде, мысалы, бел омыртқа, жамбас, аяқ
сүйектерінде минерал заттары көбірек болады.
Жас балалардың сүйегінде органикалық заттар, ересек адамда минерал
заттары көбірек болады.
Адам қаңқасы бас, тұлға, аяқ-қол сүйектерінен тұрады.
Тұлға сүйектеріне омыртқа жотасы, 12 қос қабырғалар мен кеуде сүйегі
жатады.
Омыртқа жотасы-бүкіл дененің тірегі. Ол бір – бірімен буын арқылы
жалғасқан 33-34 омыртқадан тұрады. Омыртқа жотасын беске бөледі: 7 мойын,
12 көкірек, немесе кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз, 4-5 құйымшақ омыртқалары.
Мұның ішінде құйымшақ және сегізкөз омыртқалары бір-бірімен бірігіп кеткен,
қалғандары жеке-жеке болады.
Әрбір омыртқаның денесі, доғалары және өсінділері болады. Омыртқаның
тығыз жері – денесі. Омыртқалардың доғалары жұлын орналасатын омыртқа
жотасының каналын құрады. Омыртқаның 7 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларды өмірлік маңызды қозғалыс біліктері мен дағдыларын үйрету
Оқушылардың сандық дағдыларын қалыптастыруда биология мен информатиканы кіріктіріп оқытудың тиімділігін анықтау
КОЗҒАЛЫС ҚИМЫЛЫН БАСТАПҚЫ ҮЙРЕТУ КЕЗЕҢІ
Проблемалық оқыту жолдары мен әдістемесі
ӨНЕРКӘСІП РОБЫТТАР НЕГІЗГІ МЕХАНИЗІМДЕРІ
Мемлекетті нығайтуда құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің рөлі
Оқушылардың білім сапасын арттырудаға оқу іскерліктерін қалыптастыру процесін зерделеу
Нақты алгебралық мәселелерді геометриялық жолмен шешудің артықшылғын көрсету
Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы туралы
Дидактикалық ойындар арқылы балалардың экологиялық тәрбиесін табиғат құбылыстарымен байланыстыру
Пәндер