Бухгалтерлік құжаттардың жіктелуі
Мазмұны
Кіріспе
1 Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
1.1 Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызметі
1.2 Бухгалтерлік құжаттардың жіктелуі
1.3 Құжат айналымы
2. Бақылау-ревизиялық жұмыстарды ұйымдастыру
2.1 Бақылау-ревизиялық жұмыстарды ұйымдастыру түсінігі дәне бақылау-
ревизиялық жұмыстарды ұйымдастыру принципі
2. Бақылау-ревизиялық жұмыстарды ұйымдастыру түрлері мен олардың
сипаттамалары
3. Бақылау-ревизиялық жұмыстарды ұйымдастыру жүргізу тәртібі және
мерзімдері
3 Бастапқы құжаттарды ұйымдастыру
3.1 Бастапқы құжаттар және бұлардың мазмұны
3.2 Бастапқы құжаттарды классификациялау
3.3 Құжаттарды бухгалтерлік өңдеу
3.4 Құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі уақытта бюджетеу, жоспарлау, сараптау, бақылау жұмыстарын
жүргізетін кез-келген ұйым үшін менеджерлердің басқарушылық біліктілігін
жетілдіру мен басқару есебін жүргізе білу қажеттілігі арта түсті. Оған
қоса, нарықтық экономика Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының
талаптарына сай халықаралық нарық деңгейіне шығу үшін экономикалық дамудың
көптеген концепцияларын қайта қарауды талап етеді.
Сонымен қатар, Қазақстанның әлемдік нарықтық қауымдастыққа
интеграциялануына орай басқару есебін ұйымдастыруға жаңа талаптардың
қойылуына байланысты, басшылардың басқару жөніндегі шешімдерін дұрыс
қабылдау үшін қажетті ақпараттар алатын басты құралы ретінде басқару есебін
қалыптастырудың маңызы арта түсті.
Халықаралық есептілік стандарттарының талаптарын тірек ететін, дамыған
елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, менеджерлер басқарушылық шешімдер
қабылдар кезде көбінее басқару есебінің маңызды құрамдас бөліктері болып
табылатын теориялық білім мен жоспарлау, нормалау, бюджеттеу, сараптау,
бақылау және басқару сияқты жедел басқару ақпараттарының ішкі есебіне
сүйенетіні белгілі болып отыр. Осыған байланысты оқу құралында басқару
есебін қалыптастыру, ұйымдастыру әдістері және басқару есебін жүргізу
механизмдері көрсетіледі.
Басқару есебінің механизмін қалыптастыру жолдарын қарқынды түрде
іздестіру, осы саладағы фундаменталдық ғылыми бағытты дамытып қана қоймай,
сонымен қатар дайындау-жабдықтау, өндіру, өткізу мен сату процестерін
дамытуға да әсерін тигізеді.
Басқару есебінің мақсаты – күн өткен сайыназайып келе жатқан тауарлық-
материалдық қорларды (ТМҚ) үнемдеу әдістерін тауып, ұйым, фирманың
бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін, өндірістік шығындарды
азайтып, табысын көбейту. Басқару есебі бойынша ұсынылатын ақпараттарға
баса назар аудару, өндірісті басқару тиімділігіне, өткізу мен сатудың
сәттілігіне тиісті әсерін тигізіп қана қоймай, менеджерлердің әрбір прцесс
бойынша уақтылы басқарушылық шешімдер қабылдауына ықпал етеді. Осының
барлығы әр кезең ішіндегі шығынды азайту мақсатында жасалады, соның
салдарынан өнімнің өзіндік құнын арзандатуға қол жеткізіліп, кәсіпкер және
толықтай фирма бойынша, әр процестің өз ішінде (дайындау, өндіру, сату және
басқару) таза табыс табуды қамтамасыз етеді.
Ұйымдарада ақпараттық жүйе мен басқаруды бақылау жүйелері пайда
болғалы, басқару есебінің маңыздылығы іс жүзінде арта түсті. Осыған
байланысты нарықтық экономиканың талаптарына сәйкес, материалдық ағындарды
басқару, шығындарды қысқарту жөніндегі шараларды үйлестіруге қатысты кез
келген ұйымдардың (фирмалардың, компаниялардың) дайындау- жабдықтау,
өндіру, тарату мен өткізу сияқты қызметтерін өзара байланысты салалар деп
атауға болады.
Бұл жазба жұмыста бухгалтерлік есеп әдісінің элементтерінің бірі –
Бақылау-ревизиялық жұмыстарды ұйымдастыру қарастырылған. Қазіргі таңда
бақылау-ревизиялық жұмыстарды ұйымдастырудың маңызы зор болып келеді,
себебі ол ұйымның мүлкінің сақталуын, қаржылық тәртіптерді ұстануын,
операциялардың бухгалтерлік есепте дұрыс көрініс табуын қадағалаудың бірден
бір тәсілі болып табылады.
Бақылау-ревизиялық жұмыстарды ұйымдастыру бухгалтерлік есептің түп
негізінде жатыр, сондықтан бухгалтердің жұмысын бақылау-ревизиялық
жұмыстарды ұйымдастырусыз елестету мүмкін емес.
Бухгалтерлік есептің әдісі ретінде бақылау-ревизиялық жұмыстарды
ұйымдастырудың қайнар көзі мыңдаған жылдарды қамтиды, алайда бақылау-
ревизиялық жұмыстарды ұйымдастыру ұғымы алғаш рет 1931 жылы Вестник
Академии наук атты журналда пайда болған. Оған дейін бақылау-ревизиялық
жұмыстарды ұйымдастырудың орнына тексеру, есептеу, қайта есептеу, санау,
қайта санау және т.б. сияқты басқа терминдер қолданылған.
Жалпы бақылау-ревизиялық жұмыстарды ұйымдастыру (inventarium, латын
тілінен аударғанда шаруашылық заттардың нақты тізімі) – бұл бухгалтерлік
есептің әр түрлі объектілерінің нақты қолда бар болуын және жағдайын
тексеруді көздейтін, есептік мәліметтердің нақтылығы мен шынайылығын
анықтауға бағытталған бақылау құралы.
Сонымен қатар бақылау-ревизиялық жұмыстарды ұйымдастыру құрамына
бухгалтерлік есептің көрсеткіштерін бағалаудың нақтылануы, анықталуы
кіреді. Яғни бақылау-ревизиялық жұмыстарды ұйымдастыру процесінде мүліктер
мен міндеттемелердің бар болуы ғана емес, сонымен қатар олардың жағдайы мен
бағалануы анықталады.
Бақылау-ревизиялық жұмыстарды ұйымдастыру маңыздылығы әр уақытта
өзгеріп отырған. Ежелгі Рим дәуірінде бақылау-ревизиялық жұмыстарды
ұйымдастыру мұрағатқа қалдырылған мүлікті есептеу және бағалау үшін
қолданылған.
Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі бақылау-ревизиялық жұмыстарды
ұйымдастыру принципі – қаттау-тіркеу құжатын жүргізу жолдарымен жүзеге
асырылады. Қаттап-тіркеу деп ат қойылған құжат – бастапқы құжаттар
құрамына жатады. Қаттап-тіркеу құжатын іске асыру арқылы белгілі жағдайды
сипаттап саыстыруға, қолда бар құндылықтардың нақтылығын, натуралдық
қалдықтарды, шындық фактілер дәрежесін анықтауға болады. Белгілі бір
объектілердегі құндылықтарды қаттап-тіркеу үшін, бұл объектілердің
ерекшелік жағдайларын (қойманың, цехтың, ферманың, жөндеухананың т.б.)
білген жөн.
Бухгалтерлік құжат –шаруашылық операцияларын жүзеге асыруға арналған
жазбаша өнім немесе осы операцияны іс жүзінде атқаруды растау .Құжаттардағы
мәліметтер бухгалтерлік есепте ағымдағы шаруашылық операцияларын көрсетуге
негіз болады. Сонымен қатар құжаттар субъектінің іс-әрекет оперативті
басқару барысында кеңінен қолданылады .Құжаттар негізінде-материалдық және
ақшалай құжаттардың қозғалысын, дебиторлар және кредиторлармен есеп айырысу
жағдайларын және т.б. тұрақты бақылау жүргізіледі. Құжаттарды-кәсіпорындар
арасында дау туындаған жағдайда дәлел ретінде пайдаланады, өйткені олар
атқарылған шаруашылық операцияларының жазбаша куәлігі және бухесептегі
жазбалардың негізі болып табылады. Шаруашылық операцияларын ресімдейтін
құжаттар-баспаханалық тәсілмен басылатын немесе электронды таратушыда
жасалған және шаруашылық операциялары туралы мәліметтер жазылған бағаналар
түріндегі жолма-жол сызықтар мен жолдары бар парақтар. Есептің барлық
жүйесі көрсеткіштерінің толықтығы мен күмәнсіз сенімділігі рәсімдеу
сапасына байланысты.
"Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы" Заңның 6-1 бабына
сәйкес құжаттарға мынандай талаптар қойылады:
- уақтылы жасау;
- позицияның сенімділігі;
- дұрыс рәсімдеу.
Құжатта жазылған және операцияны сипаттайтын мәліметтер деректемелер
(реквизиттер) деп аталады.
Құжаттар-кәсіпорындар мен адамдардың арасындағы даулар кезіндегі
жазбаша дәлелдеме. Олар сот органдары мен төрелік сотта әртүрлі шаруашылық
шығындарын шешуге, шарттар мен өзге де міндеттемелерді орындауға негіз
болады.
1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
1.1.Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қазметі
Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу үшін кәсіпорында күнделікті
орындалып отыратын барлық операциялардың міндетті түрде үздіксіз құжаттарға
жазылып отыратындығы бухгалтарлік есептің басқа ғылымдардан ерекше
екендігін алдыңғы тарауларда айтып өткенбіз. Бухгалтерлік құжат деп
кәсіпорындар мен ұйымдарда орындалған операцияларды дәлелдейтін және алдағы
уақытта орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтерге құқық беретін
жазбаша куәлікті атауға болады.
Жалпы кәсіпорындағы атқарылып жатқан жұмыстың, орындалған тапсырманың
үздіксіз,белгілі бір тәртіппен,арнайы үлгідегі қағаздарға жазылып және оған
тиісті адамдардың қолдарының қойылуы (қажет болған жағдайда кәсіпорые мен
ұйым мөр таңбасының басылуы) құжаттау деп аталады. Сондықтан да құжаттау
бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Себебі осы құжаттар арқылы ғана
кез келген уақытта кәсіпорын бойынша орындалған жұмыстың, атқарылған
қызметтің қай мерзімде жасалғанын және оған қандай мөлшерде шығын
жұмсалғанын дәлелдеуге болады.
Құжат кәсіпорындағы орындалған шаруашылық операцияларына сәйкес
үздіксіз толтырылып,олардың мазмұнын толық ашып көрсетеді және ол
бухгалтерлік есептің негізі болып табылады.
Бухгалтерлік құжат-кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың
орындалғанын растайтын немесе оны орындауға заңды түрде құқық беретін
жазбаша куәлік.
Орындалған шаруашылық операцияларын бастапқы құжатқа түсіруді
бухгалтерлік есеп теориясында алғашқы есеп сатысы деп атайды.
Кәсіпорында жүргізілетін шаруашылық құбылыстарының әр түрлі болу
себебінен бастапқы құжаттардың нысаны (формасы) бірдей болмайды. Шаруашылық
құбылыстары түгелдей бастапқы құжатпен құжатталуы тиіс.Әрбір бастапқы
құжатқа орындалған шаруашылық операциясының мазмұны жазылып және белгілі
бір көрсеткіштер түсіріледі. Құжат көрсеткіштерін деректемелер деп
атайды.Олар міндетті және толықтырушы болып бөлінеді. Міндетті деректемелер
бухгалтерлік құжаттарды заңды құқықпен қамтамасыз етеді.
Міндетті деректемеге жататындар:
- құжаттың аты,нысанының коды;
- құжаттың толтырылған уақыты (күні,айы және жылы);
- құжатты толтырған заңды немесе жеке тұлғаның аты-жөні;
- шаруашылық операцияның мазмұны;
- шаруашылық операцияның өлшемі (натуралдық немесе ақшалай);
- шаруашылық операцияның жүргізілуіне және соған сәйкес құжаттарды
толтыруға жауапты адамдардың аты-жөні;
- жауапты атқарушының қолы.
Қосымша деректемелер шаруашылық операция көрінісінің ерекшеліктерімен
және құжаттардың тағайындалуымен анықталады. Әр түрлі талаптарға байланысты
бастапқы құжатта келесідей қосымша деректемелер болуы керек: құжаттың
реттік нөмірі,ұйымның банк мекемесіндегі есеп айырысу шотының
нөмірі,шаруашылық операцияны орындау үшін негіз болатын құжаттар және
басқалары.
Құжаттардың нысандары (формалары) келесі есеп бөлімдері бойынша
топтасады:
1) ауыл шаруашылық өнім мен шикізат;
2) еңбек жіне еңбекақы;
3) негізгі құралдар мен материалдық емес активтер;
4) материалдар;
5) кем бағалы және тез тозғыш заттар;
6) капиталдық құрылыстағы жұмыс;
7) құрылыс машиналар мен механизмдердің жұмысы;
8) автокөліктегі жұмыс;
9) түгендеу нәтижелері;
10) кассалық операциялар;
11) сауда операциялары.
Құжаттар дер кезінде, яғни операцияның орындалуы барысында толтырылуы
керек. Егер бұл айтылған уақытта оларды толтыруға мүмкін болмаған жағдайда
құжаттар операция аяқталған сәтте толтырылады. Уақытында толтырылмаған
құжат кәсіпорын меншігінің сақталуын бақылауды қиындатады жіне ол
операцияның бухгалтерлік есепшотына кешіктіріліп жазылуына әкеліп
соқтырады. Осы себептен ұйымның бухгалтерлік қорытынды есебін жасау мерзімі
кешіктірілуі мүмкін.
Құжаттардағы жазбалар сиямен, шарикті қаламсаппен, жазба машинасымен
(компъютермен) және басқа да олардың архивте көрсетілген уақыт мерзіміне
дейін сақталуын қамтамасыз ететін заттармен толтырылады. Құжаттағы жазбалар
анық және дұрыс көрсетілуі керек. Құжатты толтырған адам тиісті жеріне
өзінің қолын анық етіп қоюға міндетті. Кәсіпорындар мен ұйымдардағы алғашқы
есеп құжаттарына қолдарын қоятын адамдарды ұйым басшысы бас бухгалтердің
келісімімен тағайындайды.
Ақша операциялары бойынша толтырылатын құжаттар және есеп айырысу
құжаттары,сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық-несиелік міндеттерін
куәландыратын құжаттар бас бухгалтердің қолынсыз заңсыз (жарамсыз)болып
саналып,оны орындау жүзеге асырылмайды. Егер кейбір операцияларды орындау
барысында кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтерінің көзқарастары әр түрлі
болған жағдайда оларға толтырылатын құжаттар кәсіпорын басшысының жазбаша
өкімі бойынша толтырылады. Соған сәйкес бұл операция үшін барлық
жауапкершілікті кәсіпорынның басшысы өз мойнына алады.
Алғашқы (бастапқы) құжаттарды толтырғанда жасалған қателерді келесі
жолдармен түзетуге болады: дұрыс емес тексті не соманы оқылатындай етіп
түзу сызықпен сызады да оның жанына дұрыс жазба жазылады. Бұл құжатқа
түзету енгізілгені жазылып және уақыты (күні,айы,жылы) көрсетіліп құжат
толтырушы өз қолын қояды.
Кассалық және банктік құжаттарға түзету енгізуге болмайды. Егер
аталған құжаттарды толтыру барысында қате жіберілген жағдайда оларды қайта
толтыру қажет.
Бухгалтерлік есепте пайдаланылатын алғашқы құжаттардың басқадай
түрлеріне түзету енгізу тек қана шаруашылық операцияларына қатысушылардың
келісімімен жүргізіліп және олар өздерінің келісім бергендігін растап,
түзету енгізілген уақытты (күні,айы,жылы) көрсетіп қолдарын қояды.
1.2 Бухгалтерлік құжаттардың жіктелуі
Есептеу үдерісінде (процесінде) ыңғайлы және дұрыс болуы үшін
құжаттар келесі ерекшеліктері бойынша жіктеледі:мақсаты
бойынша(назначению),қарастырылған орнына байланысты(месту
составления),көрсету тәсілі(способу отражения) және операция мазмұнының
көлемі(объему содержания) бойынша.
Мақсаты бойынша құжаттар:
үкімдік,(распорядительные),атқарушы лық(оправдательные,исполнительные)б у
хгалтерлік толтыру(бухгалтерского оформления) және
құрамдастырылған(комбинированные) болып бөлінеді.
Үкім құжаттарына- шаруашылық операцияларды жүргізуі туралы бұйрықтар
мен өкімдер жатады. Мысалы,жұмысшыларға сыйақы беру туралы
бұйрық,тауарларды алуға берілген сенімхат және тағы басқалар. Бұл
құжаттардың шаруашылық операциялардың аяқталуына дейін күші болады. Оған
міндетті түрде операцияны орындауға бұйрық беретін жауапты адамдардың қолы
қойылуы керек.Үкім құжаттарының негізінде есепте жазу көрсетілмейді,себебі
шаруашылық операциясын орындау үкім шығарылғаннан кейін ғана орындалады.
Атқарушылық (растайтын) құжаттар – шаруашылық операцияларының
орындалғанын көрсетеді. Бұл құжаттарға – тауарлық-материалдық қорларды алу
үшін толтырылған жүкқұжат,кассалық кіріс ету және кассалық шығыс ету
ордерлері және тағы басқаларын жатқызуға болады. Құжаттардың бұл түрі
операция жасалған сәтте толтырылып және оған жауапты адамдар қолдарын
қояды. Сонымен бірге орындалған операцияларды бухгалтерлік есепшотында
жазып көрсетуге негіз болып табылатын және оны растайтын құжаттардың түрі.
Бухгалтерлік толтырылған құжаттар – ұйымның бухгалтериясы жасаған әр
түрлі анықтамалар,бухгалтерлік есепшоттары бойынша орындалатын
операцияларға негіз болатын кәсіпорынның бухгалтері толтырған есеп
айырысулар.Оларға негізгі құралдар,материалдық емес
активтер,материалдар,әлеуметтік сақтандыру аударымдары,еңбекақы төлемдері
және тағы басқа бухгалтерия толтырған құжаттар жатқызылады.
Біріктірілген құжаттарының құрамына бірнеше функцияны қатар атқаратын
барлық құжаттар кіреді. Мысалы:кассирге орындауға берілген кассалық шығыс
ету ордері оны орындағанша үкімдік болып есептелінсе,кассир ақшаны алушыға
бергеннен кейін атқарушылық болып есептеледі. Біріктірілген құжаттардың
бухгалтерлік есепте қолданылуы өте ыңғайлы,ол құжаттың өңделуін жеңілдетеді
және құжаттың санын қысқартады.
Толтырылатын (қарастырылатын) орнына байланысты құжаттар ішкі және
сыртқы болып бөлінеді.
Ішкі құжаттар дегеніміз белгілі бір кәсіпорында толтырылып оның
ішінде жүргізілетін құжаттар болып табылады. Құжаттардың бұндай түрі арқылы
қандайда бір кәсіпорынның ішкі операциялары құжатталады. Ондай құжаттардың
қатарына тауарлы-материалды құндылықтардың ішкі қозғалысы барысында
толтырылатын жүкқұжаттарды (накладнойларды),жұмысшылар мен қызметкерлерге
еңбекақы және басқа да төлемдерді төлеуге арналған төлем тізімдемелерін
(ведомостарын),есеп айырысуға тиісті тұлғаларға толтырылатын аванстық
есептерді және тағы басқа құжаттарды жатқызуға болады.
Сыртқы құжаттарға-кәсіпорынға басқа ұйымдардан келіп түскен немесе
ұйымның басқаларға түрлі операциялар бойынша жіберген құжаттарын
жатқызамыз. Олардың қатарына жабдықтаушы кәсіпорындардан келіп түскен
тауарлы-материалдық қорлар бойынша толтырылған шот-
фактураларды,сенімхаттарды және тағы басқа құжаттарды жатқызуға болады.
Операцияның көрініс алу тәсіліне байланысты бухгалтерлік құжаттарды
алғашқы (бастапқы) құжаттар және жиынтық (сводные) құжаттар деп
бөлініп қарастырылады.
Алғашқы (бастапқы) құжаттпрдың өзі олардың толтырылатын
операцияларының мазмұнына қарай бір рет қолданылатын және жинақталған деп
аталатын екі түрге бөлінеді.
Бір рет қолданылатын құжат арқылы бір ғана операция құжатталады
немесе ондай құжат орындалған операцияның соңында ғана толтырылады. Мысалы:
тауарды босату толтырылатын накладнойлар.
Жинақталған құжаттарда белгілі бір мерзім аралығында орындалған
біртектес операциялар жазылады. Мысалы:Акционерлік қоғамнан бір күнде
босатылған өнімге шектеулі-заборлық картасы толтырылады.
1.3 Құжат айналымы
Жұмыс кезінде бухгалтерлер түрлі құжаттармен жұмыс жасайды:
нормативтік-құқықтық,ұйымдастырушыл ық-өкімгерлік,ақпараттық-анықтамалы қ,
есеп айырысу ақша құжаттары және басқа да алғашқы есептік құжаттар. Олар
ұйымның шаруашылық қызметін айқындайды. Бухгалтерлік қызметтің сапасы құжат
айналымының ұйымдастыруына байланысты. Кәсіпорындар мен ұйымдарда құжаттар
бірнеше кезеңнен өтеді. Олар:жасалу немесе толтырылу,есепке алыну,тексерілу
немесе өңделу,бухгалтерлік есепте операцияларды айқындау,мұрағатқа өткізу
және тағы басқа да кезеңдер. Сонымен құжат айналымы дегеніміз
кәсіпорындардағы құжаттардың қозғалысы немесе басқаша түрде олардың
жасалуынан (құрылуынан),яғни толтырылуынан бастап олардың қызметінің
аяқталуы және мұрағатқа өткізілу кезеңін айтады.
Құжат айналымының ережесі және есептік ақпараттың өңделу технологиясы
кәсіпорынның қабылдаған есептік саясатында көрсетіліп бекітіледі.
Құжат айналымының басқару механизмін дайындау,кәсіпорындағы
бухгалтерлік есептің үдерісінде негізгі буын болып табылады. Құжат
айналымын ұйымдастыру арқылы бухгалтерлік қызметтің тұрақтылығы,құжаттың
қозғалысы мен өңделуінің жолдары және оперативтілігі,ұйымдық шешімдерді
қабылдаудың уақыттылығы қамтамасыз етеді.
Құжат айналымын басқарудың жүйесі кәсіпорында келесі кезеңдерді
қамтиды:
- бухгалтерлік қызмет туралы ережені дайындау;
- бухгалтерияның және кәсіпорындағы есепке қатысы бар басқа
қызметкерлердің лауазымдық қызмет нұсқаулығын дайындау;
- кәсіпорындағы құжат айналымының кестесін (графигін) құру;
- есепті ақпаратты өңдеу технологиясын құру;
- істің номенклатурасын құру және құжатты ағымдағы сақтау тәртібі;
- құжаттың бағалы сараптамасы (экспертизасы) және істі ұзақ сақтауға
дайындау.
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы Қазақстан
Республикасының заңына сәйкес келген кәсіпорынның басшысы есептік жұмыстың
көлеміне байланысты мынадай жұмысты жүргізе алады:
1) бухгалтерлік қызметті құрылымдық бөлімше ретінде құру;
2) қызметкерлер құрамына бухгалтер лауазымын енгізу;
3) шарттық негізінде бухгалтерлік есептің жүргізілуін мамандандырылған
ұйымға немесе бухгалтер- маманына беру;
4) кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп жұмысын өзі жүргізу.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда бухгалтерлік есеп жұмысының көлемі көп
болған жағдайда бірнеше қызметкерлері бар бөлек құрылымдық бөлімше ретінде
бухгалтерлік қызмет құрылады. Осыған сәйкес кәсіпорында бухгалтерлік қызмет
туралы ереже және қызметкерлердің лауазымды қызмет нұсқаулығын реттемелеу
(регламенттеу) қызметі қарастырылуы қажет. Бухгалтерлік қызмет туралы
ережені белгіленген заңға сәйкес ұйымның бас бухгалтері басқа мүдделі
лауазымды адамдармен келісе отырып әзірлейді және оны тек қана кәсіпорын
басшысы бекітеді. Ереже бөлімшенің мәртебесін, оның басқару жүйесіндегі
орнын және оның ішкі ұйымын анықтайды. Ереженің мәтіні келесі бөлімшелерді
қамтиды:
- жалпы ережелер;
- негізгі міндеттер;
- қызметтер;
- құқықтар мен міндеттемелер;
- жауапкершілік;
- өзара қарым-қатынас (қызмет бабындағы байланыс);
- жұмыстың ұйымдастырылуы.
Кәсіпорындағы бухгалтерлік қызмет туралы ереженің қолданылу мерзімі
шектелмейді. Ереженің мәтініне бөлек өзгерістер енгізу кәсіпорын басшысының
бұйрығына сәйкес орындалады. Бұл ережемен және оған енгізілетін
өзгерістермен ұйымдағы бухгалтерияның барлық қызметкерлері міндетті түрде
таныстырылып отырылуы тиіс.
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп құжаттары мен құжат айналымы кестесін
құруды кәсіпорынның бас бухгалтері ұйымдастырады. Құжат айналымының кестесі
кәсіпорын басшысының бұйрығымен бекітеді. Кесте немесе тәсім (схема)
құру,тексеру және талдау жөніндегі жұмыстар тізбесі түрінде рәсімделуі
мүмкін. Оларды барлық құрылымдық бөлімшелермен орындаушылардың өзара
байланысы және жұмыстың орындалу мерзімі көрсетілуі керек. Кәсіпорынның
есепке қатысы бар қызметкерлері өздерінің саласына қатысты құжаттарды құжат
айналымы кестесіне сәйкес жасайды және ұсынады .Ол үшін әрбір орындаушыға
кестеден көшірмесі беріледі. Көшірмеде орындаушының саласына қатысты
құжаттар аталып,олардың орындалу мерзімі жазылады. Осы кестенің сақталуын
ұйымның бас бухгалтері қадағалап отыруға тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның
бас бухгалтері кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп жұмысының дұрыс және уақтылы
жүргізуіне жауапты болып табылады. Құжаттар кестеде көрсетілген уақытты
бухгалтерияға өткізілуі тиіс. Құжаттарды қабылдау кезінде бухгалтер
құжаттардың белгілі талаптарға сай, дұрыс ресімделуін тексеру керек.
Ережеге сай ресімделмеген құжаттар жауапты адамға, яғни оны жасаған
(толтырған) адамға қайта өңдеу үшін қайтарылуы қажет.
Бухгалтер құжатты қабылдау барысында ең біріншіден мазмұны бойынша
тексереді,яғни жүргізілген жұмыстардың заңдылығын анықтайды. Олардың
нормативтік актілер мен қолданылып жүрген нұсқауларға қайшы келмейтіндігін
қадағалайды. Содан кейін оның деректемелерінің (реквизиттерінің) толық
толтырылуын,тиісті лауазымды адамдардың қолтаңбаларының болуын,сомалардың
нақты көрсетілуі мен операциялардың құрылымын тексереді. Бұдан кейін
бухгалтер арифметикалық тексеру жүргізеді,яғни құжаттарды таксалаудың
дұрыстығын тексереді.
2. Бақылау-ревизиялық жұмыстарды ұйымдас-тыру

Бақылау-ревизиялық жұмыстарды ұйымдастыру (inventarium, латын тілінен
аударғанда шаруашылық заттардың нақты тізімі) – бұл бухгалтерлік есептің әр
түрлі объектілерінің нақты қолда бар болуын және жағдайын тексеруді
көздейтін, есептік мәліметтердің нақтылығы мен шынайылығын анықтауға
бағытталған бақылау құралы.
ҚР Қаржы министрлігінің бұйрығымен енгізілген 13.03.2003 жылғы №101
өзгертулермен 24 Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру Бухгалтерлік есеп
стандарттарына сәйкес Қазақстанда бақылау-ревизиялық жұмыстарды
ұйымдастыруды жүргізудің жалпы ережелері анықталады. 24-БЕС әдістемелік
нұсқаулықтарында заңды тұлғалардың мүлік пен міндеттемелерді бақылау-
ревизиялық жұмыстарды ұйымдастыруды ұйымдастыру шарасының негізгі ережелері
анықталған, сонымен қатар оның нәтижелерін рәсімдеу тәртібі де келтірілген.
Бақылау-ревизиялық жұмыстарды ұйымдастырудың мақсаты – қолда бар
барлық құндылықтар мен қарыздардың дұрыс пайдалануын және құжаттармен
расталуын қамтамасыз ету.
Бақылау-ревизиялық жұмыстарды ұйымдастырудың міндеттері:
➢ Активтердің сақталуын және материалды жауапты тұлғалардың іс-әрекетін
бақылау;
➢ Есеп объектілерінің нақты жағдайының толық көрсетілуі;
➢ Тексерумен анықталған нәтижелердің өз уақыттылығы мен шынайылығы,
нақты қолда бар мүлікті есеп мәліметтерімен салыстыру;
➢ Нормадан тыс, қолданылмайтын құндылықтарды кейін өткізу мақсатында
анықтау;
➢ Есеп объектілері құнының нақтылығын және оларды сақтау ережелері мен
жағдайларын тексеру, т.б.

Қаттап-тіркеу фактісінің негізі – натуралдық өлшем бірлігіндегі
құндылықтар. Натуралдық өлшем бірлігі ақшалай өлшемге айналған сәттен
бастап ұйымның тауарлы-материалды құндылықтарын – ресурстарының жағдайын
көрсетеді. Сонымен қатар түгендеп-қаттау құжаты құқықтық құжат болып
танылып, ұйым деңгейіндегі жауапты адамдардың жауапкершілік деңгейін
көрсетеді.
Қаттап-бақылау-ревизиялық жұмыстарды ұйымдастыру принципінің түпкі
мақсаты қолда бар нақтылы құндылықтар мен бухгалтерлік есеп
мәліметтеріндегі (есептегі) құндылықтардың айырымын, салыстыру
ведомстволарын қосымша жасау арқылы шығару. Қаттап-бақылау-ревизиялық
жұмыстарды ұйымдастыру объектісіне қолда бар құндылықтар жатады.
Құндылықтардың дұрыс есептелінуін бақылау-ревизиялық жұмыстарды ұйымдастыру
үшін натуралды қалдықтар шығарылуы керек. Натуралды қалдықтарды шығару,
өлшеу, қайта өлшеу, есептеу және қайта есептеу, таксировкалау, сандық
өлшемді ақша өлшемімен көбейту әдістерін қолдану арқылы орындалады.
Сонымен, қаттап-бақылау-ревизиялық жұмыстарды ұйымдастыру дегеніміз
натуралды қалдықтарды белгілі бір кезеңдерге қарай шығарып отыру болып
табылады.
Ұйымдағы жауапты қызмет атқарушы адамдар мен бухгалтерлердің
жауапкершілігіндегі құндылықтардың бар-жоғын бақылау-ревизиялық жұмыстарды
ұйымдастыру үшін ұйым басшылары арнайы комиссия құрып, қаттап-бақылау-
ревизиялық жұмыстарды ұйымдастыру ісін жүзеге асырады. Қаттап-бақылау-
ревизиялық жұмыстарды ұйымдастыру ісінің қорытындысы шығарылып, артық не
кем шыққан құндылықтардың көлемі салыстыру ведомствосына жазылғаннан соң
арнайы шешім қабылданады. Кем шыққан, жетпей қалған құндылықтарды есептен
шығару үшін меншік иесінің келісімі немесе соттың шешімі шығарылады.
Натуралды құндылықтар мен есеп мәліметтері арасындағы айырым болуын есептеу
кезінде кеткен қателіктерден де болатыныдығын есте сақтау керек.
Құндылықтардың дұрыс сақталуын қамтамасыз етіп отыру, бұл үрдісті
басқару, күнделікті бақылау жұмысын ұйымдастырудың маңызы зор. Кейде
шаруашылық өмірде кездесетін апат, төтенше жағдай (өрттен, су тасқынынан,
ұрлықтан) себептеріне байланысты бақылау-ревизиялық жұмыстарды ұйымдастыру
жұмысын жүргізу қажеттігі туындайды.
2.2 Бақылау-ревизиялық жұмыстарды ұйымдастыру түрлері мен олардың
сипаттамалары
Бақылау-ревизиялық жұмыстарды ұйымдастыру мәліметтері шаруашылық
жүргізуші субъектілердің қызметін зерттеуге негіз болып табылады. Қазіргі
уақытта бақылау-ревизиялық жұмыстарды ұйымдастыруды төмендегі түрлерге
жіктейді (1.1-кесте):
Кесте-1.1
Бақылау-ревизиялық жұмыстарды ұйымдастырудың түрлері мен олардың
сипаттамалары
Бақылау-ревизияСипаттамалары
лық жұмыстарды
ұйымдастыру
түрлері
Өткізу мерзімі – Жоспарлы (кезеңдік) – алдын-ала белгіленген мерзімде
бойынша кесте немесе жоспар бойынша жүргізіледі;
– Жоспардан тыс – өте қажетті жағдайларда ғана (ұрлау,
құндылықтарды бүлдіру және асыра пайдалану фактілері
анықталғанда; материалды-жауапты тұлғалар ауысқанда;
өрттен, табиғи апаттардан кейін және т.б.) жүргізіледі.
Қамту көлемі – Толық – нұсқаулықтарда көрсетілген мерзімде жүргізіледі
бойынша және тек тауарлық материалдық құндылықтар мен ақша
қаражаттарын тексеруге ғана емес, сонымен қатар басқа
ұйымдармен есеп айырысу дұрыстығы, жылдық (тоқсан-дық)
есеп беруді жасау бойынша қалдықтарды салыстыру және
тексеруге бағытталады;
– Ішінара – тек жеке есеп объектілерін қамтиды (мысалы,
ТМҚ-ды қайта бағалау);
– Іріктемелі – толық бақылау-ревизиялық жұмыстарды
ұйымдастыруды жүргізу қажеттілігі жоқ болған жағдайда
жүргізіледі (мысалы, тауарлардың жеке атаулары бойынша
табиғи есепте, жабдықтаушының тауар-лардың
жеткіліксіздігі үшін кінарат-талабын өтеуден бас тартуы);
– Тұтас – қандай да бір жүйенің барлық құрылымдық
бө-лімшелерінің құндылықтары немесе есеп объектілерін бір
мезгілде тексеру;
Өткізу нысаны – Заттай – нақты қолда бар мүлік объектілерін бағалау
бойынша мақсатында жүргізіледі, ал олардың мөлшері есептеу,
өл-шеу, таразыға тарту және басқа да көзге көрінетін
әдістер-мен тізім жасау арқылы анықталады;
– Бастапқы құжаттарды бақылау-ревизиялық жұмыстарды
ұйымдастыру – бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуге
негіз болған материалдық емес ак-тивтерді, патенттерді,
дебиторлық берешек пен басқа да құжаттарды тексерумен
байланысты;
– Бухгалтерлік (кітаптық бақылау-ревизиялық жұмыстарды
ұйымдастыру) – ұйымның шоттар жоспарының жағдайын және
баланстың құрылуын олардың сенімділігі мен ақпараттылығын
арттыру мақсатында тексе-руге бағытталған;
Ұйымдастыру – Өзекті – операциялық жылдың аяғында баланстың
дәрежесі жабы-луына дейін немесе кейін 10 күн ішінде жүргізіледі.
бойынша Жабу күні мен бақылау-ревизиялық жұмыстарды ұйымдастыруды
жүргізу арасындағы қолда бар түген-деудегі өзгерістер
рәсімделетін құжаттарға сәйкес есепке алынуы тиіс;
– Перманентті (жалғасушы) – бақылау-ревизиялық жұмыстарды
ұйымдастыру түрі, саны және құны бойынша
бақылау-ревизиялық жұмыстарды ұйымдастыру тізімінің
жасалуы. Ол материалдық мүлікті бақылау-ревизиялық
жұмыстарды ұйымдастырумен үйлеседі. Оны жүргізу күні
бухгалтер-лік балансты құру күніне байланысты;
– Жылдық – баланстың құру күніне 3 ай қалғанда немесе оны
құрудан кейінгі алғашқы 2 ай ішінде бүкіл номенклату-ра
бойынша толық немесе ішінара жүргізіледі.
1.1-кестеден көргеніміздей, бақылау-ревизиялық жұмыстарды
ұйымдастырудың түрлері мүліктің тізіміне, міндеттемелерге және
субъектілердің өздері белгіленген басқа да аспектілерге байланысты.
Бақылау-ревизиялық жұмыстарды ұйымдастыру міндетті түрде
жүргізілетін жағдайлар бар:
➢ Мүлікті жалға беру, сатып алу, сату, меншік нысанын өзгерту
(түрлендіру);
➢ Жойылу (бөлу) балансын жасауға дейін субъектінің жойылуы (қайта
құрылуы) және ҚР заңнамасымен қарастырылған басқа жағдайлар;
➢ Нормативтік құжаттармен белгіленген негізгі құралдарды, ТМҚ және
басқа да құндылықтарды қайта бағалау;
➢ Авария, өрт және басқа да табиғи апаттар, төтенше жағдайлар;
➢ Құндылықтарды асыра пайдалану, ұрлау, зиян келтіру фактілерінің
анықталуы;
➢ Материалдарға жауапты тұлғалардың ауысуы (басшының талабы бойынша,
бір немесе бірнеше мүшенің кетуіне байланысты);
➢ Тауарлардың жеткіліксіздігі үшін сатып алушыдан кінарат-талап келіп
түскенде (жабдықтаушының кінарат-талапты өтеуден бас тартуы);
➢ Жылдық қаржылық есеп жасаған кезде.
Демек, бақылау-ревизиялық жұмыстарды ұйымдастырулар саны және
оларды өткізу күндері мен түрлері әр түрлі жағдайларға байланысты және
өзгертіліп отырады. Бұл арада есеп объектілерінің нақты қолда бар болуының
толық және дәл тексерісінің ең қысқа мерзімде жүргізілуін қамтамасыз ететін
жағдайларды жасауға назар аудару керек. Әкімшілік бақылау-ревизиялық
жұмыстарды ұйымдастыруды жүргізудің белгіленген ережелерінің орындалуын
және оның нәтижелерінің бухгалтерлік есепте тиісті уақытында көрсетілуін
бақылауы тиіс.
2.3 Бақылау-ревизиялық жұмыстарды ұйымдастыру жүргізу тәртібі және
мерзімдері
Өкінішке орай, көбінесе бақылау-ревизиялық жұмыстарды ұйымдастыру
жүргізу жауапкершілігі әкімшілікке жүктеледі және оның мәнін түсінбеу орын
алады. Қазіргі кезде бақылау-ревизиялық жұмыстарды ұйымдастыруды
клиенттердің сұрауымен немесе оны жүргізу қажеттілігі туғанда аудиторлардың
немесе аудиторлық фирмалардың жүргізуіне сұраныс артып отыр. Бұл кезде
сыртқы (тәуелсіз) аудиторлардың міндетіне әкімшілік қоса, лауазымды
тұлғалардың белгілі бір жауапкершілігінің орындауын тексеру кіреді. Осының
барлығы Қазақстанда бақылау-ревизиялық жұмыстарды ұйымдастыру жүргізудегі
көптеген мәселелердің шешілмей отырғанын көрсетеді.
Бухгалтерлік есептің бұл саласындағы қазіргі тәжірибе бойынша,
кәсіпорындардағы (ұйымдардағы) бақылау-ревизиялық жұмыстарды ұйымдастыру
жұмысының басқарылуын жетілдіру үшін, тұрақты қызмет ететін (жоғары
дәрежелі қызметкерлерден тұратын) бақылау-ревизиялық жұмыстарды ұйымдастыру
комиссиясын құру қажет.
Олардың құрамы кәсіпорын басшысының бұйрығымен белгіленуі тиіс.
Тұрақты қызмет ететін комиссиясы құрамы және бақылау-ревизиялық жұмыстарды
ұйымдастырудың басқа да маңызды аспектілері есеп саясатында көрсетілгені
жөн. Бұл комиссиялардың негізгі қызметі мыналар:
➢ Кәсіпорын мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс
жүргізу;
➢ Бақылау-ревизиялық жұмыстарды ұйымдастыру комиссиясына
нұсқаулықтар беру;
➢ Бақылау-ревизиялық жұмыстарды ұйымдастыру мәліметтерінің
сенімділігін қамтамасыз ету;
➢ Бақылау-ревизиялық жұмыстарды ұйымдастырудың дұрыс
ұйымдастырылуы және қажет болған жағдайда тексерулердің қайтадан
өткізілуі;
➢ Құндылықтарды сақтау орны бойынша бақылау, тексеруі және
іріктемелі бақылау-ревизиялық жұмыстарды ұйымдастыру жүргізу;
➢ Жетіспеушілікке, бүлінуге, бұзылуға жол берген тұлғалардың
түсіндірмелерін қарастыру;
Жұмыс комиссиясының мүшелері мыналарға жауапты:
➢ Кәсіпорын басшысының бұйрығына сәйкес тәртіптің тиісті
уақытында орындалуына;
➢ Бақылау-ревизиялық жұмыстарды ұйымдастыру тізімдеріндегі
мәліметтердің дұрыстығына;
➢ Материалдардың түгенделуін белгіленген тәртіпке сәйкес тиісті
уақытында рәсімдеуге;
Бақылау-ревизиялық жұмыстарды ұйымдастыруды өткізу бойынша ұйымдастыру
шараларын алдын-ала жасалған кестеге сәйкес жүргізген жөн (1-үлгі):
(1-үлгі)
Бекітемін
АҚ СС Президенті (қолы)
Күні
200_ жылдың 1-жарты жылдығына СС АҚ-да
бақылау-ревизиялық жұмыстарды ұйымдастыру өткізу кестесі
Бөлім-шБақылау-ревиТүгенделетін объектілер саны Бақылау-ревиЕс-кер
е № зиялық зиялық ту-лер
жұмыстарды жұмыстарды
ұйымдастыру ұйымдастыру
өткізудің өткізіл-гені
жоспарлан-ға тура-лы
н күні белгі
Қойма Көмек-ші Бөлшек Барлы-ғ
өнді-ріс сауда ы
желісі
Кестені құрған (лауазымды тұлғалардың қолы)
Бақылау-ревизиялық жұмыстарды ұйымдастыру комиссиясының төрағасы
ретінде бір материалды жауапты тұлғаны қатарынан 2 рет қоюға рұқсат
етілмейтінін сәйкес жерде көрсету өте маңызды.
Сонымен қатар тұрақты қызмет етуші комиссиясының бар болуы ірі (орта)
кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтерді бақылау-ревизиялық жұмыстарды
ұйымдастыру жұмысының жүргізілу жауапкершілігінен босатпауы тиіс.
Бірнеше бақылау-ревизиялық жұмыстарды ұйымдастыру комиссиясын құру
кезінде тұтас бақылау-ревизиялық жұмыстарды ұйымдастырудың дұрыс
жүргізілуін қамтамасыз етуді төраға басқарады. Комиссия төрағасы мен
мүшелері барлық бақылау-ревизиялық жұмыстарды ұйымдастыру тізімдерінің
нәтиже мәліметтері бойынша өткізілген бақылау-ревизиялық жұмыстарды
ұйымдастыру туралы шоғырландырылған актіні рәсімдеп, оған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz