Үкіметтің Президентпен қатынасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Үкіметі
Үкімет атқарушы биліктің жоғары органы болып табылады. Ол орталық
және жергілікті атқарушы органдар жүйесін басқарады, солардың қызметіне
басшылық етеді. Атқарушы органдардың бірыңғай жүйесіне Республика
министрліктері мен комитеттері, жергілікті: облыстық, аудандық және қалалық
әкімшіліктер кіреді.
Атқарушы биліктің жоғары органы ретінде Үкіметке кең өкілеттіктер
беріліп, олар Конституцияда және Президенттің 1995 жылғы 18-желтоқсандағы
Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы конституциялық заң күші бар
қаулысында баянды етілген.
Экономика саласында Үкімет мемлекеттік экономикалық саясаттың
негізгі бағыттарын, оны жүзеге асырудың стратегиялық және тактикалык
шараларын талдап жасайды; экономикалық программаларды, республикалық
бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті жасайды, бюджеттің атқарылуын
қамтамасыз етеді; Республиканың қаржы жүйесін нығайту жөніндегі шараларды
белгілеп, жүзеге асырады т.т.
Әлеуметтік салада Үкімет еңбекке ақы төлеудің, азаматтардың
әлеуметтік жағынан қорғалуының, мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз ету мен
әлеуметтік қамсыздандырудың жүйесі мен шарттарын талдап жасайды;
аймақтардың әлеуметтік даму мәселелерінің шешілуін қамтамасыз етеді;
жастар, дене шынықтыру мен спорт, туризм, әлеуметтік әріптестік
проблемаларының шешілуіне жәрдемдеседі.
Үкімет құқықтық реформаны жүзеге асыруды, азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.
Ғылым, техника, білім және мәдениет саласында Үкімет ғылыми-
техникалық даму жоспарларын жасап, жүзеге асырады; ғылым мен техниканы,
мәдениетті, білімді дамыту, жаңа технологияны енгізу жөніндегі мемлекеттік
саясатты анықтап, жүзеге асырады.
Әкімшілік-саяси басқару саласында Үкімет консультативтік - кеңесшілік
органдарды құрады және таратады, үкіметке кірмейтін министрліктердің,
мемлекеттік комитеттердің, орталық атқарушы органдардың қызметіне басшылық
етеді, олардың Президент пен Үкімет заңдарын, актілерін орындауына бақылау
жасайды, министрлердің орынбасарларын лауазымға тағайындайды және одан
босатады; жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік басқару мәселелері
жөніндегі қызметіне басшылық жасайды, олардың заңдарды атқаруын бақылайды.
Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту саласында Үкімет құқықтық
реформаның жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді; азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын сақтау жөне қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті,
Республиканың қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін, аумақтық тұтастық пен
мемлекеттік шекаралардың қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды
талдап жасайды және жүзеге асырады.
Сыртқы саясат саласында Үкімет келіссөздер жүргізу және үкіметаралық
келісімдерге қол қою туралы шешімдер қабылдайды; Республиканың шетелдік
мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен өзара қатынастарының
дамытылуын қамтамасыз етеді; сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру
жөніндегі шараларды талдап жасайды; сыртқы сауданы дамыту жөнінде шаралар
қолданады; халықаралық қаржы ұйымдарымен арадағы ынтымақтастық пен өзара
қимылды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі, біріншіден, Парламент пен
Президент жүзеге асыратын заң шығарушылық процеске қатынасады; екіншіден,
өз хұзыретінің шеңберінде шешімдер қабылдайды; үшіншіден, министрліктер мен
ведомстволардың қызметін бақылайды; төртіншіден, атқарушы биліктің
жергілікті органдарының қызметін бақылайды.
Үкіметте заң шығарушылық бастама құқығы болады. Ол өзінің хұзыретіне
кіретін барлық мәселелер бойынша заң жобаларын жасап, оларды Мәжілістің
қарауына енгізуге хақылы.
Үкіметтің Парламентке енгізетін заң жобалары міндетті түрде үкіметтің
отырысында талқыланады. Заң жобасы сол құжатты жасаушылардың, сарапшылардың
міндетті түрде қатысуымен талқыланады. Заң жобасын қараудың нәтижелері
бойынша Үкіметтің шешімі қабылданады, содан кейін мұнымен бірге заң жобасын
Парламент Мәжілісіне жіберуге болады.
Үкімет заң жобаларын Мәжіліске өздігінен ғана ұсынбайды, Парламент
Мәжілісіне заң жобасын енгізу жөніндегі Президенттің тапсырмаларын да
орындайды.
Үкіметті Премьер-министр басқарады, оның өкілеттіктері Конституцияда
және Президенттің үкімет туралы жарлығында баянды етілген. Премьер-
министрдің мынадай өкілеттіктері бар:
Үкіметтің жұмысын басқарады және өзінің орынбасарлары мен үкімет
мүшелері арасында қызметтік міндеттерді бөліп береді;
Президентпен, Парламентпен, Конституциялық кеңеспен, Жоғарғы Сотпен,
Бас прокурормен, басқа да мемлекеттік органдармен арадағы қатынастарда
үкіметтен өкілдік етеді немесе өкімет өкілдігін тапсырады;
Халықаралық қатынастарда үкіметтен өкілдік етеді немесе өкілдік
тапсырады және үкіметаралық шарттар мен келісімдерге қол қояды;
Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы; үкімет құрамына кірмейтін
министрліктерді, мемлекеттік комитеттерді, орталық атқарушы органдарды
кұру, қайта құру, тарату туралы Республика Президентіне ұсыныстар енгізеді;
Үкімет кызметінің негізгі бағыттары туралы және аса маңызды
шешімдердің барлығы туралы Президентке баяндайды;
Үкімет мүшелерінің орталық және жергілікті атқарушы органдардың
есептерін тыңдайды;
Премьер-министр өзіне заң бойынша жүктелген басқа да өкілеттіктерді
орындайды.
Министрлер, мемлекеттік комитеттердің төрағалары Үкімет мүшелері
болып табылады. Олар тиісті министрліктер мен мемлекеттік комитеттерге
басшылықты жүзеге асырады, тиісті министрліктер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
VIII Тақырып. Үкіметтің ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық негіздері
ҚР Үкіметі
Қазақстан Республикасындағы атқарушы билік органы
Орындаушы үкімет
ҮКІМЕТ АТҚАРУШЫ БИЛІКТІҢ ЖОҒАРҒЫ ОРГАНЫ
Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы
Республика Үкіметі Аппаратының жетекшісі
Үкімет — мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы органы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қуру
Үкіметтің қызметінің ұйымдастыру
Пәндер