Оқушылардың білімді ұғыну сатылары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

  1. БАҒАЛАУДЫҢ ЖАҢАША ФОРМАЛАРЫ

1. 1 Оқыту процесінде білімді есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы, қызметі

  1. Білімді бақылау және бағалаудың түрлері, әдістері мен формулалары

2 ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БІЛІМДІ ТЕКСЕРУ, БАҚЫЛАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ

2. 1 Оқыту жүйесіндегі білімді бақылау және бағалаудағы немқұрайлылықты (формализмді) жою

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу-тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дөрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасу дәрежесі анықталады.

Осы тұрғында білім, білік, дағдыны есепке алу және багалау мәселесіне теориялык және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше.

Бақылаудың тақырыптық түрін ұйымдастырудың практикалық мәселелері П. Горбунов, Е. С. Березняк, В. И. Иващенко, А. К. Исақов, Е. И. Перовский, С. Ф. Сухорский, Н. В. Чертинский, В. О. Онищуктің -Ғылыми педагогикалық еңбектерінде талданған.

Бақылауды ұйымдастырудың жекеленген әдістемелік мәселелері жайында М. Р. Львов, Н. Н. Светловский, А. П. Пышкало, Т. Л. Коган және т. б. теориялық таддау жасаган.

Осылардың негізінде қаралып отырған педагогикалық мәселенің теориялық аспектісі жеткілікті дәрежеде зерттелгсн деп қорытынды шығаруға болады, себебі "есепке алу", "бақылау", "бағалауды" ұйымдастырудың мәні, олардың оқу-тәрбие процесіндегі қызметі, форма-лары мен төсілдері анықталған.

Екіншіден, оқыту сапасын тексерудің "5" балдық жүйесі оқушылар білімдерінің нақтылы дайындык. дережесін барлық жағдайда дұрыс көрсетпейді. Ондағы негізгі кемшілік, оның жеткілікгі түрде ішкі және сыртқы кері байланысты қамгамасыз ете алмауында, соның нәтижесінде оқыту процесінің сапасын артшруда мұғалім әркезде бағалау жүйесін дұрыс қолдана алмайды.

Жоғарыда айтылған тұжырымдамаға сүйене отыра, білім, білік пен дағды нетижесін есепке алу, бақылау мен бағалаудың теориялық талдауы жөне практикада қоддану төжрибесі арасында өлі де болса қарама қайшылықтың бар екендігін байқаймыз.

Ғылыми-педагөгикалық өдебиеттерге талдау жасау негізінде бұл мөселенің қалыптасуы мен даму динамикасын бірнеше кезеңге бөлуге болады.

20 жылдары үй тапсырмасын беру, білімді және емтиханды бағалауды оқыту процесі жүйесінде қарастырмайды, соның нәтижесівде оқушының үлгерім сапасына мұғалімнің бақылау жасау орнына "бригадалық-лабораториялық" әдіс жүйесіне негізделген "өздігінен бақылаудың" түрлері кең көлемде тартыдды. Ол бір жағдайда үлгерім нәтижесін бақылауда иесіздік, жауап-кершілсіздікке әкелсе, екінші жағдайда, оқу сапасының төмендеуіне кері ықпалын тигізді.

30 жылдары білім, білік пен дағды нәтижесін есепке алуцы бақылау (Е. В. Гурьянов) және тәрбиелік қызметіне (П. Г. Ананьев) көптеп көңіл аударыла бастады.

40-60 жылдары бұл меселе теңірегінде отандық ғылым мен практика тәжрибесін жинақтау жұмыстары қолға алынды. Онда білімді бақылау (Е. И. Перовский), оқушыларды бақылау ретінде қарастырылды. Оқушыларды бақылау: өрі оқыту, әрі тәрбиелеуді көздесе, кейіннен оның дамыту қызметі ойластырылды (Н. Т. Дайри) .

Осы мәселені дұрыс шешудегі оң қадам 70 жылдары Педагогика ғылымы Академиясының оқыту мазмұны мен әдістері ғылыми зерттеу институты қызметкерлерінің зерттеулері негізінде бастама алды. Мұнда оқу-тәрбие процесінің барлық буындарын басқару және тексерудің диагностикалық қызметі айқындадды.

80 жыддардан бастап оқыту нәшжесін есепке алу, бақылау және бағалаудың мазмұны, амаі-тәсілдері мен қызметінің дидактикалық-әдістемелік негіздерін талдап, жасау қолға алынды. Оның әділдігін, дәлдігін көтеруге бағытталған мәселелер, үлгерім нәтижесін есепке алуды қатаң және төртшке келтіру жүйесіне арналган жұмыстар қолға алына басгады. Бұл бағытгағы жұмыстар кұні бүгін де өз жалгасын табуда.

Дегенменде, бүгінгі таңда оқыгу теориясында бақылау немесе бағаның мәні, тәсілдері жайлы әлі де болса ортақ пікір қалыптаспай отыр.

Бақылау - кең келемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту процесінде оқушы-лардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың творчестволық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді.

Бағалау - оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау, бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының оқу-таным әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал.

Келесі кезекге білім, білік және дағдыны бақылау және бағалау кызмегіне тоқталамыз. Ол негізінен үш жақш сшшта болын келеді: білім беру, тәрбиелеу және дамыту.

Бақылаудық білім беру қызметі негізінде оқушылар жаңа білімдерді қабылдайды, бұрын алған білімдерін толықтырын, жетіддірш, белііш бір жүйеге келтіреді.

Тәрбиелік қызметі оқушыларды жүйелі түрде жұмыс істеуге үйретеді. Бақылаудың нәтижесінде олар күвделікгі сабаққа үзбей дайындалады, жауапкершілдік сезімдері артады.

Дамыту қызметінің маңызы сол, оқушылар өз бетінше оқу тапсырмаларын орындауда жаңа білімдерді қабылдайды, қорытынды жасайды, баяндамалар әзірлейді, хабарламалар жасайды.

Бағалаудың да қызметі үш топқа бөлінеді: хабарлаушылық (информирующие), басқарушылық (управляющие), тәрбиелеушілік (воспитывающие) .

Бірінші топ өз аддына: белгілеп қоюшылық (фиксирующая), бағдарлаушы (ориентирующая), бақылаушы (контролующая) болып келеді. Бұл топтың қызметі білім, білік және дағдыны бағалауды, әрбір бағаның көрсет-кіштері мен өлшемдеріне мұғалім мен оқушылардың арқа сүйеуі жағдайында іске асады.

Екінші топ: ұйымдастырушылық (организующая), реттеушілік (регулирующая), дәлдеп түзетушілік (коррек-тирующая) болып келеді. Осы топты жүзеге асырудың қажетті шарты бағадағы көрініс тек қана оқытудағы қол жеткізілген нәтиженің мөлшері ғана емес, сонымен бірге сапасын белгілейтін көрсеткіш.

Үшінші топ: қалыптастырушылық (формирующая), дамытушылық (развивающая), ынталандырушылық (стимулирующая) болып келеді. Бұл топтың қызметінің нәтижелі болуының кепілі, баға оқытудың нәтижесін нақты бейнелей білуде.

  1. БАҒАЛАУДЫҢ ЖАҢАША ФОРМАЛАРЫ

1. 1 Оқыту процесінде білімді есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы, қызметі

Педагогака ғылымы саласыңда білім, білік, дағдыны бақылаудың кептеген түрлері кең тараған. Мысалы, ғалым-педагогтар Ю. К. Бабанский, Н. А. Сорокин бақылауды күнделікті, оқтын-оқтын, қорытынды деген пікірлер айтады. Ал Г. И. Щукина - күнделікті, тақырыптық, оқтын-оқтын, қорытынды және емтихан деген көзқарастарын білдіреді. Е. А. Дмитриев - күнделікті, тақырыптық және қорытынды, нәтижесі деген тұжырымға келген.

Профессорлар Ж. Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаевтың "Педагогика" оқулығында ол тақырыптық, тараулар бойынша, оқтын-оқтын және қорытынды бақылау деп бөлінген.

Күнделікті бақылау оқыту процесінде күнделікті қодданылады және сабақ барысывда оқуиіылардың оқу-танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Ол ипкі және сыртқы байланысты жан-жақты жүзеге асырауға мүмкіндік туғызады, соның негізінде оқушылардың келесі оқу әрекетіне ықпал етеді.

Күнделікті бақылау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы және жауапкершілдік сезімін ынтландыруда үлкен маңызға ие болады.

Тақырыптық бақылау - оқу бағдарламаларындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге, мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелерді оқушылардың есіне салады.

Қорытынды бақылау - барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау процесівде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және тәжірибелік білімдері анықталады. Сондықтан қорытынды бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың жылдық үлгерім бағалары болады. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады. Бақылау әдістері арқылы оқушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтамасыз етіледі. Бақынау әдістеріне ауызша, жазбаша және графикалық бақылау әдістері жатады. Бұл әдістерге қарағанда бағдарламалап бақылау әдістерінің өзіндік ерекшелігі бар. Олар машинасыз және машиналы бағдарламалап бақынау әдістеріне бөлінеді.

Машинасыз бағдарламалап бақылау әдістері бойынша перфокарталар және бақылау карталарын қолданып, оқушылардың теориялық және практикалық білімдерін анықтайды. Мұғалім оқьпу және білім беру мазмұны бөлімі бойынша 20-25 сұрақтар дайындап, әрбір сұраққа 4 вариантты жауаптың мазмұнын жазады. Олардық ішінен бір сұраққа ғана дұрыс жауап беріледі. Қалған сұрактар варианттары: дәл емес, толық емес немесе басқа тектес ұғымдарға сәйкес келеді" (1, 269 бет) .

Бақылаудың тағы бір бөлігі, кейбір жағдайда, тапсырмалар түрі деп ұғынылады (жазбаша бақылау жұмысы, тесталық жұмыс, зертханалық-тәжірибелік жұмыс, чет, шығарма, диктант т. б. ) немесе оқушылар әрекетінің әрі болып (баяндама, хабарлама, оқушы әңгімесі, мұғалім сұрағына жауап беру т. б. ) .

Білімді бақылау және бағалау ғылыми дәлелденген, тожі. ибеде қолданынған пршщиптер негізівде жүргізіледі: әділдік, жан-жақтылық, жүйелік, жеке-даралық, дифференциалдық және тәрбиелік.

Әділдік, шындық (білім сапасының нақтылығы, баға өлшемі мен ережесі нормасына қатысты) - бұл субъективтік факторларды болдырмауды көздейді.

Жүйелік, бірізділік - әрбір сабақ, тақырып бойынша оқушылар оқу әрекетінің басқа буындарымен байланыстыра қаралын, оқыту процесінің барлық кезеңдерінде бақылау жүргіэуді көздейді: түйінді сұрақтар бойынша оқыту нәтижесін қорьггындылау; тақырыптық бақылау, сабақтар бойынша балл қою т. с. с. )

Жеке-дара қатынас - әрбір оқушының ерекшелігін бағалау (оның қабілеті, бейімділігі, денсаулығы, оқу әрекеті т. б. ) қарастырады.

Жан-жақтылықта - бақылау оқу бағдарламасының барлық бөлігін қамтиды, оқушылардың теориялық білімдерін, интеллектуалдық және практикалық білік пен дағдысын бақылауды қамтамасыз етеді.

Диффериенциалдық қатынас - әрбір пәннің ерекшелігін, жекелеген бөлімдерін, сонымен бірге оқушылардың жекедара қасиетін ескеріп, соған сөйкес бақылаудың әртүрлі әдістері мен мұғалімнің педагогикалық әдеп сақтауын талап етеді.

Жоғарыда айтылған талаптарды орындау, ең алдымен бақылаудың сенщділігін және оқыту процесінде өздерінің аддында тұрған міңдеттердің орындалуын қамтамасыз етеді, бақылауда әр түрлі қателіктер мен сәтсіздіктердің болмауына кепілдік жасайды.

Оқушылардың білім, білік және дағдыларын бақылау, бағалау педагогика ғылымы мен практикасында белгілі бір әдістерді колдану негізінде жүзеге асады. Олар мыналар: ауызша баяндау (әңгіме, жеке-дара, топтық, фронтальдық сұрақ) .

- жазбаша бақылау (диктант, шығарма, таблица, схема, суреттер кұрастыру) .

- практикалық бақылау (лабораториялық жұмыстарын, еңбек операцияларын орындау, тәжірибе жүргізу) .

- машиналы бағдарламалап бақылау (перфокарталар, бақылау карталарын, дұрыс жауаптарды, диафильмдерді қолдану) .

- өзін-өзі бақылау, бағалау (қателерді болдырмау, оларды түзеу, оқудағы өз жетістіктерін бағалау, соған сәйкес балл қою) .

  1. Білімді бақылау және бағалаудың түрлері, әдістері мен формулалары

Оқыту процесінде бақылаудың фронтальдық, топтық және дербес формалары қалыптасқан. Оның тиімділігі мұғалімнің оларды дұрыс ұйымдастыруына байланысты.

Фронтальдық (жаппай) бақылау жағдайында барлық оқушыларға сұрақтар немесе мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі. Оларды орындау барысында оқушылар арасында ынтымақтастық, жолдастық сезім пайда болады, бір-біріне сұрақтар қойып, жауаптарын толықтырады, орындалған жұмыстарды өзара тексеріп, іске асырады. Демек, бірігу іс-әрекетінде әлеуметгік құңды мотивтер қалыптасады.

Топтық бақылауда белгілі оқушылар тобы сабақ барысында мұғалімнен тапсырмалар алып орындайды. Кейде, кейбір оқушылар түрлі себеіггерге байланысты (сабақ жіберу, нашар үлгеру, ауыру т. б. ), қосымша көмеюі қажет етулері мүмкін. Сондықтан, олардыңжұмысын ерекше еске алған жөн.

Бақылаудың дербес формасы әрбір оқушының білімін, іскерлігін және дағдысын терең, жан-жақты анықтауға мүмкіндік береді. Дербес бақылау бағдарламалап және дифференциялы оқыту барысында жақсы нәтиже береді. Дербес бақынауда оқушылар жауабының логакалық біріздгагі, олар өз пікірлерін қалай байымдайды, қалай дәлелдейді, міне, осы мәселелерге аса көңіл аудару керек.

Оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы өте қажет. Өзін-өзі бақылау, олардың оқу бағдарламасы материалы мен игерген іскерлігі және дағдысының беріктігі жайлы ақпарат алуын қамтамасыз етеді. Өзін-өзі тексеру арқылы оқушылардың алған біліміне сенімі артады, орындаған жатгығу, есеп шығару және төжірибе жұмыстарының нәтижесін бағалайды.

Баға білімді есепке алу ғана емес, ол тәрбиелік құрал,

Сондықтан, оқушы білімін бағалауда немқұрай-лылыққа салынуға болмайды.

Баға "балл" есебінде көрсетіледі. Келесі кезекте баға және оның өлшемі қандай, соған тоқталамыз. Қазіргі кезде білім беру саласының барлық құрылымында оқутаным әрекетінің сапасын анықтайтын дөстүрлі "5" балдық жүйелер қолданылады.

"5" бағасы - оқу материалын толық, дәл логикалық, бірізділікпен айтылған жауапқа қойылады;

"4" бағасы - оқу материалын толық біледі, бірақ болар-болмас кемшілігі бар жауапқа қойылады;

"3" бағасы - жауабы негізінен дұрыс, бірақ толық емес, білімінде кейбір проблемалар еске алынбаған жауапқа қойылады;

"2" бағасы - оқушы жауабында қателер, білімінде елеулі кемшіліктер бар жауапқа қойылады;

"1" бағасы - тексерілген оқу материалы бойынша білімі жоқ, толып жатқан өрескел қателер үшін қойылады.

Зачет (сынақ) - қорытынды бақылаудың айрықша түрі, ол белгілі бір тарау немесе тақырып бойынша атқарылған оқу жұмыстарының бүкіл өн бойывда мұғалім қолданған тексерудің барлық түрлерін ескере отыра қойылады. Ол (1959 жыдцан енгізілген) оқу бағдарламасының негізгі бөлімдері жөне тақырыптардағы білім, білік, дағдыларды жүйеге келтіру, терендету міндетгерін шешеді.

Емтихан - оқушылардың білімін қорытынды тексеру-дің және бағалаудың арнаулы формасы. Ол (1944 жылдан енгізілген) оқушылардың білімін жинақгауға және бір жүйеге келтіруге, оларды оқу жылы бойынша оқуға ынгаландырады, оқу жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі.

Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады.

2 ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БІЛІМДІ ТЕКСЕРУ, БАҚЫЛАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ

2. 1 Оқыту жүйесіндегі білімді бақылау және бағалаудағы немқұрайлылықты (формализмді) жою

Оқыту - динамикалық процесс. Оның сапасын үнемі жетілдіріп отыру - өмір талабы. Білім беру саласында оқутаным әрекетінің сапасын, дәрежесін есепке алу, тексеру және бағалаудың білім, білік, дағдынық нөтижесін артгыруда қызметі ерекше. Сөйтіп, оның технологиясын әркезде өмір талабына сай жетілдірш отыру оқыту міндеттеріиің өзекті мәселелерінің бірі.

Күні бүгінге дейін оқыту саласында қолданылып жүрген білім, білік және дағдыны тексеру мен бағалаудың "5" балдық жүйесі, оның сапасын, дәрежесін анықтап, белгілеуде барлық жағдайда объекговтік түрғықа қамтамасыз етпейді. Соның нәтижесінде қазіргі кезде жоғары оқу орындарында оқыту процесіңдегі рейтинг - тестік жүйе оқутаным өрекетінің сапасын анықтайтын бақылаудың жаңа түрі өмірге келді.

Рейтинг - ағылшын тіліңде torat - "бағалау" немесе "жетістік өлшемі" деген ұғымды білдіреді.

Рейтинг жүйесінің мақсаты:

- оқу-таным әрекетінің сапасын, нәтижесін арттыру;

- оқу-таным әрекетінің сапасын тексеру, бағалаудың тиімділігін жетілдіру және әділдігін орнықтыру;

- оқу-таным әрекетіндегі білім, білік, дағды сапасын, дәрежесін бақылауда жүйелілікті қамтамасыз ету;

- оқу-таным әрекетіндегі студенттердің жауапкершілігін, белсенділігін артгыру;

- тексеруде уақьпты үнемдеу.

Бұл жүйенің ерекшелігі оқытушының педагогикалық әрекеті мен студевпггердің оқу әрекетінің сапасын жақсартуға мүмківдік туғызады, оқу процесінщ барлық кезендерінде олардың білім, білік, дағды нәтижелерін тексеру, бақылау жоне бағалаудың тиімділігін арттырады.

Тест - оқытудың белгілі бір бөлігін меңгеру дөрежесін өлшеуге бағытгалған тапсырмалар жиынтығы. Олар уақытты көп жолғалтпас үшін көлемінің шағын 'болуы, тестік тапсырманы өз бетінше қалай болса, солай түсінік беруге жібермеуді, жауапта дәлсіздік немесе көп сипаттылықты болдырмауды, оның өрі қысқа әрі жинақы болуын, тестік тапсырманы орывдау мен савдық бағалау арақатынасының мүмкіндігінің жариялылығын, тапсырма мен жауаптағы дәлдік пен айқындықты камтамасыз етуді т. б. талап етеді.

Бақылауда рейтинг-тестік жүйесін қолдану ерек-шелігі, оқу матсриалдары логикалық түрғыдан аяқталған бөлік, немесс тарау болып саналатын модульдерге (блокгарға) біріктіріледі. ; Модульдердің саны оқу пәндерінің мазмұнының көлеміне байланысты белгіленеді. Модульдердің құрылымы оқу материалының белгілі бір бөліктерінен (порция) тұрады. Эрбір модуль нақтылы міндеттерден және өзбетінше тереңдетіп оқу тақырыптары мен тапсырмаларынан құрылады.

Рейтинг-тестік бақылау түрлеріне:

а) күнделікті немесе ағымдық (текущий),

ә) аралық (рубежный),

б) қорытынды (итоговый) бақылау жатады»

Күнделікті немесе ағымдағы бақылау әрбір модуддер бойынша жүргізіледі. Ол курстың белгілі бір тарулары немесе бөліктері, болмаса күрделі тақырыптары аяқталған кезевде ұйымдастырылады.

Аралық бақылау әрбір модульдер аяқталған кезенде жүргізіледі. Осы аралықта коллоквиум, реферат қорғау, өзіңдік жұмыстарын қоддануға болады. Дегенмен де, тестік жұмыстарын қолдану артықшылығы басым болады. Себебі,

- тест бағалау нәтижесін нақты көрсетеді;

- уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндік туғызады;

- бақылау бір мезгілде барлық оқушыларды қамтуға қол жеткізеді;

- тест жұмысын атқару барысында барлық оқушылар бірд^й тең жағдайда болады.

Қорытынды бақылау: зачет, емтихан.

- Зачет (сынақ) жұмыстары бақылаудың дәстүрлі тәсілдері арқылы жүргізіледі.

- Емтихан тестік форма негізівде жүргізіледі.

Тестік тапсырманың түрлері бақылау нысанасы мен тапсырманың сипатына сай анықгалады. Ол бірнеше нұсқада жасалуы қажет.

Қорытынды бақылауға тек күнделікті және аралық бақылау қорытыңдысын жинақтап орта есеппен 41% жоғары балл жинағанда ғана жіберіледі.

Оқушылардың білімін бағалау процесінде күні бүгінге дейін субъективизм (формализм) әлі де бар.

Арнайы жүргізген психологиялық зерттеулер көрсетуінше, жауап берген жоғары сынын оқушыларының 50% жуығы "Мұғалімдер біздің білімімізді дұрыс бағала-майды, көбінесе шын дәрежесінен төмен бағалайды", -деген, ал 10% "Артық бағалайды", - деген. Оқушылардың көпшілігі: "Біздің шамамыз бен біліміміздің сапасына және оқудағы табыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы дұрыстау, дәлірек баға беретін мұғалім де, тіпті бірге оқитын сынып-тастар емес өзіміз", - деп жауап берген.

Бірақ оқушылардың мұғалім мен басқалардың берген бағасын мән-мағына жағынан өздерінікінен гөрі жоғары санайтыны байқалған. Олардың өзін-өзі бағалауы, өзін-өзі бақылауы, өзін-өзі түзетуі бір-бірімен тыіыз байланысты процестер.

Сондықтан оқушылардың дербестігін, белсенділігін арттыруда мұндай өзіндік әрекеттерге үйрету маңызды мәселе болмақ. Оларды өз жұмыстарының нәтижесін бағалай білуге үйретудің тәрбиелік маңызы зор.

2. 2 Жаңа білімді хабарлау сабағынау құрылымы

1. Білім беру мазмұны туралы ұғым

2. Білім беру құрылымының бөліктері.

3. Білім беру түрлері.

4. Білімнің мазмұның ашықтайтын құжаттар.

Білімнің мазмұны туралы ұғым. Білімнің мазмұны дидактиканың негізгі ұғымдарының бірі. Ол әрбір мектеп реформасының негізіне жатады, ал реформалар тек қала жергілікті факторлардың ықпалымен ғана емес, сонымен қатар халықаралық ықпалмен жүреді.

Білім мазмұны балаларға «Неші оқыту керек»- деген сұраққа жауап береді. Бала тағдыры көбіне оның білімінің саны мен сапасына байланысты. Білім беру мазмұнылық теориялық мәселелерін және оны іріктеу жолдарын және оны іріктеу жолдарын В. В. Краевский, И. Я. Лернер, В. С. Леднев, М. Н. Скаткин, т. б. зерттеді.

И. Я. Лернердің анықтамасы бойынша «білімнің мазмұны дегеніміз-оқушыға берілетін білім, іскерлік және дағды жүйесі, шығармашылық іс-әрекет, эмоциялық қарым-қатынас тәжірибесі».

Ең бастысы, білімнің мазмұны жеке тұлғаны жан-жақты үйлейсімді дамыту керек.

Білім құрылымы төрт бөліктен тұрады. Білім жалпы білімнің мазмұнындағы негізгі элемент, болмысты тану табиғат, қоғам.

Оқушылардың білімді ұғыну сатылары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру процесінің сатылары
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ кітабі
Жобалау әдісі
Ойлау туралы теориялардың психологиялық маңызы
Информатика пәнінің оқыту әдістері
Ойдың тілі сөз
Жобалау мен шығармашылық
Тұтас педагогикалық процес
Оқыту процесіне ұйымдастыру педагогика ғылымының күрделі проблемасы
Оқыту барысында ойын технологиясының тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz