Синтетикалық (жинақтау) және аналитикалық (жіктеу) счеттары


Синтетикалық (жинақтау) және аналитикалық (жіктеу) счеттары
Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде барлық аналитикалық жіктеу счеттарының дебеті мен кредитіндегі айналым сомаларының жинағы синтетикалық жинақтау счеттарының дебеті мен кредитіңдегі айналым сомасының жинағымен бірдей болуы керек деген ұғым бар. Яғни, аналитикалық жіктеу счеттары синтетикалық жинақтау счеттарының құрамында жүргізіледі. Синтетикалық счет деп - жинақтаушы, ал аналитикалық счет деп жіктеуші счеттарды айтады. Синтетикалық счеттарды баланстық счеттар деп те атайды. Баланстық счеттардағы қалдыққа сай бухгалтерлік баланс жасалынады. Синтетикалық счеттарда активті қаражаттар, меншікті капитал және міндеттемелер жинақталған сомалары көрсетіледі. Жинақтау тек қана ақшалай өлшеммен жүргізіледі. Синтетикалық счеттарда жинақталған көрсеткіштер арқылы кәсіпорынның активті қаражаттарының жалпы көлемі мен бұлардың қозғалысын, қорлану көздерінің қалыптасуын, жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысудың жалпы сомасын, сонымен қатар банктерден алынған қысқа және ұзақ мерзімді несиелерді қайтарудың жағдайы жөніндегі материалдарды алуға болады.
Нарықтық қатынастардың талабына сай бухгалтерлік есеп ұғымына "капитал", "меншікті капитал", "міндеттемелер", "инвестициялар", "акционерлік капитал", "резервтік капитал", "бөлінбеген таза пайда", "вексельдер" сияқты категориялар енгізіліп отыр. Жоғарыда көрсетілген категориялар бойынша мағлұмат алу үшін ең әуелі синтетикалық счеттар қолданылады. Алайда кәсіпорындар мен ұйымдар қызметін жан-жақты және тиімді басқару үшін тек қана жалпылама жинақталған мәліметтер мен ақпараттар жеткіліксіз. Жинақталған ақпараттар жіктелуге тиісті. Бухгалтерлік есеп объектілерін дәйекті түрде жіктеп, талдау және сипаттау үшін жіктеу немесе аналитикалық счеттарды қолдану қажеттігі туындаған. Яғни, топтастырылып жинақталған активті қаражаттар, меншікті капитал және міндеттемелердің қалыптасуы мен қозғалысын, бұлардың жекелеген баптары мен түрлеріне қарай жіктеп, көрсету үшін аналитикалық жіктеуші счеттар қолданылады. Аналитикалық счеттар тек қана синтетикалық счеттардың құрамында жүргізіліп, бұларға жазылған көрсеткіштер бірдей уақытта орындалады. Синтетикалық және аналитикалық счеттар арасында тығыз экономикалық байланыс орнаған. Синтетикалық жіктеу счеттарындағы мәліметтерді кеңінен пайдалану арқылы кәсіпорындардағы әрбір құндылықтардың, мүліктер мен негізгі құралдардың, тауарлы-материалды босалқылардың, есеп беруге, есеп айырысуға, өндірілген өнімдер, тауарлар, алынған міндеттемелер мен несиелер, т. б. жекелеген түрлері бойынша мәліметтер алып, экономикалық және қаржылық тұрғыдан талдау жұмыстарын жүргізуге болады. Ендігі жерде аналитикалық және синтетикалық счеттар арасындағы байланысты көрсету үшін мысалдар келтіріледі. Мысалы, кәсіпорынның "Материалдары" счетында мынандай көрсеткіштер (мәліметтер) болады:
Дт Материалдар Кт
2) 45000
3) 55000
Бұл счет бойынша кәсіпорынның қолда бар материалдарының жалпы сомасын ғана көруге болады. Қолда бар "осы материалдардың қандай жекелеген түрлерден тұратындығын, қалайша өзгеретіндігін, бұлардың санының қаншалығын білу үшін синтетикалық счет қажет. "Материалдар" счетындағы материалдарды шартты түрде А және Б деп, екі түрге бөліп қарайтын болсақ, онда синтетикалық счет төмендегіше жүргізіледі.
Кесте құру нәтижесінде синтетикалық жинақтау счетының бастапқы қалдығы А және Б материалдары бойынша жалпы 8 теңге болып көрсетілсе, кіріс және шығыс операциялары "Матеркалдар" счетына жазылғаннан соң соңғы қалдық А материалдары бойынша 2 теңге, ал Б материалдары бойынша 55000 теңге болып, соңғы жалпы қалдық сома 75000 теңге болды.
1-кесте
(Кіріс) А Материалдар - (Шығыс)
Қалдық
№1 операция
Айналым
Қалдық
50
50
50
50
№2 операция
№3 операция Айналым
50
50
50
Б Материалдар
Қалдық
№1 операция
Айналым
Қалдық
№2 операция
№3 операция
Айналым
Яғни, "Материалдар" счеты А және Б материалдары бойынша жіктеліп, аналитикалық счетқа жоғарыдағы мысалдың көрсеткіштеріне қарай синтетиалық жинақтау счетында көрсетілген материалдардың жалпы сомасы бойынша жазылады. Орындалған үш операцияның негізіне қарай жіктеліп, материалдардың жекелеген түрлеріне бөлініп, сомасы мен санына, бұлардың аталуына қарай аналитикалық жіктеу счетына жазылатындығы дәлелденді. Бұдан, аналитикалық жіктеу счетындағы материалдардың қозғалысы мен жағдайын күнделікті бақылап отыру үшін натуралды және ақшалай өлшемдердің қолданылатындығын да көруге болады. Сонымен қатар синтетикалық жинақтау счетындағы жалпы сома мен аналитикалық жіктеу счетындағы жекелеген сомалардың жинағы біртектес болады.
Синтетикалық жинақтау және аналитикалық жіктеу счеттары арасындағы принциптер мен әдістер тек қана "Материалдар" счеты бойынша жүргізіліп қоймай, бухгалтерлік есептің басқа да объектілері бойынша (масылға, негізгі құралдар, есеп айырысулар, тауарлы-материалды құндылықтар, аяқталмаған өндіріс, міндеттемелер, т. б. ) қолданылып іске асырылады. Ескерте кететін жағдай кәсіпорындардағы активті қаражаттар, меншікті капитал және міндеттемелер есебін жүргізуде натуралды өлшем бірліктері қолданылмайды.
Сонымен, синтетикалық жинақтау және аналитикалық жіктеу счеттары арасындағы өзара байланыс негізінде мына төмендегідей қорытындыға келуге болады.
Синтетикалық жинақтау счетындағы бастапқы және соңғы қалдық аналитикалық жіктеу счеттарындағы қалдықтың жалпы сомасымен бірдей болып, экономикалық маңызы жағынан да бірдей болады.
Жекелеген аналитикалық жіктеу счеттары синтетикалық жинақтау счетының негізінде жүргізіліп, синтетикалық счеттағы көрсеткіштерді құрамдас бөліктерге бөліп, жіктеп көрсету үшін қолданылады. Мысалға, синтетикалық жинақгау счетының дебеті мен кредитіндегі қалдық аналитикалық жіктеу счеттарындағы осындай қалдықтармен бірдей болады. Сол сияқты синтетикалық жіктеу счеттарындағы дебеттік және кредиттік айналым сома аналитикалық жіктеу счеттарындағы дебеттік және кредиттік жекелеген айналым сомалары жинағымен сай келеді.
Есеп жүргізу кезеңінің соңына қарай аналитикалық жіктеу мен синтетикалық жинақтау счеттарының жинағын өзара салыстыра отырып, талдау және жіберілген қателерді түзету жұмыстарын іске асыруға болады.
Ағымдағы есеп көрсеткіштерін тексеру немесе айналым ведомостысын жасау
Кәсіпорындардың шаруашылық қызметіне тиімді басшылық жасап, бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуі мен арнайы принциптер және қолданбалы тәсілдерге сай келуін тексеру үшін өзара жинақталған мәліметтер қажет. Активті қаражаттар, меншікті капитал және міндеттемелер, сондай-ақ өндіріс пен сату және жабдықтау үрдісіне байланысты жинақталған мәліметтер мен ақпараттарды әрбір айдың аяғына қарай бухгалтерлік есеп счеттарын жүргізу арқылы алынатындығын айтқанбыз. Есеп объектлері мәліметтерін жинақтап, тексеру үшін бухгалтерлік есеп тәжірибесінде айналым ведомостысы жасалынады. Айналым ведомостсын жүргізу арқылы әрбір жекелеген счеттарға жазылған шаруашылық фактлерінің мазмұнын ай сайын тексеріп отыру мүмкіндігі туындайды.
Айналым ведомостсында шаруашылық операцияларын жүргізуде қолданылған счеттар бойынша қалдық пен айналыс сомасының жиынтығы шығарылады. Айналым ведомостсы бухгалтерлік есеп жазуларын тексеруде қолданылатын әдістердің бірі болып табылады. Бұл ведомость аналитикалық жіктеу және синтетикалық жинақтау счеттарының көрсеткіштері негізінде арнайы кесте түрінде жасалады. Яғни аналитикалық айналым және синтетикалық айналым ведомостсы болып екіге бөлінеді.
Ең әуелі синтетикалық жинақтау счеттары бойынша жүргізілетін айналым ведомостсын жүргізудің тәртібіне тоқталамыз. Арнайы үлгідегі кестеге әрбір жекелеген счеттар бойынша дебеттік немесе кредиттік (счеттардың активтік және пассивтік болып бөлінуіне қарай) бастапқы қалдықтар жазылып, бұдан соң ай ішіндегі дебеттік және кредиттік айналым сомасының жинағы есептелінеді. Осы операциялар орындалғаннан соң, әрбір счеттар бойынша келесі айдың басында жазылатын соңғы дебеттік және кредиттік қалдықтар шығарылады. Есте сақтайтын жағдай, ол - активті-пассивті кейбір счеттар бойынша бірдей кезеңде әрі дебеттік, әрі кредиттік қалдықтар да болуы мүмкін. Жоғарыда айтылғандардың негізіне сүйене отырып, ендігі жерде айналым ведомостсын жасау керектігі қажет болады.
Есептелініп шығарылған жинақтарға қарағанда, синтетикалық жинақтау счеттары бойынша Ақпан айына жасалған айналым ведомостсындағы дебетгік және кредиттік бастапқы қалдықтардың ай ішіндегі дебеттік және кредиттік айналым сомалардың, сондай-ақ шығарылған соңғы дебеттік және кредиттік қалдық сомаларының жинақтары бірдей екендігін көруге болады. Осылайша шығарылған жинақтардың бірдей болып, тең келуінің нәтижесі активті қаражаттар, меншікті капитал және міндеттемелер есебінің баланста (Активті қаражатгар = меншікті капитал + міндеттемелер теңдігін) екі жақты жүргізіліп, счеттар бойынша екі жақтылық принциптің дұрыстығы тексерілгендігін дәлелдейді.
2-кесте
Синтетикалық жииактау счеттары бойынша айналым ведомостсы
2001 жыл Ақпан айы (теңге)
1
2
3
4
5
6
7
Негізгі құралдар
Материалдар
Аяқталмаған өңдіріс
Есеп айырысу шоты
Жарғылық капитал
Еңбек ақы бойынша
есеп айырысу
Жабдықтаушылармен есеп айыпысу
2
4
2
3
-
-
-
-
246000 9500
16500
-
12800 6900
-
-
-
25900
-
6900
-
25900
-
-
12800
2 45900 8900 4100
-
-
-
-
-
-
-
246000 9500
3400
Бастапқы кіріспе қалдықтың (272 теңге) дебеттік және кредиттік бірдей болуы, кіріспе баланстағы активтік және пассивтік сомалар жинағының теңестірілгендігін, активті қаражаттар мен бұлардың көздерінің екі жақты топтастырылып, баланстық теңдіктің дұрыс көрсетілгендігін дәлелдейді. Ақпан айының ішіндегі айналым жинақтың (45600 теңге) дебеттік және кредиттік соманың бірдей болуы бухгалтерлік есеп счеттарына жазылған соманың дұрыстығы мен екі жақты жазу принципінің дұрыс орындалғандығын көрсетеді. Жазу жүйесінде қате жіберілмегендігі дәлелденді. Синтетикалық жинақтау счеттары бойынша жасалған айналым ведомостысындағы соңғы қалдық (2589000 теңге) кіріспе баланс пен ай ішіндегі дебеттік және кредиттік жазулардың, сонымен қатар айдың аяғына қарай активтік және пассивтік жазулар теңдігінің қатесіз орындалғандығын көрсетеді. Яғни баланстық теңдеу сақталып, екі жақтылық принцип орындалды.
Синтетикалық жинақтау счеттары бойынша жасалған ведомосттың ерекшелігі шығарылған үш пар жинақтың бірдей сомада болуында. Бірінші пар жинақ баланстық теңдік принципінің дұрыстығын және жекелеген счеттар бойынша дебеттік және кредитгік бастапқы қалдықтардың бірдей сомада жинақталғандығын көрсетеді. Екінші пар жинақ жекелеген счеттар бойынша ай ішіндегі айналым сомаларының дебеті мен кредитіндегі мәліметтердің дұрыстығын көрсетсе, үшінші пар жинақ соңғы қалдықтың дебеттік және кредиттік счеттар бойынша дұрыс шығарылғандығын көрсетеді. Сонымен айналым ведомостысын жасау арқылы ағымдағы шаруашылық фактлерінің бухгалтерлік есеп счеттарына дұрыс жазылғандығымен қатар екі жақты жазу принципінің бұрмаланбағандығын және жекелеген счеттар қорытындысын шығаруға болатындығы дәлелденді.
Егер айналым ведомостысын жасаған кезде жоғарыда көрсетілген парлы жинақтар бірдей болмаған жағдайда, счеттарға жазылған жазулар бойынша кеткен қатені көрсетеді. Айналым ведомостысын жасаудың түпкі мақсаты жіберілген қатені түзету болып табылады. Мысалға, шаруашылық фактілерінің мәліметтері счеттардың дебетіне жазылып, кредитіне жазылмай қалған немесе бір счеттың дебетіне бір сома екі рет жазылып, бірдей сома бір счеттың кредитіне артық жазылып, дебетіне кем жазылған жағдайда айналым ведомостысын жасау арқылы түзетуге болады.
Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде екі жақты жазу принципі бұзылмаған жағдайда бір счеттың дебетінің орнына басқа счеттың дебеті қате қолданылып, жазылатын сома өзгермеген жағдайда айналым ведомостысын қолдану мүмкін емес. Жіберілген мұндай қателерді түзету үшін кері жазу әдісі қолданылады.
Мысалы: Мынандай қате жазулар орындалды делік.
Құны есеп айырысу шотынан төленген материалдар кіріске алынғанымен касса счеты қате кредиттеліп кеткен.
1. Материалдар 45000
Касса 45000
Түзетіп жазу:
2. Материаддар 45000
Есеп айырысу шоты 45000
Қате орындалған бірінші операция қызыл сиямен жазу арқылы жойылып, мұның орнына дұрыс жазу орындалды.
Жіберілген қателерді түзету үшін синтетикалық жинақтау счеттары мен аналитикалық жіктеу счеттары көрсеткіштерін өзара салыстыру қажет. Мұның үшін аналитикалық жіктеу счеттарындағы мәліметтер синтетикалық жинақтау счеттарындағы бірдей маңыздағы мәліметтермен салыстырылады.
3-кесте
Баланс
Актив 2001 жыл. 1 наурызға Пассив
1. Негізгі құралдар
2. Материалдар
3. Аяқталмаған өндіріс
4. Есеп айырысу шоты
2 45900 8900
4100
1. Жарғылық капитал
2. Еңбек ақы бойынша есеп айырысу
3. Жабдықтаушы мердігерлермен есеп айырысу
2466000
9500
3400
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz