Ауылшаруашылық кооперативіндегі есепті ұйымдастыруды жетілдіру
ӘОЖ 657.471:631.115.8:338.124.4 Қолжазба
құқында
Лапбаева Санимкул Шапигатовна
Ауылшаруашылық кооперативіндегі есепті ұйымдастыруды жетілдіру
08.00.12 – Бухгалтерлік есеп, аудит, статистика
Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертацияның
Авторефераты
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010
Диссертациялық жұмыс Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық
университетінде орындалды.
Ғылыми жетекшісі: экономика ғылымдарының докторы
К.Т.Тайғашинова
экономика ғылымдарының докторы
Ресми оппоненттер: Джуманов А.М.
экономика ғылымдарының кандидаты
АймағанбетоваА.Д.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
мемлекеттік университеті.
Жетекші ұйым:
Диссертация 2010 жылдың 30 қарашасында сағат 13.00-де Т. Рысқұлов
атындағы Қазақ экономикалық университетінде экономика ғылымдарының докторы
дәрежесін алу үшін құрылған Д14.45.10 диссертациялық кеңестің мәжілісінде
қорғалады. Мекен жайы: 050035, Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 55, №2
конференц-зал.
Диссертациямен Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің
кітапханасында танысуға болады.
Автореферат 2010 жылдың 30 қазанында таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы,
экономика ғылымдарының докторы
Ұ.А. Текенов
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі жағдайларда ірі ауылшаруашылық
кооперативтеріне мемлекет тарапынан қомақты қаржылық экономикалық қолдау
көрсетілуде. Ал мемлекет дотациясы ұсақ шаруа қожалықтарына жете бермейді.
Осыған байланысты бүгінде шаруа қожалықтары мен фермер шаруашылықтарына
ауылшаруашылық кооперативтеріне бірігу ұсынылып отыр, оның мақсаты
келешекте өсімдік және мал шаруашылығында жұмыстарды біріге атқару және
өндірілген өнімді өз күштерімен өңдеп жоғары табысқа ие болу.
Сондықтанда шаруа қожалықтарының ірі кооперативтерге бірігуін орынды
және тиімді деп санаймыз.
Қабылданған бағдарламаға сәйкес, елдің ауылшаруашылық
кооперативтерінің дамуының басым бағыттары:
- елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- сыртқы және ішкі нарықтарда ауылшаруашылық өнімдерін және өңделген
өнімдерді сату көлемін арттыру;
- агробизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру;
- ауылшаруашылық кооперативтерін ауылшаруашылық өндіріс ретінде
мемлекеттік қолдау шараларын оңтайландыру.
Соңғы жылдары ауылшаруашылығының есебін ұйымдастыруға аса мән берілмей
нарықтық экономикадағы деңгейі күрт төмендеді. Бүгінгі таңда
ауылшаруашылығын қайта жаңғыртуда, соның ішінде өсімдік және мал
шаруашылығының технологиясымен байланысты кооперативтегі бухгалтерлік
есепті жетілдіруге және ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлініп отыр.
Бірақ, ауылшаруашылығында Қаржы Есебінің Ұлттық Стандарттарын (ҚЕҰС)
қамтамасыз ететін бухгалтерлік есеп әдістемесінің қиындықтары орын алады.
Ауылшаруашылығының бухгалтерлік есебі Қаржылық Есептің Халықаралық
Стандарттарының талаптарымен Қаржы Есебінің Ұлттық Стандарттарына сәйкес
қатты өзгерді.
Қазіргі жағдайлардағы бухгалтерлік есеп жағымсыз құбылыстарды
болдырмауға бағытталған. Есептің бұл қағиданы орындауы бухгалтерлік есептің
негізі және оның негізгі элементі болып табылатын бастапқы есептің
жетілдірілуін қажет етеді.
Ауылшаруашылық кооперативінде бухгалтерлік құжаттардың мамандандырылған
түрлері қолданылады, бұл өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, қосымша
қызмет көрсетуші, өнімді өңдеу өндірістерінің технологияларының
ерекшеліктерімен байланысты. Бұның бәрі аграрлық салада бухгалтерлік
есептің жүйесін қалыптастырып, оның сапасы мен шынайлылығын арттырады.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Қазіргі экономикалық нарық
жағдайында бухгалтерлік есептің түрлі аспектілеріне жеткілікті түрде көңіл
бөлінген. Ауылшаруашылық кооперативтерінде бастапқы есеп пен бухгалтерлік
есепті ұйымдастыру, өнімнің өзіндік құнын есептеу мен шығыстарды есепке
алудың әдістемесін зерттеу үшін, көптеген экономист зерттеушілердің
еңбектерін қолдана отырып маңызды ұсыныстарын пайдалануды талап етеді.
Себебі, ауылшаруашылық кооперативтерінде өнім өндірісін арттыру және
шығындарды пайда болу орындары бойынша анықтауда, есеп және аудит саласында
келесі қазақстандық ғалымдардың зерттеу жұмыстары кеңінен мәлім, атап
айтқанда: Ж.Н. Айтжанова, К.Ш. Дюсембаев, М.С. Ержанов, Д.Ж. Жақыпбеков,
А.Т. Макулова, К.Н. Нарибаев, С.С Сатыбалдин, Ф.С. Сейдахметова, А.А.
Сәтмұрзаев, В.К. Радостовец, М.Д. Жумабаева, К.Т. Тайғашинова, Г.К.
Тулешова және т.б..
Берілген мәселені шешуде ресейлік және шетелдік ғалымдар өздерінің
елеулі үлестерін қосты, олар: А.Ф. Аксененко, А.С. Бакаев, П.С. Безрукий, С
Варде, А.П. Варава, Г.И. Гринман, М.М. Дзыдык, А.А. Данилан, Н Джураев,
С.А. Стуков, Н.Г. Чумаченко, В.И. Ткач , М.З. Пизенгольц, Я.И. Рошаль, П
Фридман, Ф.Б. Риполь-Серагоси және т.б..
Сонымен бірге, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өндірісінде
мамандандырылған бухгалтерлік құжаттамаларды техникалық өңдеу қажеттілігі,
салалық есеп саясаты мен аграрлық саланың өнімдерін өндіру шығыстарын
есепке алудың қолайлы әдістемесін қалыптастырудың қажеттілігін арттыруды
талап етіп отыр. Осы мәселелердің болуы және оларды шешу қажеттілігі
зерттеудің өзектігін құрайды.
Зерттелім мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың мақсаты -
өсімдік және мал шаруашылығының бастапқы есеп әдістемесін қалыптастыру және
бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ұсыныстыры бойынша ұйымдастырушылық –
әдістемелік негіздерді өңдеу және әзірлеу болып табылады.
Бұл мақсатқа жету үшін зерттеу барысында келесі міндеттер алға қойылды:
- соңғы табысты алу мақсатымен оларға көмекші өндіріс қызметін көрсету
қажеттілігін және олардың есепті ұйымдастыруға әсерін анықтап, өсімдік және
мал шаруашылығы өндірісінің даму технологиясын ашу;
- ауылшаруашылық кооперативтерінде ақпараттық жүйені қалыптастырудың
ролін, өсімдік және мал шаруашылығы өндірісінің, көмекші өндірістің
бастапқы бухгалтерлік құжаттарында мамандандырылған Ауылшаруашылық есебі
бастаушылығын дамытуды зерттеу;
- қазіргі заманғы техникалық жабдықтар кешенінің көмегімен
ауылшаруашылық кооперативінде есепті бағдарламалық қамтамасыз етудің
таңдау аспектілерін қарастыру;
- кооперативтегі шығындар есебін жетілдіру мәселелерін негіздеу,
ауылшаруашылық өнім өндіру шығындарын есепке алудың халықаралық жүйесін
қолдана отырып, салалық есеп саясатын қалыптастыру;
- ауылшаруашылық бірлестіктерінде өнімнің өзіндік құнын есептеу және
шығындар есебін жетілдірудің мәселелерін зерттеу.
Зерттеудің пәні Ауылшаруашылық бірлестігінде шығындарды есепке алу,
өнімнің өзіндік құнын есептеу және бастапқы бухгалтерлік есепті
ұйымдастырудың әдістемелік тәжірибелік аспектілерінің жиынтығы болып
табылады.
Зерттеудің объектісі ретінде Алматы облысының аграрлық сала
шаруашылықтары алынды.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері. Қаржы есебінің ұлттық
стандарттарына сәйкес ауыл шаруашылығында есепті ұйымдастыру мәселелері
бойынша ғалымдардың монографиялары, отандық және шетелдік авторлардың
мақалалары құрайды. Жұмыста Қазақстан Республикасының нормативті және заң
актілері кеңінен қолданылған.
Зерттеудің эмпириялық негізі бухгалтерлік есеп бойынша нормативті-
құқықтық актілерден тұрады, соның ішінде: Қазақстан Республикасының
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп туралы Заңы, 28.02.2007 жылғы
бухгалтерлік есеп шоттарының Үлгідегі жоспары, №1 Қаржылық есептің ұлттық
стандарттары (ҚЕҰС), ҚР статистика Агенттігі, аграрлық саладағы
шаруашылықтың қаржылық қызметінің жылдық мәліметтері, сондай-ақ ғылыми
әдебиеттер мен баспасөз басылымдарында жарияланған материалдар құрайды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы - ауылшаруашылық өнім өндірісінің
тиімділігін арттыруға бағытталған тәжірибелік ұсыныстарды өңдеу және
өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығында бухгалтерлік есеп әдістемесін
дамыту.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
-мамандандырылған бастапқы бухгалтерлік құжаттардың мазмұны мен
арналымы ашылды, ауылшаруашылық есебіндегі құжаттама түсініктемесінде
авторлық көзқарас негізделді;
-қазіргі заманғы бағдарламалық қамтамасыз етуге сүйене келе,
бухгалтерлік есепті ұйымдастыру нысандарын жетілдіру бойынша тәжірибелік
ұсыныстар берілді;
-өсімдік және мал шаруашылығы өндірісінің технологиялық
ерекшеліктеріне байланысты салалық есеп саясаты әзірленді;
- ауылшаруашылық өнімдерінің өзіндік құнын есептеу үшін шығындардың
пайда болу орны бойынша Шығындарды есепке алу журналы жаңа есеп регистрі
әзірленді;
-өсімдік шаруашылығында ауылшаруашылық өнімдері мен жұмыстардың,
қызметтердің өзіндік құндарының қолайлы сыныптамасы ұсынылды.
Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік маңыздылығы.
Диссертация тұжырымдары мен ұсыныстарын Алматы облысының ауылшаруашылық
салаларында қолдануға болады.
Зерттеу жұмысы 1-ҚЕҰС-на сәйкес бухгалтерлік есепті қалыптастыру
бойынша әдістемелік және ұйымдастырушылық қағидаларды негіздеу болып
табылады. Диссертацияның қағидалары аграрлық сала өндірісінің
технологиясымен байланысты, ұсынылған бағдарламаларға сүйене отырып,
бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдіруге байланысты қолдануға болады.
Есеп пен компьютерлендірудегі ғылыми қорытындылар, тәжірибелік
ұсыныстар диссертациялық зерттеудің қағидаларының көпшілігіне енгізілген,
Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-нің Ауылшаруашылығындағы бухгалтерлік есеп курсын
зерттеудің оқу үрдісінде пайдаланылады, бұл енгізу туралы актілермен
дәлелдененеді.
Еңбектің мақұлдануы. Диссертациялық жұмыстың нәтижелері мен
қортындылары республикалық және халықаралық ғылыми тәжірибелік
конференцияларда және кезеңдік басылымдарда баяндалып, жарық көрді, соның
ішінде: ғылыми тәжірибелік конференциялардың жинақтарында: Казахстан:
конкурентоспособность и модернизация.(Алматы, 2006); Қазақстан және Орта
Азия экономикасын жан - жақты үдемелі модернизациялау: қазіргі заман және
болашағы (Алматы, 2007); Бизнес, ғылым,білім: ынтымақтастық қырлары
(Алматы, 2008).
Зерттеу бойынша жарияланған еңбектер. Диссертацияның тақырыбы бойынша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым
саласындағы бақылау Комитеті ұсынған басылымдарда 3 және жалпы көлемі 5,33
б.т., 9 ғылыми жұмыстар жарияланған.
Диссертация көлемі мен құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспе, үш
бөлім, қорытынды мен қолданылған әдебиет тізімінен тұрады. Диссертация 23
кестемен, 9 сурет пен қосымшалармен сипатталған.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Жүргізілген зерттеу кооперативте бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуының
негізгі ережелерін, олардың құрылымына ықпалын ашып көрсетеді.
Осыған байланысты өндірістік салалардағы шығындар есебін ұйымдастырудың
ерекшеліктері және ауылшаруашылығын басқару құрылымы ұсынылды.
Кооперативтің дамуы өндірістік технологиялар және салалардың
ерекшеліктеріне сүйене отырып жүзеге асырылады.
Шаруа (фермерлік) қожалықтардың ауылшаруашылық кооперативтеріне бірігуі
ондағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жетілдіруді талап етті.
Біздің ойымызша қазіргі жағдайда, ең бірінші бастапқы бухгалтерлік
есепті ұйымдастыру қажет. Біріккен ауылшаруашылық кооперативінде есеп
нысаны ретінде өндіріс үрдісі болады:
-егілетін дақылдар түрлері бойынша өсімдік шаруашылығы;
-өсірілетін жануарлар түрлері бойынша мал шаруашылығы;
-машина-тракторлы парк, гараж, жөндеу шеберханалары (қосымша өндіріс);
-түрлері бойынша қызмет көрсетуші өндіріс;
- өнеркәсіптік, өңдеу өндірісі және т.б. (1сурет).
Диссертацияда есепті ұйымдастыру және әр саладағы қызметтермен өндіріс
өнімдерінің қаржылық есептегі анықтамалары ашылды.
1 сурет - Ауылшаруашылық кооперативін басқару құрылымы
Ескерту- автормен құрастырылды
Ауылшаруашылық кооперативін өз бетінше басқарудың жүйесі бастапқы есеп
функцияларының берілген бөлігін белгілеу (яғни, бастапқы құжаттарды құру),
әр өндірістік объекті өз-өзін ақтауды қамтамасыз етуде дағдарыс жағдайынан
шығуды жұмыс істейтін ұжымдарға тікелей тапсырудың алғышарты болып
табылады. Ауылшаруашылық кооперативінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өндірісінің технологиялық
ерекшеліктерімен өзара байланысты.
2007ж. 22 маусымында Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің
№221 бұйрығымен бекітілген бухгалтерлік есепті жүргізу ережелері
ауылшаруашылықта есепті ұйымдастыруды толығымен ашып көрсетпейді. Осыған
байланысты, біз берілген ауылшаруашылық кооперативінде бухгалтерлік есепті
ұйымдастыру ерекшеліктерін атап көрсетуге тырыстық. Сонымен бірге,
кооперативте өндіріс-сақтау-өңдеу және өткізу шығындарды үнемдеу және
табыс алудың негізі болып табылатын бухгалтерлік есептің ашу сызбасын
ұсындық.
Негізгі, қосымша және көмекші өндіріс салалары біріктірілген
шаруашылықтардың өндірістік бірліктерінің негізгісі болып табылады. Бұның
ішінде әр функция өз бетінше жұмыс атқарады. Өндірістік салалардағы
қызметтерді басшылардың қортындыларымен және келісім шарттарына сай жүзеге
асырады. Қаржылық-есептік орталық бүкіл ауылшаруашылық кооперативтің
өндірістік және қаржылық қызметін жоспарлауын жүзеге асырады, сонымен
қатар, кооперативтер арасында қамдандыру-дайындау фирмаларымен есептік-
қаржылық операцияларын жүргізеді.
Қаржы есептеу орталығы өнімді өткізу, сатып алушылармен есеп жүргізу
операциялары бойынша бірыңғай қарызгер және төлем жасаушы, сонымен қатар,
бюджеттік қаражатты алушы, бюджетке салық пен салымдарды төлеуші болып
табылады. ҚЕО ( Қаржылық- Есептік Орталығы) жұмысын бас бухгалтер атқарады.
ҚЕО кеңестің қарастыруына және бекітуіне табыс табу және оны кооператив
ішінде пайдалану бойынша ұсыныстарды әзірлейді және енгізеді. ҚЕО жеке шот
және әр кооперативке оның ақша қаражатының шығындары айқындалатын несие
картасын ашады.
Сонымен бірге, ҚЕО өндірісті, шығындарды есепке алу, материалдар,
малазық, тұқым шығындарының нормаларын, технологиялық карталар нормаларын,
өнімнің есептік бағаларын ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулықтарды
әзірлейді.
Жұмыста Өсімдік биологиялық активтерінің ерекшеліктері және оның
есепті ұйымдастыруға әсері үлкен мәнге ие. Өйткені, өсімдік шаруашылығының
маусымдылығын бухгалтерлік есепте көрсету қажет, сонымен қатар өндірістік
кезеңдер бойынша шығындар міндетті түрде бөлінуі тиіс.
Осы тарауда қосымша және қызмет көрсетуші өндірістерді есепке алудың
ерекшеліктері көрсетілді: соның ішінде, шығындарды есепке алу және
қызметтердің өзіндік құнын есептеу, машина-трактор паркі, автокөлік
қызметі, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау қағидалары және т.б.
Ойымызды аяқтай келе, біз, дағдарыс қаупін төмендету мақсатында,
сонымен қатар әрбір өндіріс салаларындағы есептің әдістемелік негіздерін
кеңінен ашу қажет деп есептейміз. Мұнда әрбір өндіріс салаларының өзіндік
өндірістік технологиясының ерекшеліктері бар, ондағы есепті ұйымдастыру осы
ерекшеліктермен тығыз байланыстылықта жүргізілуі тиіс. Және ең бастысы,
нарықтық экономика жағдайында әр салалар шығындарын өзі өтеуін камтамасыз
етіп қана қоймай, дағдарыстық жағдайларының алдын алу мақсатында,
экономикалық көрсеткіші ретінде табыс әкелуі үшін нарықтық инфрақұрылым
жасауы тиіс.
Бастапқы бухгалтерлік есептің сапасын және сенімділігін арттыру
барысында кооператив басшылығының ақпараттарымен өз уақтылы қамтамасыз
етілуі өте маңызды. Сол құжаттар және соның негізінде жасалған есептеу
қортындылары басқару өндірісін қажетті ақпараттармен қамтамасыз ете алады.
Сондықтан да ауылшаруашылығында бастапқы бухгалтерлік есепті
ұйымдастырудың әдістемелік негіздерін және өсімдік шаруашылығын басқарудың
ақпараттық жүйесіндегі орнын нақты анықтау қажет. Осы мәселелер бойынша
Бухгалтерлік құжат және құжаттаманы анықтауда ауқымды пікір таластар
жүргізілді. Тарқатып айтсақ, ...бастапқы бухгалтерлік құжаттар,
бухгалтерлік есепті қалыптастыру тетіктері мен негізгі ақпаратты
жеткізушілер болып табылатын, бөлек объекті ретіндегі бастапқы есеп жүйесін
құрады, оның үстіне, бұл бухгалтерлік есеп әдісінің негізгі элементі бола
алады деген тұжырымдамалар айтылды.
Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығында мамандандырылған бастапқы
бухгалтерлік құжаттарын және ауылшаруашылық есебінің айрықша құрылымының
мазмұнын қолдануға байланысты мәселелер кездеседі. Соған байланысты егін
шаруашылығы мен мал шаруашылығының бастапқы құжаттары өндірістік
процестердің ерекшелігін көрсетеді: олар Астықты егіндіктен жөнелту
Тізілімі, астық қозғалысы Тізімдемесі, Тұқымдар шығыны Тізімдемесі, мал
азығы шығынын есепке алу Тізімдемесі, ірі және шырынды азықтарды қабылдау
Актісі, көкөністердің түсу Күнделігі т.б. Өндірісте мал шаруашылығы
бастапқы құжаттар болып Төлдерді кіріске алу Актісі, малдардың салмағын
өлшеу Тізімдемесі (сала бойынша), Сүт саууды есепке алу Журналы, Жұмыртқа
түсу Күнделігі, Жүн қырқу Актісі т.б. Осы аталған құжаттар, әрбір өндіріс
саласындағы кооперативте есепке алу процесін тиімдірек пайдалануды
қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, бөлек егін және мал шаруашылығындағы
ақпараттық бақылау жүйелерін, қызметтер бойынша табыс көздерін иеленуді
жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығында біріңғай
мамандандырылған бастапқы бухгалтерлік құжаттаманың болуының
ұйымдастырушылық зор маңызы бар. Әрбір құжат бір операцияның аяқталуымен
және басқа операцияның басталуы арасындағы өзара байланысты қамтамасыз
етеді, мысалы, Төлді кіріске алу Акті сала бойынша мал шаруашылығы өнім
шығымын есепке алады және сонымен бірге есепте түсі, салмағы, ұрғашы, еркек
атауы, құлақшалық нөмірін көрсетумен төл басы көбейеді, бұл көрсеткіштер
қажетті ақпараттар болып табылады және басты талап – бухгалтерлік есепте
көрсетілуі қамтамасыз етіледі. Ауылшаруашылық кооперативтерінде
компьютерлік өңдеуді қолдану мамандандырылған бухгалтерлік құжаттардың
мазмұнын, атқаратын қызметінің құрылымын ашудың басты мақсаты болып
табылады. Бұл талаптар шаруа қожалықтарының ірі кооперативтерге
біріктірілуі жағдайында өсе түседі, онда ақпараттық есеп жүйесіне
компьютерлік өңдеуге негізделген есептің алдыңғы қатарлы әдістемесі қажет
етіледі. Осы бухгалтерлік есеп ақпараттарына компьютерлік өңдеуді енгізу
ауыл шаруашылық өндірістерін, және қосымша қызметтер мен қызмет көрсетуші
өнеркәсіптік өндірісті басқарудың маңызды құрамдас бөлігі болып отыр.
Мамандандырылған бухгалтерлік құжаттарды компьютерлік өңдеуді қажет
ететін егін шаруашылығында есепке алу бойынша жүйелеу төрт бағыт бойынша
жүргізіледі:
1. Еңбек шығындарын есепке алу бойынша құжаттар;
2. Негізгі құралдарды есепке алу бойынша құжаттар;
3. Өнім шығымын есепке алу бойынша құжаттар.
4. Материалдық шығындарды есепке алу бойынша құжаттар.
Ол, барлық саладағы өсімдік шаруашылығының өндіріс және есеп обьектісі
бойынша жүргізілген шаруашылық операцияларын бастапқы құжаттардың
мамандандырылған формаларымен ресімдейді, ол, бірінші кезекте өсімдік
шаруашылығында бухгалтерлік есепті ұйымдастырудағы алалықты (алшақтықты)
жоюға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығында мамандандырылған біріңғай
бастапқы құжаттамалардың болуы бухгалтерлік есептің және одан кейін
қаржылық есептеменің негізгі ұйымдастырушылық көрінісі бола алады.
Кейбір фермерлердің бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жүргізуге,
қаржылық есеп беруді жасауға қарсы келуі немесе оларды ескермеуі болып
тұрады.
Бірақ та 2007 ж. 28.02. №234-III Бухгалтерлік есеп және қаржылық
есеп беру туралы ҚР Заңындағы 5б. 3 т.: ... Қаржылық есеп беруді жасаудың
қажеттілігі туралы жазылған. Салық комитетінің бас салық инспекторы
Н.Смурыгина, ҚР аумағында әрекет ететін барлық субьектілер бухгалтерлік
есеп және қаржылық есептеме жүргізуге міндетті, деп тұжырымдайды.
Осыған орай бастапқы құжаттарды жасаудың міндеттілігіне еш күмән
келтірілмеуі тиіс. Сондықтан егін шаруашылығында, қосымша қызмет көрсетуші
өндірістерде мамандандырылған бастапқы құжаттардың бағыты мен мазмұны
көрсетілген. Әр салаларда мамандандырылған бастапқы бухгалтерлік құжаттарды
ақпараттық жүйелермен қамтамасыз ету маңызды рөл атқарады. Есептік
процесті автоматтандыруға бағдарлау мақсаты, есеп формасын жетілдіру
мақсаты қазіргі заманғы жағдайда ерекше өзектілік алады.
Осы бағытта жүргізген әдебиет деректеріне жүргізілген зерттеулер,
ақпараттық жүйе, бас бухгалтердің оның мамандарының еңбекті бөлу
жағдайында негізгі қызметтік міндеттерінің бірі болуы тиістілігін атап
өтуге мүмкіндік берді. Ауыл шаруашылық кооперативтері дербес бола
бастағанда, ақпараттық қамтамасыз етуді дұрыс бағаламау біраз ысырапқа
әкеледі. Өйткені нарықтық жағдайда компьютерлік желі үнемі кеңейеді және
дамиды және осы мақсаттарға жұмсалған шығындар өзін- өзі ақтайды.
Қазіргі таңда, компьютерлік бағдарлама мүмкіндіктері мен оның болуы
және сонымен бірге бар оқу жүйесі, бағдарламаларды енгізу жүйесі жақсы
берілген. Бухгалтерлік есептің автоматтандырылған жүйесін басқару
аппаратының қызметі бойынша қолданбалы типтік бағдарламаның жобасын
көрсетілген арнайы ұйымдарда қолдануға болады. Ақпараттық қамтамасыз етудің
мұндай нұсқасы, есеп процестерін автоматтандыруда сала мамандарының
басқаруы мен өндірістің ерекшеліктерін, олардың бухгалтерлік есепті
ұйымдастыруға әсерін жақсы игеру пайдалы болып табылады. Жүйені пайдалануға
жіберуден кейін әзірлеушілер бағдарламалық өнімдерді қолдануды ілестіруді
ұсынады, немесе жүйелі түрде бухгалтерлік есепке қатысты оқыту өткізеді,
және бір мезгілде пайдаланушылардың өзіне бағдарламаға сәйкестік
толықтырулар мен өзгерістер енгізуге мүмкіндік беріп отырады. Біздің
елімізде бухгалтерлік есепті ақпараттық қамтамасыз ету бағдарламасымен
көптеген мамандандырылған фирмалар айналысатыны аталған. Олардың көбі,
басқа ұйымдардың өнімдерінен бухгалтерлік есеп телімдерін қамту бойынша да,
құру принциптері бойынша да айырмашылығы бар. Сондықтанда әр ұйым өздері
әзірлеген бағдарламалық өнімдерді ұсынады.
Ауылшаруашылық кооперативтерінде бухгалтерлік есепті, жүйені
толығымен компьютерлеуде бағдарламалық жасақтаманы дұрыс таңдай білудің
маңызы зор. Нарық ұсынып отырған көптеген бағдарламалық жасақтамаларының
арасынан қолдануға ыңғайлы үш негізгі түрін атап кетуге болады: жергілікті
бағдарламалық кешендер, шоғырландырылған (біріктірілген) бағдарламалық
кешендер және автоматтандырылған жұмыс орны бухгалтерлік кешендері.
Жергілікті бағдарламалық кешендер негізінен алғанда бухгалтерлік есептің
бүкіл жүйесін компьютерлеуді іске асыра алады. Кооперативтегі
компьютерлендіру жағдайындағы бухгалтерлік есеп, басқарудың барлық
жүйесінде кері байланысты қамтамасыз ететін және жедел ақпаратты қамтамасыз
ететін оның қызметтік жүйелерінің бірі болып табылады. Өндіріс саласындағы
кооперативтерде бір бухгалтер есепті қамтамасыз етуге үлгере алады. Басқару
жүйесінде есептік ақпараттың маңызы тек ақпараттық қамтамасыз етуге
тірелмейді. Бухгалтерлік есеп басқа да маңызды рөлді – шығындарға бақылау
жасауды, кооператив қызмет әрекетінде табысты өсіруді қамтамасыз ету
жұмыстарын атқарады.
Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өндірістерінің технологиялық
ерекшеліктеріне және олардың шығындар есебін жүргізудегі мәселелеріне
бақылау жасап отыру қажет. Осы мақсатта әрбір кооперативте өндіріс
шығындарын есепке алуды ұйымдастырудың және шығындарға бақылау жасаудың
жаңа формалары ұсынылды. Машина- трактор паркі шығындарын есепке алуды
жетілдіруде және есептік тіркелімде көрсетумен техниканың бос тұруына
есепке алудың әдістемесі әзірленді.
Кооперативтегі шығындардың топтастырылуын көрсете отырып, осы салада
қолданылатын шығындар баптарын қарастыруға болады. Жаздық дәнді
дақылдар өндірісінде шығындарға талдау жасаймыз және астық пен сабанның
өзіндік құн калькуляциясын есептеу керек. Осы көрсеткіштер негізінде
астықты өткізгеннен кейін ғана табысты анықтауға мүмкіндік балады.
Кооперативте шығындар есебін жетілдіру мақсатында кооперативтің
нормативтік -құқықтық акті ретіндегі салалық есептік саясатын
қалыптастыруды жүзеге асыру.
Есеп саясатының негізіне есептік және есеп беру ақпаратын
пайдаланушылардың мүдделері қарастырылды.
Есеп саясаты үш негізгі сәттен топтастырылады:
1. Бухгалтерлік есеп әдістемесі.
2. Бухгалтерлік есеп жүргізу техникасы.
3. Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру.
Диссертацияда алғашқылардың бірі болып өзі анықтамаларын берген ресей
ғалымдары А.А. Бакаев, Л.З.Шнейдманның әдебиет деректерін зерттеу
жүргізілді кәсіпорындардың шаруашылық етудің сәйкестік жағдайлары ретінде
таңдаған, бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерінің жиынтығы сияқты.
Басқаша айтқанда, бұл алғашқы бақылауды, бағалық өлшеуді, ағымдағы
топтастыруды және кәсіпорынның шаруашылық әрекеттерін немесе бухгалтерлік
есеп әдісін іске асыруды жалпылап қорытындылауды жүзеге асыру тәртібі.
Қазақстанда алғашқылардың бірі болып есеп саясатын қалыптастыру
проблемаларымен М.С. Ержанов айналысты, оның анықтамасы – бұл бухгалтерлік
есепті және қаржылық есептемені жүргізу үшін кәсіпорынның қабылдаған
тәсілдерінің жиынтығы. Одан соң ол, есеп саясатын қалыптастыру есебінің
12 принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады есептеу, үздіксіз әрекет,
түсініктілік, маңыздылық, мәнділік, сенімділік, бейтараптық, сақтық,
аяқталғандық, дәйектілік, шындықты және риясыздық көрініс деп атап
көрсетеді. Барлық авторлар есеп саясатын өнеркәсіпте қалыптастырудың
негізгі жолдарын зерттеді. Біздің зерттеулеріміз бен әзірлемелеріміз,
салалық есеп саясатын ауылшаруашылығында қалыптастыруға бағытталған, әр
саланың басшыларынан, бухгалтерия қызметкерлерінен, аграрлық қызмет
мамандарынан, агроном, зоотехник, мал дәрігері, инженер немесе
механиктерден, есеп саясатын әзірлеуде және оны әзірлеу бойынша кеңес беру
тәжірибесі бар, Ауылшаруашылық Министрлігінің ішкі аудитынан аудиторларды
тартумен талдау тобын ұйымдастыру қажет. Дайындық жұмыстары бұйрықта
айтылуы тиіс. Есеп саясатын әзірлеу кезінде әр салалық кооперативте жүретін
процестерді толық көрсете алатын шаруашылық операцияларының
қалыптастырылған тізімінің болуы өте қажет. Егін шаруашылығында өндірістік
процес көптеген айларға созылатындықтан, екі аралас жылдар өніміне шығындар
қосарлана жүргізіледі. Шығындар есебін ұйымдастыру шығындарды жылдар
бойынша айқын шектеуі тиіс.
Сондықтан да Егін шаруашылығы саласындағы шығындар бухгалтерлік
есепте былай бөлінеді:
- ағымдағы жылдың өніміне шығындар;
- келер жыл өніміне шығындар.
Соңғысы егін шаруашылығының аяқталмаған өндірісіне жатады (жұмыс
түрлері бойынша немесе күздік дақылдарды егу). Тек жыл аяғында ғана, егін
шаруашылығы саласының аяқталмаған өндірісінің сомасы ретінде жылдық
теңгерімде көрсетілетін, қысқартылған қалдықты анықтайды.
Жыл бойына шығындарды өсірілетін дақылдар немесе жүргізілетін
жұмыстар түрлері бойынша есепке алады. Шығындар есебін айдан айға өспелі
қорытындысымен жүргізеді. Негізгі өндіріс дебет шоты бойынша Егін
шаруашылығы ішкі есеп шоты бойынша шығындарды есепке алады, ал кредит
бойынша өнім шығымын көрсетеді. Егін шаруашылығы саласында өндірістік
шығындарды есепке алуды ұйымдастыру және өнімнің нақтылы өзіндік құнын
есептеу тәртібі көбіне өндірістің технологиялық ерекшеліктеріне және
таңдаған әдіске, тіпті таңдаған есеп формасына байланысты болады. Біздің
жағдайымызда, мына өндірістер болады: егін шаруашылығы, мал
шаруашылығы, қосымша, қызмет көрсетуші өндірісі, өнеркәсіптік қайта
өңдеу өндірістері.
Осыған орай, егін шаруашылығы, мал шаруашылығы, қосымша қызмет
көрсетуші өндірісі, өнеркәсіптік қайта өңдеу өндірістері және өнімді өткізу
бойынша шығындар, шығындардың пайда болу орындары (ШПО) есебінде және
одан кейін калькуляцияның әр баптары бойынша өндірілген өзіндік құнын
калькуляциялау обьектілері бойынша топтастырылғаны өте маңызды. Шоттардың
Типтік жоспары негізінде әрбір өндірістік салада қолданылатын шоттар жұмыс
жоспарын әзірлеуді, 1- ҚЕҰС-ның талаптары бойынша бухгалтерлік есеп және
қаржылық есептемені жүзеге асыру.
Стандарт-кост жүйесі бойынша шығындарды нормалауға бағытталған
стандарттарды әзірлеу, өнімнің (жұмыс, қызмет көрсету), стандарттық
калькуляциясын құру және стандарттардан ауытқулармен бірге өндірістің
нақты шығындарын есептеу, бұл өндіріс үрдісінде шығындарды жедел түрде
бақылаудағы ең маңызды құрал болып табылады. Сонымен қатар, стандарт-кост
шығындар есебінің ұйымдастыруында ғана емес, өнімді жеткізу, негізгі
құралдарды жөндеу, қызмет көрсету өндірісінде материалдық қорларды
дайындау, басқа сөзбен айтқанда, стандарт-кост қызмет ету салаларында
кооперативте дайындау үрдісі, өндіріс, өнімді жеткізу мен басқаруда
пайдаланылады. (3 сурет). Өндіріс шығындарын қатаң бақылау оны
кооперативтегі қызмет ету үрдісінде нормаларға байланысты шығындарды
нормалауда қолданылады. Директ- костинг деп аталатын шығындарды есепке алу
халықаралық жүйесінің негізі әдебиеттері деректерінен зерттелді. Бұл есеп
жүйесінде өндірістік шығындар тұрақты болып табылатын және өнім өндірісі
көлеміне пропорционалды өзегеретін шығындар болып бөлінеді. Директ-
костинг әдісі жаңалық емес. Көптеген шетелдік фирмалар 30 жылдардың басында
өндірілетін заттар бойынша тек материалдар шығыны, еңбек ақы және басқа да
тікелей шығындар қатысында ғана есеп жүргізді, үстеме шығындар, маржиналды
кірістерді түзе отырып, оларды өткізуден алынған пайданың азаюына есептен
шығарылды. Осыған байланысты үстеме шығындарды бөлу қажеттігі жойылды.
1936 жылдан 2007 жылға дейінгі шетелдік, Ресей және Қазақстандық
ғалымдардың еңбектері бойынша әдеби деректерден зерттей келе, директ-
костинг жүйесін біздің республикамызда да қолдану әбден мүмкін деген
тұжырым жасауға болады. Бірақ та бізде Қазақстанда әлі де салықтық есеппен
үйлесім жоқтығын естен шығармауымыз керек. Өйткені өзгермелі шығындар ғана
өндіріс көлемінің өзгеруімен байланысты. Өнімің өзіндік құны тек қана
өзгермелі шығындарды, калькуляциялық жұмысты нормалауды, жоспарлауды
қарапайымдауға мүмкіндік береді, сондықтан да бөлек шығындар жақсы
бақыланады. Бақыланатын обьектілер көп болған сайын болашақтағы шығындар
жақсы жоспарланады, сондықтан да ауылшаруашылық кооперативіне дұрыстауы
стандарт- кост жүйесі болып табылады.
Шетел фирмаларының тәжірибесін зерттеу, олардың көбі стандарт- кост
жүйесін пайдаланатынын көрсетіп отыр. Нормалау жүйесін Дж.П. Нортон
жасаған, сонау 1889 Дж.М.Фельс пен Э.Гарк нақтылы шығындарды нормалаумен
салыстыру жүйесінде өздерінің практикалық көріністерін тапты.
Сол кезеңдерді нормалау ақталмаған шығындардың алдын –алу мүмкіндігін
туғызады, сөйтіп жосықсыз ысырапты болдырмауға болар еді.
XX ғасырдың басында АҚШ та, одан соң Еуропада стандарт-кост жүйесі
қолданыла бастады. Кейіннен стандарт-кост жүйесі мен жауапкершілік
орталықтары бойынша есеп дәл уақыт System in time (sit) әдісіне қайта
жаңғыртылды, бұл идеялардың авторлары Р.Д. Мак- Илхаттан, Р.А.Хауэлл және
С.Р.Соуси болды. Жоғарыда көрсетілген шығындар есебі жүйесі қосымша
өндіріс, өнімді өнеркәсіптік өңдеу кооперативтерінде қолданылуы тиіс.
Басқаша айтқанда, стандарт-кост жүйесі кооператив қызмет әрекетінің
саласы бойынша, процестер бойынша – олар дайындау, өндіріс, өткізу,
өндірістік шығындарды нормалау мүмкіндігі бар жердің бәрінде қолданылуы
мүмкін. Нәтижесінде өзіндік құнның азаюына қол жеткізеді. Бүгінде Шығындар
нормасы түсінігі өнім бірлігіне шығындардың қажетті ең аз мөлшері дегенге
саяды. Нарық жағдайында ауылшаруашылық өндірушілері үшін бақыланбайтын
шығындар – ол жол беруге болмайтын нәрсе.
Шығындар нормативтері нарықтық экономикаға қажетті қадам болып
саналады. Меншікті шығындар түріндегі ғылыми негізделген нормалар
шығындарды төмендету жолдарын сауатты іздестіруге мүмкіндік береді. Осыған
орай, 2005 ж. 29.04. №407 ҚР Үкіметінің Қаулысымен 2005 жылға әр облыс
аймақтарына жасалған егін шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша егістік
бірлігіне шығындар нормасы бекітілген болатын. Дағдарыс жағдайында
шығындарға бақылау жасау және сол шығындарды азайту бойынша шаралар
қабылдау мақсатында әрбір ауылшаруашылық өндірушілеріне теңгемен 1 га
шығындар нормативі аса қажет.
Оның үстіне шығындар нормативі негізінде егістіктер зардап шеккен
жағдайда сақтандыру бойынша қайтару жүргізіледі.
Кооперативтің өндірістік бөлімшелерін еңбекті ұйымдастырудың жаңа
формасына ауыстыру өндірістік шығындардың талдамалы есебін ұйымдастыру
жүйесін және шығындар пайда болу орындары бойынша егін шаруашылығы
өнімдерінің шығымын белгілі бір жағдайда қайта құруды талап етеді
2 сурет - Ауылшаруашылық қызмет саласындағы шығындарды
басқару мен өндірістік үдерісті ұйымдастыру
Ескерту - автормен құрастырылды
Біздің ұсыныстарымыз осы кемшіліктердің орнын толтыруға бағытталған.
Сонымен қатар, ол ауылшаруашылық өнімдерін өндіруде шығындарға жедел
бақылау жасау жаңа әдістемесімен үйлесе шығындар есебі нормативтік әдісін
кеңінен таратуға көмектеседі. Өндірістегі шығындарды және өнім шығымын
есепке алу кооперативтің өндірістік бөлімшелері бойынша- бригада, звено,
тіпті жанұялық ұжымдар бойынша ұйымдастырылуы тиіс. Ал олардың ішінде –
есеп обьектілері мен шығындар баптары бойынша. Жыл бойына егін
шаруашылығындағы дақылдар, жұмыстар түрлері бойынша есеп обьектісіне, жыл
аяғында оларды есеп обьектісіне бөлмеу үшін, шығындарды пайда болу орындары
бойынша енгізу тиіс. Бұлай топтастыру, шығындардың пайда болу орындары
бойынша өнім өндірісіне шығындардың нағыз сомасын есептеу үшін қажет.
Шығындардың пайда болу орындары бойынша өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік
құнын есептеу және өндірістік шығындарды есепке алуды жоспарлау обьектілері
пайдаланылады. 1- кестеде жоспарлау, өндірістік шығындар есебі және өнімнің
өзіндік құнын есептеу обектілерін келтірдік.
1 кесте - Орындалған жұмыстар бойынша шығындардың пайда болу орындарын
анықтайтын өндірістік шығындарды есепке алу, жоспарлау және өнімнің өзіндік
құнын есептеу объектілері
Өндірісте есепке алынатын шығындардың Өнімнің өзіндік құнын есептеу
түрлері объектілері
Бригада №1 Бригада №2
га сома, тг га сома, тг
Өсімдік шаруашылығы бойынша аяқталмаған - - -
өндіріс (болашақ жылдар егін шығындары)
Дүмбе астық егу 250 25000 - -
Күздік арпа 50 5000 - -
Қатты жаздық бидай 50 5000 200 20000
Астыққа жүгері 90 9000 - -
Арпа - - 50 5000
Сұлы - - 150 15000
Дәнді бұршақ дақылдары:
- бұршақ 60 6000 - -
- үрме бұршақ 100 10000 - -
Майлы дақылдар:
- соя - - 50 5000
- күнбағыс - - 150 15000
Барлығы: 600 60000 600 60000
Ескерту – автормен құрастырылды
Ағымдағы жылдың астық дақылдары өніміне аяқталмаған өндірісі, келер
жыл өніміне есептік жылдың күзінен қаңтарға дейінгі орындалған жұмыстар
шығындарын есептен шығару көрсетілді. Келер жыл өніміне (аяқталмаған
өндіріс) орындалған жұмыстар бойынша шығындарды бөлу әдістемесі жасалды.
Орындалған жұмыс түрлері бойынша, мысалы, сүдігер көтеру шығындарын
бөлу үшін 1 га кеткен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz