Ауылшаруашылық өндірісінің ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Ауылшаруашылық өндірісінің ерекшеліктері
2.2. Ауыл шаруашылық өндірісінің есепке алынуы
2.3. Арай акционерлік қоғамының ауыл шаруашылығы өндірісінің бухгалтерлік
есебі

ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Ауылшаруашылығы саласы – ел экономикасының
негізгі буыны, ежелден келе жатқан бар байлығымыздың бастауы. Халықтың әл-
ауқатының жақсаруы негізінен әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтануы
және дамуымен тікелей байланысты. Осыған байланысты, қазіргі қалыптасқан
әлеуметтік-экономикалық жағдай ғылыми тұрғыда терең зерделеуді, саланы
кешенді дамытудың жолдары туралы жан-жақты дәлелденген қорытындылар мен
байыпты ғылыми тұжырымдар жасауды талап етеді.
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің
Қазақстан халқына арналған 2003 жылғы Жолдауында: Біздің әлі де болса есею
мен кемелдену кезеңінен өтуіміз керек. Қазақстандағы азаматтық қоғамның
босағасын бекіте беруіміз керек. Бұл үшін агроөнеркәсіп кешенін түлете
дамытып, ауылға (селоға) айрықша назар аударылуы, жеткен биігіміз бен
жинақтаған тәжірибемізге сүйеніп, ауылдағы ағайындарымызға өмірдің жаңа
сапасына жетуіне қол ұшын беретін уақыт туды, – деп көрсетеді [1]. Төл
тарихымыздың күңгірт беттерін ашып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық
дамуының жаңа, аршынды сапалық сатыға көтерілуіне қазақ елінің өткен
кезеңін зерделеу бүгінгі күннің талабы. Себебі, тоталитарлық жүйенің
идеологиялық ықпалынан арылуымен бірге тәуелсіздік идеологиясының
әдістемелік негізінде тарихи дамудың ақиқат болмысын қалпына келтіру
бағытында түбірлі жұмыстар атқарылды.
Сондықтан, Отандық тарих ғылымының өзектілігі – кеңестік тоталитарлық
жүйенің идеологиялық ықпалынан арылуымен бірге тәуелсіздік идеологиясының
әдістемелік негізінде тарихи дамудың ақиқат болмысын қалпына келтіруге
бағытталуында. Соның бірі – аграрлық секторды реформалаудағы мемлекеттік
саясат. Қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі негізгі, әрі өзекті мәселелердің
бірі болып отырған осы салада нарық қатынасын қалыптастыру, халықты отандық
азық-түлік өндіру мен өнеркәсіпті шикізат өнімдерімен жеткілікті түрде
қамтамасыз ету, өндірістің тиімділігін арттыру, бәсекелікке төтеп беретін
өнім өндіру және әлемдегі экономикасы бәсекеге барынша қабілетті дамыған
50 елдің қатарына кіру стратегиясын іске асыру болып отыр. Сол үшін
аграрлық секторда бірінші кезекте шаруашылықты жүргізу тетіктерін
қалыптастыру және дамыту аса қажетті қозғаушы экономикалық күштің негізіне
айналуда.
Мемлекеттің халық шаруашылығының барлық салаларының ішінде ауыл
шаруашылығында біразға созылған экономикалық дағдарыстан шығуы бірте-бірте
өз нәтижесін беріп келеді [2]. Дегенмен, агроөндірістік кешенді
ұйымдастыруды жетілдірудегі негізгі мақсаттардың бірі – азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Әйтседе, шикізат мәселесін шешетін халық
шаруашылығындағы өнім өндіру мен оның өсімі әлі де болса төмен деңгейде.
Өндірістерде қалыптасқан жағдайларды сараптай және ғылыми талдай келе
аграрлық сектордағы шешілмей жатқан мәселелерді, ауыл шаруашылық пен
өндірістің экономикалық негізіне әсер ететін іс-шараларды (тиімділігін
көтеретін, бәсекелікке лайықты өнім өндіру, т.б. жүзеге асыру нарық
жағдайындағы көкейтесті мәселелердің атаулысы болып отыр.
Осындай еліміздегі экономикалық өрлеу жағдайында Қазақстан-2030
Стратегиясы ауыл шаруашылығын көлемді өзгерістерге жетелеуде. Стратегияны
жүзеге асыру мақсатында саланы дамытудағы мемлекеттің 2000-2002 ж.ж.
арналған бағдарламасы мен қазіргі кезде Қазақстан Республикасы
Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының ауыл аумақтарын дамытудың 2003-2010 жылдарға
арналаған мемлекеттік бағдарламасы, 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан
Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында көзделген
Қазақстан Республикасының 2003-2015 жж. индустриалды-иновациялық даму
Стратегиясы, сондай-ақ, Елбасының қолдауымен 2003-2005 жылдардың Ауыл
жылы деп жариялануы мен ауыл шаруашылық агроқұрылымдарын құқықтық
жетілдірудегі Астық туралы, Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы,
егіншіліктегі Тұқым шаруашылығы туралы заңдардың өмірге келуі ауыл
тұрғындарын әлеуметтік қолдауға бағытталған ауқымды іс-шаралар болып
табылады.
Сонымен, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда агроөнеркәсіптік
кешенді ұйымдық-құрылымдық және заңнамалық жетілдірумен шектелмей ауыл
шаруашылығын дамытудың 2006-2010 жж. бағытталған тұжырымдамасының негізінде
2006-2008 жж. бірінші кезекті шаралары жүзеге асырылды. Сондықтан,
Қазақстан Республикасы үшін аграрлық сектор елдің әлеуметтік-экономикалық
дамуының деңгейін айқындаушы күштердің бірі болып отыр.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өз алдына ұлттық мемлекет
қалыптасып, шаруашылық жүргізудің әкімшілік әдісімен аралас нарықтық
қатынас қағидаларына ауысу үрдісі байқалды. Әрине, 90-жылдардың қоғамдық-
саяси және әлеуметтік-экономикалық қиыншылығы мен ауыртпалығы аз болған
жоқ. Әсіресе, өтпелі кезеңде орын алған қиындықтар зардабы ауыл
шаруашылығына, бүкіл аграрлық секторға қолайсыз болды. Аграрлық дағдарыстың
табиғаты, негізгі себептері мен одан шығу жолдары ғылыми және көпшілік
әдебиетте аз жазылған жоқ. Осы өзекті әрі көкейтесті мәселе Республика
Президентінің еңбектерінде, түрлі заң және атқарушы органдардың күнделікті
іс-тәжірибелерінің күн тәртібінен түспегені белгілі. Бірақ ел
экономикасының маңызды және өмірлік қажет саласының әлеуметтік мәселелерін,
әкімшілік басқару жүйесінен нарықтық жүйеге көшуге байланысты аграрлық
саланың тұрақты және тиімді даму бағыттарын анықтайтын теориялық және
тәжірбиелік маңыздылығын одан әрі зерттеп, зерделеу керектігі ешбір күмән
тудырмайды.
Курстық жұмысының теориялық және әдістемелік негізін бухгалтерлік
есеп, тарих, философия және т.б. қоғамдық ғылымдырдың қалыптастырған жаңа
бағыттағы ғылыми тұжырымдамаларымен ұлттық ғылыми мүдде ұстанымдары негізге
алынды. Сонымен бірге теориялық-әдістемелік мәселелерді зерттеуде шетелдік
және отандық жетекші ғалымдардың еңбектеріндегі қарастырылып отырған
тақырыпты жаңа көзқарас тұрғысынан жазуға мүмкіндік беретін ғылыми
тұжырымдары да басшылыққа алынды.
Зерттеудің әдістемелік негізіне ғылыми танымның жүйелілік,
салыстырмалы талдау шынайылық пен синтез және ретроспективалық ұстанымдар
қолданылды. Осы әдістер негізінде жасалынған тұжырымдар мен қорытындылардың
өзара логикалық үйлесімділікте болуына да ерекше мән берілді.
Курстық жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты ауыл
шаруашылық өндірісінің есепке алынуын зерттеу Бұл мақсат мынадай
міндеттерді орындау арқылы нақтыланған:
Қазақстан Республикасындағы аграрлық реформалау мен аймақтарындағы
әлеуметтік-экономикалық даму үрдісін Курстықдің теориялық-методологиялық
негіздерін дәлелдеу;
Курстық жұмысының тарихнамасы мен дерек көздеріне жаңа тарихи көзқарас
тұрғысынан талдау жасау;
- Қазақстандағы аграрлық реформалардың шынайы қажеттілігі мен алғы
шарттарын анықтау,
- аграрлық реформалауда қалыптасқан ұйымдық-құқықтық заңнамаларын
ғылыми талдау;
- аграрлық реформалауда шаруашылықты жүргізудің тетіктерін анықтау;
- ауылшаруашылық бірлестіктері мен серіктестіктерінің тарихи
қағидалары мен құндылықтарын қазіргі нарық қатынасында бейімділігін ғылыми
тұрғыда негіздеу;
- аграрлық реформалау барысында Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-
шығысындағы аймақтық басқару мен жергілікті құрылымдық жетілдірілгендігін
пайымдау;
- жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мен мемлекеттік
қажеттілікті қамтамасыз етудегі аграрлық реформалардың нақтылығын мұрағат
қорларының құжаттары және статистикалық мәліметтер негізінде дәлелдеу;
- ауыл шаруышылығын дамытудағы стратегиялық жоспарлаудың маңыздылығын
саралау;
2.1. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНДІРІСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Ауылшаруашылық кәсіпорындары халық үшін азық-түлік өнімдерін,
өнеркәсіптің бірқатар салалары үшін шикізат өндіреді, өнім малының және күш-
көлік малдың негізгі табынын ұдайы толықтырып отырады. Ауыл шаруашылығының
өнеркәсіптен, құрылыстан және халық шаруашылығының басқа салаларынан оны
ажырататын өзіне тән ерекшеліктері бар. Осыған орай мұнда бухгалтерлік
есептің де ерекшеліктері бар. Олар өндірістің және меншіктің әр түрінің:
мемлекеттік, ұжымдық, жеке (шаруа қожалықтары), акционерлік және
басқаларының ерекшеліктерінен туындайды.
1. Ауыл шаруашылығындағы ең басты және ешнәрсемен ауыстыруға
болмайтын, табиғаттың өзі берген өндіріс құралы жер болып табылады. Оны
пайдаланудың ерекшеліктері ауыл шаруашылық өндірісін шоғырландыру мен
мамандандырудың өзгеше түрлерін тудырады. Егін шаруашылығында... жердің
өзі өндіріс құралы ретінде қызмет атқарады. Ал фабрикада бұл жоқ немесе өте
тар шеңберде ғана болады, өйткені жер мұнда фабриканың негізі оның
орналасқан орны, жергілікті операциялық базасы ғана болып табылады. Егін
шаруашылығының ғылыми негізделген жүйесін пайдалану жердің құнарлылығын
төмендетпейді, қайта керісінше оны елеулі түрде арттырады. Еліміздің
әртүрлі аймақтарының ауа райы мен топырағының ерекшеліктерін ескере отырып,
тыңайтқыштарды өндіру мен қолдануды кеңейтуге, мелиорацияны, егіншілік
жүйесін жетілдіруге байланысты ауқымды шаралар бағдарламасы жердің сапасын
жақсартуға және оның құнарлылығын арттыруға бағытталған. Жердің тағы бір
ерекшелігі мынада, ол бір уақытта еңбек заты (өндіріс процесінің алғашқы
сатысында) және құралы болып табылады. Өндіріс құралы ретіндегі жердің ролі
үлкен болуына байланысты оны өңдеуге, тыңайтуға, әктеуге, мелиорациялауға
жұмсалған шығындарды уақытылы және толығымен есептеуді ұйымдастыру,
жекелеген дақылдарды өндіру мен жұмыстардың тиімділігін анықтау, топырақтың
эрозияға ұшырауына және басқа қолайсыз құбылыстарға жол бермеу қажет.
2. Ауылшаруашылық өндірісі аумақты кеңістікте шашыранды орналасқан
және үлкен көлемде жүргізіледі. Мұнда қуатты ауыл шаруашылық машиналары
(тракторлар, комбайндар) қолданылады. Бұл ерекшелік өндірістік бөлімшелерді
ұйымдастыруға ықпал жасайды және шығындар мен табыстарды дақылдар бойынша
және түліктердің түрлері бойынша ғана емес, сонымен бірге шаруашылық
есептегі бөлімшелер (жалгерлік ұжымдар, бөлімшелер, фермалар, цехтар)
бойынша да есептеуді талап етеді.
3. Ауылшаруашылық өндірісінде өндіріс уақыты мен жұмыс кезеңдерінің
арасындағы үзіліс айқын байқалады. Мысалы, күздік астық дақылдарын өсіру
300 тәулікке дейін созылады (өндіріс уақыты), ал оларды өңдеу жұмыстары —
60-100 тәулікке барады (жұмыс кезеңі). Бұл ауыл шаруашылық кәсіпорындарын
өнімнің бір түрін ғана емес, жұмыс кезеңі бір уақытқа тура келмейтін
бірнеше өнімдер өндіруге, әртүрлі қосалқы шаруашылықтар мен кәсіптерді
құруға итермелейтін себептердің бірі болып табылады, Ауыл шаруашылығын
интенсивтендіру (өнімділігін арттыру) өндіріс уақыты мен жұмыс кезеңінің
арасындағы үзілісті қысқартуға мүмкіндік береді. Осы ерекшелікке байланысты
кәсіпорын өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, өнеркәсіп және көмекші
өндірістері өнімдерінің өзіндік құнын ай сайын есептей алмайды, өйткені,
бұл салалар. тікелей өзара байланысты. Жыл бойы өнімдерді есептесу бағасы
бойынша кіріске алады, ал жылдың аяғында оның нақтылы өзіндік құнын
анықтайды және кәсіпорынның жұмыс қорытындысын шығарып, пайдамен немесе
зиянмен жұмыс істегенін көрсетеді.
4. Ауылшаруашылық кәсіпорындары өндіріс құралдарының бір бөлігін
өздері заттай ұдайы өндіріп отырады. Шаруашылықта өсірілген малдарды (еңбек
өнімі) өнім беретін және көлік малдары (еңбек құралдары) ретінде
пайдаланады. Негізгі құралдар есебіндегі сақа өнім беретін және көлік
малдарын (еңбек құралдары) негізгі табынның есебінен шығарып, семіртуге
айналым құралдарына аударады. Өндіріс өнімдерінің бір бөлігін одан әрі өнім
өндіруге пайдаланады (тұқым, көшеттелінетін материал, жем-азық). Осының
нәтижесінде ауыл шаруашылырындағы жалпы өнімнің 20% дейіні келесі өндіріс
циклінде еңбек құралы ретінде пайдаланылады. Бұл халық шаруашылығының басқа
салаларымен салыстырғанда өнімнің тауарлылығының бірқатар төмен болуына
және өндірістік қорлардың қалыптасу ерекшелігіне себепші болады. Ауыл
шаруашылығы кәсіпорындарында өнімдерді, малдардың төлдерін өсіруге, негізгі
табынды қалыптастыруға жұмсалған шығындарды және оларды қаржыландырудың
көздерін есептеу үшін арнаулы счеттар немесе субсчеттар қолданылады.
5. Дақылдар мен малдардың көпшілігінен биологиялық ерекшеліктері мен
өндірістік жағдайларға байланысты өнімнің бірнеше түрлері және екінші
дәрежелі маңызы бар (қосымша) өнімдер алынады. Маңызы төмен қосымша өнімдер
әдетте, өзіндік құнды есептеудің объектісі болып есептелмейді. Мысалы, сүт
бағытындағы ірі қара табынынан сүт, төл және кең алынады. Жұмсалған
шығындарды есептеу негізгі салаларда есептеу объектілері (астық, сүт, төл)
бойынша емес, есепке алу объектілері (жаздық бидай, сүт бағытындағы ірі
қара табыны; жалгерлік қатынас жағдайында — жалгерлік ұжымдар) бойынша
жүргізіледі. Өнімдердің әртүрлерінің арасындағы шығындар, белгіленген
коэффициенттер немесе оның сату бағасы бойынша бағалануына пропорционалды
не басқаша түрде бөлінеді.
6. Ауылшаруашылық кәсіпорындарында, әдетте, құрама өндіріс басым
болады. Олардың жанында басты және екінші дәрежелі тауарлы салалар, сондай-
ақ басқа салалар мен халыққа қызмет көрсететін (тауарлы емес) салалар
болады. Өндірістік бөлімдер, өндірістің салалары, ал олардың ішінде —
жалгерлік ұжымдар, дақылдардың тобы, жұмыстар, малдардың түрі мен топтары
бойынша негізгі және қосымша шығындарды есептеуді ұйымдастыру қажеттілігі
туындайды.
7. Ауылшаруашылық өндірісіне мерзімдік (негізгі жұмыстар көктемгі
егіс және егін жинау кезеңдерінде орындалады), малдардың басым түрлерінен
өнімдер алудың, сондай-ақ техникаларды пайдалану мен жөндеуге жұмсалатын
шығындардың біркелкі болмауы тән. Комбайндар мен басқа машиналарға
амортизация, олар жылына бір-екі ай жұмыс істесе де, жыл бойына біркелкі
есептеледі.
8. Өндіріс процесінде бастапқы материал не дайын өнім (тұқым,
көшеттелетін материал, жұмыртқа), не жанды өсімдік немесе мал болып
табылады. Олар болашақ түпкі нәтижедегі өнімнің барлық салмағын
көрсетпейді. Бұл өнімнің салмағы өндіріс процесінің барысында өсімдіктер
мен малдардың, еңбектің, сыртқы ортаның және өндіріс құралдарының уақыт
барысындағы ықпалымен табиғи өсу және дамуы арқылы жасалады. Ол өсімдіктер
мен малдардың өсу және дамуының табиғи жағдайларымен анықталады.
Селекциялық әдісті қолдану және өсімдік сорттары мен мал тұқымдарының тез
жетілетін түрлерін іріктеп алу арқылы бұл процесс тездетіліп, өндіріс
кезеңі қысқартылады. Мысалы, бір гектар жерге себілетін күздік бидай
тұқымының мөлшері (нормасы) 0,8 центнерден 2,2 центнерге дейін барады, ал
өнімі — 20—30 центнер және одан да артық болады. Нәтижесінде шығындарды
уақытылы және толық есептеу және енімдерді кіріске алу (олардың санын
(салмағын) алдын ала дәл анықтауға болмайды) міндеті тұрады.
Есептеудің ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекшелігі тудыратын
айырмашылығынан басқа меншіктің әртүрлі болуынан туындайтын ерекшеліктер де
бар.
Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі орталықтан басқаруды шаруашылық
дербестігі және кәсіпорындардың өз бастамасын үйлестіру негізіне құрылады.
Олар өзінің қызметін Кәсіпорындар туралы Заңға сәйкес іске асырады.
Меншіктің түрлеріндегі айырмашылықтар шаруашылықтың ұйымдастыру
құрылымына, басқару жүйесіне, еңбекті ұйымдастыру және оған ақы төлеуге
арнаулы мақсаттарға қорлар құруға, түскен табыстарды бөлуге, қаржыландыруға
және несие беруге, бухгалтерлік есепті және одан кейінгі қаржы-шаруашылық
қызметіне бақылауды ұйымдастыруға ықпал жасайды.
Халық шаруашылығын одан әрі дамыту үшін ауыл шаруашылығында
бірлескен кәсіпорындардың құрылып, жұмыс істеуінің және сыртқы экономикалық
қызметті дамытудың маңызы зор. Бірлескен кәсіпорындар осындай
кәсіпорындарға қатысушылардың жасасқан шарттарының негізінде құрылады.
Олардың мақсаты халық шаруашылығының өнімнің белгілі бір түріне сұранысын
барынша толық қанағаттандыру, шетелдік озат техника мен технологияны,
басқару тәжірибесін, қосымша материалдық және қаражат ресурстарын тарту,
экспорт базасын дамыту және тиімсіз импортты қысқарту. Бірлескен
кәсіпорынның жарғылық қорындағы отандық үлесі 51%-тен кем болмауы тиіс.
Бірлескен кәсіпорындарындағы есен отандық кәсіпорындары үшін қолданылатын
тәртіп бойынша жүргізіледі.

2.2. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНДІРІСІНІҢ ЕСЕПКЕ АЛЫНУЫ

Есепті ұтымды ұйымдастырудың негізгі алғы шарты бухгалтерлік есепті
мемлекеттік басқару болып табылады. Есепті компьютерлендіру, оны жүргізудің
прогресшіл түрлері мен әдістерін қолдану алғашқы есеп пен құжаттар
айналымының дұрыс қойылған жүйесі, қызметкерлердің іскерлік қабілетін
арттырумен қатар есепті мемлекеттік басқару есептің тиімді жүйесін құруды
қамтамасыз етеді. Есепті жалпы мемлекеттік басқаруды қаржы Министрлігі,
статистика және талдау жөніндегі Мемлекеттік Комитет салалық министрліктер
мен ведомстволар атқарады.
Қаржы Министрлігі бухгалтерлік есепке және кәсіпорындар мен
ұйымдардың есеп берулеріне жалпы методикалық басшылық жасайды, статистика
және талдау жөніндегі Мемлекеттік Комитетпен келісе отырып, счеттардың
жоспарын, бухгалтерлік есептің түрлерін және оларды қолдану жөніндегі
нүсқауларды жасайды, сондай-ақ статистика және талдау жөніндегі Мемлекеттік
Комитетпен бірлесе отырып бухгалтерлік есеп берудің түрлерін бекітеді.
Статистика және талдау жөніндегі Мемлекеттік Комитет министрліктер
мен ведомстволардың қатысуымен өзара байланысты статистикалық
керсеткіштердің жүйесін және статистика мен есептің бірыңғай ғылыми
методологиясын жасайды; есеп пен статистиканы жетілдіру, есеп берудің
түрлерін қысқарту және бір ізге салу жөнінде жүйелі түрде жұмыс жүргізеді,
қаражат Министрлігімен бірлесіп бухгалтерлік есеп пен статистиканың
көрсеткіштері мен түрлерін жетілдіру жұмысын жүргізеді; есеп пен есеп
беруді компьютерлендіру жөнінде шараларды іске асырады; өзінің есептеу
қондырғыларында құжаттарды, жоепарлы және басқа экономикалық есептеулерді
өңдеуді ұйымдастырады; методикалық басшылықты іске асырады және осы салада
тәжірибе алмасуды ұйымдастырады; есептеу техникаларын жабдықтауды және
жөндеуді қамтамасыз етеді; есеп қызметкерлерінің білімін көтеруді
ұйымдастырады; халық шаруашылығындағы есеп беру мәліметтерінің дұрыстығын
тексереді.
Салалық министрліктер мен ведомстволар кәсіпорындарындағы алғашқы
есепті ұйымдастырады, олар үшін құжаттардың типтік мамандандырылған
түрлерін бекітеді; есепті компьютерлендіру оның озат әдістері мен түрлерін
енгізу жөніндегі шараларды жүргізеді; есеп және байланыстарды қарайды;
құрама (жинақталған) есеп берулер мен баланстарды жасайды; ведомстволық
бақылау-тексеру және аудиторлық жұмыстарды ұйымдастырады.
Әрбір кәсіпорынның халық шаруашылық жоспарын орындауына жедел басшылық
жасау мен бақылау ісіне көмектесудің маңызды құралы есеп беріп отыру болып
табылады. Есеп беру — жеке учаске (бөлімше) және тұтастай кәсіпорын бойьшша
жинақталған есептердің кешенді жүйесі. Ол шаруашылық қызметінің нәтижелерін
бағалауға, жедел басшылық жасап және бақылап отыруға қызмет етеді. Есеп
берудің көмегімен кәсіпорындардың жоспарлы тапсырмаларды орындауына бақылау
жасалады. Есеп берудің мәліметтері әрбір кәсіпорынның, саланың және
тұтастай халық шаруашылығының ағымдағы және болашақтағы жоспарларын
жасағанда базалық қызмет атқарады. Есеп берудің негізінде салық салу,
кәсіпорынның өндірістік-қаражат қызметіне талдау жасау, қысқа және ұзақ
мерзімді қарыз беру тәртібінің сақталуына бақылау іске асырылады. Мазмұны
бойынша есеп беру статистикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді.
Статистикалық есеп беруде халық шаруашылығы жоспарының орындалу
көрсеткіштері (өндірістің көлемі, еңбек, өнімнің өзіндік құны бойынша)
сипатталады.
Бухгалтерлік есеп беруде кәсіпорын қызметінің негізгі қаражат
көрсеткіштері бойынша (өндіріс, өнімдердің өзіндік құны және өнімдерді
еткізу, пайда мен зиян, өндіріс пен басқаруға қызмет көрсету шығындары)
жоспарының орындалуы сипатталады.
Статистикалық және бухгалтерлік есеп берулер мерзімді (бескүндік,
онкүндік, айлық, тоқсандық, жарты жылдық және тоғыз айлық) және жылдық
болады, Соңғысына мәліметтердің барынша кең шеңбері енгізіледі және онда
кәсіпорынның өндірістік және қаражат қызметі сипатталады.
Есеп беруді жасаудың тәртібі, адрестері, беру мерзімі және қаралуы
бухгалтерлік есептер мен баланстар жөніндегі Ережеде көрсетілген.
Ауылшаруашылық кәсіпорындарындағы есеп бухгалтерлік есеп счеттарының
жоспары бойынша ұйымдастырылады. Оны халық шаруашылығының барлық
салаларының кәсіпорындары мен ұйымдары үшін, ауылшаруашылық
кәсіпорындарының ерекшелігін ескеретін толықтырулармен Қаржы Министрлігі
статистика және талдау жөніндегі Мемлекеттік Қомитетпен келісіп бекіткен.
Қосымшада бухгалтерлік есеп счеттарының жоспары келтірілген, ол оқулықтың
тексті бойынша счеттардың шифрларын пайдалануға мүмкіндік береді.
Ауылшаруашылық кәсіпорындары бухгалтерлік есептің екі түрін
журналдық-ордерлік және автоматтандырылған түрлерін қолданады.
Журналдық-ордерлік түрін есепті қол еңбегімен жүргізетін
шаруашылықтар пайдаланады.
Бухгалтерлік есептің автоматтандырылған түрін есепті жеке
компьютерлер және басқа есептеу машиналарының көмегімен іске асыратын
шаруашылықтар пайдаланады. Есептің бұл формасының регистрлары —
машинограммалар, талдамалық және синтездік есептерді ұштастырады.
Есептеудің бұл түрі есептеу процесін іс жүзінде толық автоматтандыруға
негізделген. Оны қолдану есеп қызметкерлерінің қол еңбегін барынша азайтып,
талдау, бақылау, меншіктің сақталуын қамтамасыз ету мәселелеріне көбірек
назар аударуға мүмкіндік береді.
Орындалатын операциялар алғашқы құжаттармен хатталады. Олардың
түрлері бір ізге салынған, стандартталған және автоматты өңдеуге
бейімделген. Құжаттардың, бухгалтерлік есептің журналдық-ордерлік және
автоматтандырылған регистрларының түрлері белгіленген тәртіп бойынша
бекітілген.
Өндірістік бөлімшелерде шаруашылық операцияларының бухгалтерлік
есебі, әдеттегідей, жүргізілмейді. Бөлімшелердің (фермалар, цехтар)
бухгалтериялары алғашқы құжаттарды, материалдық игіліктердің қозғалысы
(кіріс-шығысы) жөніндегі берілген есептерді қабылдайды және жүйеге
келтіреді, есептесу-төлем ведомстілерін жасайды, жалгерлік ұжымдардың және
ішкі шаруашылық кооперативтерінің басқа да бөлімшелердің дербес (лицевой)
счеттарын қабылдайды. Солардың негізінде жасалған құжаттармен бірге дербес
счеттар шаруашылықтың орталық бухгалтериясына тапсырылады. Мұнда өндірістік
бөлімшелерден және сырттан түскен құжаттардың мәліметтері жинақталады да
олардың негізінде есептеу регистрларына (журнал-ордерлер, ведомостілер)
жазылады. Олар Бас кітапты, балансты және есеп берудің басқа да түрлерін
толтыруға негіз болады. Егер шаруашылықта есептеу автоматтандырылған болса,
өндірістік бөлімшелерден түскен алғашқы құжаттарды бухгалтерия тексереді,
оларға тиісті кодтарды қойып топтап буады, содан кейін компьютерлік
қондырғыға тапсырады. Онда құжаттар өңделіп, шаруашылыққа тиісті
машинограммалар беріледі. Жалгерлік катынас жағдайында материалдық
игіліктерді, еңбекке ақы төлеуді, өндірісті есептеу елеулі түрде
жеңілдетіледі. Жалгерлік ұйымдардың басшылары барлық ресурстарды, кірістер
мен шығыстарды есептеуді өздері жүргізеді. Жалға берушінің бухгалтериясына
барынша шектелген ақпараттар беріледі.

2.3. АРАЙ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСІНІҢ
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІ

Есепті дұрыс ұйымдастыру үшін есептеу жұмыстары кестелерінің үлкен
маңызы бар. Оларды қолдану құжаттар айналымын тездетуге және есептеудің
сапасын арттыруға жәрдемдеседі.
Экономиканың ауыл шаруашылығы саласы жөнінде сөз айта отырып бұл
саланың ерекшеліктері туралы атап өтпеу мүмкін емес. Ол адамның тамақ және
күнделікті тұтыну (астық, картоп, ет, сүт, тері, жүн, мәндір, мүйіз және
т.б.) заттармен қамтамасыз ету үшін қажетті шикізат пен өнімді жеткізіп
беруші басты тобы болып саналады.
Оның басты ерекшеліктері:
1) ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағалар шектеулі болады;
2) барлық ауыл шаруашылық мәселелерінің шешімдері жер мәселесімен
тікелей байланысты болады;
3) ауыл шаруашылығы көбінесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал азығын өндірудің алға қойған мақсаттары және агрономиялық негіздері
Агробизнес және агроөнеркәсіптік интеграция
Ауылшаруашылық кооперативіндегі есепті ұйымдастыруды жетілдіру
Қазақстан Республикасының ауылшаруа-шылық өндірісі
Ауыл шаруашылығының өндірісіндегі бухгалтерлік есеп
Мал шаруашылығының бухгалтерлік есебі
Шаруа (фермер) қожалықтарының жер пайдалануының құрылуы
Субъектілік көзқарас тұрғысынан агробизнес - экономикалық қатынастар жүйесі
АГРАРЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАЛАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Технологиялық карта құрастыру жұмыстары
Пәндер