Ақындар айтысы өлеңмен айтыс



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ 3

1 АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ – ҚАЗАҚ ТАРИХЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ 6
1.1 Айтысты оқыту әдіс-тәсілдері 6
1.2 Біржан – Сара айтысын оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері 8
1.3 Шешендік сөздердің ерекшеліктері және оны оқытудың
тиімділігі 12

2 АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ ҮЛГІЛЕРІН ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ 15
2.1 Қазақ халқының тәлімдік құралдарының бірі – ауыз әдебиеті 15
2.2 Жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді оқыту әдістері 17
2.3 Қазақ әдебиеті пәні бойынша батырлар жырын оқытудың жаңа
технологиясы 21
2.3.1 “Қобыланды батыр” жырын дәстүрлі және дәстүрлі емес оқыту
2.3.3 Дәстүрлі емес оқыту формасының тиімділігі 21
30
Қорытынды
ҚОСЫМША №1 33
ҚОСЫМША №2. 35
ҚОСЫМША №3. 36
ҚОСЫМША №4. 37
39
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
43

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Егемендік алып, ұлттық мемлекет болған елдер
өзінің төл тарихы, ұлттық мәдениеті, оның дүниежүзілік мәдениеттегі орнын
анықтауға жан-жақты ықылас бөле бастады. Қазіргі заманғы өзгерістер тарих
ғылымының зерттеулер аумағындағы деректер жүйесін қайта қарап, оны зерттеу
әдістерін жетілдіріп, жаңа түсініктер қалыптастыруды, бұрыннан зерттеліп
келе жатқан мәселелерді жаңаша талаптар тұрғысынан қарастыруды талап етіп
отыр. Бүгінгі күнде, осы үрдіс барысында, кезінде ауызекі сақталып, қағаз
бетіне түсірілген ұлттық мәдени мұраның маңызды бір саласы, ауызша тарихи
мәліметтердің жазба нұсқасы - қазақ қолжазбаларына әділ бағасы беріліп,
ғылыми қолданылымға енгізілуіне мол мүмкіндіктер туып отыр. Тарихи зерттеу
жұмыстарының сапасын көтеріп, маңызын зерттеу үшін дерек көздік қорын
кеңейтіп, зерттеу аясына жаңа тарихи деректерді тарту ісі қазіргі
қазақстандық тарих ғылымының маңызды міндеті. Қазақ халқының тарихын
зерттеу қазіргі кезге дейін негізінен сыртқы деректерді пайдалану арқылы
жүргізіліп келді; сыртқы деректер дегеніміз шығыс немесе орыс, т.б. шет
тілдерінде жазылған тарихи шығармалар, саяхатшылар, тыңшылар жазбалары,
мұрағат құжаттары. Ендігі жерде, ұлттық мәдени мұраның көрнекті бір бөлігі
— жергілікті дерек көздерді, яғни халықтың ауызекі тарихи деректерін тарихи
зерттеулер ауқымына қосу ісі маңызды болып отыр.
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнін оқытуда да ақпараттық
технологияларды қолданудың мүмкіндіктері өте мол. Мәселен, 5-сыныпта
әдебиетпен танысу халық ауыз әдебиетінен басталады. Бұл блокта оқушылар
тұрмыс-салт жырлары, мақал – мәтелдер, ертегілер сияқты ауз әдебиеті
үлгілерімен танысады. Оқушылардың мақалдарды түсініп, есте сақтауын
қамтамасыз ету мақсатында интерактивті тақтаның көмегі зор. Мұғалім
тақтаның сурет салу редакторы арқылы тақтада мақалдарды ребус түрінде
береді, оқушылар сол ребусты шешеді. Келесі сабаққа өздері де ребус ойлап
тауып, тақтаға салып, басқа оқушылардың шешуін сұрайды.
Бүгінгі уақыт барлық өркениетті елдерде білім беру ісін адамзаттық
құндылықтарға негіздеу және ұлттық сананы құрметтеумен ерекшеленетіндіктен,
қазақ мектептеріндегі қазақ әдебиет пәнін оқыту мәселесі де заман талаптары
мен әлеуметтік сұраныстарға сай жаңартылып, жетілдіріліп отырады. Сол
себепті де пәнді оқытудағы өзгерістер мен жетістіктер оның даму
үрдістерінің үздіксіз екендігіне көз жеткізеді.
Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың маңызды мәселелердің бірі-
олардың ізеттілігін , тапқырлығын, ептілігін, байқағыштық қасиеттерін
қалыптастыру қажет екені Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан – 2030”
жолдауында жан-жақты қарастырылған. Сонымен қатар, қазақ халқының өнегелі
дәстүрлерімен тереңірек таныстыру, соның негізінде оқушыларды
қалыптастырып, шығармашылық және рухани мүмкіндіктерін дамыту көзделеді.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмыстың мақсаты – ауыз
әдебиеті үлгілерін оқыту жолдарын қарастыру. Тарихи зерттеу жұмыстарының
сапасын көтеріп, маңызын арттыру үшін дерек көздік қорын кеңейтіп, зерттеу
аясына жаңа тарихи деректерді тарту ісі қазіргі қазақстандық тарих
ғылымының маңызды міндеті. Ауызекі тарихи білім - ерекше, дерек көздік
бағыттағы тарихи дәстүр.
Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттерді жүзеге асыру қажет:
дәстүрлі қазақ дерек көздерінің осы күнге дейінгі тарихи ізденістердегі
зерттеліну дәрежесін анықтау;
қазақтың жалпы ауызекі шығармашылық дәстүрінен тарихи дерек көздерін бөліп
алып, оларға жалпы сипаттама беру;
ауызша тарихи дерек көздерді жасаушылардың атқарған рөлін айқындау;
тарихи зерттеулердің өзекті мәселесі дерек көздік негізін кеңіту
мәселесінде қазақтың дәстүрлі тарихи білімінің дербес тарихи дерек көзі
ретіндегі маңызын ашу.
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Жұмыстың деректік негізін
тақырыбына сәйкес ауыз әдебиетіндегі тарихи дерек көздер кешені кұрады.
Қазақтың дәстүрлі ауызекі таратылатын тарихи дерек көздері қағаз бетіне
түсіріліп, ТМД және шет ел мұрағат, қолжазба қорларында - Түркия, Франция
елдерінде, Санкт-Петербург, Москва, Омск, Томск, Қазан, Уфа, Орынбор,
Ташкент, Алматы қалаларында, Қазақстанның облыстық, аудандық тарихи-
өлкетану мұражайларында, мұрағаттарда, жеке адамдардың қолдарында
сақталуда. Қазақтың дәстүрлі ауызекі таратылатын тарихи дерек көздері қағаз
бетіне түсіріліп, ТМД және шет ел мұрағат, қолжазба қорларында - Түркия,
Франция елдерінде, Санкт-Петербург, Москва, Омск, Томск, Қазан, Уфа,
Орынбор, Ташкент, Алматы қалаларында, Қазақстанның облыстық, аудандық
тарихи-өлкетану мұражайларында, мұрағаттарда, жеке адамдардың қолдарында
сақталуда.
Зерттеу жұмысының методологиялық негізі Қазақстандық тарих ғылымында
зерттеулердің әлі де игерілмеген және кезінде идеологиялық шектеулер себеп
болған, ғылыми қолданылымға тартылмаған әдіснамалық жолдары баршылық. Соның
ішінде, қазақтың төл тарихын халықтың өзіндік мәдениетінің құрамдас бөлігі
– ауыз әдебиеті тарихи дәстүр негізінде жазу мәселесі тұр. Осындай маңызды
дерек көздер қорын тарихи зерттеулерде пайдаланудың методологиялық
ұстанымдары әлі бекітілмеген. Сондықтан, бітіру жұмыстың методологиялық
негізіне қоғамдық ғылымдар аясында көпшілік сүйенетін - сыни және тарихилық
принцип негізге алынып отыр. Тарих ғылымының ортақ принциптерін басшылыққа
ала отырып, Қазақстанның өткен тарихына далалық тарихи дәстүрді ұстанушы,
қазақ қоғамындағы халықтың дүниетанымы тұрғысынан зер салуға талпынамыз.
Танымал тарихшылардың ғылыми-зерттеу әдістері, тарихи фактілерді
орынды пайдалану, тарихи оқиғалардың дамуын хронологиямен қабыстыру,
қолданылған әдебиеттерге дұрыс сілтеме жасау т.б. басшылыққа алынды.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы. Курстық жұмыс қазақ ауыз әдебиеті
үлгілерін оқыту жолдарын зерттеуге талпынған еңбек болып отыр.
Мұндай асыл мұрамызды зерттеп тарих ғылымының қажетіне жарату бүгінгі
таңдағы басты міндетіміз.
Менің (Ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту жолдары( тақырыптарындағы
көтерілген тақырыптың күрделігімен, келтірілген фактілердің қызықтылығымен
оқушы көпшіліктің назарын аударар деген үміттемін.
Құрылымдық жағынан, бітіру жұмысы кіріспеден, 3 тараудан,
тараушалардан, қорытынды бөлімнен және пайдаланған әдебиеттер тізімінен
тұрады.
"Кіріспеде" зерттеу жұмысы тақырыбынның маңыздылығы ашылып, зерттелу
деңгейі, мақсаты мен міндеттері сараланған. Сондай-ақ, бітіру жұмысының
деректік көздері, ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңызы көрсетілген

1 АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ – ҚАЗАҚ ТАРИХЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

1.1 Айтысты оқыту әдіс-тәсілдері

Біз осы бөлімшеде жұмысымызда қазақ халқының халықтық дәстүрінде
сақталып келе жатқан ақындық сөз сайысы – айтыс өнерін мектеп оқушыларына
қалай жеткізудің тиімді әдістерін түсіну мен түйсіну жолдарын қарастырамыз.
Сол арқылы оқушының асқақ сезімін оятып, халықтық дәстүр арқылы тәрбиеге
баулимыз.
Оқушыларға қазақтың ақындық, күйшілік тұрмыс-салт дәстүрлерін
тереңірек оқытуды қамтамасыз ететін ғылыми-педагогикалық ізденістер жасау
басты мақсатымыз болып табылады.
Оқушылардың ақындық айтыс өнеріне деген түсінігін молайту. Өнерге
деген қызығушылығын арттыру арқылы олардың ұлттық танымын арттырудың
педагогикалық жолдары көрсетіледі.
Айтыс өлеңдері – қазақ ауыз әдебиетіндегі ең мол жанрдың бірі.
Айтыс деген атауы – айтысу, тартысу, дауласу немесе жарысу, сынасу
мағынасында қолданылады. Бұрын үлкенді-кішілі кезінде шешендер айтысы
болған. Ақындар айтысы өлеңмен айтыс. Анығында өлең жарысы, өнер жарысы
есебінде қолданылады.
Ақындар айтысы – көпшілік алдында, тыңдаушы, сыншы жұрттың көз
алдында туып, орындалады. Әнменен немесе әр ақынның арнаулы сарынымен
домбырамен немесе т.б. музыкалық аспаппен айтылады. Ақындардың осылай
кезектесіп, жауаптасатын суырып салма өлеңдері, екі жақты айтыс болады.
Мұнда тыңдаушы жұрт құр естіп қана қоюшы емес, ол бір жағынан
айтысушылардың сөздерін сынаушы, қорытушы болып отырады. Ақындардың бірі
жеңіп, бірінің жеңілгеніне төрелік айтушы да сол жиынның өзі болады.
Жарысқа түсуші ақындар тапқырлықпен, өнерпаздықпен кезек шабуыл жасап
қақтығысулары арқылы тыңдаушыларын әр алуан дәрежеде қызықтырып, еліктіріп,
неше түрлі құбылыс күйлерге салып отырады.
Қазақ ауыз әдебиетінде айтыс жанры есте жоқ ескі заманнан бері қарай
созылып келген. Халық сүйген жанр болғандықтан, бұл жанр Қазақстанда кең
өріс алып, мол жайылумен келді. Ең ескі айтыс түрлері қазақ фольклорында
топ-топ болып, өзінше хормен айтылатын ескі салт өлеңдерінен басталып,
содан бері келе жеке ақындар айтысына өрістеп, ауысқан тәрізді. Мезгілінде
жазылып қалмағандықтан қазір біз XVI – XVII –XVIII ғасырлардың ақындар
айтысын білмейміз, деректер жоқ. Бірақ сол ғасырларда да айтыстың мол болуы
даусыз.
Жалпы бұл жанр жөнінде келешекте болатын көлемді, арнаулы
зерттеулерде сол ескі дәуірлердегі айтыс ақындарының болсын және бергі
белгілі, азды-көпті дерек бар, аттары анықталған, сақталған айтыс жанрлары
бар ақындар жөнінде болсын істелетін ғылымдық үлкен істер бар. Ол, сол
ақындардың өмірбаяны және қолдан келгенде, барлық айтыстардың туған
жылдарын, орындарын, жағдайларын түгел мәлім ететін материалдар жиналып,
жариялануы шарт. Содан айтыс жанрының көп қазынасы зерттеуші үшін мол
материал толық құралған болады.
XVIII ғасырдың соңғы жарымынан бастап, ХІХ-ХХ ғасырдағы айтыстар және
кеңес дәуіріндегі айтыстар жазылып алынған түрлерінің, үлгілері өздеріне
қарағанда да қазақ фольклорының мол саласының бірі осы жанр екендігін
танытады.
Шынында Жанақ, Сүйінбай, Көже, Түбек, Майкөт, Қабан, Құлмамбет,
Жамбыл сияқты талай елдерге атақтары жайылған ақындарды алсақ, солардың
өмір бойы қолданған негізгі ақындық жанр көбінесе айтыс екені білеміз.
Бұлар ұзақ өмір жасаған ақындар болуымен қатар, барлығы да айтысқа ерте
араласып, 15-16 жастарынан ақындық өнерлерін бастайды. Олардың ел жадында
сақталып қалған ірі айтыстарынан басқа, әрбір қынаменде, ойын-сауық, айт
пен тойда, ас мерекеде, тұстас ақынмен жас-желең, қыз-келіншектермен
қақтығысып айтысқан үлкенді-кішілі, әзіл-күлкілі айтыстарында сан жоқ. Сол
айтыстардың бәрінде шын ақындар бірінің айтқанын қайталаған емес.
Айтысқа түскен суырып салма ақын тегінде өлең таба алмағандықтан
немесе ұйқас таба алмағандықтан жеңілмейді. Жеңілгенде ұтықты дәлелден
атсырап, жүйеге жығылып, дау сөзінің логикалық жағынан ұтылып барып
жеңіледі. Жеңуші жақ өзінің қарсы ақынына, бет бұруға, жалтаруға ерік
бермей, өмірлік логикалық бір шындықтар табады. Дәлелдермен тұсап, тұқыртып
буып тастайды. Ондай өмір шындығы дауласуға келтірмейтін, айқын, мықты
дәлелдер құр шешендікпен, құр ұйқас сөздермен айтқанмен әлсіремейді,
мұқамайды. Сондықтан көлденең тыңдаушы-сыншы жұрт та, жол білетін ақын өзі
де, бұл тартыста жеңілгендікті айқын ұғынып, еріксіз тоқтайтын болады.
Айтыс жанрын өз ерекшеліктерімен талдауда бұл жай да айрықша ескеріп
өтетін, негізгі мәселенің бірі.
Сонымен, айтыстың табиғи белгі-сипаттарын жинақтай келіп, оның
мазмұндық жағынан төмендегіше жіктелетінін көреміз:
1. Әдет- ғұрып айтысы:
а) Жар-жар,
б) Бәдік
2. Қыз бен жігіт айтыстары
3. Қақтығысулар
4. Ақындар айтысы:
а) Ру айтысы,
б) Дін айтысы,
в) Жұмбақ айтысы,
г) Жазба айтыстар.
Айтыстарда талай жүйрік дүл-дүл ақындар өзінің білгір тапқырлығымен,
шешендігімен суырылып шығып көзге түсті. Әрине, жаңа өмірдің талап-талғамы,
міндет-мақсатына орай ақындарда бір сәт тосырқау да болмай қалған жоқ.
Мұның ақыры алдын ала айтысушыларын біліп алып, онымен жазып айтысу әдеті
пайда болды. Тіпті газетте жариялап, соны теледидардан оқып беру кең өріс
алды. Бұл – айтысты дамытатын үрдіс емес, керісінше қалыпты дәстүрге жат
бағыт берді. Осыған орай айтыстың қайта жандануына күдік білдірушілер саны
көбейе түсті. Сол себепті М.Әуезов , Ғ.Мүсірепов, Е.Ысмаилов секілді
кісілер 1961 жылы Қазақстан академиясы Әдебиет және өнер Институтының
ұйымдастыруымен өткен айтысқа дәстүрлі суырып салма сипатына оралуға кеңес
берді. Айтыс алғаш рет туған өз арнасына түсіп жаңа бағыт алды. Осыдан
бастап кейінгі айтыс ақындарының жаңа легі өмірге келді. Бұл тұста, Манап,
Әсімхан, Әбікен, Қалихан, Шолпан, Әселхан, Қонысбай, Надежда секілді
ақындар көзге түссе, кейіннен мұзаррап, Кенен, Болман, Есдәулет, Көшен,
Ғайып, Ілияс, Қайып, Шашубай секілді жүйріктер халық құрметіне бөленді. Ал,
тәуелсіздік жылдардағы айтыста Мэлс, Мұхаметжан, Бекарыс, Айнұр, Әбілхайыр,
Ақмарал, Аманжол т.б. мәдениетті де білімді майталман ақындардың жұлдызы
жанып, аты әйгіленді.
Бүгінгі айтыс түрлі кезең, асулардан өтіп кемелденіп келеді. Мұның
ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның еңбегі қай тұрғыдан алсақ та құптауға
тұрарлық. Айтыс секілді халық бойындағы құдай берген телегей теңіз дарынды
қадірлеп, оған арналып алқалы мәжілісті ұйымдастырулар өтіп жатыр.

1.2 Біржан – Сара айтысын оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері

Қазақ фольклорында даңқты болған, мол жайылған айтыстың бірі Біржан
мен Сараның айтысы өзге көп айтыстардан ауыздан-ауызға көшіп жүруден басқа,
бұл айтыс бірнеше рет кітап болып та басылды. Ақындық көркемдік, көлемділік
жағынан қарағанда Біржан мен Сараның айтысы – қазақтың ауыз өнерінің үлкен
мұрсы.
Біржан мен Сараның айтысы болған жоқ, болса сақталмай қалып қойған
бұл айтысты шығарушы Әріп ақын деген де пікірлер бар. Бұл – қате пікір.
Анығында Біржан мен Сараның айтысы болған. Бірақ дәл қалпында, толық
күйінде, алғашқы айтысқан жердегі қалпымен түгел сақталған жоқ. Кейін
көпшілікке өз реакциясымен айтып беруші Сара болады. Олай болса, ең әуелі
бұл айтыстың көп көлемінде, мол еңбек етуші Сара болады. Ал, кейін сол
Сараның айтқаны да көпке дейін ауызда жүреді. Көп айтушы ақындардың аузынан
өтеді. Осылайша, хатқа түскенше бұл айтыс көп өзгерістер көреді. Осындай
айтушының және ең алғаш хатқа түсірушінің бірі Әріп болады. Әріп өзі ақын
және қазақша-орысша оқыған адам. Ақындығы, шешендігі, тапқыр тілділігі бар
ірі ақынның бірі. Рефолюциядан бұрын баспаға беруші сол Әріп хатқа түсірген
Біржан Сара айтысын бұлжытпастан, өзгертпестен береді.
Біржан мен Сара айтысының басқа айтыстардан өзгеше болатыны – мұнда
белгілі бір тартыстар жеріне жете талданумен қатар талай ірі мәселенің
іргесі қозғалады.
Айтыстың бас тақырыбы – әйел теңдігі, әйел бостандығы, ал соған
жанасып, жарасып жатқан әлденеше салмақты, тың тақырыптар да бар. Бұл
жағынан алғанда, айтыс толғамы кең, адамгершілік, жеке адамның тағдыры,
бақ, ақындық әдет, салт, шаруа, кәсіптер, жер, қоныс сияқты мәселелердің
бәрін де Біржан мен Сара сарапқа салады.
Айтыс – майдан, айтысқан ақындар майданның батырлары. Жеңу үшін қатты
шабуылдар жасаса да мін емес. Сондықтан Біржан Сараға найзасын қатты
сермейді. Әйтседе Біржан Сараның қара басын қорламайды. Біржанның балауынша
Сара – осы тұстағы адамдардың артығы. Оны ел ұлға балап сөйлетіп отыр, сол
бір ортанығ бұлбұлы – сөйлер сөзге жаннан артық тыста тыңдап тұрған жан
оның даусын фортепиян күйі деп ойларлық, айбаты ғаламға айқын ай
бедерлі, Сара асыл, оны дүниеге сатуға болмайды.
Осы қасиеттердің барлығы бір Сараның басында болған соң, Біржанның үш
жыл бойы ұдайы құмартуына таңырқауға болмайды. Алдына жан салмаған Біржанға
Сараны да жеңу мұрат. Бірақ ол Сараны көруді, тілдесуді, сырласуды арман
етіп келеді. Сараны жеңетін жағын ол ерте болжайды.
Он бір кісі жолдасып ертең түсте,
Біржанның қарық боларсың олжасына, –

деп алдын ала Сараны ықтырмақ болып, сескендіре сөйлеуге тырысады.
Ұлға балап сөйлеткенмен, Біржан өзіне сөзі теңдес, барабар деп айтқалы
келе жатқанмен, Сара басы есекке қосақтаулы. Ол Жиенқұлдай өзінен кем
адамға сатылып қойған. Жалпы қазақ әйелінің ауыр халі Сараның басында
дерттей төніп тұр. Бұл күңдік, еріксіздіктен ол құтылмақ емес. Ендеше дәл
осы жерден оның жеңілетіні даусыз.
Бірақ Біржан салған жерден Жиенқұлға жабыспайды. Әуелі Сарамен өнер
жарыстырады. Өлер жерің осы ғой деп Біржан талай түйіліп келгенде, Сара
тойтарып тастап, аспанға шарықтай береді. Он ақынды ескермеген Біржанның
асқақ көңіліне Сара қадалған оқтай тиеді. Салмақтасып келгенде екі ақынның
күш қарқыны қарайлас сияқты. Амал не, Жиенқұлға келгенде үні шықпаған Сара
жеңіліп, Біржанға жолын ұсынады.
Тартыс майданы бітіп, жай жапсарды сөз қылған Біржан Сараның мүшкіл
халіне налиды:
Шырағым, Сара, сендей тумас бала,
Шежіре туамысың мұндай дана.
Обалың Есімбек пен Тұрасбекке,
Жігітің жөндеу екен, ой, бишара!
Ел-жұртың қорықпайды екен көз жасыңнан,
Қиып кеткім келмейді мен қасыңнан,
Кемітер қай жеріңді дұшпан шіркін.
Адамзат озар емес өз басыңнан, –

деп Біржан өз ойларын түйе келіп бергені зор баға болады.
Теңдік есесіне ұзақ айтыстың бұл тұсынан Біржан надандықтың қара күш,
қатал зорлығына сыншы би болып төрелік айтады.
... Законде зорлық болмас жақсы адамға,
Жақсыны қор қып болмас бір жаманға.
Және де аят пенен хадисте бар,
Жылатып берме деген еш наданға.
... Байлаулы бала құстай Сара сорлы,
Жоқ екен осы күні бұдан жаман, –

дейді.
Әйел теңдігін, жастардың бас бостандығын Біржан жиын алдына үлкен
әлеуметтік талап етіп тартады. Бұл айтыстың түйіні осы болғанмен көп
жерінде ру таласы да бар. Ол тұстарда екі ақын да рушылдық феодалдық
санадан аса алмайды. Екеуі де руларын мақтау үстінде, сол заманғы үстеп тап
өкілдері болған, зор әкімшілік, байлық иесі болған және халыққа көптен көп
қанаушылық қысымшылық қиянат жасаған шонжар ру басыларды, әкім төрелерді
көп мақтасып кетеді. Айтыстың бұл бұл бөлімдерінде Біржан – Сара айтысы
ескі рушылдық-феодалдық санадан ұзап шыға алмайды.
Айтыстың егес, тартысы үстінде оқта-текте әкім жуандарға айтқан сын
сөздерінен шығып Сара:
Ей, Біржан, шыдамаймын қылығыңа,
Мақтанба Құсбек, Сартай ұлығыңа.
Үстіне Жамантайды сомдап қоссаң,
Барақтың пар келмейді сынығына.
Ұстаған Тобықтыны дүре соғып.
Аққан қан ат суарған тұнығына, –

десе де, өзге көп жырларында екі ақын, өз руларының бай шонжарларын
көпіртіп, көтеріп, сынсыз түрде тарихи шындыққа қарсы дәріптей береді.
Ру таласының тұсында Біржан қақпақылап отырып Сараның Найманға
арналған мақтан сөзін түгел сарықтырады. Сөйтіп жүйеге жығатын жерін мықтап
ұстайды. Найманның жақсы жайсаңдары Сара мақтағандай-ақ болсын. Бірақ солар
бетке ұстаған Сараны теңіне бермей, есекке қосақтаса, олардың асқандығында
не игілік бар. Найманның бар ұлығын қорғап, мақтап отырған Сараны осы тұста
тұйыққа әкеліп қамағанда, қыз жүйден ұтылып тұрып қалады. Ақындық өнер,
өлең жарысында тең түсіріп отырған Сара Біржанның жетелеуімен торға түсіп
қалғанын байқамай да қалады. Біржан оны ақындық өнері асқандықпен жеңбейді,
шебер, тәсіл асырумен жеңеді.
Баржан – Сара айтысындағы ерекше зор бір қасиет мұнда ақындық,
көркемдік теңеулер күшті. Сол бейнесі мол көрікті шебер өрнектер Біржан мен
Сараның өздерін бейнелеп сипаттауға, ақындық қуатты суреттеуге арналады.
Сондай теңеу, бейнелеуді тізсек мынадай болып шығады.
Біржан – орта жүздің сайраған бұлбұлы, жер шаршысын болжаған
майталман, сөз бедері алтын менен күмістің нақысындай, жерге түспейтін
мұзбалақ, ақиық, алқымы ісіп, тынысы тарылмайтын арғымақ, өлең жаттап
ғаламға мәшһүр болған, орта жүзді сандалтып әнмен қырған, тоты құстай
құбылады, тұмарлаған жібек жалды арғымақ, нөсерге өшпес жалын, алмас
кеспес болат, аспандағы аққумен ән қосады, қасқырдай таймас қанды көз,
Алтайдың мергені, ақмарал құтылмайды, әні он екі звот, өлгенше
есіңнен кетпейді, Қырымға қарайтын қыран құс, тұяғы тиген қасқыр
оңбайтын ақиық, алдына жүйрік түспес тұлпар, Рүстем дастандай өнерпаз
адам, меңгеріп ала алмайды, қашан өлгенше, жүрген жері күнде той, күнде
жиын болатын ел думаны.
... Сен дағы жас күніңнен ардагерсің,
Құрбың мен жеткізбеген құрдасыңа.
Бейне гормон даусындай көмейің бар,
Әніңнің қазақ жетпес бұрмасына.

Сара – бәйгеден күнде келген жалғыз қара, адамның жүйрігі, жел
сөзге одан епті адам жоқ, он үште домбыра алған екен, содан бері
сүрінбеген, шаршы топта Біржан әнді дуылдатып тұрғанда, жасқанбай далаға
шыға келгенде, жиналған жүр таң қалып қарайды, қыз болса да елі Біржанға
балайды, екі жүзді наркескен, қамысты терең көлдің қаңғыған қаршығаға
ілдірмес сұқсыры, өлеңді Самарқан жібегіндей ағытады, үйрек боп тереңге
шошумен қатар, ақиық болып түлеп ұшқан, қарсыласқанның топшысын қанатымен
сындырады, сөз жезін алтындай қылып келістіреді, шеберден мін алатын
мініскер, желді күні дуға салса,а ақын түгіл ұшқан құс та ілескісіз.
Өз бейнесін Сара былай сипаттайды:

Өз басым ұрғашының қызыл тілі,
Иранбақ бет бітісім піскен гүлі,
Біржан сал ажал айдап өзің келдің,
Іздеуге ойланып ем өткен жылы.
Майысып нәзік белім бұраң қаққан,
Қырық түрлі дана кеудем өнер тапқан,
Сөйлесем май тамызған бұлбұл тілім,
Секілді гауһар сағат нақыс жапқан.
Ажымсыз он саусағым бәрі аппақ,
Болғанда аузым сағат, ернім қақпақ.
Кірі жоқ отыз тісім меруерттей,
Ерінбей тіздіргендей адамзатқа-ақ.
Мойыным сұңғағындай жүзген қудың,
Лебізім шырынындай шәрбат судың.
Қаққанда төңкерілген қас бітімім,
Ашылған айбатындай жібек тудың.
Тамағым жас баланың білегіндей,
Иығым тік сандалдың тірегіндей.
Бет алдым қоңыр қаздың кеудесіндей,
Тал бойым жолбарыстың жүрегіндей.

Басында жамандасып, сөйлесіп-шекісіп барып, бірінің бірі затын тани
келе ұғысқан, тоқтасқан Біржан мен Сара әр заманның сап алтындай асылы бар
дейді. Олар айтысының түп мазмұны бойынша ақын әділдік, адамгершілік
қорғаны, қамқоры болуы керек. Соның белгісі айтыстың басынан аяғына дейін
ұзақ желідей болып созылған әйел теңдігі, бас бостандығы деген мүдде,
арманға саяды. Бұл айтыстың , жоғарыда айтқандай салт саналық жағындағы
ескішілдік, кемшілік, қайшылықтарымен адамшылдық арың мынаған не үн
қосады дегендей әркімнің жанына батар осындай қоғамдық, тарихтық маңызы да
бар.

1.3 Шешендік сөздердің ерекшеліктері және оны оқытудың тиімділігі

Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің күрделі де көркем бір саласы
болып табылады. Қазақтың дәстүрлі шешендік сөздерін: шешендік толғау,
шешендік арнау, шешендік дау деп шартты түрде үшке бөлуге болады. Шынайы
шешендік қиялдан тумайды, өмірлік оқиғалардан, табиғи құбылыстардан туады,
көп жылдық тәжірибе мен сан рет қайталау арқылы сыннан өтіп халық
мойындаған қағидаға, даусыз ақиқатқа айналады. Оның үстіне әр дәуірдің әр
түрлі сөз шеберлерінің талғамынан, толғауынан өтіп шешендік сөз “тілге
жеңіл, жүрекке жеңіл” тиетін сүйкімді үн мен ырғаққа ие болады. Шешендік
сөздер үш түрлі болады: кеңесу, билік және салтанатты сөз. Ал құрылысы
жағынан кіріспе, баяндау және қорытынды болып бөлімнен тұрады.
“Өнер алды – қызыл тіл” деп қазақ бекер айтпаған. Қоғам тарихына
көзсалсақ, қай халықтың болмасын күрделі қоғамдық, мемлекеттік
қайраткерлері, қолбасылары, ғалымдары ойға шебер, тілге шешен болғанын
байқаймыз.
Қоғам қашанда дарынды қабілетті адамдарға мұқтаж. Дарынды адамдар
қатарын көбейту үшін олардың сөйлеу тілі және танымын дамыту керек.
Сондықтан біз, мұның негізі халқымыздың даналықпен айтқан шешендік
сөздерінде жатыр деп қарастырдық. Қазіргі кездегі оқу-тәрбиенің міндеті осы
тың жатқан дүниені, даналыққа құрылған қанатты сөздерді, мақал-мәтелдерді,
шешендік өнерді жас ұрпақтың бойына қалыптастырып, сол арқылы рухани
байлығын арттыру.
Қазақ жұрты – жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Оның қиыннан
қиыстыра, төтеден төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі,
аталы да баталы, нақыл, қомақты ойлары жөнінде өзіміз де, өзгелер де таңдай
қағып айтудамыз. Қазақ шешендік өнері- атадан мирас болып, алтын баулы
желісі үзілмей келе жатқан ардақты өнер. Теңіз тербеп тереңінде шайқалған
інжу маржандай ғасырлар бойы халық жадында сақталып, жұпталып көптің
көкейіне орнаған шешендік сөздер шешендердің даналық сөздерінде ашылады,
айқындалады, ал шешендер әлденеше ұрпақтың сана сезімін аралап, көптің
көкейіне қонақтаған ойлы, сырлы сөздерді жаттап, жадында сақтайды керекті,
келеңді жерінде жаңартып кәдеге жаратады.
Шешендік сөз – адамзат тарихындағы рухани материалдық мәдениеттің
дамуының негізгі құралдарының бірі шешендікке құрылған әңгімелерді,
аңыздарды және өлеңдерді бастауыш сыныпта оқыту бала тілін ұштайды, сөздік
қорын байытады, өмірге деген көзқарасын оятып, дүниетанымына жол ашады [2].

Бастауыш сынып оқушыларына қазақ халқының атақты шешендері Қаз дауысты
Қазыбек, Төле, Әйтеке билерді ана тілі пәні арқылы таныстырып, олардан
қалған құнды да мол мұраларды оқыту, ұлағатты сөздерін жатқа айтқызу –
уақыт талабы [3].
Ғалым – педагог Ы. Алтынсарин нақыл сөздерді жинады және оларды
жариялады. Ол өзінің хрестоматиясына “Ізбасты”, “Байұлы”, “Жәнібек батыр”,
“Жиренше шешен” тағы басқалардың көргендікке, тапқырлыққа құрылған “даналық
әліппелерін” енгізіп, кезінде оларды оқуға ұсынған. Алғашқы ұстаз аталы
сөздің құндылығын сол кезде–ақ білген.
Шешендік сөздерді тұңғыш зерттеушілердің бірі - М. Әуезов болса, 30-
жылдары оларды іріктеп, жинап, халықтың керегіне жаратуға үлес қосып,
қамқор болған, асыл сөздерді оқырман қауымға ұсынушы және балаларды
ізгілікке тәрбиелеуде таптырмас құрал екенін оқытушы С. Сейфуллин болды.
Сәкен Сейфуллин өзінің “Қазақ әдебиеті” дейтін кітабында шешен билердің
әлеуметтік қызметтерін, шешендік сөздердің ауыз әдебиетінде алатын орнын
анықтап, бірсыпыра нұсқауларын жариялады.
Одан кейін қазақ шешен сөздерін арнайы зерттеген ғалым Әмина Маметова.
Ол өзінің “Қазақстан шешен билерінің сөздері және қазақ әдебиетіндегі оның
орны” кандидаттық диссертациясында белгілі қазақ билерін атап, олардың
аттарынан айтылатын сөздердің әдебие мәнін толығырақ анықтай түседі.
Сонымен, ана тілі сабақтарының танымдық мақсатына мыналар ескерілу қажет:
1.Шешендік сөздерді халқымыздың қадір тұтуы
2.Шешендік сөздердегі ұлттық мәдениет және парасаттылық
3.Асыл сөздің астарындағы ұлағатты сөздер
4. Дау-жанжалдардың бітімін екі –ақ ауыз сөзбен шешіп, ел мен елді
бітістіріп, жарастырып келелі мәселелерді тындырып отыратындығы
Билер мен шешендердің көрегендігін, даналық сөздерін оқытып, жатқа
айтқызу жас ұрпақты шешендікке, ата-бабадан қалған мол мұраны игертуге
баулиды.
Қазақ шeшeндiк сөздeрi — бастаy алар қайнар бұлақтарын түркiлiк
танымнан түптeн тартып, өзiндiк ұлттық eрeкшeлiктeрдi, қасиeттeрдi бойына
жинақтап, көркeмдiк қyатымeн, ғибраттық сарынымeн дараланған, сондай-ақ, ас
бай поэтикалық тiлiмeн өзгeшe қалыпта көрiнгeн, халқымыздың рyхани азығына
айналған көркeмдiк құбылыс.
Бүгiнгi қолымызға жиналған мәлiмeттeрдi саралай кeлгeндe шeшeндiк
сөздeрдiң көлeмiнiң тым аyқымды, iшкi жанрлық түрлeрiнiң дe алyан түрлi
eкeндiгiнe, классикалық әдeбиeттiң кeлeлi мәсeлeлeрiн шeшyдe кәдeгe асып
жатқан шығармалар eкeндiгiнe көз жeткiздiк.
Бастауыш сыныптарда шешендік сөздерді оқытудың негізгі мақсаты
бастауыш сынып оқушыларының өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын,
жауаптаса алатын тұлға деңгейіне көтеру, яғни ұлттық шешендік сөйлеудің
айла амалдарын шешендік өнердің сыр мен сымбатын, тапқырлықты, тақырыптық
тәсілдерді қолдану бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру.
Оқушыларға шешендік сөздерді туралы сөз қозғағанда ең алдымен
мұғалімге назар аудару керек. Мұғалімдер күнделікті сабақ беру үрдісінде
шешендік сөздерді орынды жерінде ойын дәлелдеуде дәнекер етсе, оқушыларды
тілге шебер ойы орамды мәдениетті сөйлеуге тәрбиелейді.
Бір сөзбен айтқанда бұл зерттеудің жаңалығы – оқушылардың шешендік
сөздерді меңгеру нәтижесінде сана-сезімі мен ақыл ой ұшқырлығы, сөз
шеберлігі, дұрыс ойлау жүйесін қалыптасатын, төменгі сыныпта шығармашылық
қабілетін арттыруға болады.
Қорытындылап қарасақ, шешендік сөздерге халық даналығы, инбаттылық пен
ізгілік нышандары жатады екен.
Шешендік сөздердің бастауыш сыныпта, балаларға, олардың тілін
дамытуға, сөздік қорын байытуға қаншалықты қажет екенін көріп отырмыз.

2 АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ ҮЛГІЛЕРІН ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ

2.1 Қазақ халқының тәлімдік құралдарының бірі – ауыз әдебиеті

Халық ауызекі шығармашылығының балалар мен ересектер тәрбиесінің
таптырмас құралы, әдіс-тәсілі, құнды адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыратындығын ескере отырып, бала тәрбиесінде дұрыс пайдалану арқылы
жетілдіруді көздейді, сонда ғана Қазақстан Республикасының егеменді ел
болуымен байланысты ұлттық мәдениетті марапаттау, халықтық педагогиканың
қағидаларын балаларлардың бойына дарыта, адамгершілік, ізгілік рухында
тәрбиелеу талабын шешілері сөзсіз.
Қазақ халқының ауызекі шығармашылығы біздің ұлттық болашағымызды,
халықтық қасиетімізді өзімізге де, өзгеге де жазбай танытатын асыл мұра,
сол арқылы ата-бабаларымыздың тәрбиелік мирастары негізінде жас ұрпақты
адамгершілікке, адал еңбек, өнер-білімге баулу, өмірге бейімдеу, отбасының,
ауыл аймақ, Отанының намысын қорғау сияқты ізгі қасиеттерге тәрбиелеуге
мүмкіндік туады.
Жас жеткіншектерді патриоттыққа тәрбиелеуде, туған жеріне, еліне деген
сүйіспеншілік сезімін оятуда Жекен жерінде көгерер, ер елінде көгерер,
Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас, Өз елімнің басы болмасам
да, сайының тасы болайын, Елінен безген ер оңбас, көлінен безген қаз
оңбас, Отансыз адам – ормансыз бұлбұл т.б. мақал-мәтелдердің құндылығы
орасан зор.
Адамгершілік қасиеттердің ішіндегі ерекше құндыларының бірі –
ізеттілік, ал оның басты белгілері кішіпейілділік, қайырымдылық,
адамжандылық болып саналады. Қазақ халқының мақал-мәтелдеріне балалар
түсінігіне сай қайырымдылық, кішіпейілділік, адамжандылық, жақсылық,
ізгілік тәрізді қасиеттерді уағыздайтын даналық ой толғам өзек болған.
Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет, Кішілік пен кісілік – ұлылықтың
белгісі (Махмұд Қашғари), Адамдықтың белгісі – иіліп сәлем бергені, шын
достықтың белгісі – көп кешікпей келгені, Жақсы болсаң – жақын көп,
Ұлық болсаң – кішік бол т.б. мақал-мәтелдер сондай тұжырымдарға құрылған.
Сонымен қатар халық ауызекі шығармашылығы ол қазақ поэзиясының
бөлінбес бір бөлшегі іспетті қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, шешендік
сөздер, айтыстар, ертегілер, аңыздар, жұмбақтар мен жаңылтпаштар.
Ол-жан сезімімізді толқытып, ойымызға ой қосатын, қиялымызға қанат
бітіретін халқымыздың рухани байлығы мен болмысы өмір-сүру әндері мен
сыршыл күйлері, ұлттық ойындары, осы кезге дейін тәлім-тәрбиелік қадір-
қасиетін жоймаған салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары, адалдыққа, тазалыққа,
әділдік пен мейірімділікке баулитын ырым-тиымдары. Олар арқылы халық ұл-
қызын күллі жаман әдеттен тиып, ең жақын нышандарға үндеген.
Қазақ халқының тәлімдік тиімді құралдарының бірі-ертегі, қисса. Оларда
халықтың тыныс-тіршілігі, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері, бақыт жолындағы
күресі, адамдардың өзара қарым-қатынастары мен мінез-құлықтары, өз халқына,
Отанға, туып өскен жерге, оның табиғатына сүйіспеншілігі бейнеленген. Қазақ
ауыз әдебиетінде айрықша орын алатын мақал-мәтелдер-адамның бүкіл тыныс-
тіршілігінен, әдет-ғұрыпынан, түсінік-болмысынан туындаған байлаулы ой
түйіндері. Мәселен:
Жақсы адам – елдің ырысы
- деп адам қасиетін білдірсе:
Бейнет түбі – зейнет
Еңбек етсең – емерсің, – деп еңбек туралы:
Оқу – білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы, – деп білім туралы,
Ер елін – Арым деп сыйлайды.
Ел ерін – Нарым деп сыйлайды, – деп ерлік туралы.
Бірлік болмай – тірлік болмас, – деп татулық-бірлікті
Әдепті бала – арлы бала
Әдепсіз бала – сорлы бала, – деп көргенділікті.
Мақал бойындағы тапқырлық пен өткірлік, бұлтартпас дәлдік қазақтың
тәлім-тәрбиелік құрамы ғана емес – дауға да, жауға да тоқтам салған қаруы
болған. Абайдың әкесі Құнанбайдың: Ұтымды мақал кейде бір даудың түйінін
шешеді, кейде бір жаудың тілін кеседі деуі осыдан болса керек.
Ал мазақтамалар – халқымыздың балалар бойында кездесетін ұнамсыз
қылықтарды дер кезінде мінеп-шенеп, түзетіп отыру үшін қолдаған қысқа сықақ
өлеңдері.
Мәселен: Жаман бала жантая кетеді, Жұмсасаң шалқая кетеді.
Немесе:
Қомағай ішінен қағынады,
Тентек тісінен қағылады.
Мазақтамалар әдетте, балалардың өз аузымен айтылып, бірі екіншісінің
кемшілігін осылайша сынап-мінеп, оның кемшілігін түзетуіне септігін
тигізеді.
Сол сияқты жаңылтпаштар да бала тәрбиесінде өзіндік орын ерекше
жанрлардың бірі. Ол баланың сөйлегенде кекештенбей, тұтықпай, жаңылмай
дұрыс та еркін сөйлеуіне: сөйтіп, ана тілін игеруіне қызмет етеді. Бір
қызығы халықтық жаңылтпаштар қаншалықты айтуға күрделі, тілге күрмелеулі,
шатыстырғыш шытырман ұйқасты болып келседе, мазмұнында бір мән, халықтың
тұрмыс-салтына үйлесімді ой жатады. Тез айтудың қиындығы да сол жаңылтпаш
сөздерін анық айтып, ішкі мәнін аша білуде.
Мәселен:
Қара майлы қарағайды
Кесейін бе, кеспейін бе?
Қазықтағы қара тайды
Шешейін бе, шешпейін бе?- деген жаңылтпаш ауыл өмірінен алынған. Халық
тәрбиесінде баланың ақыл-ойын дамытып, ой-өрісін кеңейту, тілін ширату үшін
жұмбақтар кеңінен қолданылған. Онда өмірде кездесетін заттар мен кәсіп,
тіршілікке байланысты ұғымдар, табиғат құбылыстары, аспан денелері, жер
әлем өздеріне тән белгілері арқылы бейнеленеді. Айтылған нәресенің сол
сипаты мен белгілері бойынша балалар оның шешуін табады. Мысалы, жұмбақ
айтушы адам:
Ұшарымды жел біледі,
Қонарымды сай біледі, десе, оны шешуші сыр-сипаты бойынша, оның қаңбақ
екенін анық аңғарады.
Немесе:
Көк көйлекті жеңешем,
Көлбең-көлбең етеді.
Жер түбіне жетеді, – десе, оның көк түсіне, көлбеңдеп ұшуына қарай
түтін екенін аңғарады. Жұмбақ адамның зерделеу қабілетін жетілдіреді,
тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ойшылдыққа үйретеді.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты әрбір тәрбиеші Қазақстан
Республикасының үшінші мыңжылдықтағы жаңа әлеуметтік мәдени жағдайына орай,
адамгершілік тәрбиесінің мақсатына, мазмұнына, түрлеріне, әдіс-тәсілдерінің
ауқымды өзгерістеріне байыптап қарап, бағамдау үшін тәрбиеленушілерге
тәрбие берудің тарихи-философиялық, педагогикалық мәселелерге аса зор мән
берген жөн.
Қазақ халқы өзінің сан ғасырлық тарихының даму барысында жан-жақты
дамыған адамгершілікті тұлға тәрбиелеуге ерте кезден-ақ зор мән берген.
Мәселен, бала дүниеге келген кезден бастап айтылатын бесік жыры, тұсау
кесер, атқа мінер, санамақ, мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаштар, ертегілер
т.с.с.
Сонымен, халық ауызекі шығармашылығының басқа түрлері сияқты, шешендік
сөздердің негізгі арқауы – адамгершілік. Ал оны бүгінгі ұрпақ қажетіне
жарата білу – бала тәрбиесімен айналысатын ұстаздың борышты ісі болмақ.
Халық балалар мен жастардың адамгершілік тәрбиесін қалыптастыруда ауыз
әдебиетінің елеулі туындысының бірі – жұмбаққа көп мән берген. Жұмбақ
қарасөз түрінде де, өлең түрінде де, айтыс түрінде де кездеседі, бейнелі
суретпен айтылады.
Кейде бүкіл бір ертегі жұмбақтан тұрады. Әңгімелі әсем жыр, дастан
атаулының талайының жұмбаққа соғып кететіні болады. Ертеде ердің даналығын,
жүйріктігін жұмбақпен сынау машық болған, – деп М.Әуезов бекер айтпаған.
Қай топтағы жұмбақты алсақ та, олардың бәрі адамның логикалық ойын
дамытып, ой-өрісін, білім қорын кеңейтіп, адамгершілік-эстетикалық талғамын
қалыптастыруға көмектеседі. Сонымен бірге қоршаған өмірдегі заттар мен
құбылыстарды таныту құралы қызметін атқарады.

2.2 Жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді оқыту әдістері

Халық ауыз әдебиетіндегі ұсақ жанрлар деп аталатын жұмбақ, жаңылтпаш,
мақал-мәтел, өтірік өлеңдердің балалар фольклорынан алатын орны ерекше.
Халықтық шығармалар ішінде баланы тәрбиелеумен қатар дұрыс айқын сөйлеуге
үйретіп, тілін дамытатын жанр – жаңылтпаш.
Жаңылтпаш – мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш мектеп
балаларларына лайық шығарма. Балбөбектің тілі шығып, балдырған жасында
сөздік қоры молая бастаған кезде кейбір дыбыстарды айта алмай немесе қинала
айтады. Мүдірмей сөйлеу үшін қиналып айтатын дыбыстары бар сөздерді бала
неғұрлым жиі-жиі дыбыстап айтып, жаңылмай жаттықса, сөйлегенде де мүдірмей,
өз ойын толық жеткізетін болады.
Жаңылпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау,
сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой-қиялы дамиды, тәлім алады.
Жаңылпаштарды тіл дамыту құралы десек, тәрбиешінің міндеті – оларды
балалардың жас ерекшеліктеріне, сауат ашу сабақтарының мазмұнына сәйкес
лайықты, орынды қолдана білу. Бұл міндетті жүзеге асыруда тәрбиешінің өзі
қазақ халқында, өзге халықтарда көркем сөзді қандай жаңылтпаштар бар екенін
жақсы білуі, әрбір ақынның жыр қоржынынан қарапайым да ойлы сипатымен бала
жанын баурап алатын, тіл дамытудың қисынды қиюластырылған көркем де қуатты
құралы – жаңылтпаштардың әр түрін сараптап, талдай алатындай болуы шарт.
Сауат ашу сабақтарында жаңылтпаштарды қолданудың маңызы төмендегі
міндеттерді шешуге әкеледі:
– әр дыбысты өту барысында оның акустика-артикуляциялық
ерекшеліктерін ескере отырып дыбыстау;
– тәрбиешінің түсіндірмесімен немесе сөздік жұмысын жүргізу
нәтижесінде мағынасы айқындалған жаңа сөз, жаңа ұғымдармен
баланың сөздік қорын молайту;
– кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз қылықтарын баяндайтын
қысқа да нұсқа, нақты бейнелі ұтымды ұйқасқан сөздер мен сөз
тіркестерінен құралған мәтін мазмұнының тәрбиелік мәні;
– өлең, ұйқас, ырғақ, бунақ, буын жөнінде алғашқы түсініктер
беру;
– шапшандыққа, аңғарымпаздыққа, жиналыққа баулу;
– есте сақтау қабілетін дамыту.
Жеке дыбыстарды таныстыру сабақтарында сол дыбыстарға сәйкес жазылған
жаңылтпаштарды тәрбиеші балаларға жаттатып, сабақты бекітерде, бой сергіту
сәтінде қолдана білгені жөн.
Мысалы, Аа дыбысы мен әрпін таныстыру сабағында оқулықтағы суретке
сәйкес жаңылтпштарды жаттатуға болады.
Ал З дыбысын өткенде Қаз – маңғаз деген жаңылтпашты, Ө дыбысын
өткенде Өркеш мәтінін оқу барысында ботаның қасиеттерін ашу үшін:
Шуақтаған ботамды
Суға апарып шудаладым.
Шудалаған шудасын
Суға салдым.
Суға малдым,
Судан алдым деп келетін жаңылтпаштардың маңызы ерекше.
Ө.Тұрманжановтың Бір қазан сүт ертегісінде құстарды түр-түрімен
таныстыру мақсатында:
Қырғи қызыл етті қылғи-қылғи
Құғынып алды
Қырғи қылғи-қылғи
Құмығып қалды деген жаңылтпаштарды қолдануға болады.
Ал Кім неден күшті? ертегісінде
Құжырыдан
Құжынаған
Құмырсқа шықты, жұмысқа асықты – деген жаңылтпаш мәтінін жаттату
әбден лайық. Тақырыпқа бағытталған осындай жаңылтпаштармен әрбір сабақ
қиыстырылып өтіліп жатса сабақ сапасы артпақ.
Рухани-адамгершілік тәрбиесін түрлі әңгіме өткізу, рөлдік ойындар
жүргізу, кішігірім топтармен жұмыс істей білу, өмірлік жағдайлар туралы
түрлі әңгімелер құрастыру, сурет арқылы бейнелеу, әңгіме оқу, оқыған
мәтінді және көрген фильмдерді талдау арқылы іске асыруға болады. Тәрбие
сағаттарында ертегі кейіпкерлерін, сондай-ақ түрлі қуыршақтарды да
пайдалану тиімді.
Адамгершілік тәрбиесіндегі басты мәселе үнемі баланың назарын өз
өміріндегі елеулі өзгерістерге бұрып, оны саналы түсінуге баулу көзделеді.
Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай, олардың көңіл-күйлерін көтеріңкі
ұстау үшін әуен, саз-күй, гүл өсімдіктер, тордағы құстар және түрлі
суреттерді орынды қолдана білу қажет.
Сонымен қатар балалардың ішкі жан дүниесіне әсер ететін жүрек (көңіл-
күй) тәрбиесін дамытудың жолдарын да қарастыру абзал. Ол үшін баланың мінез-
құлқын және отбасы мүшелерінің көңіл-күйін бейнелейтін суреттерді алдын ала
дайындаған жөн.
Балаларды айналамен, табиғатпен қарым-қатынас орнатуға баули отырып,
оларды өзін-өзі құрметтей және бағалай білуге баулудың мәні зор. Өйткені
өзгелерді және өзін құрметтеу арқылы жауапкершілікті сезінеді. Ал бұл
қасиеттер дамымаса, балалар өсе келе түрлі қиыншылықтарға тап келіп,
келеңсіз жағдайларға ұрынуы мүмкін.
Рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі басты нысана баланы құрметтеу, оның
рух иесі, бойында Жаратқанның ұлы қуаты бар – Кіші ғарыштық әлем, ғарыштың
тіршілік иесі екенін және дүние, әлеммен біртұтастығын саналы түсініп, оған
бой ұсынып, оны тәрбиеші солай қабылдауы шарт. Баланың қуат қоры мол
болғандықтан, оның өмірді танып білуге ұмтылысы зор екенін мойындап, соған
орай баланың сезімін тәрбиелеуге, сұлулықты сезінуге, көңіл-күйін реттей
білуге баулудың жолдары қарастырылады.
Рухани адамгершілік тәрбиесін тәрбиеші қалай іске асыруы тиіс? Деген
орынды сұрақ туады. Тәрбиешінің шеберлігі – баланың талап тілегіне қолдау
танытуға байланысты. Балалар үнемі жағынан сергек, еркін сезінуі тиіс.
Олардың бір-бірімен түсіністік, достық, танымдық ізденісте болуы әр баланың
дамуына ықпал етеді.
Халық ауыз әдебиеті-халық шежіресі. Қазақ ауыз әдебиеті-талай
ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Онан халқымыздың
өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымызды танимыз. Ауыз әдебиетіндегі
қиял дүниесінен туған ғажайып ертегілер, батырлар жырлары, өмір
тәжірибесінің қысқаша қорытындысы мақал-мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр
сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ-жаңылтпаштар, санамақтар,
ұлттық ойындар-бәрі халықтық мол байлық.
Сондықтан, осы мол байлықтың қайнар бұлағынан жас жеткіншектерді
сусындату, оның педагогикалық дидактикалық тәрбиелік міндеттерін ұстаздар
оқу-тәрбие процесінде орайластыра кеңінен пайдалана білу керек.
Себебі жас жеткіншектердің дүниетанымының, адамгершілік қасиеттерімен
мәдениетінің негізін қалыптастырушылардың бірі-тәрбиеші.
Халық өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін жеткіншек ұрпаққа күнделікті
тұрмыста үйреніп, бала бойына сіңіріп отырған. Өз халқының келешегіне
үңілген педагог ағартушы Ы.Алтынсарин өзінің хрестоматиясына татар
молдаларының насихаттарын енгізбей: Олар басымызды құмға толтырады,
тілімізді шұбарлайды -деп халық ауыз әдебиетінің әңгімелерін енгізді.
Жазба әдебиетінің негізін салушы классик ақын А.Құнанбаев қазақ
әдебиетінің асыл қазынасы мақал-мәтелдерді зерттеп, келешек ұрпаққа құнды
пікір айтты. Ол отыз үшінші, отыз алтыншы қара сөздерінде мақалдардың
тәрбиелік мәніне терең тоқталды. Ал ол отыз жетінші қарасөзінде: Мен егер
заң қуаты қолымда бар кісі болса, бала мінезін түзеп болмайды деген кісінің
тілін кесер едім – деп тәрбие басында яғни, ауыз әдебиетінің үлгілерін
пайдалану барысында үлгілі қасиеттер арқылы шәкірт бойындағы барлық
жағымсыз әдеттерден айыртуға болатындығын ғылыми тұрғыда дәлелдеді.
Балалардың тіл байлығын, байланыстырып сөйлеуін, қиялын байқау үшін
өздерінің білетін ертегілерін әңгімелету немесе сұрақ-жауап арқылы
шәкірттің тіл байлығы қай дәрежеде екенін байқауға болады. Жұмбақ
балалардың дүниетану қабілетін дамыту, тапқырлыққа баулу мақсатымен
үйретіледі. Мысалы: үй жануарлары тақырыбында:
Кезекті бір жануар
Үстінде екі тауы бар
Математикадан қолданған ауыз әдебиетінің бір бөлігі санамақтарда
баланың ойлау жүйесін жетілдіріп, оның желілі нұсқалары тапқырлықты
танытуға құштар етеді. Мысалы:
Бір дегенің-білеу
Екі дегенің-егеу
Үш дегенің-үскі
Төрт дегенің-төсек
Бес дегенің-бесік
Бала – болашақтың адамы, жаңадан қалыптасып келе жатқан ел азаматы.
Сондықтан қазіргі қоғамның жаңару жағдайы болашақ ұрпақты тәрбиелеуде тұтас
педагогикалық процестің барлық саласында халықтық педагогиканың озық
идеялары мен тәжірибесін кеңінен қолдануды талап етеді.
2.3 Қазақ әдебиеті пәні бойынша батырлар жырын оқытудың жаңа
технологиясы

Қазақстан Республикасының барлық мектептерінде қазақ әдебиеті пәні
бойынша батырлар жырын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айтыс өнері
Айтыс жайында
АЙТЫСТЫ ОҚЫТУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Айтыстың жанрлық ерекшелігі
Айтыс түрлерінің зерттелу тарихы
Ирония мен сарказм - айтыс жанрын көркемдеуіш тәсілдер
О. Досбосыновтың айтыстарындағы троптар
Айтыс – сөз барымтасы
Айтыс - халық мұраты
ҚАЗАҚТЫҢ АЙТЫС ӨНЕРІ
Пәндер