Аудиттің мазмұнына анықтама
Жоспар
Кіріспе
1 Қазақстан Республикасында аудиттiң даму тарихы мен болашағы
1.1 Аудит түсінігі, пайда болуы қағидаттары
1.2 Қазақстан Республикасында аудиттің дамуы
2 Бухгалтерлік есептілік сапасын бақылаудың негізгі аспектісі ретінде
аудиторлық қызметті дамыту
1.1 Аудиттің негізгі құрамдары
1.2 Аудиттің негізгі принциптері
1.3 Аудит және тексеру
1.4 Аудит тұжырымдамасы және оның постулаты
3 қазақстан республикасында аудитті дамытудың негізгі проблемалары мен
оларды шешу тәсілдері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер:
Кіріспе
Аудит туралы шыққан басылымдарда аудит - деген түсінікке әр түрлі
анықтамарлар берілген. әрбір автор өзінің анықтамасын өз тарабынан
аңықтаған. К. Ш. Дюсембаев Теория аудита деген кітабында әр автордың 13
түрлі анықтамасын келтірген. Біз соның төрт түрлісін келтірейік те мазмұнын
қарастырып талдайық.
СНГ авторларының аудитке берген анықтамалары:
№ Аудиттің мазмұнына анықтама Авторлар
1 Аудит дегеніміз ол – кәсіпорынның Закон РФ Об аудиторской
табыстылық есебін тексеріп, онда деятельности РФ Бухучёт, 1994
көрсетілген шаруашылық табыстылық г., № 2, Сейткасимов Г.С.
көрсеткіштерінің дұрыстығын анықтап, Становление аудиторской
сонымен қатар бухгалтерлі есебін, деятельности (62) КазГУ, 1993.
қаржысын, салық заңдарын, банк және
әлеуметтік есеп процесін келісім-шарт
бойынша кәсіпкер ретінде тексеріп,
арнайы төлем арқылы қызмет көрсету.
2 Аудит дегеніміз ол – (72) Угольников К.А. история
кәсіпорындардағы, мекемелердегі аудита, Контроллинг, 1991 г., №
бухгалтерлік есептің дұрыстығын 6
анықтау мақсатымен жүргізілетін
тексеру.
3 Аудит дегеніміз ол – шаруашылық (4), (71) андреев В. Д.
табыстылық операцияларының заңдылығынПрактичесий аудит М. Экономика
тексеріп, әртүрлі 1994 г.,
меншіктегікәсіпорындардың Терехов А.А. Аудиты внешние и
бухгалтерлік есебінің дұрыстығын внутренние Бухучёт 1993 г7., №
анықтап, арнайы төлем арқылы бақылау,4.
тексеру, түсініктеме беру, сараптау
қызметін көрсету.
4 Аудит дегеніміз ол – табыстылық (29) Ержанов М.С. Теория и
есебін немесе соған қатысты практика аудита, Алматы, Ғылым,
объектілер турады мәліметтерді арнайы1994 г.
қорытынды жасау үшін дербес тексеру
жүргізу
Осы келтірілген анықтамалардың мазмұнын талдап қарастыратын болсақ әр
түрлі мазмұнда құралғанын көреміз. Соған қарамастан осы анықтамаларға бір
ғана мақсат қойылады, ол аудиттің мағынасын, негізін анықтау. Солай бола
тұрса да ешбір анықтамада аудиттің негізгі мақсаты ашылмай қалып отыр. Ол
Аудиторлық қорытынды туралы. Себебі, қандай бір аудиторлық қорытынды жасау
керек. Екіншіден, аудиторлық тексерудің объектісі туралы ешқандай автор
еске де алмайды. Біздіңше ол үлкен кемшілік. Олай дейтініміз, аудиторлық
тексеру тапсырушының келісім-шартта көреткен объектісіне ғана жүргізіледі,
ол – бірден-бір аудит жұмысының негізгі принципі. Олай дейтініміз,
тапсырушы өз субъектісінің шаруашылық көрсеткішін толық немесе бір бөлімін
аудиттік тексертуге құқылы.
Кәсіпорын шаруашылығының жеке бір бөлігін немесе түгелдей
шаруашылығын қамтитын аудит болса да алғашқы құжаттарды тексеру немесе
алғашқы есепті тексеру міндетті түрде жүргізіледі. Аудит процесі одан әрі
қарай бухгалтерлік есептің жүргізілуімен оның құрылымының ұйымдастырылуын
тексерумен жалғасатын объективті жұмыс. Ондай болмаған жағдайда аудиттік
тексеруді тиянақты, дұрыс жүргізілді деуге болмайды. Кейбір авторлардың
анықтамаларында осы ойлар орынды айтылған деуге болады.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында аудиттiң
даму тарихы мен болашағын зерттеу, саралау. Бұл мақсатқа жету жолында
мынадай міндеттер қойылды, яғни аудиттің түсінігі, негізгі құрамдары,
негізгі принциптеріне тоқталу және мысал ретінде акционерлік қоғамның
аудитінің жүргізілу тәртібін қарастыру.

Аудиттің көп ғасырлық өзіндік тарихы бар. Арнайы аудитты зерттеуге
арналған әдебиеттерде оның пайда болу кезеңдері әр түрлі анықталады.
Мысалы, шет елдерде шығатын Контроллинг журналында мынандай мәліметтер
келтірілген: тарихи жазбаларға сүйенсек, Қытай мемлекеті дүние жүзінде
бірінші болып аудиторлық қызметті құрған ел.
Ежелгі Қытай жазбалары біздің эрамызға дейін 700-ші жылдың өзінде-ақ,
Бас Аудитор қызметінің болғанын көрсетеді. Оның негізгі міндеті, өзінің
қызметі, міндеттемесінің түрі бойынша мемлекеттік ақша мен мүлікті
пайдалану құқығы бар өкімет шенеуніктерінің адалдығына кепілдік беру
болатын. Кейінірек үкіметтік аудиторлық мекемелердің міндеттері, құқығы мен
түрлері бір қоғам сатысынан екінші қоғам сатысына көшуге байланысты өзгеріп
отырған.
Бір авторлар аудиттің пайда болуын бухгалтерлік есептің арнайы ғылыми
білімінің бір саласы ретінде қалыптастыру кезеңінде апаруға болады деп
санайды, бухгалтерлік есеп жөніндегі алғашқы ғылыми кітапты белгілі итальян
математигі Лука Почелли (1445-1515) жазғаны белгілі. 1494 жылы жарыққа оның
"Счеттар мен жазбалар туралы трактат" атты еңбегі шықты. "Қалай, неге және
кіммен көп жерледе көпестік кітаптар куәландырылады" атты 7-тарауында
Италияның түрлі жерлерінде көпестік кітаптар ресми түрде көпестер үшін
арнайы бюроларда тіркелетіні айтылған. Бюро қызметкерлері бұл кітаптың
бірінші бетінде оларды өзінің жазуымен куәландырып мөрмен бекітеді. Бұл
жоғары мақтауға тұратын жағдай деп атап көрсетеді Лука Почелли. өйткені,
біреуін сатып алушыға, екіншісін сатушыға көрсететін екі түрлі кітап
ұстайтын адамдар көп. Тағы бір ерекшелік осы кітаптарға негізделе отырып
олар ант береді. Егер кітапты, бюроға тіркеуге тапсыратын болса, өтірік
айту, соныменен өзіңнің жақындарыңды да алдау соншалықты оңай емес. Осы
кітаптар мұқият белгіленіп, дұрыс тіркелген уақытта алаңсыз үйіне барып,
өзінің істеріңді жазуды бастай бер деп жазады.
1773 жылы Шотландия астанасы-Эдинбургтің адрестік кітабында жеті
аудитордың есімі жазылған. Кейінірек, 1854 жылы мұнда бухгалтер-
аудиторларды біріктірген. "Бухгалтерлер қоғамы" құрылды. Бұл жеке
авторларға "батыс елдерінде кәсіпқой аудит Шотландияда ХІХ ғасырдың
ортасында пайда болды деген қорытынды жасауға негіз болды. К.А.
Угольниковтің пікір бойынша аудит 200 жылдан астам уақыттан бері бар. Оның
пайда болуының түп-тамыры кәсіпорынды басқарумен тікелей шұғылданатындар
мен оның қызметіне инвесторлардың көзқарастары арасында бөліну туындаған
уақытқа кетеді. Осы уақытта акционерлік қоғамдар пайда болып, аудитор
(ревизор) сыртқы есеп берудің қоғамдық бақылаушысы ретінде орталық орында
болуында"-дейді.
Басқаша айтқанда, бухгалтер-аудитор мамандығы акционерлер, кредиторлар
және салық қызмет органдары кәсіпорындардың қаржы жағдайы туралы объективті
қорытынды бере алатын тәуелсіз маманды іздеуге мәжбүр болған уақыттағы
акционерлік қоғамда пайда болды.
Аудиттің әрі қарай дамуына 1862 жылы қабылданған британ компаниялары
жайындағы заң жаңа серпін беріп, тез дамуына жол ашты. Онда компаниялардың
қорытынды есептерін кемі жылына бір рет міндетті түрде тексеріліп отырылуы
белгіленді. Бұл кәсіпорындардың нақты қаржы жағдайы мен белгілі бір кезең
үшін оның шаруашылық қызметті жайлы шын мәліметтер алу үшін акционерлік
қоғамның қорытынды есебін объективті бағалау қажеттілігінен туындады.
Серіктестіктің өзіне бүтіндей сенім артуы қауіпті еді, өйткені соңғы
нәтижесінде акционерлер мен пай қосушылар немесе кредиторлар өздерінің
капиталын жоғалтатын кәсіпорынның банкрот болып қалуы кездесті. Бұл
жағынан, акционерлер мен кредиторлардың, екінші жағынан, салық органдарының
бухгалтерлік баланс пен табыс жайлы қорытынды есептерге сенімсіздігі
акционерлік қоғамның қорытынды есебін зерттеп, талдайтын және оның
дұрыстығы жайлы кәсіптік қорытынды беретін бухгалтер-аудиторлардың пайда
болуына көмектесті. Акционерлердің жалпы жиналысындағы қоғамның жылдық
қорытындыесебін талқылауда аудитордың қорытындысы тыңдалатын және тек
осыдан кейін ғана қорытынды есеп бекітіліп (бекітілмей) және қоғамды
бақылау ісіне баға берілетін.
Осылайша, тәуелсіз аудиторлар мен аудиторлық фирмалар кәсіпорынның
баспада жарияланғандай қаржы жағдайының бар екендігіне кепіл болатын болды.
Аудиторлық тексерудің мәліметтеріне сүйене отырып, мәліметті пайдаланушылар
"кіммен жұмыс жасауға болатынын" өздері шеше алады.
Еліміздің экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында-ғылыми мен
білім практикалық қызметтің даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына
алып келді. Бұл-аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің
шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда "тыңдаушы" деген мағынада
қолданылған. Осы орайда "аудитор" сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде,
қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік
туғызғанын қарастыру қажет.
Аудитор латыннның "audio" деген сөзінен шыққан, яғни ол "тыңдап тұр"
деген мағынаны білдіреді. Шаруашылық-жұмыс барысында тиісті мәліметті
тексеруші немесе бақылап-басқарушы тыңдаушы болған. Сондықтан ерте заманда
"аудитор"- "тыңдаушы" дегенді білдіретін, яғни қандай да бір нәрсені
тыңдайтын адам. Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталынған.
Орта ғасырдың соңғы жылдарына дейін барлық елде әріп танитын және жаза
алатын адамдар өте аз болғандықтан, аудитор деп-лауазымды қызметкерледің
қорытынды есебін тыңдауға тиісті қызметкерлерді "аудитор" едп атаған. Бір
қызығы сол, алыс, ерте кездерде адамдар аудитор қызметінде есеп берудің
жазбаша түрінен, ауызша түрінде мәлімет есеп беруін артық санаған. өйткені
кез-келген жазба құжатты қолдан әр түрлі етіп жазуға, өзгертуге болады деп
түсінген. Ал, ауызша есеп, мәлімет беруде көзбе-көз отырғанда, есеп беруші
өтірік айта алмайды деген. Қазақтың: "бет көрсе-жүз ұялады",-деген ұлы
сөзінің мағынасы осы негізге келетін шығар, екіншіден "тыңдаушы" мен саған
"сенемін"-деген, адамгершілік қасиет негізге алынған деп тұжырымдауға
болады.
Аудит бізге осы уақытқа дейін белгісіз болды деп айтуға болмайды. Шет
елдерде аудит ерте заманда дамыған. Бухгалтерлік есеп жүргізуде,
экономикалық талдау жасауда, басшылық жүргізуден үлкен орын алған. Себебі,
кәсіпорында басшылық жүргізуде, шаруашылықта бақылау жасауда, оған бірден-
бір негіз болатын, бухгалтерлік есеп және аудит қызметі екеніне үлкен көңіл
бөлінген. Сондықтан да, шет елдерде ерте кезден бастап арнайы бухгалтер-
сарапшы, аудитор дайындау өте қажет жұмыс деп табылған.
Америка Құрама Штаттарындағы ғалымдар аудиторлық фирмалардың
жұмыстарын, атқаратын функциясы зерттеу қорытындысына: "бұл аудит-
қызметінің идеясы, мазмұны мен мағынасына ерекше көңіл бөліп қарастыруға,
талдауға тұрарлық жұмыс, біздің жағдайымызда оны қолдану, есепті жетілдіру
мен өндірісті басқару ісінде зор әлеуметтік ұйымдастырушылық және
экономикалық эффект берер еді"-деп жазған.
Аудит мамандарын шет елдерде әр түрлі атайды. Мысалы, АҚШ-та олар
қоғам бухгалтері, Англияда-ревизор, Францияда-бухгалтер-сарапшы немесе есеп
комиссары, Германияда-шаруашылық басқарушысы және тағы басқадай деп те
атайды. Айтылуындағы өзгешеліктеріне қарамастан олардың барлығы бір ғана
мақсатпен жұмыс істейді. Шаруашылық қызмет жасаушы субъектілердің
бухгалтерлік қортыныды есебін тексеру, оның ішінде қаржылық деңгейін
тексеріп анықтау ерекше орын алады. Аудитордың ең негізгі мақсаты сол
тексеру нәтижесін тұжырым жасау арқылы аудиторлық қорытынды жасау.
Дамыған елдерде ерте кезден бастап аудит жұмыспен шаруашылық
субъектілеріне қызмет көрсету деп- атап кеткен. Оған себеп, кәсіпкер өз
субъектісі туралы аудиторлық қорытынды алу үшін келісім-шарт жасау арқылы
төлем жасайды, ал өз кезегінде келісім-шарт талабына сәйкес тексеру жасап,
аудиторлық қорытынды береді. Аудитор өз кезегінде әр үрлі қызмет көрсетеді.
Мысалы, бухгалтерлік есеп жұмысын ұйымдастыру туралы, салық мекемесіне есеп
айырысу тәсілдері туралы, банк операцияларын жүргізу туралы тұжырымдарға
кеңес, тағы басқалай әр түрлі қызмет көрсете алады.
Аудит жұмысының тағы бір ерекшелігі ол-шаруашылық субъектілеріне,
өндіріс барысына байланысты, өнімді сату барысына, маркетинг мәселелеріне
қатысты түсініктемелер, кеңес берумен шұғылданады. Олай дейтініміз, ірі
аудит фирмалары үлкен информатика орталығын қолданып жұмыс жүргізеді.
Үшіншіден, аудит жұмысы ақша, құнды қағаз қаржысы мен кәсіпкерлік
жасайтындардың яғни, қаржы компанияларының, банкілердің, биржалардың, акция
иелерінің қорытынды бухгалтерлік есеп көрсеткіштерін, ақпарат (отчет)
мәліметтерін тексеріп өзінің аудиторлқ қорытындысын жасауы. өз кезегінде
осы аудитор қорытындысы ақша, құнды қағаз айналу операцияларын жүргізетін,
делдал кәсіпкерлерге өзара немесе өндірістік кәсіпкерлер тобымен жұмыс
істеуніе кепілдік береді. Қорыта келгенде, аудитор қорытындысына сүйене
отырып, ақшамен, кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар, кәсіпкерлер
күдіксіз өзара қарым-қатынасқа түседі. Мысалы, банк несие беру үшін
шаруашылық субъектілерінің өндірісінің тиянақты жұмыс жүргізетін қаржылық
жағдайының тұрақты екенін аудит қорытындысы арқылы анықтайды. Сол сияқты,
кез-келген кәсіпорында өзара қарым-қатынасқа сенімді болу үшін аудитордың
қорытындысы болу қажет.
Осы жоғарыда айтылған аудит ерекшеліктерін іс жүзінде қолдану үшін
экономикасы жоғары дамыған елдерде, кәсіпорындардың мерзімдік
қорытындылары, бухгалтерлік отчеты тек қана аудитор қорытындысы болған
жағдайға ғана басылымға шығады. Кәсіпкерлер сол басылымға шыққан есеп-
ақпарат мәліметтерін зерттеп, талдау жасағаннан кейін ғана өзіне қажет,
сенімді кәсіпорындармен қарым-қатынасқа түседі. Яғни, анық мәлімет алу үшін
мұқтаждығы бухгалтерлік ақпараттардың дұрыстығын анықтайтын аудит жұмысының
қажеттілігін тудырады.
Аудитке қажеттілікті тудыратын объективтік жағдайлар:
- инвесторлар мен кәсіпорын әкімшілігінің бір-біріне сенімсіздік
көрсетуіне байланысты. Себебі, олардың мүддесі бір емес. Әсіресе, кәсіпорын
әкімшілігі өз пайдасына тиімді түрінде есеп жүргізуі мүмкін;
- кәсіпорын әкімшілігінің ақпарат көрсеткіштері дұрыс болмаса, соған
сәйкес шаруашылықты басқару шешімі дұрыс болмауынан;
- кәсіпорын әкімшілігінің арнайы білімінің болмауы мүмкін;
- кәсіпорын шаруашылығының күрделігіне сәйкес, "коммерциялық құпияны"
сақтауға байланысты, есепке алынған мәліметтердің дұрыс болмай шығуынан.
1.2 Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметінің дамуы
Қазақстан Республикасында аудит фирмасы алғаш рет 1990 жылы Қазақстан
Кеңес өкіметінің Министрлер Кеңесінің қаулысы бойынша құрылды (15.11.1990ж.
№60). Осы қаулы негізінде Республиканың Қаржы Министрлігі жағынан
шаруашылық есеп принциптерінде аудит орталығы "Қазахстанаудит" фирмасы
ашылды, ал облыстарда оның территориялық бөлімшелері құрылды. 1992 жылдан
бастап дербес акционерлік компания болып, Республикамыздағы барлық түрдегі
меншіктегі кәсіпорындарға, мекемелерге аудиторлық қызмет көрсетіп отыр.
Еліміздегі аудит жұмысының тиянақты дамуына бірден-бір негіз болған,
заң тұрғысынан жұмыс жүргізуге, құқылығын анықтап отырған, 1993 жылы 18
қазан айында Жоғары Кеңес қабылдап, бекіткен "Қазақстан Республикамыздағы
аудиторлық қызмет" туралы заңы. Бұл заң аудит қызметін бір жүйеге келтіріп,
оның тиімді жүргізілуін қамтамасыз етеді. Осы заңға сүйене отырып
еліміздегі аудиттің даму жолы анықталады, шет ел аудит фирмаларымен қарым-
қатынас, бірлесіп аудит жүргізу, мамандану жолдары белгіленеді.
Қазіргі кезде біздің елімізде Еуропалық "үлкен алтылық" тобының
филиалдары жұмыс істейді. Сонымен қатар, біздің елдің аудит фирмасы да
қосылып аудит жұмысын жасайды. Соның салдарынан аудит қызметінде тағы
басқадай қызмет көрсетудің сапасы көтеріліп отыр.
Қазақстан Республикасында нарықты қатынасқа көшу барысында тиянақты,
қатал бақылау, тексеру ерекше орын алатыны шет ел үлгісінен белгілі. Себебі
нарықты қатынас принципімен дамуды қамтамасыз ету үшін ол елде-бәсекелестік
шешуді рөл атқарады. Бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін өте қатал бақылау-
тексеру болуы қажет. Соның нәтижесінде ғана нарықты қатынас жолымен дамудың
тиімділігі іске асырылады. Немесе "ойын тәртібі" сақталмаған елде
экономикасының нарықты қатынас жолымен дамуы іс жүзінде орындалмайды.
Сондықтан да аудит жұмысының қажеттілігі көптеген себептермен анықталады.
Олар, біріншіден, кәсіпкерлер өз шаруашылығының тиянақтылығын қамтамасыз
ету , екіншіден, өз жұмысын өзі сенімді түде басқару, жүргізу , үшіншіден,
кәсіпкерлер өзара қарым-қатынаста сенімді жұмыс істеу үшін және өзінің
капиталының тиімділігіне сенімді болу . Келесі сызбада аудит қызметіне
сипаттама берілген.
2. Нарық экономикасына көшу кезінде тексеру жүйелерінің ішінде
аудитрлік қызметке зор көңіл бөлінді, себебі олар кәсіпорынның бухгалтерлік
(қаржылық) есептілігін талдау және тәуелсіз түрде эксперт жүргізу.
Аудит – клиенттің қалауын бойынша жүргізілетін тәуелсіз түрде
кәсіпорындар мен фирмалардың қызметі жөніндегі бухгалтерлік есептер мен
шоттарды тексеретін мамандандырылған қаржылық бақылау түрі.
Аудит, бұл негізінен қаржылық есеп беруді, шаруашылық жүргізуші
субъектілердің берген есебінің дұрыстығын анықтау мақсатында олардың қаржы
шаруашылық қызметі туралы алғашқы құжаттар мен басқа да ақпаратының есебін,
оның толықтығын және қолданылып жүрген бекітілген заңдармен белгіленген
нормативтік актілерге сәйкестігін тәуелсіз түрде тексеру.
Аудит пәні дегеніміз, шарт бойынша және келісім арқылы тәуелсіз
эксперттік негізінде және бухгалтерлік отчетты талдау және тексеру,
шаруашылық жүргізуші субъектілердің орындаған жұмыстарының дұрыстығын,
анықтығын анықтай отырып, оған толық түрде объективті баға беру, сонымен
қатар ішкі аудиттің тексеру жүйелерінің қабылдаған есеп саясатына,
нормативтік актілерге сәйкестігіне көңіл бөлу.
Қаржы отчеты жөніндегі аудиттің негізгі міндеті- отчетта көрсетілген
активтердің, міндеттемелердің, меншік капиталдың және субъектінің қаржы
нәтижесінің толықтығына, дәлдігіне, дұрыстығына объективті түрде белгілі
бір мезгілге бағалау және де субектіде қабылданған есеп саясатының заңдар
мен нормативтік актілерге сәйкестігін тексеру.

2.1 Аудиттің негізгі құрамдары
Көптеген авторлар шаруашылық-табыстылық көрсеткіштері деген сөз
құрамын көп келтірген. Біздің ойымызша бұл түсініктеме орынды айтылған
деуге болады. Себебі, объектісі келісім-шарт негізінде мазмұн-талабына
сәйкес анықталады. Кәсіпорын шаруашылығына толық немесе бір бөліміне
жүргізілсе де оған жасаған аудиторлық қорытындыда, кәсіпорынның шаруашылық-
табыстылық көрсеткішімен байланыстылығы көрсетілмесе, ондай жағдайда
аудиттің негізгі мақсаты орындалмағаны. Нақты, әр елдердегі аудит туралы
анықтама берген авторларды қарастыратын болсақ, Англия ғалымы Рой Додж
өзінің “Краткое руководство по по стандартам и нормами аудита” кітабында
“аудит – тәуелсіз, дербес тексеру және табыстылық ақпарат туралы өз пікірін
айту”, - деп анықтама берген. Басқа бір англиядағы белгілі бухгалтерлік
есеп-аудит маманы Роджер Адамс “Аудит негізінде кәсіпкерлік ретінде қызмет
көрсету, қоғам үшін өте қажет мәліметтурдің дүрыстығын анықтаумен,
кәсіпорынның табыстылық ақпаратын тексеріп, басылымға шыққан мәліметтердің
шындығын анықтау” – деп анықтама берген.
Америкалық профессор Джек Робертсон өзінің монографиясынды “Аудит –
ол кәсіпорын ақпаратындағы мәліметтердің, пайдаланушылар үшін табыстылық
ақпарат көрсеткіштеріндегі мәліметтік күдікті барынша азайту” – деп
анықтама береді. Осы аты аталған үш автордың ойын қорытындылайтын болсақ,
англиялық аудит және есеп маманы Роджер Адамс өз анықтамасында аудиттің
мағынасына қоғамдық тұрғыдан қарайтынын көрсетеді. Бұл ойдың мемлекеттер
үшін, әр елдің экономикасының дамуына аудит жұмысының атқаратын рөлін өте
жоғары деп бағалау. Себебі, аудит кәсіпорын шаруашылығының тиянақты дамуына
кепілдік беретіні анық. Яғни, кәсіпорындардың тиянақты дамуы қамтамасыз
етілген жағдайда ол елдің экономикасы даму жолында болады деген сөз.
Белгілі, АҚШ-тың аудит теорияасын және аудит жұмысының даму жолына
көп еңбек сіңірген профессор Джек Робертсон екі анықтама береді. Оның
біреуінде жоғарыда айтылған “мәліметтік күдік” – деген түсініктің мазмұнын
бухгалтерлік есеп, аудит тұрғысынан қарастыратын болсақ, ол бухгалтерлік
есеп жасауда жіберілген қателердің салдарынан мәліметпайдаланушылардың
кәсіпкелігіне зиян келтіру әсерін айтады. Яғни, аудитордың міндеті сол
“Мәліметтік күдікті” бар мүмкіншілігінше азайтып, кәсіпкерлердің
сенімділігін арттыру. Барлық саладағы кәсіпкерлер өздерінің экономикалық
мәселелерін шешу барысында басылымға шыққан мәліметтерді күдіксіз
падалануына аудит кепілдік беруі қажет. Осы өзінің ойын қорытындылай келе
профессор Джек Робертсон аудиттің ең негізгі міндетінің бірі осы деп атап
көрсеткен.
Осындай ойын одан әрі жалғастыра отырып профессор “кәсіпкерлік күдік”
– деген түсінік қосады. Бұл түсінікті кәсіпкершілік шаруашылығандағы
күдіктенушілік, сенімсіздік немесе кәсіпкерлердің экономикалық даму
жолындағы кауіпптілігі деп түсенугі болады. Оған себеп: инфляцияның күшеюі,
салық төлемінің толқымалығы немесе көбеюі, сату процесіндегі
бәсекелестіктің күшеюі, жұмысшылардың ереуіл жасауы мен тағы басқа көптеген
себептерден болады. Осы аталған себептерден туындайтын “ кәсіпкерлік
күдіктің” мөлшерін немесе зияндылығын кәсіпкер есептеп шығарып, өз
шаруашылығын жүргезу үшін тиімді шешім қабылдай алады. “Кәсіпкерлік күдік”
аудит жұмысына ешқандай әсерін тигізбейді.
АҚШ-тың аудит мамандары Э.А. Аренс және Дж. К. Лобск өздерінің жазған
оқулықтарында мынадай анықтама береді: “Аудит ол процесс, арнайы мамандар
арқылы дербес тәуелсіздіқ жолымен кәсіпорын шаруашылық операцияларының
дұрыстығына тексеру жүргізіп, сол мәліметтер белгіленген нормативтік үлгіге
сай екенін анықтап, өзінің аудиторлық қорытындысын беру”. Шетел
мамандарының аудит мазмұнына берген анықтамаларын қорытындылайтын болсақ,
осы сонғы анықтама басқаларына карағанда біздің ойымызша аудитті толық
қарастырған сияқты
К.Ш. Дюсембаев аудит мазмұны туралы мынадай анықтама береді: “аудит –
дербес сараптау және қаржы есебімен қоса шаруашылық субъектілерінің барлық
жағын қамтитын мәліметтерге экономикалық талдау жасайды, ішкі бақылау
жұмысын тексеріп, бухгалтерлік есептің заңдылығын және нормативтік құжаттар
талабына сәйкестігін анықтап, тапсырушылар талабына жауап ретінде
түсініктеме қызметін атқару” – деген. Автордың ойынша осы анықтамада аудит
эволюциясы ескерілген, екіншіден – тәуелсіз дербестігі көрсетілген,
үшіншіден – аудит процесіндегі талдаудың алатын орны ерекше делінген.
Себебі, талдау арқылы кәсіпорынның қатшылық жағдайы анықталып, даму жолына
сәйкес ұсыныстар берледі, төртіншіден – аудиттің консолтингтік қызмет
көрсету жағы айтылған.
Біздің ойымызша, аудит дегеніміз – дербес, тәуелсіз аудит
мамандарының кәсіпкер ретінде келісім-шарт бойынша тапсырушылардың
шаруашылық-табыстылық есебін, бухгалтерлік есеп көрсеткіштерін тексеру
арқылы анықтап, экономикалық талдау жасап, қажет болған жағдайда сараптау
жүргізіп, аудиторлық қорытынды жасау және әртүрлі түсініктеме қызметін
көрсету - деп ойлаймыз. Себебі, аудит жұмысының көлемі – объектісі,
шаруашылық субъектінің қалауында толық немесе бір бөлімін аудиттік
тексеруді тапсыру тапсырушының еркінде. Екіншіден, қандай есебі болмасын
оның мәлеметтерінің дұрыстығы, қатесіздігі тек қана бухгалтерлік есеп
көрсеткіштері арқылы анықталады. Үшіншіден, аудиттің негізгі мақсаты –
аудиторлық қорытынды жасау. Тапсырушының өз тарапынан төлем жасап, аудит
жасатудағы бірден-бір мақсаты – аудит қорытындысын алу. Себебі, тек аудит
қорытындысын алған шаруашылық субъектілерінің есебі басылымға шығады. Яғни,
ол шаруашылық жүргізуіне кепілдік алады деген сөз. Барлық сыбайластарымен
кедергісіз қарым-қатынаста болады.
Аудиттің мазмұнын анықтамалар арқылы қарастырғаннан кейін оның негізі
түсінікті болған сияқты. Сонымен қатар, аудиттің мазмұнын одан әрі
тереңдетіп қарастыру мақсатында біз мына үшбұрыш үлгісімен беруді
ойластырдық .
1. аудитор-кәсіпкер, табыс табу үшін кәсіпорындарға қызмет
көрсету.
2. Шаруашылық субъектісі-кәсіпорын, оған аудитор қорытындысы
керек
Ол кезінде басылымға шығуына кепілдік береді.
3. мемлекет кәсіпорындардың жақсы жұмыс жүргізіп табысты болғанын
қалайды, себебі олар салық төлейді, аудит жұмысына құштар болу себебі
аудитор тексеру барысында табыстылық есебін тексеріп кәсіпорының қанша
табыс тапқанын, қанша салық төлейтінін анықтайды. Ал қажет болған жағдайда
аудитор тікелей мемлекет салық инспекциясына мәлімет бере алады. Яғни,
аудит жүргізілген кәсіпорындарда табыс сомасын жасырып қалу, салық төлемеу
үшін қылмысқа немесе басқалай әр түрлі жалтарушылыққа жол берілмейді.
Осы үшбұрыштың өзара байланысын қарастыратын болсақ, аудит “осы
үшбұрыштың төбесін” қосып қана қоймай ерекше қызмет атқаратынын айту қажет.
Біріншіден, аудит қорытындысы арқылы шаруашылық субъектілері бір қалыпты
шаруашылығын жүргізуге қандай деңгейде болса да даму процесін қамтамасыз
етуге кепілдік алады. Яғни, бір регионды немесе бір ел көлемінде шаруашылық
субъектілері даму жолында болған жағдайда ол елде өзінің экономикалық
инфраструктурасы қалыптасады да, оның әсерінен сол елде нарықты қатынас
экономикалық заңдылықтары күшейіп, нағыз нарықты қатынасқа көшу арқылы ол
елде тауар бағалары тұрақты деңгейге көшіп нарықты қатынас заңдылығын іс
жүзінде қалыптастырады.
Екіншіден, аудит жұмысы үлкен мемлекеттік қызмет атқарады. Олай
дейтін себебіміз, аудит тексеруі барысында кәсіпорынның табыс-пайда сомасы
салық нақты анықтамадан қанша сома салық төлеу керек екенін, “салық
есебінің” дұрыс жүргізілгенін аудиторлық тексеру арқылы анықтайды. Қандай
бір елде болмасын үлкен экономикалык мәселе ол – салықты тиісті көлемде
жинау және де нормативтік ереже-нұсқау талабына сәйкестігін қамтамасыз ету.
Қазіргі кезде шаруашылық субъектілері өз тарапынан “салық есебін” жүргізуге
мәжбүр, оған қоса тек қана “салық есебіне” аудиттік тексеру жүргізіп,
аудиторлық қорытынды алуға мәжбүр. Ондай жасамаған жағдайда салық
инспекциясы қатал жаза қолданып, субъектілер айып төлейді.
Аудиттің мазмұнын қарастыру барысында тағы да осы түсінікті әйдейі
қарастырған дұрыс деп ойлаймыз. Ол аудит анықтамасының көбісінде аудитті
тексеру деп анықтаған. Мысалы, авторлар келтірген он үш анықтаманың он
бірінде тексеру деп, ал екеуінде бақылау жасауға құқысы жоқ. Тек ішкі
аудитті ұйымдастыру барысында ғана арнайы бақылау жүргізілуі мүмкін.
Аудиттің мазмұнына қарастыру қарастыру барысында оның нақты құрамы
айту қажет . Олар мыналар :
1. шаруашылықтағы субъеккт;
2. мәлімет;
3. аудитордың мамандығы ;
4. фактілерді жинау және бақылау;
5. аудит стандарты;
6. аудитор қпараты,есебі;
Осы көрсетілген аудит элементтерін жеке-жеке қарастыру қажет .
1. Шаруашылықтығы субъект .Аудит жұмысын орындау үшін міндетті түрде
сол субектінің шаруашылық бағытын ,көлемін анықтау қажет .Оны сол
субъектінің шаруашылық параметірлері құрайды .Оған аудит барысында нақты
болжам жасау үшін аудит қамтитын объектілердің көлемі, мақсаты қарастырылуы
қажет. Мысалы, заң субектілері немесе экономикалық объектіге қосылмайтын
мәлімет жүйесі.
2. Мәлімет. Аудит жұмысы барысында тапсырушылар берген мәліметті
қарастырады. Аудитор олардың дұрыстығын дәлелдеп , өзінің жаңа мәліметтерін
құрайды . Сол жұмыс барысында олардан кемшілік табуы немесе дұрыс еместігін
анықтауы мүмкін. Ол негізінде екі түрлі себептен болуы мүмкін;
1) ақпаратта кейбір мәліметтердің жетіспеушілігінен ;
2) ақпарат дұрыс жасалғанбағандықтан .
3. Аудитордың мамандығы . Аудит жүргшізуші жоғары дәрежедегі , өз
мамандығын жақсы меңгерген, сарапшы ,білгір адам болуы қажет . Аудит
барысында ол өзіне қажет фактілерді жинап талдау жасайды , бір тұжырымға
келтіріп, қорытынды жасай алатын болуы қажет .
4. Фактілерді жинау және бақлау .Аудитордың негізгі мақсаты ол –
фактіні жинау. Себебі сол фактілер арқылы ол өзінің аудиторлық
ақпаратын жасайды .
5. Аудит стандарты. Жиналған фактілер, мәліметтер өз кезегінде бір
жүйеге келтірілуі қажет. Оған негіз – аудит стандарты. Стандарт
дегеніміз мәліметті бір жүйеге келтіру әдісі немесе нормативтік
ереже-нұсқау талабына сәйкес бір қалыпқа келтіру .
6. Аудитор ақпараты. Аудитор өз жұмысының қорытындысын тексеру
барысында анықталған кемшіліктердің мазмұнын өзінің аудиторлық қортындысын
ақпаратында көрсетеді.
Қорыта келгенде, жоғарыда келтірілген аудиттің міндетті құрамын
қарастырмай, нақты аудит жүргізу мүмкін емес . Аудиттің міндеті мен мақсаты
толық орындау үшін оның принциптерін білу қажет.
2.2 Аудиттің негізгі принциптері
Аудит жұмысы нақты принциптерді сақтау арқылы жүргізледі.
1. Ғылыми негізделігі . Аудиттің ғылыми негізгі оның методологиясының
диалектикалық әдісімен дамиды. Эканомика теориясындағы объективтік шындықты
негізге алу болып табылады . Аудит жұмысының барлық мәліметі, тұжырымы
ғылыми жолмен анықталған, дәлденген болуы қажет. Аудит қызметінің ғылыми
даму барысы оның көптеген нақты факторларын талдау арқылы ол өзінің
теориясын құрайды.
Аудит жұмысы барысында ғылыми зерттеу әдісі қолданылады.
Мысалы, аудитте эканомикалық талдау қолданылады, ол яғни фактілерді
зерттеп қортынды жасау. Сондықтан да аудит фирмалардың басшылығы зерттеу
жұмысын, тәжирибесін игерген ғалымдар.
2.Объективтілік. Бұл қағида ойлану, тек қана фактіге сүйену арқылы
ғана тұжырым жасау. Аудитор шыншыл, бұрмалаушылыққа бармайтын, тазалық
ұстайтын маман болу керек. Ол өзінің аудиторлық қортындысына кәсіпорыннның
табыстылық ақпаратын шыншылдықпен тексеріп, объективті көрсеткіштерін
анықтауға міндетті. Оның қорытындысы ешқандай күндіктенбеушілікке немесе
сенбеушілік жол бермейтін дәлелді болу қажет.
3. Дербестілік. Қоғам тану жолында аудитордың статусы өз бетінше
дербес деп танылған . Оған себеп ол біріншіден , тапсырушыға тәуелді емес ,
өйткені ол төлем алуына алдын тапсырушыға тәуелді емес , өйткені ол онда
төлем алуына алдын ала келісіп қояды, екіншіден, оның жұмысын мемлекеттік
аудит заңы мойындайды, үшіншіден, тапсырушы мен аудитордың түпкі мақсаты
бір. Олардың өзара келісім-шарт бойынша анықтайтыны тек қана шындық.
Аудитордың дербестігін қорғау үшін арнайы шаралар қолданылады:
аудиторларды ротациялау, аудитор соты, мемлекеттік аудитор тағайындау,
мемлекеттік аудитор департаментін, аудитор комитетін құру.
Қорыта келгенде, аудит стратегиясын кеңейту тұрғысына арнайы
институттар ашу қажет, аудитті жүргізу жұмысын жетілдіру қажет. Біздің
ойымызша сондай жұмыстарды іске асыру үшін Мемлекеттік Қаржы Министірлігі ,
аудит платасы , бухгалтерлер ассоциациясы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz