Несиелеудің негізгі элементтері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 2

1-ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕЛЕУДІҢ РОЛІ.

1. 1 Несиелеудің маңызы, негізгі функциялары мен несиелік жүйені құру қағидалары . . . 4

1. 2 Несиелеудің негізгі элементтері . . . 9

1. 3 Банктік емес қаржылық институттарындағы несиелеу процессін ұйымдастыру ерекшеліктері . . . 18

2-ТАРАУ «АСТАНА-ФИНАНС» АҚ НЕСИЕ ПРОЦЕССІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫ ЖӘНЕ 2004-2006 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ НЕСИЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ АНАЛИЗІ.

2. 1«Астана-финанс» Акционерлік Қоғамның жалпы сипаттамасы . . . 22

2. 2 Қоғамның Несиелеу саясаты, оның міндеттері мен мақсаттары . . . 33

2. 3«Астана-финанс» АҚ-дағы несиелеу процессіннің ұйымдастырылуы . . . 39

2. 4 2003-2005 ж . ж аралығындағы ссудалық портфелінің анализі мен стандартты және күмәнді несиелердің мониторингі . . . 48

3-ТАРАУ НЕСИЕЛЕУ ПРОЦЕССІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ОДАН ӘРІ ЖАҚСАРТУ ТӘСІЛДЕРІ МЕН ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ . . .

ҚОСЫМШАЛАР . . .

КІРІСПЕ

Бүгінігі заман талабына сай кез келген қоғамда несие қатынастары қолданылуда. Осыған байланысты несие процессін ұйымдастыру банктерде, қаржы ұйымдарында, қаржылық емес институттарда әт түрлі болып келеді. Олардың әр біріне тән өз ерекшеліктері бар, дегенмен олар заң тарапынан реттелініп, толықтырылып отырады.

Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде несиелеу процессі нарық экономикасына өтуімен қатар қарқынды дамып келеді. Бұндай кезде отандық және шетелдік тәжірибені салыстырудың өзіндік мәні зор. Қазақстан Республикасында экономикалық Реформаларды іске асыру үшін нарық экономикасы дамыған елдерде жинақталған ақша - несие қатынастарын мен банк ісінің даму тәжірибелерін қолдану қажет.

Қазіргі әлемдік несие жүйесі біршама өзгерстерге ұшырады, олар әр типті банктер арасында, банктер мен банктік емес мекемелер арасындағы өзгерістердің жойылуы, несиелік институттардың әмбебаптануы, банктік қызметті бейреттеу, банк ісіне жаңа ақпараттық техниканы енгізу, алып банктердің тез өсуі. Аталған ұйымдардың кез келгені несиелеу саласында қызмет көрсетіп келуде. Сондықтан олардың арасындағы бәсеке өте жоғары, яғни олар өз клиенттерін жоғалтпай, қайта керісінше клиенттер санын көбейту үшін, жоғары сапалы қызмет көрсетіп, өздерінің несиелеу процесстерінің ұйымдастырылуына көп көңіл бөлуде. Біріншіден, клиенттер несие алу процессі едәуір жеңіл болуын, сонымен қатар аз уақыт ішінде қолма-қол ақшаның түсуін қалайды. Ол үшін сол ұйымның несиелеу процессі неғұрлым жақсы ұйымдастырылған болса, соғұрлым клиет тарапынан да ризашылық болады. Себебі бүгінгі күн талабы- бұл аз уақыт ішінде жоғары сапалы қызмет көрсету болып табылады.

Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы «Несие процессін ұйымдастыру». Бұл жұмысты жазу барысында «Астана-финанс» АҚ несиелеу процессін ұйымдастыруын басшылыққа алдым. Себебі, бұл - қаржы мекемесі және оның негізгі қызметі - заңды, сондай-ақ жеке тұлғаларға несие беру болып табылады. Қоғамның басты мақсаты - клиетке жоғары деңгейлі қызмет көрсету. Сонымен қатар «Астана-финанс» АҚ несиелеу процессі жақсы ұйымдастырылған күрделі жүйе болып келеді, бұл жүйенің әр буыны, яғни компанияның әрбір бөлімі, әрбір қызметкері сол несиелеу процессін ұйымдастыруына қатысуда.

Дипломдық жұмысым үш тараудан тұрады. Бірінші тарау несие, оның ҚР экономикасында алатын орны мәселесін қозғайды, яғни біздің мемлекетіміздің экономикасы әлі де толығымен қалыптасқан жоқ, соның ішінде несиелу, сондықтан жалпы несие дегеніміз не, қандай формалары болады және өзге қаржы мекемелер несиелеу процессін қалай ұымдастырады. Екінші тарау толығымен «Астана-финанс» АҚ - ның несиелеу процессін ұйымдастыру мәселесіне арналған. Яғни несиелеу процессі қалай ұйымдастырылған және қалай жүзеге асатыны толығымен көрсетілген. Үшінші тарау, несиелеу процессін ұйымдастыруды одан әрі жақсарту тәсілдерімен, оның даму перспективаларына арналған.

Дипломдық жұмысымның мақсаты - Қазақстан Республикасының банктік емес қаржы институттарындағы қалыптасқан несиелеу процессінің ұйымдастырылуын одан әрі жетілдіре түсу үшін, болашақ қаржыгер ретінде, сол процесстің ұйымдастырылуымен толық танысып, дұрыс анализ жасау болып табылады.

1-ТАРАУ НЕСИЕЛЕУДІҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕЛУЕДІҢ РОЛІ.

1. 1 Несиелеудің маңызы, негізгі функциялары мен несиелік жүйені құру қағидалары.

Несие - несие қорының қозғалысы туралы несиелер мен борышкер арасындағы қалыптасқан қатынастар капиталдың бөтен кәсіпорынында айналымын талап ететін мәміле.

Несиенің мәнін ашу- бұл несиені экономикалық қатынастардың біртұтас жүйенің элементі ретінде көрсететін, оның мәнді анықтығын білдіретін сапаларын тану болып табылады. Сондықтан несиелеудің маңызы, негізгі функциялары мен несиелік жүйені құру қағидаларына тоқталатын болсақ, біріншіден, нарықтық экономикада несие жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айрысулары мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және беосенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.

Өндіріске қатысты алғанда, екінші кезекте саналатын несие жүйесі оған тұрақты және елеулі ықпал етеді. Ол бірнеше дүркін ақшалай қорлардың ауқымын кеңейтіп, өндіріс тиімділігінің өсуін қолдай отырып қаражаттардың бір саладан екіншісіне қайта құйылуын қамтамассыз етеді.

Несие жүйесінің рөлі мен маңызы келесідей бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т. б.

Несиенің негізгі функцияларына тоқталатын болсақ, алдын ала сұрақтың терминологиялық жағына тоқталып өтейін. «Функция» түсінігіғылымда және тәжірибеде кең түрде қолданылады. «Функция» латынша «атқару», «жүзеге асыру» деген мағынаны білдіреді. Философиялық сөздікте «функцияның» анықтамасы бойынша беріледі: «Берілген қатынастар жүйесіндегі қандай да бір объекті қасиеттерінің сыртқы көрінісі. Мысала, сезім органдарының функциялары, ақшаның функциялары, мемлекеттің функциялары және т. б. »

Экономикалық теорияда функция деп құндық категориялар мәнінің көрінісі түсіндіріледі. Демек, несиенің функциясы деп оның мәнінің ерекше көрінісін түсіну орынды, алайда несиенің функциясы- оның мәні емес, тек осы мәнінің көрінісі. Біз қарастыратын несиенің кез еклген көрінісі оның функциясы ретінде ерекше.

Несиенің функцияларын қарастыру үшін келесідей ғылыми амалдар орынды. Біріншіден, бәрінен бұрын функция да несиенің мәні сияқты объективті сипатта. Функция кредитор мен қарыз алушы арасында несиелік қатынасқа түсе отырып орындайтын белгілі бір «жұмыстың» көрінісін сипаттайды. Екіншіден, несиенің функциясын талдау кезінде тағы да бір жағдайды ескеру керек: несие өзінің қозғалыс процессінің әрбір кезеңінде барлық функцияларымен емес, олардың біреуімен немесе бірнешеуімен өз мәнін көрсетеді. Демек, әрбір кезеңде несие өзінің қозғалысының белгіл бір сатысында болады, сондықтан өзінің мәнді көріністерінің барлық жиынтығын ірдей көрсете алмайды. Мысалы, ақша төлем құралы функцмясында бір мезглде айналысқұралы функциясын немесе қор жинау функциясын атқара алмайды. Несие де сол сияқты. Үшіншіден, фукция- бұл қатып қалған емес, өзгермелі категория. Несиенің мәнінің өзгеруімен қатар оның көрінісі де өзгереді. Төртіншіден, функция несиенің біртұтас процесс ретінлегі ерекше көрінісін білдіреді.

Бұл функцияның жеке кредиторға немесе қарыз алушыға емес, жалпынесиелік қатынасқа жататындығымен түсіндіріледі, несиенің көрінуі, тек егер ол тең дәрежеде несиелік мәміленің екі қатысушысына да қатысты болса ғана, оның функциясы ретінде анықталуы мүмкін.

Мұнан басқа, функция несиенің барлық формалары мен түрлерінің ерекше көріністерін сипаттауы керек. Коммерциялық несиенің, банктік несиенің, банктік емес қаржы институттарының жеке бөлектенген функциялары жоқ. Функцияны несиенің формалары немесе түрлері емес, оның экономикалық категория ретіндегі мәні тудырады.

Несиенің теориясында оның келесі функциялары бөлініп шығарылады: қайта өлу, нақты ақшаларды несиелік операциялардың ауыстыруы.

Кредитор мен қарыз алушы арсында несиелік қатысты айырбас процесіндегі уақытша босаған құнның қарыз алушыға берілуі жолымен қайта бөлу сатысында пайда болады, сонан соң бұл құн өзінің алғашқы иесіне қайта оралады. Осыған байланысты несиенің қайта бөлу функциясын көрсету керек. Біріншіжағдайда кредитор қарыз мәмілесі арқылы қарыз алушыға тауарлы-материалдық құндылықтардыбере алса, басқа жағдайда ақшалай қаражаттарды береді, бірақ екі жағдайда да беру объектісінің формалары әр түрлі болғанымен оның мазмұны біреу - құн қайта бөлінеді. Осылайша, қайта бөлу функциясының көмегімен құн қайта бөлінеді.

Несие арқылы ресурстардың қайта бөлінуін әр түрлі деңгейде қарастыруға болады. Несиелік қатынастардың субьектілері деңгейінде құнның жекешеңбер айналымында және айналымында тауарлы-материалдық құндылықтардың да ақшалайқаражаттардың да қайта бөлінуі жүреді. Халық шаруашылығы деңгейінде құнныңжиынтық шеңбер айналымында оның қозғалысы несие арқылы жиынтық ұлттық өнім мен ұлттық табыстың қайта бөлінуіне ұласады. Несиенің қайта бөлу функциясы құнның жалпы қайта бөлінуін емес, уақытша босаған құнның қайта бөлінуін қозғайды. Сонымен қатарнесие арқылы жүзеге асырылатын қайта бөлу, өткіщу прооцессінің жалғасы болуы да мүмкін. Коммерциялық несие кезінде тауар өндіруші өз өнімін сатып алушыға төлеуді кейінге қалдыру шартымен сатады, яғни несиелік негізде. Алайда, мұндай кейінге қалдыру үшін тауар өндірушіде оның өнімін төлеу кезіне дейін бос ресурстары болуы керек. Немесе оларды ұдайы өндірістің басқа субъектілерінен (банктен) уақытша пайдалануға алу керек. Екі жағдайда да шаруашылықтың әр түрлі буындарында жасалып қойған нәрселер қайта бөлінеді.

Несиенің қайта бөлу функциясының төменде берілгендей ерекшеліктері бар:

  • біріншіден, несиенің көмегімен тек материалдық игіліктердің, өндіріс құрал жабдықтардың және тұтыну затының, яғни бір жыл ішінде өндірілген жалпы ұлттық өнімнің құны ғана бөлініп қоймайды, сонымен қатар елдің экономикасының дамуының алдыңғы кезеңдерінде жасалған құн да қайта бөлінеді;
  • екіншіден, несиенің қайта бөлу функциясы құнының жалпы қайта бөлінуін қозғамайды, уақытша босаған құнның қайта бөлінуін сөз етеді;
  • үшіншіден, қайта бөлу функциясының мәнділігі уақытша пайдалануға беру процессі болып табылаады;
  • төртіншіден, несиенің көмегімен уақытша босаған құнның берілуі нарықтық экономикаға тән делдал банктердің және басқа несиелік мекемелердің қатысуымен жүзеге асырылады.

Несиенің тағы бір функциясы ретінде нақты ақшалардың орнын несиелік операциялардың басуы болып табылады. Тауар шаруашылығында нақты ақшалардың орнын несиелік операциялардың басуы үшін қажетті жағдайлар жасалған. Қарызға берілген құнды тауарлы - материалдық құндылықтар, қызметтер, өзара талаптарды есептеуді аяқтау, аккредитивтер ашу, тұрғындардың тұтыну тауарларын алуы үшін шоттарды төлеуге пайдалану, қолма-қол ақшалай төлемдерді қысқартуға, ақша айналымының құрылымын жақсартуға, төлем айналымын ұлғайтуға мүмкіндік береді, осылайша айналыс шығындарын азайтады. Қазіргі тауар шаруашылығында қарызға берілген құнның шаруашылық айналымына енуі ақшаның жалпылама орнын басу функциясын орындамайды, ал экономикалық айналымда олардың уақытша орнын басу функциясын орындайды. Қарыз алушының алған және шаруашылық, айналымына енген қарызға берілген құн ақшаға тән « жұмысты » орындай бастайды.

Нақты ақшалардың орнын несиелік операциялар басуының келесідей алғышарттары бар:

  • біріншіден, банктік жүйенің дамуы және төлем айналымын ұйымдастыруда оның ролінің жоғарылауы;
  • екіншіден, экономикада төлем міндеттемесі немесе талабы бар төлем құжаттарының дербес айналысы;
  • үшіншіден, Орталық банктердің несиелік ақшаларды эмиссиялауы.

Енді несиелік жүйені құру қағидаларына тоқталатын болсақ, несиелік жүйенің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу негізінде белгілі бір қағидалар жатыр. Экономиканың жаңа жағдайында, оның нарықтық қатынастарға өту кезкңінде оларды былайша тұжырымдауға болады: елдегібанк ісін ұйымдастыруға мемлекеттік монополия, басқа банктік емес институттармен үйлестіре отырып екі деңгейлі банк жүйесін құру, елдегі ақша- несие саясатының бірлігі, несиелік мекемелер торабын барынша дамыту, оларды қызмет көрсету орындарына жақындату, мемлекеттік валюталық монополия, Орталық банктің автономиясы.

Банк ісіне мемлекеттік монополия ұғымы мемлекетті банктердің құрылуы мен жойылуын бақылауға, банктік операцияларды жүргізу тәртібі мен ережелерін заң жүзінде бекітуге ерекше құқығы ретінде түсіндіріледі. Ұлттық банк Қазақстан Республикасы аумағында банктерді құруға рұқсат береді және банктер мен олардың филиалдарын тіркеу кітабын жүргізіп отырады. рұқсат беру кезінде Ұлттық банк жүргізілетін банктік операциялар шеңберін белгілейді.

Нарықтық экономика ерекшеліктері банктік емес мекемелермен үйлестіре отырып көп деңгейлі банк жүйесінің, олардың ақша несие және делдалдық қылметінің формалары мен түрлері бойынша көп түрлілігінің, Орталық (бірінші деңгей) және басқа банктер (екінші деңгей) Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғары деңгейінің құрайды.

Банк ісінің әлемдік тәжірбиесі көрсетіп отырғындай, барлық елдердегі несиелік институттардың ішінен елдің бүкіл несиелік жүйесін басқаруда басты роль атқаратын орталық банктер бөлініп шығатын болады. Ал олардың басшылық ролі мемлекет берген кең ауқымды өкілеттіктерге байланысты. Банктердің банк функцияларын, ақша несие эмиссиясын жүзеге асыруына байланысты Орталық банктер коммерциялық банктердің, яғни екінші деңгейлі банктердің қызметіне әкімшілдік бақылау мен нақты экономикалық ықпал ету құқығы неиелік мекемелер міндетті түрде қолдануы тиіс норма шығару құқығы бар. Коммерциялық банктер несиелік саясат жүргізуде және өз клиенттеріне толығымен дербес әр түрлі қызметтер көрсетуде.

Нарықтық экономикада арнайы банктік емес институттар құрылмаған жағдайда кез еклген елдің несие жүйесі аяқталмай қалады. Халық салымдарын толығымен тарту мүддесімен өзгеріп отырған нарықтық экономика талаптарын толық қанағаттандыру бұл институттардың құрылуын талап етеді, ал олар несие жүйесін толықтырып, байытады, экономикадағы өзгерістерді икемді және сезімтал ете түседі.

Мемлекет, экономикаға жетекшілік жасай отырып, Ұлттық банк арқылы бірегей ақша - несие саясатын жүргізеді. Бұл қағидат айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамассыз ету үшін, ақша несие саясатын жалпы экономикалық саясатты жүзеге асыру және оны әлемдік эконоимкаға интеграциялау саласында республика мүдделерін қорғау үшін қажет.

Несие жүйесін құрудың маңызды қағидасы - неиселік мекемелер торабының барынша дамуы мен оларда барлық ақша операцияларының шоғырлануы. Соңғысын шаруашылық буындарының бос ақша қаражаттарының банктердесақталуы, есеп айрысулардың қолма-қолсыз жолмен жүргізілуі деп түсінуге болады.

Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында шамамен 77 банк және олардың 783 бөлімшелері мен фи лиалдары орналасқан.

Бүкіл ақша айналымының несие жүйесінде жинақталуы - несиелік ресурстарды шоғырландыруға және оларды елдің халық шаруашылығына ұтымды бағыттауға мүмкіндік береді.

  1. Несиелеудің негізгі элементтері.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша саясаты
Банктің несиелік саясаты және несиелік тетік (механизм)
Заңды тұлғаларды несиелеу туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының ипотекалық несие жүйесі
Несие жүйесі түсінігі, оның қызмет ету жағдайы, негізгі құрылымдық элементтері
Қазақстандағы түрғын үйді несиелеуді жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің ипотекалық неселеу тәжірибесі мен жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасында ипотекалық несиелеудің қазіргі жағдайы және даму үрдісі
Қазақстан Республикасында ипотекалық несиелеу жүйесін ұйымдастыру
Ипотекалық несиелерді беруге маманданған несие қаржы мекемелері мен ипотекалық банктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz