Тарифтік еңбекақы анықтамалары
Кіріспе.
Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады.
Барлық эканомикалық ғалымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдында дараланып
тұрған бөлек ғылыми сала.
Бұл ғылымда жан-жақты зерттеген,эканомикалық жағынан талдайтын, қаржылық
жағын сипаттап және басқарудың шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып,
тұтынуды таратуды , айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы
көрсетіп береді.
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп
Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі
бухгалтерлік есеп шотының типтік жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен
ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды
пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша
ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Осы орайда қоғамның өндіріс процесіндегі бухгалтерлік есеп ғылымының
пәні деп айтуға боладынемесе қоғамның өндіріс процестерін бухгалтерлік
есепке алынатын бір тұтас тұлға деп қарауға болады.
Нарықтық жағдайда шаруашылық жүргізуші субъектілерінде бухгалтерлік есептің
маңызы зор.Шаруашылық субъектілерінде бухалтерлік есеп жұмысы Бухгалтерлік
есеп туралы , Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған бухгалтерлік
есеп стандарттары мен қаржы шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебінің
типтік жоспарына сай бекітілген ортақ принциптер мен ережелері және
Қазақстан Республикасы Қаржы және Кіріс министірлігінің бухгалтерлік есеп
жөнінде шығарған нұсқаулары мен ережелері , сондай-ақ ұсыныстары негізінде
ұйымдастырылады. Қазіргі кезде елімізде қолдалынып жүрген бухгалтерлік есеп
жүйесі халық аралық бухгалтерлік есеп стандарттарына барынша
жақындатылған.
Бухалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші
субъектілерінің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел
басқару үшін, эканомикалық жоспарлар жасап, оның орындарын бақылау үшін
қолданылады.
Экономиканың қай саласындағы болмасын шаруашылық субъектілер мен
еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға , өндіріс
қалдықтарын азайтуға , ысырапты жоюға, өзінің өндіріп шығаратын өнімін
халық аралық рыноктағы бәсекелестік жармды етіп шығаруға , өндірістерін
ұлғайтуға , өндірілген өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және де қоршаған
ортаны сақтауда оған зиян келтірмеуге мүдделі. Бұл орайда шруашылық
субъектілерінің материалдық құндылықтарын , ақша қажеттілігін , сондай-ақ
басқа да ресурстарын тиімсіз жұмсауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің
маңызы мен мәнін айрықша атап өтуге болады.
1991 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті
Бухгалтерлік есеп туралы заң күні бар № 2732 Жарлығы қабылданды. Бұл
заң жарық көргеннен бері оны жүзеге асыру жолында көптеген жұмыстар
атқарыуда. Осы заңға сәйкес 1996 жылдың 18 қарашасында қаржы шаруашылық
қызметі бухгалтерлік есебінің типтік жоспары бекітіліп , 1997 жылдың 1
қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының барлық шаруашылық субьектілері
және бухгалтерлік есеп стандарттары бойынша өз жұмыстарын жүргізе бастады.
Қазақстан Республикасында қабылданған бухгалтерлік есептің жаңа жүйесі
экономиканы көтеруге оны ішкі және сыртқы инвесторлар үшін неғұрлым тиімді
етіп құруға мүмкіндік береді.
Бухгалтерлік есептеу де манызды бөлімі болып табылатын еңбек және
еңбекақы есебі.
ҚР Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы Заңы 2000жылдың 1 қаңтарынан
бастап іске асырылған. Бұл заңға сәйкес , жұмыс беруші мен жұмысшылардың
еңбек арақатынасы нормативтік құқықтық актілерімен және еңбек заңдары
бойынша келісілген жеке еңбек шарттарымен реттелінеді.
1.1 Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін ұйымдастыру.
Бухгалтерлік жұмысын жүргізу үшін кәсіпорында күнделікті орында лып
отыратын барлық операциялардың міндетті түрде үздіксіз құжаттарға жазылып
отыратындығы бухгалтерлік есептің басқа ғылымдар-дан ерекше екендігін
алдынғы тауарларда айтып өткенбіз. Бухгалтерлік құжат деп кәсіпорындар мен
ұйымдарда орындалған операцияларды дәлелдейтін және алдағы уақытта
орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша
куәлікті атауға болады.
Жалпы кәсіпорындағы атқарылып жатқан жұмыстың, орындалған тапсырманың
үздіксіз, белгілі бір тәртіппен, арнайы үлгідегі қағаздарға жазылып және
оған тиісті адамдардың қолдарының қойылуы (қажет болған жағдайда кәсіпорын
мен ұйым мөр таңбасының басылуы) құжаттау деп аталады. Сондықтан да
құжаттау бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Себебі осы құжаттар
арқылы ғана кез келген уақытта кәсіпорын бойынша орындалған жұмыстың,
атқарған қызметін қай мерзімде жазылғанын және оған қандай мөлшерде шығын
жұмсалғанын дәлелдеуге болады.
Құжат кәсіпорындағы орындалған шаруашылық операцияларына үздіксіз
толтырылып олардың мазмұнын толық ашып көрсетеді және ол бухгалтерлік
есептің негізі болып табылады.
Бухгалтерлік құжат – кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың
орындалғанын растайтын немесе оны орындауға заңды түрде беретін жазбаша
куәлік.
Орындалған шаруашылық операцияларын бастапқы құжатқа түсіруді
бухгалтерлік есеп теориясында алғашқы есеп сатысы деп атайды.
Кәсіпорында жүргізілетін шаруашылық құбылыстарының әр түрлі
болу себебінен бастапқы құжаттардың нысаны (формасы) бірдей
болмайды.Шаруашылық құбылыстары түгелдей бастапқы құжатпен құжатталуы
тиіс. Әрбір бастапқы құжатқа орындалған шаруашылық операциясының мазмұны
жазылып және белгілі бір көрсеткіштер түсіріледі.Құжат көсеткіштертерін
деректемелер (реквизиттер) деп атайды. Олар міндетті және толықтырушы болып
бөлінеді. Міндетті деректемелер(реквезиттер) деп атайды.Міндетті
деректемелер (реквизитте бухгалтерлік құжаттарды заңды құқықпен қамтамасыз
етеді.
Міндетті деректемеге (реквизитке) жататындар:
• құжаттың аты, нысанның коды;
• құжаттың толтырылған уақыты (күні,айы және жылы);
• құжатты толтырған заңды немесе жеке тұлғаның аты-жөні;
• шаруашылық операцияның мазмұны;
• шаруашылық операцияның өлшемі (натуралдық немесе ақшалай)
• шаруашылық операцияның жүргізілуіне және соған сәйкес
• құжаттарды толтыруға жауапты адамдардың аты-жөні;
• жауапты атқарушының қолы.
Қосымша деректемелер (реквезиттер) шаруашылық операция
Көрнісініңер ерекшеліктерімен және құжаттардың тағайындалуымен
анықталады.Әр түрлі талаптарға байланысты бастапқы құжатта келесідей
қосымша деректемелер (реквезиттер) болуы керек: құжаттың реттік нөмері,
ұйымның банк мекемесіндегі есеп айрысу шотының нөмірі, шаруашылық
операцияны орындау үшін негіз болатын құжаттар және тағы басқалар.
Құжаттардың нысандары (формалары) келесі есеп бөлімдері бойынша
топтасады:
1) ауыл шаруашылық өнім мен шикізат,
2) еңбек және еңбекақы,
3) негізгі құралдар мен матералдық емес активтер;
4) материалдар;
5) кем бағалы және тез тозғыш заттар;
6) капиталдық құрылыстағы жұмыс;
7) құрылыс машиналар мен механизмдердің жұмысы;
8) автокөліктегі жұмыс;
9) түгендеу нәтижелері;
10) кассалық операциялар;
11) сада операциялар.
Құжаттар дер кезінде, яғни операцияның орындалуы барысында
толтырылу керек. Егер бұл айтылған уақытта оларды толтыруға мүмкіндік
болмаған жағдайда құжаттар операция аяқталған сәтте толтырылауы керек. Егер
бұл айтылған уақытта оларды толтыруға мүмкіндік болмаған жағдайда құжаттар
операция аяқталған сәтте толтырылады.
Уақытында толтырылмаған құжат кәсіпорын меншігінің сақталуын бақылауды
қиындатады және ол операцияның бухгалтерлік есеп шотына кешіктіліп
жазылуына әкеліп соғады. Осы себептен ұйымның бухгалтерлік қорытынды есебін
жасау мерзімі кешіктірілуі мүмкін.
Құжаттардағы жазбалар сиямен, шарикті қаламсаппен, жазба
машинасымен (компьютермен) және басқа да олардың архивте көрсетілген Уақыт
мерзіміне дейін сақталуын қамтамассыз ететін заттармен
толтырылады.Кәсіпорындар мен ұйымдардағы алғашқы есеп құжаттарына қолдарын
қоятын адамдарды ұйым басшысы бас бухгалтердің келісіммен тағайындалады.
Бухгалтерлік есепте пайдаланатын алғашқы құжаттардың басқадай
түрлеріне түзету енгізу тек ғана шаруашылық операцияларына қатысушылардың
келісіммен жүргізіліп және олар өздерінің келісім бергендігін растап,
қолдарын қояды.
Бухгалтерлік есептің Заңы.
24 июнь 2002 жылдан бастап №329-11 Қазақстан Республикасының
Президентінің қаулысы бойынша Бухгалтерлік есеп заңына өзгерістер
еңгізген. Бухгалтерлік есеп шоттары Қазақстандық стандартқа көшкен
сонымен қатар Бухгалтерлік есептің бас жоспары өзгеріп екі
сандық кодтан үш сандық кодқа көшкен. Қазақстан Республикасының
қаржы министірлігің бұйрығы бойынша 22-желтоқсанда 2005 жылда №426
Халық-аралық қаржылық есеп беру стандартына сәйкес Қазақстан
Республикасының Бухгалтерлік есеп халық-аралық стандартқа көшкен.
Бухгалтерлік есептің стандарттары.
Стандарт сөзі ағылшын тілінен аударғанда үлгі, норма деген мағынаны
білдіреді. Ал бухгалтерлік есеп стандарттары дегеніміз кәсіпорындағы есеп
жұмысын дұрыс жүргізудің және құжаттарды дұрыс толтырудың ережесі болып
табылады. Әрбір осындай ереже бухгалтерлік есептің әдістері мен тәсілдерін,
мәні мен мағынасын және терминологиясын анықтайды. Бухгалтерлік есеп пен
қаржылық есеп беру стандарттарының қай-қайсының болмасын өз мақсаты,
қолданылу аясы (орны), анықтамасы, қолданысқа (күшіне) енген уақыты және
мазмұны болады.
Мақсаты. Бұл бапта стандарттың қандай мақсатқа арналып шығарылғандығы
және есеп мәселелері қысқаша баяндалады.
Қолданылу аясы (орны). Стандарттың пайдаланылатын жерлері мен қандай
жағдайда (жерлерде) қолданылмайтындығы осы бапта жазылады.
Анықтамасы. Стандарттағы келтірілген негізгі терминдерге түсініктеме
берілетін бап болып табылады.
Қолданысқа (күшіне) енген уақыты. Стандарттың қай уақыттан бастап
күшіне енетіндігі осы бапта жазылады.
Мазмұны. Бұл бапта кәсіпорынның есеп саясатына түсінік беріледі.
Кей кездерде стандарттың косымшалары да жарыққа шығуы мүмкін. Бүл
қосымшада жаңа стандарттың басқа қай елдерде қолданылғандығы жазылып және
оған қоса мысалдар берілуі де мүмкін. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп
беру стандарттары халықаралық және ішкі болып екі түрге бөлінеді.
Халықаралық стандартты қаржылық есеп беру стандартын дайындаудың
(жасаудың) халықаралық комитеті жасап шығарады. Ал ішкі бухгалтерлік есеп
пен қаржылық есеп беру стандарттары. әр елде бухгалтерлік есепті жүргізу
үшін, сол елдің ішінде жасалынады. Бұл жоғарыда аталған халықаралық
бухгалтерлік есеп стандарты мен ішкі бухгалтерлік есеп стандартының
арасында тікелей байланыс болуы қажет. Халықаралық бухгалтерлік есеп
стандартын дайындау (құру) барысында әрбір елдердегі тәжірибеде кездескен
мәселелер жан-жақты талданып, оны шешу жолдары іздестірілетін болса, әрбір
ел өзінің ішкі бухгалтерлік есеп стандартын жасауы (құруы) барысында
халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарын негізге алады. Бүкіл әлемдегі
елдерде қаржылық есеп беруде қолданылатын бухгалтерлік есеп принциптерін
бір ізге салуға (унификациялауға) қол жеткізу үшін 1973 жылғы 29 маусымда
Қаржылық есеп беру стандартының халықаралық комитеті құрылды.
Жалпы бұл ұйымның құрылуы АҚШ, Австрия, Германия, Голландия, Жапония,
Ирландия, Канада, Мексика, Ұлыбритания және Франция сынды елдердің
бухгалтерлерінің келісімге келуімен іске асырылды. Алғашқы уақытта, яғни
Қаржылық есеп беру стандартының халықаралық комитеті құрылған кезде оның
құрамына жоғарыда аталған елдерден жеті білікті маман алынған болатын. Ал
бүгінгі күні оның құрамында бұл аталған елдерден басқа Үндістан, Малайзия,
Оңтүстік Африка Республикасы, Швейцария, Зимбабве және тағы да басқа
елдердің өкілдері бар. Қаржылық есеп беру стандартының халықаралық комитеті
өздерінің жарыққа шыққан жаңа стандарттары мен басқадай нұсқаулары,
ережелері және түсініктері үшін табыс алып отырады. Сонымен қатар бұл
комитетке бухгалтерлердің халықаралық федерациясы, қаржылық институттар,
бухгалтерлік фирмалар және басқадай ұйымдар қаржылық көмек көрсетіп
отырады. Халықаралық қаржылық есеп беру стандартының негізгі мақсаты - мына
төмендегілерді орындай отырып, қаржылық есеп беруге қол жеткізу:
• қаржылық ақпаратты құру барысында қажетті міндеттер;
• ақпараттық жүйені құру принциптері;
• осы ақпараттардың сапалық сипаттамалары;
• қаржылық есеп берудің элементтері
• өлшеу және мойындау критерийлері
Қаржылық есептің мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы және
қаржылық жағдайының өзгеруі туралы ақпараттар беру. Сондай-ақ ұйымның
қаржылық есебінде мыналарға қажетті ақпаратық мәіметтердің болуы қажет:
1. қаржы салымын жасау және несие беру туралы шешім қабылдауға қажетті
мәлімет
2. ұйымның алдағы кезендегі ақшалай айналымын бақылауға қажетті мәлімет;
3. ұйымға берілген ресурстармен байланысты міндеттерін бағалауға
қажетті мәлімет;
4. басқару органдарының жүмысын бағалауға кажетті мәлімет.
Қаржылық есеп ұйымның бухгалтерлік ақпараттарының алғашқы таратылым
құралы болып есептеледі. Ал бұл қаржылық есепбухгалтерлікесептің жеті
элементінен құралады.Элементтердің алғашқы үштігінің қатарына ұйымның
балансында көрсетілетін активтері, меншікті капиталы және міндеттемесі
жатқызылады. Қалған төрт элементі кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қыз-меті
туралы есебінде көрсетілетін табыс, шығынэ пайда және зиян деп аталатын
топтардан тұрады. Қаржылық есеп беру тұжырымдамалары (концепциялары) шешім
қабылдау үдерісінде көрсетілетін бухгалтерлік ақпараттардың қажеттілігн
аныктайды және оны бекітеді. Есеп тұжырымдамасын (концепциясын) жалпы және
жеке - деп аталатын екі түрге бөлуге болады.
• Жалпы тұжырымдама бұл бірнеше елдің бухгалтерлік есеп туралы
көзқарасын білдіреді.
• Жеке тұжырымдама тек қана бір елдің өз ішінде жүргізілетін
бухгалтерлік есеп туралы кезқарасын білдіреді.
Тұжырымдамалар халықаралық бухгалтерлік есеп және каржылық есеп беру
стандартында қарастырылған бухгалгерлік есеп принциптері, есеп саясаттары,
есеп берулер негізінде құрастырылады. Бұған дейін айтылып жүргендей қазіргі
таңда бухгалтерлік есептің әлемдік теориясынд сондай-ақ тәжірибесінде екі
негізгі, жалпы деп аталатын континенттік (еуропалық) және америкалық
тұжырымдама қатар жүргізіліп келеді..
Бухгалтерлік есептің континенттік (еуропалық) тұжырымдамасы кәсіпорынның
жүмысына мемлекеттің ықпал етуімен және араласуымен түсіндіріледі. Бұл
бойынша сол елдегі кызмет атқаратын барлық үйымдар мемлекет бекіткен шоттар
жоспары және басқа да нормативті құжаттар бойынша жүмыс істеуі тиіс. Сондай-
ақ кәсіпорынның бухгалтерлік есеп берудегі қолданылатын ақпараттық
мәліметтері бұл континенттік (еуропалық) тұжырымдамасы бойынша салық
органының және басқа да мемлекеттік органдардың қажеттілігін қамтамасыз
ететіндей болуы керек. Дүние жүзінде бұл модельді қолдап отырған және оның
негізінде өзінің кәсіпорындары жұмыс жүргізіп отырған елдердің қатарына
Австрияны, Германияны, Жапонияны және басқа да Еуропа елдерін жатқызуға
болады.
Америкалық тұжырымдаманың континенттік (еуропалық) тұжырымдамадан
өзгешелігі, бұл модельде кәсіпорынның бухгалтерлік есеп берудегі
мәліметтері негізінен қаржы салымшылары мен несие берушілердің қажеттілігін
қамтамасыз етуге арналған. Бұл жағдайда ұйымның салық жүйесі қаржылық
есептен бөлек және оған тәуелсіз шешімін тауып отырады. Бүгінгі танда бұл
модельді АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Голландия, Австралия, Үндістан (Индия),
Оңтүстік Африка Республикасы және тағы басқа елдер қолданып отыр.
Міне, осы жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ әрбір ел өзінің
бухгалтерлік есебін континенттік (еуропалық) немесе америкалық тұжырымдама
бойынша жүргізуі мүмкін екендігі анықталады. Біздің еліміздегі ұйымдардағы
бухгалтерлік есеп Кеңес Одағы тұсында континенттік (еуропалық) тұжырымдама
(концепция) бойынша жүргізгендігі белгілі. Бүгінгі күннің өзінде осы
қалыптасып қалған модель өз күшін жоймай келеді. Яғни барлық
кәсіпорындардың есеп жұмысы мемлекеттің басшылығымен салық органының
қажеттілігіи қанағаттандыру мақсатында жасалынып отырылады. Әйтсе де 1997
жылдан бастап елдегі барлық ұйымдардың бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізудің
ережесі, бағыты болып саналатын Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп
стандарттары Американдық (халықаралық) бухгалтерлік есеп стандарттарына
барынша жақындатылып жасалғандығын атап өтуге болады. Сонымен қатар
біздің еліміз халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына көшуге бетбұрыс
жасап 2003 жылдан бастап еліміздегі ірі кәсіпорындар өз есептерін
халықаралық стандарттың талаптарына сай етіп жүргізу керектігін қабылдады.
Біріншіден - осы тұрғыдан, ал екіншіден елдегі қазіргі экономикалық
жағдайға сәйкес болса керек, еліміздегі кейбір ұйымдардың қаржылық есеп
берулері соңғы кездері қаржы салымшыларын (инвесторларды) ақпараттық
мәліметтермен қамтамасыз етуге негізделіп жасалып отыр.
Есеп саясатын дайындау
Кәсіпорынның есеп саясаты осы ұйымның құрылған уақытында дайындала-
ды.Оны дайындаумен кәсіпорынның бас бухгалтері немесе арнайы есеп
(экономикалық) бөлімі айналысады. Дайындалған есеп саясатын кәсіпорынның
басшысы өзінің бұйрығымен немесе өкімімен бекітеді.
Бұйрықтың құрамында есеп саясатының есеп беру жылына қабылданған
барлық пунктерінің мазмұны толық ашылып жазылады. Сонымен қатар әр пунктке
тоқтала келіп қандай номативтік құжат бойынша немесе қандай заң негізінде
есеп саясатның дайындалғандығы көрсетіледі.Қазақстан Республикасының
заңдарымен қатар есеп саясатын дайындауда ұйымның ішкі құжаттары негізге
алынған болса
(лауазымды тұлғалар туралы, ішкі ережелер, бұйрықтар мен өкімдер тағы да
басқа) міндетті түрде ол туралы түсініктеме берілуі қажет.
Кәсіпорынның есеп саясатына енгізілген өзгертулер осы ұйымның
басқару құжаттармен, яғни бұйрық, өкім немесе қаулылармен ресімделуі қажет.
Ұйымның қабылдап бекіткен есеп саясаты кәсіпорынның қызмет атқаруы
барысында қолданылады. Оған өзгеріс енгізу мынадай жағдайларда жүргізілуі
мүмкін:
• Қазақстан Республикасының бухгалтелік есеп және қаржылық есеп
• Беру туралы заңының өзгеруіне сәйкес;
• Бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілердің өзгеруі
салдарынан;
• Жаңа бухгалтерлік есеп стандартына көшуге байланысты және тағы да
басқа.
Кәсіпорынның бухгалтерлік есепті жүргізу жолдары ұйымның есеп
саясатының дайындалған кезінде таңдалып алынады. Бұл есеп саясаты
кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерінде олардың орналасқан орындарына
қарамастан қолданылады. Ұйымның филиалдарының, еншілес және тәуелді
серіктестерінің және тағы басқа бөлімшелерін есеп саясатындағы болған
өзгерістер туралы алдын ала қамтамассыз етуі қажет.
Ұйымдардың түсініктеме жазуларында (пояснительная записка) жыл
бойы орындалған жұмыстар бойынша жасалынған қаржылық талдаудың мәтінімен
қатар бухгалтерлік қорытынды есеп туралы шығарылған шешім және таза табысты
бөлу тәртібі жазылады. Сонымен қатар осы түсініктеме жазуда кәсіпорынның
келесі жылға қабылдаған есеп саясаты (егер оған, яғни есеп беру жылына
өзгерістер енгізілген болса) жазылады.
1.2. Бақыт кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау
Кәсіпорынның бірден бір басты міндеті оның қаржы жағдайының бағалығы
болып табылады және ол көрсеткіш жүйелерін және қаржы коэффицентін
анықтайды.Негізгі қаржылық коэффиценттерді төмендегі үш санатқа
топтастыруға болады:
- Өтімділік (төлем қабілеттілігі )
- Пайдалылық (табыстылық)
- Активтерді басқару тиімділігі
Қаржы ресурстарының құралуы түрлі көздер болса жүзеге асырылады олар ішкі
және сыртқы болып бөлнеді
Ішкі көздер меншікті және оларға ішкі теңестірілген қаржылар есебінен
құрлады және шартты жүргізудегі нәтижелігімен байлансты. Ал сыртқы
кәсіпорынға сырттан түсетін ресурстар кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді
міндеттемесін төлеуге қабілеттілігін өтімділік немесе төлем қаблетілігі деп
аталады. Тез өтімділіктің коэффициенті- қысқа мерзімді несие қарыздарының
ең өтімділік активтердің үлесін көрсетеді. Ол өтімділік актьивтердің
ағымдағы міндеттемесін қатынасын білдіреді.
Бақыт кәсіпорынның мүліктік құрлымы мен құрамы.
№ Мүліктің түрлері 2005 жыл 2006 жыл 2007 жыл өзгеруі
мың теңге % мың теңге %
мың теңге % мың теңге %
мың теңге
1 . Жұмыс сағаты (күндері) Я
2 . Түнгі жұмыс сағаты Н
3 . Кешкі жұмыс сағаты В.Ч
4 . Мерзімнен тыс жұмыс сағаты :
- кесімді қызметкерлер үшін . С
- мерзімді қызметкерлер үшін СП
5 . Кесімді қызметкердің толық сменалық
мерзімді жұмысы Ц
6 . Қызмет бабындағы іс-сапарлары К
7 . Жыл сайынғы демалыстар ОТ
8 . Жұмысқа уақытша жарамсыздығы
Б
9 . Екі қабат болуға немесе бала табуға
байланысты берілген демалыстар
Р
10 . Қызметкерлердің кінәсінің болған толық
сменалық кідірістер
П
11 . Қызметкердің кінәсынан болған сменадағы
кідірістер В
Бірақ мұндай үлгіде жұмыс уақытын пайдалану есебі көрініс табатындай
етіп жүргізілуі керек. Табельде жұмысшылар мен қызметкерлердіңтек қана
жұмысқа келген немесе жұмысқа келмеген күнін белгілеп қана қоймай , олардың
жұмысқа кешіккенін, мерзімінен тыс жұмыс істеген уақытын, жұмыс істеудің
белгіленген уақытын, тағы басқа себептерді есептеу үшін белгілер
қойылады.Табельдер мен оларға негіз болған алғашқы құжаттар еңбекақы
есептеуге және жұмысшы қызметкерлердің жұмыс істеген уақытын есептеу үшін
пайдаланылады. Сонымен қатар цехтар мен бөлімшелер бойынша жинақталған
деректер жұмыс уақытының балансын жасауға нақтылы жұмыс істелген уақыты
жайлы статистикалық есеп беруге пайдаланады. Бұл көрсеткіштер еңбектің
өнімділігін анықтау үшін ғана емес, сонымен қатар жұмыс уақытының пайдалану
нәтижесінде анықтау үшін де қажет болып табылады.
Еңбек есебінің маңызды элементі болып еңбектің күрделілігіне,
жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне қарай жұмыстың әр түріне
кететін жұмыс уақытының мөлшерін анықтау болып саналады. Жұмыстың күр-
делілігіне қарай еңбекақының мөлшері тарифтік жүйеде қаралады.
Тариф жүйесінің негізгі элементтері болып мыналар болып табылады.
– Тариф кестесі;
– Тарифтік еңбекақы анықтамалары;
– Тарифтік мамандық анықтамалары
Осыларға негізделіп жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы мөлшерінің
үлгілі кестесі жасалады.Тариф жүйесінің көмегімен жұмыстың барлық түрі
күрделілігіне және көп еңбек сіңіруді қажет еткендігіне қарай
топтастырылады және жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне
қарай оларға тариф бойынша әр түрлі еңбекақы мөлшері белгіленеді.Тарифте
мамандар бойынша өндірістің қай саласында болмасын негізгі жұмыстың
әрбір түріне , жұмыстың күрделілігімен қаншалықты еңбек етуіне керекті
ұқыптылық пен жауапкершілікке қарай берілген разрядтар көрсетіледі. Сонымен
қатар тарифте әрбір атқаратын жүмыстың нақты түрлеріне мінездеме және
жұмысшылармен қызметкерлердің өзіне берілген разрядқа ие болуына керекті
еңбек дағдысы мен біліміне де мінездеме береді.
Тариф мөлшерлемесін және бюджет сферасындағы еңбеккердің қызмет
иесінің айлығын белгілеген кезде жалақының минималды деңгейін және бірыңғай
тариф сеткасын пайдаланады. Бірыңғай тариф сеткасы еңбек ақының 21
разрядының негізінде құрылады және әрбір разряд үшін өзіндік тариф
коэффициенті белгіленеді.
Жұмыс мамандығы негізінде 1-ден 8-ші разрядқа дейін жіктеледі, ал
қызметкерлердікі 2-ден 21-ге дейін бырыңғай тарифтік сетка бойынша
тарификацияланады.
Бірыңғай тарифтік – мамандандырылған (квалификацияланған) анықтама
(БТМО) және мамандырылмаған анықтама бойынша еңбеккерлердің
тарификациясын жасайды.
Тарифтік мөлшерлемесін және әртүрлі машықтық – мамандандырылмаған
топтарындағы қызмет иесінің айлығын жұмыс берушінің ең төменгі
жалақыны сақтаған кәсіпорын бекіткен разрядтың мөлшерлемесіне сүйене
отырып бырыңғай тарифтік сеткасында белгіленген тарифтік-
мамандандырылған коэффиценттер бойынша анықтайды.
Тарифтік кестеде - жұмысшылар мен қызметкерлердің әрбір топтарының
арасында төленуге тиісті еңбек мөлшерінің арақатынасы айқындалады. Тариф
кестеде: тарифтік еңбекақы (сағаттық , күндік, айлық) осы өндіріс
саласында өте қарапайым және жеңіл бірінші дәрежелі болып саналатын
жұмысқа төленетін мөлшерде бекітіледі. Жоғары дәрежелі еңбекке төленетін
еңбекақы бірінші дәрежелі еңбекке төленетін еңбекақы мөлшері мен осы
қарастырып отырған дәрежелі еңбектің арақатынасының тарифтік коэффицентің
, екінші дәрежелі еңбекке төленетін еңбек ақы мөлшеріне көбейту арқылы
анықталады. Тарифтік кестеде тарифтік еңбекақы жұмыстың түріне қарап ,
кесінді және мерзімді еңбекақы болып екіге бөлінеді. Тарифтік мерзімдегі
еңбекақы мөлшері бір сағатқа белгілі . Кесінді еңбек бағасы белгілі
тарифтік баға бойынша бір сағатқа белгіленген немесе бір сағатқа тиісті
еңбекақы мөлшерін сол сағатта өндірілген өнім көлеміне , орындалған
жұмыстың мөлшеріне бөлу арқылы табылады немесе бір өнімге кеткен уақытқа
көбейту арқылы табылады. Уақыт мөлшері мен өндірілген өнім мөлшері , көлемі
барлық өндіріс техникалық мөлшерлеу үдірісін ( процесін )
жүргізу кезінде анықталады.
Өнім өндіру және өнім өндіру есебінің жүйелері.
Өнім өндіру есебі ең алдымен орындалған жұмыстың , операцияның , өндіріп
шығарған өнімнің саны мен сапасына қарай кесімді еңбекақыны есептеу үшін
және жұмыскерлер мен қызметкерлердің жекелік және топтық еңбек өнімділігіне
бақылау жүргізу үшін керек. Өнім өндіру есебі негізінде тек қана кесімді
еңбеақы алатын жұмыскерлер мен қызметкерлерге ғана емес, сонымен қатар
мерзімдік еңбекақы алатын жұмыскерлер мен қызметкерлерге де сандық және
сапалық көрсеткіштердің артығымен орындалуына қарай жекеленген сыйақы
төленеді. Жекеленген жұмыскерлер мен қызметкерлер кесімді еңбекақысына
қосымша өнім өндіру негізінде мөлшерлі тапсырманы орындағаны үшін сыйақы
алады.
Өнім өндіру есебі әрбір кәсіпорында жұмыскерлер мен қызметкерлердің еңбегін
ұйымдастыруға және оларға есептеліп төленетін еңбекақы түріне байланысты.
Кәсіпорынның еңбекті ұйымдастыру көбіне ғылыми – техникалық даму деңгейіне
және оларды тиімді пайдалануға , тағы басқаларға байланысты болып келеді.
Еңбекті жаңа техникамен жабдықтау , механикаландырылған ,
автоматтандырылған, өндірістің пайда болуына себебін тигізді. Ғылыми -
техникалық прогрестің дамыған жағдайда қол еңбегін пайдалануды көп қажет
ететін механикаландырылмаған өндіріс автоматтандырылған кешенді салаға
айналады. Оларда қол еңбегі біртіндеп азайып, еңбектің ұйымдастырылуына
жаңа техника мен технология өз әсерін тигізеді. Бұл айтылғандардың іске
асуы , яғни қолданылып өнім өндіру есебін ұйымдастыруға өздерінің әсерін
тигізеді.
Кәсіпорындарда өнімдердің өндіріліп шығарылатын және жұмыстың орындалуы
жайлы алғашқы құжаттарда мынадай мәліметтер және ақпараттар болуы қажет :
– Орындалатын жұмыстың аталуы;
– Оның қабылданған уақыты , яғни күні , айы, жылы;
– Өндірілетін өнімнің саны мен көлемі;
– Өнімді өндіруге , жасап шығаруға және жұмысты орындауға кеткен
уақыты;
– Орындаушы жұмысшылар мен қызметкерлердің табельдік номері
немесе бригаданың номерлері;
– Цех бөлімшелерінің шифырлары және оларға есептелген еңбекақының
түрі.
Бұлар бойынша одан кейінгі уақыттарда жұмысшы және қызметкерлермен есеп
айырысу жүргізіліп, сонымен қатар өндіріліп шығарылған өнімдер мен
істелінген жұмыстар бойынша төлем сомасының мөлшері анықталады. Халық
шаруашылығының әртүрлі саласындағы ұйымдарда өндіріс түрлеріне байланысты
еңбек пен еңбекақы мөлшерінің есебін қолдануға сәйкес өнім өндіру есебінің
әртүрлі жүйесі қолданылады. Олардың ішінде :
– Жұмысшылар мен қызметкерлерге әрбір операциялар бойынша
істелген жұмысы мен өндірген өнімінің саны мен сапасына сәйкес
жеке – жеке еңбекақыны есептеп және оны төлеу жүйесі. Бұл жүйе
бойынша керекті мәліметтерді жеке жұмыскерлер мен
қызметкерлердің істеген жұмысына байланысты әр цех бөлімшелері
толтырған алғашқы құжаттардан алуға болады.
– Өндірілген өнімдер мен істелінген жұмыстарының жалпы көлемін
ең соңғы операция орындағаннан кейінгі анықтау жүйесі .
Бұл жүйе бойынша бөлімшелер мен цехтарға барлық жұмыскерлер мен
қызметкерлердің атқарған қызметі мен орындаған жұмыстарына бір жолды және
жинақтаушы құжаттар толтырылады.
– Еңбек пен еңбекақы өндірістің түріне қарай қолданудағы тағы
бір жүйе – түгендеу жүйесі болып табылады. Бұл жүйе бойынша
жұмыскерлер мен қызметкерлердің жеке –жеке өндірген өнімнің ,
істеген жұмыстың көлемінің санын анықтау үшін әр операциядан
кейінгі өндірілмей , аяқталмай қалған өндіріс қалдықтарына
түгендеу жұмыстары жүргізіледі.
Операциялар бойынша қабылдау жүйесі жұмыскерлер мен қызметкерлердің
өндірген өнімдерін әр операцияларды орындағаннан кейін ұйымның техникалық
бақылау бөлімі қабылдап , санап алғаннан кейін , ол туралы ақпараттарды
алғашқы құжаттарға жазуды қажет етеді. Бұл жүйе бойынша көбірек
қолданылатын алғашқы құжаттардың түрі "Кесімді жұмыс " наряды болып
табылады. Бұл құжат жұмыс орындалмай , яғни басталмай тұрып толтыруды
және жұмыскерлер мен қызметкерлерге беріледі. Тапсырма орындалғаннан кейін
бұл нарядқа нақты өндірілген өнімдермен орындалған жұмыстардың саны ,
көлемі жазылып , жұмыскерлер мен қызметкерлердің еңбекақысын есептеу үшін
кәсіпорынның бухгалтериясына тапсырылады.
Кәсіпорын бойынша өндірілген өнімге , істелген жұмысқа күнделікті наряд
жазу жұмыскерлер мен қызметкерлерге еңбекақыны есептеу жұмысын
қиындатып жібереді. Оның үстіне нарядтар бойынша төленетін еңбекақы
мөлшерін цехтардағы , бөлімшелердегі өндірілген өнімнің , орындалған
жұмыстардың көлемдеріне сай келуін бақылауға , салыстыруға мүмкіндік
бермейді. Сондықтанда өнім өндіру есебінің жаңа прогрессивті еңбек
сіңіруді жеңілдететін жүйесін енгізу қажет .Іс жүзінде жекеленген жұмыс
нарядының орнына айлық немесе екі айлық жинақтаушы нарядтарды қолдану
арқылы құжаттың санын азайтуға болады.
Кәсіпорынның бақылау бөлімі өндірісте өндірілген , жасалып шығарылған
өнімнің сапасы мен санын тексеру мақсаты мен қатар болған ақауларды
анықтап отырып және соымен қатар бұл туралы мәліметтерді өнім өндіру жайлы
құжаттарға жазып отырады. Өндіріс цехтары мен бөлімшелерінде өндірілген
өнімнің әр топтарына бөлек маршруттық карта жазылады. Бұл маршруттық
картада өндірістің осы топтағы өндірген өнімінің саны көрсетіліп бақылау
бөліміне жіберіледі. Ал бөлімнің бақылаушысы картаға топты , яғни өнімді
тексеру барысында анқталған ақау немесе кемшілігі бар өнімнің санын және
оны жіберген жұмыстың табелінің номері көрсетіліп қол қояды.
Кәсіпорындарда көп жағдайда еңбекті ұйымдардың бригадалық түрі кеңінен
қолданылады.Шаруашылықта өндірістік бригадалық топ құру өндірілген өнімді
есптеу жұмысын жеңілдетеді, сондай-ақ толтырылған құжаттардың сны да
азаяды. Бригада бойынша еңбекақыны есптеген жағдайда да өндіріп шығарылған
өнімнің , істелінген жұмыстың ең соңғы нәтижесінің есебін алу жеткізілуі
болады. Өндірілген өнімнің , істелген жұмыстың ең соңғы нәтижесі бойынша
кәсіпорындардағы жұмыскерлер мен қызметкерлерге еңбекақыны есептеу
техникалық бақылау бөлімінің қызметкерлерінің нң соңғы тексеру
операциялырынан өтіп , қоймаға тапсырыс пен және басқа жаққа қоймаға
алынбай тартылып жіберілген , яғни басқаларға берілген , сатылған, тиеліп
жіберілген дайын өнімнің, істеген жұмыстардың саны мен спапсына қарай
есептелінеді .
Жұмысшылар мен қызметкерлеге жоғары да айтылғандай нңбекақыны есептеу
және төлеу үшін ұйымдарда жинақталған құжаттар мен бригаданың өнім өндіру
тізімдемесінің қолдануды қажет етеді.
Көпшілік өндіріс орындарында , әсіресе үзіліссіз өндіруде жұмысшылар мен
қызметкерлерге төленетін еңбекақыны өндіріліп шығарылатын өнімнің ,
істелінген жұмыстың ең соңғы нәтижесі бойынша есептеу кеңінен қолданылады.
Өнім өндіру есебінің бұл түрі кәсіпорындарында өндірісті дамыту ,
өнімділікті арттыру үшін, сондай-ақ өндірілген өнімдер мен орындалған
жұмыстың көлеміне қосымша ақпараттар жазуға жол бермеу үшін қолданылады.
Еңбекақының істелген жұмыс уақытына қарай , яғни мерзімді еңбекақыны төлеу
нысаны жұмысшылар мен қызметкерлерді жұмысістеуге белгіленген уақыт ішінде
еңбке өнімділігін арттыруға айтарлықтай ынталандырылмайды. Сондықтанда
көптеген өндіріс орындарынды, яғни ұйымдар еңбекақыны мөлшерлеп белгіленген
тапсырыстардың орындалуына қарай отырып төлейтін түріне көшті. Бұл
жұмысшылар мен қызметкерлерге мерзімді еңбекақыны төлеу жағдайда да өнім
өндіруге мөлшерленген тарсырыстың орындалғаның қажет етеді. Сонымен қатар
тапсырманы уақытылы орындалуы және еңбек өнімділігін арттырғаны үшін
жұмыскерлер мен қызметкерлерге сыйлықтар мен сыйақылар , т.б беріледі.
Үзіліссіз еңбек үдірістері ұйымдастырылған көп сериялы өндіріс орындарында
өнім өндіру инвентарлық жүйесі қолданылады.Бұл жүйе бойынша жұмыстың яғни
сменаның соңында өндірілген өнімнің саны мен көлемін анықтау үшін әр
операция бойынша өнделмей қалған детальдардың қолдануына түгендеу
жүргізіледі .Кәспорындарда жұмыс істейтін әрбір жұмысшының өндіріп шығарған
өнімінің саны мен көлемін анықтау үшін смена кезінде өндеу үшін алынған
детальдар мен бұйымдарының санын қосып осы қосындылардан сменаны тапсырған
уақыт барысында өнделмей қалған бұйымдар мен детальдардың санын азайту
керек. Осының негізінде өндіріп шығарылған өнімдердің санын тиісті
құжаттарын жазып отырады. Ұйымдарда кейбір кездерде әртүрлі себептермен
өндіріске керекті материалдық құндылықтардың жабдықтаушылардың дер кезінде
болмауына байланысты жұмыстарды орындауға, өнімді өндіріп шығаруға қолайсыз
, сапасы жағынан немесе физикалық, химиялық қасиеттерімен талаптарға сай
келмейтін материалдық – құндылықтарды пайдалануға тура келеді.Кейбір
жағдайларда ондай материалдық- құндылықтарды пайдалану алдын-ала
өндіруді қажет етеді. Сондықтан өндіріске басқа материалдар мен
жабдықтарды қолдану істелінген жұмыстарының белгіленген әдеттегі
уақытында аяқталмауына әсерін тигізеді . Бұған белгіленген мөлшерде
қосымша уақыт қажет болады. Сондықтан да ол үшін жұмыскерлер мен
қызметкерлерге қосымша еңбекақыны есептеліп төленуі тиіс .
кәсіпорындардағы жұмыскерлердің былайша ауытқуына қосымша төленетін
еңбекақыға мастер, прораб немесе бригадир , яғни ұйымдардағы наряд
толтырушы адам қосымша еңбекақы төлемін төлеу құжатын толтырады. Бұл
құжатқа негізгі еңбекақыны есептеу үшін төленетін нарядтар мен алғашқы
құжаттардың номері жазылады. Егер әдетте техникалық ауытқуы қосымша
операцияны қажет ететін болса онда бұндай жұмыстарға ерекше белгісі бар
(қиғаш сызық ) түсетін нарядтар толтырылады. Қосымша төлеу құжатында
жоспарлардан тыс өндеу операцияларына төленуге тиісті еңбекақымен қатар,
қосымша төлем төлеудің себебі де жазылып көрсетілуі тиіс.
Еңбекақы есебі және еңбекақы трлері мен нысандары.
Жұмыскерлер мен қызметкерлердің өндірген өнімдері мен істеген
жұмыстарына толтырылған алғашқы құжаттар мен жұмыс уақытының табельдері
оарға еңбекақыны есептеу және оны төлеу үшін ұйымның цехтан ,
бөлімшелерінен , бригадаларынан кәсіпорынның әкімшілігі белгілеген
мерзімде бухгалтерияға келіп түседі . Еңбекақы есептеу үшін толтырылған бұл
алғашқы құжаттар мен табельдердің дұрыс толтырылуы , лауазымды тұлғалардың
қолдарының қойылуы мұқият тексеріледі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz