Қылмыстың ұғымы мен белгілері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫС ҰҒЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Қылмыстың негізгі ұғымы мен белгілері . . . … . . . 7
1. 2. Қылмыстың басқа құқық бұзушылықтан айырмашылығы……… . . . …… . . . 21
1. 3. Қылмыстың жасалу себептерін анықтау жолдары . . . …. 23
IІ ТАРАУ. ҚЫЛМЫС ТҮСІНІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫС САНАТТАРЫ . . . 28
2. 1. Қылмыс санатының ұғымы және оның қылмыстық құқықтағы маңызы . . . 36
2. 2. Қылмысты санаттарға бөлу негіздері . . . 40
IІІ ТАРАУ. ҚР ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ АСА АУЫР ҚЫЛМЫСТАРҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА . . . 49
3. 1. Қылмыстық Кодекстің ерекше бөліміндегі онша ауыр емес қылмыстар . . . 52
3. 2. Аса ауыр қылмыстар түсінігі . . . 53
3. 3. Аса ауыр қылмыстардың түрлері . . . 68
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 79
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 82
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығы бойынша аса ауыр қылмыстарға қасақана немесе абайсызда істелген қылмыстар: абайсызда кісі өлтіру, кісіні өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, денеге қасақана аса ауыр дәрежеде жарақат салу және т. б. жатады.
Бұл жұмыс қылмыстық құқық теориясындағы өзекті мәселелердің бірі-қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен сипатына қарай аса ауыр қылмыстар деп санаттауында. Бұл қылмыстарды осылайша саралап Қазақстан Республикасының қылмыстық заңындағы алатын рөлі оның қылмыстық саясатты дұрыс жүргізілуіне қарай талданатын проблемаларына арналған. Бұл мәселелер еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан ілгері дамуына қоғамдағы әділеттілікті қалпына келтіру азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға көп шешуші сұрақтарды қамтиды. Зерттеу жұмысында қылмыс санаттарының жалпы көрінісі, соның ішінде құрамы, түсінігі мен белгілері аталған қылмыс құрамдарының қылмыстық-құқықтық сипаттамасының ерекшеліктерін зерттеуге әрекет жасалған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Елімізде жүріп жатқан реформаны іске асыру және барлық заңды мүдделерді қорғау үшін қылмыспен күрес шараларын күшейтуді қажет етеді.
1995-ші жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдуммен қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 1-ші бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» дей отырып қоғамға, адамзатқа қарсы іс-әрекеттерді жасауға тікелей тыйым салады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев қылмысқа қарсы күрес және құқық тәртібін нығайтудың ауқымды, әрі тиімді бағдарламасын ұсынды. Сонымен қатар Президент өзінің баяндамасында «еліміз әлеуметті қайта құру жолында ең күрделі түрде қарқынды дамыған қылмыстылықпен күресудің шегіне жетті. Бұл шын мәнінде реформа саясатына, қоғамның тұрақтылығына, азаматтардың өмірі мен игіліктеріне қауіп тудырады»., - деді. 1995 жылы тамыз айының 30-жұлдызында референдум жолымен қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіз, егемен мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан акт болып табылады.
Бұл бір жағынан заңды құбылыс ретінде бағаланады. Себебі қоғамның даму бағытын өзгертуі, ол елде алғашқы уақыттарда экономикалық-саяси дағдарыстардың орын алуына соқтыра алады. Бұл мәселе туралы профессор Ү. С. Жекебаев «жаңа, әлеуметтік-саяси, экономикалық жағдайда бейімделудің күрделі, барлық күшіндегі заңдардың өзгертілуін талап етті. Бірақ 1994 жылғы сот-құқық реформасы айтарлықтай нәтиже бере алмады, оның объективтік және субъективтік себептері де болды» деді.
Профессор Е. І. Қайыржанов «социалистік қағидадан аяқ астынан бас тарту және елде нарықтық экономиканы жариялау сөзсіз, қалыптасып қалған құқықтық жүйені түпкілікті реформаларды талап етеді» деген болатын [4, 42-45] . Соның бір көрінісі ретінде қылмыстық заң да 1997 жылдан бастап үнемі қазіргі әлеуметтік-қоғамдық экономикалық жағдайларға сәйкестікке келтіруде.
Елімізде қылмыстылықпен күресуді күшейту, оның бағдарламасын жасау, құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында Республика Президентінің бірнеше жарлықтары мен қаулылары шықты. Мемлекет басшысының осындай жарлықтары қаулыларының ішінен атап айтар болсақ: «Коррупциямен және ұйымдасқан түрдегі қылмыспен күресуді күшейтудің шаралары жөніндегі» 1992 жылы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы, «Қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Кеңес құру туралы» 1994 жылы 11 ақпандағы Президенттің қаулысы «Заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы» 1994 жылы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы.
Қазіргі қоғамдық жағдайдың ерекшелігіне байланысты, Қазақстан Республикасында жүріп жатқан реформалар, құқықтық мемлекеттің негізін қалауға көмектеседі. Бұл жерде қоғам ондағы азаматтардың тағдырына, әсер ететін құқық салаларының бірі-қылмыстық құқық болып табылады. Әр бір дамыған мемлекеттің қылмыстық құқығының негізінде топтық, класстық, мәдениеттілік жатқан жоқ, ең алдымен қоғамдық құндылықтар жатыр. Дамыған мемлекеттердің қауымдастығының мүшесі болып, өзіміздің міндетімізге, 10 желтоқсанда 1948 жылы қабылданған БҰҰ-жалпыға арналған адам құқығының декларациясында ережелерін қабылдай отырып, сол қоғам құндылықтарын қабылдап, сол құндылықтарға қайта оралудамыз.
Біздің Қазқстан Республикасының Конституциясының 1бабына сәйкес: Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі құқығы мен бостандықтары деп бекітілген.
Қылмыс санатындағы қылмыстар яғни онша ауыр емес қылмыстар, аса ауыр қылмыстар, ауыр қылмыстар және аса ауыр қылмыстар түрлері азаматтарға, қоғамға біршама қауіп туғызады. Көрсетілген қылмыс түрлерінің анықтамасы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 10-бабында берілген.
Қылмыстық-құқықтық әдебиеттерде зерттелініп отырған проблема бірнеше қылмыстық құқық институттарында талқыланған (С. В. Бородинмен, А. А. Герцензонмен, У. С. Жекебаевпен, Б. Ж. Жүнісовпен, Е. І. Қайыржановпен, И. И. Карпецпен, С. Г. Келинмен, М. И. Ковалевпен, И. Я. Козаченкомен, Г. Л. Кригермен, Л. Л. Круглиновпен, Н. Ф. Кузнецовпен, В. И. Курлянденмен, Р. Т. Нуртаевпен, Э. Ф. Побегайло, А. М. Яковлевпен және басқалары) жеке қылмыс санаттарын талдағандар (З. О. Ашитовпен, Л. В. Багрий-Шахматовпен, Б. С. Бейсеновпен, Г. Н. Берзеновпен, В. П. Махоткинмен, А. А. Тераковпен және басқалары) .
Қылмыс санаттарын жеке проблема ретінде Н. И. Загородников, П. С. Кардаева, П. В. Коробова, Л. И. Кривоченко, А. В. Наумова, А. Б. Сахарова және басқа ғалымдар өздерінің жеке еңбектерінде талдап қарастырған. Бірақ бұл еңбектері Кеңес Одағы таралмай жатып басылымға шыққан. Әлбетте олар сол кездегі кеңес одағының қылмыстық заңдарымен талдау жасаған. Ал Қазақстан Республикасының қылмыстық заңымен ол мәселелер қамтылмаған. Ғылыми зерттеу еңбектерінің қазіргі таңдағы осы мәселеге қатысты еңбектерінің жан-жақты қарастырылмағанына қарай осы тақырыпты зерттеу жұмысы ретінде таңдадым.
Зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасы қылмыстық заңдары бойынша қылмыстардың Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде жалпы санаттарын бөліп қарау, оның жаңа мәтінің қазіргі заман талабына сай құрастыру, оны анықтаудың методологиялық ғылыми негіздерін белгілеу, әрбір қылмы санатындағы қылмыстық құқықтың сипаттамасына талдау жасау, олардың арасындағы криминологиялық сипаттамасына зерттеу жүргізу, сондай-ақ осы тұрғыдағы заңдарды жетілдіруге байланысты ғылыми ұсыныстар жасау мәселелері жан-жақты қарастырылды.
Зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңы бойынша аса ауыр қылмыс ұғымы, белгілері жіктелуі және талдау жасау, қылмыстық заңдарындағы қылмыс санаттарнын қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен сипатына қарай бір-бірлерінен ажырату, сондай-ақ аталмыш қылмыстардың криминологиялық сипаттамасына талдау жүргізу болып табылады.
Зерттеу пәні. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңы бойынша аса ауыр қылмыстардың жауаптылығын кешенді түрде зерттеу.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Бұл жұмыстың мақсаты қылмыстық заңдағы аса ауыр қылмыстардың қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен сипатына қарай санаттарға бөлінуіндегі Жалпы және Ерекше бөліміндегі құқықтық норма ретінде институт қалыптастыруындағы алатын орны. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңы бойынша қылмыс санаттарына байланысты қылмыстық заңдарды жетілдіру бағытында ұсыныстар жасау, зерттеліп отырған проблемаға байланысты қылмыстық заңды теориялық және практикалық тұрғыда қолданудың бірегей жолын іздестіріп, оны дамытуға мүмкін болатын жағдайларды көрсету болып табылады.
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негізін, қоғамдық ғылымдарға ортақ, жалпы танымдық және арнайы ғылыми әдістер, теориялық негізін қылмыстық құқық, криминология, философия, социология, логика, психолгия, ғылымдарының негізгі қағидалары құрады. Тақырыпты зерттеу барысында тарихи талдау, салыстырмалы құқықтану, жүйелі-құрылымдық талдау әдістері кеңінен пайдаланылды. Жұмыста статистикалық және нақты әлеуметтік (сұқбат, қылмыстық істердің құжаттары мен танысу) әдістерге жүгіну орны алды.
Жұмыстың құрылымы және көлемі зерттеуге қойылған мақсаты мен міндетіне байланысты объектіні талдау және пәнді ықшамдаумен шартталды. Диплом жұмысының талаптарында белгілнеген көлемде орындалып кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫС ҰҒЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Қылмыстың ұғымы мен белгілері
Қылмыстық құқық теориясында "қылмыс" деген ұғымға әрқилы анықтама беріліп келеді. Бірінші 1919 жылы, одан кейін 1926 және 1932 жылдар аралығындағы Қылмыстық кодекстерде анықтамалар берілді. 1926 жылдан 1935 жылға дейін және одан кейін қабылданған Одақтас республикалардың Қылмыстық кодекстері мен басқа Заң негіздерінде қылмыс деген ұғымға нақты түсінік беруге ұмтылыс жасалынды.
1959 жылы қабылданған Қазақ КСР-інің Қылмыстық кодексінің 7-бабында қылмыс деген ұғымға мынадай анықта-ма берілген: "Қылмыс дегеніміз - қоғамға қауіпті, қоғамдық, мемлекеттік құрылысқа, мемлекеттің шаруашылық жүйесіне, азаматтың жеке басына, саяси өмірге, еңбек мүлкіне, азамат-тардың құқысына, басқа да құқылық тәртіпке қол сұғушылық". Қылмыстың қоғамға қауіптілігі, қол сұққан немесе қол сұғуға әрекет жасалған объектіге, келтірілген немесе келтірілетін зи-янның мөлшеріне байланысты, сонымен қатар қылмыс деп саналатын әрекеттің немесе әрекетсіздіктің түрі мен тәсілі қандай жағдайдажасалуы, қасақаналықпен, абайсыздықпен жа-салудың себептері мен мақсаты анықталуы қажет екендігі көрсетіледі. Кодекстің 7-бабында бұрынғы заңдарға қарағанда қылмыстық заң қорғайтын жалпы объектіні толығырақ айтады. [2. 35]
Қылмыстық кодекстің 7-бабының 2-бөлімінде: "Қылмыстық заңда көрсетілген, формалды нормалардың сыртқы түрі жағынан қылмыстың құрамдық белгілеріне дәл келетін, бірақ маңызы шамалы, қоғамға қауіп келтірмейтін әрекет немесе әрекетсіздік болғандықтан қылмыс болып саналмайды" делінген. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Қылмыс-тық кодексінің 8-бабында: "Қылмыс дегеніміз - кінәлінің қоғамға қауіпті іс-әрекет /әрекетсіздігі/, қылмыстық заңдарда тыйым салынған объектілерге қол сұғуы" делінген. Қылмыс ұғымына жоғарыда көрсетілген нормалардан кінәлінің іс-әрекетінің /әрекетсіздігінің/ қоғамға қауіптілігі де кіреді. Басқа нормативтік актілер мен құжаттарда адамның табиғи құқықтары мен бостандығына, жеке меншігіне, Конституция қағидала-рына сәйкес әлеуметтік, экономикалық құқықтарға қол сұғу-дан қорғалатындығы көрсетілген. 2-бапта қылмыстық заңдар-дың қағидалары; 4-бапта қылмыстық жауапкершілік айтылған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 9-бабында қоғамға қауіпті әрекет ретінде (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылмайтындығы көрсетілген. [2. 41]
Қылмыстың негізгі белгісі кінәлінің іс-әрекетінің қоғамға қауіптілігі, келтірілген зияны, қол сұғылған объектінің маңызы, әрекеттің тәсілі, жасау әдісі, кінәлінің ой-пікірі, басқа да жағ-дайлары осы негізгі белгілерде қаралады. Мысалы, қасақана жасаған қылмыс абайсызда жасаған қылмыстан анағұрлым ауыр. Бірақ заңда кінәлінің қасақана немесе абайсыздықта жасаған іс-әрекеті қоғамға, мемлекетке, адамдарға қауіпті бо-лып көрсетілген. Сондықтан "қауіптілік" қоғамға қауіпті деу үшін кінәлінің іс-әрекеті жан-жақты қаралады.
Қылмыстың қандай топтың объектісіне жататыны, қандай дәрежеде жасалғаны, саяси мәні мен адамгершілік жағы, күшпен немесе зорлықпен жасалғандығы, материалдық, формалдық жағы сияқты жағдайлар қылмыстық іс-әрекетке "қоғамға қауіпті" белгісін көрсетеді. Мысалы, адамның өміріне, денсау-лығына қарсы қылмыстар, бостандығына, адамгершілігіне қар-сы қылмыстың айырмашылығы, тікелей объектінің маңызы мен мәніне, қандай дәрежеде жасалғанына байланысты. Құжат-тарды қолдан жасау, қауіптілігі жеңіл немесе ауыр, зорлықпен және күшпен жасалған іс-әрекетте қаншалықты дәрежеде зорлауы, күш жұмсауы, қасақана жасалатын қылмыстық іс-әрекетте, ой-пікірлерінің түрлерінде, алдын-ала дайындалғанды-ғында немесе кенеттен жасауы және басқа жағдайлар. [19. 102]
Қылмыстың қоғамға қауіпті белгісінің дәрежесінде қылмы-стық іс-әрекеттердің жай және күрделі, жеңілдететін және ауыр-лататын түрлерінің мән-жайлары қарастырылады. Қылмыскерге жеке дара жаза тағайындағанда осы мән-жайлар ескеріледі. Қоғамға қауіпті белгі қылмыскердің жеке басының азамат, от-басы мүшесі, жұмысшы сияқты, тағы басқа жағдайларына бай-ланысты қаралады. Қылмыстың қоғамға қауіпті белгісі негізіндегі өзгешілігі мен дәрежесіне байланысты ерекше, ауыр, қоғамға қауіптілігі онша ауыр емес және ауырлығы орташа болып бірнеше топқа бөлінеді.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 20-бабында қылмыстың ерекшелігі мен дәрежесіне байланысты жай-лар айтылған.
Қоғамға қауіптілігі онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр болып жіктеледі. Онша ауыр емес қылмысқа қасақана және абайсызда жасалған, заңда бас бостандығы-нан айыру екі жылдан аспайтын қасақана жасалған әрекет, бас бостандығынан айыру бес жылдан аспайтын абайсызда жасалған әрекет жатқызылған. Ауырлығы орташа қасақана жасалған қылмыс үшін бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын, бес жылдан астам мерзімге бас бостандығы-нан айыру жазасы абайсызда жасалған әрекеті үшін көздел-ген. Қасақана жасалған әрекет жазасы он екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын, ауыр қылмыс болып есептеледі; ал он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығы-нан айыру немесе өлім жазасы көрсетілген. Қасақана жасалғ-ан әрекет - аса ауыр қылмысқа жататыны көрсетілген.
Кінәлінің іс-әрекеті егерде заңға қайшы, заңда бекітілген, заңмен қорғалатын объектілерге қол сұққан болса немесе қол сұғуға жағдай туғызу арқылы объектіге залал-зардап келтірсе қоғамға қауіпті болып саналады. Екінші белгісі - қоғамға қауіпті іс-әрекеттің заңға қайшы болуы. Заңға қайшы іс-әрекет заңда тыйым салынған қылмыстық іс-әрекет жасауға болмайтындығы, қорғалатын объектіге қол сұғып, заңды бұзатын болса жаза тағайындалатыны көрсетілген. [14. 2]
ҚР Қылмыстық кодексінің 9-бабында қылмыстың заңға қайшы белгісі "заңмен белгіленген іс-әрекет" делінген, сонымен қатар қылмыстың заңға қайшы белгісі "заң арқылы тыйым салынған, жаза тағайындалатын іс-әрекет" деп анықтама берілген. Қылмыстың келесі негізі мен белгісі: кінә - Қылмыстық кодекстің 19-бабында айтылған қылмыстық жазаға қылмыстық іс-әрекет, қасақана немесе абайсыздықта жасалса ғана кінәлі делінеді. Сонда объектілерге әрекет немесе әрекетсіздік арқылы кінәлі түрде қол сұғушылық.
Қылмыстық жауапкершілікке тек қана кінәлі адам тартылатындығы, қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істеген, яғни қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекетті немесе әрекетсіздікті қасақана немесе абайсыздық-пен жасаған кінәлі адам тартылатындығы заңдарда көрсетілген. Адамның кінәлілігі істеген әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті екенін алдын ала ұғынуы және адамның болатын зардаптарды білуі, білген зардаптардың тууын тілеуі немесе болуына жол беруі. Кінәлінің езінің әрекеті немесе әрекетсіздігі келтіретін зардапты білуі міндеттілігі заңда неме-се басқа айрықша ережелерде, қызмет бабындағы міндеттерде немесе кінәлінің өз еркімен қабылдаған міндеттемелеріне бай-ланысты жағдайларда қаралады. Жағдайға байланысты кінәліге міндетжүктелмесе кінәлі жауапты болмайды, бірақ қауіпті зардаптың тууын білуге міндеттіліктің өзі ғана кінәліні жауапкер етуге жеткілікті бола бермейді. Оны жауапты ету үшін кінәлінің сол келетін зардаптарды білуге мүмкіндігі болуға тиіс, кінәліде болжауға болатын мүмкіндіктің бар-жоғын білу үшін, сол зар-даптың болуын болжай алмайтын адамның басына байланыс-ты ерекшеліктерді және ондағы мүмкіндікті зерттеу керек. Сол зардаптың болуын білуге мүмкіндігі болған жағдайда ол адам сол келген зардапқа кінәлі болады. Кейбір ғылыми еңбектерде қылмыстың негізгі белгісі кінәнің қажетінің жоқтығын көрсетеді.
Қылмыстың келесі белгісі жаза - адамның іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі қоғамға қауіпті, заңға қайшы және оған кінәлі болса, кінәліге занда көрсетілген жазаның тағайындалуымен сипатталады. [1. 57]
ҚР Қылмыстық кодексінің 52-бабында жаза - істелген қылмысқа байланысты тағайындалатыны, осы кодекстің жалпы бөлімінің ережелеріне сүйене отырып, істелген қылмысы үшін жауаптылық қаралған заңның тиісті баптарында көрсетілген жазаның шегінен шықпай және істелген қылмыстың сипатын, қоғамға қауіпті дәрежесін, айыптының жеке басының кім екендігін, жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды ескере отырып тағайындалуы қажет екені көрсетілген.
Қылмыстық құқықтағы негізгі мәселелердің бірі қылмыстың ұғымын анықтау болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқылық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу - қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қылмыс әр уақытта да белгілі бір іс-әрекеттің (әрекет немесе әрекетсіздіктің) көрінісі болып табылады. Заң шығарушы осындай тұжырымдарға келе отырып, қылмыстың әр уақытта да адамның нақты іс - әрекетінің, мінез-құлқының сыртқа шыққан көрінісі екенін атап көрсетеді.
1924 жылы КСРО және одақтас республикалардың қылмыстық зандарының негізгі бастамаларында қылмыс туралы ұғымға арнаған бап болған жоқ. 1926 жылғы РСФСР Қылмыстық кодексінде «қылмыс дегеніміз қоғамға қауіпті іс-әрекет» деп көрсетіледі. Бұл жерде кеңестік құрылысқа немесе құқық тәртібіне бағытталған әрекет немесе әрекетсіздік қоғамға қауіпті деп жарияланды. КСРО және одақтас республикалардың 1958 жылғы қылмыстық заңдардың негізінде «Қылмыстық заңда көзделген, оның саяси және экономикалық жүйелеріне, социалистік меншігіне, азаматтардың жеке басына, саяси, еңбек, мүліктік және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қиянат жасайтын қоғамдық қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), сондай-ақ социалистік құқық тәртібіне қиянат жасайтын қыл-мыстық заңда көзделген қоғамдық қауіпті іс-әрекет қылмыс деп табылады» делінген. Дәл осындай анықтама бұрынғы Одаққа кірген барлық республикалардың, онын ішінде 1959 жылы 22 шілдеде қабылданған Қазақ КСР Қылмыстық кодексінде де (7-бап) берілді. 1997 жылы жаңа Қылмыстық Кодекс қабылданды. Осы Кодексте өмірімізде, қоғамда орын алған елеулі әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістерге сәйкес қылмыстың жаңа ұғымы берілген. Онда «жазалау қатері мен тыйым салынған айыпты қоғамға қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады» делінген (9-бап) . Осы анықтамадан қылмыстық құқыққа қайшылық, қоғамға қауіптілік, кінәлілік, жазаланушылық қылмыстың белгілері екендігі көрініп тұр.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі Ерекше бөлімінің тиісті баптарының диспозицияларында жекеленген қылмыс құрамдары арнаулы көрсетілген. Қылмыстық құқықта қылмыстың осы нақты құрамдарына қарсы іс-әрекет істеуді құқыққа қайшылықпен атау қалыптасқан.
1960 жылға дейінгі қолданылған Қылмыстық кодекстерде ұқсастығы бойынша яғни, қылмыстық заң нормасында әдейі көрсетілмеген іс-әрекеттерге де сонда көрсетілген соған ұқсас, жақын нормаларды қолдануға жол берілген еді. Мұның өзі заңды бұзуға және осы мәселеде бейберекетсіздікке кетушілікке әкеліп соқтырды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы жаңа Конституциясында, осыған орай жаңа Қылмыстық кодексте қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді. [32. 67]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz