Патент негізіндегі арнаулы салық режимі
АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМДЕРІ
Арнаулы салық режимдері салық төлеушілердің төмендегі санаттары үшін
белгіленеді:
1. Шағын бизнес субъектілеріне.
2. Шаруа (фермер) қожалықтарына.
3.Ауылшаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға. Сондай-ақ кәсіпкерлік
қызметтің жекелеген түрлеріне қатысты арнаулы салық режимдері көзделеді.
Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі
Арнаулы салық режимі шағын бизнес субъектілері үшін, төлем көзінен
ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда, әлеуметтік салықты және
корпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудің оңайлатылған
тәртібін белгілейді. Шағын бизнестің субъектілері жалпы бекітілген
есептемелер тәртібінен басқа бюджет пен арнаулы салық режимін қолдана
алады:
1. Біржолғы талон негізінде арнаулы салық режимі.
2. Патент негізіндегі арнаулы салық режимі.
3. Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі.
Біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін қызметі эпизодтың
сипатқа ие жеке тұлғалар қолданады (жылына 90 күннен көп емес).
Біржолғы талон – арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын
және төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда, жеке табыс
салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу фактісін растайтын құжат.
Қалған салықтар бойынша шағын бизнес субъектілері бюджетпен жалпыға
бекітілген тәртіпте есептеседі.
Бюджет пен патент негізінде есеп айырысуды жүзеге асыратын жеке
кәсіпкер үшін салық кезеңі күнтізбелік жыл болып табылады.
Жалпыға бекітілген тәртіпке көшу барысында арнайы режимге қайтару,
салықтандыру, қабылданған тәртіпті қолдану 2 жыл өткеннен кейін ғана мүмкін
болады.
Біржолғы талондарды беру формасы мен тәртібін, қызмет түрлерінің
тізімін өкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Біржолғы талондардың құны кіріс алынатын объектінің ор-наласқан жерін,
түрін, қызметті жүзеге асыру жағдайларын, сапасы мен көлемін, сондай-ақ
қызметпен шүғылдану тиімділігіне ықпал ететін басқа да факторларды ескере
отырып, салық органы жүргізген орташа күндік хронометраждың қадағалау мен
зерттеу деректері негізінде жергілікті өкілді органдардың шешімімен
белгіленеді.
Мысал ретінде, кәсіпкерлік қызметтер түрлеріне арналған біржолғы
талонның негізінде салықтың мөлшерлемелерін қарастырайық.
Жалдамалы еңбекті қолданбай біржолғы талон негізінде ара-тұра
сипаттағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар әлеуметтік салық
төлеушілер болып табылмайды және жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік
тіркеуден босатылады.
Біржолғы талонда төмендегі мәліметтер келтіріледі:
1. Төлеушінің аты-жөні (атауы).
2. СТН (РНН).
3. Қызметтің іске асу орны.
4. Біржолғы талонның әрекет ету кезеңі.
5. Біржолғы талонның бір күнгі бағасы.
6. Біржолғы талонның әрекет ету кезеңіне біржолғы талонның бір күнге
бағасы.
7. Талонды берген өкілетті органның атауы.
8. Берілген күн.
9. Қызметтік тұлғаның қолы.
10. Сериясы, нөмірі.
Патент негізіндегі арнаулы салық режимі
Патент негізіндегі арнаулы салық режимін мынадай талаптарға сай
келетін:
1) жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
2) жеке кәсіпкерлік нысанындағы қызметті жүзеге асыратын;
3) жыл ішіндегі табысы 2,0 миллион теңгеден аспайтын жеке кәсіпкерлер
қолданады.
Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін
жағдайлар туындаған ретте салық төлеуші оңайлатылған декларация негізінде
арнаулы салық режиміне не салықты есептеу мен төлеудің жалпыға бірдей
белгіленген тәртібіне өтініш негізінде ауысады. Патент – арнаулы салық
режимін қолдануға құқықты растайтын және салық сомаларын бюджетке төлеу
фактісін растайтын құжат.
Белгілі бір арнаулы салық режиміне патент формасын қолдануды өкілетті
мемлекеттік орган белгілейді.
Патент қатаң есептілік бланкісі болып табылады, Қазақстан
Республикасының барлық аумағында әрекет етеді. Оны басқа тұлғаларға беруге
тыйым салынады.
Патенттің бұзылуы немесе жоғалтылуы жағдайында салық төлеушінің
өтініші бойынша көшірмесі беріледі. Жарамсызданған патентті салық төлеуші
салық органына өткізеді.
Патентті тіркеу журналында берілген патенттерді тіркеуді салық
органдары жүзеге асырады.
Арнаулы салық режимін қолдануға патент жеке қызметкерлер үшін
төмендегідей мәліметтерден тұрады:
Жеке кәсіпкер қызметін мына салада іске асырады:
Дәлірек айтқанда___________________________ __________
қызметті іске асыру орны_____________________________
Серия______________________________ ________________
№__________________________________ _______________
Аталған табыс
Патент берген тұлғаның аты-жөні мен қызметі
Берілген күні
Патент жеке кәсіпкерге бір күнтізбелік жыл шегінде кемінде бір ай
мерзімге беріледі. Жеке кәсіпкер патент алу үшін кәсіпкерлік қызметті
жүзеге асыратын жері бойынша салық органына қызмет түрін көрсете отырып,
уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанда өтініш және Жеке кәсіпкерді
мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті табыс етеді. Жеке кәсіпкер лицензиялауға
жататын қызметті жүзеге асырған жағдайда ол мұндай қызметті жүзеге асыруға
құқық беретін лицензиясын көрсетуге міндетті. Бүл орайда, патент
лицензияның қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі. Салық
төлеушінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын орны бойынша салық
органына, кәсіпкерлік қызметті уақытша тоқтата тұру туралы өтініш берілген
жағдайды қоспағанда, патент алуға өтінішін бермеуі – оның салықты жалпыға
бірдей белгіленген тәртіппен есептеуге және төлеуге келісімі деп саналады.
Салық органдары өтініш берілгеннен және бюджетке патенттің құны мен
жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары төленгенін
растайтын құжаттар көрсетілгеннен кейін бір күн ішінде патент беруді
жүргізеді. Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
көрсетілмейінше, патент жарамсыз болады. Патенттің құнын есептеуді жеке
кәсіпкер мәлімделген кірістің 3 пайыздық мөлшерлемесін қолдану жолымен
жүзеге асырады. Патенттің құны бюджетке мынадай түрде:
1. Жеке табыс салығы – патент құнының 21 бөлігі мөлшерінде;
2. Әлеуметтік салық – ҚР-ның міндетті сақтандыру туралы заңнамалық
актісіне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік саңтандыру қорына есептелген
әлеуметтік аударымдар сомасын алып тастағаннан кейінгі патент құнының 21
бөлігі мөлшерінде төленуі тиіс.
Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі
Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режиміне салық
кезеңі басталғанға дейін көшу үшін шағын бизнес субъектілері өз қызметін
жүзеге асыратын жері бойынша салық органына уәкілетті мемлекеттік орган
белгілеген нысанда өтініш береді.
Қызметін әр түрлі аумақтық-әкімшілік бірліктерде орналасқан бірнеше
объектілерде жүзеге асырған кезде салық төлеуші оңайлатылған декларация
негізінде арнаулы салық режимін қолдануға өтініш беру үшін салық органын
дербес анықтайды. Мынадай талаптарға сай келетін шағын бизнес субъектілері:
1) жеке кәсіпкерлер үшін:
жеке кәсіпкердің өзін қоса алғанда, қызметкерлердің шекті орташа тізімдік
саны салық кезеңі ішінде он бес адам болса; салық кезеңі ішінде шекті
табысы 4 500,0 теңге болса;
2) заңды тұлғалар үшін:
қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде жиырма бес
адам болса;
салық кезеңі ішінде шекті табысы 9 000,0 теңге болса, оңайлатылған
декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданады.
Салықты есептеу мен төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібінен
оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режиміне көшкен кезде
әлеуметтік, корпорациялық салық немесе жеке табыс салығын төлеу және олар
бойынша есептілікті тапсыру жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен
жүргізіледі.
Салықты оңайлатылған декларация негізінде есептеуді шағын бизнес
субъектісі салық салу объектісіне есепті салық кезеңіне тиісті салық
мөлшерлемесін қолдану арқылы дербес жүргізеді.
Жеке кәсіпкердің табысына мынадай мөлшерлемелерде салық салынуға тиіс:
3. Заңды тұлғалардың табысына мынадай мөлшерлемелер бойынша салық салынуға
тиіс:
Егер есепті кезеңнің қорытындысы бойынша жалдамалы қызметкерлердің
орташа айлық жалақысы Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген
ең төменгі айлық жалақының кемінде үш еселенген мөлшеріндей болса, онда
салық кезеңі ішінде есептелген салық сомасы, қызметкерлердің орташа
тізімдік санын негізге ала отырып, әрбір қызметкер үшін салық сомасының 1,5
пайызы мөлшеріндегі сомаға азайтылу жағына қарай түзетілуге тиіс. Табыстың
шекті мөлшері белгіленгеннен асып кеткен жағдайда, салық сомаларын есептеу
табыстың шекті сомасынан және нақты алынған табыс сомасынан жеке-жеке
жүргізіледі. Салықтың осы сомаларының арасындағы айырма түзетусіз бюджетке
төленуге тиіс. Түзетуге табыстың шекті сомасынан есептелген салық сомасы
ғана жатады.
Шекті орташа тізімдік сан белгіленгеннен асып кеткен жағдайда, түзету
шекті орташа тізімдік санға ғана жүргізіледі.
Оңайлатылған декларация тоқсан сайын, есепті салық кезеңінен кейінгі
айдың 10-ынан кешіктірілмей, салық органына табыс етіледі.
Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықты бюджетке төлеу жеке
(корпорациялық) табыс салығы және әлеуметтік салық түрінде бірдей үлеспен
есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 15-інен кешіктірілмейтін мерзімде
жүргізіледі.
Шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі
Шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі бірыңғай
жер салығын төлеу негізінде бюджетпен есеп айырысудың айрықша тәртібін
көздейді және акцизделетін өнімдерді өндіру, ұқсату және сату жөніндегі
қызметті қоспағанда, ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, өзі өндірген
ауылшаруашылық өнімдерін ұқсату және оны өткізу жөніндегі шаруа (фермер)
қожалықтары қызметіне қолданылады. Жеке меншік құқығымен және (немесе) жер
пайдалану құқығымен (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер
төлімдері болған кезде шаруа (фермер) қожалықтарына арнаулы салық режимін
қолдану құқығы беріледі.
Шаруа (фермер) қожалықтары осы арнаулы салық режимін немесе салық
салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібін дербес таңдауға құқылы. Шаруа
(фермер) қожалықтары арнаулы салық режимін қолдану үшін жыл сайын 20
ақпаннан кешіктірмей жер төлімі орналасқан жердегі салық органына уәкілетті
мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша өтініш береді.
Қайта құрылған шаруа қожалықтары жеке кәсіпкерді тіркеу туралы
мемлекеттік Куәлікті алған сәтте арнаулы салық режимін қолдану құқығына
өтініш береді.
Бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режимін қолданатын
шаруа (фермер) қожалықтары (бұдан әрі бірыңғай жер салығын төлеушілер)
салықтардың мынандай түрлерін:
1) осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметтен түскен шаруа (фермер)
қожалықтарының табысынан жеке табыс салығын;
2) осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асырудан түскен
айналым бойынша қосылған құн салығын;
3) осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша жер салығын;
4) Қазақстан Республикасының үкіметі белгілеген қажеттілік нормативтері
шегінде салық салу объектілері бойынша көлік құралдарына салынатын салықты;
5) Қазақстан Республикасының үкіметі белгілеген қажеттілік нормативтері
шегінде салық салу объектілері бойынша мүлік салығын төлеушілер болып
табылмайды.
Қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын бірыңғай жер салығын
төлеушілер салық органына осы салық бойынша есепке қою туралы өз еркімен
өтініш беруге құқылы.
Бірыңғай жер салығын есептеуге жер төлімінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz