АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ИЕЛЕНУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

КІРІСПЕ 4

1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ИЕЛЕНУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
1.1 Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік бедел ұғымы мен құқығы 6
1.2 Азаматтық құқық бойынша меншік құқығының нысандары мен
түрлері 6

2 АР-НАМЫС, ҚАДІР-ҚАСИЕТ ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК БЕДЕЛДІ ҚОРҒАУДЫҢ ЖАЛПЫ 24
СИПАТТАМАСЫ
2.1 Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік бедел мүліктік емес
өзіндік құқықтың объектісі ретінде 39
2.2 Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғаудың
түсінігі 39

3 АР-НАМЫСТЫ, ҚАДІР-ҚАСИЕТТІ ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК БЕДЕЛДІ АЗАМАТТЫҚ 46
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
3.1 Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді азаматтық
құқықтық қорғаудың субъектісі
3.2 Кір келтіретін мәліметтерді теріске шығару тәсілдері 54

ҚОРЫТЫНДЫ 54
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 57

68
70

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Азаматтық заңға сәйкес ар-намысты,
қадір қасиетті және іскерлік беделді азаматтық- құқықтық қорғау былайша
жүзеге асады, яғни азамат немесе заңды тұлға өзінің ар-намысына, қадір-
қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтарды, егер ондай
мағлұматтарды таратушы адам олардың шындыққа сай келетіндігін дәлелдей
алмаса, сот арқылы теріске шығаруды талап етуге құқылы. Азаматтық заңда
теріске шығару ұғымы ашып көрсетілмеген, тек ар-намысқа, қадір-қасиетке
немесе іскерлік беделге кір келтіретін мағлұматтар деп қана жанама түрде
айтылған.
Ар-намыс дегеніміз тұлғаның (азамат немесе заңды тұлға) рухани және
әлеуметтік болмысына берілетін қоғам бағасы. Ал, қадір-қасиет дегеніміз
тұлғаның өзін-өзі бағалауы, өзінің жеке сапаларын сезінуі, қабілет қарымын
көре білуі, дүние танымын, қоғамдағы орны мен борышының маңызын іштей
түсінуі, өзін-өзі бағалау тұлғаның моралдық және басқа сапаларын
бағалаудағы әлеуметтік маңызы түйіндерге негізделеді. Іскерлік бедел
тұлғаның кәсіби іскерлік (өндірістік, мамандық) қабілеті жөнінде
қалыптасқан қоғамдық пікір. Азаматтық заңға сәйкес, сот арқылы мынадай
мағлұматтар, атап айтқанда:
1) ар-намыс пен қадір-қасиетке кір келтіретін;
2) жауапкер арқылы таратылған;
3) шындыққа сәйкес келмейтін мағлұматтар теріске шығарылады.
Аталған талаптардың жиындығы ар-намысты, қадір-қасиетті және
іскерлікке қатысты құқық қатынастардың қорғаудың жалпы негізін құрайды.
Қазіргі кезде сот тәжірибесі мен ғылыми пікірге сүйенсек, баспасөзде,
радио және теледидар хабарларында, кино бағдарламаларында және басқа
бұқаралық ақпарат құралдарында кір келтіретін мағлұматтардың
жарияланатындығын көреміз. Сондай-ақ қызмет мінездемесінде, жария түрде
сөйлеген сөздерде, лауызымды тұлғаға байланысты жасалған мәлімдемелерде
немесе бір немесе бірнеше тұлғаның атына бағытталған ауыз-екі әңгімелерде
ондай кіркелтірушілік кездесетіні белгілі болып отыр.
Заңда әлгіндей мағлұматтарды таратудың нысандарына қатысты арнайы
талаптар қаралмаған. Дейтұрғанмен ондай кіркелтіретін фактілердің кезкелген
сәтте көрінуі оны теріске шығаруға жеткілікті негіз болады. Кір келтіретін
мағлұмат деп - азаматтың (ұйымның) қолданып жүрген заң мен моральдық
қағидаларды бұзу туралы (әділлетсіздікке бару, ұжымда, тұрмыста теріс
қылықтар жасау, өндірістік шаруашылық және қоғамдық қызметтерді, беделдік
қаралау, және тағы басқа туралы) олардың абыройы мен арнамысына негізсіз
нұқсан келтіруді айтамыз. Демек, азамат немесе ұйым туралы кез-келген кір
келтіретін мағлұматты шындыққа жанаспайды дей алмаймыз. Ал құқықтық немесе
моральдық жағдайды байыбына бармай теріс бағалаған хабарлар жөнсіз
кінәлауды білдіреді. Егер мағлұмат ар- намысқа, қадір-қасиетке тимесе, ол
бейтарап сипатқа ие болады, яғни оны азамттық заңға сәйкес теріске шығаруға
негіз болмайды [2].
Осыған байланысты дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – Қазақстан
Республикасы азаматтық құқығындағы қадір-қасиет, игі атақ және іскерлік
беделді қорғау түсінігін толық ашып көрсету.
Дипломдық жұмыстың мақсатына орай оның алдына келесі міндеттер
қойылады:
̶ ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік бедел ұғымы мен құқығы
̶ ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік бедел мүліктік емес
өзіндік құқықтың объектісі ретінде
̶ ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғаудың
түсінігі
̶ кір келтіретін мәліметтерді теріске шығару тәсілдері
Азаматтың ар-намысына, қадір қасиетіне және іскерлік беделіне кір
келтіретін мағлұматтар қатарына баспасөзде жарияланған теріс мағлұматтар,
радио және телидидар арқылы және басқа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы
және басқа мінездемелерде, жария сөз сөйлеулерде, түрлі ұйымдар мен
лауазымды тұлғаларға бағытталған, оның ішінде ауыз екі түрде айтылған
хабарлар жатады. Ауыз-екі нысандағы мағлұмат бір немесе бірнеше тұлғаға
қатысты болуы мүмкін.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Дипломдық жұмысты жазу барысында отандық және шетел авторларының
ғылыми еңбектері, басылымдары, Қазақстан Республикасының нормативтік
әдебиеттері мен заңдылықтары қолданылды.

1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ИЕЛЕНУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

1.1 Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік бедел ұғымы мен құқығы

Құқық қатынастарына қатысушылардың азаматтық құқықтары мен міндеттері
болады, олар құқық қатынастарының субъектілері деп аталады.
Азаматтық кодекстің 1-бабында азаматтық заңдармен реттелетін
қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ
әкімшілік-аумақтық бөліністер болып табылады деп атап көрсетілген.
Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері ретінде әрекет жасайтын
азаматтардың басым көпшілігі — Қазақстан Республикасының азаматтары.
Конституцияның 10-бабында Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға
сәйкес беріліп, тоқтатылатыны, оның алыну негіздеріне қарамастан бірыңғай
және тең болып табылатыны атап көрсетілген.
Азаматтық құқық шеңберінде кәсіпкерлер үшін ерекше режим жасау
Азаматтық кодекстің маңызды жаңалығы болып табылады. Көсіпкерлік қызметпен
заңды тұлғалар ғана емес, жекелеген азаматтар да айналыса алады. Атап
айтқанда, Азаматтық кодекстің кейбір баптарында кәсіпкерлерге арналған
арнаулы режимі бар нормалар мыналар: міндеттемені мерзімінен бұрын орындау
(Азаматтық кодекстін 279-бабы), бірлескен міндеттемені орындау (Азаматтық
кодекстін 287-бабы), қосылу шарты (Азаматтық кодекстің 389-бабы) және
басқалар келтірілген. Азаматтық құқық қатынастарына Қазақстан
Республикасының азаматтарымен қоса, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар
қатыса алады. Шетелдіктердің құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасы
Президентінің Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық
жағдайы туралы 1995 жылғы 18 маусымдағы заң күші бар Жарлығымен
белгіленген. Қазақстанда Қазақстан Республикасының азаматтары болып
табылмайтын және өзінің шет мемлекеттің азаматы екеніне айғағы бар адамдар
шетелдік азаматтар деп танылады (Жарлықтың 2-бабы). Мәселен, Қазақстанда
шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен халықаралық ұйымдардың
қызметкерлері, шетелдік фирмалардың (компаниялардың) мамандары, шетелдік
студенттер және т.б. бар. Қазақстан Республикасындағы шетелдік
азаматтардың құқықтық жағдайы туралы Жарлыққа сәйкес Қазақстан
Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің
азаматтығына жататындығына айғағы жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп
саналады. (Жарлықтың 2-бабының 2-тармағы) [1].
Шетелдіктердің инвестицияларға қатысуының құқықтық жағдайлары екі
жақты халықаралық шарттармен және капитал салымдарын өзара көтермелеу мен
өзара қорғау туралы келісімдермен де айқындалады. Оларда әдетте ең қолайлы
ұлт режимін немесе ұлттың режим беру көзделеді, екі мемлекеттің шетелдік
меншікті ұлт иелігіне алмауына және оған сондай шаралар қолданбауға
міндеттемелер, еркін айырбасталатын валютамен капитал салымдарын жүзеге
асыруға байланысты телемдерді шетелге кедергісіз аудару кепілдігі және
басқалар енгізіледі.
Заңды тұлғалар туралы Азаматтық кодекстін 33-бабында айтылған заңды
тұлға анықтамасыңан әрбір ұйымның бәрі бірдей азаматтық құқық субъектісі
болмайтыны, демек, әрбір ұйымның азаматтык құқық қатынастарына қатысуының
бола алмайтыны көрінеді. Республика аумағында жұмыс істейтін шетелдік заңды
тұлғалардың құқықтық мәртебесі Шетелдік инвестициялар туралы 1994 жылғы
27 желтоқсандағы заңмен (кейінгі өзгерістерімен қоса) реттеледі. Алайда
Қазақстан Республикасында жекелеген салаларда шетелдік заңды тұлғалардың
қызметіне шектеулер қойылғанын атап еткен жөн. Атап айтканда, сақтандыру
саласында шектеу қойылған. Мәселен, шетелдік сақтандыру ұйымдарының
Қазақстан Республикасы аумағындағы тікелей сақтандырушы ретіндегі қызметіне
тыйым салынады. Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністердің азаматтық
құқык қатынастарына қатысуының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының
азаматтық заңдармен реттелетін қатынастарда сол қатынастардың өзге де
қатысушыларымен тең негіздерде әрекет ететіні болып табылады. Азаматтық
кодекстің 112-бабының 1-тармағында әкімшілік-аумақтық бөліністер жөнінде
сондай ережелер белгіленген.
Азаматтық құқықтың жоғарыда келтірілген субъектілері азаматтың құқық
қатынастарына құқықтың осы саласының субъектісі ретінде қатысады.
Азаматтық кодексте субъектілердің әрбір түрінің ерекшеліктері
ескеріледі. Бұл орайда жалпы (субъектілердің барлық санаттарына
қолданылатын) нормалармен қатар, субъектілердің белгілі бір түріне ғана
қатысты бірқатар арнаулы нұсқаулар белгіленеді. Мысалы, Азаматтық кодекстің
159-бабының 9-тармағында ауыр жағдайлардың тоғысуы салдарынан жасалған
мәміленің (Кіріптарлық мәміле) шын екеніне дау туғызуға азаматтар ғана
құқылы болатыны көзделген.
Азаматтық Кодекстің 1-ші бабында көрсетілгеңдей, азаматтық- құқықтық
қатынастардың негізгі субъектілерінің бірі - азаматтар.
Азаматтардың құқықтық жағдайы олардың құқықтық қабілеттілігі және
әрекет қабілеттілігі арқылы сипатталады. Сондықтан да азаматтық құқық
қабілеттілігіне анықтама беруіміз қажет. Азаматтық Кодекстің 13-ші бабына
сәйкес, азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз — азаматтардың азаматтық
құқықтарға ие болу және азаматтық міндеттерді атқару қабілетін айтамыз.
Азаматтың құқық қабілеттілігі ол туылған кезден басталып, қайтыс
болған соң тоқталады. Азаматтық құқықтың алдына қойған мақсаты сол —
азаматтық құқық қабілеттілігін тек аталған саланың шеңберінде ғана
көрсетпеу, себебі құқық қабілеттілігі басқа да құқық салаларының көкейкесті
мәселелерінің бірі. Азаматтың құқық қабілеттілігі шығу тегіне, әлеуметтік
және мүліктік жағдайына, нәсілі мен ұлтына, жынысына, біліміне, тіліне,
дінге катысына, кәсібінің тегі мен сипатына, тұратын жеріне және т. б.
жағдайларға қарамастан Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына тендей
мойындалады. Азаматтық кұқық қабілеттілігін азаматтан айырып қарауға
болмайды. Азаматтық заңдарда көрсетілгендей, ол адамның ақыл-есіне, жасына,
денсаулығына байланысты емес. Азаматтық құқық қабілеттілігі ол туылған
кезден басталып, қайтыс болғаннан кейін тоқтатылады. Сонымен бірге заңда
әлі дүниеге келмеген нәрестенің, болашақ азаматтың құқығын қорғау
мүмкіншілігі де көрсетілген. Азаматтық
Кодекстің 525-ші бабына сәйкес мұра қалдырушының тірі кезінде іште
қалған, ол өлгеннен кейін туылған азаматтар да басқа мұрагермен бірдей тең
үлеске тиесілі. Азаматтардың құқық қабілеттілігінің мазмұнына тоқталатын
болсақ, ол жайында Азаматтық Кодекстің 14-ші бабында айқын көрсетілген.
Азаматтың меңшік құқығы деңгейінде мүлікті алуға, мұраға салдыруға,
республика аумағында" еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға;
республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына
қайтып оралуға;
заң құжаттарында тыйымсалынбаған кез келген мәміле жасасып
міндеттемелерге қатысу;
өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына,
интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік
құқығы болуға;
материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы
болады;
басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады.
Азаматтардың әрекет қабітеттілігі құқық субъектілігінің екінші
элементті болып табылғаңдықтан оған төмеңдегідей анықтама беруге болады.
Азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болу және оларды жүзеге
асыру, өзі үшін міндеттерді туғызу және оларды орындау қабілеттілігі
(Азаматтық Кодекстің 17-ші бабы). Азаматтық әрекет қабілеттілігінін
маңыздылығы сонда, ол өз әрекеттерінің нәтижесіңде белгілі заңды салдардың
пайда болатынын түсіну. Сонымен қатар, өз әрекеттерінің нәтижесіңде
келтірілген зиянның орнын да өзі толтыру мүмкіншілігі, яғни айтқанда,
әрекет қабілеттілігін тек келісімдзр жасау және-олар үшін жауап беру ғана
түсінгеніміз жөн, өйткені азаматта әрекет қабілеттілігімен бірге өзі
келтірген зияңды өтеу қажеттілігі де бір мезгілде пайда болады [4].
Азаматтың толық әрекет қабілеттілігі кәмелеттік жасқа толғаннан кейін,
яғни 18 жасқа келген кезден бастап пайда болады. Заң құжаттарында 18 жасқа
толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап, толық көлеміңде әрекет
қабілеттілігіне ие болады. Он сегіз жасқа толғаннан соң азамат азаматтық
айналымның толық қатысушысы болып саналады. Егер заң құжаттарында өзгеше
көзделмесе, барлық азаматтардың әрекет қабілеттілігі тең болады. Әрекет
қабілеттілігің шектеудің екі түрі бар:
1.Әрекет кабілеттілігін табиғи түрде шектеу;
2.Әрекет қабілеттілігін сот орыңдарының шешімі негізінде шектеу.
Әрекет қабілеттілігін табиғи түрде шектеу азаматтың жасына байланысты.
Сөйтіп, азаматтық құқық теориясыңда қалыптасқан ережелерге байланысты
әрекет қабілеттілігін үш түрге белуге болады. Толық жартылай (ішінара) және
шектеулі әрекет қабілеттілігі. Азаматтардың толық әрекет қабілеттілігі
туралы жоғарыда айтылып кеткендіктен, оған тағы қайтып оралудың қажеті жоқ.
Азаматтық кодекстің 23-ші бабы атап көрсеткендей. 14 жасқа дейінгі
кәмелетке толмағандар үшін мәмілелерді, бір заң құжаттары өзгеше
көзделмесе, олардың ата-аналары, асырап алушылары немесе қорғаштылары
жасайды. Сондықтан да, бірдей ойымызда, 14 жасқа толмаған жас өспірімдердің
әрекет қабілеттілігі жоқ, бірақ аталған жасөспірімдер өздерінің жасына
лайықты жас.
Азаматтық құқықтарды иеленіп оны жүзеге асыруүшін азаматтақ құқақтың
бастаулары басшылыққа алынады, кеңінен айтатын болсақ ол нормативтік сипаты
бар, қоғамдық қатынастарды азаматтык-құқықтық реттеу бастамасын басшылыққа
алатын негіз. Ол Қазақстан Республикасы азаматтық заңының мейлінше маңызды
тұстарын көрсетеді. Демек азаматтық заңды түсіну мен оны қолдану азаматтық
құқықтың тек жалпы қағидалары арқылы мүмкін болады. Қағидалар Азаматтық
құқық жүйесінде әрқашанда бастапқы норма болып саналады. Сондықтан да баска
нормалар онымен жанама түрде көрініп, жалпы сипат алады, демек қағидалар
өзгелерден басым түседі. Қағидалар азаматтық-құқықтық нормалардың барлық
жүйесін қамтып, басшылыққа алынады. Азаматтық кодекстің 2-бабындағы
азаматтық заңдардың жалпы негіздері мен мәнісі барын түсуіне байланысты,
енді қағидалар нормативтік мәнге ие болды және оны колдану міндеттілікке
айналды. Бұрын-сонды азаматтық қағидалар заң нормаларында арнайы термин
немесе тиянақты тұжырымдама ретінде бекітілмеген еді, тек "азаматтық заңы
жалпы негіздері мен мәнісіне байланысты" деген жалпы тұжырымдамамен
шектелетін (Қазақ КСР АК-тің 4-бабы).
Профессор Ю.Г.Басин азаматтық құқық қағидаларының ролі мен маңызы
туралы былай деп тұжырымдайды: "Бірінші-ден, ол тікелей әрекет ететін
нормалар түрінде кездеседі. Екіншіден, ол жаңа заңды жасау немесе бұрынғы
заң құжаттарын өзгерту кезінде ескеріледі. Үшіншіден, құқық ұқсастығын
қолдану қажет болған жағдайда заң қағидалары басшылыққа алынады.
Төртіншіден, мұндай қағидалар құқықтык нормалардың бастапкы мазмұнының
немесе шарт талаптарының тиісті жағдайларының мазмұнының түсінілуі жүзеге
асырылғанда назарға алынуы тиіс (мысалы, Азаматтық кодекстің 63,92-
баптарын қараңыз). Бесіншіден, заң қағидаларына сүйене отырып, заң
нормалары арасындағы қарама-қайшылықты жоюдың жолдарын табуға болады, мұның
өзі егер бұл аталған жағдай кездескенде ғана қолданылады. Осы мәселелерге
орай оған екі жағдайды қосып айтуға болар еді: біріншіден, қағидалар тек
заң актілері жүйесінің сипатын керсетіп қоймайды, сонымен қатар ол
заңгерлердің құқықтағы кұқықтарын белгілейді.
Екіншіден, азаматтық кұқық қағидалары өзінің реттеу жүйесі арқылы
бірқатар мемлекеттік құқықтық институттар мен нормаларды, яғни бірінші
кезекте азаматтардың конституциялык құқығын азаматтық құқықтар аркылы өзіне
тән тәсілдермен қорғауды нақтылай түседі [8].
Азаматтық құқықтын мынандай принциптері бар:
1) азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың тендігі;
2) меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық;
3) шарт еркіндігі;
4) жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге
болмайтындығы;
5) азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру;
6) нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ету;
7) азаматтық құқықты сот арқылы қорғау.
Міне, осы қағидалардың бәрі де Азаматтық кодекстің " Азаматтық
заңдардың негізгі бастаулары" деп аталатын 2-бабын да бекітілген. Яғни сол
арқылы мемлекет пен қоғамның азаматгық заңдарының алдына қойған мақсаты мен
міндетін орындаудағы азаматтық заңның демократиялық және ізгілікті
қасиеттері көрініс береді. Енді осы көрсетілген қағидаларды талдасақ
дейміз.
Азаматтык, құқықтык, қатынастарга қатысушылардың теңдігі қағидасы
азаматтық құқықтың басты қағидаттарының бірі олардың катысушыларының
тендігіне байланысты келеді. Азаматтық қатынастарға катысушылардың тендік
қағидасы қоғамдық қатынастарды азаматтық-кұқықтық реттеу әдістемесінің
өзімен айқындалады. Яғни бұдан азаматтық-құқыктық қатынастарда тараптардың
жағдайы тәуелсіз, тең дережеде болатындығын көреміз. Демек, азаматтық
қатынасқа қатысушының бірі екіншісіне тіптен бағынышты емес, ал тәуелділігі
оның мінез-құлқына, екшшісінің ерік-жігеріне қатысты болмау керек.
Азаматтық заңмен реттелетін мүліктік және мүліктік емес қатынастар
жүйесінде субъектілер теңдігі төмендегідей жәйттерді білдіреді:
1) мемлекет немесе оның әкімшілік-аумақтық бөлінісі азаматтық-кұқыктық
қатынастарға жалпы негізде, өзге қатысушылармен тең құқықта қатысады.
Бір айта кететін жайт, азаматтық құқықтық қатынастардағы мемлекеттің
жауапкершілік ерекшелігі (дербес иммунитеті) заңда көрсетілмеген (АК-тің
111-114 баптары);
2) заңды тұлғалардың құқылық мәртебесі жеке тұлғалардың мәртебесіне
біртабан жақын келеді. Мысалы, қазіргі кезде азаматтар ғана емес, заңды
тұлғалар да шартпен өздерінің құқықтары мен міндеттерін белгілей алады,
сондай-ақ заңға қайшы келмейтіндей шарт талаптарының кез келгенін тандауға
ерікті; заңды тұлға және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асыратын азаматтар еңбек шартын, оның ішінде келісім шартты жасасуға құқығы
бар;
3) егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, шетелдік жеке және заңды
тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жок, адамдар азаматтық заңдарда ҚР-ның
азаматтары мен заңды тұлғалары үшін қаңдай құқықтар мен міңдеттер көзделсе,
нақ сондай кұқықтарға ие болуға құқылы және сондай міндеттерді орындауға
міндетті (АК-тің 3-бабының 7-тармағы).
Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабында меншік иелерінің
құқын қорғауға байланысты тендік қағидасы тұжырымдалған.
Мұның өзі оларға қатысты құқықтардың бұзылуына карсы қорғану құралын
субъектілер бірдей қолданады дегенді білдіреді.
Меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық қағидасы бойынша
меншікті құрметтеп, оған ешкім қол сұқпайтын елде ғана азаматтар жайбарақат
өмір сүре алады. Сондықтан да әрбір қоғамда меншік ерекше мәртебеге ие
болып, оны қасиетті әрі қол сұғылмайтын нәрсе деп бағалайды.
Адамның белгілі бір затты иеленуі оны тұтынуын, белгілі бір мақсатына,
яғни керегіне жаратуы үшін керек, сондықтан ол бұл орайда кызмет ету
кұралын бәрінен де жоғары кояды. Мемлекет пен құқық, оның ішінде азаматтык
кұқық азаматқа мұндай жағдайды қамтамасыз етеді. Ресей Федерациясының
Азаматгық кодексінде арнайы былай деп жазылган: "Шетелдің заңды тұлғалары,
азаматтары және мемлекеттерінің қатысуымен азаматтық заң арқылы реттелетін
Ресей Федерациясының жауапкершілігі мен Ресей Федерациясы субъектілерінің
ерекшелігі мемлекеттің иммунитеті және оның ерекшеліктері жөніндегі заңмен
айқындалады". РФ-нын АК-і 127- бабы.
Қашан да меншік кұқығы азаматтык құқықтың орталық институты болып
есептелген және меншік иесінің кұқығын қорғауды барынша талап еткен. Міне,
сондықтан да азаматтык құқық меншіктің кол сүқпаушылық қағидасына
негізделеді. Меншікке қол сұқпаушылық Азаматтық кодекстін, басқа
нормаларында да өзіндік көрініс тапқан, ал оны нақтылайтын тұжырымдама
Конституцияның 26-бабының 3 тармағында бекітілген. Яғни онда былай
делінген: "Соттың шешімінсіз ешкімді өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен
көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен кұштеп айыру
оның кұны тең бағамен есптелген кезде жүргізілуі мүмкін". Конституцияның
бұл қағидалары Азаматтық кодексте
реквизициялау, күтімсіз ұсталған мәдени және тарихи қазыналарды сатып
алу және т.б. қатынастарда қолданылады (АК-тін 253,254, 256-баптары).
Қазіргі кезде заңда меншік құқығымен қатар меншік иесі болып
табылмайтын адамдардың заттық құқықтары да қаралған, оларға да қол
сұқпаушылық қағидасы қолданылады. Айталық
а) жерді пайдалану қүқығы;
ә) шаруашылық жүргізу қүқығы; б) оралымды басқару құқығы; в) өзге де
заттық құқықтар (АК-тің 194—195 баптары). Кей жағдайда меншік құқығы
шектеулі болуы да мүмкін. Мысалы, "Жер туралы" Заңның 48-бабында жер
қатынастары субъектілерінің өздеріне тиесілі құқықтарды жүзеге асыруы
табиғи объект ретінде жерге, айналадағы табиғи ортаға, сондай-ақ басқа
адамдардың кұқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірмеуі жөнінде
айтылған.
Бірақ та заң арқылы белгілі бір дәрежеде шектеу қойыла тұрғанымен
азаматтық заңдағы меншік құқығының алар орны ерекше, ал меншік иесі
нарықтың, басты тұлғасы болып табылады. Бұл бұрын-сонды болмаған меншік
кұқығын корғаудың жаңа төсілдерінің өмірге келуімен байланысты болып отыр.
Мысалы, оған козғалмайтын мүлікті мемлекеттік арнайы тіркеуге енгізу жатады
(АК-тің 118-бабы), сондай-ақ қозғалатын мүліктің, мәселен, бағалы
қағаздардың меншік құқығын сенімді де жедел ұштастырудың жаңа тәсілдері
жасалды (АК-тің 129-140-баптары).
Шарт еркіндігі қағидасы бойынша заң шығарушы меншікті емін-еркін
пайдалану үшін заңды негіз жасайды, сол арқылы азаматтық субъектілердің
өздеріне контрагентті таңдауына, шарт талаптарын мүлдем дербес айқындауға
әрі оны тағайындауға мүмкіндік береді. Бұл қағида нарықтың дамуына және
бәсекеге қажетті алғышарттарды жасайды, міне, сондықтан да ол кәсіпкерлік
қызмет үшін ерекше маңызға ие. Сонымен АК-тің 10-бабының
6-тармағында әрбір тұтынушының тауарлар сатып алу, жұмыс пен қызметті
пайдалану үшін еркін шарт жасасуға мүмкіндігі бар.
Азаматтық құқық пәнінің элементтерінің бірі мүліктік қатынастарға
байланысты мүліктік емес жеке қатынастар болып табылады. Мүліктік
қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық
заңдармен реттеледі, өйткені, олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не
мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды. Азаматтық заңда
азаматқа тиесілі мүліктік емес өзіндік игіліктер мен құқықтардың үлгі
тізбесі келтірілген, оған жататындар: жеке адам өмірі, денсаулығы, қадір-
қасиеті, абыройы, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық,
жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, шығармаға қолсұқпаушылық
құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар. Азаматтық құқық
объектілерінің бұл тобының ерекшелігі мынада:
1) бұл құқық өзіндік, яғни тиесілі тұлғадан ажырамайды;
2) мүліктік емес сипаты бар, яғни материалдық (мүліктік) мазмұны
болмайды;
3) абсолютты құқықтың санатына жатады, яғни бұл құқықтарды ешкім бұза
алмайды;
4) бұл құқықтар ешкімге тапсырылмайтын, әрі өзгеге берілмейтін құқық.
Аталған белгілерге қарап, мүліктік қатынастар тұлғаның өзінің ыңғайына
қарай қалыптасады, ал мүліктік емес өзіндік игіліктер жеке тұлғадан
ажырамайтындығын көреміз. Азаматтық заң мүліктік емес өзіндік игіліктерді
азамат туған сәтінен бастап алатын (жеке мүліктік емес өзіндік игіліктердің
бірінші деңгейі) және азаматқа заң арқылы берілетін (жеке мүліктік емес
өзіндік игіліктердің екінші деңгейі) деп бөлінеді.
Мүліктік емес өзіндік құқықтардың мүліктік құқықтарды иеленушілермен
байланыс дәрежесіне қарап, мүлікке қатысы жоқ мүліктік емес өзіндік
құқықтық және мүлікпен байланысы бар мүліктік емес өзіндік құқықтар деп
ажыратылады. Мүліктік емес өзіндік құқықты көздеген мақсатына қарай мынадай
түрлерге бөлуге болады:
а) азаматтың өмір сүруін қамтамасыз ететін мүліктік емес өзіндік
құқықтар (мысалы, өмір сүру құқығы, денсаулық сақтау құқығы және т.б.);
ә) азаматтың әлеумметтік жағдайын қамтамасыз ететін мүліктік емес
өзіндік құқықтар (мысалы, есім алу құқығы, жеке өміріне құқығы және т.б.);
Адамзат болып XXI ғасырды бастай отырып, салауатты өмір кешуге өз
әлінше талпынып келеді. Айналасына зерделі көзбен зер сала жүріп, өткен-
кеткенін ой елегінен өткізуге, болашақ үшін еңбек етуге ұмтылады.
XXI ғасырда дамудың тұрақты экономикалық және әлеуметтік жолдарын
анықтау, болашақ ұрпақ қамын ойлау - бүгінгі дүниежүзілік қауымдастықтың
басты міндеті болып отыр. Біз қазіргі таңда ұлы өзгерістер мен тұрақтану
кезеңінде өмір сүрудеміз. Ел басының Қазақстан 2030 бағдарламасында 2030
жылға қарай Қазақстан-Орталық Азия барысына айналады және өзге дамушы елдер
үшін үлгі болады деп сенемін -деген болатын. Иә, Қазақстанның болашағы
жарқын демократиялы ел болу үшін әділдік пен шындық үстемдік орнатуға тиіс.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының әрбір азаматы барынша өз
бойындағы барлық күш жігерін жұмсай отырып, ат салысуы қажет.
Тәуелсіз, жас Қазақстанымыздың болашағының дамуына әрбір Қазақстанның
азаматы өз үлестерін қосып, қандай да болса, құқықтардың бұзылмауын
болдырмауға тырысса, жас ұрпаққа тәлім тәрбие беріп, олардың білімін
жетілдіруге өте көп көңіл бөлуі керек. Біздің тәуелсіздігімізді орнықтырып,
нығайту, біздің мемлекетіміздің қуаты мен байлығын еселей түсіп, дүние
жүзілік қауымдастық та біздің ар-намысымыздың туын жоғары ұстау, Отанға
адал қызмет ету, біздің ортақ та қасиетті парызымыз. Кеңес одағы тарап,
Қазақстан Республикасы демократиялық ел болуға бет алып, өтпелі дәуір
кезеңдерін бастан өткізуде. Елдің ең қымбат қазынасы ретінде адамның
құқықтары мен бостандықтарына, қадір-қасиетіне ерекше көңіл бөліп, олардың
құқықтық шеңберін кеңейтіп, жан-жақты дамыған елдер мен қарым –қатынасы
арқылы жеке тұлғаның орнын ерекше белгілеген. Өйткені, адамдар жаратылысына
байланысты бірге өмір сүруге тиіс. Мұндай өмір сүруді әлеуметтік өмір сүру
дейміз, әлеуметтік өмірдің тәртіпті және бірқалыпты болуы үшін де бірқатар
ережелердің болуы тиіс.
Бұл ережелер болмаған жағдайда, әлеуметтік өмірде дағдарыстар туындап,
күш иелерінің әлсіздерді езуінің алдын ешкім ала алмайды. Әлеуметтік өмірді
реттеу мақсатында, азаматтық құқық субъектісі ретіндегі азаматтарға
арналған бірнеше қағидалар жинағы бар. Олар-діни қағидалар, моральдық
қағидалар, әдет-ғұрыптық қағидалар және құқықтық қағидалар. Осы
қағидалардың барлығын әлеуметтік тәртіп қағидалары деп те айтуға болады.
Осыған орай, қазіргі кезеңде БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымының)
келіссөзінде, нәсіл, жыныс және дін немесе тіл айырмашылығына қарамастан
барлығының адамдық құқықтарына және төл тәуелсіздігіне құрмет көрсетілуі
керек деп жазылған. Менің бұл дипломдық жұмысымның негізгі тақырыбы
Мүліктік емес өзіндік құқықтарды қорғау сонымен ата-заңымыздың
бірінші бабында айтылғандай, мемлекеттің ең қымбат қазынасы ретінде-адам
және оның өмірі, бостандығы, ар-намысы мен қадір-қасиеті, жалпы адам
баласына тән барлық қасиеттері мен мүшелерін, бірінші кезекте қоя отырып,
қорғайды.
Сондықтан да адам баласының бас бостандығы қадір қасиеті, жалпы
Қазақстан Республикасының қандай заңында болмасын, оның алатын орны өз
алдына ерекше маңызды болып табылады.
Адам баласы дүниге келеген күннен бастап, яғни сәбидің анасынан
бөлініп шығып, бөінгеннен соң ол осы елдің Адамы ретінде қорғалады,
сондықтан да Қазақстан Республикасы халықаралық, бүкіл халықтық қабылданған
заңдарына байланысты, адам құқықтары мен өмірін, денсаулығын, бас
бостандығы мен қадір қасиетін, жалпы адам баласына тән барлық құбылысын
бірінші кезекте қоя отырып қорғайды. Осыған байланысты Қазақстан
Республикасының ата-заңы да адам баласына тән барлық табиғи берген
денсаулығымен қадір-қасиеті және ар-намысын бірінші кезекке қоя отырып
қорғайды.
Осы ата заңымызға бағыттала отырып, басқа да заңдар мен нормативтік
құқықтық актілер адамдардың өмірін, денсаулығын, ар намысы мен қадір-
қасиетін бірінші кезекке қояды, оның ішінде Қазақстан Республикасы
азаматтық заңдары адамдардың бойындағы бар қасиетін құқықтары мен
бостандығына қорғалуына кепілдік береді.
Адамның қадір-қасиеті оның қоғамдағы орнына, беделі мен өмір салтына,
кәсібіне және де мән-жайларына байланысты өзінше ойлап, өзінше әрекет
жасауға және оны сыйлауға тұрарлық заңды әрекеттер жүргізгенде, мысалы,
әртүрлі тергеу әрекеттерін жүргізгенде куәләндіргенде, сараптама тінту
жүргізгенде, жауап алғанда, беттестіргенде, ұстағанда, тұтқындағанда тағы
басқа жағдайларда адамның қадір-қасиетінің мызғымастығын сақтау жөніндегі
міндеттер Қазақстан Республикасы Конституциясында қатаң белгіленген, қинау,
күш қолдану және басқа да адамның қадір-қасиетін қорлайтын әрекеттер
жасауға тыйым салынған. Ар-намыс адамға өнегелік тұрғыдан берілетін
қоғамдық баға, адамның азамат, қоғам мүшесі ретіндегі рухани және
әлеуметтік өлшемі. Адамның бағасы, негізінен, азаматтың өзіне, жүріс-
тұрысына, мінез-құлқына, мемлекетке қоғамға, айналысына, әлеуметтік және
рухани құндылықтарға көзқарасына, сондай-ақ оның моральдық еңбегіне
қаншалықты мойындалғанына байланысты [12].
Қадір-қасиет дегеніміз - өзінің сипаты мен қабілетін, білім деңгейін,
өмір танымын, қоғамдық маңыздылығын іштей өзі бағалау. Бұл кез келген
жағдайда өзінің адам екендігін естен шығармау деген мағынаны білдіреді.
Екі өнегелік санат ар-намыс пен қадір-қасиет өзара байланысты болып
келеді, олар басын сипаттайды, одан бөлініп қарастырылмайды, оның рухани
байлығы болып табылады. Ар-намыс пен қадір-қасиет адам мен қоғам арасындағы
белгілі бір әлеуметтік қатынасты көрсетеді. Онда қоғамдық маңыз бар және ол
азаматтық заңмен қорғалады.
Қазақ елінің данышпан адамдарының бірі, яғни бүкіл қазақ халқының
данышпаны Абай Құнанбаев атамыздың адам баласы жайлы жақсы бір өсиетті
сөзіне тоқталатын болсақ, адам баласының бойындағы ең жақсы қасиеттерінің
бірі- оның ақыл- парасаты мәдениеттілігі, өнегелігі, ар-намысы мен қадір-
қасиеті болып табылады делінген.
Осы сөздің мәнісі қайда жатыр десеңізші, данышпан атамыздың осы қазақ
халқына қалдырған өсиетті сөзінің мәнісін түсіне білгеніміз, соны заң
талабына сай құрметтей білгеніміз жөн болып табылады. Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Соты Пленумындағы бірқатар шығарылған қаулыларына
тоқтала кетсек, онда соттардың жұмысындағы кемшіліктерді жою, олар
азаматтардың өмірі мен денсаулығына, адам бойындағы адамгершілік қасиеттері
жайлы, соның ішінде адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне, іскерлік
беделдігіне қарсы жасалған әрекеттер үшін белгіленген заңдарды біркелкі
қолданылуын қамтамассыз ету мақсаты мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Пленумы Қаулы етеді: сол бірқатар қаулылардың ішіндегі адам баласының ар-
намысы мен қадір-қасиетіне қарсы жасалған заңсыздықтарға тоқтала кетсек,
оның адам баласының моральдық құқықтарының қалай тапталуын, оған қатысқан
адамдардың әрқасысының осы жасаған әрекеттерге қатыстылығы дәрежесіне
қорытынды жасауға негіз болатын басқа да барлық жайларды мұқият зерттеп,
қатысушылардың әрқайсысының іс-әрекетін дәрежелеп жеке-жеке жаза
тағайындауға тиіс болып табылады [13].
Азаматқа немесе заңды тұлғаларға қатысты олардың ар-намысына, қадір-
қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіретін мағұлматтарды теріске
шығару мен бірге олардың таратылуы мен өздеріне келтірілген залалдың немесе
моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы. Егер азаматтардың
немесе заңды тұлғалардың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік
беделіне кір келтіретін мағұлматтарды таратушыны анықтау мүмкін болмаса,
өзі жөнінде сондай мағұлматтарды шындыққа сай келмейді деп тану туралы
талап арызы мен сотқа шағымдануға құқылы болып табылады.
Егерде адамдардың ар-намысына тиген азамат немесе адам анықталса және
ол бұл жағдайды, яғни адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне бағытталып
жасалған қылмыстық әрекеті онша ауыр емес, яғни жеңіл болса, сот тәртіп
бұзушыға сол адамның нәрсесінен өндіріп алынатын айыппұл салуға құқылы.
Айыппұл Қылмыстық және Азаматтық іс-жүргізу заңдарында белгіленген
тәртіппен мөлшерде салынады. Айыппұл төлеу тәртіп бұзушыны сот шешімінде
немесе үкімінде көзделген әрекетті орындау міндетінен босатпайды.
Азаматтық құқық нормалары ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік бедел
құқығы бұзылған сәттен бастап, туындаған қатынастарды реттеуге мүмкіндігі
бар. Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік бедел құқығын бөлек бір
субъективті құқық ретінде қарастырған дұрыс, басқалай айтқанда, оның маңызы
әрбір азаматтың өзінің жеке ар-намыс пен қадір-қасиетіне қол сұғуымен
немесе басқада жеке заңды тұлғалардан талап ету мүмкіндігінде жатыр. Ар-
намыс пен қадір-қасиет бұл әрдайым оның бұзылу, бұзылмауына да тәуелсіз
өмір сүретін адамның жеке құқығы. Ал бұл құқық бұзылған кезде, сол құқықты
қорғау қажеттілігі ғана туындайды.
Сонымен қатар, ар-намыс пен қадір-қасиет және іскерлік бедел құқығы
абсалюттік, субъективтік құқық болып саналады. Бұл міндеттің маңызы жеке
тұлғаның еңбек ұжымының немесе мекеменің ар-намыс пен қадір-қасиет және
іскерлік беделіне қол сұғудан тартынуында жатыр. Қазақстан мемлекеті
азаматтары мен ұйымдарының ар-намыс пен қадір-қасиет және іскерлік беделіне
қол сұғудан тартынудың жалпылама міндеттерін белгілеу мен және құқықтардың
бұзылған кезінде соттық қорғау берумен мемлекеттік және заңды тұлғалар
қорғайды.
Қазақстан Республикасы құқығы да әрбір субъектінің есімі, қоршаған
ортадағы құрметіне, беделіне ерекше мән беруден келіп шығады. Ар-намыс пен
қадір-қасиет және іскерлік бедел субъективті құқығы иесінің мінез құлық
ережесінің белгілейтін заң нормалары басқа да адамдарға әсер етеді. Бұл
нормалар тек реттеу және қорғау қызметін ғана орындамайды, соған қоса оның
үлкен тәрбиелік маңызы да бар.
Бұл нормалар азаматтар тарапынан өзінің қоғам алдындағы парызын
түсінумен ерікті орындалады.
Жалпылама бұл әрекеттер жасалған кезде, әр адамның заңда жазылған
әрекеттерімен өз құқықтарын қорғауға құқылы болып табылады. Жалпылама адам
құқықтарын қорғау деп нені түсінеміз және нені айтамыз? Бұл сұраққа қатысты
цивильдік құқық жайлы әдебиеттерде нақты жауап жоқ. Оның үстіне В.П.
Грибанов құқық жайлы толық құқылы адамға тиесілі құқықты қорғау мәселелері
өте аз зерттелген дегенді айтады, оның жалпылама бұл пікірімен толық
келісуге болады. Цивильдік ғылымда бұл іс-тәжірбиеде және осы қорғауға
құқық терминінің цивильдік ғылым тұрғысынан оның заңдылығы жайлы сұрақ
туындауы әбден мүмкін. Мемлекет және құқық теориясы бойынша және азаматтық,
қылмыстық ғылымдарының әдебиеттерінде азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын қорғау әдетте, субъективтік құқықтың мазмұны жайлы мәселені
қараумен байланысты қарастырылады. Соның негізінде көп жағдайларда өз
мазмұны бойынша субъективті құқық бірқатар мүмкіндіктердің жиынтығын
көрсетеді. Бұл мүмкіндіктерге жекелеп тоқталсақ, толық құқылы адам үшін
өзінің меншік әрекеттерінің құқығын жүзеге асыру мүмкіндіктері, міндетті
адамнан белгілі бір деңгейдегі мінез-құлықты талап ету мүмкіндіктері және
соңғысы, білікті мемелекеттік немесе қоғамдық органдарға бұзылған немесе
даулау құқығын қорғау талаптарын қою мүмкіндіктері.
Бұл жалпылама өз құқықтары бұзылған азаматтар яғни ар-намыс, қадір
қасиетін қорлаған немесе жала жабылған болса, сотқа шағымдану арқылы өз
құқықтарын қорғауға болады. Бірақта, кейбір қорғау тәсілдері тек сотпен
ғана емес және басқа да құқық қорғау органдарымен қорғаулары мүмкін болып
табылады. Мәселен Қазақстан Республикасы заңдарымен тыйым салынған және
азаматтар мен жеке тұлғалардың құқығын бұзатын жеке немесе келісілген
әрекеттер жағдайда мемлекет жағдайда атимонополялық комитет арқылы құқық
бұзушылықты тоқтатуды нұсқама беруге, бастапқы жағдайды қалпына келтіруге,
заңсыз актілердің күшін жоюға құқылы болып табылады.
Әлемдік ғылымдар арасында адам құқықтарын қорғау жөніндегі ең қызық
тәсіл, тұлғаның өз құқықтарын өзі қорғау тәсілдері болып табылады.
Әлемнің көптеген елдерінде азаматтық құқықтарды қорғаудың бірден-бір
тәсілі қажетті қорғаныс болып табылады. Бұл жөнінде, егер қажетті қорғаныс
кезінде тіптен шектен шығып кетпесе, ондағы зиянның орны толтырылмайтын
мысалға келтіруге болады. Бұл қажетті қорғаныс мектебі азаматтық және
қылмыстық заңдарды да кесімдейтін кешенді мектеп болып табылады және бұл
кездей-соқ емес. Себебі қажетті қорғаныс кезіндегі зиян келтіру
тәжірбиесінде кездесетіндей қажетті қорғаныс жағдайында тұрған адамның зиян
келтіруі тыс қылмыстық сипаттағы адамның қауіп төндіріп тұрған кезінде ғана
орын алады, бұл жерден келіп шығатын қажетті қорғаныс азаматтық және
қылмыстық ретіндегі бірлігі болып табылады. Алайда бұл бірліктің өзі
жоғарыдағы түсініктердің толық тепе-теңдігін білдірмейді.
Өкініштісі, осы мәселе бойынша көптеген цивильдік әдебиеттерде де
көзжұмбайлық басым немесе тереңірек зерделіп үңілгісі келмейді. Себебі,
азаматтық құқықтағы қажетті қорғаныс түсінігіне қылмыс құрамының
белгілеріне кіретін тек қорғаныстағы әрекеттер ғана емес, сонымен қатар
қылмыс құрамының белгілеріне жатпайтын бірақ азаматтық құқық бұзуға жататын
қорғаныс түсінігіндегі әрекеттер кіреді. Мысалы, өзіне қарсы қауіп
төндірген бұзақыдан қорғану мақсатында бұзақының киімін жыртып, сол
киімдерімен өзін байлап тастасаңыз, бұл жағдайда қылмыс құрамының
белгілеріне негіз болатындай әрекет жоқ сияқты. Алайда зиян келтіру дәлелі
бұл жағдайда айдан анық көрініс тауып тұр сондықтан мұндай зиян қажетті
қорғаныс кезіндегі келтірілген зиян болып табылады. Бұл жерде қажетті
қорғанысқа тек қана қауіп төндірушінің әрекеттеріне қарсы, жол берілген бе,
әлде оған қылмыстық белгілеріне кірмей тұрып, бірақ азаматтық құқық
тұрғысынан заңға қайшы болып табылатын әрекеттерге де қарсы қажетті
қорғанысқа жол беріледі ме, әлде жоқ па, бұл заңнамада зерттелуде.
Адам баласына ар-намыс, қадір қасиет және іскерлік бедел сияқты
жетістіктер тән. Ар-намыс бұл тұлғаның қоғамдық бағасы болып табылады,
азаматтық рухани әлеуметтік қасиеттерінің өлшемі. Ал қадір-қасиет бұл өз
қасиеттеріне іштей баға беру, өзінің қоғамдағы маңыздылығына көзқарас
қалыптастыру қабілеттігі. Іскерлік бедел дегенде сенімділік, ар-ұяттық,
білімі мен тәрбиесі ісжүргізе алу сияқты тұлғаның іскерлік қасиеттерін
қоғамдық түрдегі бағалауын түсіндіреді.
Кез-келген адам өзінің қоғамдық бағасымен мінез-құлқының сай келуіне
(іскерлік репутация жағдайында, іскерлік қасиеттеріне сай келуіне) құқығы
бар. Сондай-ақ оның ар-намыс, қадір қасиет және іскерлік беделін басқа
тұлғалардың бұзбайтындығына сену құқығы бар. Бұл норманың мәні теріс
мәліметтерді таратушыларды жазалауда емес, оның өз атының жақсы жағын
қалыптастыруда. Ар-намыс, қадір қасиет және іскерлік беделді қорғау құқық
шеңберінде жүзеге асырылады. Қорғаудың жалғыз тәсілі теріске шығару болып
табылады, яғни тұлға үшін субъективті құқығын қорғау туралы теріске
шығаруды талап ету мүмкіндігі. Бұл бойынша мідеттелінген тұлға үшін теріске
шығару, таратушының кінәсінен тәуелсіз қолданылатын санкция болып табылады.
Егер теріс мәліметтерді таратуға қандай да бір шығын келтіретін болса, онда
оның орнын азаматтық заңдарда көзделген тәртіп бойынша шыққан шығынды
өтеуді талап етуге құқығы бар. Сондай-ақ тұлғаның моральдық зиянды
материялдық өтеуді талап ете алады.
Адамдардың ар-намысымен қадір қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтерді
теріске шығару туралы талаптың маңызды ерекшелігі, ол бойынша арызданған
шағым көлемінің мерзімі болмау болып табылады [11].
Моральдық зиянды материялдық шығынды өндіріп алу туралы болса, онда
олар жалпы мерзімнің көнелігі шеңберінде өндіріледі.
Ар-намыс, қадір қасиеттің бұзылу себептері:
- мәліметтердің таралуы керек. Таралу дегенде оларды басқа тұлғаларға
хабарлау түсініледі. Ал, мәліметтерді соған қатысы бар тұлғаға хабарлау
таралу болып табылмайды. Сот тәжірбиесі тарлудың түрлі формаларын
мойындайды; ауызша немесе жазбаша хабарлау, бұқаралық ақпарат құралдарында
жариялау, қызметтік мінездемелерде, мекеме бойынша бұйрықтармен көпшілік
жерде ілуде және тағы басқада;
-бұл мәліметтер қай азамат немесе мекемеге таратылса, соны
жамандайтындай болу керек. Жоғары Соттың Қаулысы бойынша жамандайтындай
мәлімет ретінде, қоғам алдында заңдарды ұстану морльдық қағидалар, іскерлік
этиканың көзқарастарын, ар-намыс, қадір қасиет және іскерлік беделді
таптайтын мәліметтерді мойындайды, деп тікелей көрсетілген. Егер осы және
басқа да мәліметтер жалған болып оның ар- намыс, қадір қасиет және іскерлік
беделіне тимейтін болса, онда олар теріске шығаруға, азаматтардың немесе
ұйымдардың кемшіліктерін сынайтын, бірақ ар-намыс, қадір қасиет және
іскерлік беделге тимейтін мәліметтер жатпайды.
Шын мәнінде адам ол аурумен ауырмайтын кесел туралы мәліметтің
таралуы, заңдарда қамтылмаса, онда бұл жерде ар-намыс, қадір-қасиет
тапталмаған болмаса, адам іс-әрекетіне байланысты сипатталады делінген. -
және де бұл таратылған мәліметтерде нақты айғақтар болуы қажет. Бұда
тұлғаның басқа біреу жайлы ойын айту, бірақ кей жағдайларда бағаланатын
мәліметтерде теріске шығарылады.
Әсіресе мұндай мәліметтер көбінесе, бұқаралық ақпарат құралдарында,
таратылғанда тұлға қызметінің жалпылама сипаттамасы ретінде көрініс тапса
ғана болады;
- мәліметтер шыққанда сай келмеуі қажет, заттардың шынайы ахуалы
бұрмалануы қажет. Шынайы мәліметтер теріске шығарылмайды, егер мәліметтің
бір бөлігі ғана шындыққа сай келмесе, онда теріске шығаруға мәліметтің сол
теріске шығаруға сай келмейтін бөлігі ғана жатады.
Ар-намыс, қадір қасиет және іскерлік беделді қорғау туралы сот
процесінде шағымданушы мәліметтердің таралуы туралы айғақты дәлелдеуі
керек. Ал жауапкер оның сәйкес келмейтінін дәлелдеуі қажет, бұл мәліметтің
қаншалықты жамандығын сот шешуі қажет. Теріске шығарудың тәсілі туралы
біртұтас ереже жоқ. Егер мәлімет бұқаралық ақпарат құралдарымен таралса,
онда олар оны сол таралу тәсілімен теріске шығаруы қажет. Егер жамандайтын
мәлімет тұлғаға берілген немесе ұйымнан шыққан басқа бір құжаттағы
мінездеме болса, онда ол құжат ауыстырылмауы керек. Басқа жағдайларда сот
ол туралы көп тұлғаға мәлімдеу сияқты тәсілін таңдайды.
Егер оны жасау мүмкін болмаса, онда теріске шығарудың сот залында
кешірім сұрау тәсілі қолданылады. Біздің көзқарасымыз бойынша, тек оны
қолдану жеткіліксіз болып табылады, өйткені, кешірім сұрау өзі таратқан
мәліметтерін теріске шығару болып табылмайды. Сондықтан да бұған тек
кешірім сұрау ғана емес басқа да тәсілдерді заңды түрде қолданылуы қажет
деп ойлаймын.
Жоғарғы Сот пленумы көрсеткендей, сот шешімі кезінде қандай мәлімет
және ол неге жамандалынатынын атап өтіп, теріске шығарудың мерзімі мен
тәсілін көрсетуі керек болып табылады және сот теріске шығару мәтінін өзі
құрастырады. Жалпы ереже бойынша, егер даулы мәлімет оған жеке қатысты
болса, азамат шағымдануға құқығы бар.
Дегенмен тәжірбиеде бір отбасының бірнеше мүшелері олардың бірі туралы
жайылған мәліметті теріске шығаруы жайлы шағын берілген жайларда белгілі.
Мәселен, С.және оның екі қызы В-ға оның көпшілік тұлға алдында жайған
мәліметін теріске шығару жайлы шағымданады. Ол мәлімет бойынша С. Украйнаны
басып алу кезінде полицияға қызмет етіп, азаматтарды соққыға жыққан. Сот
жауапкер таратқан мәлімет тек азамат С-ға ғана емес және оның отбасы
мүшелеріне де нұқсан келтіреді деп тапты.
Азаматтың ар-намыс, қадір қасиетіне нұқсан келтіретін мәлімет, оның
отбасының өлген мүшесіне немесе басқа бір туысына байланысты тараған болса
да, сотқа арыз беруге құқығы бар.
Кейде яғни таралған мәлімет ұлт мамандық бойынша біріккен жалпы
адамдарды кемсітеді (мәселен журналистер, өтірікшілер, саясатшылар,
ұрылар).
Кейбір осы тектес айтып салма сөздер біз жүргізген кішігірім
әлеуметтік зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, адамдар шын мәнінде үлкен
топтың ар-намыс, қадір қасиетіне нұқсан келтіруі мүмкін.
Мысалы: Шымкент қаласының №7 мектебінің 7-класс оқушылар тобына
бірінші кезекте Чеченец сөзімен ассосацияланатын сөзді жазуды ұсынған.
Сұраған 26-оқушының 14-і бандит деп жазды. Осылайша бұқаралық ақпарат
құралдарында өте жиі қайталанылатын, сондай-ақ тоғышарлық деңгейде бүкіл
бір ұлттың ар-намыс, қадір қасиеті шынайы түрде төмендетіледі. Осындай
мысалдар шынайы дәйек болып, отандық заң шығарушыны жеке тұлғаны және жалпы
топтың ар-намыс, қадір қасиет және іскерлік беделін қорғаудың өте мықты
түрінде жетілуі керек.
Осы аталмыш мәселемен байланысты қызықтысы шетелдіктердің тәжірбиелері
болып табылады. Германия мемлекетінің Нордхеесен қаласынан 77 жасар әйел
Бабье лето сөзі үшін матерологиялық қызмет жетекшісінің үстінен
шағымданады. Шағымда көрсетілгендей, мұндай атау өйткені, ол әйел намысын
қорлайды, тікелей жеке қорлау басқа тұлғаның ар-намысын жақтырмай,
менсінбеуден тұрады, ал ондай сөз тізбесі жоқ болғандықтан шағым кері
қайтарылады. Осылайша шағым шын мәнінде, қанағаттандырылмады, бірақ оның
ұсыну заңдылығына шүбә келтірмеді. Сот осы жағдайда жеклеген тұлғаның емес,
бүтін әлеуметтік топтың ар-намыс, қадір-қасиетінің бұзылуы мүмкін екендігін
мойындайды. Кейбір жағдайларда үлкен адам топтарына қатысты айтылған сөз
өзінде көп белгілерді біріктіруі мүмкін, яғни олардың болуы кезінде іске
кіріседі.
Мүмкін болған шағымданушыны шығара отырып, оның ар-намыс, қадір-
қасиетін және іскерлік беделі кірленеді. Бұл жалпы алғанда, ар-намыс, қадір-
қасиет және іскерлік беделді қорлауға болады дегенді білдіреді ме? Біздің
ойымызша, бұл сұрақ заңды шешімін табу керек. Біз бұны келесі түрде жүзеге
асыруды ұсынамыз.
Азаматтың ар-намыс, қадір-қасиетін қорғауда қолданылатын негізгі
критерийлерін солармен қалдыруға болады. Демек, мәлімет таралып ар- намыс,
қадір-қасиетке нұқсан келтіріп, шындыққа сәйкес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқықтарды қорғаудың түсінігі
Меншік және меншік құқығы
Азаматтардың меншік құқығы
Азаматтық құқықтарды қорғауды зетрреу
Азаматтық құқықтарды қорғаудың ұғымы
Азаматтық құқықтарды қорғаудың балама тәсілдері
Азаматтық құқықтарды қорғаудың түсінігі және жалпы ережелері
Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншіктің бірдей мойындалуының және қорғалуының конституциялық құқықтық негіздері
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
Меншік құқығын тану
Пәндер