Апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарау


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1 ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНБЕГЕН СОТ ШЕШІМДЕРІН АППЕЛЯЦИЯЛЫҚ САТЫДА ҚАРАУ ТӘРТІПТЕРІ

1. 1 Заң күшіне енбеген сот актілеріне апелляциялық шағым беру, наразылық келтіру тәртібі мен мерзімі

1. 2 Апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарау

1. 3 Аппеляциялық сатыдағы өндірістің және шешім қабылдаудың тәртібі

2 АППЕЛЯЦИЯЛЫҚ САТЫДАҒЫ СОТТЫҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ: ПРОБЛЕМАЛЫҚ СҰРАҚТАР

2. 1 Сот актілерін қадағалау тәртібімен қайта қарау

2. 2 Қадағалау тәртібімен іс жүргізуде сот өкілеттігі

2. 3 Заңды күшіне енген сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау жөнінде іс жүргізу

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

3

5

5

7

10

15

15

18

19

23

25

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасы өз егемендігін алып, жаңа демократиялық елдер қатарына қосылып, өзін әлемге таныту үшін және құқықтық мемлекет екендігін айқындау үшін құрылымы жағынан жаңарту бағытын ұстап келеді.

Іс жүзінде жиырма жыл бойы күн-нен-күнге біз сіздермен жаңа елді құру үстіндеміз. Ашық та өркенді елді. Жылдан-жылға қазақстандықтардың әл-ауқаты жақсара түскен елді. Саяси тұрақты және өз азаматта-рының қауіпсіздігін қамтамасыз еткен елді. Ешқашан және ешкім үшін сыртқы қатер көзі болмайтын елді [1] .

Жуырда «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 227-IV Заңы қабылданды[2] .

Сенаттың заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің қорытындысына сәйкес, заң жобасы "Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы" Конституциялық заңға сәйкес Қазақстандағы сот жүйесін одан әрі жаңғыртуға бағытталған[3] .

Мемлекеттің құқықтық жүйесін мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді қорғайтын бұқаралық құқық пен жеке мүдделерге қызмет етіп, оны қорғауды қамтамасыз ететін жеке құқыққа ауқымды бөліну процесі аясында жүріп жатыр.

Осымен байланысты жеке, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді байыпты үйлестірудің шұғыл қажеттігі сақталып отыр.

Соттар мен сот органдарының құзіреті мен қызметі жоғарыдағы заң актілерімен өзгертіліп, бекітілгеннен кейін сот өндірісі де өзгерді. Қабылданған заң актілеріне сәйкес жоғарғы соттың судьялық алқалық өкілеттігі кеңейіп, аймақтық соттарды, бірінші сот инстанциясының шешіміне шағымданудың апеллияция инстанциясының қажеттілігі үлкен.

Азаматтық іс жүргізу өндірісіне апелляциялық азаматтық істердің соттық шешімнің заңдылығын апелляциялық тәртіп бойынша тексеру үшін қажет.

Апелляциялық инстанцияда шағымдалған немесе наразылық берілген шешімді қайта қарау мақсаты оның заңдылығын және негізділігін тексеру. Бақылау тәртіпте қайта қарауға жөне жаңадан ашылған мән жайлар бойынша және қайта қарауға айрықша апелляциялық іс жүргізуде занды қүшіне енбеген шешімдер мен ұйғарымдардың заңдылығымен негізділігін тексеру.

Белгілі бір істерді қараудағы соттың жіберген жетіспеушіліктерді көрсете отырып аппеляциялық инстанциядағы сот құқықтың нормаларын дұрыс түсінуге қолдануға ыкпал етеді.

Курстық жұмыстың объектісі - аппеляциялық сатылы соттың өкілеттіктері және олардың конституциялық негіздері.

Тақырыптың пәні - азаматтық іс жүргізудің заң нормалары, Конституция.

Курстық жұмыстың мақсаты - аппеляциялық сатылы соттың өкілеттіктері түсінігін талқылау.

Осы жоғарыда айтылғандарды ашу, зерттеу және талдау жасау бітіру жұмысының мақсаты болып табылады және ол мақсаттарды шешу үшін келесі міндеттерді орындау қажет:

- заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық
келтіру, шағымданудың түсінігі, мәні және маңызы, апелляциялық өндірістің
мазмұнын анықтау;

  • апелляциялық шағымдануға қүқықты тұлғаларды, олардың тәжіри-беде қалыптасқан шағымдану, наразылық білдіру әрекеттерін зерттеу;
  • апелляциялық сатыда істі қарау тәртібін және оның бұрынғы кассациялық, апелляциялық сатылардан айырмашылығын ашу;
  • апелляциялық өндірістің тарихи және салыстыру-құқықтық талдау-ларын шығару.

Курстық жұмысым кіріспе қорытынды және пайдаланған әдеттермен қоса негізгі екі тараудан тұрады:

1 ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНБЕГЕН СОТ ШЕШІМДЕРІН АППЕЛЯЦИЯЛЫҚ САТЫДА ҚАРАУ ТӘРТІПТЕРІ

1. 1 Заң күшіне енбеген сот актілеріне апелляциялық шағым беру, наразылық келтіру тәртібі мен мерзімі

Осы тарауда көзделген ережелерге сәйкес заңды күшіне енбеген, Қазақстан республикасының Жоғарғы Сотының шешімдерінен басқа, бірінші сатыдағы сот шешімдеріне апелляциялық тәртіппен шағым мен наразылық жасалуы мүмкін.

Апелляциялық сатыдағы сот (ағыл. court of appellate jurisdiction) - заңды күшіне енбеген, Қазақстан республикасының Жоғарғы Сотының шешімдерінен басқа, бірінші сатыдағы сот шешімдеріне апелляциялық шағым мен наразылықты қарайтын екінші сатыдағы (жоғары тұрған) сот. Апелляциялық сатыдағы сотта істер бірінші сатыдағы сотта істер қарау ережесі бойынша АІЖК-нің екешеліктерімен қаралады.

Апелляция - бір қатар мемлекеттерде (қылмыстық және азаматтық істер бойынша) сот қаулысына шағымданудың бір нысаны, тараптардың шағымдары бойынша және шағымда көзделген талап шегінде істі мәні бойынша қарайтын екінші сатыдағы сот.

Бұл ұғымның екі мағынасы бар: істі қараған төменгі сот қаулысын қайта қарату мақсатында жоғары тұрған (апелляциялық) сотқа жүгіну; жоғары тұрған сотқа шағым, онда қате немесе әділетсіз төменгі тұрған сот қаулысын өзгерту немесе күшін жою туралы дәлелді өтініш.

Сот шешіміне жазбаша нысанда апелляциялық шағым мен наразылық берілуі мүмкін.

Сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығы іске қатысушы тараптар мен басқа да тұлғаларға тиесілі. Сот шешіміне апелляциялық наразылық келтіру құқығы істі қарауға қатысушы прокурорға тиесілі. Жалпы ереже бойынша Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарлары, облыс прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары өздерінің құзыреті шегінде істі қарауға қатысуына қарамастан сот шешіміне наразылық келтіруге құқылы.

ҚР АІЖК 332-бап 4-бөлігіне сәйкес іске қатысуға тартылмаған, бірақ сот құқықтары мен міндеттері жөнінде шешім қабылдаған тұлғалар да (мысалы, үшінші тұлғалар) апелляциялық шағым беруге құқылы.

Апелляциялық шағымдар, наразылықтар шешім, қаулы шығарған сот арқылы іске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшірмелермен қоса беріледі. Егер судья қажет етсе апелляциялық шағымды немесе наразылықты берген тұлғаны апелляциялық шағымға немесе наразылыққа қоса тіркелген жазбаша айғақтардың іске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшірмелерін беруге міндеттей алады.

ҚР АІЖК 334-бап 3-бөлігіне сәйкес апелляциялық шағым немесе наразылық, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының шешімдерінен басқа, бірінші сатыдағы сот түпкілікті түрде шешім шығарғаннан кейін 15 (он бес) күн ішінде берілуі мүмкін. Себебі осы мерзім өткеннен кейін бірінші сатыдағы сот шешімі заңды күшіне енеді. Ал ҚР-сы Жоғарғы Сотының істі бірінші сатыдағы сот ретінде қараған кезде шығарған қаулылары апелляциялық тәртіппен шағымдануға, наразылық келтіруге жатпайды және олар жария етілген күнінен бастап күшіне енеді (ҚР АІЖК 344-б. 1-б. ) .

АІЖ құқығының бұл институты іске байланысты жааңа жағдайлар пайда болған кезде қолданылады. Бұл қайта қарау АІЖ жэеке дербес сатысы болып табылады. Бұл сатының негізгі мақсаты жаңадан пайда болған, яғни іске қатысы бар жағдайларды қайта қарауға бағытталған заңды күшіне енген сот шешімін ұйғарымын, қаулысын қайта қарудың объектісі - заңды күшіне енген сот шешімдерін, қаулылары, ұйғарымдары болып табылады. Осы сатыдағы қайта қараудың негізі болып мына жағдайлар табылады.

  1. Арызды берушіге бұрын белгілі болмаған елеулі жағдайлар пайда болса.
  2. Заңды күшіне енген үкімнің нәтижесінде куәлардың жалған жауаптары эксперименттің жалған жауаптары, жалған аудару, құжаттардың құртылғандығы анықталып, соның әсерінен негізсіз және заңсыз шешім шығарылса;
  3. Іске қатысушы тұлғалардың немесе олардың өкілдерінің және соттардың қылмыстық әрекеттері заңды күшіне енген үкіммен анықталған болса;
  4. Заңсыз шығарылған шешімге негіз болған сот шешімін, ұйғарымын немесе қаулысын тақтату;

Жаңадан пайда болған жағдайларға байланысты сот шешімін қайта қараудың негіздерін бірқатан жалпы белгілері бар:

  1. жаңадан пайда болған жағдайлар, бұл заңды фактілер және олар істі шешу кезінде бар болған. Сот шешімі шықаннна кейін пайда болған жағдайлар жаңадан пайда болған жағдайларға жатпайды, себебі істі шешу кезінде олар болмаған;
  2. жаңадан пайда болған жағдайларды осы туралы хабарлаған тұлғаларға белгісіз болуы керек;
  3. жаңадан пайда болған жағдайлар іске байланысты елеулі маңызы болуы болуы керек, яғни олар шешім шығарылғанға дейін белгілі болатын, болғанда басқа шешімдер шығарылуы мүмкін болар еді. Осы сатының негізгі істі қарау кезінде бар болған заңды фактілерді анықтауды айтамыз.

Жаңадан пайда болған жағдайларға байланысты заңды күшіне енген сот шешімін, ұйғарымын және қаулысын қайта қарауға байланысты істерді қозғау тәртібі мыналарды белгілейді:

  1. Істі қарауға байланысты арыз беруге құқығы бар тұлғаларды;
  2. Осы істі қарайтын соттарды;
  3. Арызды беру мерзімін анықтайды.

Осы саты бойынша өндіріс іске қатысқан тұлғалардың немесе прокурордың арыздары бойынша қозғалады. Арыз шешімді, ұйғаруды немесе қаулыны шығарған сотқа беріледі.

1. 2 Апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарау

Бірінші сатыдағы соттың апелляциялық шағымды, наразылықты алғаннан кейінгі:

  • шағымның, наразылықтың және оған қоса тіркелген жазбаша дәлелдемелердің көшірмелерін келесі күннен кешіктірмей іске қатысушы адамдарға жібереді;
  • шағымдануға, наразылық келтіруге белгіленген 15 (он бес) күн мерзім өткеннен кейін істі апелляциялық сатыға жібереді;
  • іске қатысушы адамдарды істі апелляциялық сатыда қараудың орны мен уақыты туралы тиісінше хабарлайды. Істің апелляциялық сатыда қаралатын күні туралы хабар іс апелляциялық сатыдағы сотта зерделенетіндей, ал іске қатысушы адамдар апелляциялық сатыдағы сот отырысына қатысу құқығын пайдаланудың нақты мүмкіндігіне ие болатындай есеппен берілуге тиіс.

Апелляциялық шағымдануға, наразылық келтіруге 15 күн мерзім өткенге дейін істі соттан ешкім талап ете алмайды. Іске қаттысушы тұлғалар сотта іс материалдарымен, сондай-ақ келіп түскен шағымдармен және оларға білдірілген қарсылықтармен танысуға құқылы.

Осы апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды қарайтын соттар:

  • аудандық және оларға теңестірілген соттар шығарған шешімдерге - облыстық және оған теңестірілген соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы;
  • облыстық және оларға теңестірілген бірінші сатыдағы соттар шығарған шешімдерге - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасы.

Апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша апелляциялық сатыдағы сот:

  • істе бар және қосымша табыс етілген материалдар бойынша істің нақты мән-жайы анықталуының;
  • материалдық құқық нормаларының қолданылуы мен түсіндірілуінің дұрыстығын;
  • істі қарау мен шешу кезінде азаматтық іс жүргізу заңы нормаларының сақталуын тексереді.

Апелляциялық сатыдағы сот құрамы кем дегенде 3 (үш) судьядан тұрады, біреу төрағалық етуші болады.

Апелляциялық сатыдағы судья апелляциялық шағым берген немесе наразылық келтірілген тұлғаның өтініші бойынша бірінші сатыда қабылданған, ҚР АІЖК-тің 237-бабында аталған істер бойынша шешімдерден басқа, шешімнің орындалуын тоқтата тұрады (ҚР АІЖК 343-бап) .

Істі апелляциялық тәртіппен қарау кезінде сот бірінші сатыдағы сот шешімінің заңдылығы мен негізділігін толық көлемінде тексереді (ҚР АІЖК 345-б. 1-б. ) .

Апелляциялық сатыдағы сот мәлімделген талап қою шегінде жаңа фактілерді анықтап, тараптың дәлелді себептер бойынша бірінші сатыдағы сотқа беруге нақты мүмкіндігі болмаған жаңа дәлелдемелерді зерттей алады (ҚР АІЖК 335-б. 3-б. және 345-б. 2-б. ) .

Апелляциялық сатыдағы сот шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыруы (ҚР АІЖК 336-б. ), қайтаруы (ҚР АІЖК 337-б. ) мүмкін.

Апелляциялық шағым берген тұлға апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарғанға дейін одан бас тартуға, ал наразылық келтірген прокурор немесе жоғары тұрған прокурор наразылықты кері қайтарып алуға құқылы. Одан кейін шешімге басқа адамдар шағым жасамаса немесе жоғары тұрған прокурор наразылық келтірмесе, сот шағымнан бас тартуды және наразылықты қайтарып алуды қабылдау туралы апелляциялық іс жүргізуді қысқартатын қаулы шығарады.

Іс апелляциялық сатыда ол бірінші сатыдағы соттан келіп түскен күннен бастап 1 (бір) айлық мерзімнен кешіктірілмей қаралуға тиіс (ҚР АІЖК 349-бап) .

Апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізу ҚР АІЖК-тің 41-тарауында көзделген ережелер бойынша жүзеге асырылады. Апелляциялық сатыдағы соттың отырысына іс бойынша қорытынды беретін прокурор міндетті түрде қатысады.

Апелляциялық сатыдағы сотта істі талқылау бөлімдері:

  • Сот отырысын ашу. Төрағалық етуші сот отырысын ашып, қандай іс, кімнің шағымы немесе наразылығы бойынша және қай соттың шешімі қаралып отырғанын, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы соттың құрамын және егер істің қаралуына қатысып отырса, прокурорды, сарапшыларды, мамандарды, аудармашыларды хабарлайды.
  • Іске қатысушылардың келуін тексеру. Төрағалық етуші іске қатысушы адамдардың қайсысы келгенін анықтайды, келген адамдардың кімдер екенін айқындайды, өкілдердің өкілеттігін тексереді.
  • Іске қатысушы адамдарға олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.
  • Іске қатысушы адамдардың сот отырысына келмеуінің салдары. Істің қаралатын уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланбаған іске қатысушы адамдардың біреуі сот отырысына келмеген жағдайда сот істі қарауды кейінге қалдырады. Содан кейін іске қатысушыларға соттың қайта өткізілетін отырысында істің қаралу уақыты мен орны жайында тиісінше хабарлайды. Бұл жағдайда істі талқылау басынан бастап жүргізіледі.
  • Соттың іске қатысушы тұлғалар арыздарын шешуі. Іске қатысушы тұлғалардың апелляциялық сатыдағы істі қарауға байланысты барлық мәселелер бойынша арыздар мен өтініштерін сот іске қатысушы басқа тұлғалардың пікірін тыңдағаннан кейін шешеді. Мәлімделген өтінімдерді шешу қр аіжк-тің 186-бабының ережелері бойынша жүргізіледі, бұл орайда апелляциялық сатыдағы соттың өтінімдері бірінші сатыдағы сот негізге алып, оны қанағаттандырудан бас тартуға құқығы жоқ.
  • Істі мәні бойынша қарау. Істі мәні бойынша қарау судьяның шағым жасалған шешімнің мән-жайы, апелляциялық шағымның, наразылықтың дәлелдері және іс материалдары туралы баяндамасымен басталады. Соттың отырысына келген іске қатысушы тұлғалар мен өкілдердің түсініктемелерін тыңдайды. Апелляциялық шағым берген немесе наразылық келтірген тұлға және оның өкілі бірінші болып сөз сөйлейді. Егер екі тарап та шешімге шағым жасаған жағдайда бірінші болып талап қоюшы сөйлейді. Тараптардың түсініктемелерінен кейін сот істе бар және тараптар жаңадан табыс еткен, дәлелді себептермен олар бірінші сатыдағы соттың қарауына табыс ете алмаған дәлелдемелерді тексереді. Сотқа қосымша дәлелдемелер табыс еткен тұлғалар олардың қандай жолмен алынғанын және қосымша дәлелдемелер табыс ету қажеттігі қандай мән-жайларға байланысты туындағанын көрсетуге міндетті. Апелляциялық сатыдағы сот іске қатысушы, сот отырысына келмеген адамдардың түсініктемелерін, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы сот отырысына шақырылмаған куәлардың айғақтарын жария етуге құқылы. Егер бұл түсініктемелер мен айғақтарға тараптар дау шығарса, аталған адамдар апелляциялық сатыдағы сотқа шақырылуы мүмкін.
  • Сот жарыссөздері және прокурордың қорытындысы. Іс мәні бойынша қаралып біткен соң төрағалық етуші тараптар мен өкілдерден олардың жасайтын өтінімдері мен толықтырулары туралы сұрайды. Сот бұл өтінімдерді шешіп, содан соң жарыссөздеріне көшеді. Сот жарыссөздері ҚР АІЖК-тің 211-бабында көзделген ережелер бойынша өткізіледі, бұл орайда апелляциялық шағым немесе наразылық берген адам бірінші болып сөйлейді. Шешімге екі тарап та шағым жасаған жағдайда бірінші болып талап қоюшы сөйлейді. Сот жарыссөздерінен кейін прокурор іс бойынша қорытынды береді. Содан соң сот соттың актісін қабылдауға арналған кеңесу бөлмесіне кетеді.
  • Апелляциялық қаулы шығару және оны жариялау. Апелляциялық саты істі қарау нәтижелері бойынша сот актісін қаулы түрінде шығарады (ҚР АІЖК 359-бап) . Апелляциялық қаулы кеңесу бөлмесінде шығарылып, оған судьялардың барлық құрамы қол қояды және судьялар кеңесу бөлмесінен қайтып келген соң, отырыс залында жарияланады. Апелляциялық сатыдағы сот істі қарағаннан кейін оны бірінші сатыдағы сотқа қайтарады (ҚР АІЖК 369-бап) .

Апелляциялық сатыдағы сот келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:

  1. шешімді өзгеріссіз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырмай тастау туралы;
  2. бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгерту туралы;
  3. бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жоюға және жаңа шешім шығару туралы (ҚР АІЖК 362-бап) ;
  4. ҚР АІЖК-тің 364-бабында көзделген материалдық немесе іс жүргізу құқығы нормаларының бұзылғаны анықталған жағдайда шешімнің күшін жойып, істі бірінші сатыдағы соттың жаңадан қарауына жіберу туралы (ҚР АІЖК 365 және 366-баптар) ;
  5. ҚР АІЖК-тің 247 және 249-баптарында көзделген негіздер бойынша шешімнің толық немесе оның бөлігіндегі күшін жоюға және іс бойынша іс жүргізуді қысқарту не арызды қарамай тастау туралы (ҚР АІЖК 367-бап) .

Апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары қабылданған күннен бастап заңды күшіне енеді (ҚР АІЖК 368-бап) .

1. 3 Аппеляциялық сатыдағы өндірістің және шешім қабылдаудың тәртібі

Бірінші сатыдағы сот аппеляциялық шағым мен наразылық келтіруге арналған мерзім біткен соң және мүдделі тұлғаларды шағым беру туралы және оған қарсылық білдіру мүмкіндігін түсіндіргендігі хабарландыру талабы орындалған соң, істі қараудың жоғары тұрған сотпен келісе отырып белгіленетін уақыты мен орнын көрсетіп, істі тиісті аппеляциялық сатыға жібереді (ҚР ҚІЖК-нің 408-бабының 1 б. ) .

Істің қаралу орны мен уақытын бірінші саты сот тараптарға хабарлайды. Хабарлау тәсілі қарапайым - барлық іске қатысушыларға шақыру қағаздары жіберіледі. Сот отырысына қамауда ұсталып отырған сотталушыны шақыруды заңда бектілген тәртіппен аппеляциялық сатыдағы сот шешеді.

Егер айыптаушы тараптың шағымында, наразылығында сотталған адам жағдайының нашарлауы туралы мәселе қойылса, оның аппеляциялық сатыға қатысу туралы өтініші қанағаттандырылуға тиіс.

Аппеляциялық отырыстың орны мен уақыты туралы уакытылы хабарланған адамдардың келмеуі істі қарауға кедергі болмайды. Аппеляциялық сатыға прокурордың қатысуы міндетті.

Үкіме шағымдану құкығы берілген сотталушы, ақталушы, олардың қорғаушылары мен заңды өкілдері, жәбірленуші және оның өкілі, сондай-ақ үкім шығарылғаннан кейін тапсырма алушы сотталған (ақталган) адамның қорғаушысы немесе жәбірленушінің өкілі соттың аппеляциялық отырысына барлық жағдайда жіберіледі. Оларға өздерінің өтініштері бойынша келтірілген шағымдарды немесе наразылыктарды не оларға қарсылықтарды негіздеп сөйлеу үшін сөз беріледі.

Заңды күшіне енбеген сот үкімдері мен шешімдерін қайта қарау өндірісі соттың қалыпты жұмыс істеуін және процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайларда жүргізіледі. Аппеляциялық соттың сырткы нысаны (ритуалдық жағы) бас сот отырысының тәртібін қайталайды. Бірінші сатыдағы соттағы секілді сот приставы немесе сот отырысынң хатшысы "Сот келеді" деп хабарлайды. Залдағылардың барлығы тұрады, одан соң төрағалық етушінің ұсынысымен отырады. Сот отырысына қатысушылар сотқа тұрып жауап береді. Бұл ережелерден ауытқуға тек төрағалық етушінің рүксатымен рұксат етіледі. Сот отырысында отырып жауап беру мүмкіндігі қарт кісілерге, науқастарға, мүгедектерге беріледі.

Сот отырысына қатысушы барлық тұлғалар сот отырысының төрағалық етушісінің сот отырысының тәртібін сақтау туралы нұсқауына мойын сұнуы міндетті.

Он алты жастан кіші тұлғалар, егер олар тарап немесе куә болып табылмаса сот отырысына жіберілмейді. Қажет болған жағдайда сот приставы азаматтан оның жасын куәландыратын құжат талап етуге құқылы. Сот залына сонымен қатар, мас күйіндегі адамдарға кіруге тыйым салынады.

Енді аппеляциялық сатыда істі қарау тәртібіне тоқталайық. Оның тәртібі ҚР ҚІЖК-нің 409-бабында керсетілген.

Төрағалық етушІ сот отырысын ашады, қандай іс және кімнің апеляциялық шағымы немесе наразылығы бойынша қаралып жатқанын хабарлайды. Содан кейін төрағалық етуші сот құрамын, іс бойынша тараптар болып табылатын, қатысып отырған адамадардың фамилиясын, сондай-ақ аудармашылардың фамилиясын хабарлайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Апелляциялық сатыдағы сот шешімдерін қарау
Апелляциялық сатыда іс жүргізу
Заңды күшіне еңбеген сот үкімдері және қаулыларын қайта қарау сатысының мәні мен міндеттері
Апелляциялық шағым наразылық беру
Қазақстандағы сот жүйесiнiң мәнiн анықтайтын негiзгi актілер
Апелляциялық сатыдағы соттың өкілеттігі
Қазақстандағы сот жүйесі, судьялар мәртебесі
Апелляциялық шағымдану
Апелляциялық саты сотының қаулылары мен ұйғарымдарына шағымдар, наразылық білдіру құқығы
Сот қаулыларына апелляциялық шағымданудың қағидалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz