Ағылшын абсолютизмінің орнауы


ЖОСПАР
Кіріспе
1 Ұлыбританияның буржуазиялық мемлекетінің құрылуы
1. 1 Төңкеріс алдындағы Англия
1. 2 Төңкерістің орын алу себептері
1. 2. 1 Қысқа парламент
1. 2. 2 Ұзақ парламент
1. 2. 3 Азаматтық соғыс
1. 3 Индепенденттік республика және Кромвельдің протектораты
2 Ағылшын абсолютизмінің орнауы
2. 1 Тюдорлардың абсолютті монархиясы
2. 2 Елизавета Тюдор кезіндегі абсолютизмнің шарықтау шегі
2. 3 Стюарттар абсолютті монархиясының кризисі
2. 4 Абсолютті монархияның құлауы
3 ХVІІ ғасырдағы Англия
3. 1 ХІХ ғасырдың басындағы Англия
3. 2 ХІХ-ғасырдың соңы - ХХ-ғасырдың басындағы саяси өзгерістер
3. 3 Британдық колониалдық империя
4 Ұлыбританияның құқығы
4. 1 Шексіз монархия кезіндегі жағдай
4. 2 Англиядағы буржуазиялық құқықтың дами түсуі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
3
7
7
8
9
Кіріспе
Қазіргі замандағы Ұлыбритания (Great Britain) немесе Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдығы (The United Kingdom of Great Britain and Northern Ireland) - Батыс Европада орналасқан аты әлемге мәшһүр мемлекет. Бұл мемлекет «Үлкен жетілік» елдерінің құрамына және ядролық клубқа мүше ел болып табылады.
Бұл елдің әлемдік мемлекет пен құқыққа қосқан үлесі өте мол. Қазіргі таңдағы ең жан-жақты жетілген әрі орнықты мемлекетті басқару жүйесі де осы ағылшындарда десек қателесе қоймаймыз. Сондықтан осы елдің мемлекеті мен құқығының даму тарихына аса мән бергеніміз жөн. Себебі біздің тәуелсіз Қазақстанымыздың да мемлекеттігі орнықты болып, мұндағы жағдай азаматтық соғыстарға айналмауы және ТМД елдеріндегі соңғы кездері орын алған (Грузия, Украина) төңкерістерге ұласпауы да осындай іргелі елдердің тәжірибесін өз елімізде қолдана білуге итермелейді.
Осы жұмысымыз ағылшын-саксондық құқық жүйесін зерделеуге, оны ой елегінен өткізуге арналған. Сонымен қатар буржуазиялық мемлекеттің орнауына еңбек сіңірген Оливер Кромвельдің қарама-қайшылықты өмір тарихынан біршама хабардар боламыз және Англияның буржуазиялық кезеңге өтудегі тап болған тарихи қысылтаяң, тар жол тайғақ кешу заманасына көз жүгіртіп құқығының даму үрдісін пайымдаймыз.
XVғ. 80-жылдары - XVIIғ. 40-жылдары орын алған абсолютизмнің Ұлыбританияда ерекше маңыздылығы болғаны белгілі. Абсолютизм қоғамдық-әлеуметтік, экономикалық үрдістердің алға қарай дамуына ерекше ықпал етті. Сондықтан, абсолютизмнің орнау тарихын, оның барысында халықтардың өз басынан өткерген абсолютті монархияның әсерлері мен қоғамдық-саяси өзгерістеріне ұшырауын, және көптеген себептердің нәтижесінде Бірінші Стюарттар кезінде дағдарысқа ұшырап, соңында Карлдан кейін абсолютистік режимнің ыдырауын атап көрсету және білу маңызды. Сонымен қатар, XV ғ. аяғы - XVII ғ. ортасындағы абсолютизм кезенінің әр түрлі әлеуметтік таптарға, Англияның экономикасына, даму ерекшелігіне жағымды немесе жағымсыз әсерін айқындау. Осы тұрғыдан алғанда, ағылшын абсолютизмінің халықаралық жүйедегі орын алуымен үлкенді-кішілі шетелдік мемлекеттермен қарым-қатынасын орнату саясатымен, белсенді саясатқа өзінің сыртқы саясатымен әсер етуін көрсету.
XV ғ. бастап орын алған абсолютизм, Европаның басқа да елдеріне тән болды. Бірақ бұл курс жұмысы ағылшын абсолютизміне арналғандықтан Тюдорлар мен Стюарттардың саясатына, оның ерекшелігіне сипаттама беру маңызды болды.
Негізінен, абсолютті монархтердің сыртқы және ішкі саясатының мазмұны қоғамды бөлшектеп, халықтың абсолютизмнен бас тартуына әкелді. Яғни, абсолютті монархтердің билікті бөлісуде күресі, абсолютизм дәуірі басталуымен осы күрес жолына түскен корольдердің күшіне сәйкес тартысының одан бетер өткірленуі алмастырды. Тюдорлар ағылшын абсолютизмінің шарықтау шегін біраз сақтай тұрып, өз билігін кеңейтуге ұмтылды. Ал, өткір бәсекеге түскен Стюарттар абсолютті монархияны дағдарысқа ұшыратты.
Абсолютизм дәуірінің келуі екі династияның болуымен сипатталынды - Тюдорлар: Генрих-VII, Генрих-VIII, Эдуард-VI, Мария, Элизавета I және Стюарттар: Яков-I, Карл-I.
Қарастырылып отырған тақырыптың осындай өзектілігі, саяси және тәжірибелік маңыздылығы оны ғылыми тұрғыдан зерттеп, саралау талабын қояды.
Осы үрдісте тақырыптың зерттеу мақсаты: ағылшын абсолютизмінің орнауының тарихи алғышарттарының қалыптасуы мен барысын зерттеу, Тюдорлармен Стюарттардың абсолютті монархияларының кезіндегі Англия жағдайын анықтау, жалпы ерекшеліктерін саралау.
Мұндай зерттеудің маңыздылығы барысында абсолютті монархтердің экономикалық, әлеуметтік саясатында халыққа, қоғамға тигізетін әсерін күшейтудің нәтижесінде байқауға болады. Курс жұмысының алдына қойған осындай мақсатына жетуде төмендегідей міндеттер орындалу тиіс деп қарастырдым:
- Англияда абсолютизмнің пайда болуының, орнауының, даму барысының ерекшелігін, тарихи табиғатын және жалпы ағылшын абсолютизмнің шетел мемлекеттерінің абсолютизмінен айырмашылығын көрсету
- Тюдорлар абсолютизмінің саясатын жан-жақты зерттеу
- Елизавета Тюдор кезіндегі абсолютті монархиясының шарықтауының алғышарттарын, барысын, нәтижесін анықтау
- Абсолютизмнің арықарай дамуына негіз болған Стюарттар монархиясы кезіндегі Англияның ішкі-сыртқы саясатын, парламент пен король арасындағы конфликттің себебін көрсету
- Ағылшын абсолютизмінің дағдарысының себебін, нәтижесін саралау
Осындай міндеттердің орындалуы курс жұмысының мақсатынының төмендегідей екі негізгі құрамдас бөлігінің іске асырылуына мүмкіндік береді.
1. Ағылшын абсолютизмінің орнауы
2. Бірінші Стюарттар кезіндегі абсолютті монархия
Курс жұмысын жазуда мынандай тарихи-талдау методологиялық принциптер басшылыққа алынды.
- абсолютті монархияның орнауының алғышарттары, себептері, салдары болатындығы және оның тарихи дамуының ықпалында болатын тарихи принцип
- қандай да болмасын монархтың экономикалық, әлеуметтік, сыртқы саясатының халықаралық факторларға тікелей тәуелділігі
Сонымен қатар талдау тәсілін, Тюдорлармен Стюарттардың халықаралық қатынастар жүйесіндегі, соның ішіндегі Ұлыбританияның тарихында алған мән маңызы мен қажеттілігін зерттейтін экспликативтік тәсілдерінің ішінде пайдалы болған контенті ретінде алдым.
Зерттеу жұмысы барысында тарихи оқиғаларды сараптауда, оларға объективті көзқарас қалыптастыруда, тарихи процесстерге нақты баға беру үшін, маңызды деректер қатарына сүйендім. Осы деректер тізіміне келесі авторлардың кітаптарын атап кетуге болады: В. М. Лавровский, В. И. Ленин. Лавровский өзінің еңбегінде Ұлыбританияда болып өткен 17ғ. ағылшын буржуазиялық революциясының маңызды этаптарын, негізгі мәселелерін көрсетіп, оның халыққа әсерін талдап, Стюарттар абсолютизмінің дағдарысының өрістеуін баяндаған. Сонымен қатар, онда Карл I-ші кезіндегі парламент пен король арасындағы қақтығыстың пайда болуының, өрістеуінің себебін атап, және оған қарсы шаралардың қолдану мәселесі туралы қарастырған /1/.
Қосымша дерек ретінде, В. И. Лениннің кітабында «патшалық монархияның таптық мінезі патша билігінің және бюрократияның үлкен дербестігін және тәуелсіздігін жоя алмайды, яғни бұл деген самодержавиенің және монархияның жоғарғы таптарды билеуі» деген абсолютизмге берген түсініктемесінің маңыздылығы зор болды /2/.
Жұмысты зерттеу барысында қолданылған әдебиеттерді Ұлыбританияда билік еткен әулиеттердің, яғни Тюдорлар мен Стюарттардың абсолютті монархиясына және олардың саясатының салыстырмалы түрде жазған авторлардың еңбегіне қатысты топтастырдым.
1) Абсолютизмнің орнауына өзінің үлесін қосқан Генрих VII, одан кейін дамытқан Генрих VIII және жалпы Тюдорлардың саясаты Ю. М. Сапрыкиннің, В. В. Штокмардың, Е. Б. Черняктың, Ф. Бэконның еңбектерінде қарастырылған. Ю. М. Сапрыкин өзінің кітабында Англияның Мария Тюдор кезіндегі контрреформациясы, Тюдорлардың 16ғ. анабаптизммен күресі туралы, жалпы Ұлыбританияның абсолютизм кезіндегі және ол дағдарысқа түскендегі жағдайды талдап, осыған байланысты туралы нақты фактілер жинағын берген /3/. Ал, В. В. Штокмар өз еңбектерінде 16ғ. 2-ші жартысындағы ағылшын абсолютизмінің экономикалық саясатының өркендеуінің себептерін атап, Елизавета Тюдордың аграрлы шаралары жайлы мәліметтерді баяндаған /4/.
2) Абсолютизмнің арықарай дамуына негіз болған Стюарттар монархиясының қоғамның жағдайын анықтап, Англияның ішкі-сыртқы саясатына баға беріп, парламент пен король арасындағы конфликттің себебін көрсете алған авторларға С. Д. Сказкинді, Е. Б. Чернякты, А. Н. Савинді жатқызуға болады. Негізінен, С. Д. Сказкин өз еңбегінде Ұлыбританияның 17ғ. революция алдындағы жағдайын сипаттап, сондағы Яков I-ші кезіндегі парламент пен король арасындағы қарама-қайшылықтың пайда болуын анықтап, Карл I-ң «Петиция о праве» деген петициядан бас тартуы туралы нақты мәліметтер ұсынған /5/. Ал, Е. Б. Черняк болса, өз кітабында ағылшын құпия қызметінің «құпия дипломатиясы» болғанын баяндап, Мария Стюарттың саяси тұлға ретінде оған сипаттама берген /6/.
3) Ал, абсолютті монархия кезінде екі әулиеттің билеуін салыстырмалы түрде зерттеп, жалпы ерекшеліктерін саралаған Е. В. Кузнецовтың, А. Л. Мортонның, Тревельян Дж. Маколейдің еңбектерін жатқызуға болады. Мысалы, Е. В. Кузнецов өз еңбегінде Генрих VII-ші кезіндегі саяси режимге қарағанда Стюарттардың саясатын қатты сынға алып, оның халыққа келтірген зардабынының үлесін көп деп тапты /7/. А. Л. Мортон Ұлыбританияның жалпы тарихын баяндап, ағылшын абсолютизмінің орнауының алғышарттарын, Тюдорлармен Стюарттар саясатының гүлденуі және дағдарысының өзара айырмашылықтарын анықтап, Карл I-ң жазаға тартылуы жайлы мәліметтеген /8/. Тревельян Дж. Маколей болса, өз кітабында Ұлыбританияның Тюдорлар, Елизавета кезіндегі және Карл кезіндегі халық, мемлекет жағдайының айырмашылықтарын атап кеткен /9/.
Ағылшын абсолютизмі екі тарау аумағында қарастырылады. Бірінші тарау ағылшын абсолютизмінің орнауын және барысын ашады. Екінші тарауда Стюарттар абсолютизмі және оның дағдарысы қарастырылады.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, сілтемелерден, деректер мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Ұлыбританияның буржуазиялық мемлекетінің құрылуы
- Төңкеріс алдындағы Англия
1640 жылғы Англиядағы буржуазиялық төңкеріс бүкіл дүниежүзілік тарихқа әсерін тигізіп, халық өмірін жоғары нысандағы қоғамдық саяси ұйымға келтірді. Англияның төңкерісі буржуазиялық төңкеріске жатады. Бұл жағдайды өнеркәсіптің ауыстырылуы және басқа қанаушы таптар билікті өз қолына алды деп түсінуге болады. Ағылшын буржуазиялық төңкерісінің феодализмнің дамуына байланысты көп ерекшеліктері бар болатын. Төңкеріс кезінде Англияның мемлекеттік құрылысы аяқталмаған шексіз феодалдық монархияға жататын. Корольдің билігі шексіз болса да, ол парламентті таратқан жоқ еді. Англияның жергілікті өзін-өзі басқару органдары демократиялық принциптерін сақтаған болатын және қуатты төрелік сот өзінің қызметтерін тоқтатқан жоқ еді. Феодализмнің капитализмге өтуін тоқтатқан және шектеген бірталай жағдайлар болған еді. Оларды түсіндіру үшін орта ғасырлардың құқықтық нормалары мен әдеттері туралы айтқанымыз дұрыс. Буржуазияның наразылығын туғызған феодалдық монополиялар. Олар сауда қызметтерін еркін жүргізгісі келетін, бірақ король патенттерінің бәрін өзі сататын. Ал патентсіз сауда жасауға немесе өнеркәсіп ашуға бір де бір адамдарының құқықтары болмайтын еді. Корольге патенттерді сатып өзінің қазынасын толтыратын осындай жүргізген саясаты пайдалы екені анық1.
ХVІІ ғасырдың басында Англия Еуропаның басқа елдеріне қарағанда әлдеқайда жақсы дамыды. Ауқымды колониалдық отарлау саясаты, дамыған мануфактуралық және жеңіл өнеркәсіп мемлекеттің әлемдік нарықтағы алғашқы орындардың бірін иеленуіне жағдай жасады. Елде екі шаруашылық нысаны сақталды: капиталистік және феодалдық. Капиталистік шаруашылықтың артықшылықтары көп болды, себебі, қауымдық жерлерді жинақтаудың нәтижесінде шаруаларды жаппай жерінен айыру процесі жүргізілді. Абсолютизм жерінен айырылған мыңдаған шаруаларды жұмыс орындарымен қамтамасыз ете алмады. Ол әлеуметтік тұрғыда былай көрініс тапты: мемлекет халқының оннан тоғыз бөлігі парламенттік сайлауларға қатысу құқығынан айырылған тұлғаларды құрады. Ер адамдардың тек оннан бір бөлігін ғана басқаруға қатыса алатын джентельмендер, бюргерлер және ауқатты шаруалар құраған. Дворяндар табы да өз құрамы бойынша біртектес болған жоқ: оларды ескі дворяндар және жаңа дворяндар немесе джентри құрады. Жаңа дворяндар өзінің шаруашылық нысанына байланысты буржуазия болып табылды. Халықтың әртүрлі таптары тартылған революцияның болуына жағдай туды2.
Төңкерістің алдында Англияның әлеуметтік жағдайы да өте қызық еді. Олардың дворяндар топтары екіге бөлінетін. Бұндай жағдай басқа да Еуропа мемлекеттерінде болған еді. Мысалы, Францияда дворяндар ескі және жаңа дворяндарға бөлінеді. Бірақ Англиядағы жағдай ерекше қалыптасты. Жаңа дворяндар джентри деп аталды. Олар ақсүйектерге жатпайтын, дворян атағын сатып алушы адамдар еді, сондықтан олар жерлерін таза пайдаланғаннан басқа, өнеркәсіппен немесе саудамен де айналысатын.
1. 2 Төңкерістің орын алу себептері
1485 жылдан 1603 жылға дейін Англияны Тюдорлар әулетінен шыққан корольдер биледі. Олардың кезінде король билігі күшейіп, тежеусіз сипатқа ие болды. VIII Генрих 1534 жылы Англияның шіркеуін Римге бағынудан азат етті. Шіркеудің басшысы король деп жарияланды. VIII Генрих алым-салық жинайтын арнаулы палата құрды.
1535-1558 жылдары VIII Генрихтің қызы Мария Тюдор билік құрды. Реформация қайраткерін куғынға салғаны үшін оған жұрт «Қанішер» деген жанама ат берді. Мария өлгеннен кейін таққа VIII Генрихтің екінші қызы I Елизавета (1558-1603) отырды. Оның тұсында ағылшын абсолютизмі ерекше нығайды. Шіркеу ұлттық деп танылып, абсолютизмнің ең басты тірегіне айналды. 1607 жылы Англияның мемлекеттік әнұраны қабылданып, алғаш рет орындалды.
Тюдорлар саяси жағынан бүкіл елді өзінің қол астына біріктірді. Бүлікшіл ақсүйектердің қарсылықтарын түншықтырды, сауданың өріс алуын қолдады. Отандық өндірістің өркендеуін колдап, басқа елдерден әкелінетін даяр бұйымдарға жоғары баж салығын орнатты. Тюдорлар шикізат пен азық-түлік экспортына (шетелге тауар шығару) тыйым салды. Тюдорлардың тұсында ағылшындардың отарлық экспансиясы (таралу, кеңею) күшейді.
Тюдорлар әулетінің табысты жүргізген ішкі және сыртқы саясаттары XVII ғасырдың басында Англияның экономикалық дамуы жағынан Еуропадағы ең алдыңғы қатарға шығуын қамтамасыз етті.
1603 жылы I Елизавета қайтыс болғаннан кейін таққа Стюарттар әулеті отырды. 1603-1625 жылдары I Яков, 1625-1649 жылдары I Карл билік құрған тұста абсолютизм дағдарысқа ұшырады. Феодалдық қатынас ыдырап, елде ірі кәсіпорындар пайда бола бастады. Кедейленген шаруалар біртеірте жалдамалы жұмысшыларға айналды. Буржуазиялық революцияның экономикалық, саяси және идеологиялық алғышарттары калыптасты. Ағылшын буржуазиялық революциясы 1640 жылы басталды. Ол адамзат тарихының жаңа кезеңіне жол ашты. [1] Халықтың көпшілік бөлігінің және қалыптасып келе жатқан буржуазияның көңілі толмауының себептерінің бірі болып І Карл Стюарттың (1600-1644 ж. ж. ) католик дініне сенетін француз ханшайымына үйленуі болды. Протестанттық Англия корольдің бұл әрекетін Рим Папасымен одақтасуға ұмтылысы деп түсінді.
Шиеліністің қатысушылары болып, бір жағынан, король, екінші жағынан, корольге қарсы буржуазиялық оппозицияның жағында болған парламент табылды. 1628 жылы парламент корольге Құқық туралы петицияны ұсынды. Құжатта І Эдуард пен ІІІ Эдуардтың заңдары бұзылғандығы аталып өтті, бұл заңдарға сәйкес парламенттің келісімінсіз ешқандай салықтарды енгізуге болмайтын. Сонымен қатар, петицияда жерге жеке меншікті корольдың шенеуніктерінің қол сұғуынан қорғалмау фактісі көрсетілді. Ұлы еркіндік хартиясына сілтеме жасай отырып, петицияда ешбір ағылшындық азаматтың сот үкімінсіз ұсталуына, түрмеге қамалуына, жерінен айырылуына және қудалануына жол берілмейтіндігі аталып өтті. Бесінші бапта, “Жұлдызды палата” мен “Жоғарғы комиссияның” (саяси трибунаның) қызметтері де жалпы құқық соттарына бағынбастан, Хартияға қайшы келетіндігі көрсетілді3. Сонымен қатар, петицияда солдаттар мен матростардың бейбіт халықтың жанында орналасуына және әскери жағдайды енгізуге қарсылық білдірілді. Мемлекеттің әдет-ғұрпына қайшы шығарылған көптеген өлім жазалары және жоғарғы шенеуніктердің жазасыздығы да Петицияда көрініс тауып, сынға алынды.
Оныншы бапта қорытындылай келе, төменгі палата парламенттің келісімінсіз ешбір салықтарды енгізбеуді және ешкімді сотсыз қамауға алмауды сұрады. Негізгі мазмұны бойынша Петицияда жаңа артықшылықтарды бекіту емес, бұрынға құқықтар мен бостандықтарды қалпына келтіру талап етілді.
І Карл петицияны бекітуге мәжбүр болды - ол заңға айналды. 1629 жылы король мен парламенттің арасында жаңа қақтығыс орын алды. Осы кезде І Карл парламентті таратып, мемлекетті өзі жалғыз басқара бастады. Корольдің үстемдігінің күшеюі елде революциялық жағдайдың туындауына алып келді.
Революциялық қозғалыстың идеологиялық негізі болып пуританизм нысанындағы Реформация идеологиясы табылды. Пуританизм діни ағым ретінде елдегі революциялық жағдайдан әлдеқайда ертерек пайда болған, алайда, ХVІІ ғасырдың 20-30 жылдарында абсолютизмге қарсы оппозицияның идеологиясына айналды. Революция барысында пуританизм біртіндеп жойылды4.
Пресвитерианство ірі буржуазия мен ақсүйектерді біріктірді, конституциялық монархия идеяларын уағыздады. Индепенденттік қауым орта және ұсақ буржуазия қатарынан жақтаушыларды тапты. Жалпы алғанда олар конституциялық монархия идеясына қарсы болмады, бірақ, парламенттегі өз жақтаушыларының санын көбейту және еркін адамның ар-ождан және сөз бостандығын тану үшін сайлау округтерін қайта бөлуді талап етті. Левеллерлердің қозғалысы айрықша радикалдық сипатта болды, бұл қозғалыс қолөнершілер мен еркін шаруаларды біріктірді, олар республиканың орнауын және барлық азаматтардың теңдігін талап етті.
1. 2. 1 Қысқа парламент
1629-1640 ж. ж. король билігінің үстемдік құруымен сипатталды, себебі, бұл кезде парламент таратылған болатын. Мұның нәтижелерінің бірі ретінде Шотландиядағы қарулы көтерілісі табылды, шотландықтардың Англияға басып кіру қаупі туды.
Әскери сәтсіздіктер және қаржының жетіспеушілігі І Карлды парламентті шақыруға мәжбүр етті, бұл парламент 1640 жылдың 13-сәуірінен 5-мамырына дейін жұмыс істеді және ол тарихта Қысқа парламент деген атқа ие болды. Қауымдар палатасы корольдің шотландықтармен соғысын қаржыландырудан бас тартты және І Карлдың саясатын талдап қарастыруға көшті. Жалғызілікті басқару жылдарында І Карл парламентті таратып жіберді, осы әрекеті арқылы ол өз жағдайын одан әрі нашарлата түсті5.
1. 2. 2 Ұзақ парламент
Бұл парламентті король 1640 жылдың қараша айында шақырды, ол 1652 жылға дейін жұмыс істеді, сол себепті де, ол Ұзақ парламент деген атқа ие болды. Парламент Конституциялық деп аталған революцияның (1640 ж. 3-қараша - 1642 ж. 22-тамыз) бірінші кезеңінің басталуына әсер етті. Ұзақ парламент парламенттің корольдің еркіне қарамастан әрбір үш жыл сайын шақырылуын көздеген үшжылдық акт және парламентті оның (парламенттің) келісімінсіз таратуға тыйым салған акт сияқты маңызды құжаттарды қабылдады. Арнайы актімен “Жұлдызды палата” мен “Жоғарғы комиссия” таратылды.
1641 жылы 1-желтоқсанда Ұлы Ремонстрация қабылданды, мұнда Англиядағы дін мен мемлекеттік құрылымды өзгертуге талпыныс жасаған “жаман ниетті партиямен” байланысты қауіп аталып өтті. Бұл “партияның” әрекеттері ретінде Шотландиядағы соғыс, Ирландиядағы көтеріліс және король мен парламенттің арасындағы шиеленіс түсіндірілді. Ремонстрацияда епископтарды лордтар палатасынан аластату және шіркеуге қатысты реформалар жүргізу, сонымен қатар, қауымдық жерлерді жинауға және салық алудағы король билігінің кемшіліктерін жоюға тыйым салу талап етілді.
Ұзақ парламент қабылдаған барлық актілер король билігін шектеді, оларды король бекіткенімен, шиеленіс шешілмеді. Нәтижесінде король мен парламенттің арасындағы азаматтық соғысқа алып келді. Король Оксфордқа көшіп кетті, сөйтіп, мемлекетті іс жүзінде Лондон мен Оксфордтағы екі үкімет басқарды.
1. 2. 3 Азаматтық соғыс
Бұл соғыс екі кезеңге бөлінді: 1) парламенттік әскерді басқару пресвитериандардың қолында болған кезең және 2) индепенденттердің қолында болған кезең. Парламенттік әскердің король әскерімен соғысындағы алғашқы сәтсіздіктер оны генерал О. Кромвельдың (1599-1658) “Жаңа үлгісі” бойынша қайта құрылуына әкеп соқты. Индепендент болғандықтан, О. Кромвель жоғарғы лауазым орындарын индепенденттік қауымға берді. Әскери басшылықтан ақсүйектерді аластату үшін парламент мүшелеріне әскерде басшылық қызмет атқаруға тыйым салатын “Өздігінен бас тарту туралы билль” қабылданды6. 1645 жылы король әскері соғыста ойсырай жеңілді. І Карл Шотландияға қашып, ол жақтан парламентке берілді.
Парламент пен әскер арасындағы қақтығыс пресвитериандар мен индепенденттердің және басында көсемі Джон Лильберн тұрған олардың радикалды қанаты левеллерлердің революцияның мақсатына жету жолдарына қатысты әртүрлі көзқарастарының нәтижесінде өрши түсті. 1648 жылы көктемде король мен пресвитериандық парламенттің арасындағы екінші азаматтық соғыс басталды. Индепенденттік әскер левеллерлердің (радикалық-революциялық қанат) арқасында жеңіске жетті. О. Кромвель парламенттен пресвитериандарды қуды, ал парламенттің қалған мүшелері толығымен оған бағынды.
1. 3 Индепенденттік республика және Кромвельдің протектораты
1649 жылы король өлтірілген соң парламент Англияны республика ретінде жариялады. Лордтар палатасы жойылды, ал қауымдар палатасы өздерін жоғарғы биліктің иесі ретінде жариялады. Атқарушы жоғарғы орган ретінде Мемлекеттік кеңес құрылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz