Сабақта көрнекі құралдарды пайдалану


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

1 Бастауыш мектеп оқу жұмысындағы көрнекілік принципінің талаптарын жүзеге асырудың дидактикалық негіздері

1. 1 Педагогика тарихында оқыту принципінің зерттелуі жайлы

1. 2 Бастауыш мектептің оқыту процесінде көрнекілік принципін тиімді қолданудың шарттары

2 Ана тілі сабақтарында сабақтарында оқытудың көрнекіліктерді қолдану әдістемесі

2. 1 Демонстрация

2. 2 Иллюстрация

2. 3 Бақылау әдісі

2. 4 Тәжірибелік әдістер

2. 5 Зертханалық тәсілі

2. 6 Графикалық әдіс

2. 7 Бейне әдіс

3 Ана тілі сабақтарында қолданылатын көрнекі құралдарды жетілдіру - бүгінгі күннің басты мәселесі

3. 1 Оқу танымдық әрекеттегі белсенділік әдістерін қолданылу жолдары

3. 2 Сабақта көрнекі құралдарды пайдалану

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер.

3

5

5

6

9

9

10

11

12

13

13

14

16

16

23

33

34

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Біздің қоғамдағы нарықтық қатынастарды игеру, алдыңғы қатарлы дамыған елу елдің қатарына қосылу, үдемелі ақпараттар ағыны, ғаламдық компьютерлік жүйеге өту қазіргі заманда өмір сүріп отырған адамның өз білімін үнемі жетілдіруіне, жаңарып тұруына икемділігін тәрбиелеп отыруына көзін жеткізіп отыр. Осы күні мектепте әлеуметті жағынан белсенді, еркін ойлай алатын, өз бетінше жаңа ақпаратты меңгере білетін, саналы адамдар тәрбиелеуге талап қойылуда. Осыған байланысты қазіргі жағдайда мектеп оқушысының төменгі сыныптан бастап оқуға деген қызығушылығын, танымдық әрекет белсенділігін қалыптастыру үшін мұғалім өскелең оқытуға негізделген жаңа бағдарламамен оқыту қажет.

Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Бастауыш мектепте оқыту оқушыларды сауатты жазуға үйрету, негізгі тілдік ұғымдармен таныстыру, өз ойын, пікірін еркін жеткізе алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу» - деп атап көрсеткен.

Оқу сапасын, оқушылардың танымдық-шығармашылық белсенділігін, логикалық және абстрактылы ойлауын дамыту мақсаттарында сабақта көрнекі әдістерді пайдалану оның уақыта талабына сай түрлерінің жаңаруымен баса назар аудартады.

Зерттеу нысаны. Ана тілі сабақтарында сабақтарында көрнекі құралдарды қолдану арқылы ынталандыра оқыту үрдісі.

Зерттеу пәні. Ана тілі сабақтарында сабақтарында көрнекі құралдарды қолдану.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Ана тілі сабақтарында сабақтарында көрнекі құралдарды қолдану әдістемесін ұсыну.

Зерттеу міндеттері.

1. Психология, педагогика, әдістеме саласындағы әдебиеттерді талдау.

2. Бастауыш сыныптағы оқыту үрдісінде көрнекіліктің маңызын анықтау.

3. Көрнекілік ұғымын ғылыми негіздеу, оның сабақтағы рөлін анықтау.

4. Ана тілі сабақтарында сабақтарында қолданылатын көрнекі құралдарын түрлеріне сипаттама беру.

5. Сабақтарда оқытудың көрнекілік принципін жүзеге асыру жолдарының тәжірибесін талдау.

Зерттеу болжамы. Ана тілі сабақтарында сабақтарында көрнекі құралдарды қолдану тиімділігі мынадай шарттар орындалған жағдайда артады: сабақта көрнекі құралдар жүйелі қолданылып, оқушылардың жас ерекшелігіне, материал мазмұнына сәйкес іріктелініп алынса, олардың байқампаздығы, пәнге деген қызығушылығы, абстрактылы ойлауы дамиды. Уақыт талабына сай көрнекі құралдар (аудио, визуальдық, компьютерлік және электрондық оқу құралы т. б. ) оқушылардың өзіндік әрекеттері мен шығармашылық белсенділігін қамтамасыз етеді, логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге мүмкіндік ашады.

Зерттеудің жетекші идеясы. Бастауыш сыныпта оқыту үрдісінде интерактивті әдіспен оқыту оқушылардың танымдық-шығармашылық ізденістерін дамытады. Мультимедиялық тақта сабақты электронды түрге айналдырып, көрнекті түрде өткізуге мүмкіндік береді. Сабақтың өнімділігі артып, оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді.

Зерттеу әдістері:

- Зерттеу тақырыбы бойынша жазылған ой-пікірлерге, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік ғылыми әдебиеттерге, мемлекеттік құжаттарға, оқулықтарға теориялық талдау жасау әдісі; олардағы зерттеу мәселесіне қатысты негізгі ұғымдар, көрнекілік ұғымының мәні, мазмұны, түрлері, оқыту әдістері мен талаптары контент-анализ (материалдардың мазмұнын талдау) әдісін қолдану арқылы анықталды;

- әлеуметтік-педагогикалық әдіс (озат мұғалім тәжірибесін зерттеу) ; эксперимент әдісі (анықтау, оқыту, бақылау) ; оқушы әрекетін талдау (салыстыру, жіктеу) .

Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ КӨРНЕКІЛІК ПРИНЦИПІНІҢ ТАЛАПТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Педагогика тарихында оқыту принципінің зерттелуі жайлы

И. Т. Огородниковтың пікірі бойынша: Әдістерді классификациялауда түрлі әдістерді қолдану барысында білім көзінің берілуі мен оның қабылдануындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекетінің бірлескен жүйедегі қарым-қатынастық жағдайын көре алатындай болса деген. Оларға: сөздік оқыту әдісі (мұғалімнің білім беру мен ауызша мазмұндауы, әңгіме), кітаппен жұмыс әдісі (оқыту процесіндегі кітаптің орны мен ролі, жаңа білімді игеруде, білімді бекітуде, қайталап қорытындылауда, сонымен қатар кітаптағы негізгі тараулар мен бөліктерін қайталауда, негізгі тараулардан конспекті жасауда, өтілген негізгі материалдардың сұрақтарына жауап даярлау, ерекшеліктерін салыстыру, таблица, схема, рефераттармен баяндама өздігінен даярлау) ; эксперименталды сабақ және бақылау әдісі (оқушылардың табиғи құбылысты бақылауы, лабораторияда, мектеп учаскілерінде, экскурсияларда, іс - тәжірибені демонстрациялау, мұғалімнің білімді ауызша баяндауы, лабараториялық сабақ, іс-тәжирбиелік жұмыс) ; жаттығу әдісі; графикалық және жазба жұмыстарын жүргізу әдісі, бағдарламалап оқыту (бағдарламалап оқыту негізгі, талпынысы оқытушылардың өзіндік талпыныста білімді игеруі және білім, білік, дағдыны оқушылардың игеруі, бағдарламалап оқытудың мәні мен ролін көрсету, білім мазмұнын бағдарламалау, оқушылардың өзіндік жұмысын бағдарламалау, ғылымның негізгі көзін ақпараттау, бағдарламалап оқытудың кері байланысы, бағдарламалап оқытудың басқа формалалар мен әдістік оқыту байланысы) ; оқушылардың білімін бағалау және тексеру әдісі (мақсат пен білімді бағалау және тексеру түрлері, білімді бағалау және тексеру принципі, білімді бағалау және тексеру әдістемесі, бағдарламалап оқытудағы білімді бағалау және тексеру; емтихан, оқушылардың білімін бағалау жүйесі) . Мақсатты бағытта танымдылық іс-әрекетіне байланысты, негізгі білім көзінің байланысы, оқушылардың танымдылық деңгей белсенділігі, бірлескен оқыту формасы, нақты және жалпылама білім беру жолдары әр түрлі оқыту әдістерінің классификациясында қолданады. Олар М. А. Данилов, М. Н. Скаткин, И. Я. Лернер, М. И. Махмутов, Н. А. Сорокин, Н. Ф. Талызына, В. Ф. Паламарчук т. б. ғалымдардың еңбегінде берілген. Бұнда Совет үкіметтінің құрылу кезеңдерінде және жалпы білім беретін мектептерде даму процесімен айналысқан және дидактикалық жүйені жетілдіру мен айналысқандықтары туралы мәліметтер берілген. Дегенмен қандайда болмасын оқыту әдісінің классификациясы өзінің жетістіктері мен қоса кемшілік жақтарынан да көрініс береді. Әдістерді белсенді және белсенді емес деп бөліп қарауға болмайды. Оқыту әдісіне нейтралды қарауға болады. Бәрі де мұғалімнің танымдық оқу іс-әрекетінің оқыту әдістерін қолданылып, іске асыру даярлығына байланысты. Білікті мұғалімнің қолданылған оқыту әдісі "белсенді" болады, ал біліксіз мұғалімнің қолында "белсенсіз" болуы мүмкін.

Сонымен қатар, оқыту әдістері мектептегі танымдылық оқу іс-әрекеті практикасында түрлі когнитивтік функция атқарады, сондай-ақ білім материалын игеруде, оны бекітуде, білім, білік және дағдысын жетілдіруде, жеке тұлғаны дамытуға бағыттау, жаңа қоғамның қалыптасуы барысындағы және болашақ әлеуметтік кәсиби іс-әрекет жағдайына оларды даярлау.

Оқыту әдісінің мәндік ерекшелігі оның ішкі мазмұнында, көп образдық біліктіліктің негізінде көрініп, өзара байланысты және танымдық оқу іс-әрекетін іске асыру жолында жағдайда қарама-қайшылықта көрініс беруі мүмкін. Түрлі оқыту әдістерінің мазмұнын талдауда оқушыларға білім беру анықтамасын нақтылап алу керек.

Практикада мектептің танымдық оқу іс-әрекетін "білім беру" оқыту процесінің негізгі бөлігін құрап, оқушылардың жеке дара психологиялық жағдайда пәндік-оқу ақпаратын сапада игеруін қарастырады, оны есте сақтау, айту және шығармашылықта игеру, түрлі формада мұғалімнің танымдылық оқу іс-әрекетін ұйымдастыру мен бақылау іске асырады.

Оқушылардың жеке дара психологиялық қабілеттіліктерінде барлық пәндерді жоғары сапада игеру күрделі мазмұнды және танымдық оқу іс-әрекетті формадағы жалпы және арнайы пәндерге сүйеніп сапалы игеру жағдайларын байқау. Оқу-танымдық процестеріне зейініне, ойлауына, қиялдауына, есіне, тіліне сонымен қатар оқу мотивінің ерекшелігіне, өзінің эмоционалды жағдайына, оқушылар арасында және мектептегі әлеуметтік-білім беру процесінің мазмұны мен ұйымдастыру формасына көзқарасына байланысты. Оқу материалдарын сапалы игерту мұғалімнің жеке басы мен оқушымен қарым-қатынасына, сонымен қатар эрудициясына, кәсіпке қызығушылығына, педогогикалық тактикасына, оқушылар мен жеке дара қарым-қатынасына, өзін қоршаған құбылыс және пәннің мазмұнын оқу танымдық іс-әрекетке қызығушылық пен жас ерекшеліктерінің игеру деңгейіне байланысты.

Оқушыларды қажеттілікте - оқу күшін жұмылдырып танымдық материалдарды түрлі мазмұнда сапалы игеруі және теориялық-танымдылық пен практикалық оқудың маңыздылығына, тереңдігіне, тұрақтылығына байланысты қиындықтарды жеңу мақсатындағы оқыту әдістемесінің мазмұны спецификалық интеллектуалды құрал болып табылады.

1. 2 Бастауыш мектептің оқыту процесінде көрнекілік принципін тиімді қолданудың шарттары

Көрнекі әдістерді пайдалану барысында акпараттық материалды игеру оқу процесінде көрнекі құралдар сүлбе (схема), кесте, сурет, модельдер, приборлар, техникалык құралдарды тікелей қолдануға тәуелді. Бұлардың бәрі оқушының сезім тетіктеріне ықпал жасауға негізделіп, сөздік және практикалык әдістермен бірге пайдаланылады.

Көрнекілік оқушыларға заттардың өзін немесе олардың бейнесін тікелей көріп байқауға мүмкіндік береді.

Көрнекі оқыту методы өтетін материалды оқушылардың көзімен көріп, нақтылы түсінулеріне мүмкіндік береді. Мысалы, адам анатомиясы, физиологиясы, гигиенасы пәнінен адам скелеті көрсетіліп, осы сүйектің құрылысы мен химиялық құрамы және буындардың құрылысы мен маңызы, атқаратын қызметі оқушыларға түсіндіріледі. Ботаника сабағында «Өсімдіктердің органдары» тақырыбы бойынша көрнекілік ретінде гербарийлеп мен коллекциялар көрсетіледі. Әдебиет пәнінен картиналар сериясы, тарих пен география сабақтарында географиялық және таризи карталар, картограммалар, диаграмммалар, схемалар, таблицалар, диапозитивтер пайдаланылады. Физика мен химия пәндері кезінде жасалатын эксперименттік тәжірибелері де көрнекілік оқыту методы деп атауға болады.

Фильм көрсеті. Оқу фильмдері оқыту методы ретінде қолданылады. Программалық материалды оқу фильмдері арқылы баяндауды кино сабақтар немесе экрандап оқыту методы деп те айтады. Фильмдер әдебиет, ана тілі пәндерінен көбірек қолданылады.

Фильмдер сабақ кезінде иүрлі дидактикалық мақсатта да пайдаланылады. Оны оқушылардың ынтасын арттыру мақсатымен материалды меңгерт удің алдында көрсетуге де болады. Ара тұра оқушы білуге тиісті тақырыптардың кіріспесі ретінде оқу фильмдерінің мазмұны түсіндіріледі. Кей кезде фильм материалды өткеннен кейін көрсетіледі. Себебі ол өткен сабақты тереңірек ұғынып, пысықтау мақсатында да қолданылады.

Фильмерді материалды түсіндіру үстінде көрсету- педагогикалық тәжірибелерде көбірек тараған әдістің бірі.

Сабақ үстінде материалды біртіндеп түсіндіре отырып, осы тақырыпқа байланысты фильмдерден үзінділер көрсетуге де болады. Сабақ біткеннен кейін, мұғалім көрсетілген фильм туралы оқушылармен әңгіме жүргізіп, өткен тақырыпты тұтастай пысықтап қорытады. Оқу фильмдері сабақ тақырыбының мазмұнын кеңейтіп, оны толықтыра түседі.

Киноны оқушылардың өздігінен меңгеретін жұмыстарына байланысты да пайдалнуға болады. Бұл үшін алдымен мектеп жанындағы кино үйірмесі арқылы кино аппараттар мен жұмыс істей білуге тиіс.

Телевидение. Телевидение да техникалық оқу құралдарының бірі болып есептеледі. Оқыту әдісі бойынша телевидение дыбысты- экрандық көрнекі құралдардың қатарына жатады. Сондықтан оқыту құралы ретінде мұның да ролі зор. Телевидение арқылы ғылым, техника және өнер саласынан көрнекті мамандардың сөздерін пайдалануға болады.

Радио. Дыбысты техникалық құралдардың бірі- радио. Елімізге радио хабарлары оқыту әдісінің бір түріне жатады. Көптеген мектептерде, оқыту мақсатына байланысты ұйымдастырылған өздерінің радио торабы бар. Жаңа салынатын мектептердің жобасы бойынша арнайы радио кабинеттері жабдықталады. Радио арқылы ғылымның әр саласынан мамандардың сөздері беріледі және деге шынықтыру ән мен музыка сабақтары жиі хабарланады. Кей мектептерде радио сабақтары әсіресе шет тілдерден өте табысты өтуде. Радио хабары арқылы шет тілі сабақтарынан оқушылардың тілін дамытуға және мәнерлеп оқуға үйретуге болады. Радио арқылы оқушылар үшін әдебиет сабағына арнап музыкалық иллюстрацияларды хабарлайды.

Магнитофон жазбалары. Ана тілі сабақтарынан жыбысты техникалық құралдар ретінде магнитофон жазбалары пайдаланылады. Оларға жазылған сабақтарды қайталап тыңдау арқылы оқушылар ана және орыс тілдерінде қатесіз сөйлей білуге дағдыланады.

Магнитофон жазбалары әдебиет пен музыка сабақтарынан да өте бағалы құралдардың бірі болып саналады.

Экскурсиялық оқыту . Экскурсия- exsursio деген латын сөзінен алынған, серуен жасау деген мағына береді.

Экскурсия өзінің мазмұны жөнінен үш түрлі дидактикалық мақсатпен ұйымдастырылады: жаллпы білім беру, өлке тану, тәрбиелеу.

Экскурсия сабағының барысында өтетін тақырып әңгіме методы мен көрнекі оқыту методының ұласуы арқылы түсіндіріледі. Олай дейтін сабебіміз: экскрсия кезінде әңгіме, лекция методтары қолданылады да, экспонаттап көрнекілік ретінде көрсетіледі. Демек, экскурсия методы әңгіме әдісі мен көрнекі оқыту әдістерінің комбинациясы деуге болады. Мұнда ауызша түсіндіру мен көрнекілік әдістері теңбе- тең жүріп отырады.

Экскурсия кезінде оқушылар көптеген материалдар жинайды, суреттер салады. Сөйтіп, оқушылар сабақ мазмұнын шешуге өздері тікелей қатысады. Бұл жөнінен экскурсия практиакалық оқыту әдісімен тығыз байланысты.

2 Ана тілі сабақтарында сабақтарында оқытудың көрнекіліктерді қолдану әдістемесі

2. 1 Демонстрация

Оқытуда нақты білім алу көрнекілікке, сезінуге, бақылау әрекетіне негізделеді.

Көрнекілікті қолдану бала психологиясының ерекшеліктеріне, әсіресе образдық ойлауға байланысты болады.

Көрнекілік әдістер оқу материалын оқушылардың көзімен көріп, нақтылы түсінулеріне мүмкіндік береді

Бұған демонстрация, иллюстрация және бақылау тәсілдері жатады.

Демонстрация (көрсету) оқушыларды құбылыстар, процестер және заттардың нысанасымен табиғи жағдайда таныстыру барысында қолданылады. Әдістің бұл түрі оқылып отырған құбылыстың қозғалысын анықтау, заттың ішкі құрылысы және сыртқы көрінісімен немесе бірыңғай заттардың орналасу жағдайымен таныстыруды көздейді.

Табиғи нысананы көрсету негізінен сыртқы көрінісінен басталады (көлемі, түсі, формасы, өзара байланысы т. б) . Келесі кезекте оның ішкі құрылысы немесе жекелеген құрамы бөлініп көрсетіледі. Заттың үлгісі және көркем туындылар оқушылар тарапынан біртұтастық жағдайында қабылданады.

Демонстрациялау көбінесе оқушылардың практикалық оқу әрекетімен ұштаса жүргізіледі. Приборлар мен нысандарды демонстрациялау нәтижесінің табысты болуы бірнеше жағдайға байланысты болады:

- көрсетіліп отырған нысана барлық оқушыларға жақсы көрінуі тиіс;

- оқу материалын түсіндіру кезінде көрсету жұмыстары жүргізіліп, соңынан нысана алынып тасталуы керек. Оны оқушыларға алдын ала көрсетуге болмайды;

- көрнекі құралдарды бақылау барысында әрбір оқушы мұғалімнің нұсқауы бойынша жұмыс істеуі тиіс;

- көрсету кезінде мұғалімнің ауызша баяндауы оқушылардың бақылауын дамытуға және көркем сөйлеуін орнықтыруға ықпал етуі тиіс;

- оқушыларды бақылау жұмыстары нәтижесіне қорытынды жасай білуге дағдыландыру т. б.

Оқытуды бұлай ұйымдастыру оқушылардың оқу материалын жеңіл әрі терең ұғынуына мүмкіндік туғызады, олардың ойлау әрекетін жандандырып, қосымша ақпараттар береді.

Оқушылардың құбылыстарды, процестерді және нысандарды өздері белсенділік танытып оқып үйренсе, шын мәнісінде бұл әдіс нәтижелі болмақ. Олар тарапынан мұндай қарым-қатынас оқытуда проблемалық және ізденушілік жағдайға итермелейді.

Сабақ барысында оқытудың демонстрациялау әдістерінен қолдануда оқу киносы, диапозитив, диафильм, магнитофон, радио, үнтаспа, киноскоп, эпидиоскоп, теледидар, видеофильм секілді техника құралдары көптеп пайданылады.

Заттар мен құбылыстарды, кейбір жағдайда қажеттігіне сай табиғи ортада көрсетуге болады (Мысалы, табиғат, оның құбылыстары, жан-жануарлар, өсімдіктер, ауылшаруашылығы техникалары, өндіріс құралдары т. б. ) .

Демонстрация оқушылардың сезіміне көрнекілікті құбылыстарды, процесстерді, объектілерді олардың сапасына әсер етеді. Берілген әдіспен игерілетін құбылыстың динамикасын ашып көрсетуде, заттарды сыртқы пішінімен таныстырғанда кеңінен қолданылады және бір түрлі заттардың ішкі құрылысы немесе орналасқан әсерін қарастырады.

Берілген әдіс оқушылардың заттарды, құбылыстар мен процестерді, керекті өлшемдер жасап, өзара байланысын, танымдық белсенді іске асырып заттардың құбылысы мен мәнін сапа анықтайды.

Нақты жағдайда заттарды, құбылыстарды түсіндіруде демонстрациялау дидактикалық тұрғыдан құнды болып табылады. Егер де бұндай демонстрация өткізуге мүмкіндік болмаса, онда натуралды заттарды көлемді моделдеу танып білуде негізгі роль атқарады. Олар заттардың құрылысын көру арқылы қол құрылысы, двигательдің ішкі күйі, геометриялық фигуралардың өлшемдері, жергілікті жердің рельефі т. б. игеруге көмектеседі. Көптеген жаңа модельдер заттардың технологиялық және техникалық ерекшелігін анықтап түсінуді қамтамасыз етеді.

Демонстрация әдіс сапасын көтеру үшін, объектіні дұрыс таңдап алып, демонстрацияланатын заттың, құбылыстың мәнді жақтарына оқушылардың көңілін аударуға, сонымен қатар түрлі әдістерді педагогтың біліктілігіне қарай пайдалана білуінде.

2. 2 Иллюстрация

Иллюстрация - демонстрация әдісімен тығыз байланыста болады. Бұл әдісті иллюстративті құралдарды (плакаттар, картиналар, суреттер, чертеждер, портреттер, картограммалар, модельдер) көрсетуде қолданады.

Иллюстрация әдісінің нәтижелі болуы, негізінен оның қолдану тәсілдерін мұғалімнің қаншалықты меңгергеніне байланысты болып келеді. Соның негізінде оқушылар мен мұғалімге оқу материалын табысты меңгеруге айтарлықтай көмек бере отыра, ғылыми ұғымдарды жеңіл меңгеруіге септігін тигізеді.

Мектеп тәжірибесі көрсеткендей сабақта иллюстрациялы материалдарын көптеп қолдану, оқушылардың назарын нақтылы оқу материалынан ауытқуына әкеп соғады. Сондықтан, көрнекі құралдарды пайдаланудың дидактикалық қолданысын және таным процесінде олардың рөлін алдын-ала жақсылап ойластырып алу қажет. Бұған қосымша мұғалімдер көрнекі құралдардың тиімді көлемін де анықтауы қажет.

Иллюстрация. Демонстрация әдісі иллюстрация әдісімен тығыз байланысты; заттарды көрсетіп және қабылдау, плакаттардың көмегімен символдар түрінде, олардың процестегі және құбылыстарын, карта, портреттер, фотографиялар, суретттер, схемалар, репродукциялар, жалпы модельдер және т. б. екеуі де кеңінен қолданады. Көрнекілік іс-тәжірибеде кеңейіп, небір жаңа құралдарды өмірге келтіріп жатыр. Түрлі бояулы пластикалық қапталған тарихтан карталар, альбомдар, атластар т. б.

Жалпы модельдер арқылы құбылыстар мен процестердің динамикалық және статистикалық ақ түсті және түрлі түсті мәнін ашып көрсетеді. Олар анықтамаларды түсіндіру процесін жеңілдетеді.

Географиялық карта, диаграмма, графиктер, таблициялар білімді тез сапалы игеруге көмектеседі.

Иллюстрация әдісін қолдана отырып, оның көрсетілу әдісіне де көп мән беру керек. Көрнекті құралдың дидактикалық ерекшелігін, оның танымдық процестегі ролі мен орнын ойластырып алу керек. Мұғалімнің алдына қойылған мәселесі иллюстрациялық материалдық оптималды көлемін анықтап алу. Иллюстрация алдын-ала дайындалады. Берілетін (фотография, диаграммалар, таблицалар) мақсатты қолданады.

2. 3 Бақылау әдісі

Қазіргі мектептерде иллюстрацияны пайдалану үшін экранды техникалық құралдар кеңінен қолданылады.

Бұл әдістердің ішінде ең басты рөл атқаратыны - бақылау әдісі . Ол барлық оқу пәндерін оқытуда кеңінен қолданылады.

Бақылау әдісі сабақта нақты заттар мен көрнекі және техника құралдарын көрсету кезінде, экскурсияда, лабораториялық жұмыстарда, еңбек операцияларын орындау барысында ерекше орын алады. Бақылау мұғалімнің басшылығымен сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта мұғалімнің тапсырмасына байланысты немесе оқушылардың өздерінің қалауы бойынша кеңінен іске асырылады. Дұрыс қолданған бақылау әдісі оқушылардың байқағыштық, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады.

Бақылау әдістерін қолданудың тиімділігі мынандай тәсілдерді қолдана білуге байланысты:

- байқаудың мақсатын анықтау;

- қабылдайтын нәрселердің мөлшерін белгілеу, салыстыру арқылы олардың көптеген белгілерінің ішінен ең негізгі, бастыларын ажырату;

-оларды топтастырып, қорытындылар мен тұжырымдар жасау.

Байқайтын нәрселердің, бейнелердің ерекшеліктеріне байланысты бақылау әдісінің негізгі түрлері:

- демонстрациялық бақылау;

- экскурсиялық бақылау;

- лабораториялық бақылау;

- техникалық бақылау;

- оқушылардың өздігінен дербес бақылауы.

Оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың күшті құралы - бақылау. К. Д. Ушинский "Бақылау-логикалық ойлаудың негізі", - деп жай айтпаған. Ұлы педагог логикалық ойлауға үйрену үшін, ең алдымен, балаларды жан-жақты бақылауға үйрету керектігін де ескертеді.

Бақылау өткізудің негізгі әдістемелік талаптары:

1. Мұғалім оқушыларды белгілі нәрсені жан-жақты бақылауға, оның неғұрлым көп және әртүрлі қасиеттерін, ерекшеліктерін, мүмкіндігінше, көру, есту, дәм, иіс т. б. сезім мүшелерін қатыстыру арқылы зерттеуге бағыт беруінің маңызы зор. Бақылау тек көру т. б. сезім мүшелерінің жұмысымен ғана емес, ол адамның ойлау әрекетімен тығыз байланысты болуы керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниетану сабақтарында көрнекіліктерді пайдалану әдіснамасы
Көрнекі құралдар
Математикадан көрнекі құралдардың жіктелуі
ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫН ЗАМАНАУИ КӨРНЕКІЛІКТЕР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ
Оқытуда көрнекіліктің маңыздылығы
Қазақ тілі сабағында қолданылатын көрнекіліктер мен техникалық құралдар
Математика сабағында көрнекі және АКТ құралдары қолдану
Бастауыш мектепте математиканы оқытуда көрнекіліктің ролі
Көрнекі құралдар түрлері
Көрнекі құралдарды көрсету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz