Алдын ала тергеу жүргізуге уәкілетті органдар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Алдын ала тергеудің түрлері.
2.2. Істі тергеу ұғымы
2.3. Алдын ала тергеу жүргізуге уәкілетті органдар.
2.4. Тергеудің жалпы ережелері
ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланған әдебиеттер мен нормалар.

КІРІСПЕ.

Алдын ала тергеуді ішкі істер органдарының, Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің, салық полициясы органдарының тергеушілері жүргізеді. Қылмыстық
істер бойынша анықтама жүргізетін органдар да заңда көрсетілген. Олар:
ішкі істер органдары, Ұлттық қауіпсіздік органдары, салық полициясы
органдары, кеден органдары, әскери полиция органдары, әділет органдары,
шекара бөлімдерінің командирлері. Анықтама органдарының жүргізуіне жататын
қылмыстар бойынша анықтау қызметін атқаратын лауазымды адам анықтаушы деп
аталады. Алдын ала тергеу және анықтама қызметі тергеу әрекеттерін (оқиға
болған жерді қарау, жауап алу, тінту, зат алу) қолдану арқылы жүргізіледі.
Анықтама органдары тергеу әрекеттерімен қатар жедел-іздестіру шараларын да
қолданып қылмыстарды ашады. Алдын ала тергеу сатысы бұл әр қылмыстық істі
тез және толық ашып, айыпты адамды қылмыстық жауапқа тарту мақсатында
қолданылатын және заңмен реттелген тергеуші мен анықтау органдарының қызмет
жүйесі болып табылады. Қылмыстық істерді тергеу екі түрде жүзеге асырылады:
1). Анықтау; 2). Алдын ала тергеу. Заңға сәйкес қылмыстардың басым
көпшілігі бойынша алдын ала тергеу жүргізіледі. Сондықтан алдын ала тергеу
– қылмыстық істерді тергеудің негізгі түрі болып саналады. Ал заңда
көрсетілген ауыр емес қылмыстар бойынша алдын ала тергеу жүргізу міндетті
емес және оның орнына анықтама жүргізіледі. Осындай амалдардың нәтижесінде
қылмыс істеген адам анықталса, ол адам айыпталушы ретінде жауапқа тартылуы
тиіс және алдын ала тергеу немесе анықтама жүргізудің барысында
айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету қажет.
Алдын ала тергеу жүргізу айыпталушы ретінде жауапқа тартумен
аяқталмайды. Бұдан әрі қарай істелген қылмыстың мән - жайын толық және жан-
жақты ашып зерттеу тергеу органдарының міндетіне жатады. Ал жалпы ережеге
сәйкес алдын ала тергеу жүргізуді аяқтаудың екі нысаны болады: 1). Істі
қысқарту; 2). Айыптау қорытындысын жазу және қылмыстық істі онымен қосып
прокурорға жіберу. Қылмыстық істің мән-жайлары толық ашылып, қылмыс істеген
адам әшкереленген болса, онда алдын ала тергеу айыптау қорытындысын жазумен
аяқталады. Одан соң заңдылықтың сақталуын қадағалаушы тиісті прокурор алдын
ала тергеудің барлық материалдарымен танысып, айыптау қорытындысының
тұжырымдарымен келісетін болса, онда прокурор айыпталушыны сотқа беру
туралы қаулы жазып, қылмыстық істі негізінен шешу үшін бірінші сатының
тиесілі сотына жібереді.
Алдын ала тергеудің жалпы шарттары Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 24
тарауының ережелерімен реттеледі және қылмыстық сот ісін жүргізудің дербес
сатысы-алдын ала тергеу сатысының мазмұнын анықтайтын қызметті реттеу болып
табылады.
Алдын ала тергеу – қылмыстық процестің кезеңдік сатысы. Оның барысында
істің дұрыс шешімін табу үшін маңызды барлық мән - жайлар бойынша тергеуші
дәлелдемелер жинап тексереді. Алдын ала тергеу қылмыстық іс қозғалғаннан
соң, басталады да, айыптау қорытындысын прокурорға жолдаған немесе
қылмыстық істі доғарған кезде аяқталады. Анықтау – жүргізілген істер
бойынша алдын ала тергеу аяқталған соң, басталады. Алдын ала тергеуді бір
немесе бірнеше тергеуші жүргізеді. Оның заңға сәйкестілігін прокурор
қадағалайды.
Алдын ала тергеудің жалпы шарттарында қарастырылатын сатыда туындайтын
құқық қатынастарының мынадай жақтарын реттеу жатады:
а). Тергеушілері қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу жүргізуге құқылы
қылмыстық ізге түсу органдары: Ұлттық қауіпсіздік органдары, Ішкі істер
органдары, салық полициясы органдары тізбесін қатаң белгілеу;
ә). Қылмыстық ізге түсу жеке тәртіппен жүзеге асырылатын істерді, сондай-ақ
алдын ала тергеу ісін жүргізу міндетті болып табылмайтын істерді
қоспағанда, барлық қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу ісін жүргізудің
міндеттлігі;
б). Қылмыстық іс жүргізу Кодексінде белгіленген тергелу ретін сақтау;
в). алдын ала тергеу жүргізу барысында іс жүргізу және ведомстволық бақылау
жасау;
г). Алдын ала тергеу жүргізілетін жер;
д). Алдын ала тергеу жүргізудің басталуы мен аяқталуы;
е). Алдын ала тергеу жүргізудің ұйымдық нысандары;
ж). Анықтау органдарының алдын ала тергеу жүргізу процесіндегі қызметі;
з). Тергеу іс әрекеттерін жүргізудің жалпы ережелері және олардың
хаттамасы;
и). Алдын ала тергеу жүргізудің құпиясы.
Алдын ала тергеу ісін жүргізу сатысы – қылмыстық іс қозғау сатысының
қисынды жалғасы болдып табылады және істің мәнін түбегейлі қарау және шешу
жөніндегі сот қызметінің алдында жүргізіледі сондай - ақ алдын ала тергеу
ісін жүргізбейінше істі сотта қарауға болмайды.
Алдын ала тергеу жүргізудің жалпы шарттарының маңызы мынада:
- оларда сотқа дейінгі қызметтің бүкіл кезеңі бойында күшінде болатын іс
жүргізу ережелері бар, олар алдын ала тергеу сатысында жүргізілетін барлық
іс әрекеттерге қолданылады;
- белгіленген ережелердің бұзылуы іс бойынша қылмыстық сот ісін
жүргізудің нақты барысына теріс әсер ете алатынәртүрлі құқықтық зардаптар
туғызуы мүмкін;
- алдын ала тергеу сатысының іс жүргізу шекараларын анықтайды;
- жалпы шарттар ретінде көзделген ережелерді сақтау, сотта істі дұрыс
шешудің негізі болып табылады.
Алдын ала тергеу сатысының маңыздылығы мынадай негізгі міндеттерден
толық байқалады:
- қылмыстардың тез әрі толық ашылуы;
- қылмыс жасаудың мән-жайларын анықтау, айғақтарды іс жүргізу барысында
баянды ету;
- қылмыстан шеккен зиянның орнын толтыруды қамтамасыз ету үшін шаралар
қабылдау;
- қылмыс жасауға итермелеген себептер мен жағдайларды анықтау, оларды жою
жөнінде заңда көрсетілген шараларды қабылдау.

1. Мемлекет және құқық негіздері. Е.Баянов. Алматы Жеті жарғы 2000 жыл.
2. Қ.Р. Ұлттық энциклопедиясы. Алматы 2001 жыл
2.1. АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУДІҢ ТҮРЛЕРІ.
Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 7 бабының 15 тармағына сәйкес анықтау
- бұл анықтау органдарының Қылмыстық іс жүргізу Кодексімен белгіленген
өкілеттік шегінде істің мән жайының жиынтығын анықтау, белгілеу, тиянақтау
және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа
дейінгі қызметінің іс жүргізу нысаны.
Жоғарыда келтірілген түсініктемелерді талдау, анықтау және алдын ала
тергеу – бұл қылмыстық іс қозғау мен істі сотқа жіберу аралығында жүзеге
асырылатын белгілі бір қызметтің әр түрлі нысандарының мәні, олар уәкілетті
органдардың құзіретінің көлеміне қарай ерекшеленеді.
Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 7 бабының 28 тармағына сәйкес
қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу - бұл қылмыстық іс
қозғалған кезден бастап, оны мәні бойынша қарау үшін сотқа жолдағанға дейін
қылмыстық іс бойынша іс жүргізу, сондай – ақ қылмыстық іс бойынша жеке
айыптаушы мен қорғау тарабының материалдар дайындауы.
Барлық қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу жүргізудің міндеттіліг
– алдын ала тергеп тексеру сатыларының жалпы шарттарының бірі. Жасалған
қылмыстық іс әрекеттердің қоғамға қауіптілік дәрежесінің әр түрлі
болатынын, қылмыс субъектісінің ерекшеліктерін, қылмыстық ізге түсу
органдарының уәкілеттіктері көлеміндегі айырмашылықтарды ескере отырып,
заң шығарушы сотқа дейінгі қызметтің екі нысанын көздеген:
1). Алдын ала тергеу;
2). Анықтау.
Алдын ала іздестіру – мынадай түрлерде жүзеге асырылады:
1). Өзінің лауазымына қарай тек тергеушілер ғана жүргізетін алдын ала
тергеу.
Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 64 бабының 1 бөліміне сәйкес лауазымды
адамдар болып табылатын тергеушілерге мыналар жатады: ішкі істер
органдарының тергеушілері, ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеушілері,
салық полициясы органдарының тергеушілері;
2). Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 288 бабының 3 бөлігінде көзделген
жағдайларда анықтау органы жүргізетін алдын ала тергеу. Бұл анықтау органы
сотқа дейінгі қызметіне алдын ала тергеу жүргізу міндетті болып табылмайтын
істер бойынша алдын ала тергеп тексеру нысанында жүзеге асыратынын
білдіреді. Мұндай жағдайларда алдын ала тергеу мынадай анықтау органдары
арқылы жүзеге асырылады: ішкі істер органдары, салық полициясы органдары,
кеден органдары, әскери полициясы органдары, әділет органдары, шекара
қызмет органдары, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, ұлттық
қауіпсіздік органдары.
Сотқа дейінгі іс жүргізуді дербес нысана ретінде анықтау да екі түрге
бөлінеді:
1). Алдын ала тергеу жүргізу міндетті болып табылатын істер бойынша
анықтау. Бұл анықтау органы осындай істер санаты бойынша қылмыстық іс
қозғауға және қылмыстың іздерін анықтап, тиянақтау жөнінде кезек
күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізуге құқылы дегенді білдіреді. Істі
тергеушіге берген соң, анықтау органы тек тергеушінің тапсыруымен тергеу іс
әрекеттерін және жедел іздестіру шараларын жүргізеді.
2). Алдын ала тергеу міндетті болып табылмайтын істер бойынша анықтау.
Анықтау сотқа дейінгі іс жүргізудің бірден бір мүмкін болатын нысаны
жағдайында көрінетін қылмыс жасады деген сезікті адамды дәлелдеу міндетті
шарты болып табылады.

1. Мемлекет және құқық негіздері. Е.Баянов. Алматы Жеті жарғы 2001 жыл.

2.2. ІСТІ ТЕРГЕУ ҰҒЫМЫ

Энциклопедиялық тұрғыдан алғанда, істің тергеуге жатуын нысаналы
белгісі жасаған қылмыстың сипатымен анықталады, бұл оның саралануынан
байқалады. Осы белгілер бойынша алдын ала тергеудің қандай істер бойынша
міндетті болатыны іс бойынша тергеуді қандай алдын ала тергеу органы
жүргізуге тиіс екені анықталады.
Ал әртүрлі қылмыстық ізге түсу органдары өкілеттіктері көлемі жөнінде
бір біріне өзгеше болатындықтан, істің тергеуге жатуы туралы ереженің
бұзылуы да қылмыстық процеске тартылған адамдардың құқықтары мен заңды
мүдделеріне нұқсан келітерді. Істің тергеуге жатуын саралауға мүмкіндік
беретін нысаналы, аумақтық, дербес және балама белгілерді ажыратады.
Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 33 бабында көзделген жеке айыптау
істеріне келетін болсам, егер қылмыс дәрменсіз немесе тәуелді жағдайда
болған адамдардың немесе басқа себептерге байланысты өзіне тиісті
құқықтарын дербес пайдалана алмайтын адамдардың мүдделерін қозғайтын болса,
онда жәбірленушіден шағым түспеген жағдайда прокурор іс жүргізуді қозғауға
құқылы. Жеке айыптау істеріне және алдын ала тергеу ісін жүргізу міндетті
болып табылмайтын істерге қолданылатын ерекше жағдай істердің басым
көпшілігі бойынша алдын ала тергеу міндетті түрде жүргізілуін көздейді, ал
ерекше істер бойынша заң іс жүргізу нұсқаларын қарастырады. Мәселен,
кәмелетке толмағандар немесе дене яки психикалық кемістіктерге байланысты
өздерінің қорғану құқығын өздері жүзеге асыра алмайтын адамдар жасаған
қылмыстар туралы істер бойынша жасалған қылмыстың сипаты мен ауырлығына
қарамастан алдын ала тергеу ісі міндетті түрде жүргізіледі.
Тектес немесе нысаналы белгі үшін мынадай жағдай тән болады: істің
тергеуге жатуының белігленуіне қарамастан прокурор істі алдын ала тергейтін
бір органнан екніші органға беруге құқылы.
Істің тергеуге жатуының дербес белгісі қылмыс субъектісінің мынадай
ерекшеліктерімен анықталады: адамның жасы, дене және психикалық күйі,
әскери, жауапты мемлекеттік қызметте болуы. Мәселен, нысаналы немесе тектес
белгісіне қарамастан барлық қылмыстар туралы істер Ұлттық қауіпсіздік
комитеті тергеушілерінің жүргізуіне жатады:
- жауапты мемлекеттік лауазым иелерінің немесе әскери қызметшілердің,
анықтау органы немесе алыдн ала тергеу органы қызметкерлерінің,
прокурорлардың, судьялардың қатысуымен ұйымдасқан топ немес қылмыстық
қоғамдастық жасаған қылмыстар;
- есірткі заттардың заңсыз айналымы жөніндегі немесе қоғамдастық
жасаған контрабанда туралы істер бойынша.
Істің тергеуге жатуының аумақтық белгісі Қылмыстық іс жүргізу
Кодексінің 193 бабымен реттеледі. Алдын ала тергеу ісін жүргізетін орынды
анықтау Қазақстанның әкімшілік аумақтық бөлінуіне бағдарланған және алдын
ала тергеудің органы қызмет көрсететін аумақтың қылмыс жасалған аумақпен
сай келуін көздейді.
Қылмыстық процеске көп адам қатысып, тергеуге қызығушылық туғызатын
объектілер аумақ бойынша орналасқан көп оқиғалы қылмыстар тергеушіден
жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізу үшін қызмет көрсететін аумақтан
тысқары шығуды талап ететінін ескеру қажет. Заң мұндай жағдайлар үшін іс
әрекеттің екі нұсқасын көздейді:
1). Іс қозғалып алдын ала тергеу ісі осы қылмыстық ізге түсу органының
жерінде басталған жағдайда тергеуші басқа аудандағы тергеу әрекеттерін жеке
өзі жүргізеді.
2). Тергеу әрекеттерін жүргізуді осы ауданның тергеушісіне немесе
анықтау органына тапсырады.
Тергеушінің тапсырмалары іздестіру әрекеттерін немесе жедел іздестіру
шараларын жүргізуге қолданылуы мүмкін. Тапсырманы орындаудың шекті мерзімі
- он тәуліктен аспауы тиіс. Тапсырма орындалған соң, орындаушы
материалдарды дереу тапсырушыға жіберуге міндетті.
Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 496 бабының 1 бөлігіне сәйкес
Республика Парламентінің депутатына қатысты қылмыстық істі, 497 баптың 1
бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің
Төрағасының немесе мүшесіне қатысты қылмыстық істі анықтау алдын ала
тергеуді жүзеге асырушы мемлекеттік органның басшысы ғана қозғай алады.

.
1. Қ.Р. Қылмыстық іс жүргізу Кодексі. Алматы Жеті жарғы 2005 жыл
2.3. АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ ЖҮРГІЗУГЕ УӘКІЛЕТТІ ОРГАНДАР.
Сотқа дейінгі іс жүргізудің нысандары мен түрлеріне қарай оның әртүрлі
мерзімдері белгіленеді.
Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 196 бабына сәйкес қылмыстық істер
жөніндегі алдын ала тергеу қылмыстық іс қозғалған күннен бастап, 2 ай
мерзімнен кешіктірмей аяқталуға тиіс. Алдын ала тергеу мерзіміне іс
қозғалған күннен бастап, істі айыптау қорытындысымен немесе медициналық
сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені қарау үшін істі сотқа
беру туралы қаулымен бірге прокурорға жіберген күнге дейінгі не іс бойынша
іс жүргізуді қысқарту туралы қаулы шығарылған күнге дейінгі уақыт
енгізіледі. Алдын ала тергеу мерзіміне Қылмыстық іс жүргізу Кодексінде
көзделген негіздер бойынша алдын ала тергеу тоқтатыла тұрған уақыт
айыпталушы мен оның қорғаушысын қылмыстық іс материалдарымен таныстыру
уақыты, сондай-ақ айыпталушының шағымы бойынша талап етілген қылмыстық істі
сотта және прокуратурада жатқан уақыты енгізілмейді.
Алдын ала тергеу мерзімін тек айырықша жағдайларда істің күрделілігі
ескеріле отырып жол беріледі.
Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 282 бабына сәйкес прокурор айыптау
қорытындысымен қоса тергеушіден келіп түскен істі қарайды және ол түскен
кезден бастап 10 тәуліктен аспайтын мерзімде шешім қабылдайды.
Алдын ала тергеу ісін жүргізу үшін 2 айлық мерзім белгілеу шекті әрі
қатаң ереже емес , ол ұзартылуы мүмкін. 196 баптың 1 бөлігінде белгіленген
алдын ала тергеу мерзімін тергеушінің дәлелді қаулысы бойынша бұл мерзімді
ұзартудың мынадай негіздері бар;
- тергеп тексеру ісінің күрделілігі;
- тергеп тексерілетін істің ерекше күрделілігі;
Бірінші негіз бойынша мерзімді аудандық және оған теңестірілген прокурор 3
айға дейін, екінші негіз бойынша облыс прокуроры және оған теңестірілген
прокурорлар мен олардың орынбасарлары 6 айға дейін ұзартады. Ерекше
жағдайларда Бас Прокурор, оның орынбасары, Бас әскери прокурор мерзімді
ұзарта алады. Тергеушінің істің күрделілігін білдіретін мән жайларды
көрсеткен дәлелді қаулысы мерзімді ұзарту үшін негіз болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық іс қозғау құқығы бар органдар мен тұлғалар
Құқық қорғау органдарының қызметі
Қылмыстық істі қозғау
ҚР қылмыстық іс жүргізу заң бойынша қылмыстық қудалау
Қылмыстық іc қозғау
Қылмыстық іс қозғау пәнінен практиқалық (семинарлық) сабақтар
«Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәнінен лекциялар
Қылмыстық іске қатысушы адамдар
Жедел-іздестіру қызметін прокурорлық қадағалау туралы ақпарат
Қылмыстық процеске қатысушылар туралы ұғым
Пәндер