Алгоритмдік тілдердің құрылымы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
1.1. Алгоритм негіздерінің ерекшеліктері
А.Г.Кушниренконың оқулығында алгоритмдік тіл – ЭЕМ –дағы программалау
тілі ретінде берілген және осы мақсатқа сай мектептегі Ямаха, Корвет, УКНЦ
компьютеріне арнайы оқу программалау жүйесі ретінде енгізілді. Ал
В.А.Кайниннің оқулығында “алгоритмдік тіл” алгоритмді жазу құралы ретінде
пайдаланылды. Оның байқау оқу құралындағы псевдакод алгоритмді программалау
тілдеріне аударуды барынша жеңілдету үшін жасалған. Бұл тәсілдің ерекшелігі
тілдер ауысқанымен, ЭЕМ-лар ауысқанымен, оқыту әдістемесінің өзгеріссіз
қалатындығында.
Тәжірибеде мұндай тәсілдің негізінен жоғары математиканың дайындығы
бар студенттер мен оқушылар үшін тиімді екені байқалды. Бұл қағида,
алгоритм мен программадағы қателердің көпшілігі логикалық немесе
математикалық сипатта болатындығымен түсіндіріледі. Дербес ЭЕМ-дер үшін
программалау бастамасын оқытудағы жүйелік тәсіл төмендегідей кезеңдерді
қамтиды: есеп – сценарий – алгоритм – программа – ЭЕМ.
Жүйелік тәсілдердің авторлары В.А.Каймин және т.б.
Бұл тәсіл бойынша алгоритм мен программа құруда дербес ЭЕМ-мен
болатын диалогтың сценариін құру бірінші орындалады. Алгоритм мен программа
құруда құрылымдық программалаудың барлық ережесі мен принципі толық
пайдаланылады. Бұл технологиядағы ең маңызды нәрсе ЭЕМ-да орындалатын
программаның сценариін алдын – ала талқылап, ұғып жазу болып табылады. Бұл
жүйелілік тәсіл машиналық графикасы бар, диалогты ЭЕМ-мен оқытуға арналған.
Осы тәсіл бойынша 10-15 жас аралығында нақты программалау элементтерін
меңгеруге болады деп есептейді. Бұның себебі, оқушылар шығармашылықпен
жұмыс істеп, ЭЕМ-де өзінің құрған суреттерінің нәтижесін, программадағы
қателерін өздері түзей отырып, экраннан көруге мүмкіндігі бар. Бұл әдіс
бойынша алгоритмді жазып, құрып қана қоймайды, программадағы алгоритмдік
қателерді бірден таба алады. Осы құрылған сценарий бойынша алгоритм мен
программа тексіндегі барлық алгоритмдік қателерді табуға болады.
Орта мектепке арналған барлық информатика оқулықтарында мектептік
алгоритмдік тіл (МАТ) берілген.
Информатикаға кіріспеде алгоритмдеуге есептер қарастырылған болатын,
енді оны алгоритмнің жазылу ережесін ескере отырып, компьютердегі
атқарушыға қолдану қажет.
Алгоритмдік тілдердің құрылымы 1-суретте көрсетілген.

1 – сурет. Алгоритмдік тілдердің құрылымы.
Алгоритмдік тіл – алгоритмді бейнелеу әдісі. Ол табиғи немесе жасанды
тіл ретінде беріледі.
Адамдар қатынас жасайтын тіл – табиғи тіл. Табиғи тілге, мысалы, қазақ
тілі, орыс тілі, ағылшын тілі жәнет.б. тілдер жатады. Алгоритмдегі
нұсқаулар мен амалдар анықтай түсу үшін кейде осы тілдерге математикалық
өрнектер қосылады.
Электрондық есептегіш машиналар – алуан түрлі есептерді шешуге
арналған информацияларды өңдеудің жоғары өнімді құралы. Алайда ЭЕМ – бар
болғаны адам құрастырған жарлықтарды тез және дәл орындайтын автомат.
Мұндай жарлықтарды дайындау, яғни есептерді шешудің барлық жолын біле тұра
жобалау – есептегіш машинаны пайдаланумен байланысты әрекетінің ажырамас
бөлігі. Жетілдірілген есептегіш машиналар есептеу программаларының зердесін
сақтайды, сонда адамға тек программаны құрастырып және машина зердесіне
орналастыру ғана қалады, ал барлық қалғанын – тікелей есеп шешуді – машина
автоматты түрде, яғни адамның араласуынсыз жүзеге асырады. Бұл жағдайда
машина программалы есептегіш техникаға айналады да, онда есепті шешу
процесі тікелей программаны құрастыруға байланысты болады. Демек, есептегіш
машинаға арналған программа негізінде берілген есепті шешу алгоритмі, яғни
нәтижеге жеткізуші әрекеттер тізбегінен тұратын дәл жарлықтар құрайды.
Алгоритм - программаға қарағанда өте жалпы ұғым, ал программа берілген
есептегіш машинаға түсінікті тілде жазылған алгоритм. Бұдан программалы
басқарылатын техника көмегімен есептерді шешу процесінің негізгі бөлігі -
осы есепті шешу алгоритмдердің дайындау екендігі көрінеді. Есепті шешу
алгоритмі айқындалғанда, ол еш қиындықсыз программалау тілінде беріледі.
Басқа сөзбен айтқанда, программалы басқарылатын есептегіш машинада есепті
шығарудағы негізгі процесс – алгоритмдеу, яғни алгоритмдік жарлықтарды
белгілі бір ережеге сәйкес құрастырып жазу. Алгоритм құру мәселесі алгоритм
жазуға қандай тілді пайдаланатынымызға байланысты болатындығы бұрын
айтылғандардан көруге болады.
Алгоритмдік тілді меңгеру ІХ сынып информатика курсының маңызды
мәселелерінің бірі болады. Алгоритмдік тіл оқытуда екі негізгі міндет
атқарады. Біріншіден, оны қолдану курста қарастырылатын барлық
алгоритмдерді стандарттауға, оларға ортақ форма беруге мүмкіндік жасайды,
бұл жайт алгоритмдендірілген мәнін түсіну үшін алгоритмдердің қасиеттері
туралы түсініктері қалыптастыру үшін маңызды. Екіншіден, алгоритмдік тілді
оқу программалы тілін оқудың бастамасы болып табылады. Алгоритмдік тілдің
және оны пайдалану ережесінің құрылымдық қарапайымдығы бұл тілді
программалау элементтеріне баулудың бастапқы кезеңінде ойдағыдай қолдануға
мүмкіндік береді. Оның негізгі құрылымдарының ережелері көптеген
программалау тілдерінің негізінен алынған. Сондықтан алгоритмдік тілді
игеру келешекте программалау тілдерін пайдалануға көшкенде жеңілдік
жасайды.
Алгоритмдік тілдің бірқатар әдістемелік артықшылықтары бар екенін атап
өту керек, осы себепті де алгоритмдер мен программалау негіздерін оқуды
программалау тілін емес, дәл осы тілді пайдалана отырып бастаған орынды.
Алгоритмдік тіл ең алдымен табиғи тілге жақын, бұл жайт оқушының осы
тілдің ережелерін тез меңгеруге және келешекте назарын негізінен оқитын
алгоритмдердің мәніне шоғырландыруға мүмкіндік береді. Күрделі алгоритмнің
үлкен бөлімдерін бір команда ретінде жазу және қабылдау мүмкіндігі
алгоритм жазуда оңай бағдарлануды қамтамасыз етеді. Ақырында, әлі де
көптеген мектептер ЭЕМ-мен жабдықталмауы жағдайында, алгоритмдік тіл
адамның орындауына бағдарланған. Алгоритмдерді жазудың ыңғайлы тілі болып
табылады. Оқушы жарлықтарды алгоритмдік тілдің командаларына сәйкес орындай
отырып, алгоритмдердің жекеленген қадамдарын орындау кезінде есепті
тұтастай түсінік жатудың қажеті жоқ екенін, тек команданы команданың
соңынан дәл орындау маңызды екенін, өз бетінше аңғара алады. Бұдан тағы бір
мақсатқа қол жетеді: барлық әрекеттерді автоматтық құрылғыға жүктеуге
болатының түсінікті.
Алгоритм түрліше жолмен мазмұндалады, ол үшін деңгейі әр түрлі
көптеген алгоритмдік тілдер қолданылады. Қай тілді таңдап алу қажеттігі
бірқатар жағдайларға, ең алдымен мазмұндау кім үшін арналғандығына – адам
үшін бе немесе машина үшін бе – соған байланысты.
Алгоритмді жазу үшін қандай да болмасын тілді пайдалану қажет. Жалпы
алғанда тіл белгілі бір информацияны өрнектеу және жеткізу құралы. Бұл
мағынада адамдар арасындағы қатынас тілі (адамзат тілі), математика тілі
адамдар мен автоматтар арасындағы қатынас тілі, т.б. тілдер туралы айтуға
болады. Алгоритмдік тіл бірқатар қатаң талаптарға сай болуы керек:
1. Командалар тұжырымдау кезінде атқарушыға белгілі операциялар
орындалуына ғана талап ету;
2. Командалар тек қана белгілі бір ережеге сай қолдану;
3. Ережеден тыс әрекеттерді пайдаланылған жағдайда атқарушы алгоримтді
түсінбейді де, оны атқарудан бас тартады.
Алгоритм және оның негізгі қасиеттері
   Алгоритм дегеніміз берілген есепті шешуге арналған қатаң анықталған
әрекеттер тізбегі немесе, қысқаша айтқанда, есептің шешу әдісі. Алгоритмнің
негізгі қасиеттеріне тоқталайық.
Алгоритмнің дискреттілігі. Бұл қасиет алгоритм түрінде жазылған есеп шешімі
жеке жҗй командаларға бҳлініп орындалу ретіне қарай орналасқанын көрсетеді.

Алгоритмнің анықтылығын Бўл қасиет алгоритмнің әр командасы орындаушыға
түсінікті болуы және мәнсіз орындалмауы керектігін көрсетеді.
Алгоритмнің нәтижелігі. Бўл қасиет алгоритмнің ақырлы қадам санынан кейін
нәтиже алатынын көрсетеді.
Алгоритмнің жалпылығы. Бўл қасиет есепті шешуге арналған алгоритмнің осы
типтес есептердің барлық мүмкін мәндері үшін орындалатынын көрсетеді.
   Алгоритмді сипаттаудың бірнеше түрлері бар.
Алгоритмді сөз-формула арқылы сипаттау, яғни алгоритмді сөз және формула
көмегімен сипаттау.
Алгоритмнің графикалық сипатталуы, яғни алгоритмі арнайы графикалық
схемалар блок-схемалар көмегімен сипаттау.
Алгоритмді псевдокод арқылы сипаттау. Псевдокод дегеніміз-команда
әрекетінің, яғни алгоритм қадамының нақты программалау тілі операторларын
қолданбай жәй тілмен сипатталуы.
Алгоритмді программалау тілдерінің бірі арқылы жазу (Pascal,basic).

Алгоритмдік тілді анықтауда келесі ұғымдар:
1. Тілде қолдануға болатын символдардың (белгілердің) жиынтығы,
яғни алфавит.
2. Тілдің конструкцияларының: айнымалының, өрнектердің,
командалардың жазылу және алгоритмдік жазудың жалпы
құрылымының ережелері, яғни синтаксис
3. Әр түрлі командалардың қызметі мен орындалу жолы, яғни
семантика берілуі керек.
Табиғи тілдерде бірмәнділік болмағандықтан осы тілдерде жазылған
алгоритмдегі нұсқауладың бірнеше мағынасы болуы мүмкін. Әрине, бұл
орындаушының осындай тілде жазылған алгоритмді орындауын қиындатады, тіпті
ондай алгоритмді орындау мүмкін болмайды. Сондықтан, табиғи тілдердің
байлығына қарамастан, информатикада алгоритмдерді бейнелеу үшін бір мәнді
жасанды тілдерді қолданады. Олар жасанды графикалық тілдер және жасанды
вербальды-сөзді тілдер.

Блок-схема түрінде алгоритмдердің бейнеленуі
Блок-схема тілі алгоритмдегі әр түрлі әрекеттердің хронологиялық
байланысын көрсете алады. Ол үшін бұл тілде түрлі әрекеттерді бейнелейтін
геометриялық фигуралар және әрекеттердің орындалу ретін көрсететін
бағыттама пайдаланылады. Бұлар блок-схема тілінің әліпбиін құрайды, ал
олардың мағынасы алдын ала анықталған келісім бойынша беріледі. Блок-схема
тіліндегі фигуралады жазықтықтың кез-келген бағытында жазуға болады. Ол
алгоритм құрушының өз еркінде. Әдетте қағаздың бір бетіне логикалық толық
әрекеттер тізбегін жазады.
Блок-схема - әрқайсысы қандай да бір іс-әрекеттерді немесе
операцияларды бейнелейтін геометриялық фигуралардың жиынтығын көрсететін
алгоритмнің графикалық интерпретациясы. Символдар қалыпы және алгоритмдерді
құру ережелері мемлекеттік стандартқа сәйкес бекітілген: ГОСТ 19.701-90
Алгоритмдер, программалар, мәліметтер және жүйелер схемалары.
Блок-схема тілінде алгоритмдерді құру ережелері
1. Блок-схема жоғарыдан төмен құрылады.
2. Кез келген блок-схемада алгоритмнің басына сәйкес бір ғана элемент
болу керек және алгоритмнің соңына сәйкес бір элемент болу керек.
3. Блок-схеманың басынан кез келген элементке кем дегенде бір бағыт болу
керек.
4. Блок-схеманың кез келген элементінен блок-схеманың соңына кем дегенде
бір бағыт болу керек.

Қазіргі технологиялық алгоритмдерді жобалаудың негізгі әдістері

1. Құрылымдық жобалау әдісі. Кез келген алгоритм үш құрылымдық
қорлардың комбинациясынан құрылуы мүмкін: сызықтық алгоритм (тізбектік),
тармақталған алгоритм және циклдық алгоритм (қайталау)
2. Жинақсыз жобаланған әдіс. Ең алдымен негізгі функциялар екінші
дәрежелі функциялар ерекшеленеді.
3. Қадам бойынша бөлшектеу әдісі.
4. Модульдік әдіс. Модуль – программаның логикалық байланысты бөлігі.

Блок-схема құрмастан бұрын мына іс-әрекеттерді орындау керек:
1. Кіру және шығу құрамын реттеу, яғни енгізілген мәліметтердің аралық
және шығарған нәтижелердің атауларын анықтау.
2. Негізгі программаға және қосымша алгоритмге атау беру.

Алгоритмдегі басқару құрылымдары
Басқару құрылымдарының алгоритмді құруда маңызы зор. Сондықтан төменде
басқару құрылымдарын әртүрлі алгоритмдік тілдеріндегі бейнелері және
қасиеттері қарастырылады.

Басқару құрылымдарын бейнелеу үшін блок- схема тілі, бұтақ тәрізді тіл
және жасанды тіл қолданылады.

1. Сызықтық басқару құрылымы бірнеше қарапайым әрекеттердің тізбегінен
бір күрделі әрекет құрастыруға болатындығын көрсетеді. Сызықтық алгоритмдер
– блоктар тізбегі, әрқайсысының бір-бірден енгізілуі және шығуы болады,
және программада бір рет орындалады.
2. Тармақталу басқару құрылымы белгілі шарт бойынша әр түрлі
әреттердің бірін орындалуға болатынын көрсетеді. Өз кезегінде тармақталу үш
түрге бөлнеді: қарапайым тамақталу, баламалы тармақталу,көп мәнді
тармақталу.
Қарапайым тармақталу күрделі S әрекеті белгілі В шартына байланысты
берілген S1 әрекетін орындау керек немесе еш нәрсе орындамау керек дегеннен
құрылатындығын көрсетеді. Яғни, шарты қанағаттандырылған жағдайда S1
әрекет орындалады, ал басқа жағдайда еш нәрсе орындалмайды.
Алгоритмдік тілде әр команданы әр жолға жазумен қатар, бір жолға
бірнеше команда жазуға болады. Бұл жағдайда командалар бір-бірінен нүктелі
үтір (;) арқылы бөлініп тұрады. Мысалы, ах=в теңдеуін шешу алгоритмін
алгоритмдік тілде жазайық.
егер а=0
онда егер в=0
онда у:= кез-келген сан
әйтпесе у:= шешімі жоқ
бітті
әйтпесе х:=ва
бітті
2.1. Баламалы тармақталу күрделі S әрекеті белгілі В шартына
байланысты берілген S1 әрекетін немесе S2 әрекетін орындау керек дегенді
көрсетеді. Яғни, егер В шарты қанағаттандырылған жағдайда S1 әрекеті
орындалады, әйтпесе, S2 әрекеті орындалады.
2.2. Көп мәнді тармақталу (таңдау) күрдел S әрекеті белгілі айнымалы
шама V өзінің әртүрліі мүмкін 1,2,...,N мәндерінің біреуін міндетті түрде
қабылдауына сәйкес берілген әр түрлі S1,S2...,SN әрекеттернің біреуі мндетті
түрде орындалуы қажет дегенд көрсетеді.Яғни, егер V=1, онда S1 орындалады,
әйтпесе егер V=2 онда S1 орындалады, әйтпесе егер V=N-1, онда SN-1
орындалады, әйтпесе AN орындалады. Көп мәнді тармақталу мағынасы брнеше
паралель тартылған сымдарға шамдар орнатып, электр қуатын бергенде тек бір
ғана шамдар жағылатын болатындай еткенге ұқсас болады.
3. Қайталау басқару құрылымы белгілі бір әрекеттің орындалуын бірнеше
рет қайталау керек дегенді көрсетеді. Қайталау саны белгіл шартқа
байланысты немесе алдын ала белгілі болады. Орындалуы қайталанатын әрекетті
қайталау денесі деп аталады.
Жалпы, белглі бр шартқа байланысты қайталаудың екі түр бар: алғы
шартты қайталау, соңғы шартты қайталау. Орындалу реті бойынша көрсетілген
шарт берілген әрекеттен алғышарттты қайталауда бұрын (яғни, шарт әрекеттің
алдында орналасады), соңғы шартты қайталауда –кейін тексеріледі.
Егер қайталау саны алдын ала белгілі болса, онда оны параметрлі
қайталау деп атайды, ол соңғы шартты қайталау тобына жатады.
3.1. Алғышартты қайталау күрделі S әрекеті белгілі В шарты
қанағаттандырылса, қайталау денесі S1 әрекетін орындауды қайталау керек,
ал егер осы В шарты қанағаттандырылмаса еш нәрсе орындамау керек дегенді
көрсетеді.
3.1.1. Соңғы шартты қайталау күрделі S әрекеті қайталау денесі болатын
берілген S1 әрекетін орындауды белгілі В шарты қанағаттандырылғанға шейін
қайталай беру керек, ал осы В шарты қанағаттандырылса қайталауды тоқтату
керек дегенді көрсетеді.
3.1.2. Параметрлік қайталау басқару құрылымында қайталау денесінің
орындау саны параметр деп аталатын айнымалы шаманың алғшқы мәні мен соңғы
мәні және қадам деп аталатын тұрақты шама арқылы анықталады: қайталау
денесін әр орындау кезнде параметрдің соңғы мәніне жеткенше қадамның мәні
(егер қадамның мәні, онда 1) қосылып отырады.
Әдетте, параметрдің алғашқы мәні, соңғы мәні бүтін сандар болады.
Сондықтан қайталау саны параметрдің соңғы мәні мен алғашқы мәнінің
айырмасын қадам мәніне бөлгендегі шыққан санның бүтін бөлігіне бірді
қосқанға тең болады. Мысалы: параметрдің алғашқы мәні 5, соңғы мәні 20, ал
қадам мәні 2 болса, онда қайталау саны мына өрнек [(20-5):2]+1=8 арқылы
есептелінеді, мұнда тік жақшаның ішінде санның бүтін бөлгі жазылады.
Алгоритмдік тіл – алгоритмдерді біркелкі және дәл жазудың және оларды
орындаудың ережелері мен белгілер жүйесі.
Алгоритмдік тілді анықтауда келесі ұғымдар:
І. Тілде қолдануға болатын символдардың (белгілердің) жиынтығы, яғни
алфавиті берілуі керек.
ІІ. Тілдің конструкцияларының: айнымалының, өрнектердің, командалардың
жазылу және алгоритмдік жазудың жалпы құрылымының ережелері, яғни синтаксис
берілуі керек.

ІІІ. Әр түрлі командалардың қызметі мен орындалу жолы, яғни семантика
берілуі керек.
Алгоритмнің негізгі құрылымдары
   Алгоритм негізгі 3 базалық құрылымға бҳлінеді:
сызықтық
тармақталушы
циклдік
   Сызықтық алгоритмдерге есеп шешімінің қадамдары бірінен кейін бірі
тізбектей орындалады. Құрылымы төменде көрсетілген.    Тармақталушы
алгоритмдерде алдымен қандай да бір шарт тексеріледі және шарттың
орындалуына немесе орындалуына сәйкес есептеу процесінің бірі орындалады.
Графиктік түрде жазылуы төмендегідей:

   Циклдік алгоритмдерде параметрдің әр жаңа мәні үшін есептеу процесінің
кейбір қадамдар тізбегі қайталанады. Циклдік алгоритмдердің үш түрі бар:
параметрлі цикл, цикл-әзір, цикл-дейін.
Графиктік түрде жазылуы тҳмендегідей:
Цикл-әзір:

Цикл-дейін:

1.2. Оқушылардың алгоритмдік мәдениеті.
Математиканы тереңдетіп оқытатын мектептерде программалауды оқыту
арнайы және профессионалды-бағытталған мүмкіндіктердің үлкен бөлігін
қарастырады. Бірақ, сонымен қатар ЭЕМ-ге жалпы білім беруде әсер етуді
зерттеу және барлық орта мектептерде оқуды қамтамасыз етуде адамның жұмыс
істеуінің жаңа облысы етінде программалау енеді. Басынан бастап
программалау облысынан алынған әдістер мен идеялардың жалпы білім беретін
күші мектептік білім беруде жаңа фундаментальды компоненттерді қамтамасыз
етуді дамыту үшін үлкен потенциалды жүзеге асыратыны белгілі.
ЭЕМ үшін программалау негізіне алгоритмдеу түсінігі жатады. Ол кең
мағынада берілген тілдің әдістерімен алгоритмдерді суреттеп және құрылымын
жасау процесі ретінде қарастырылады. Бірақ алгоритмдеу адамның нақтыланған
орындаушыларымен қарым-қатынасына сүйенетін әдіс ретінде ЭЕМ үшін
программаны құрумен ғана байланысты емес. Модельдеу сияқты, алгоритмдеу –
бұл кибернетиканың жалпы әдісі. Әр түрлі жүйелерді басқару процесі қандай
да бір алгоритмді құрастыруға әкеледі. Алгоритмді құру ең қарапайым
автоматты құрылғыларды жасау және басқарудың автоматты жүйесін қиын өнімді
процстерді өңдумен байланысты. Алгоритмдеудің түпкі негізі қазіргі
математиканың теориялық облысында – алгоритмдер теориясында жатыр, бірақ
практикалық мағынада алгоритмдеу алгоритм туралы рационалды ойлау
қабілетіне негізделген анықталған практикалық әдістер жинағы ретінде
түсініледі.
Алгоритмдік процестер туралы түсінік және оларды суреттеу әдістері
иформатика мен есептегіш техника шыққанға дейін мектептік пәндерді оқыту
кезінде оқушылар түсінігінде қалыптасқан. Мектептік пәндер арасында
негізгі роль математикаға түсті, өйткені операциялық және алгоритмдік іс-
әрекеттер оқыту жұмысы элементінің бірін құрады. Шынында да, негіздеу, жазу
қабілеті, математикалық алгоритмдерді тексеру, сонымен қатар оны әрқашанда
нақты орындау оқшылардың математикалық мәдениетінің маңызды компонентін
құрады, бірақта алгоритм термині мектептік оқыту програмасында
қолданылмауы да мүмкін еді. ЭЕМ-нің және программалаудың көбеюіне
байланысты математикалық мәдениеттің бұл секторы өзіндік мағына ала
бастады, тек қана алгоритмдеудің белгілі компоненттерінің есебімен оны
толықтыру қажет болды. Сонымен қазіргі әрбір адамның жалпы мәдениетінің
жаңа элементін анықтайтын спецификалық түсінігінің арқасында және жалпы
мектептік білім алуды қосу нәтижесінде оқушының алгоритмдік мәдениеті деген
атау алды.
Төменде алгоритмдеу негіздерін жалпы оқыту анализі негізінде
құрастырылған алгоритмдік мәдениет компоненттерінің суреттелуі мен құрылымы
келтірілген:
1. Алгоритм түсінігі және оның құрамы. Алгоритм түсінігі
алгоритмдеудің орташа түсінігі, және де алгоритмдік мәдениеттің негізгі
компоненті болып табылады. Алгоритмдеуді оқытуда бұл түсінікті
математикалық дәлдікпен қолданудың қажеті жоқ, тек қана оны интуитивті-
көрнекі деңгейде түсіндіру жеткілікті.
2. Алгоритмдерді суреттеу тілінің түсінігі. Алгоритмді суреттеу
мәселесі әрқашанда суреттеу орындалған кейбір тілдердің түрін көрсетеді.
Сондықтан алгоритм түсінігінің өзі алгоритм мазмұнының әдісі ретінде тіл
түсінігімен үзілмес байланысты. Әрбір жеке жағдайда тілді таңдау алгоритмді
қолдану облысымен анықталады, яғни орындаушы ролінде қатысатын
объектілердің (адам, автомат, компьютер) кұрамы анықталады. Орындаушы қарым-
қатынасындағы тілдік мүмкіндіктердің шекараларын қатал сақтауда
алгоритмдеудің кейбір мағынасында қызмет етеді. Бұл жағдайды түсіну және
әрбір суреттеудің мүмкіндіктерін дәл сақтау да алгоритмдік мәдениеттің
маңызды компонентін құрайды.
3. Суреттеуді нақтылау деңгейі. Суреттеуді нақтылау деңгейі түсінігі
тілдің түсінігімен ажырамас байланыста. Егер суреттеу автомат үшін
құрастырылса, онда бұл жағдайда қолданылатын тіл тілдің синтаксиін құрайтын
нақты ережелер жүйесіне сәйкестендірілген қатаң шектеулерге бағынады.
Мұндай жағдайда тілдің өзі нақтылана түседі. Бірақ тәжірибеде алдын-ала
суреттеуді құрастыру кезінде, алгоритмдерді құру процесінде тек қана қатаң
шектеулер ғана қолданылмай, тілдік әдістер де қолданылуы мүмкін. Сонымен
қатар, мұндай жағдай алдын-ала құрастыру процесінде ғана мүмкін емес. Егер
де, мысалы, алгоритм адамға жіберілсе, онда алгоритмдеудің соңғы варианты
нақты емес, қалқымалы көрініс болуы мүмкін. Тәжірибеде қолданылатын
алгоритмдердің көпшілігі нақты емес вариантта жұмыс істейді. Тек қана
алгоритм орындаушыға түсінікті болғаны маңызды, яғни оның мүмкіндіктер
шекарасынан шығатын көрініс әдістерін қолданбауы керек. Орындаушы үшін
алгоритм түсініктілігінің факторын есептеумен әр түрлі нақтылау
деңгейіндегі тілдермен жұмыс істей білуі алгоритмдік мәдениеттің нақты
компоненті болып табылады.
4. Суреттеудің дискретті принципі. Алгоритмді құру қажет ететін
шешімдерге әкеліп соғатын мүмкін элементарлы іс-әрекеттерді нақты бағыттау
әрекетін орындайды. Бұл іс-әрекеттер оған нақтылық және түсініктілікті
айтатын алгоритмдерді суреттеудің анықталған дискретті құрылымын құрайды.
Әр түрлі тілдерде алгоритмдердің мұндай жеке этаптары әр түрлі әдістермен
көрсетіледі. Алгоритмнің (табиғи тілде) сөздік түсінігімізде – бұл жеке
ұсыныстар, көрсеткіштер, пункттар, схемалар тілінде – бұл жеке блоктар, ЭЕМ-
нің объектті тілінде – бұл жеке командалар, алгоритмдік тілдің жоғары
деңгейдегі – операторлар.
5. Блоктау принципі. Алгоритмді құру үшін қолданылатын тілдердің
мүмкіндіктері детализациялау деңгейін таңдауға әкеліп соқтырады. Бірақ оның
ең бірінші схемасын суреттеу кезінде қажет ететін алгоритмді құрастыру
бойынша жұмыс істеу процесінде алгоритм жіберген орындаушының
мүмкіндіктерімен салыстырғанда іс-әрекет бірлігі өте үлкен тілді қолдану
керек. Бұл жағдайдағы әңгіме, қиын есептерді қарапайым компоненттерге бөле
алу туралы болып отыр. Есеп қиын болған жағдайда, керек тілде оның шешу
алгоритмі дәл сол кезде суреттеуге мүмкін болу үшін бұл жолды әрқашанда
таңдауға тура келеді. Бұл жағдайда есеп меншікті мағына берілетін
ақпараттық шектелген бөліктерге (блоктарға) бөлінеді және есептің бөлігін
қосатын бірінші схеманы құрастырғаннан кейін жеке блоктарды детализациялау
жұмысы орындалады. Осы блоктың әрбірі жаңа ғана суреттелген принцип бойынша
детализацияланған болуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Программалау тілдері
Алгоритм және оның қасиеттері. Программаның көрінісі
Программалау тілдерінің классификациясы
ЭЕМ-нің қызметі,құрамы және жіктелуі
Орта мектепте программалау негіздерін оқыту
ОҚУШЫЛАРДЫҢ АЛГОРИТМДІК ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ОҚЫТУ МЕН ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ
Java кең таралған программалау тілі
Математикалық модельдеу принциптері
Алгоритмдеу және программалау
Программалау тілдері - жасанды тілдер
Пәндер