Дүниежүзілік ақша қызметі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
АҚША ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЗІРП ЖАҒДАЙДАҒЫ ДАМУЫ
Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын, тауар
өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтікэкономикалық
маңызының белгілі бір жағын мінездейді. Ақша бес түрлі қызмет атқарады: құн
өлшемі, айналыс қүралы, төлем қүралы, қор және қазына жинау құралы,
дүниежүзілік ақша.
Ақша құн өлшемі ретінде. Қүнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында
туындайды.' Бүл ақшаның барлық тауарлар қүнының өлшемі ретіндегі
қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарадыЛЮзінің
жеке қүны бар тауар ғана, қүн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып
өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни,
бүл қызметті толық қүнды ақшалар атқарады. ^Ақша еңбек өлшемі ол жұмыс
уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.^
Ақша қүн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни
тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен
құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын
белгілесек жеткілікті.
Тауар бағасын өлшеу үшін қолмақол ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек
өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге
болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі. Ақша түрінде көрінетін тауардың
құны, оның бағасылып табылады. Толық құнды ақша айналысы жағдайында онынның
бағасы болған жоқ. Ақшаның өз бағасы болмайды,
олардың құны өздерімен анықталуы мүмкін емес. Бағаның құн өлшеу қызметі
жалпы эквивалент ретіндегі ақшаның тауарға деген қатынасын көрсетеді. Бірақ
тауардың бағасын анықтау үшін баға масштабы қажет. Металл ақша айналысында
(алтын, күміс, мыс) мемлекет завды түрде баға масштабын тұрақты етіп
ұстады. Металдың салмақтық санын ақша бірлігіне бекітті. Алғаш рет
монеталар соғыла бастағанда баға масштабы олардың салмақтық құрамына сай
келді. Мысалы, фунт стерлинг алғашында күмістің фунты есебінде пайда болды.
Тарихи даму барысында баға масштабы ақшаның салмақтық мазмұнынан ерекшелене
түсті. Құн өлшемі және баға масштабы ретіндегі ақша қызметтерінің арасында
едәуір айырмашылық бар. Құн өлшемі мемлекетке тәуелді емес ақшаның
экономикалық қызметі болып табылады. Ол құн заңыменен анықталады. Баға
масштабы завды сипатқа ие бола отырып, мемлекет билігіне тәуелді және құнды
емес тауар бағасын көрсету үшін қызмет етеді.
Алғашында баға масштабы АҚШ қазынашылығымен алтынның тройск унциясына (31,1
г) 35 доллар есебінде анықтальш бекітілді. Ол 1971 және 1973 жылдардағы
доллардың девальвациялануына дейін сақталды және 1980 жылдың қаңтарында 850
долларға дейін жетті.
Арнайы баға масштабы алтын құны мен оның мемлекеттік түрақты бағасының
арасы алшақ болып кетуіне байланысты өзінің экономикалық мағынасын
жоғалтты.
Ямайка валюта реформасының (1976-1978 жж.) нәтижесінде арнайы алтын бағасы
және алтын паритеті жойылды. Құн өлшеу қызметі нарықтық баға масштабы
негізінде орындалады.
Қазіргі уақытта алтын тауарға тікелей айырбасталмайды және бағалар
алтынменен көрсетілмейді. Алтынды айналыстан қазынаға қарай ығыстырып
тастау жағдайында ақшалы тауар (алтын) тікелей массасына емес, алтын
нарығындағы несие ақшалармен операциялар жүргізуге қарсы тұрады. Осыдан
алтын қағаз және несие ақшалардың құнын өлшеу ретінде көрінсді. Несие
ақшалар тауардың қүнын өлшемейді, өлшенген құнды көрсетеді, өйткені өзінің
құны жоқ.
Сонымен алтын белгілерінің, яғни толық кұнды емес және қағаз ақшалардың
пайда болуы, ақша формаларының олардың алтындық мазмұнынан ажырауына алып
келді.
Ақша айналыс құралы. 'Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі
делдал болып табылады. Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып,
өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.
Тауар айналысы кезінде, ақша делдал ролін атқарады, ал бұл кездегі сатып
алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша сай
келмейді. Сатушы, тауарын сатқаннан кейін, басқа тауарды сатып алуға әр
уақытта асықпайды. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып
алуы мүмкін. Делдал ретіндегі ақшаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі
өзара сай келмеушілік жойылды.
Өзінің құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға қарағанда,
ақшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қапып отырады және
сатусатып алу процесіне қызмет етеді.
Біздерге ақша айналыс құралы қызметін негізінен мемлекеттік, оперативтік,
коммерциялық саудада тұрғындардың тауарларды сатып алуы кезінде орындайды.
Шет елдерде мүндай шектеулер жоқ. Онда фирмалар мен корпорациялардың және
т.б. қолмақол ақшамен есептесуіне тыйым салынбаған.
Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:
тауар мен ақшаның қарамақарсы қозғалысы;
оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолмақол)
ақшалар орындайды;
ақшаның бүл қызметінде тауарларды айырбастау өте
тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар
емес (алтын), оны ауыстырушылар ақша белгілері
орындайды.
Бірақ бүл, несие және қағаз ақшалар ақшалы тауармен (алтын) байланысты емес
деген сөз емес. Бүл байланыс несие ақшалардың алтын нарығында жасырын
айналыс болуыменен түсіндіріледі.
'Ақша айналыс құралы қызметін атқаратын болғандықтан, айналыс қажеттілігі
олардың саны өткізілуі тиіс тауарлардың бағасы мен массасы негізінде, яғни
өткізілуі тиіс тауарлар бағасының сомасымен анықталады' Қанша дегенмен бір
ақша бірлігі бір несие тауар мәмілелеріне қызмет ететін
дықтан, ақша айналысы қанша көп болса, айналыс үшін олардың қажетті саны
сонша аз болады.
Егер ақшаның айналыстағы массасы тауар массасынан көп болса, онда бұл
олардың құнсыздануына, яғни инфляцияға алып келеді.
Ақша төлем кұралы. Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша
қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес.
Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды.
Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.
Егер тауар мен ақшаның қарамақарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы
түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда
ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.
Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен
бірге қаржынесие қатынастарына да қызмет етеді. Барлық ақшалай төлемдерді
төмендегідей етіп топтатуға болады:
тауарларды және қызметтерді төлеуге
байланысты міндеттемелер;
еңбек ақы төлеуге байланысты
міндеттемелер;
мемлекетке қатысты қаржылық
міндеттемелер;
банктік қарыз, мемлекеттік және
тұтыну несиесі бойынша борыштық міндеттеме;
сақтандыру міндеттемелері;
әкімшіліксот сипатындағы
міндеттемелер және басқалары.
Ақша төлем құралы ретінде айналыс құралынан өзара айырмашылықтары бар. Бұл
қызметте ақшалар делдал болып табылмайды, ол тек қана сатусатып алуды
аяқтайды. Нәтижесінде тауарларға қатынасты ақшаның өз бетінше еркін
қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға
ақшаны берудің орнына, борыштық міндеттемені жазып ұсынады. Бұл борыш
өтелген кезде, ақша төлем құралы ретінде қызмет атқарады.
Төлем құралы қызметін толық бағалы емес нақты ақшалар (қағаз немесе несие),
ал борыштық міндеттемелерді өзара өтеуде идеалды ақшалар атқарады.
Төлем құралы ретіндегі ақшаның қызметі оның бүдан бұрын қарастырылған
қызметтерінен айырамшылығы болғанымен ол олармен берік байланыста екені
анық. Ақшаның төлем құралы қызметі, оның құн өлшемі және айналыс құралы
ретінде қызмет етуі барысында көрінуі мүмкін. Ақшаның төлем құралы ретінде
қызмет етуінің дамуы резервтік қор құрудың, яғни ақшаның қор және қазына
жинау қызметтерінің туындауының қажет екенін көрсетеді.
Ақшаның төлем қүралы қызметін атқаруына байланысты ақша айналысы заңы
өзінің неғүрлым толық көрінісін тапты. Егер тауарлар несиеге сатылса, онда
қолмақол ақша қажет емес. Бұл айналыстың қолмақол ақшаға деген қажеттілігін
азайтады. Бірақ төлем мерзімі жақындаған сайын борыштарды жабу үшін ақша
айналымының қажеттілігі артады. Өзара өтелетін төлемдер соммасы айналыс
үшін ақшаның санын азайтады. Егер қандай да бір бөлімде, борыштық
міндеттеме бойынша төлем өз уақытында түспейтін болса, онда бұл өзімен
бірге басқа да төлемсіздік тізбесін тудырады (қарыз бойынша мерзімі өткен
берешек, бюджеттік төлемдер, жалақы бойынша және т.б.).
Ақша қорлану және қазына жинау құралы ретінде. Ақшаның төлем және айналыс
құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етедіЛ Ақшаның
қорлануының қажеттігі Т А Т айналымының екі актілерге Т А және А Т
айрылуымен байланысты.
Капиталистік қоғамдық формацияға дейінгілер үшін байлықты "таза қазына"
формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келеді. Бұл
экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ, себебі олар шын мәнісінде
айналыстан тыс жатқан ақшалар болды. Капитализм түсында бұл қазыналар
несиелік жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетін капиталға
(өнеркәсіптік немесе сауда) айналады. Қазына жинау қызметінің қажеттігі
тауар өндірісімен байланысты болды. Айналым капиталын немесе тұтыну
заттарын алу үшін ең бастысы ақшаны жинау қажет.
Әрбір тауар тек қана жекелеген қажеттілікті анықтайды және олар жалпы
байлықты білдірмейді. Толық бағалы ақшалар (алтын) материалданған құнның
формасы ретінде байлықтың жалпы өкілін сипаттайды. Демек, қазына жинау
құралы қызметін тек қана толық бағалы немесе нағыз ақшалар
орындауы мүмкін. Қазыналарды қорландыру алтын монеталар мен алтын
құймаларын жинақтау түрінде жүзеге асады.
Металл ақшалар айналысы тұсында қазына жинау тек қана ақша айналысын
реттеуші ролін атқарған болатын. Өндірістің және тауар айналысының кеңеюі
барысында металл ақшалар қазынадан айналысқа шығып отырды немесе керісінше.
Қазіргі жағдайда қазына жинау қызметі айналыстағы ақша массасын реттегіш
ролін атқармайды. Қазына тек қана мемлекеттің сақтандыру қоры ретінде
боладц. Алтын резервтері мемлекетке экономикалық тәуелділіктің' болуына
кепілдеме береді. 1998 ж. 1 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үлтгық
банкісіндегі монетарлық алтынның қалдығы 41781,1 млн теңгені құрады.
Несиелік және қағаз ақшалар қазына жинау құралы қызметін атқара алмайды,
себебі олардың меншікті құны жоқ. Бірақ та осы қызмет негізінде олар
қорлану қызметін жүзеге асырады.:
Ақша айналыс саласынан уақытша шығып қалғаннан кейін олар қорлана бастайды.
Қорлану қызметінде ақша өзінің құнын сол формада сақтай отырып, олар кез
келген уақытта айналысқа төлем немесе айналым құралы ретінде түсе алады.
Шынында да бүл елдегі ақша айналысының тұрақтылығы жағдайында, яғни
инфляцияның болмауына байланысты ғана мүмкін.
*ч Тауар өндіріс жағдайында қорлану екі формада жүреді: кәсіпорындар мен
ұйымдардың есеп айырысу және депозиттік шоттарындағы ақшалай қаражат
қалдығы түрінде ұжымдық қорлану; банктердегі салымдар, мемлекеттік
облигациялар.,
Несиелік механизмнің арқасында кәсіпорындар мен халықтың ақшалары банктен
берілетін қарыздар түрінде қайтадан айналыс процесіне түседі. Сөйтіп,
ақшалар бұл қызметінде ұлттық табыстың қалыптасу, бөлу және қайта бөлу
процесіне дәнекер болады.
Дүниежүзілік ақша қызметі. Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық
байланыстардың интернационалдануы, дүниежүзілік нарықтың пайда болуы
дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік
ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралык төлем және
Бұл қызметті бастапқыда толық бағалы ақшалар (алтын), ал кейіннен нағыз
ақшалар (шетел валютасы) атқарды. 1867 жылы Париж келісімі дуниежүзілік
ақша қызметін алтынға балап бекітті.
Егер де елдің ішінде ақша ұлттық ақша бірліктері формасында қызмет етіп
жүрер болса, ал одан тысқары жерде К. Маркстің айтуынша: "ақшалар өзінің
ұлттық киімдерін шешіп, бастапқы қымбат бағалы металл формасын киеді"1,
яғни жалпыға бірдей эквивалент формасына өтеді.
Бірақ алтын айналысы тұсында да ағымдық халықаралық есеп айырысуларға
алдыңғы елдердің ұлттық валюталары қызмет етті. 1913 ж. халықаралық есеп
айырысулардың 80%зы ағылшын фунт стерлингінде бейнеленген аударым
вексельдер көмегімен жүзеге асырылды, ал алтын халықаралық есеп
айырысулардың қалдығын жабуға ғана қызмет етті.
БреттонВудстағы (1944 ж) мемлекетаралық келісімге келу, доллар мен фунт
стерлингке резервтік валюталар мәртебесін берді. Кейіннен дүниежүзілік
ақшалардың жаңа формалары: СДР арнайы қарыз алу құқығы; ЭКЮ ~ еуропалық
есепке алу бірлігі пайда болды. Ал 1999 ж. 1 қаңтарынан бастап Еуропаға
ынтымақтастық елдердің ортақ ақша бірлігі "еуро" айналысқа шықты.
Демек, дүниежүзілік ақшалардың дамуы үлттық ақшалардың металл ақшадан
несиелік ақшаға өту жолын кеш те болса қайталауда.
Қазіргі уақытта дүниежүзілік несиелік ақшалардың жобалары жасалуда, бірақ
одан әлі нәтиже жоқ. Енгізілген шарты есептесу бірліктерінің (СДР, ЭКЮ)
өзіндік меншікті құндары жоқ, сондықтан да олар толыққанды түрде
дүниежүзілік ақшаның қызметін атқара алмайды. Бұл қызметті тек қана алтын
нарығындағы операциялар арқылы алтын атқарады.
ТҮЙ I Н
V Сөйтіп, ақшалар ертеден адамзаттың пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді
десе болады. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың
жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды.
Тауар айналысының тарихи дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент
формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бүйымдары
және т.б. Мүның

¥лттық банк қарыздардың сапалары бойынша олардың келесі бөлінулерін
белгіледі:

стандартты қайтарылу мерзімі әлі жетпеген және
сапасы күмән туғызбайтын несие;

стандартты емес несиенің қайтарылуы 30 күнге
кешіктірілуімен байланысты тәуекелі аз және бір реттен артық емес
узартылған несие;

қанагаттанарлықсыз ұзартылу мерзімі ұзартылған қарыз
шотына жатқызылған күннен бастап 30 бен 60 күн аралығында және бір реттен
артық емес ұзартылған несие;

күдікті қарыздың ұзартылған қарыздар шотына жатқызылған
күннен бастап ұзартылу мерзімі 60күннен 90 күнге дейінгі несие;

шыгынды ұзартылу мерзімі 90 күннен артық несие. Пайыздар
есептеу қарыздың үзартылған қарыздар шотына жазылған күннен бастап 90 күн
өткеннен соң тоқтатылады. Пайыздардың есептелуінің тоқтатылуы банктің
балансында есептелген пайыздардың өсуінің тоқтатылғанын білдіреді.
Есептелген пайыздардың есебі баланстан тыс жүргізіледі.
Банктердің қарыз портфелінің жіктелуі, оның сапасының жоғарылауы және
несиелік қызметтен болуы мүмкін шығындарды жабу үшін резервтер
(провизиялар) құру мақсатын көздейді және жалпы алғанда банктік жүйенің
тұрақты даму мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
НЕСИЕНІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ
Аддын ала сұрақтың терминологиялық жағына тоқталамыз. "Функция" түсінігі
ғылымда және тәжірибеде кең түрде қолданылады. "Функция" латынша. "{шісгіо"
"атқару", "жүзеге асыру" деген мағананы білдіреді. Философиялық сөздікте
"функцияның" анықтамасы былайша беріледі: "Берілген қатынастар жүйесіндегі
қандай да бір объекті қасиеттерінің сыртқы көрінісі. Мысалы, сезім
органдарының функциялары, ақшаның функциялары, мемлекеттің функциялары және
т.б." Жаратылыстану ғылымында функция деп қасиет, жүмыс,
тәуелділікті түсіндіріледі. Күнделікті тұрмыста функция әрекет ретінде
анықталады.
Экономикалық теорияда функция деп құндық категориялар мәнінің көрінісі
түсіндіріледі. Демек, несиенің функциясы деп оның мәнінің ерекше көрінісін
түсіну орынды, алайда несиенің функциясы оның мәні емес, тек осы мәнінің
көрінісі. Біз қарастыратын несиенің кез келген көрініс оның функциясы
ретінде ерекше.
Несиенің функцияларын қарастыру үшін келесідей ғылыми амалдар орынды.
Біріншідещ бәрінен бұрын функция да несиенің мәні сияқты объективті
сипатта. Функция кредитор мен қарыз алушы арасында несиелік қатынасқа түсе
отырып орындайтын белгілі бір "жұмыстың" көрінісін сипаттайды. Екіншіден,
несиенің функциясын талдау кезінде тағы да бір жағдайды ескеру керек: несие
өзінің қозғалыс процесінің әрбір кезеңінде барлық функцияларымен емес,
олардың біреуімен немесе бірнешеуімен өз мәнін көрсетеді. Демек, әрбір
кезенде несие өзінің қозғалысының белгілі бір сатысында болады, сондықтан
өзінің мәнді көріністерінің барлық жиынтығын бірден көрсете алмайды.
Мысалы, ақша төлем құралы функциясында бір мезгілде айналыс құралы
функциясын немесе қор жинау функциясын атқара алмайды. Несие де сол сияқты.
Үшіншіден, функция бұл қатып қалған емес, өзгермелі категория. Несиенің
мәнінің өзгеруімен қатар оның көрінісі де өзгереді. Төртіншіден, функция
несиенің біртұтас процесс ретіндегі ерекше көрінісін білдіреді. І
Бұл функцияның жеке кредиторға немесе қарыз алушыға емес, жалпы несиелік
қатынасқа жататындығымен түсіндіріледі; несиенің көрінуі, тек егер ол тең
дәрежеде несиелік мәміленің екі қатынасушысына да қатысты болса ғана, оның
функциясы ретінде анықталуы мүмкін.
Мұнан басқа, функция несиенің барлық формалары мен түрлерінің ерекше
көріністерін сипаттауы керек. Коммерциялық несиенің, банктік несиенің жеке
бөлектенген функциялары жоқ. Функцияны несиенің формалары немесе түрлері
емес, оның экономикалық категория ретіндегі мәні тудырады.
Несиенің теориясында оның келесі функциялары бөлініп шығарылады: қайта
бөлу, нақты ақшаларды несиелік операциялардың ауыстыруы.
Кредитор мен қарыз алушы арасында несиелік қатынас айырбас процесінде
уақытша босаған құнның қарыз алушыға берілуі жолымен қайта бөлу сатысында
пайда болады, сонан соң бұл құн өзінің алғашқы иесіне қайта оралады. Осыған
байланысты несиенің қайта бөлу функциясын көрсету керек. Бірінші жағдайда
кредитор қарыз мәмілесі арқылы қарыз алушыға тауарлы материалдық
құндылықтарды бере алса, басқа жағдайда ақшалай қаражаттарды береді, бірақ
екі жағдайда да беру объектісінің формалары әр түрлі болғанымен оның
мазмұны біреу құн қайта бөлінеді. Осылайша, қайта бөлу функциясының
көмегімен құн қайта бөлінеді.
Қайта бөлу қандай белгілер бойынша жүретініне байланысты мынандай түрлерге
бөлінеді: аумақ аралық, салааралық, салаішілік және шаруашылықаралық. Қайта
бөлудің барлық түрлерінде берілген құнға меншік иесі өзгермейтінін ескерте
кету керек. Берілген құнға меншік иесі кредиторда сақталады.
Егер несиелік қатьшасқа кредитор мен карыз алушы ретінде олардың орналасқан
жерлеріне тәуелсіз әр түрлі занды тұлғалар түсетін болса, құнның қайта
болінуін аумақаралық деп айтуға болады. Салаішілік қайта бөлу салалық
банктерден несие алған кезде орын алады. Егер құн бір саланың өкілі болып
табылатын кредитордан, Ьасқа саланың кәсіпорны болып табылатын қарыз
алушыға берілген жағдайда несиенің көмегімен салааралық қайта бөлу орын
алады.
Егер кредитор бір шаруашылық субъектісінің уақытша бос ақшалай қаражаттарын
тартып, оны басқа субъектілерге қарызға беру көзі ретінде пайдаланылса,
онда құнның шаруашылықаралық қайта бөлінуі орын алады.
Несие арқылы ресурстардың қайта бөлінуін әр түрлі деңгейде қарастыруға
болады. Несиелік қатынастардың субъектілері деңгейінде құнның жеке шеңбер
айналымында және айналымында тауарлыматериалдық кұндылықтардың да ақшалай
қаражаттардың да қайта бөлінуі жүреді. Халық шаруашылығы деңгейінде құнның
жиынтық шеңбер айналымында оның қозғалысы несие арқылы жиынтық ұлттык өнім
мен ұлттық табыстың қайта бөлінуіне ұласады. Несиенің қайта бөлу функциясы
құнның жалпы қайта бөлінуін емес, уақытша босаған құнның қайта бөлінуін
қозғайды.
Сонымен қатар несие арқылы жүзеге асырылатын қайта бөлу, өткізу процесінің
жалғасы болуы да мүмкін. Коммерциялық несие кезінде тауар өндіруші өз
өнімін сатып алушыға төлеуді кейінге қалдыру шартымен сатады, яғни несиелік
негізде. Алайда, мұндай кейінге қалдыру үшін тауар өндірушіде оның өнімін
төлеу кезіне дейін бос ресурстары болуы керек. Немесе оларды ұдайы
өндірістің басқа субъектілерінен (банктен) уақытша пайдалануға алу керек.
Екі жағдайда да шаруашылықтың әр түрлі буындарында жасалып қойған нәрселер
қайта бөлінеді.
\ Несиенің қайта бөлу функциясының төменде берілгендей ерекшеліктері бар:

біріншіден, несиенің көмегімен тек
материалдық игіліктердің, өндіріс құрал жабдықтарының және тұтыну затының,
яғни бір жыл ішінде өндірілген жалпы ұлттық өнімнің құны ғана бөлініп
қоймайды, сонымен қатар елдің экономикасының дамуының алдыңғы кезеңдерінде
жасалған құн да қайта бөлінеді;

екіншіден, несиенің қайта бөлу функциясы
құнның жалпы қайта бөлінуін қозғамайды, уақытша босаған құнның қайта
бөлінуін сөз етеді;

үшіншіден, қайта бөлу функциясының мәнділігі
уақытша босаған құнды уақытша пайдалануға беру процесі болып табылады;

төртіншіден, несиенің көмегімен уақытша
босаған құнның берілуі нарықтық экономикаға тән делдал банктердің және
басқа несиелік мекемелердің қатысуымен жүзеге асырылады.
Несиенің тағы бір функциясы ретінде нақты ақшалардың орнын несиелік
операциялардың басуы болып табылады. Тауар шаруашылығында нақты ақшапардың
орнын несиелік операциялардың басуы үшін қажетті жағдайлар жасалған.
Қарызға берілген қүнды тауарлыматериалдық құндылықтар, қызметтер, өзара
талаптарды есептеуді аяқтау, аккредитивтер ашу, тұрғындардың тұтыну
тауарларын алуы үшін шоттарды төлеуге пайдалану, қолмақол ақшалай
төлемдерді қысқартуға, ақша айналымының құрылымын жақсартуға, төлем
айналымын ұлғайтуға мүмкіндік береді, осылайша айналыс шығындарын азайтады.
Қазіргі тауар шаруашылығында
қарызға берілген құнның шаруашылық айналымына енуі ақшаның жалпылама орнын
басу функциясын орындамайды, ал экономикалық айналымда олардың уақытша
орнын басу функциясын орындайды. Қарыз алушының алған және шаруашылық,
айналымына енген қарызға берілген құн ақшаға тән жұмысты орындай бастайды
(тауарлыматериалдық құндылықтарды алу үшін жалақыны төлеу және және т.б.
пайдаланылады).
Нақты ақшалардың орнын несиелік операциялар басуының келесідей алғышарттары
бар:

біріншіден, банктік жүйенің дамуы және төлем
айналымын ұйымдастыруда оның ролінің жоғарылауы;

екіншіден, экономикада төлем міндеттемесі
немесе талабы бар төлем құжаттарының дербес айналысы;

үшіншіден, Орталық банктердің несиелік ақшаларды
эмиссиялауы.
АҚШАНЫҢ ШЫҒҮ ТЕГІ
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы
бірденбір шарт және өнім болып табылады. Тауар бұл сату немесе айырбастау
үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің
белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды.
Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды
құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды Егер (нақты еңбекпен
белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан
мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай
бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы.
Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып,
өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді.
"Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз
бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша"1.
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны
жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады.
Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарамақарсы
жақтары бола отырып, айырбас процесінде бірбірін табады және өзара
бірбіріне ауысады.
Алғашқы қауымдык құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ
айырбасталынуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары
қолданылады (1 балта = 5 құмыра, 1 қой = 1 қап бидай және т.б.).
Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы тауар
массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп шығуымен
құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды етке, майға,
жүнге және т.б. айырбастауға мүмкін болды.
Тауар өндірісінің ө^уіне байланысты неғүрлым жиі айырбасталатын тауар
барлық басқа тауарлардың бірбірімен өзара айырбасталу құралы бола бастады.
Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы қүндық
формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның ролі бір тауарға нық
бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент ролін белгілі бір
тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Қүнның
жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.
Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесінде жалпы құндық
эквивалент немесе ресімделінбеген ақша формасын, әр түрлі тауарлар
қабылдады. Әрбір тауарлышаруашылық уклад өз эквивалентін алға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша жүйесі жайлы
Айналыс құралы
Ақшаның мәні мен атқаратын қызметі
Ақшаның түсінігі мен оның формасы
Ақшаның пайда болуы және мәні жайлы
Монометаллизм және бейметаллизм
Ақшаның атқаратын қызметтерi және олардың қазiргi жағдайдағы дамуы
Ақшаның мәні және шығу тегі
Ақшаның мәні, қызметтері, рөлі және теориясы жайлы
Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы даму сатылары
Пәндер