Шығыс ақша қаражаты Шығыс ақша қаражаты


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І Ақша қаражаттарының мәні, түрлері және есептеу

ерекшеліктері

1. 1 Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы . . . 5

1. 2 Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі . . . 14

1. 3 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол

ақшаның есебі . . . 20

1. 4 Төлем карточкаларына есеп жүргізу . . . 25

ІІ Ақша қаражаттарын бақылау, олардың есептерін жүргізу

және есепке алу тәсілдері мен жолдары

2. 1 Ақша қаражаттарының қозғалысы және бақылау

тәртібі . . . 29

2. 2 Ақша қаржысы, құнды қағаздар және есеп берудің

бланкілерін түгендеу және банкідегі арнайы

шоттарды есепке алу . . . 36

2. 3 Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебі және

валюталық бақылау . . . 41

ІІІ Ақша қаражаттарының талдау жолдары мен олардың

мақсаттары және ақпараттардың негізгі әдістері

3. 1 Ақша қаражаттарының мәні мен оны талдау

мақсаттары және талаудың ақпараттық негіздері . . . 46

3. 2 Ақша қаражаттарының жағдайын талдау әдістері . . . 64

3. 3 Ақша қаражаттарының жағдайын экспресс-талдау . . . 69

Қорытынды . . . 77

Қолданылған әдебиеттер . . . 79

Қосымша құжаттық тіркемелер

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанындағы “Бухгалтерлік есеп және аудит” әдістемесі департаментінің №4 “Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп” деп аталған бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабына: “Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субъектілердің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі, ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз ететін және оларға осы заңды тұлғаның, яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістердің бағалауына мүмкіндік береді”, делінген. Ал осы стандарттың екінші бабында: “Заңды тұлғалар, субъектілер (банктер мен бюджеттік мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізіледі және есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында тапсырады”, делінген.

Барлық шараушылық жүргізуші субъектілерінде өндірілген өнімді сату барысында, сондай-ақ материалдық құндылықтарды негізгі құралдарды, тауарды сатып алғанда немесе көрсетліген қызметке және бюджетке немесе бюджеттен тыс басқа да қызметке әртүрлі төлемдерді төлеуге байланысты түрлі операциялар пайда болады. Әрбір кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе фирма әдетте бір уақытта өндірілген өнімін сатып немесе қызмет көрсетіп, жабдықтаушы ретінде болатын болса, екіншіден сол өнімдерді өндіріп шығару үшін қажет болатын шикізаттар және материалдармен жабдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып табылады. Осындай кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ және берешек операциялар көбіне қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз төлеу жолы арқылы жүргізіледі.

Қолма-қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк мекемесі белгіленген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізілуі тиіс. Ақшалай қаржылармен есеп айырысу оперцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу мен осы ұйымдастырудың мақсаты мыналар болып табылады:

  1. Ақшалай есеп айырысу операцияларының толық және уақытылы дер кезінде есептеу.
  2. Субъектілердегі ақшалай қаржылардың түгелдігін және оларды дұрыс, тиімді пайдалануды бақылау.
  3. Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорынның ұйымның немесе фирманың ақшалай кірістер мен шығыстарын дұрыс есептеу.

Ақша кез келген бизнестің негізі. Ақша түсетін негізгі көздерді білу өте маңызды. Олардың ақалй пайдаланатыны білу одан да маңыздырақ. Кәсіпорын, не шаруашылық 4 “Ақша қозғалысы туралы есеп” БЕС немесе 7 “Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер” ХҚЕС-ның талаптарына сәйкес ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті дайындауға және оны қаржы есептелігі тапсырылған әрбір кезең үшін өзінің қаржылық есептелгінің құрамдас бөлігі ретінде тапсыруға тиіс.

Кәсіпорынның ақша қаражаты қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады.

І Ақша қаржылығының мәні, түрлері және есептеу ерекшеліктері.

1. 1 Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы.

(19) Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шарттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдердің, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептеуді жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәлімет (контракт, келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланады. Егерде контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпке орындалуы керек., тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 6600 АЕК-тен аспау керек.

Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары - бұл банк пен клиент арасындағы келісім-шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық, және корреспонденттік болып бөлінеді.

Корреспонденттік шоттар - банк шоттары банкімен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.

Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары бұл де банктік шоттар, бірақ олар және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.

Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектілерге арнап ағымдағы шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютадағы сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.

Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға соттық, мемлекеттік салық заңдарға көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.

Субъектілердің шоттарынан төлем жасау, егер заңдарға өзгеше көзделмесе, субъектінің басшысы белгіленген кезектілікпен жүзеге асады.

Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды, төлем-тапсырманы ұсынуды, чектерді беруді, вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді, төлем карточкасын пайдалануды, тікелей дебеттік банкі шоттарында аударуды, тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды, инкассалық жарлығын ұсынуды, республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады.

Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма, чек, вексель, тапсырма-талап төлемдері, кеден мен салық қызметтерінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.

Төлеушілер мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптар мен міндеттемелерінде зачетка да жатқыза алады.

Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу . Төлем тапсырмалары онда көрсетілген соманы бенефициалардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады.

Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде сондай-ақ қызмет пен тауарға алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде, төлем-тапсырмалары пайдаланылады.

Төлем жасаушы банкке белгіленген нысанды банкілерді төлем тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары және төлемдердің мақсаты растайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген кіннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке алынбайлы) . Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі банкке қалдырылады да электрондық көшірмесі бенефициаларға жіберіледі, ал екінші иесіне, яғни ақшаны жіберушіге қол қойылып, штамп басылып қатырылады. Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттер (көрсеткіштері) көрсетіледі:

  • төлем тапсырмасының нөмірі;
  • төлем тапсырмасының жазылған күні;
  • жеке теңестірілген немесе теңдестірілген коды (ЖТК немесе ИИК) ;
  • жіберуші мен бенефициалардың банкі шоттарының нөмірі;
  • бенефициалардың коды (БК немесе КБе) немесе жіберушілердің коды (ЖК немесе КОд) - бұл кодтар екі символдан (белгіден) тұрады: бірінші - резидеттік белгісін, ал екінші - экономикалық секторын көрсетеді;
  • бенефициалар - аудару жасалған ақша кезде қаражаттын алушы;
  • банк-алушы - банк атауы, аударылған ақшада оның мекен-жайы көрсетіледі;
  • бенефициалар банкісі - бенефициалардың пайдасына келіп түскен ақша қаражаттарын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттық негізінде;
  • жіберушілердің теңестірілген немесе теңестірілген банктік коды (ЖТБК немесе ИИК) филиаларалық айналымдарының коды (ФАК немесе МФО) .
  • Төлем арналымының коды - ҚР. ІБ нормативтік - құқықтық актісімен белгіленген және соның негізінде төмендерді жүзеге асыратын кодтық белгілер, ал ол үш символдан турады.
  • Бюджеттік классификациясының (жіктемесінің) коды-салықтың кері қайтаруда қойылатын код;
  • Валюттелген күні - ақша қаражатын бенефициалардың (алушының) банктік шотына ақша қаражатын аударған күні төлем алушының ынтасымен анықтайды.

Төлем құжатына кез келген жөндеудің түрін жасауға рұқсат етілмейді. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы жасалған келісімдері бойынша төлем тапсырмалары: жедел мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзімі кейінге қалтырылған болып бөлінуі мүмкін. Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар бойынша жүзеге асырылады: аванстық төлем, яғни тауар тиелгенге дейін, тауар тиелгеннен кейін, яғни тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен, ірі мәмілелер кезіндегі ішінара төлемдері.

Мерзімінен бұрын немесе мерзімі кейінге қалтырылған төлемдер шарттық қатынастар аясында тараптардың қаржылық жағдайына зиян келтірілмейтіндей етіп жасалуы керек.

Субъектілер жеке өздеріне тиесілді қаражатты (зейнетақы, алимент, жалақы, іс-сапар шығыстары, авторлық қаламақы) жекелеген азаматтардың атына, жалақы төлеуге арналған, банк мекемелерінде аударым алушының атын, оның нөмірін, сондай-ақ, егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, онда ол орналасқан банктің аты мен нөмірін көрсетеді.

Тапсырмаға қаражат алушылардың тізбесі қоса беріледі, онда кім, қандай мақсаттарға ақша алынатыны көрсетіледі. Байланыс кәсіпорындары кәсіпорындарға жолданған әрбір аударым алушы бойынша барлық аударымдардың жалпы сомасына төрт дана етіп жазылатын төлем құжаттары келіп түскеннен кейін төлейді.

Чектермен есеп айырысу . Чек беру төлемдері жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай міндеттемесін орындалу болып табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылған болса да.

Аталған міндеттемені орындау тек чек бойынша ақшаны алатын кезде ғана болады. Чектер жабылатын және жабылмайтын болып бөлінеді. Бірінші депозиттермен қамтылған, ал екіншісі - қамтылмаған болып бөлінеді. Бұл кезде чектердің төмендегі жөнінде банктердің кепілдік беруі мүмкін, оның ішінде жабылмайтын чектер бойынша да. Чекті қолдауымен байланысты банк пен чек берушінің міндеті мен құқығы, чекті қолдану туралы жасалады, келісім-шарттың негізінен шығады, яғни келісім-шартта, банк өз клиенттеріне чек беруге (заңды және жеке тұлғаға) чегін төлеуде, яғни чек берушінің міндетін өзін алады, ал клиенттер өз кезегінде банкі белгіленген ережелерін сақтауға міндетті, чек ұстаушылардың құқығы чек берушіден чекті алған кезінен бастап пайда болады. Чектерге, есеп айырысу шотының төлем құжаттарына қол қою құқығына ие тұлғалар қолдарын қояды және қолдарында кітапша иесінің нөмірінің таңбасы болуы керек. Чектер жарамсыз болып қалатындықтан чекте жазылғандары түзету және өшіруге болмайды. Егер чекті толтыру кезінде қателіктер жіберілсе, онда чекте және чектің түбіртегінде қиғашынан “бүлінген” деп жазу жазылады, мерзімі қойылады және кітапша иесінің қолы койылады.

Чекті чек ұстаушы төлеуге чек жазылған күні қабылдайды және төлеуге қабылдаған күннің ертеңіне чек ұстаушы арқылы қызмет көрсететін банкке ұсынылуы тиіс. Чек кітапшасынан алынған чектің күшінде болу мерзімі, жазылған күнін есептемегенде 10 күннен аспайды.

Банк чек берушіден чекті қабылдамауына болады, егерде мынадай жағдайлары анықталса:

  • егерде жазумен жазылған соманы цифрмен көрсетілмеген болса;
  • чектің құжаттарында жасанды жазулардың белгілері бар болса (немесе түзетулер бар болса) ;
  • чек әртүрлі қолмен және әртүрлі сиямен жазылған болса;
  • чектің қорғалу деңгейі оның талабына сай келмесе (қорғалу деңгейі бестен кем болмауы керек) ;
  • чекте көрсетілген реквизиттер қате болса;
  • чектегі қойылған үлгі ретінде қабылданған құжаттардағы қолымен сәйкес келмесе;
  • чектің жабу сомалары жеткілікті болмаса;
  • чектің басқа да дефектілері бар болса.

Дефектісі бар чектер чек ұстанушыларға колхат жазылып қайтарылады. . чектердің дефектілері табылса, банктің бас бухгалтері ол туралы Клиенттік палатаға хабарлайды, ал олар ондай чектердің өңделуін тез арада тоқтатады. Бұндай деректісі бар чектерге акт жасалады, ол акт 4 данадан турады:

Біріншісі - банкте қалады;

Екіншісі - көшірмесімен бірге ішкі-істер органдарына беріледі;

Үшіншісі - Клиенттік палатаға беріледі;

Төртіншісі - чекті беруші банкке беріледі.

Мерзімі өтіп кеткен чек кітапшалары пайдаланбауына байланысты чекті беруші банкке қайтарылады.

Векселдер арқылы есеп-айырысу . Вексель - бірнақты сөзсіз орындайтын ақша міндеттемесін қамтитын қатан нысанды белгіленген төлем құжаты. Ол жай және аударма болып келеді.

Жай вексель (соло-вексель) талап етуі бойынша немесе белгіленген мерзімде келешекте векселде көрсетілген ақша сомасын вексель ұстаушыға төлейтіні туралы вексель ешқандай талқылауға жатпайтын міндеттемесінен тұрады.

Аударма вексель (траттау) - вексель берушінің үшінші тұлғаға бірінші вексель ұстаушыға немесе оның бұйырығы бойынша келешекте белгілі бір уақытта, не ұсынған кезде, вексельде көрсетілген ақшаны төлейтіні туралы басқаша ешбір шарт қойылмайтындығы туралы міндеттемесі. Аударма вексель өз табиғаты бойынша “бұйрыққа” ұқсас болып келеді.

Вексель: құжат мәтініне еңгізілген құжат қай тілде толтырылса онда сол тілде “вексель” деп жазылған атауды, белгілі бір ақша сомасын төлеуге еш нәрсемен негізделмеген бұйрықты; төлеуге тиіс тұлғанынң (төлеушінің) атауы тек аударма вексельде, төлеу мерзімін төлем жасалатын орнын көрсетеді, кімге немесе кімнің бұйрығы бойынша төлем жасалатындығын сол тұлғаның атауын, вексель жаслған күн мен орнын көрсетеді және онда вексельді берген тұлғаның қолы қойылады.

Жоғарыда көрсетілген талапта құжатта тұтастай сақталмаса, тек төменгі белгіленген жағдайларды қоспағанда, вексельдің күші болмайды. Төлем мерзімі көрсетілмеген вексель ұсынғанда талап етуі бойынша төленетін вексель ретінде қарастырылады.

Ерекше нұсқауы болған кезде төлем жасаушымен қатар белгіленген орны, төлем жасау орны және сонымен бірге төлем жасаушының туратын орны болып есептелінеді. Вексельдің жасалған орны көрсетілмеген жағдайда вексель берушінің атымен қатар белгіленген орында қол қойылған болып танылады.

Аударма вексель - вексель берушінің бұйрығы бойынша ақы төлеуге жататын вексель ретінде берілуі мүмкін. Ол вексель берушінің өзіне немесе үшінші тұлғаның есебінен берілуі мүмкін.

Аударма вексель үшінші тұлға турған жерде немесе төлем жасаушының тұратын жерінде немесе қандай да бір басқа орында төлеуі мүмкін.

Вексельде пайыздың мөлшерлеме (проценттік ставкасы) көрсетілуі тиіс, мұндай нұсқау болмаған жағдайда шартқа қол қойылмаған (жазылмаған) деп саналады. Пайыздың есептелмеген күні көрсетілмесе, аударма вексель жасалған күннен бастап есептелінеді.

Кез келген аударма вексельдің бұйрығы көрсетілмей берілсе де, ол өзінің индоссаменті арқылы берілуі мүмкін.

Егер вексель беруші аударма вексельде “бұйрыққа емес” немесе осыған ұқсас мағынада сөз жазылса және ол құжат нысанын сақтаса, онда ол қарапайым цессиямен берілуі мүмкін. Индоссамент вексель берушінің пайдасына, не вексель бойынша міндетті басқа кез келген адамның пайдасына вексельді акцептегеніне, не акцептемегеніне қарамастан төлем жасаушының пайдасына жасалуы мүмкін. Бұл тұлғалар, өз кезіндегі, вексельді табыстай алуына болады.

Индоссамент қарапайым, алдын ала ешбір келісім-шарт қойылмаған болып келеді. Оның шартты жағдайларының бірі шектелетін болса, онда оған қол қойылмаған. Яғни жазылмаған болып есептелінеді.

Индоссамент ұсынушыға бланктік күші бар индоссамент болып табылады. Индоссамент аударма вексельде немесе оған қосылған параққа қол қойылуы тиіс. Индоссамент аударма вексельде қаралған барлық құқықтарды иелік етеді. Егер индоссамент бланктік болса, онда вексель ұстаушы бланкті өз атына немесе басқа бір адамның атына толтыра алады; өз кезіндегі вексельді банк арқылы алады: бланк толтырылмай және индоссамент жасамай-ақ вексельді үшінші адамға бере алады.

Егер басқаша кері шарт болмаса, индоссамент акцепт пен төлемге жауап береді. Ол кейінгі индоссаментке тыйым сала алады; бұл жағдайда вексель кейінгі табысталған адамдардың пайдасына шешілсе де, ол олардың алдында жауап бермейді.

Қолында аударма векселі бар тұлғаның құқығы үздіксіз бірқатар индоссамент жасау арқылы негізделсе де, сонғы индоссамент бланктік болғанымен, заңды аударма вексель ұстаушы тұлға ретінде қарастырылады.

Бұл ретте сызылып тасталған индоссаменттер жазылмаған деп есептеледі. Бланктік индоссаменттен кейін басқа индоссамент жасалса, соңғысына қол қойған тұлға бланктік вексельді сатып алған индоссамент болып есептелінеді.

Аударма вексельді төлем мерзімі басталғанға дейін вексель ұстаушы немесе қолында вексель тұрған қарапайым тұлға да төлем жасаушыға акцептеу үшін тұрған жерінде ұсына алады.

Егерде төлем нысаушы өзінің келісімі туралы вексель ұстаушыға немесе қол қойған адамдардың біріне хабарласа, онда ол олардың алдында өз келісімінің шарттарына сәйкес өз міндеттерін орындаған болып саналады. Аударма вексель бойынша төлем толықтай немесе вексель сомасының бір бөлігінің аваль арқылы қамтаммасыз етуіне үшінші адам немесе бірі бере алады.

Аваль аударма вексельде немесе қосымша парақта беріледі. Аваль берілген орын көрсетілсе, онда ол жеке актімен де берілуі мүмкін. Ол осындай мағынасы бар белгілі мәтіндегі формуласымен білдірсе, онда оған аваль берген адам қол қояды. Аваль үшін төлем жасаушы немесе вексель беруші қолын қоймаған болса, аударма вексельді бет жағына авальғышының қойған қолы жеткілікті. Авальда ол кімнің есебінен берілгені көрсетіледі. Ол көрсетілмеген жағдайда аваль вексель беруші үшін берілген деп есептелінеді.

Авальшы ол үшін аваль берген адамнан бірдей жауап береді. Аударма вексельге ақы төлей отырып, авальшы кепілдік берген адамға қарсы және аударма вексельге байланысты осы соңғы тұлғаның алдында міндетті адамдарға қарсы вексельден туындайтын құқықтарды иеленеді.

Аударма вексель ақы төлеу үшін ұсынғаннан кейін белгілі бір уақытта; вексель жасағаннан кейін белгіленген бір күнде берілуі мүмкін. Тағайындалған өзге мерзімдер немесе төлемнің бір ізді мерзімдерін қамтитын аударма вексельдер жармасыз болып табылады. Аударма вексель ұсынған мерзімінде төленуі тиіс. Ол жасалған күннен бастап бір жылдың ішінде төлем жасауға ұсынуы мүмкін. Вексель беруші аудармалы вексельде төлемге ұсынылатын мерзім белгіленуі мүмкін, бірақ белгіленген мерзімнен бұрын төлеуін талап етуге болмайды. Мұндай жағдайда ұсыну мерзімі осы мерзімнен бастап жүреді. Ұсынғаннан кейін белгілі бір уақытта жасалған аударма вексель бойынша төлем мерзімі не акцептеген күнімен, не қарсылық білдіру күнімен айқындалады. Қарсылық білдіру болмаған жағдайда күні қойылмаған акцеп акцептантқа қатысты акцептке ұсыну үшін көзделген мерзімнің соңғы күндік жасалған болып есептелінеді.

Вексель ұсынушы аударма вексель бойынша төлемді мерзімінен бұрын алуға мәжбүрленбеуге тиіс. Мерзімі келгенге дейін төлем жасауды төлем жасаушы өз тәуекелдігіне алады.

Вексель ұстаушылар индоссанттарға қарсы тұрған регрестерге өз құқығын төлем мерзімі жеткен кезде де және одан бұрын да сата алады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кассадағы ақша қаражат есебі, оның құжатталуы
Ақша қаражатының түсінігі
Кәсіпорын кассасындағы ақша қаражатының шығысқа шығарылуы
Кассадағы ақша қаражаттары
Ақшаның мәні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері жайлы
Кәсіпорнында ақша қаражаттарының қозғалысы мен есебінің тәртібін зерттеу
ҰЙЫМНЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ
Кәсіпорын нысанындағы кассадағы нақты ақша есебі бойынша операцияларды ұйымдастыру қызметтері
Ақша қаражатын пайдалануын талдау
Түгендеу кезінде анықталған кассадағы ақша қаражатының кем шығуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz