Ақша бірлігінің атауы


Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша жүйесі болып табылады. Әрбір мемлекеттің өзінің ұлттық ақша жүйесі бар.
Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 жылдың наурыз айындағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығына сәйкес ұйымдастырылған жарғы ақша айналасының ұйымдастыру негізін және реформаларын белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, ақша белгілерінің эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртібі, ақша айналасын ұйымдастыру және реттеу тәртіптері қамтылады.
Ақша жүйесі мына элементтерден тұрады:
Ақша бірлігінің атауы: Қазақстан Республикасының ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан құралған 1 теңге болып табылады.
Ақша белгілерінің түрлері: Егер 1991 ж 1 - қаңтарына дейін айналыста қазыналық билеттер болса, онда қазіргі кезде Қазақстан Республикасы ақша белгілері болып олардың өсу құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне қабылданатын банкноттар мен монеталардан құралады. Олар Ұлттық банктің міндеттемесі болып табылады және барлық активтермен қамтамасыз етіледі.
Эмиссия тәртібі: Қолма - қол ақшаларды шығарып, олардың айналасын ұйымдастыру және айналыстан шығаруда ұлттықбанктің қолма - қолсыз ақша эквивалентін алумен банкнотамен монеталарды сату формасында жүзеге асырады.
Ақша түрлері: Заңды төлем құралы болып табылатын: қағаз және несие ақшалар.
Валюталық бағам дегеніміз - бұл басқа бір елдің ақша бірлігіне қатысты белгіленген сол елдің ақша бірлігінің бағасы.
Әлемдік тарихта ақша жүйесінің мына типтері болған:
1 - металдық айналым, мұнда ақшалай тауар ақшаның барлық қызметін атқарады, ал несие ақшалар металға айырбасталады.
2 - несие және қағаз ақша айналысы мұнда алтын айырбастамайтын банкнотамен айналыстан ығыстырылып шығарылды және қазынаға айналды.
Металдық айналысқа қатысты аталып өткен 2 ақша жүйесі - биметализм және монометализмге тән.
Биметализм - бұл ақша жүйесіне жалпы құндық эквивалент ролін заңды түрде 2 метал атқарады. Алтын және күміс монеталар кең көлемде соғылып, еркін айналысқа түсті.
Биметализмнің 3 түрі болды.
1 - параллельді валюта жүйесі алтын және күміс монеталар арасындағы қатынан металдың нарықтық бағасына сәйкес стихиялы түрде бекітілді.
2 - қосарлы валюта жүйесі, бұл қатынасты мемлекет атқарады.
3 - «ақсақ» валюта жүйесі, күміс монеталар алтын монеталар болып қалыптасты.
Ақша ретінде 2 металдың қолданылуы жалпыға орта эквивалент табағатыла қарама - қайшы болды. Алтын мен күміс арасындағы шекті қатынасты белгілеуде қиындықтар туды. Қосарлы ақша жүйесін мемлекетаралық реттеу нәтижесіз болды. Күмістің құнсыздануы нәтижесінде алтын монеталар айналыстан қазынаға кете бастады.
Монометализм - жалпыға эквивалент ролін бір ғана метал (не алтын, не күміс) атқаратын ақша жүйесі. Алтын монометализмі алғаш рет Ұлыбританияда 1816 ж, Германияда - 1871-1873 жж, Францияда - 1876-1878 жж, Ресей мен Жапонияда 1897 ж, АҚШ-та - 1900 ж белгіленді. Күміс монометализмі Ресейде 1834-1852 жж, Үндістанда 1852-1893 жж, Нидерландыда 1847-1875 жж қолданды.
Құн белгілерін алтынға айырбастау сипатына байланысты алтын монометализмі 3 түрге бөлінеді:
1 - Алтын монета стандарты - оған алтын монетасының айналасы, алтынның қызметін атқаруды құн белгілерінің еркін алтын монеталарғалтын монетасының айналасы, алтынның қызметін атқаруды құн белгілерінің еркін алтын монеталарға өсу құны бойынша айырбасталуы және тағы басқаға тән.
2 - Алтын құйма стандарты - Ұлыбритания мен Франкцияда енгізілді. Мұнда банкноталар заңмен бекітілген (Ұлыбританияда - 1700 функт стерлинг, Францияда 215 мың франктың құны 12 кг массасындағы стандарт құймасының бағасына сәйкес келеді) ұсынған жағдайда алтын құймаларына айналады.
3 - алтын девиз стандарты - Германияла, Австралияда, Норвегияда және басқа елдерде бекітілген. Бұл банкноталардың алтынға, шетел валютасына (девизіне) айырбасталатынын білдіреді. Сөйтіп бұл стандарт елдің валютасы басқа елдің валютасына тәуелділігін көрсетті.
1929-1933 жж дүниежүзілік экономика дағдарыстың нәтижесінде алтын монометализмнің барлық формалары жойылды. Алтынға айырбасталмайтын несиелік ақшалардың жүйесі бекітілді.
Банкнотаның алтынмен қамтамасыз етілуі және оны алтынға айырбастау капиталистік елдердің барлығында тоқтатылды. Сөйтіп, 1972 ж шетел орталық банктері үшін АҚШ долларын алтынға айырбастау да тоқтатылды. Ақша эмиссиясын қамтамасыз етуінің негізгі мемлекеттің бағалы қағаздары болды.
Алтын айналасынан айырбасталмайтын несиелік ақшалар жүйесі ақша бірлігі құндарының қалыптасу механизміне орай айырбасталды. Несиелік ақшалардың номиналдық құнының нақты құнынан біршама асып тұрады. Эмиссиялық жүйені реттеу ашық нарықтағы операциялар, міндетті резервтер нормасы, % мөлшері, ақша - несиенің басқа да әдістері арқылы, қаржы және валюта саясатының көмегімен жүзеге асырылады.
Айырбасталмайтын несиелік ақшаларға өту ақша жүйесінің іргетастық қағидаларының, яғни ақша айналымының объективтік қажеттілігінен артық айналысқа ақша шығаруды шектеу қағидаларының бұзылуына әкеліп соқты.
Шаруашылық механизмнінің құрамдас бөлігі ретіндегі ақша жүйесі қоғамдық, ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктерге жауап қайырады. Кез - келген сәйкессіздіктер ақша жүйесінің тұрақсыздығына, ақырында ақшаның құнсыздығына, яғни инфляцияға әкеліп тірейді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Сейтқасымов Ғ. С. «Ақша - несие, банк»
Алматы 2001 ж.
2. Жуков Е. Ф. «Ақша - несие, банк» 1999 ж.
3. Сейтқасымов Ғ. С. «Ақша - несие, банк»
Алматы 1999 ж.
4. Грешберг И. «Қаржы - қаражат» Алматы 1997 ж.
5. Бункина М. К. «Ақша - банк, валюта» 1994 ж.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz