Бірінші құрылтай жиналысында құрылтайшылар
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І Бөлім. Акционерлік қоғам түсінігі және оның түрлері
1.1 Акционерлік қоғамның қалыптасуы және қоғамда алатын орны ... ... ...
1.2 Акционерлік қоғамды құру және оның жарғылық капиталы ... ... ... ... .
ІІ Бөлім. Акционерлік қоғам тарихы және құрылу жолдары
2.1 Акционерлік қоғамның құрылу
нысандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Акционерлік қоғам табыстарының қалыптасуы және
бөлінуі ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...
Кіріспе
Нарық жағдайында маңызды орынды акционерлік қоғамдар
алады. Акционерлік қоғамдар өз қызметін жүзеге асыра отырып, өз
акцияларын шығару арқылы бағалы қағаздар нарығының қызмет етуін
қамтамасыз етеді.
Қазақстанда акционерлік қоғамның қалыптасуы нарықтық экономика
көшумен және мемлекеттік кәсіпорындарды жекшелендірумен байланысты
болды. Басқа меншік нысанына қарағанда акционерлік қоғам ерекшелігі
акционерлік қоғам формасын, жедел түрде ірі қаржы ресурсын жұмылдыру
мүмкіндігі болып табылады. Сондай-ақ қоғамдар өз акцияларын шығара
отырып, бизнесін жаңғыртады.
Акционерлік қоғамның нарықтық экономика жағдайында қызмет
етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады.
Акционерлік қоғамның басты табысы алдағы уақытта әр түрлі қаржы
көздеріне кең көлемде қол жеткізуді қамтамасыз ету болып
табылады.
Курстық жұмыс тақырыбы – Акционерлік қоғам тарихы және құрылу
жолдары.
Курстық жұмыстың мақсаты - акционерлік қоғамның табысының
қалыптасу жолдарын және олардың бөлу әдістерін қалыптастыра
отырып, табысты қалыптастыру және бөлуді жетілдіру жолдарын
қарастыру болып табылады.
Осы мақсатты жүзеге асыруда келесідей міндеттер шешіледі:
- акционерлік қоғамның мәнін, қалыптасуын, түрлерін қарастыру.
- акционерлік қоғамның пайдасының қалыптасуын, бөлінуін қарастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Бірінші бөлімде – акционерлік қоғамның қалыптасуы, оның қоғамда алатын
орны мен қызметі, түрлері қарастырылады.
Екінші бөлімде – акционерлік қоғам табыстарының көрсеткіштері, оның
нарықтық экономикадағы қаржылық жағдайы, сонымен қатар құрылу нысандары
туралы жазылды.

1. Акционерлік қоғамның қалыптасуы және қоғамда алатын орны
Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңдары Қазақстан
Республикасының Конституциясына негізделеді жəне Азаматтық кодекстен, осы
Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен
тұрады. Осы Заңның ережелері Қазақстан Республикасының заң актілерінде
көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады. Егер Қазақстан
Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер
белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар
шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам (бұдан əрі - қоғам) деп танылады.
Қоғамның өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады жəне олардың
міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Қоғам өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауап береді.
Қоғамның акционері оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді жəне
Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда,
өзіне тиесілі акциялардың құны шегінде қоғам қызметіне байланысты
залалдарға тəуекел етеді.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда акционерлік
қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы
мүмкін.
Қоғам (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған
коммерциялық емес ұйымнан басқасы) облигациялар жəне бағалы қағаздардың
өзге де түрлерін шығаруға құқылы.
Қазақстан Республикасының заң актілерінде қызметтің жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдар үшін акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысаны
міндетті болып белгіленуі мүмкін.
Қоғамның фирмалық атауы болады, онда "акционерлік қоғам" ұйымдық-
құқықтық нысанын көрсету жəне оның атауы қамтылуға тиіс. Қоғамның атынан
кейін "АҚ" аббревиатурасын пайдалана отырып, қоғамның атауын қысқартуға жол
беріледі.
Жария компания
Мынадай өлшемдерге сəйкес келетін қоғам жария компания болып танылады:
1) қоғам өзінің жай акцияларын, осы акцияларды инвесторлардың шектеусіз
тобына ұсына отырып, бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған жəне (немесе)
ұйымдастырылған нарығына орналастыруды жүзеге асыруға тиіс;
2) қоғамның орналастырылған жай акцияларының жалпы санының кемінде отыз
проценті, олардың əрқайсысы қоғамның орналастырылған жай акцияларының жалпы
санынан қоғамның жай акцияларының бес процентінен аспайтын акционерлерге
тиесілі болуға тиіс;
3) қоғамның жай акцияларының сауда-саттық көлемі уəкілетті органның
нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сəйкес болуға тиіс;
4) қоғамның акциялары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін
қор биржасының тізімдер санатында болуға тиіс, енгізілуі жəне онда болуы
үшін қор биржасының ішкі құжаттарымен бағалы қағаздарға жəне олардың
эмитенттеріне арнайы (листингілік) талаптар белгіленеді не олар Алматы
қаласының өңірлік қаржы орталығы арнайы сауда алаңдарының тізіміне
енгізіледі.
Жария компанияның жарғысында:
1) корпоративтік басқару кодексінің;
2) корпоративтік хатшы лауазымының;
3) корпоративтік веб-сайттың;
4) "алтын акцияға" тыйым салудың болуы көзделуге тиіс.
Уəкілетті орган қоғамды жария компания деп тануды немесе одан жария
компанияның мəртебесін қайтарып алуды қоғамның өтініші негізінде өзі
белгілеген тəртіппен жүргізеді.
Қоғам мынадай:
1) қатарынан соңғы үш айдың ішінде осы баптың 1-тармағының 2) жəне
(немесе) 3) тармақшаларындағы талаптарды сақтамаған;
2) осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасына сəйкес келмеген жағдайларда
жария компания мəртебесінен айырылады.
Қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке жəне (немесе) заңды тұлғалар
оның құрылтайшылары болып табылады. Қазақстан Республикасының заң
актілеріне сəйкес Қазақстан Республикасының Үкіметін, жергілікті атқарушы
органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен мемлекеттік мекемелер
қоғамның құрылтайшылары немесе акционерлері бола алмайды. Мемлекеттік
кəсіпорын осы кəсіпорынға қатысты меншік иесі мен мемлекеттік басқару
органының функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісімімен ғана
қоғамның құрылтайшысы болуға жəне оның акцияларын сатып алуға құқылы.
Қоғамның құрылтайшысы жалғыз тұлға болуы мүмкін. Қоғамның құрылтайшылары
қоғамды құруға байланысты жəне ол мемлекеттік тіркелгенге дейін туындаған
шығыстарды төлеу жөнінде ортақ жауаптылықта болады. Кейіннен мұндай
шығыстарды қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы мақұлдаған жағдайда ғана
аталған шығыстарды қоғам өз құрылтайшыларына өтейді.
Қоғам өз құрылтайшылары жиналысының (құрылтай жиналысының) шешімі
бойынша құрылады. Қоғамды бір құрылтайшы құрған жағдайда қоғамды құру
туралы шешімді ондай тұлға жеке-дара қабылдайды.
Қоғам осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде
белгіленген тəртіппен бар заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру арқылы құрылуы
мүмкін.
Бірінші құрылтай жиналысында құрылтайшылар:
1) қоғамды құру туралы шешім қабылдайды жəне қоғамды құру жөніндегі
бірлескен қызмет тəртібін белгілейді;
2) құрылтай шартын жасайды;
3) құрылтайшылар төлейтiн акцияның алдын ала төлем мөлшерiн белгiлейдi;
4) жарияланған акциялардың, соның ішінде құрылтайшылар төлеуге тиісті
акциялардың санын белгілейді;
4-1) қоғамның акцияларына айырбастауға жататын қоғамның бағалы
қағаздарын айырбастаудың шарттары мен тəртібін белгілейді;
4-2) осы Заңға сəйкес қоғам акцияларды сатып алған кезде олардың құнын
белгілеудің əдістемесін бекітеді;
5) шығарылатын болып жарияланған акцияларды мемлекеттік тіркеу туралы
шешім қабылдайды;
6) қоғамның тіркеушісін таңдайды;
7) мемлекеттік тіркеуге арналған құжаттарға қоғам атынан қол қоюға
уəкілетті адамдарды сайлайды;
8) қоғам құрылтайшыларының жарғылық капиталды төлеуге енгізілетін мүлкін
Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес бағалайтын адамдарды белгілейді;
9) қоғамның органдары құрылғанға дейін қоғамның қаржы-шаруашылық
қызметін жүзеге асыруға жəне үшінші тұлғалар алдында оның мүдделерін
білдіруге уəкілетті адамдарды сайлайды;
10) қоғамның жарғысын бекітеді.
Акциялар орналастырыла бастағанға дейін құрылтайшылардың кейіннен
бірнеше жиналысын өткізуге жол беріледі. Бұл орайда құрылтай жиналыстарына
құрылтай шартының барлық тараптары қатысқан жағдайда ғана бірінші құрылтай
жиналысында қабылданған шешімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол
беріледі.
Қоғамның бірінші құрылтай жиналысында əрбір құрылтайшының бір дауысы
болады. Егер құрылтай шартында өзгеше белгіленбесе, кейінгі құрылтай
жиналыстарында əрбір құрылтайшының бір дауысы болады.
5. Құрылтай жиналысының (жалғыз құрылтайшының) шешімдері қоғамның барлық
құрылтайшылары (жалғыз құрылтайшысы) қол қоюға тиісті хаттамамен
ресімделеді.
1. Құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының шешімінде):
қоғамның құрылтайшылары (жалғыз құрылтайшысы) туралы мəліметтер, соның
ішінде:
жеке тұлғаға қатысты: аты, азаматтығы, тұратын жері жəне жеке басын
куəландыратын құжат деректері;
заңды тұлғаға қатысты: оның атауы, орналасқан жері, мемлекеттік
тіркеуден өткені туралы деректер;
қоғамның құрылуы туралы жазба, қоғамның толық жəне қысқартылған атауы,
сондай-ақ оның құрылу тəртібі;
құрылтайшылар төлейтiн акциялардың алдын ала төлем мөлшерi, сондай-ақ
оны төлеудiң мерзiмдерi мен тəртiбi;
акциялар шығаруды мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін қоғамның
құрылтайшылар арасында орналастырылатын (жалғыз құрылтайшы сатып алатын)
жарияланған акцияларының саны, түрлері жəне нақтылы құны;
оның құрылтайшыларының құқықтары мен міндеттері жəне қоғамның құрылуына
байланысты шығыстарды бөлу, сондай-ақ құрылтайшылардың қоғамды құру
жөніндегі қызметін жүзеге асырудың өзге де талаптары;
қоғамды құру жəне мемлекеттік тіркеу процесінде оның мүдделерін білдіру
тапсырылатын адамдардың өкілеттіктерін белгілеу;
қоғам құрылтайшыларының кейінгі жиналыстарын шақыру мен өткізу тəртібі,
сондай-ақ əрбір қоғам құрылтайшысының кейінгі құрылтай жиналыстарындағы
дауыс саны;
қоғамның жарғысын бекіту туралы жазба;
құрылтай шартына (жалғыз құрылтайшының шешіміне):
құрылтайшылардың шешімі бойынша;
Қазақстан Республикасының заң актілеріне сəйкес енгізілуге тиісті өзге
де талаптар болады.
Құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының шешімінде) жазылған мəліметтер,
егер шарттың өзінде (жалғыз құрылтайшының шешімінде) өзгеше көзделмесе,
коммерциялық құпия болып табылады. Құрылтай шарты (жалғыз құрылтайшының
шешімі) мемлекеттік органдарға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға қоғамның шешімі
бойынша не Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген
жағдайларда ғана берілуге тиіс.
Құрылтай шартының (жалғыз құрылтайшы шешімінің) қолданылуы жарияланған
акциялардың шығарылуы мемлекеттік тіркелген күннен бастап тоқтатылады.
Құрылтай шарты əрбір құрылтайшының немесе оның өкілінің шартқа қол қоюы
арқылы жазбаша нысанда жасалады.
Жалғыз құрылтайшының шешімі жазбаша нысанда ресімделіп, оған құрылтайшы
немесе оның өкілі қол қояды.
Құрылтай шартын (жалғыз құрылтайшының шешімін) нотариат куəландыруға
тиіс.
Құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) өкілдерінің Қазақстан Республикасының
Заңдарына сəйкес ресімделген жəне құрылтайшылардың жиналысына қатысу мен
құрылтай шартына қол қою құқығын қоса алғанда, қоғам құруға құқық беретін
тиісті өкілеттіктері болуға тиіс.
Қоғамның жарғысы қоғамның заңды тұлға ретіндегі құқықтық мəртебесін
айқындайтын құжат болып табылады. Жұмыс iстеп тұрған акционерлiк қоғамның
акционерлердің жалпы жиналысы уəкілеттік берген тұлға қол қоятын жарғысының
жаңа редакциясын (оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi) қоспағанда,
қоғам жарғысына құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) не оның өкiлдерi (өкiлi)
қол қоюға тиiс. Қоғамның жарғысы, сондай-ақ оған енгiзiлетiн барлық
өзгерiстер мен толықтырулар нотариаттық куəландырылуға тиiс.
Қоғамның жарғысында мыналар:
1) қоғамның толық жəне қысқартылған атауы;
2) қоғамның атқарушы органының орналасқан жері;
3) қоғамның артықшылықты акцияларымен куəландырылған құқықтар көлемiн
қоса алғанда, акционерлердiң құқықтары туралы мəлiметтер;
4) қоғамның органдарын құру тəртібі жəне олардың құзыреті;
5) қоғам органдарының қызметін ұйымдастыру тəртібі, соның ішінде:
6) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын жəне алқалы органдарының
отырыстарын шақыру, əзірлеу жəне өткізу тəртібі;
7) қоғам органдарының шешімдер қабылдау тəртібі, соның ішінде шешімдері
айқын басым көпшілік дауыспен қабылдануға тиісті мəселелердің тізбесі;
8) қоғамның қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн пайдаланылатын
бұқаралық ақпарат құралын көрсете отырып, қоғамның акционерлеріне оның
қызметі туралы ақпарат беру тəртібі;
8-1) қоғам акционерлерi мен лауазымды тұлғаларының өз аффилиирленген
тұлғалары туралы ақпаратты беру тəртiбi
9) қоғам коммерциялық емес ұйым болған жағдайда: қоғамның коммерциялық
емес ұйым екендігін көрсету, дауыс беру рəсімі, дивидендтерді төлемеу
туралы ережелер мен осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының өзге де заң
актілерінде белгіленген басқа да талаптар;
10) қоғам қызметінің тоқтатылу талаптары;
Барлық мүдделі тұлғалар қоғамның жарғысымен танысуға құқылы. Қоғам
мүдделi тұлғаның талап етуі бойынша оған қоғамның жарғысымен, сонымен бірге
оған кейін енгізілген өзгерістермен жəне толықтырулармен танысуға мүмкіндік
беруге міндетті. Қоғам акционердің өзіне қоғам жарғысының көшірмесін беру
туралы талабын үш жұмыс күні ішінде орындауға міндетті. Қоғам акционерге
жарғының көшірмесін бергені үшін ақы алуға құқылы, ол көшірме дайындауға,
сондай-ақ жеткізіп беру қажет болған жағдайда оны жеткізуге жұмсалған
шығындардан аспауға тиіс.
Қоғам өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қоғамның
үлгі жарғысы негізінде жүзеге асыруға құқылы.
Қоғамның қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн қолданылуы мүмкiн
бұқаралық ақпарат құралдары жəне оларға қойылатын талаптар уəкiлеттi
органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленеді.
Қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері тиісті қаржы жылына
арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында
белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 50000 еселенген мөлшерінде болады.
Осы баптың бірінші бөлігінде қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі
мөлшері бойынша белгіленген талаптар өз қызметін инвестициялық
жекешелендіру қоры ретінде жүзеге асыратын қоғамға қолданылмайды.
Қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылардың (жалғыз құрылтайшының)
акцияларды олардың нақтылы құны бойынша жəне инвесторлардың осы Заңда
белгiленген талаптарға сəйкес айқындалатын орналастыру бағалары бойынша
төлеуi арқылы қалыптастырылады жəне ол Қазақстан Республикасының ұлттық
валютасымен көрсетiледі.
Қайта ұйымдастыру нəтижесiнде құрылған қоғамның жарғылық капиталы осы
Заңда белгiленген талаптарға сəйкес қалыптастырылады.
Акцияның құрылтайшылар алдын ала енгiзетiн төлем мөлшерi қоғамның
жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiнен кем болмауға жəне оны
құрылтайшылар қоғам заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап
отыз күн iшiнде толық төлеуге тиiс.
Қоғамның жарғылық капиталын ұлғайту қоғамның жарияланған акцияларын
орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
1.2 Акционерлік қоғамды құру және оның жарғылық капиталы
Қоғам жай акциялар, не жай жəне артықшылықты акциялар шығаруға құқылы.
Акциялар құжатсыз нысанда шығарылады.
Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық
емес ұйымдардың артықшылықты акциялар шығаруға құқығы жоқ.
Акция бөлінбейді. Егер акция ортақ меншік құқығымен бірнеше тұлғаға
тиесілі болса, олардың бəрі бір акционер деп танылады жəне өзінің жалпы
өкілі арқылы акциямен куəландырылған құқықтарды пайдаланады.
Егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, акцияның бір түрі оны иеленетін
əрбір акционерге осындай акциялар түрінің басқа иелерімен бірдей көлемде
құқықтар береді.
Қазақстан Республикасының заң актілерінде:
1) қоғамның акцияларымен мəмілелер жасасуға;
2) қоғамның бір акционерге тиесілі акцияларының ең көп мөлшеріне;
3) қоғамның акциялары бойынша бір акционерге берілетін ең көп дауыс
санына шектеулер белгіленуі мүмкін.
Қоғам басқа да бағалы қағаздар шығаруға құқылы, оларды шығару,
орналастыру, айналысқа салу жəне өтеу талаптары мен тəртібі Қазақстан
Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарымен белгіленеді.
Акциялардың түрлері:
1. Жай акция дауыс беруге енгізілетін барлық мəселелерді шешкен кезде
акционерге дауыс беру құқығымен акционерлердің жалпы жиналысына қатысу
құқығын, қоғамда таза табыс болған жағдайда дивидендтер, сондай-ақ қоғам
таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
тəртіппен оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын береді.
2. Артықшылықты акциялардың меншік иелері - акционерлердің жай
акциялардың меншік иелері - акционерлеріне қарағанда қоғамның жарғысында
белгіленіп, алдын ала айқындалып кепілдік берілген мөлшерде дивидендтер
алуға жəне қоғам таратылған кезде осы Заңда белгіленген тəртіппен мүліктің
бір бөлігіне басым құқығы бар.
Қоғамның артықшылықты акцияларының саны оның жарияланған акцияларының
жалпы санының жиырма бес процентінен аспауға тиіс.
3. Осы баптың 4-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда,
артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын бермейді.
- қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы шешімі бойынша артықшылықты
акцияларды иеленуші акционердің құқығын шектеуі мүмкін мəселені қараса.
Шектеу қою үшін орналастырылған (сатып алынғандарын шегере отырып)
артықшылықты акциялардың жалпы санының кемінде үштен екі бөлігі жақтап
дауыс берген жағдайда ғана мұндай мəселе бойынша шешім қабылданды деп
есептеледі;
- қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қоғамды қайта ұйымдастыру не
тарату туралы мəселені қараса;
- артықшылықты акция бойынша дивиденд оны төлеу үшін белгіленген мерзім
өткен күннен бастап үш ай ішінде толық мөлшерінде төленбесе, артықшылықты
акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын береді.
Құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшының шешімі) немесе акционерлердің
жалпы жиналысы жарғылық капиталды қалыптастыруға жəне дивидендтер алуға
қатыспайтын бiр "алтын акцияны" енгізуі мүмкін. "Алтын акция" иесінің
акционерлердің жалпы жиналысының, директорлар кеңесі мен атқарушы органның
шешімдеріне қоғам жарғысында белгіленген мəселелер бойынша вето қою құқығы
болады. "Алтын акция" куəландырған вето қою құқығы басқаға берілмеуге тиіс.
Қоғам акционерінің:
1) осы Заңда жəне қоғамның жарғысында көзделген тəртіппен қоғамды
басқаруға қатысуға;
2) дивидендтер алуға;
3) қоғамның қызметі туралы ақпарат алуға, оның ішінде акционерлердің
жалпы жиналысында немесе қоғамның жарғысында белгіленген тəртіппен қоғамның
қаржы есептілігімен танысуға;
4) қоғамның тіркеушісінен немесе нақтылы ұстаушыдан оның бағалы
қағаздарға меншік құқығын растайтын үзінді көшірмелер алуға;
5) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысына қоғамның директорлар кеңесіне
сайлау үшін кандидатура ұсынуға;
6) қоғамның органдары қабылдаған шешімге сот тəртібімен дауласуға;
7) қоғамға оның қызметі туралы жазбаша сауал салуға жəне қоғамға сауал
келіп түскен күннен бастап отыз күн ішінде дəлелді жауаптар алуға;
8) қоғам таратылған кезде мүліктің бір бөлігіне;
9) заңнамалық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңда
белгіленген тəртіппен өз акцияларына айырбасталатын қоғамның акцияларын
немесе басқа да бағалы қағаздарын артықшылықпен сатып алуға құқығы бар.
Ірі акционердің, сондай-ақ:
1) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруды талап етуге
немесе директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын шақырудан бас
тартқан жағдайда оны шақыру туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге;
2) директорлар кеңесіне осы Заңға сəйкес акционерлердің жалпы
жиналысының күн тəртібіне қосымша мəселелер енгізуді ұсынуға;
3) директорлар кеңесінің отырысын шақыруды талап етуге;
4) өз есебінен аудиторлық ұйымның қоғам аудитін жүргізуін талап етуге
құқығы бар.
Акционерлердің осы баптың 1 жəне 2-тармақтарында белгіленген құқықтарын
шектеуге жол берілмейді.
Қоғамның жарғысында акционерлердің өзге де құқықтары көзделуі мүмкін.
Қоғам акционерлерінің міндеттері
1. Қоғамның акционері:
1) акцияларды төлеуге;
2) осы акционерге тиесілі акцияларды қоғамның тіркеушісіне жəне нақтылы
ұстаушыға қоғамның акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiн жүргізуге
қажетті мəліметтердің өзгерісі туралы он күн ішінде хабарлауға;
3) қоғам немесе оның қызметі туралы қызметтік, коммерциялық немесе
заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын ақпаратты жария етпеуге;
4) осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде
белгіленген басқа да міндеттерді орындауға міндетті.
2. Акционердің осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген
талаптарды орындамауының салдары үшін қоғам мен қоғамның тіркеушісі жауапты
болмайды.
Қоғамның бағалы қағаздарын басымдықпен сатып алу құқығы
Жарияланған акцияларды немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын
басқа да бағалы қағаздарды орналастыру, сондай-ақ бұрын сатып алынған осы
бағалы қағаздарды сату ниетi бар қоғам осы туралы шешiм қабылдаған күннен
бастап он күн iшiнде өз акционерлерiне жазбаша хабарлама жiберу немесе
бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы өздерiнде бар акциялар
санына барабар бағалы қағаздарды тең жағдайларда орналастыру (өткiзу)
туралы шешiм қабылдаған қоғамның органы белгiлеген орналастыру (өткiзу)
бағасы бойынша оларды сатып алуды ұсынуға мiндеттi. Акционер қоғам
акцияларын орналастыру (өткiзу) туралы хабарланған күннен бастап отыз күн
iшiнде акцияларды не қоғамның акцияларына айырбасталатын өзге де бағалы
қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығына сəйкес сатып алуға өтiнiм беруге
құқылы.
Бұл орайда қоғамның жай акцияларын иеленетiн акционердiң жай акцияларды
немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды
басымдықпен сатып алу құқығы бар, ал қоғамның артықшылықты акцияларын
иеленушi акционердiң қоғамның артықшылықты акцияларын басымдықпен сатып алу
құқығы бар.
Қоғам акционерлерінің бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығын
іске асыру тəртібін уəкілетті орган белгілейді.
Қоғамның акцияларын орналастыру
1. Қоғам өз акцияларының шығарылымы мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн
акциялардың жарияланған мөлшерi шегiнде оларды бiр немесе бiрнеше
орналастыру арқылы орналастыруға құқылы.
Қоғамның жарияланған акцияларының саны шегiнде акцияларын орналастыру
туралы шешiмдi, қоғамның жарғысында осы мəселе акционерлердiң жалпы
жиналысының құзыретiне жатқызылған жағдайды қоспағанда, қоғамның
директорлар кеңесi қабылдайды.
Акцияларды орналастыру ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында
өткiзiлетiн жазылу немесе аукцион не бағалы қағаздардың ұйымдастырылған
рыногында өткізілетін жазылу немесе аукционда сату арқылы жүзеге асырылады.
1-1. Акционер артықшылықпен сатып алу құқығына сəйкес оған акцияны
немесе қоғамның жай акцияларына айналдырылатын басқа бағалы қағазды сатып
алуға өтініш беру үшін берілген отыз күннің ішінде акцияны немесе қоғамның
жай акцияларына айналдырылатын басқа бағалы қағазды иеліктен айырған кезде,
егер акцияның бұрынғы иесі мұндай өтініш бермеген жағдайда осы құқық
акцияның немесе қоғамның жай акцияларына айналдырылатын басқа бағалы
қағазды жаңа иесіне ауысады.
2. Жазылу арқылы қоғам орналастыратын акциялар, акцияларды артықшылықты
сатып алу құқығына сəйкес сатып алатын акционерлерді қоспағанда, осы
орналастыру шегінде акцияларды сатып алатын барлық тұлғалар үшін бірдей
сату бағасы бойынша сатылуға тиіс.
Акционерлер акцияларды артықшылықты сатып алу құқығына сəйкес
орналастыру туралы шешім қабылдаған қоғамның органы белгілеген бірыңғай
орналастыру бағасы бойынша сатып алады.
3. Акцияларды орналастыру туралы шешім қабылдаған қоғамның органы осы
орналастыру үшін белгілеген акцияларды орналастыру бағасы осы акциялардың
сатылуы мүмкін неғұрлым төменгі бағасы болып табылады.
4. Қоғамның жарияланған акцияларды орналастыру туралы шешiм қабылдауға
уəкiлеттi органы орналастырылатын акциялардың санын ұлғайту жəне (немесе)
орналастыру бағасын төмендету туралы шешiм қабылдаған жағдайда, бұл
орналастыру осы Заңның 16-бабы 1-тармағының ережелерi ескерiле отырып
жүргiзiледi.
Ірі мəміле мыналар:
1) нəтижесінде құны қоғам активтері құнының жалпы мөлшерінің жиырма бес
жəне одан да көп проценті болатын мүлікті қоғам сатып алатын немесе
иеліктен шығаратын (сатып алуы немесе иелiктен шығаруы мүмкiн) мəміле
немесе өзара байланысты мəмілелердің жиынтығы;
2) нəтижесінде қоғам өзінің орналастырылған бағалы қағаздарын сатып алуы
немесе орналастырылған бiр түрдегi бағалы қағаздардың жалпы санының жиырма
бес жəне одан да көп проценті мөлшерінде олардың сатылып алынған бағалы
қағаздары сатылуы ықтимал мəміле немесе өзара байланысты мəмілелердің
жиынтығы;
3) қоғамның жарғысында ірі мəміле деп танылатын өзге де мəміле ірі
мəміле деп танылады.
4) белгілі бір мүлікті сатып алуға немесе иеліктен айыруға қатысты
белгілі бір тұлғамен не өзара аффилиирленген тұлғалар тобымен жасалатын
бірнеше мəміле;
5) бір шартпен немесе өзара байланысты бірнеше ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz