Сертификат беру


Жоспар:
1 Аккредиттеу саласында қолданылатын негізгі ұғымдар мен принциптер
- Аккредиттеу туралы түсінік
2 Аккредиттеудің даму тарихы мен халықаралық тәжірибесі
2. 1 Аккредиттеудің халықаралық тәжірибесі (АҚШ мысалында)
Пайдаланылған әдебиеттер
1 Аккредиттеу саласында қолданылатын негізгі ұғымдар мен принциптер
- Аккредиттеу туралы түсінік
Аккредиттеу - эксперттік бағалауды өткізу жөніндегі эксперт немесе эксперт орталығының сәйкес аймақтардағы жеке және заңды тұлғалардың біліктілік талаптарға сәйкестіктеріне орай ресми уәкілдік беру.
Сертификаттау - сәйкестікті растау бойынша орган өнімнің, қызмет көрсетудің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын процедура.
Сәйкестік сертификаты - өнімнің, қызмет көрсетудің техникалық регламентте, стандарттар ережелерінде немесе өзге құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат.
Сертификаттау бойынша органға қарауы және сертификат беруі үшін қандай құжаттар ұсыну қажет?
Сынақ жүргізу үшін қажетті келісілген құжаттар жинағы және өнім үлгілері.
Сертификаттау жүргізудің тәртібі:
сертификаттауға өтінім беру және қарау;
өтінім бойынша шешім қабылдау, соның ішінде сызбаны таңдау;
сертификаттау бойынша жұмыс жүргізуге келісім жасау;
үлгілерді сәйкестендіру, іріктеу және оларды сынау;
өндірісті бағалау (егер бұл сертификаттау сызбасында қарастырылған болса)
алынған нәтижелерді талдау және Сертификат беру туралы (беруден бас тарту туралы) шешім қабылдау;
мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізіміне Сертификатты тіркеу;
Сертификат беру;
сертификатталған өнімге инспекциялық бақылауды жүзеге асыру (егер бұл сертификаттау сызбасында қарастырылған болса) ;
Сертификаттау нәтижесі туралы ақпарат ұсыну.
Сертификаттаудың қандай сызбалары жиірек пайдаланылады?
3, 7, 9 және 10- сызбалар анағұрлым кең қолданысқа ие болды.
Импорттық өнімге шетелдік сәйкестік сертификаты қоса берілген кезде құптау процедурасы жүргізіледі, яғни шетелдік сертификат (белгіленген шарттарға қарай) негізінде қазақстандық сертификат беру.
Сертификаттау бойынша жұмысқа сәйкестікті растау бойынша органмен (әрі қарай - СРО) жасалған келісім негізінде өтінім беруші-кәсіпорын ақы төлейді.
Сертификаттауға өтінімді аккредиттеу саласына өтінім берілген өнім немесе қызмет көрсету қамтылған кез келген СРО-ға беруге болады.
Сертификаттау (құптау) бойынша жұмыстар сертификаттау үшін СРО-да берілетін бланкіге ресімделген өтінім берілген соң және келісілген шартқа және берілген есепке сай ақы төленген соң басталады.
Өнім сәйкестігін растау процесінің негізі неде?
Өнім сәйкестігін растау өнімді сынақтан өткізуге негізделген.
Сынау жұмыстары аккредиттелген зертханаларда жүргізіледі және шығарда сынақ хаттамасы деп аталатын құжат беріледі.
Осы құжаттың негізінде Сертификат беріледі.
Өнімді сертификаттау не үшін қажет?
Қазақстан Республикасының өнім экспорты және импорты ауқымы бойынша әлемнің көптеген елдерінің сыртқы сауда қызметтерінде өзіндік орны бар.
Қазақстан Республикасының заңы бойынша елімізге әкелінетін шетелдік өндірушілердің өнімдері сапа стандарттарына сай болуы тиіс және сол себепті сертификаттауға жатқызылады.
Сертификаттау шығарылатын өнімге қандай артықшылық береді?
Сертификаттау процесінен өткен және сәйкестік сертификатын алған тауар кедендік құжаттарды ресімдеу кезінде ешқандай қиындық келтірмейді. Предприятия, не осознающие необходимости в сертификации продукции, неизбежно теряют свои позиции на казахстанском рынке.
Өнімді сертификаттау қажеттілігін мойындамайтын кәсіпорындар қазақстандық нарықтағы өз ұстанымын сөзсіз жоғалтады.
Қандай сертификатты қандай өнімге ресімдеу қажет?
Белгілі бір өнім түріне сертификат алу техникалық регламентпен, техникалық реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық актілермен, «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004-жылғы 9-қарашадағы № 603-ІІ ЗРК (17. 07. 2009-ж. бойынша өзгерістері және толықтыруларымен) заңымен; «Қазақстан Республикасындағы өнім сәйкестігін міндетті растау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005-жылғы 20-сәуірдегі № 367-қаулысымен (28. 06. 2008-ж. бойынша өзгерістері және толықтыруларымен) регламенттелген;
Тауарды сертификаттау процесі қанша уақыт алады?
Сәйкестік сертификатын ресімдеу мерзімі сертификаттаудың осы саласында бұрынырақ ресімделген сертификаттарының болуына, өнім типіне, тауар санына (партиясы, контрактісі, сериялық өндірісі) және оның өзіндік ерекшеліктеріне байланысты. Барлық ұсынылған құжаттарды оқып-зерттеген соң сарапшылар алдағы сертификаттау бойынша жұмыс жүргізу уақытын белгілейді.
Сертификаттау бойынша қызмет көрсету құны неге байланысты?
Сертификаттау бойынша қызмет көрсету құны тауардың жеке ерекшелігіне, басқа сертификаттарының болуына және сертификаттау бойынша жүргізілетін зерттеулердің ерекшеліктеріне байланысты. Алдағы сертификаттау процесінің барлық аспектілерін оқып-зерттеген соң, қорытынды бағасы және сертификаттау қызметін көрсету мерзімі белгіленеді. Барлық ұсынылған құжаттарды оқып-зерттеген соң сәйкестікті растау бойынша органның мамандары алдағы сертификаттау құнын белгілейді.
Сәйкестік сертификатын ұсыну қандай жағдайларда қажет болады?
Сертификаттар кедендік органдарға кедендік жүк декларациясымен бірге ұсынылады және Қазақстан Республикасының территориясына өнімді әкелуге рұқсат алу үшін қажетті құжат болып табылады. Кеден қызметкері сертификат берген органға телефон соғу арқылы растауын сұрай алады. Сауда нүктесінде сәйкестік сертификатының болуын, сонымен қатар, салық инспекциясының және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері тексере алады.
Сериялық өндірістің сәйкестік сертификаты дегеніміз не?
Сериялық өндіріске 3 жылға дейінгі мерзімге сәйкестік сертификатын аккредиттеу аттестаты бар сәйкестікті растау бойынша орган бере алады. Сертификат может быть выдан иностранной фирме-производителю или предприятию-поставщику продукции на казахстанский рынок.
Сертификат шетелдік өндіруші-фирмаға немесе қазақстандық нарыққа өнімді жабдықтаушы-кәсіпорынға берілуі мүмкін.
Өнімнің өндірістік процесін және зертханалық зерттеулерді, үлгілерді оқып-зерттеген соң сәйкестікті растау бойынша орган сериялық өндіріске сәйкестік сертификатын беру туралы шешім қабылдайды.
Егер кәсіпорында сертификатталатын өнімге сапа менеджменті жүйесінің сертификаты бар болса, шешім қабылдау жылдам жүзеге асырылады және бұл жағдайда өндіріс жағдайына талдау жүргізілмейді.
Сериялық өндірістің өніміне сәйкестік сертификатын алу үшін қандай құжаттарды ұсыну қажет?
Сериялық өндіріс өнімінің сәйкестігін растау үшін төмендегілер ұсынылады: өндіруші туралы деректер, өтінім беруші туралы деректер, өтінім берушінің кәсіпорнын тіркеу туралы куәлік, өтінім берушінің кәсіпорнының реквизиттері, сертификатталатын өнімнің нақты атауы, типтерін және маркаларын, өндіріс типтері мен партия ауқымын, техникалық құжаттамасын, бұрынырақ алынған сертификаттары немесе сынақ хаттамаларын (болғаны дұрыс) қоса алғанда, өндірушінің (өтінім берушінің) кепілхаты.
Өнім партиясын сертификаттау үшін қандай құжаттар қажет?
Өнім партиясының сәйкестігін растау үшін төмендегілерді ұсыну қажет:
өндіруші туралы деректер, өтінім беруші туралы деректер, өтінім берушінің кәсіпорнын тіркеу туралы куәлік, өтінім беруші фирманың реквизиттері, сертификатталатын өнімнің нақты атауы, типтерін және маркаларын, техникалық құжаттамасын, бұрынырақ алынған сертификаттары немесе сынақ хаттамаларын қоса алғанда, партия санын көрсету, өнім келіп түсетін контракт көшірмесі.
Сәйкестікті өз еркімен растау дегеніміз не және ол не үшін қажет?
Сәйкестікті өз еркімен растау - өнімнің, қызмет көрсетудің, процестердің стандартқа, өзге құжаттарға немесе өтінім берушінің арнайы талаптарына сәйкестігін растау үшін өндірушінің (орындаушының) немесе сатушының бастамасымен жүзеге асырылатын процедура.
Сәйкестікті міндетті растау дегеніміз не?
Сәйкестікті міндетті растау - өнімнің белгіленген техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін растау жүзеге асырылатын процедура.
Сертификаттау қандай болады?
Сертификаттау - міндетті және ерікті болады.
Сертификаттарды кім береді?
Менщіктік нысандардан тәуелсіз, өнім (қызмет көрсету) өндірушілерден (орындаушылардан), өнімдерді (қызмет көрсетулерді) жабдықтаушылардан және тұтынушылардан тәуелсіз, штатта сәйкестікті растау бойынша сарапшы-аудиторлары бар және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген, бекітілген қызмет бағыты бойынша зертханалары бар ұйымдар.
Сертификаттау объектілерінің жалпы техникалық талаптары қайда орналасқан?
Түрлі ресми құжаттарда (Техникалық регламенттер, ҚР СТ ГОСТ-тар, Санитарлық ережелер (СЕ), Гигиеналық нормалар (ГЕ), Құрылыс нормалары және ережелері (ҚНЖЕ, түрлі халықаралық стандарттар және тағы басқалар) .
Сәйкестік сертификаты сынау жүргізбей беріле ме?
Кейбір жағдайларда сертификат тек қана ұсынылған құжаттар негізінде сынау жүргізбей беріле алады. Ол үшін іс жүзінде арнайы сертификаттау сызбалары бар.
СТ-1 шығу тегі сертификаты дегеніміз не?
Бұл - өнімнің белгілі бір елде әзірленгенін немесе жеткілікті дәрежеде қайта өңделгенін растайтын құжат. Кеденде (контрагентке) өнімді өткізу кезінде талап етіледі.
СТ-KZ шығу тегі сертификаты дегеніміз не?
Бұл - өнімнің Қазақстан Республикасында толығымен шығарылғанын немесе жеткілікті дәрежеде өңделгенін/қайта өңделгенін растайтын құжат. Сондай-ақ онда тауардың қазақстандық мазмұны бейнеленеді.
Сәйкестік туралы декларация дегеніміз не?
Сәйкестік туралы декларацияны, егер, ол техникалық регламентте қарастырылған болса, сәйкестігі міндетті растауға жататын өнімге, сонымен қатар ерікті түрде сәйкестігін міндетті растауға жатпайтын кез келген өнімге қатынаста өндіруші (орындаушы) ресімдейді.
2 Аккредиттеудің даму тарихы мен халықаралық тәжірибесі
Аккредиттеу (лат. ассредо - сенемін) - кез келген БАҚ редакциясының өкілетті өкілінің өз қызметкерін басқа мемлекетке, үкіметтік, қоғамдық және басқа да ұйымдарға, баспасөз орталығына жіберуі. [1]
ҚР «БАҚ туралы» Заңының «Журналистің құқы мен міндеттері» тарауының «Журналистерді аккредиттеу» 22-бабында «БАҚ мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың келісімімен олар да өз журналистерін аккредиттей алады", - деп көрсетілген.
Журналистерді аккредиттеген органдар оны отырыстар, жиындар мен өзге де шаралар жайлы алдын ала хабардар етіп, қажетті құжаттармен және материалдармен қамтамасыз етуге міндетті. Мемлекетте аккредиттелген тілшілер мен өзге де БАҚ өкілдері басқа мемлекетке шығатын болса олардың құқықтық ережелері мен кәсіби қызметі ҚР заңдылықтарымен және республиканың басқа мемлекеттермен жасалатын шарттарымен реттеледі.
Аккредиттеу ережелері 2000 жылдың 5 қаңтарында №5 МКИОС бұйрығымен бекітілген.
Аккредиттеу - эксперттік бағалауды өткізу жөніндегі эксперт немесе эксперт орталығының сәйкес аймақтардағы жеке және заңды тұлғалардың біліктілік талаптарға сәйкестіктеріне орай ресми уәкілдік беру.
Жеке және заңды тұлғаларды аккредиттеу сәулет, қаласалу және құрылыс мемлекеттік басқармасы арқылы жүзеге асырылады.
Жеке және заңды тұлғаларды эксперт немесе эксперт орталығы ретінде аккредиттеуге мынадай міндеттер жатады:
- құжат берушінің материалдарының нақтылығы мен құжаттарын қарау;
- құжаттандырудың толықтығы мен дұрыстығы;
- материалды-техникалық база орнына міндетті баруда зерттеу мен сараптау (техникалық аудит) ;
- нормативтік-анықтамалық және әдістемелік әдебиеттердің болуы;
- компьютерлік, және басқа да оргтехниканың бағдарламалық қамтуын жүзеге асыру;
- өндірістік алаңдардың болуы мен құжаттардың мұрағаттандырылуы;
- экспертке кандидаттық аттестациядан өту;
- эксперттік орталық немесе эксперт ретінде жеке және заңды тұлғаларды аккредиттеу туралы уәкілетті органдардың шешім қабылдауы (бас тартуы) ;
- аккредиттеу куәлігін құжаттандыру.
Экспертке үмкіткерді аттестациялау оның эксперт мәртебесіне сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы Комиссия қорытындысымен берілетін нәтиже бойынша тестілеу негізінде жүзеге асырылады.
Жеке және заңды тұлғаларды аккредиттеу тұлғалардың ресми келісімдерімен, уәкілетті орган арқылы олардың қатысуынсыз жасалынады. Бұл жағдайда Комиссия мүшелерінің дауыс беруі шешім жобасын визалау жолымен іске асырылады. Шешім жобалары бойынша Комиссия мүшелерінің дауыс беруі ауыстыру құқынсыз, жеке жүзеге асырылады.
Жоо-ның толық немесе жеке бағдарламаларының сапасының алдын - ала жасалынған шарттарға және стандарттарға сәйкестігін формалды түрде құптау үшін, өкіметтік, өкіметтік емес немесе жеке органдардың өткізетін бағалау процесі. Әдетте, мәртебе беру («иә/жоқ» шешімі), құптау, және кейбір жағдайларда белгілі бір мерзімде жұмыс жасауға лицензия беру, осы процестің нәтижесі болып табылады. Бұл процеске өзін-өзі бағалау мен сыртқы бағалау да кіруі мүмкін. Акредиттеу процесі, негізінен төмендегідей үш сатыдан тұрады:
- оқытушылар, әкімшілік және қызметкерлер ұйымдастырған, жооның барлық жұмыстарына немесе жеке бағдарламаларына қатысты өзін-өзі бағалау процесі. Аккредиттеу органдарының стандарттары мен шарттарын негізге алатын есепте өзін-өзі бағалау нәтижелері көрсетіледі;
- жооға аккредиттеу ұйымы таңдаған сарапшылар командасы барады. Жооға барғанда олар оқытушылармен және жоо басшылығымен әңгімелесулер өткізеді. Комиссияның тұжырымдары мен ұсыныстары кіретін есеп, осы жұмыстың нәтижесі болып табылады;
- комиссияның белгіленген сапа шарттарына негізделген барлық факторларды бағалауы, және жоо мен қажетті инстанцияларды ақпараттандыратын оның соңғы шешімі.
Жоо диплом немесе дәреже бере алатын құралды, компетентті органнан алады. Мемлекет, өкіметтік агенттік және осы немесе шетелдің жоолары компетентті орган болып табылады.
Институционалдық аккредиттеу: бұл термин бүкіл жооны, оның оқыту бағдарламаларын, қорларын және оқыту тәсілдерін аккредиттеуге жатады.
2. 1 Аккредиттеудің халықаралық тәжірибесі (АҚШ мысалында)
Аймақтық аккредиттеу (АҚШ) : бұл жооға белгілі географиялық зонада аккредиттеу процедураларын өткізетін құпталған ассоциациялар немесе аккредиттеу комиссиялары беретін аккредиттеу. АҚШта үш немесе одан да жоғары штаттарда білім беру мекемелерін аккредиттеумен айналысатын алты аймақтық аккредиттік комиссиялар бар.
Мамандандырылған аккредиттеу: «Мамандандырылған» аккредиттеу органдарының немесе бағдарламаларды аккредиттеу агенттіктерінің, жеке құрылымдық бірліктерді немесе бағдарламаларды, курс мазмұндарына және оқыту бағдарламаларына ерекше стандарттарды пайдалана отырып аккредиттеуі (мысалы, кәсіби оқытуды) .
Аккредиттеудің ұзақтығы: Аккредиттеу туралы шешімдер шектеулі уақыт мерзіміне арналып қабылданады. Лицензия мерзімі біткенде оны жаңалатуды, аккредиттеу лицензиясының мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдауға құқылы аккредиттік агенттіктері қабылдайды.
Аккредитациялық мәртебе: аккредиттік агенттіктері аймақтық, ұлттық немесе мамандандырылған дәрежеде бекіткен стандарттарға немесе жүктемелерге, жооның немесе жеке бағдарламаның сәйкес келетіндігін формалды түрде құптау.
Аккредиттеу портфолиясы: белгілі бір сұрақтар бойынша, әсіресе, білім стандарттары бойынша жеткен жетістіктерге куәлік беретін мәліметтерді жинау. Бұл қызметті өкілетті мекеме немесе сыртқы сарапшылар атқарады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz