АЗАМАТТЫҚ ІСТЕРДІ БІРІНШІ САТЫДАҒЫ СОТТА ҚАРАУ ТӘРТІПТЕРІ
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І ТАРАУ АЗАМАТТЫҚ ІСТЕРДІ БІРІНШІ САТЫДАҒЫ СОТТА ҚАРАУ ТӘРТІПТЕРІ
1.1 Азаматтық істерді қозғау тәртіптері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Азаматтық істерді сотқа әзірлеу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3. Азаматтық істерді түп нұсқасында қарау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.4. Бірінші сатыдғы сот актілері мен шешімдері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ІІ ТАРАУ ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНБЕГЕН СОТ ШЕШІМДЕРІН АППЕЛЯЦИЯЛЫҚ САТЫДА ҚАРАУ
ТӘРТІПТЕРІ
2.1. Заң күшіне енбеген сот актілеріне апелляциялық шағым беру, наразылық
келтіру тәртібі мен мерзімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... .
2.2. Апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарау ... ... ..
ІІІ ТАРАУ ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНГЕН СОТ АКТІЛЕРІН ҚАДАҒАЛАУ
ТӘРТІБІМЕН ІС ЖҮРГІЗУ
3.1. Сот актілерін қадағалау тәртібімен қайта қарау

3.2. Қадағалау тәртібімен іс жүргізуде сот өкілеттігі

3.3.Заңды күшіне енген сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша
қайта қарау жөнінде іс жүргізу

ҚОРЫТЫНДЫ

... ... ... ... ... ... .
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: ҚР Президентінің Н.А.Назарбаевтың 2010
жылдың тамыз айының 17 жұлдызында шығарылған жарлығы бойынша ҚР құқық
қорғау органдарын жетілдіру, соның ішінде сот органдарының алатын орны
ерекше. ҚР сот органдары азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын
қорғайтын мемлекеттік орган болып табылады, азаматтық істер бойынша да
шешімді шығарып, әділдікке апаратын ең басты органның бірі. Қылмыстық іс
бойынша шығарылатын үкімдер де, азаматтық іс бойынша шешімдер де заң
негізінде барлық талаптарды қамтамасыз етіп әділ төрелігін жүргізеді.
Біліктілігінің негізі құқықтық салаларды жақсы білу және олардың ішінде
жол табу ісін меңгеру болып табылады. Азаматтық іс жүргізуге құқығы өзге
салалардың арасында маңызды орында. Сондықтан да заң факультетінің
түлектерінің болашақта судья, прокурор, адвокат және басқа да құқық
қолданылатын қызметтерде жоғары нәтижелерге жету шарттарының бірі болып,
азаматтық іс жүргізуге құқығын терең зерттеу болып табылады.
Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізуге регламентациясы,
салыстырмалы жақында ғана қабылданған АІЖК бойынша жүргізілуіне байланысты,
зерттелетін мәселе әлі толық қаралған емес. Сот, сот және құқық қорғау
жүйесінің принциптерін, АІЖК-нің құқықтық негізін Конституция белгілейді.
ҚР қабылдаған АІЖК-нің позитивтік жақтарын алсақ, ол азаматтық
соттардың юрисдикцияларының кең болуы, айтысу регламентациясы талаптарының
сапалы белгіленуі.
Құқықтық жүйенің құрылымының принциптері ретінде, демократияны және
заңнаманы либералдау жолын таңдау, ҚР азаматтық іс жүргізуге құқығына да
үлкен әсерін тигізеді. Конституциялық принциптерді өмірде іске асыру үшін
әрбір заңнамалық адымды толық, теориялық зерттелген идяларды қолдана
отырып, жасау кажет. Ол үшін мемлекетімізге жоғары сапалы заңгерлер, заң
жағынан білікті мемлекеттік қызметкерлер қажет. Бұл кәсіп, әсіресе,
қоғамның әлеуметтік құрылуы, жаңа экономикалық және саяси бағдар таңдауы
кезінде жоғары бағаланады.
Азаматтық іс жүргізу сатыларында соттың қатысуы міндетті, өйткені сот
іс жүргізуге тәртібін азаматтардың құқықтарын қорғауға өзінің қызметін
жұмылдырады. Азаматтық іс жүргізуге соттың қатысуы - осы саланың мәнін,
негізгі жақтарын көрсетуі. Соттың азаматтық іске қатысуы халықтың құқықты
әлеуметтік бағасы, саяси-құқықтық идеялардың айна көрінісі болып табылады.
Оларда, халықтың идеялары мен ойларын ең толық қанағаттандыратын,
заңдылықты азаматтық істерде ұйымдастырудың негіздері, соттың процессуалдық
іс-әрекеті, сот процесіне қатысушылардың құқықтық мәртебесін анықтау
жолының құқықтық сапалар тізімі түйінделеді. Соттың азаматтық іске
қатысуының мазмұны демократиялық бағытта болады, және заң нормаларымен
бекілітіліп, заңдылықты азаматтардың заң және сот алдында теңдігін сақтай
отырып, соттың жүзеге асыруын, істерді судьялардың жеке-дара немесу алқалы
түрде қаралуын, судьялардың тәуелсіздігі мен тек заңға бағынуы, жариялылық,
сот ісін мемлекеттік тілде жүргізілуін білдіреді. Әрбір адамның сотқа
қорғаныс іздеп және соттың қорғанысына жүгінуіне мүмкіндік беретін, сот
ісін жүзеге асыруының қолайлы болуы, іске қатысушылардың реалды құқықтары
және олардың жүзеге асуының кепілдігі болып табылады.
Сондықтан да, азаматтық іс жүргізу сатыларының түсінігін дұрыс талқылау
қажет.
Дипломдық жұмысытың объектісі – азаматтық іс жүргізуге сатылары және
олардың конституциялық негіздері.
Тақырыбтың пәні – азаматтық іс жүргізугедің заң нормалары, Конституция.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – азаматтық іс жүргізу сатыларының түсінігін
талқылау.
Дипломдық жұмысым кіріспе қорытынды және пайдаланған әдеттермен қоса
негізгі үш тараудан тұрады:
- І тарау Азаматтық істерді бірінші сатыдағы сотта қарау тәртіптері
- ІІ тарау Заңды күшіне енбеген сот шешімдерін аппеляциялық сатыда қарау
тәртіптері
- ІІІ тарау Заңды күшіне енген сот актілерін қадағалау
- Тәртібімен іс жүргізу

1. Азаматтық істерді қозғау тәртіптері
Республикада азаматтық, төрелік, қылмыстық және басқа да істерді
қарайтын, соттардан тыс ешқандай орган жоқ. Азаматтық және шаруашылық
істерді сотқа дейін әзірлеу жүргізу сот төрелігін жүзеге асыру болып
табылмайды. Сондықтан Республиканың Конституциясында сот төрелігін
жүргізетін органдардың арасында алдын ала тергеу жүргізетін органдар және
прокуратура аталмайды.
Сот азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерін қорғайтын, ол бұзылған жағдайда оны қалпына келтіретін барынша
ықпалды нысан болып табылады.
Соттарға мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы берілген. Сот азаматтық
және шаруашылық істер жөніндегі шешімдермен кінәлі тарапты (талап қоюшыны
немесе жауапкерді) тиісті тәртіпке шақырады, оларды міндеттері мен
жауапкершілігін орындауға, оның ішінде жауапкердің есеп шотынан талап
қоюшының пайдасына ақшалай қаражат өндіртуге не мүліктерін өндіруге
мәжбүрлейді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 2-тармағына сәйкес
әркім өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқылы.
Алайда іс жүзінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзушылық
және оларды шектеу әлі де орын алады. Бұл жағдайда жеке, мүліктік, отбасы,
еңбек және өзге де құқықтары мен заңды мүдделерді қорғаудың ең тиімді
тәсілі – азаматтардың сотқа жүгінуі.
Сотта азаматтық іс:
- өзінің құқығын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін өтініш
жасаған адамның арызы бойынша;
- прокурордың арызы бойынша;
- заң бойынша басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін сотқа
жүгіне алатын болған жағдайда мемлекеттік басқару, жергілікті өзін-өзі
басқару органдарының, кәсіподақтың, мекемелердің, ұйымдардың және
азаматтардың мәлімдеуі бойынша қозғалады (ҚР АІЖК-нің 8, 56, 57-баптары).
Азаматтық іс қозғау – процестің бірінші және өте маңызды сатысы.
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 152-бабына сәйкес азаматтық іс бойынша
арызды қабылдау туралы мәселені судья жеке дара шешеді. Арыз сотқа
түскеннен бастап бес күннің ішінде судья істі қозғау жөнінде ұйғарым
шығарады. Мүдделі адамның құқығын соттың қорғауы іске асырылатыны немесе
бұдан бас тартылатыны соттың бұл мәселені дұрыс шешуіне байланысты болады.
Азаматтық істі қозғаудың алдында мүдделі адам талап арыз, шағым (арыз)
береді.
Талап арыздың берілуімен талап қою бойынша іс жүргізу қозғалады. Ерекше
талап қоюмен іс жүргізу және Ерекше іс жүргізу – арыз, шағым берумен
қозғалады.
Талап қою бойынша іс жүргізу азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй
және басқа да құқықтық қатынастарынан туындайтын субъективтік құқық немесе
заңмен қорғалатын мүдде туралы дауларды қарау мен шешу жөніндегі соттың
азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген қызметі.
Сотта азаматтық істердің көпшілігі Азаматтық іс жүргізу кодексінің 150-
бабында аталған талаптар сақтала отырып, жазбаша түрде талап қойылған, яғни
азаматтық іс туралы қажет мәліметтер бар талап арыз беру арқылы қозғалады.
Егер талап арызды өкіл берсе, оған заңда белгіленген тәртіппен рәсімделген
сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын өзге құжат қоса табыс
етілуі қажет.
Талап арызға талап қоюшы қол қойып, сотқа жауапкерлер мен үшінші
тұлғалардың санына қарай көшірмелерімен қоса беріледі. Судья істің қиындығы
мен сипатына қарай талап қоюшының талап арызға қоса тіркелетін құжаттардың
көшірмелерін табыс етуге міндеттеуі мүмкін (ҚР АІЖК 151-бабының 4-
тармақшасы).
Талап арыз бен қос құжаттардың көшірмесі жауапкерге табыс етіледі,
мұның өзі оның істі сотта қарауға дайындалуына мүмкіндік береді.
Сотқа берілетін талап арызға баж төленуге тиіс (ҚР АІЖК-нің 101-бабы,
“Мемлекеттік баж туралы” заңының нормасына сәйкес).
Азаматтық істі қозғай отырып, бес күннің ішінде судья ұйғарым шығарады
да, сонымен бірге істі өзінің жүргізуіне қабылдайды және сол кезден бастап
нақты іс бойынша процесс пайда болады.
Азаматтық іс қозғау сатысында судья ұйғарым шығару ретінде келесі
шешімдердің біреуін қабылдайды:
1- талап арызды (арыз, шағым) қабылдау және өз қарауына алу;
2- талап арызды (арыз, шағым) қабылдаудан бас тарту;
3- талап арыз (арыз, шағым) қайтару;
4- талап арызды қозғалыссыз қалдыру.
Азаматтық іс бойынша талап арызды (арыз, шағым) қабылдау және өз
қарауына алу мәселесін судья жеке-дара шешеді. Талап арызды қабылдау туралы
судья ұйғарым шығарады. Сот ұйғарымды қабылдағаннан кейін азаматтық іс
процестің келесі сатысына өтеді.
Кейде азаматтық іс қозғау сатысында арыз азаматтық сот ісін жүргізу
тәртібімен қарауға және шешуге жатпайтыны анықталса, сондай-ақ тараптардың
арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша
шығарылған соттың заңды күшіне енген шешімі немесе талап қоюшының талап
қоюдан бас тартуына байланысты іс бойынша сот ісін жүргізуді тоқтату туралы
немесе тараптардың бітімгершілік келісімін бекіту туралы сот ұйғарымы болса
судья талап арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым шығарады.
Арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым ол сотқа түскен кезден
бастап бес күн мерзімде шығарылуы және арыз берушіге арызға қоса тіркелген
барлық құжаттармен бірге табыс етілуге немесе жіберілуге тиіс. Арызды
қабылдаудан бас тарту өтініш берушінің сол жауапкерге сол нысана және сол
негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуге заң бойынша болмайды.
Арызды қабылдаудан бас тарту туралы судьяның шығарған ұйғарымына іске
қатысушылармен жеке шағым берілуі, ал прокурормен – жеке наразылық
келтірілуі мүмкін.
Сонымен қатар азаматтық іс қозғау сатысында судья талап арызды
қайтаруға құқылы. Талап арызды қайтару туралы судья ұйғарым шығарады.
Мұндай ұйғарым шығарады, егер:
- талап қоюшы істердің осы санаты үшін дауды сотқа дейін алдын ала шешу
заңдармен белгіленген тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолдану
мүмкіндігі жойылмаса;
- іс осы соттың соттауына жатпаса;
- арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе;
- арызға оған қол қоюға өкілеттігі жоқ адам қол қойса;
- осы немесе басқа бір соттың іс жүргізуінде сол тараптар – арасында, сол
нысана туралы және сол негіздер бойынша дау жөнінде іс бар болса;
- коммуналдық мүлікті басқаруға құқылы орган жылжымайтын мүлікке құқықты
мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органның осы затты қабылдаған
күнінен бастап бір жыл өткенге дейін жылжымайтын затқа коммуналдық
меншікті тану туралы өтінішпен сотқа жүгінсе;
- бұл туралы талап қоюшы мәлімдесе.
Талап арызды қайтару туралы ұйғарым ол сотқа түскен күннен бастап бес
күн мерзімде шығарылуға және арызға қоса тіркелген барлық құжаттармен арыз
берушіге тапсырылуға және жіберілуге тиіс, сонымен қатар осы сот ұйғарымына
жеке шағым және жеке наразылық берілуі мүмкін.
Егер талап қоюшы жол берілген бұзушылықты жоятын болса, арызды қайтару
талап қоюшының сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша
талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуге кедергі болмайды.
Азаматтық іс қозғау сатысында судья талап арыз ҚР АІЖК-нің 150-бабының
талаптарына және 151-бабының 1) – 3) тармақшаларына сәйкес келмеген
жағдайда арызды қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады. Бұл ұйғарымда
талап қоюшымен талап арызында келтірілген кемшіліктер көрсетіледі және
оларды түзетуге мерзім береді. Талап қоюшы судьяның нұсқауына сәйкес және
ол белгілеген мерзімде ұйғарымда аталған талаптарды орындаса, талап арыз
оны сотқа алғашқы тапсырылған күні берілген болып есептеледі және судья
азаматтық іс қозғау туралы ұйғарымын шығарып іс келесі сатыда қаралуына
мүмкіндік етеді. Егер кемшіліктер белгіленген мерзімде түзетілмесе арыз
берілмеген болып есептеледі және судьяның ұйғарымымен оған қоса тіркелген
барлық құжаттармен бірге талап қоюшыға қайтарылады, бірақ талап қоюшы
арызды қайтару туралы судьяның ұйғарымына жеке шағым, наразылық беруі
мүмкін.
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 249-бабына
сәйкес сот арызды қараусыз қалдыру мүмкін, егер:
- талап қоюшы осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген дауды алдын ала
сотқа дейін шешудің міндетті тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті
қолданудың мүмкіндігі жоғалмаса (мысалы, “Сауда мақсатында теңізде жүзу
туралы” Қазақстан Республикасының Заңының 232-235-баптары. (2002 жылғы 17
қаңтар № 284 – ІІ);

- арызға қол қойған және оны берген адамның арызға қол қоюға және оны
беруге өкілеттігі жоқ болса;
- осы немесе басқа соттың іс жүргізуінде осы тараптар арасындағы, сол
мәселе туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша бұрын қозғалған іс
бар болса;
- тараптар арасында бұл дауды заңға сәйкес аралық соттың шешіміне беру
туралы келісім жасалса және жауапкерден істі мәні бойынша қарау
басталғанға дейін дауды сотта шешуге қарсылық білдірілсе;
- өздерінің қатысуынсыз істі қарауды өтінбеген тараптар екінші шақыру
бойынша сотқа келмесе;
- өзінің қатысуынсыз істі қарауды өтінбеген талап қоюшы екінші шақыру
бойынша сотқа келмесе, ал жауапкер істі мәні бойынша қарауды талап
етпесе;
- өзінің мүддесіне сай іс қозғалған адам мәлімделген талапты қолдамаса;
- талап арызды қайтарып алу туралы өтініш берілсе, ал жауапкер істі мәні
бойынша қарауды талап етпесе;
- көрсетушіге арналған күші жойылған бағалы қағаздар және ордерлі бағалы
қағаздар бойынша құқықты қалпына келтіру туралы істер жөніндегі өтініш
жарияланымнан бастап үш ай мерзім аяқталғанға дейін берілсе.
Аталған мән-жайлар жойылғаннан кейін мүдделі адам жалпы тәртіп бойынша
сотқа тағы да арыз беруге құқылы.
Арызды қараусыз қалдыру туралы сот ұйғарым шығарады, бірақ іске
қатысушы адамдар оған жеке шағым беруі немесе прокурор наразылық келтіруі
мүмкін.
ҚР Конституциясының 13-бабының 2-бөлігі бойынша әркiмнiң өз құқықтары
мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.
Мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар заңда көзделген
жағдайларда өзге адамдардың немесе адамдардың белгісіз бір тобының
құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп
жүгінуге құқылы (ҚР АІЖК-нің 8-бабының 1-бөлігі).
Талап – құқық туралы дау шешу үшін бұзылған немесе даулы субъективтік
құқықты немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау туралы талап қою арқылы
тұлғаның сотқа жүгіну.
Талап – субъективтік құқықты немесе заңмен қорғалатын мүддені сот
арқылы қорғау тәсілі.
Талап – азаматтық іс қозғау тәсілі.
Талап элементтері – бұл талаптың құрамалы бөлшектері. Оларға
(элементтеріне):
- мазмұны;
- нысанасы;
- негіздемесі жатқызылады.
Талаптың мазмұны – талап қоюшымен көрсетілген сот арқылы қорғану түрі,
яғни сотқа жүгіну арқылы талап қоюшының өзінің бұзылған немесе даулы
құқығын қорғау үшін сұрайтын соттың қызметі.
Талаптың мазмұны талап қоюшының сотқа қойылатын талабын бейнелейді және
талап арыздың сұрау бөлігінде көзделеді.
Талаптың нысанасы – бұл талап қоюшының соттан шешуді сұрайтын
материалдық-құқықтық дау.
Талаптың нысанасына:
Талап қоюшы мен жауапкер араларында материалдық-құқықтық қатынастың бар
немесе жоқтығы туралы дау (мысалы, некені заңсыз деп тану);
Талап қоюшымен материалдық-құқықтық қатынасынан туындайтын жауапкердің
міндеттері туралы дау (мысалы: мүлік иесі өз мүлкін қайтаруын талап ету,
несие беруші – қарызды қайтаруын);
Тараптар араларындағы құқұқ қатынасты өзгерту немесе тоқтату туралы дау
(мысалы: туылған сәбидің әкесін анықтау, талап қоюшы мен жауапкер
арасындағы некені бұзу).
Талап талаптары субъективтік азаматтық құқықтарынан пайда болады.
Мысалы: меншік иесі өзінің жоғалған мүлкіне иеленуді қалпына келтіру туралы
өзінің меншік құқығы бар екеніне сілтеме жасауы; өнертапқыш өзінің ойлап
тапқан өнертабысын талап етуде - өзінің интеллектуалды меншігіне сілтеме
жасауы.
Талаптар мына негіздер бойынша жіктеледі:
- материалдық-құқықтық белгілер;
- процессуалдық-құқықтық белгілер.
Талаптардың процесуалдық-құқықтық белгісі бойынша жіктелуі талаптың
мазмұны бойынша қалыптасқанын білдіреді, яғни талап қоюшы талабының сот
арқылы қорғану түрі бойынша. Талаптардың түрлерге бөлінуінің процессуалдық-
құқықтық жіктелуі негізі арқылы талаптардың мазмұны танылады.
Сондықтан осындай жіктелуі негізі бойынша талаптарды үш түрге бөлуге
болады:
1-ұйғару туралы талаптар;
2-мойындау туралы талаптар;
3-өзгертетін (құқық қатынастарын өзгертуге немесе тоқтатуға арналған)
талаптар.
Ұйғару туралы талаптар немесе атқару талаптар дегеніміз бұл жауапкердің
белгілі әрекеттер жасау немесе жасамауын соттан талап қоюшының сұрайтын
талабы. Талап қоюшының соттан жауапкердің өз міндеттерін орындатуды сұрауы
ұйғару талап деп аталады (мысалы: талап қоюшы соттан жауапкермен қарызды
төлеуі, пәтерді босату, келтірілген зардапты өтеу). Осындай сотқа қойылған
талаптар бойынша сот шешімдері негізінде атқару парақтары беріледі,
сондықтан олар тағы атқару талаптары деп аталады.
Мойындау туралы талаптар бойынша талап қоюшы соттан белгілі құқық
қатынасының бар немесе жоқтығын бекітуін сұрайды (мысалы, талап қоюшы
белгілі бір әдебиет шығармашылығына өзінің авторлық құқығын бекітуін
сұрауы).
Өзгертетін талаптар материалдық-құқықтық қатынастарын өзгертуге немесе
тоқтатуға бағытталған. Әдетте азаматтық айналымның қатысушылары (жеке және
заңды тұлғалар) соттың қатысуысыз өз еркілерімен араларындағы құқық
қатынастарын өзгертеді немесе тоқтатады, бірақ кейбір жағдайларда белгілі
құқық қатынастары тек соттың бақылауымен ғана өзгертіледі немесе
тоқтатылады. Мысалы, неке бұзу туралы (егер ортақ кәмелетке толмаған бала
немесе ортақ мүлікті бөлу жөнінде дау болса) талап бойынша.
Материалдық-құқықтық белгісі бойынша талаптар жіктелуі келесі түрлерге
бөлінеді: отбасылық, алименттік, тұрғын үй, жер құқықтық қатынастарынан
пайда болатын және т.б.
Талап термині екі мағынада қолданылады:
1- материалдық;
2- процессуалдық.
Материалдық мағынады талап қою құқығы дегеніміз сотқа үндеу арқылы
субъективтік азаматтық құқықты мәжбүрлеп жүзеге асыру құқығы, яғни сот
арқылы субъективтік құқығын қорғауға құқық. Азаматтық процесте сот талап
қоюшының талап қоюға (материалдық мағынада) құқығы бар не жоқтығын
анықтайды.
Процессуалдық мағынада талап қою құқығы дегеніміз дауды қарап, шешу
үшін сотқа талап қою құқығы, яғни сот істі мәні бойынша шешу үшін сотқа
тікелей талап арыз, арыз және шағым беру. Бұл нақты азаматтық-құқықтық дау
бойынша сот төрелігіне жүгіну құқығы.
Талап қою құқығы – ҚР Конституциясымен (13-баптың 2-бөлігі, 75-бабы)
бекітілген сот арқылы қорғану құқығының бір нысаны. Сот жүгіну арқылы
құқықтарды қорғау құқығы азаматтық процеске қатысатын азаматтарға және
ұйымдарға (ҚР АІЖК 5-бабы), сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ
адамдарға (ҚР АІЖК 45-тарауы) тиесілі.
Талап қою құқығы белгілі шарттармен байланысты. Талап қою құқығы заңмен
белгіленген шарттармен анықталады. Талап қою құқығының шарттарына нақты
заңды деректер жатқызылады, олардың бар не жоқтығы негізінде заң азаматтық
іс бойынша талап қою субъективтік құқығының пайда болуын байланыстырады.
Талап қою құқығының шарттары – нақты азаматтық іс бойынша тұлғаның
талап қою субъективтік құқығының пайда болуын заң бойынша оның бар не
жоқтығымен байланыстыратын мән-жайлар.
Бұл шарттар өзара:
- жалпы;
- арнаулы;
- жаратымды;
- жаратымсыз деп бөлініп қарастырылады.
Талап қою құқығының жалпы шарттары:
- Талап қоюшы мен жауапкердің азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі, яғни
азаматтық процесте тарап болу қабілеттігі (ҚР АІЖК 45-бабы);
- Азаматтық істердің соттарға ведомстволық бағыныстылығы (ҚР АІЖК 24-бабы);
- өз құзыреті шегінде сол мәселе туралы азаматтық іс бойынша қабылданған
сот шешімінің жоқтығы;
- тараптардың өзара дауды аралық соттың қарауына беру туралы келісімнің
жоқтығы (ҚР АІЖК 25-бабы).
Жоғарыда аталғанның алғашқы екеуі жаратымды, ал қалғаны – жаратымсыз
сипатта болады.
Талап қою құқығының арнаулы шарттары дегеніміз бұл кейбір субъектілер
немесе категория істері үшін жалпы шарттармен қатар, заңмен белгіленген
шарттар. Мысалы, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғалар
өзара дауларын сотқа дейін талап (претензия) қою арқылы реттеу тиіс (ҚР
Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы (17.01.2002 ж. қабылданған) заңның
232-235 баптары).
Талап қою құқығының шарттарының болмауы сотпен келесі әрекеттер
жасауына әкеледі:
- талап арызды қайтару (ҚР АІЖК 154-бабы);
- талап арызды қабылдаудан бас тарту (ҚР АІЖК 153-бабы);
- іс бойынша іс жүргізуді қысқарту (ҚР АІЖК 247-бабы);
- арызды қараусыз қалдыру (ҚР АІЖК 249-бабы).
Талап арыз – субъективтік құқық туралы дауды шешу үшін заңмен
белгіленген сотқа жүгіну нысаны.
Әр адам өзінің субъективтік құқығын немесе заңмен қорғалатын мүддесін
сот арқылы қорғау үшін сотқа талап арыз ұсыну қажет.
Талап арыз мазмұны:
- кіріспе;
- сипаттау;
- дәлелдеу;
- сұрау бөліктерінен тұрады.
Талап арыз сотқа жазбаша нысанда беріледі (ҚР АІЖК 150-бабының 1-
бөлігі).
Талап арыздың кіріспе бөлігінде:
- талап арыз берілетін соттың атауы;
- талап қоюшының атауы, оның тұрғылықты жері немесе, егер талап қоюшы
ұйым болса, оның тұрған жері мен банктік реквизиттері, сондай-ақ,
егер арызды оның өкілі берсе, өкілдің атауы мен мекен-жайы;
- жауапкердің атауы, оның тұрғылықты жері немесе, егер жауапкер ұйым
болса, егер талап қоюшыға белгілі болса, оның тұрған жері мен
банктік реквизиттері көрсетілуге тиіс.
Ерекше талап қоюмен іс жүргізу істер бойынша арызда жауапкердің
мәліметтері көрсетілетін орнына органның (лауазымды тұлғаның) атауы, оның
тұрғылықты жері және шағымдануға жататын әрекеттері немесе қабылданған
шешімдері. Ерекше іс жүргізу істер бойынша арыздың кіріспе бөлігінде арыз
беруші туралы мәліметтер.
Сонымен қатар талап арыздың кіріспе бөлігінде талап қоюдың нысанасын,
егер талап мүліктік сипатта болса, онда бағасы белгіленуі тиіс.
Талап арыздың (арыздың) сипаттау бөлігінде:
- талап қоюшының құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін
және оның талап қою талаптарын бұзудың немесе бұзу қауіпінің мәні;
- талап қоюшы өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар, және бұл мән-
жайларды растайтын дәлелдемелер.
Талап арыздың дәлелдеу бөлігі кейде оның сипаттау бөлігімен ұйқасады.
Осы бөлікте талап қоюшы (арыз беруші) өзінің талаптарын қанағаттандыру үшін
заң нормаларына сілтеме жасайды. Егер прокурор азаматтардың мүдделері үшін
өтініш жасайтын болса, онда:
- талап арызда азаматтың өзінің талап қоюы мүмкін еместігінің
себептерін негіздеу болуға тиіс;
- арызға, әрекетке қабілетсіз адамның мүдделері үшін арыз беретін
жағдайларды қоспағанда, азаматтың сотқа талап қоюмен жүгінуге
келісімін растайтын құжат қоса тіркелуге тиіс. Егер талап қою
бағалауға жатса, талап қоюдың бағасын көрсетілуге тиіс.
Талап арыздың сұрау бөлігінде мүдделі тұлғаның бұзылған құқықтарын
немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауға қамтамасыз етуі мүмкін
талаптары көзделеді.
Егер заңмен белгіленсе немесе тараптардың шартында көзделсе, жауапкерге
жүгінудің сотқа дейінгі тәртібін сақтау туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс.
Талап арыздың соңында қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс,
оларға:
- жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың санына қарай талап арыздың
көшірмесі;
- мемлекеттік баж төлеуді растайтын құжат (квитация), ал егер
төленбесе онда төлеуден босату негіздерін көрсету қажет;
- егер іс бойынша өкіл қатысатын болса, онда өкілдің өкілеттігін
куәландыратын сенімхат немесе өзге де құжат;
Арызға талап қоюшы немесе талап арызға қол қоюға және оны көрсетуге
өкілеттігі болған жағдайда оның өкілі қол қояды.
Талап қоюды қамтамасыз ету – іске қатысушы адамдардың арызы бойынша сот
шешімін орындауды кепілдік ету үшін заңмен белгіленген тәртіпке сәйкес
соттың іс-әрекеті.
Талап қоюды қамтамасыз етуге, егер мұндай шараларды қабылдамау сот
шешімін орындауды қиындатса немесе оның орындалуын мүмкін етпесе, істің
барлық жағдайларында да жол беріледі (ҚР АІЖК 158-бабы).
Талап қоюды қамтамасыз ету мақсаттары:
- егер сот шешімін орындауды қиындатса;
- егер сот шешімін орындалуын мүмкін етпесе.
Іске қатысатын адамдар талап қоюды қамтамасыз ету туралы жазбаша
нысандағы арызды сотқа ұсынады. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды
судья жауапкерге және іске қатысатын басқа адамдарға хабарламастан ол сотқа
түскен күні шешеді. Бұл сот (судья) талап қоюды қамтамасыз ету туралы
ұйғарым шығарады.
Талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарым сот шешімдерін орындау үшін
ҚР АІЖК-нің 237-239 баптарымен белгіленген тәртіпте дереу орындалады.
Талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар:
- жауапкерге тиісті және онда немесе басқа адамдарда болатын мүлікке тыйым
салу;
- жауапкерге белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салу;
- басқа адамдардың мүлікті жауапкерге беруіне немесе оған қатысты өзге де
міндеттемелерді орындауына тыйым салу;
- мүлікті тыйым салудан босату туралы талап қойылған жағдайда мүлікті
өткізуді тоқтата тұру;
- мемлекеттік органның, ұйымның немесе лауазымды адамның дауға салынатын
актісінің қолданылуын тоқтата тұру;
- борышкер сот тәртібімен дауға салатын атқарушылық құжат бойынша өндіріп
алуды тоқтата тұру болуы мүмкін.
Қажет болған жағдайларда сот талап қоюды қамтамасыз ету жөнінде:
- өзге де шараларды;
- бірнеше шараларын қабылдауы мүмкін.
Іске қатысушы адамның арызы бойынша талап қоюды қамтамасыз етудің бір
түрін екінші түрімен ауыстыруға жол беріледі. Талап қоюдың бір түрін екінші
түрімен ауыстыру туралы судья ұйғарым шығарады.
Талап қоюшы сот тәртібімен осы адамдардан талап қоюды қамтамасыз ету
туралы ұйғарымды орындамаудан келтірілген залалдарды өтеуді талап етуге
құқылы (ҚР АІЖК 159-бабының 2-бөлігі).
Талап қоюды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі барлық ұйғарымға жеке
шағым (жауапкермен) берілуі және жеке наразылық (прокурормен) келтірілуі
мүмкін.
Егер талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарым шағым берген адамдарға
хабарламай шығарылса, шағым беру мерзімі оған бұл ұйғарым белгілі болған
күннен бастап есептеледі.
Егер талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымға жеке шағым беру бұл
ұйғарымның орындалуын тоқтатпайды.
Егер талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы немесе талап қоюды
қамтамасыз етудің бір түрін екінші түріне (мысалы, жауапкердің тиісті
мүлікке тыйым салу шарасын жауапкерге белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым
салу шарасымен) ауыстыру туралы ұйғарымға жеке шағым беру немесе наразылық
келтіру ұйғарымның орындалуын тоқтата тұрады.
Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін:
- сол сот тараптардың арызы бойынша;
- сол сот өз бастамасы бойынша жоюы мүмкін (ҚР АІЖК 163-бабының 1-
бөлігі).
Ақшалай соманы өндіріп алу туралы талап қоюды қамтамасыз еткен жағдайда
жауапкер талап қоюды қамтамасыз етуге сот қабылдаған шаралардың орнына
соттың депозиттік шотына талап қоюшы талап ететін соманы енгізуге құқылы
(ҚР АІЖК 162-бабы).
Жауапкер талап қоюда бас тартылған шешім заңды күшіне енгеннен кейін
талап қоюшыға оның жазбаша өтініші бойынша қабылданған оған талап қоюды
қамтамасыз ету шараларымен келтірілген залалдарды өтеу туралы талап қоюға
құқылы (ҚР АІЖК 165-бабы).
2. Азаматтық істерді сотқа әзірлеу
Талап арыз (арыз, шағым) қабылдау арқылы азаматтық іс қозғағаннан кейін
сот азаматтық процестің келесі азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу
сатысына өтеді. Нақты азаматтық істі сотта қарау сатысында бұзылған немесе
даулы құқықтар, бостандықтар және заңмен қорғалатын мүдделер қорғауы жүзеге
асырылады. Егер істі қарау және шешу бойынша сәйкесті әзірлік жүргізілсе
бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтарды қорғап шығуға мүмкіндік
бар.
Кез келген азаматтық іс бойынша сотта қарауға әзірлеу жүргізілуі қажет,
себебі бұл маңызды роль атқаратын азаматтық процестің жеке сатысы.
Сотта іс қарауға әзірлеуді жүргізу туралы заң талаптарын сақтау істі
дұрыс және уақытылы шешудің негізгі шарттарының бірі. Сотта іс қарауға
әзірлеу сатысы сотпен сәйкесті ұйғарым қабылдаудан басталады. Бұл ұйғарымда
жүргізілуге тиіс әрекеттер белгіленеді. Істі сотта қарауға әзірлік
жүргізудің мақсаты – істі дер кезінде және дұрыс шешуді қамтамасыз ету.
Осы мақсат ҚР АІЖК-нің 166-бабында көрсетілген міндеттерді шешу жолымен
жүзеге асырылады. Азаматтық істерді әзірлеудің міндеттері:
1) істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды айқындау;
2) тараптардың құқықтық қатынастарын және басшылыққа алынуға тиісті заңды
анықтау;
3) іске қатысатын адамдардың құрамы мен процестің басқа да қатысушылары
туралы мәселені шешу;
4) әрбір тарап өз пайымдауларын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді
анықтау.
Кейбір ғалымдардың пікірінше сотта іс қарауға әзірлеу сатысында тек сот
қана әрекет етеді, бірақ бұл түбінде осы сатының мәні мен мазмұнына сәйкес
емес. Әрине судьяның қызметі негізгі болып есептеледі, сондықтан оның
әрекеттері азаматтық іс жүргізу құқығының арнайы нормаларымен реттеледі.
Бірақ әзірлік жүргізуге іске қатысушы тұлғалардың тікелей қатысы бар.
Мысалы, тараптар іс бойынша сотқа дәлелдемелер ұсынуға міндетті.
Әзірлеу сатысында дәлелдемелер ұсынуға жағдай жасалуына байланысты іс
жүргізуге басқа да тұлғалар қатысуы мүмкін. Осылай, мысалы, сотта істі
қарауға әзірлік жүргізу кезінде алғашқы, қосымша және қайталама сараптама
тағайындауға болады.
Іс жүргізуге қатысушылардың атқаратын рөлдері әртүрлі. Судья заңмен
бекітілген іс-әрекеттер жасауға тиіс. Егер іс сот мәжілісінде қарауға
тиісті түрде әзірленбесе, онда судья оны сот отырысында қарауға
тағайындауға құқығы жоқ. Әзірленбеген іс заңсыз және негізсіз шешім
шығаруға, сондай-ақ осы сотпен қабылданған шешімді бұзуға немесе өзгертуге
әкеп соғады. Сотпен белгіленген дәлелдемелерді іске қатысушылармен ұсынбауы
олардың мүдделерін қанағаттандырмайтын сот шешімін шығаруға әкеледі. Басқа
қатысушылар іске қажет болған жағдайда қатысады.
Азаматтық істерді қарап талап арызды (арызды, шағымды) қабылдағаннан
кейін судья істі сотта қарауға әзірлеу жүргізеді және ҚР АІЖК-нің 168-
бабына сәйкес ұйғарым шығарады.
Келесі жағдайды ескерген жөн, егер жоғары тұрған сот төменгі сот
шешімін бұзып және істі жаңа сот қарауына жіберсе, осы іс бойынша істі
жүргізуші судья жаңадан істі сотта қарауға әзірлеу туралы ұйғарым қабылдау
қажет.
Істі сотта қарауға әзірлеу заңмен белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс.
Істі сотта қарауға әзірлік жүргізуді әр түрлі іске қатысушылар жүзеге
асырады, бірақ процесте негізгі қызметті судья атқарады. Сондықтан ҚР АІЖК-
нің 170-бабының талаптарына сәйкес істің мән-жайларын ескере отырып, істі
сотта қарауға әзірлеу тәртібімен судья жеке-дара мынадай әрекеттерді
жүргізеді:
- талап қоюшыдан ол мәлімдеген талаптардың мәні бойынша жауап алады, одан
жауапкердің тарапынан мүмкін болатын қарсылықтарды анықтап алады, егер
бұл қажет болса, қосымша дәлелдемелер беруді ұсынады, талап қоюшыға оның
іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
- қажет болған жағдайларда жауапкерді шақырып алады, одан істің мән-жайлары
бойынша жауап алады, талап қоюға қандай қарсылықтар бар екенін және бұл
қарсылықтардың қандай дәлелдемелермен расталуы мүмкін екенін анықтайды;
айрықша күрделі істер жөнінде жауапкерге іс бойынша жазбаша түсінік
беруді ұсынады, жауапкерге оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін
түсіндіреді;
- іске тең талап қоюшылардың, тең жауапкерлердің дербес талаптарсыз үшінші
тұлғалардың кіруі туралы мәселені шешеді, сондай-ақ тиісті емес
жауапкерді ауыстыру туралы мәселені шешеді;
- тараптарға дауды шешу үшін олардың аралық сотқа жүгіну құқықтарын және
мұндай әрекеттің салдарын түсіндіреді;
- оның нәтижесіне мүдделі азаматтар мен ұйымдарға істі қараудың уақыты мен
орны туралы хабарлайды;
- куәларды сот отырысына шақыру туралы мәселені шешеді;
- тараптардың өтінімі бойынша және өз бастамасы бойынша сараптама
тағайындайды, сондай-ақ іске маманды, аудармашыны қатыстыру мәселесін
шешеді;
- тараптардың өтініштері бойынша ұйымдардан немесе азаматтардан
дәлелдемелер талап етеді;
- кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда іске қатысатын адамдарды
хабарландыра отырып, жазбаша және заттай дәлелдемелерді сол жерде
тексеруді жүргізеді;
- талап қоюды қамтамасыз ету туралы мәселені шешеді;
- талап қоюшының өтініші бойынша оның берген талап арызын (арызын) қайтару
туралы ұйғарым шығарады;
- басқа да қажетті іс жүргізу әрекеттерін жасайды.
Судья іс жеткілікті әзірленген деп тапса, оны сот отырысында қарауға
тағайындау туралы ұйғарым шығарады.
Істі сотта қарауға әзірлеу сатысы істі сотта қарауға әзірлеу туралы
ұйғарым шығарудан басталады және істі сот отырысында қарауға тағайындау
туралы ұйғарым шығарумен аяқталады.
Судья істі дайын болды деп тани отырып, оны сот отырысында қарауға
тағайындау туралы ұйғарым шығарады және осымен бір мезгілде тараптар мен
процестің басқа да қатысушыларына істі қараудың орны мен уақыты туралы
хабарлайды.
Іс бойынша тараптарды және басқа да іс жүргізуге қатысушыларды
(куәларды, сарапшыларды, мамандарды және аудармашыларды) сот отырысының
немесе жекелеген іс жүргізу әрекеттерін жасаудың уақыты мен орны туралы
мына:
- соттың шақыру қағаздарымен (іске қатысушы тұлғалар және пошта арқылы);
- тапсырыстық хат арқылы;
- телефонаграмма немесе жеделхат арқылы;
- хабарлау мен шақырудың жасалуын қамтамасыз ететін өзге де байланыс
құралдарын пайдалану арқылы хабарландырылуы немесе сотқа шақырылуы
мүмкін, бірақ адамдардың сотқа уақытылы келуі және іске даярлануы үшін
жеткілікті мерзімі болуы есептеле отырып жолдануға тиіс.
Тәжірибеде жиірек сот хабарлаулары мен шақырулар арасында соттың шақыру
қағазы қолданылады. Соттың шақыру қағазы жіберілген азаматқа табыс етіліп,
сотқа қайтарылуға тиісті түбіршегіне оның өз қолы қойылады. Ұйымға
жіберілген шақыру қағазы оның өкіліне немесе басқару қызметін атқаратын
тиісті адамға табыс етіледі, ол шақыру қағазының түбіршегіне оны алғандығы
жөнінде өзінің қызметін, тегін және аты-жөнін көрсетіп қол қояды.
Кейде шақыру қағазын жеткізуші адам іс бойынша хабарланатын немесе
шақырылатын азаматты тұрғылықты жерінен немесе жұмысынан таба алмайды, онда
ол шақыру қағазын олардың келісімімен:
- онымен бірге тұратын отбасының ересек мүшелерінің біріне;
- тұрғын үй пайдалану ұйымына;
- жергілікті өзін-өзі басқару органына;
- адресаттың тұрғылықты жері бойынша тиісті атқарушы органға;
- оның жұмыс орнындағы әкімшілікке тапсырады.
Жоғарыда аталған жағдайларда шақыру қағазын қабылдап алған адам шақыру
қағазының түбіршегіне өзінің тегін, атын, аты-жөнін, сондай-ақ адресатқа
қатыстылығын немесе атқаратын қызметін көрсетуге міндетті. Содан кейін
шақыру қағазын қабылдап алған адам мүмкіндігінше кідіртпей шақыру қағазын
адресатқа тапсыруға міндетті.
Шақыру қағазын жеткізу тапсырылған адам оны тапсырған күні көрсетілген
және адресаттың шақыру қағазын алғандығы жөнінде қолы қойылған шақыру
қағазының түбіршегін сотқа қайтаруға міндетті (ҚР АІЖК-нің 131-бабының 3-
бөлігі), себебі одан кейін сотта іс қарау кезінде судья үшін сотта іс
қарауды жалғастыру немесе оны кейінге қалдыру туралы ұйғарым шығаруға негіз
болып табылады.
Егер іске қатысушы адамдар сот отырысының уақыты мен орны туралы
тиісінше хабарланбаса, яғни ҚР АІЖК-нің 11-тарауында бекітілген талаптары
сақталмаса, онда сот істі қарауды кейінге қалдырады. Іс кейінге қалдырылған
кезде істің жаңа сот отырысында шешілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін
уақыт ескеріле отырып, жаңа сот отырысының күні белгіленеді, бұл жөнінде
келген адамдарға қол қойдырылып хабарланады. Келмеген және іс жүргізуге
қатысуға жаңадан тартылған адамдарға жаңа сот отырысының уақыты мен орны
туралы шақыру қағазы жіберіледі.
Егер сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған іске
қатысушы адамдардың қайсыбірі келмеген жағдайда, сондай-ақ олардың келмеу
себептері дәлелсіз деп танылса, сот істі қарауға (сотта іс қарауды
жалғастыруға) құқылы (ҚР АІЖК 187-бабының 4-бөлігі).

Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде соттың қызметіне араласуға жол
берілмеушілік нақты істерді шешкен кезде судьялардың Конституция мен
заңдардың нормаларын басшылыққа алатындығын, нақты істе барлық мәселелерді
өзінің ішкі сенімімен шешетіндігін және бір де бір мемлекеттік немесе
қоғамдық мекеменің, бір де бір лауазымды адамның судьяға нұсқау беруге
құқығы жоқ екендігін, қандай да істі болсын шешу тек қана сотқа
жүктелгендікті білдіреді. Істі іс жүргізуде шешетін бірінші сатыдағы сот
жоғары тұрған сотқа тәуелсіз болады.
Қандай да бір нысанда болсын судьяға істің жан-жақты, толық және
объективті түрде қаралуына кедергі жасау мақсатында ықпал ету немесе заңсыз
шешім шығарттыру қылмыстық жауаптылыққа жатады.
Сотта іс қарау – істі мәні бойынша қарауға және шешуге бағытталған
бірінші сатыдағы сот пен басқа да қатысушыларының іс жүргізу әрекеттерінен
тұратын азаматтық процестің негізгі сатысы. Сотта іс мәні бойынша жан-
жақты, толық және заңды шешіледі. Бұл сатыда сот өз алдына қойылған мына:
- істі мәні бойынша шешу;
- тараптар арасындағы даулы құқықтық қатынастарды реттеу;
- сот қызметінің тәрбиелік әсер етуін қамтамасыз ету;
- заңды тұлғалар мен азаматтардың бұзылған құқықтарын және заңмен
қорғалатын мүдделерін қалпына келтіру міндеттерді жүзеге асырады.
Бірінші сатыдағы сотпен істі сот отырысына қарауға тағайындау туралы
ұйғарым шығарған кезден сотта іс қарау басталады және сәйкесті сот актісін
(шешім, ұйғарым) қабылдағанға дейін жалғасады.
Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексінің 175-бабына
сәйкес азаматтық істі қарау сот отырысында жүргізіледі, сондықтан “сотта іс
қарау” және “сот отырысы” ұғымдарды бір-бірінен ажырата білу керек.
Әдебиетте осы ұғымдардың ара байланысы жөнінде көптеген ғылыми пікірталас
бар. Осылай, А.Ф.Клейман аталған ұғымдар ұқсас және бір мағына
түсіндіретінін айтты: сот отырысында іс қарау не іс қарау сот отырысында
өтетінін. Бірақ бұл мәселе жөнінде біздің ой-пікірімізше П.П.Гуреевтің
айтуы дәйекті: сот отырысы – сотта азаматтық істерді қарау нысаны
(формасы). И.М.Зайцев бұл ойды қолдап жалғастырады, ол бұл екі ұғымдардың
бір-бірінен айырмашылығы бар екенін жазды, олар мазмұны (сотта іс қарау)
және нысан (формасы – сот отырысы) ретінде айқасады. Бұған қоса нақты
азаматтық іс қарауы бір емес бірнеше сот отырысында өтуі мүмкін екенін
айтты. Сотта іс қарау және сот отырысы ұғымдардың арасындағы айырмашылыққа
И.К.Пискаревта өз назарын аударған болатын. Ол сот отырысындағы азаматтық
істі мәні бойынша қарау тәртібі азаматтық процестің өзге де мәселелерін
шешуге арналған сот отырысының процедурасынан айырмашылығы бар екенін дұрыс
белгіледі, мысалы, сот шешімдегі қателіктерді түзету туралы (ҚР АІЖК 230-
232-баптары), іс жүргізу мерзімдерін қалпына келтіру туралы (ҚР АІЖК 128-
бабы), сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау
туралы (ҚР АІЖК 408-бабы), сот тапсырмасын орындау туралы (ҚР АІЖК 73-бабы)
және т.б. арыздар қарау.
Сотта іс қарау мен сот отырысы өту уақыты бойынша бір-біріне сәйкес
келмейді. Осылай, нақты азаматтық іс бойынша сотта іс қарау шешім немесе
ұйғарым (мысалы, іс бойынша іс жүргізуді қысқарту) шығарумен аяқталады, ал
сот отырысы осы іс бойынша істі қарауды кейінге қалдыру немесе іс бойынша
іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарумен аяқталуы мүмкін. Осы
сотта іс қарау сот отырысына қарағанда процессуалдық жағынан ұзақ болуы
мүмкін екенін білдіреді.
Сот азаматтық сот ісін жүргізудің барлық принциптерін (қағидаларын)
басшылыққа алып азаматтық істерді қарап шешеді (ҚР АІЖК-нің 2-тарауы).
Соттың бірінші сатысындағы азаматтық істерді соттың атынан әрекет
ететін судья жеке-дара қарайды (ҚР АІЖК 37-бабының 1-бөлігі).
Соттың бірінші сатысында іс қарау тәртібі Қазақстан Республикасының
Азаматтық іс жүргізу кодексінің (17-тарау. “Сотта іс қарау”) жеке тарауында
көрсетілген. Өзге категория істерін қарап шешудің арнайы тәртібі ҚР АІЖК-
нің 25-39-тарауларында белгіленген.
ҚР АІЖК-нің 176-бабының 1-бөлігіне сәйкес төрағалық етуші сот отырыстың
барысына басшылық жасайды. Төрағалық етушінің міндетін судья атқарады.
Төрағалық етуші сот отырысында:
- істің барлық мән-жайының толық, жан-жақты және объективті анықталуын;
- іс жүргізу әрекеттерінде дәйектіліктің және тәртіптің сақталуын;
- процеске қатысушылардың өздерінің іс жүргізу құқықтарын жүзеге асыруын
және олардың міндеттерін орындауын;
- процестің тәрбиелік ықпалын қамтамасыз етеді.
Оған қоса заң сот отырысында төрағалық етушіге қаралатын іске қатысы
жоқ мәселелердің барлығын сот қарауынан шығарып тастау міндетін жүктеген
және сот отырысында тиісті тәртіптің қамтамасыз етілуіне қажетті шаралар
қолдану.
Процеске қатысушылардың қайсыбіреуі төрағалық етушінің іс-әрекетіне
қарсылық білдірген жағдайда бұл қарсылық білдірулер сот отырысының
хаттамасына енгізіледі. Төрағалық етуші өзінің іс-әрекеттеріне қатысты
түсініктеме береді.
Соттың бірінші сатысындағы азаматтық іс қарайтын сот отырысын
бөлімдерге бөліп қарастыруға болады.
Істі сот отырыстарында қарау мен шешу Конституцияның 77-бабында аталған
принциптерге негізделеді.
Сот отырысының әр бөлімінде жасалатын іс жүргізу әрекеттер жиынтығының
өз мәні бар және азаматтық істер қарап шешуге байланысты нақты сұрақтар
шешуге бағытталған.
Соттың бірінші сатысындағы сот отырысы төрт бөлімдерден тұрады:
1) әзірлеу бөлімі;
2) істі мәні бойынша қарау бөлімі;
3) сот жарыссөздері және прокурордың қорытындысы бөлімі;
4) шешім ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz