Азық - түлік рыногінде тұтынушылардың құқығын қорғау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Азық-түлік рыногінде тұтынушылардың құқығын қорғау.
Аталмыш проблеманың терең тарихи тамыры бар. Үндістандағы, Египеттегі,
Грециядағы және Римдегі ежелгі өркениет дәуірінде өндірісте сапасыз тағам
дайындауға тыйым салатын белгілі бір ережелер мен актілер орын алды.
Мысалы, ежелгі Греция мен Римде заңдық тәртіппен астықты немесе етті кем
өлшеген, шарапты сумен араластырып сатқан адамдар жазаланды. Ежелгі
Египетте заңдар мен фараондардың тәртібі мал сою, ет өңдеу және оны сату
шарттарын реттеп отырды.
Батыс Еуропада тұтынушылардың құқын қорғау жөніндегі алғашқы заңдар ХV-
ХVІ ғасырларда пайда болды. Алайда олар соншалықты қарапайым болды және
толық мағынасында сатып алушылардың қауіпсіздігіне кепілдік бере алмады.
Мысалы, Австрияда сапасыз сүтті сатушылар оны алдымен өздері ішулері тиіс
еді. Францияда шіріген жүмыртқаны сатып алушылар сатушылардыңбеттеріне
лақтыратын. А. Дюманың „Үш ноян" романындағы мына эпизод айтуға
турарлықтай: уланған шарапты тұтынушыға әкелген трактир қожайынына олар
әдейі ішкізеді.
Жалпы алғанда тұтынушыларды шынайы қорғау жергілікті рыноктерде
сатушыны немесе өндірушіні жеке тануымен ғана шектелетін.
Жаппай өндіріс уақыт өте келе жағдайды едәуір өзгертіп жіберді.
Белгілі бір жерде өндірілген өнімнің молшылығы аймақтық рыноктерден асып
түсіп, мемлекеттің көлемінде және одан тысқары жекелеген елдерде сатыла
бастады. Енді сатушының немесе сатып алушының жеке таныстығы мумкін болмай
қалды. Соның нәтижесінде тұтынушының қауіпсіздігі күрт төмендеді. Сондықтан
да тұтынушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау жөнінде арнаулы
мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік актілер жасау және қабылдау
қажет болды.
XIX ғасырдың аяғында Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкада сапасыз азық-
түлік шығарушылар мен сатушыларды қатаң жазалайтын заң тәртібін талап еткен
көп адамдық қарсылық акциялары болып өтті. Жалпы мемлекеттік деңгейде
қабылданған алғашқы заң 1906 жылы АҚШ-та шыққан Азық-түлік және дәрі-дәрмек
туралы Акт болды. Ол бойынша төмен сапалы және этикеткалары тұтынушыны
шатастыратын тағам өнімдері мен дәрі-дәрмекті федералдық көлемде сатуға
тыйым салынды. Кейіннен АҚШ-та да, Батыс Еуропада да және басқа құрлықтарда
жекелеген азық-түлік тауарларын шығару және сату мәселесінде тұрғындардың
қауіпсізідігі мен денсаулығын белгілі бір деңдейде қамтамасыз ететін
көптеген нормативтік ережелер қабылданды. Дей тұрғанмен, тұтынушылардың
құқын жан-жақты кепілдендіретін алғашқы заң 1962 жылы 15 наурызда АҚШ
президенті Д.Кеннедидің тұтынушылар құқығы туралы Биллі болып табылады. Дәл
осы күн қазірге дейін дүние жүзінде тұтынушылардың халықаралық күні болып
аталып өтіледі.
Осы Биллде тұтынушылардың төмендегідей құқықтары бекітілген:
— қауіпсіздік құқығы;
— ақпарат құқығы;
— бәсекелестік баға бойынша әр түрлі өнімдер мен қызметті таңдау құқығы;
— үкіметке естілу құқығы.
Тұтынушылардьщ құқын қорғау жөніндегі заңдардың талаптарын орындау үшін
мемлекеттік өкіметтің арнаулы ұйымдарын құру қажет болды. Мысалы, АҚШ-та
Денсаулық сақтау министрлігінің құрамында арнаулы ведомство — Азық-түлік
және дәрі-дәрмек жөніндегі әкімшілік жұмыс істейді. Оның құрамында орталық
аппаратта және 162 аймақтық бөлімде қызмет ететін 7 мың қызметкер бар.
Аталмыш әкімшіліктің қызмет сферасына өнімнің қауіпсіздігі және сапасы
жөніндегі талаптар туралы ақпарат, жаңа азық-тулік тауарларын рынокке
жіберу үшін алдын ала тексеру (мысалы, тағам қосымшалары), өнімді қалыптау,
қалып талаптарына сәйкес келмейтін азық-түлікті рыноктен аластау, сапасыз
тауарларды сатуға жол берген фирмаларға санкция қолдану кіреді.
Азық-түлік рыногінде қалыптау, әдетте, екі негізгі мақсатты жүзеге асырады:
— азық-түлік қауіпсіздігінің рұқсат етілетін шегін анықтау;
— азық-түлік тауарларының сапасын бағалау.
Нақты өмірде дәл осы қалыптау тұтынушылардың ақпаратқа және
сатылатын өнімді таңдауына құқығын қамтамасыз етеді.
Қалыптауға түзетулер енгізу ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мен тағам
өнімдерін дайындау технологиясының өзгеру және оларда қауіп көздері —
нитрат, пестицид, канцероген және басқалардың пайда болу шамасына қарай
тұрақты енгізіліп отырылады.
Сатып алушылардың талғамы өте жоғары және олар оны өздері анықтайды.
Сонымен қатар әрқандай елдерде азық-түлік сапасын анықтаудың ерекшеліктері
бар. Бұл жерде мәселе тек этникалық жағдайға ғана байланысты емес, сонымен
бірге азық-түлік рыногі мен агробизнестің даму деңгейіне де байланысты
болып отыр. Азық-түлік мәселесі әлі де шешіле қоймаған, рыногі толымсыз
мемлекеттерде қалыптау кезінде өнімде белоктың, майдың, көмір қышқылының
мазмұнына ерекше мән беріледі. Мұнда, негізінен, жоғарыда аталған заттардың
мол құрамы бар табиғи өнімдер басым сұранысқа ие болады. Азық-түлік рыногі
молшылық және тутынудың жоғары деңгейіндегі агробизнесі дамыған елдерде
қоректік заттары аз диеталық өнімдерге (сүт, соядан жасалған ет, қант
ауыстырғыш және басқа төмен калориялы суррогаттар) ерекше маңыз беріледі.
Жоспарлы экономикаға қарағанда нарықтық жүйе жағдайында мемлекеттік
ұйымдар өнім сапасын бағалаумен толық деңгейде айналыспайды. Олардың рөлі,
негізінен, әр түрлі шектеулер енгізу және тұрақты бақылау жасауға
бағытталады. Жеке компаниялар өндірушілер мен сатушылардың маркаларында
көрсетілетін өздерінің фирмалық қалыптары мен ассортименттерін белгілейді.
Күшті бәсекелестік жағдайында аз ғана қалыпқа сәйкес келмеу және сапаның
төмен болуы бұрмалаушылыққа жол берген компанияның өніміне деген сұраныстың
күрт төмендеуіне, осыдан барып шығатын барлық жағымсыз жағдайларға әкеліп
соғады. Сондықтан да фирмалар өздерінің саудалық белгілері мен маркаларына
өте ыждағаттылықпен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу нарығындағы мәселелер
Азық-түлік нарықтарын мемлекеттік реттеу
Аграрлық секторды интенсифтендіру Қазақстан – 2030 стратегиясының басымды бағыты ретінде
Қазақстан Республикасының аграрлық саланың даму мәселері және шешу жолдары
Сүт өнімдері өндірісінің жабдықтарының орналасуы
Құнды қағаздар рыногі жайлы
Қант қызылшасын өсіру
Нарықтық экономиканың кемшіліктері
Халықаралық сауда жайлы
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы жалпы ұғымы
Пәндер