АЗАПТАУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 АДАМНЫҢ ЖЕКЕ БАСЫНА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҢ (АЗАПТАУДЫҢ) ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

  1. Адамның жеке басына қарсы қылмыстар (азаптау) туралы заңдардың даму . . . 5

1. 2 Адамға қарсы зорлықты қылмыс ретінде азаптау ұғымына және

оның белгілеріне қазіргі көзқарас . . . 8

2 АЗАПТАУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ

2. 1 Азаптаудың объективтік белгілерінің қылмыстық құқықтық сипаттамасы . . . 14

2. 2 Азаптаудың субъективтік белгілерінің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы . . . 20

2. 3 Азаптаудың сараланған түрлеріне сипаттама . . . 23

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 30

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 33

КІРІСПЕ

Зорлық көрсету қылмыстарын, атап айтканда, азаптауды зерттеуге және оның алдын алу, одан сақтандыру проблемаларына арналған. Жұмыста зорлық көрсету қылмыстарының әлеуметтік-құқықтық тегі зерделенген, оларға қылмыстық-құқықтық сипаттама берілген, оларды жасаудың тетігі, қылмыскер мен жәбірленуші арасы ашып қарастырылған.

Қылмыстық Кодекстің 1-тарауында (Жеке адамдарға қарсы қылмыстар) көзделген қылмыстар нысандарының аса маңыздылығы көрсетіліп отыр. Адамның кұқықтары мен бостандығын Қазақстанда Конституция қорғайды (12-бап) . Қылмыстық заңның маңызды міндеттерінің бірі адамның және азаматтың құқықтары мен бостандығын қорғау (ҚК-нің 2-6. 1-бөлігі), сондықтан да олар - Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімі адамның жеке басына қарсы қылмыстар, оның ішінде «азаптау» бойынша қылмыс құрамы көзделген 1-тараумен басталады.

ҚР Конституциясының 22-бабында адамның өз бостандығына, денсаулығын қорғауына құқығы жарияланған. Бұл жағдай азаптау үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту проблемасының маңыздылығы артатындығын көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын орындаудың атқарар орны үлкен. Себебі ол қоғамдағы адамдар арасындағы қатынасты реттейтін негізгі ережелерге әсерін тигізуші құрал болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазіргі қылмыстық құқықта азаптау үшін қылмыстық жауапкершілік проблемасына көптеген ғалымдар зейін қойып жүр. Азаптау үшін жауапкершіліктің қылмыстық-құқықтық аспектісін А. А. Калашникова, П. Константинов. И. Портнов, А. Д. Тартаковский, Г. И. Чечель, Р. Д. Шарапов және басқалар өз жұмыстарында атап өткен.

Сонымен катар, Г. А. Аванесов, С. Н. Авелыдев, Ю. М. Антонян, С. Д. Дерябин, В. Е. Квашис және басқалар азаптауды криминологиялық деңгейде зерттеген.

Жұмысты жазу барысында С В. Бородин, Л. Д. Гаухман, А. З. Жалинский, А. А. Жижиленко, Н. И. Загородников, А. Н. Красиков, Б. С. Никифиров, А. А. Пионтковский, Э. Ф. Побегайло, С. В. Расторопов, Н. С. Таганцев, М. Д. Шаргородский, С. Я. Лебедев сияқты ғалымдардың еңбектері зерделенді.

Отандық ғалымдардың арасынан Н. М. Абдиров, А. Н. Ағыбаев, Е. О. Алауханов, Р. Е. Джансараева, Е. И. Қайыржанов, А. Х. Миндагулов, Г. С. Мэуленов, Г. Р. Рустемова, Н. Дулатбеков, Р. Т. Нұртаев, Н. Сұлтанова. А. Смагұлов, М. М. Оразалиев және басқалардың еңбектерін атап өтуге болады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеті . Зерттеудің мақсаты зорлықшыл қылмыстарды криминологиялық санат ретінде қарастыру:

- азаптағандық үшін жауапкершілік туындауының тарихи аспектісін зерделеу;

-бұл қылмыстық құрамның денсаулыққа қарсы қылмыстар жүйесіндегі орны мен рөлін анықтау;

-сондай-ақ бұл нормалар мен оларды қолдану мәселелеріне түсініктеме берумен байланысты проблемаларды зерделеу;

-заңдарды жетілдіру және оны практикада қолдану жөнінде ғылыми-негізделген ұсыныстар жасау және оларды құқық қорғау органдарының жұмысына енгізу.

Осы қойылған мақсатқа сәйкес зерттеу барысында мынадай міндеттерді шешуге талпыныс жасалды:

-қылмыстың дербес құрамы деп танылып азаптау үшін жауапкершіліктің революцияға дейінгі Ресейдің және қазіргі Қазақстанның қылмыстық заңдарында даму үрдісін көрсету;

-ұғымдарды анықтау үшін азаптауға тән міндетті белгілер шеңберін анықтау;

-бұл қылмыс құрамының объективтік және субъективтік белгілеріне талдау жасау;

-азаптау қолданылатын қоғамдық қатынастардың шеңберін анықтау және бұл қылмыс құрамының конструкциясын белгілеу;

- азаптаудың әрбір саралаушы белгілерінің орны мен рөлін анықтау.

Зерттеудің жаңалығы. Қылмыстық заңдарды жетілдіру жөнінде, сондай-ақ бұл қылмыстарды өзінше бөлек қарастырып саралаумен байланысты ұсыныстар даярланған. Зерттеліп отырған құрамның ғылым мен практика үшін маңызы бар кейбір саралаушы белгілерінің басымдығын анықтау.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы, сонымен қатар, қорғауға ұсынылған тұжырымдарда көрсетілген.

Курстық жұмысымың әдістемелік негізі. Зерттеу ғылыми танымдық теория мен тәжірибенің өзара байланысын анықтайтын диалектикалық әдіске негізделген.

- тарихи-құқықтық-зорлықшыл қылмыстарды зерделеудің және оның алдын алудың тарихи тәжірибесін зерделеуге қатысты;

- салыстырмалы құқықтану, оған зорлықшыл қылмыстардың қылмыстық-құқықтық тәсілдер арқылы сақтанудың шетел заңдарының оң тәжірибелерінің талдамалары кіреді;

- статистикалық зорлықшыл қылмыстар туралы статистикалық мәліметтерді жинақтауды және талдауды қамтиды;

Зерттеудің нормативтік базасын отандық қылмыстық, қылмыстық-іс жүргізу, әкімшілік және қылмыстық-атқарушылық заңнамасы, адамдардың қылмыстылығымен күрес мәселесін реттейтін заңдар мен ведомостволық нормативтік-құқықтық актілер, бірқатар шетелдердің қылмыстық заңдарды, адамдардың кұқықтары мен мүдделерін қорғау мәселесіне қатысты халықаралық-құқықтық актілер құрайды.

Зерттеу нәтижесінде алынған тұжырымдардың шындығы таңдап алынған әдістемелік, методологиялық және нормативтік базаларға негізделген.

Курстық жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерге жетуге негізделген, жұмыстың мазмұны таңдап алынған тақырыпты толық көлемді қамтылған деген ойым бар. Диплом жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, 5 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың көлемі 30 бет.

1 АДАМНЫҢ ЖЕКЕ БАСЫНА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҢ (АЗАПТАУДЫҢ) ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

  1. Адамның жеке басына қарсы қылмыстар (азаптау) туралы заңдардың дамуы

Адамның денсаулығына зақым келтіретін қылмыстар адамзат тарихы мен бірге жасап келе жатыр. Сондықтан да, адамның денсаулығын қорғау қазіргі таңда қылмыстық құқықтың ең маңызды міндеттерінің бірі болып саналады. Отандық әдебиетте адам денсаулығын қылмыстық-құқықтық қорғау мәселесіне әрқашанда баса назар аударып отырады.

Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы Ресей мемлекетінің даму тарихымен етене байланыста. Қылмыстық заңнаманың алғаш туындаған кезінде қылмыстың ауыр формалары ғана есепке алынды, бірақ «келе-келе адам денсаулығын жан-жақты қорғау мақсатында қылмыстық озбырлықтың басқа жақтары да қарастырылды» [2. 5 6. ] .

«Азаптау» ұғымы пайда болғанға дейін адамға күш көрсеткені және психикалық ықпал жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік азаптаудың нышаны бар басқа қылмыстар құрамында көзделді. Ал, қылмыстың өзінше дербес құрамы ретінде азаптау кейін бөлінді [3. 101. 6. ] .

Қылмыстың бұл түрі ежелгі замандағы патшалар кезінен бастау алады, олар ешқандай заңға сүйенбестен өз қарсыластарын азаптаған, қинаған [4. 120 б. ] .

Денсаулыққа зақым келтіретін қылмыс жайында Русьте ұлы князьдар Олег (911 ж. ) пен Игорьдің (945 ж. ) гректермен жасасқан шарттарында алғаш рет айтылады. Бұл шарттарда «адам денсаулығы қоғамдық игілік емес, жеке адамның өз игілігі, сондықтан оны қорғау - оның өзінің немесе оған мүдделі адамдардың міндеті - деп көрсетілген .

Тарихшылар «Орыс заңы» деп атаған Олег шартында (911ж) негізінен денеге зақым келтіргендік үшін жауапкершілік көзделген. «егер орыс гректі немесе грек орысты қылышпен немесе найзамен жарақаттаса, ол өзінің кінәсін жуу үшін «Орыс заңы» бойынша бес литр күміс төлеуге тиіс» делінген. Көптеген зерттеушілер мұны заң актісі емес, Русьте қалыптасқан тәртіп деп санайды. Дене жарақаты үшін жауапкершіліктің мұндай нормалары Игорьдің шарттарында да (945 ж. ) болды.

Ежелгі Русьтің қылмыстық құқық нормалары бар және бізге дейін жеткен заң актісі -«Русская правда» (XI ғ. ) . Ол князьдіктердің жарғыларынан, әдет құқықтарынан, нақты сот үкімдерінен құрастырылды онда дене жарақатын алғандық үшін жауапкершілік нормалары қарастырылды, тіптен кейбір жағдайларда қанды кекке рұқсат етілді [5. 49 б. ] .

1903 жылғы «Уложениеде» адамның жеке басына қарсы қылмыстар екі түрге бөлінді: денені жарақаттау және адамға зорлық көрсету, қасақана ұрып-соғу. «Ұрып-соққанмен денеге ешқандай із қалдырмайтын, қысқа уақытқа жан күйзелетін әрекеттер адамға зорлық көрсету болып табылады» дейді С. Таганцев. Бұл әрекеттер адам денсаулығына зақым келтірумен салыстырғанда қоғам үшін онша қауіпті емес қылмыстар қатарына жаткызылған, олар қылмыстық заң қорғайтын мүдделердің қосымша нысанына жатады [16. 191б. ]

1919 жылғы 12 желтоқсанда Ресейдің Қылмыстық істер бойынша басшылыққа алатын бастамасы басылып шықты, бірақ ол қылмыстық заң емес еді, себебі онда қылмыстардың нақты құрамдары қарастырылмаған, дегенмен қылмыстық-құқықтық ұғымдар жүйеге келтірілген болатын.

Қылмыстық заңнаманың дамуындағы келесі белес - РКФСР қылмыстық Кодексінің шығуы еді (1922 ж. ) . V тараудың «Денені жарақаттау және адамға зорлық көрсету» деп аталатын 2 тармағы денсаулыққа қарсы қылмыстарға арналды. Бұл Кодекс дене жарақатын үш санатқа бөлді:

- ауыр;

- орташа ауыр;

- жеңіл.

Бұл ретте Кодекс жеңіл дене жарақатына қандай да бір анықтама берген жоқ, оның белгілерін көрсетпеді.

Бірақ, ауыр және орташа ауыр дене жарақаты деген ; ұғымдарға сүйене отырып жеңіл дене жарақатына өмірге қауіпті емес, денсаулықты аз уақытқа ғана бұзатын немесе денсаулықтың бұзылуына қатысы жоқ жарақатты жатқызуға болады.

Біздің зерттеу үшін керектісі - «қасақана ұрып-соғу немесе жанға бататын өзгедей зорлықты әрекеттер» (157-6. ) . Бірақ ұрып-соғу ұғымы сол қалпы ашылмай қалған «азаптау» және «қинау» терминдері саралаушы белгілер ретінде қолданылған.

1922 жылы «Жарақаттың ауырлығы туралы қорытынды жасау Ережесі» қабылданғаннан кейін қылмыстық-құқықтық нормалардың мәнін толықтай ұғынуға, оларды практикада дұрыс қолдануға мүмкіндік туды.

Отандық зерттеушілердің пікірінше, денсаулыққа қарсы қылмыстарды 1922 жылғы Қылмыстық Кодекс бойынша құқықтық регламенттеуде жан-жақтылық, нақтылық бар көрінеді.

1927 жылдан бастап Ресейде жаңа Кодекс (1926 жылғы) күшіне енді. Адамның өміріне, денсаулығына, ар-ожданына, бостандығына қарсы қылмыстардың барлығы түгелдей VI тарауда берілді.

Бұл Кодекс дене жарақаттарын ауыр (142-6) және жеңіл (143-6. ) деп екіге бөлді. Дененің көгергенінен аяқ-қолдың сынғанына дейінгі әртүрлі ауырлықтағы жарақаттар жеңіл деп саналды. Денеге бәлендей бір қол тигізу емес, адамға жан күйзелісін келтіру ғана зорлықты әрекетке жатқызылды. Ұрып-соғу денсаулыққа қарсы қылмыстардың ерекше тобын құрады (146-6. ) .

Баптың диспозициясынан көріп отырғанымыздай, бұл жерде «ұру» және «соғу» деген, мәні жағынан өте жақын екі термин алынған, қылмыстық заңнамада олардың қандай ұғым беретіндігі ашылмаған. 146-баптың 2-бөлігінде азаптау ұрудың, соғудың және жанға бататын басқа да зорлықты әрекеттердің саралаушы түрі ретінде қарастырылған.

Адамға қарсы қылмыстарды криминалдаудағы олқылықтар заң аналогиясын қолдану жолымен толықтырылды (1922 жылғы Кодекстің 10-бабы және 1926 жылғы Кодекстің 16-бабы) . Сол себептен де ол кезеңнің қылмыстық заңнамасы бірқатар қылмыстық-құқықтық ұғымдардың болмағандығынан қиындық көрген деп санайды зерттеуші.

Адам денсаулығына қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік көзделген заңнаманың дамуындағы елеулі кезең - 1959 жылғы Қазақ КСР Қылмыстық Кодексінің қабылдануы еді.

Бұл Кодекс бойынша дене жарақаты қайтадан үш сатыға бөлінді. Еңбек қабілетінің едәуір жоғалуына алып келмейтін дене жарақаты ауырлығы орташа жарақатқа жатқызылды (94-бап) . Аталған кодекстің 97-бабында жеңіл дене жарақатын салғандық үшін жауапкершілік қарастырылды [17. 137 6. ] .

Ресей Қылмыстық Кодексінің 112-бабына қарағанда (онда мұндай нормалар жоқ) Қазақ КСР Қылмыстық Кодексінің 99-бабында ұрып-соғу және азаптау үшін қылмыстық жауапкершілік көзделді.

«Адамға зорлық көрсету» ұғымы 1959 жылғы азаптаумен байланыстырылды. «Азаптаудың» құрамы кеңес дәуіріндегі қылмыстық заңнама үшін мүлде жаңа еді, ол 99-бапта көрініс тапты. Азаптауға «қасақана ұрып-соғу және жанға бататын басқа да зорлықты әрекеттер» деген анықтама берілді. Бұл Кодексте ұрып-соғу мен азаптау біртұтас ұғым болды.

Қазақ КСР Қылмыстық Кодексіне берілген түсініктемеде азаптау денеге жеңіл жарақат салу тәсілі деп ұғындырылды. 1977 жылы азаматтардың денсаулықты қорғау құқығы алғаш рет КСРО Конституциясында бекімін тапты (42-бап) . ҚР Конституциясы (1995 ж. ) зорлықты қылмыстардың алдын алудың оңтайлы жолдарын іздестірудің жаңа кезеңі болды, себебі онда адамның туғаннан өлгенге дейінгі өміріне, денсаулығына, жеке басына қол сұқпауға құқығы жарияланды.

Адам денсаулығына зиян келтіргендік үшін жауапкершілік көзделген қылмыстық заңнамада зорлықты қастандықпен күрестің бірқатар қылмыстық-құқықтық жолдары қарастырылды. 1997жылғы Қылмыстық Кодекс қылмыстық Заңдарды ҚР Конституциясына және халықаралық нормаларға сәйкестендіруге тиіс болды. Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы қылмыстардың құрамына баса назар аударылды.

Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес бұл қылмыстар тобының орналасу реті де өзгерді. ҚР ҚК Ерекше бөліміндегі I тарау «Адамға қарсы қылмыстар» деп аталды.

Ұрып-соғу және азаптау сияқты қылмыстар құрамы өзгертілді, олардың біріншісі өзінше құрамға бөлінді, кейін мүлде алынып тасталды [18. 68 б. ] .

Азаптағандық үшін жауапкершілік көзделген қылмыстық заңнаманың даму тарихын талдай және қорыта келе оның ұзақ сүрелі жолдан өткендігін көреміз. Ол «Русская Правдадан» бастау алады, ал азаптау термині алғаш 1845 жылғы «Уложениеде» қалыптасқан болатын.

Қазақстан Республикасының қазіргі қылмысты заңнамасында оларға қатысты толығырақ сипаттама берілген дегенмен азаптағандық үшін жауапкершілік көзделген нормаларды тәжірибеде қолданумен байланысты бірқатар мәселені туындатып отыр.

Бұл саладағы зерттеу осы тақырып бойынша нақты ұсыныстар мен тұжырымдар жасай отырып, заңды дұрыс қолдану үшін қандай да бір өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.

1. 2 Адамға қарсы зорлықты қылмыс ретінде азаптау ұғымына және оның белгілеріне қазіргі көзқарас

Адамның өмірін, денсаулығын, денесіне қол жұмсалмауын және бостандығын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарға жасалатын барлық қастандықтардың басым көпшілігі күш қолданылып, кейбір жағдайларда психикасына қысым көрсетіліп жасалатын қылмыстар.

Қылмыстылық- адамның мінез құлқы нысандарының бірі, ал қылмыс- адамның саналы түрде жасаған әрекеті, нақты қылығы. Адамның тұлғасын сипаттайтын қасиеттердің бәрін біліп алмай, жеке адам қылмысының себебін немесе жалпы қылмыс себебін біліп-түсіну мүмкін емес.

Криминология ғылымы адам қылмыскер болып тумайды, қылмыстылық тұлғаның қалыптасу кезеңіндегі жайсыз жағдайлардың салдарынан пайда болады деп пайымдайды. Алайда жайсыз жағдайдың бәрі бірдей және әр уақытта қылмыстық мінез құлық тудырады деп ойлауға болмайды. Адам іс жүзінде өзінің психологиялық табиғатына сай келетін шарттар мен факторларды таңдап алып және оны белгілі бір дәрежеде игереді.

Қылмыскер тұлғасы- қылмыстылыққа итермелеуші әлеуметтік өмір жағдайы мен осы жағдайдың салдарынан болған қылмыстың арасын жалғастырушы буын болып саналады.

Криминология ғылымы қылмыскер тұлғасы деп- қылмыстық заңды басқа жағдайлармен және мән-жайлармен қоса адамды кінәлі ететін, осылайша оның қоғамға жат қылықтарына әсер ететін әлеуметтік мәні қасиеттердің, белгілердің, қатынастардың жиынтығы деп таниды.

Қылмыскердің тұлғасы өзінің бағыттылығы арқылы көзқарас пен бағдар мазмұнымен, қажеттік деңгейі мен шеңберімен ерекшеленеді. Алайда осындай жағдайға қарап, қылмыс жасаған адамдардың барлығында бірдей қоғамға жат көзқарас пен бағыт-бағдар бар деп ойлауға болмайды. Мұндайлар болмағанның өзінде де қылмыскердің тұлғасы мен оның қылмыстық мінез-құлық себептерін зерттеудің қажеттігі күн тәртібінен алынып тасталмайды.

Қылмыскердің тұлғасы- криминология нәрсесі ретінде, мұндай тұлға әлеуметтік мәні бар жеке-нақты объект ретінде немесе жалпы әлеуметтік тип ретінде қарастырылуы тиіс пе деген пікірталас тудырады.

Қылмыс жасаушы адамдар әртүрлі белгілер бойынша бір-бірінен ерекшеленеді, олардың әрқайсысы өзінше жеке-дара. Сонымен қатар қылмыс жасаушы барлық адамдарды ортақ бір немесе бірнеше белгілер сипаттайтын топтарға топтастыруға болады.

Типология - қылмыскерлердің неғұрлым тереңірек сипаттамасы болып табылады. Ол зерттелетін қылмыстық әрекеттің тууы мен дамуының тегін, себебін, заңдылығын ашуға, болжам жасауға мүмкіндік береді. Қылмыскердің жеке басын типологиялаудың тәжірибелік мәнін, ең алдымен, сақтандыру және жазалау-тәрбиелеу шараларын бөліп қарастыру, кейбір тергеу мәселелерін шешу, қылмыстық қылықтың кейбір типтерін айқындап талдау, сондай-ақ бұл қылықтарды адамның кейбір ерекшеліктері арқылы түсіндіру мүмкіндіктерімен байланыстырады [19. 40. б. ] .

Қылмыскер тұлғасы кез келген адам тұлғасы сияқты белгілі бір құрылымға- өзара байланысқан және өзара әрекеттес элементтер тобына ие болатын тұтастай құрылым болып көрінеді. Қылмыскер тұлғасының құрылымын зерттеу- элементтер мен құрылымдар арасындағы байланыстардың өзгерістері тұлғаның түбірімен қайта жаңғыруымен пара-пар болғандықтан, оның мінез-құлқындағы қозғалмалы күштеріне жақындасып, танып-білу.

Қылмыскер тұлғасының құрылымын анықтау барысында оны басқа адамдармен араласу нәтижесінде және өз кезегінде белгілі бір істің; танымның, қарым-қатынастың субъектісі ететін әлеуметтік мәні бар қасиеттер жиынтығын иеленуші деп қарау керек.

Қылмыскер тұлғасын танып-білу тұлғаның құрылымы мен оның жүзеге асыратын элементтері арасындағы қалыптасатын қоғамдық қатынастарды талдау арқылы ғана мүмкін.

Қылмыскер тұлғасы құрылымының өзі бірқатар құрылымдық бөліктерге бөлінеді, яғни қылмыскер тұлғасын төмендегі блоктардан құралатын жүйе ретінде қарастыруға болады:

1) қылмыскер тұлғасының демографиялық блогы;

2) қылмыскер тұлғасының әлеуметтік-мәдени блогы;

3) қылмыскер тұлғасының экономикалық блогы (қоғамдық өндіріс жүйесіндегі жағдайы мен материалдық қамтамасыз етілуінің деңгейі) ;

4) тұлғаның әлеуметтік институттарға қатысы блогы (серіктестік қатысы, әлеуметтік институттарға арқа сүйеушілік, дұшпандық қатынастары, олардың қызметінің шырқын бұзуға ұмтылысы) ;

5) тұлғаның әлеуметтік қауымдастықтарға қатысы блогы (жағымды әлеуметтік міндеттер атқаруға бағытталған, бірақ шырқы бұзылып, соның салдарынын өзінің мүшелеріне жағымсыз әсер ете бастаған, сондай-ақ мүшелерінің жағамсыз пиғылдары негізінде құрылған қауамдастықтар) ;

6) тұлғаның әлеуметтік нормаларға қатысы блогы. Адамның мінез-құлықтары белгілі бір әлеуметтік нормалар жүйесімен реттелетіні белгілі. Бұл нормалардың бәрі мынадай екі топқа бөлінуі мүмкін: а) бүкіл қоғам мойындаған (жалпыәлеуметтік) ; б) жекелеген қауымдастықтар мойындаған және қорғаған. Мұның өзін: жалпыәлеуметтікке сай келетін; оларға бейтарап; оларға қарама-қарсы деп бөліп қарауға болады.

Құрылымдық бөліктерден бір нәрсені алып тастау, бөліктер өздігінен өзі дербес жалғасын таба алмайтындықтан бүкіл құрылымның тұтастығын бұзады. Демек, олардың бәрі де бір-бірімен өзара тығыз байланыста және біріне-бірі тәуелді.

Қылмыскер тұлғасы құрылымының басқа да амалдары анықталуы мүмкін. Әсіресе, мынадай жолдары белгілі:

  • әлеуметтік-демографиялық және қылмыстық-құқықтық белгілері;
  • қоғамдық өмірдің әр саласындағы әлеуметтік көрінісі;
  • адамгершілік қасиеттері;
  • психологиялық ерекшеліктері.

Қылмыскерлерді түрлерге топтастыру маңызды аналитикалық және профилактикалық мәнге ие. Ол қылмыстылық себебін анағұрлым терең және де жан-жақты зерттеуге көмектеседі [20. 129б. ] .

Профессор А. Б. Сахаров бастапқыда категориялардың мынадай белгілерін ұсынды: әлеуметтік-демографиялық; әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-биологиялық [21. 69-70б. ] . Алайда, ол кейіннен өзінің көзқарасты пікірін өзгертіп, тұлғаның биологиялық белгісін алып тастады.

Қылмыскердің тұлғасы жалпы тұлғадан өзінің құрылымында белгілі-бір компоненттердің бар-жоғымен емес, ең алдымен осы құрылымдағы белгілі бір компоненттердің мазмұнымен және бағыттылығымен ерекшеленеді. Криминология үшін аса қажеттісі - нақты қылмыс жасаудың себептері болып саналатын адамгершілік қасиет, мәнді бағдар, көзқарастардың; мүдделердің, қажеттіктің, бейімділіктің, әдеттің қоғамға жат бағыттылығы, дегенмен мұның бәрі құрылымдық бөліктердің басқаларын жоққа шығару болмаса керек. Тұлғаның бағыттылығы адамның өзіне тән сипатталатын және оның қызметіне әрекет ететін ақиқатқа таңдамалы қатыстылығын көрсетеді. Бағыттылық - тұлғаның психологиялық құрылымындағы элемент. Ол басқа да элементтерге - білім деңгейіне, биологиялық қасиеттерге (жігерлілік, талабы) негізделген сипаттардың көрінуіне басты әсер етеді және адамның тиісті қылмыстық мінез-құлықты таңдауын анықтайды.

Осы көрсетілген барлық сипаттамалар бойынша криминологиялық ғылымда соңғы жылдары едәуір материал жинақталды.

Кейбір зерттеушілер мысалы, құқық бұзушылардың жасы мен олар жасаған қылмыстардың құрылымдары арасындағы белгілі бір байланыстылықты ашты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаптаудың объективтік белгілерінің қылмыстық құқықтық сипаттамасы
Денсаулыққа қарсы қылмыстар ұғымы
Әртүрлі дәрежедегі ауырлықтағы денсаулыққа зиян келтіретін қылмыстар
Адам өлтіру - материалдық құрамға жататын қылмыс
Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері туралы
Кәмелетке толмағандарды жазалаудың тиімділігі
Өмірге қарсы қылмыстың жалпы сипаттамасы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕ АДАМДЫ ҰСТАП БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Денсаулыққа қарсы қылмыстар
Нормалар бәсекелестігінің түсінігі және түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz