Тууды тіркеу тәртібі мен мерзімдері
Кіріспе
Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың
теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік
қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық
заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар,
мемлекет, сондай-ақ әкімшілік аумақтық бөліністер болып табылады. Отбасылық
еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны
қорғау жөніндегі қатынастарға азаматтық заңдар бұл қатынастар тиісінше
отбасылық, еңбек заңдармен, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы
ортаны қорғау туралы заңдармен реттелмеген жағдайларда қолданылады.
Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың
теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің
болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық
құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына
келтірілуіне, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға
негізделеді.
Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің азаматтақ құқықтарына өз
еркімен және өз мүддесін көздей отырып ие болады және жүзеге асырады. Олар
шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін анықтауда және шарттың
заңдарға қайшы келмейтін кез келген жағдайларын белгілеуде ерікті.
Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" 1998 жылғы 17
желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасында азаматтық хал актiлерi жазбаларын
өзгерту, қалпына келтiру және жою туралы ереже;
2) азаматтық хал актiлерiн тiркеу кiтаптарының нысандары:
туу туралы;
туу туралы актiнi қалпына келтiру жазбасы;
некеге тұру туралы;
әкелiктi белгiлеу туралы;
бала асырап (қыз асырап) алу туралы;
тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгерту туралы;
некенi бұзу туралы;
қайтыс болу туралы;
3) осы кiтаптардағы жазбалардың негiзiнде берiлетiн
куәлiктердiң нысандары:
туу туралы;
некеге тұру туралы;
некенi бұзу туралы

4) Қазақстан Республикасында азаматтық хал актiлерiн тiркеу тәртiбi
туралы ережелер.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр
шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялауға
жатады.
І. Азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі
Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы заңда заңының 163-
бабына сәйкес туу, қайтыс болу, неке қию, некенi бұзу, бала асырап алу, әке
(ана) болуды анықтау, атын, әкесiнiң атын және тегiн өзгерту азаматтық хал
актiлерiн жазатын мемлекеттiк органдарда (бұдан әрi - АХАЖ органдары)
тiркеуге жатады.
Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы заңда заңының
164-бабына сәйкес, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi АХАЖ бөлiмдерi, ал
мұндай бөлiмдер жоқ жерлерде - жергiлiктi атқарушы органдар жүргiзедi.
АХАЖ бөлiмдерi мынадай iс - әрекеттердi жүргiзедi:
1) тууды, қайтыс болуды, неке қиюды, некенi бұзуды, бала (қыз) асырап
алуды, әке (ана) болуды анықтауды, атын, әкесiнiң аты мен тегiн анықтауды
тiркеудi;
2) азаматтық хал актiлерiнiң жазуын заңмен белгiленген тәртiппен
түзетедi, өзгертедi, толықтырады және жояды;
3) жойылған жазбаларды қалпына келтiредi, атын, тегiн, әкесiнiң атын
өзгертудi ресiмдейдi;
4) бастапқы және қайтадан куәлiктер, анықтамалар, азаматтық хал
актiлерiнiң көшiрмелерiн бередi;
5) азаматтық хал актiлерiн тiркеу кiтаптарын сақтауды қамтамасыз
етедi.
Азаматтық хал актiлерiн тiркеу үшiн арыз берушiнiң жеке басын
куәландыратын мынадай құжаттар ұсынылуға тиiс:
1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке бас куәлiгi не ұлттық
паспорты;
2) мерзiмдi әскери қызметшiлер үшiн - әскери билет;
3) Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұратын шетел
азаматтары үшiн - шетел азаматтарының тұруына арналған ықтиярхат; Қазақстан
Республикасына уақытша келген адамдарға - уақытша тұруы туралы тұруға
рұқсаты бар құжат;
4) азаматтығы жоқ адамдар үшiн - азаматтығы жоқ адамның тұруына
арналған ықтиярхат.
Азаматтық хал актiлерiн тiркеу кiтабына енгiзiлетiн әрбiр жазба арыз
берушiге оқылып беруге, олардың және жазуды жүргiзетiн лауазымды адамның
қолдары қойылуға әрi азаматтық хал актiсiн тiркейтiн органның мөрiмен
бекiтiлуге тиiс.
Өтiнiш берушiлерге азаматтық хал актiсiнiң жазбасы жүргiзiлгенi
туралы тиiстi куәлiк берiледi.
Кенттiк, ауылдық (селолық) округтердiң лауазымды адамдары тууды,
қайтыс болуды, неке қию мен әке болуды тiркеудi жүргiзедi.
1.1 Азаматтардың құқық қабілеттілігі
Азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті (азаматтық құқық
қабілеттілігі) барлық азаматтарға бірдей деп танылады.
Азаматтардың құқық қабілеттілігі ол туған кезден басталып қайтыс
болған соң тоқтатылады.
Азаматтың Қазақстан Республикасы шегінде де, одан тыс жерлерде де
мүлікті, соның ішінде шетел валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып,
мұраға қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп тұруға және тұрғылықты
жер тандауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның
аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген
қызметпен айналысуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды
тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған
кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға, ғылым,
әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де
туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға; материалдық және
моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да
мүліктік және жеке құқықтары болады.
Заң құжаттарында көзделген реттер мен тәртіп бойынша болмаса,
ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге
болмайды.
Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеудің
заң құжаттарында белгіленген шарттары мен тәртібінің немесе олардың
кәсіпкерлік не өзге де қызметпен айналысу құқығының сақталмауы тиісті
шектеуді белгілеген мемлекеттік немесе өзге де органның құжатын жарамсыз
деп тануға әкеліп соқтырады.
Азаматтың құқық қабілеттілігінен немесе әрекет қабілеттілігінен толық
немесе ішінара бас тартуы және құқық қабілеттілігін немесе әрекет
қабілеттілігін шектеуге бағытталған басқа да мәмілелер жарамсыз болады,
бұған мұндай мәмілелерге заң құжаттарында рұқсат берілген реттер
қосылмайды.
Тууды тiркеу, әке болуды анықтау, бала (қыз) асырап алу, неке қию,
некенi бұзу, атын, әкесiнiң атын және тегiн, ұлтын және жынысын өзгерту
үшiн, сондай-ақ туу, неке қию, некенi бұзу, қайтыс болу туралы актiлердiң
жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтiруге
байланысты куәлiктер және азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайталап
берiлетiн куәлiктер үшiн Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi
төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi)
белгiленген мөлшерде мемлекеттiк баж алынады.
Қайтыс болуды тiркеу, сондай-ақ азаматтық хал актiлерiн тiркеу
кезiнде жiберiлген қателерге байланысты куәлiктер беру Салық және бюджетке
төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының
Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес мемлекеттiк баж алусыз жүргiзiледi.
Тууды және қайтыс болудың уақытында әрi дұрыс тiркелуiн қамтамасыз
ету үшiн жауапкершiлiк (халықты тiркеу мерзiмдерi мен тәртiбi туралы
хабардар ету тiркелуден жалтару жағдайларын анықтау, актiлiк кiтаптарды
дұрыс жүргiзу және тағы басқалар) АХАЖ органдары бастықтарының жеке
өздерiне; ал селолық елдi мекендерде - жергiлiктi атқарушы органдардың
лауазымды адамдарына.
Халықтың табиғи қозғалысын тiркеудiң толықтығы мен уақытылылығын
қамтамасыз ету мақсатында медициналық мекемелер келесi айдың үшiншi күнiнен
кешiктiрмей ай сайын АХАЖ органдарына туғандар мен қайтыс болғандардың
тiзiмдерiн жiберiп тұруға мiндеттi.
Азаматтық хал актiлерiн тiркеуге уәкiлеттi лауазымды адамдар осы
тiзiмдердi жүйелi түрде актiлер жазуларымен салыстырып тұруға және
тiркелмеген адамдар анықталған жағдайда оларды тiркеуге шаралар қолдануға
тиiс.
Тууды тіркеу тәртібі мен мерзімдері. Балалардың тууын тiркеудi АХАЖ
органдары баланың туған жерiнде немесе ата-аналарының не олардың бiреуiнiң
тұрғылықты жерiнде жүргiзедi
Ата-аналардың қалауы бойынша АХАЖ органы баланың тууын салтанатты
түрде, АХАЖ органының үй-жайында не АХАЖ органдары мен жаңа туған баланың
ата-аналарының келiсiмi бойынша әйелдер босанатын үйде және кез келген үй-
жайда тiркеудi қамтамасыз етедi.
Егер ата-анасы өзара некеде тұрмаса, тууды тiркеу өзiн баланың
әкесiмiн деп танитын адамның тұратын жерiнде тiркелуi мүмкiн, онда тууды
тiркеу туралы өтiнiшпен қоса әке болуды анықтау туралы өтiнiш берiледi.
Баланың тууын тiркеу туралы арызды ата-анасы немесе олардың бiреуi,
ал ата-анасы науқас немесе қайтыс болған кезде немесе өзге себептермен олар
үшiн мұндай өтiнiш беру мүмкiн болмаған жағдайда - мүдделi адамдар
көршiлерiнiң, бала туған кезде анасы жатқан медициналық мекеменiң
әкiмшiлiгi жазбаша немесе ауызша түрде бередi.
Баланың тууын тiркеу туралы АХАЖ органына өтiнiш оның туған күнiнен
бастап екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей жасалуға тиiс.
Екi айлық мерзiм өткеннен кейiн тууын тiркеу Қазақстан
Республикасының Әдiлет министрлiгi бекiткен нысан бойынша, аумақтық әдiлет
органының АХАЖ бөлiмi жасаған қорытындының негiзiнде жүргiзiледi.
Медициналық мекеменiң баланың тууы туралы анықтамасында баланың
анасы туралы барлық қажеттi мәлiметтер (тегi, аты, әкесiнiң аты), сондай-ақ
баланың туған күнi мен жынысы, анықтаманың берiлген күнi болуға тиiс.
Анықтама лауазымды адамның қолымен және емдеу мекемесiнiң мөрiмен
куәландырылуға тиiс.
Егер баланың тууы туралы медициналық анықтамада анасының некеге
дейiнгi тегi (әрi қарай - некеге дейiнгi тек) көрсетiлсе, ал тууды тiркеу
сәтiнде ол паспортын, жеке бас куәлiгiн (жеке басын куәландыратын басқа
құжатын) некенiң тiркелуi кезiнде берiлген тек бойынша алса, арыз берушi
мiндеттi түрде емдеу мекемесi берген анықтаманың (осы паспортын (жеке басын
куәландыратын басқа құжатын) АХАЖ органына ұсынған анаға берiлгенiн
растайтын неке қию туралы куәлiктi тапсыруға тиiс. Егер некенi тiркеу
кезiнде әйелге жұбайының тегi берiлсе, алайда ол паспортын жаңа текке
ауыстырмаған және баланың тууы туралы медициналық анықтамада да анасының
некеге дейiнгi тегi көрсетiлген болса, арыз берушi мiндеттi түрде неке қию
туралы куәлiктi тапсыруға тиiс. Ата-ананың некесiн қию туралы жазба осы
АХАЖ органында болған жағдайда неке қию туралы куәлiктi тапсыру мiндеттi
емес.
Баланы үйде туған жағдайда туу емдеу мекемесi дәрiгерiнiң, басқа
медициналық қызметкердiң анықтамаларының негiзiнде, олар болмаған жағдайда,
кемiнде екi куәнiң арызының негiзiнде тiркеледi.
Куәнiң (куәлардың) келуi мүмкiн болмаған жағдайда баланың осы әйелден
туу фактiсiн жазбаша растаудың астына қойған қолдардың нақтылығы
нотариаттық тәртiппен куәландырылуға тиiс. Бұған қоса, куәнiң қолын АХАЖ
органының бастығы немесе тұрғылықты жерi бойынша жергiлiктi атқарушы
органның лауазымды адамы; шетелде жүрген (ұзаққа созылған iссапар және тағы
басқа) Қазақстан Республикасы азаматтарының қолдарын - Қазақстан
Республикасының консулдық мекемелерiнiң лауазымды адамы; әскери
қызметшiлердiң қолдарын - тиiстi әскери бөлiмнiң командирi; Қазақстан
Республикасының жалауымен жүзiп жүрген теңiз кемелерiнде немесе iшкi сулар
кемелерiндегi Қазақстан Республикасы азаматтарының қолдарын - осы
кемелердiң капитандары; барлау және сол сияқты басқа да экспедицияларда
жүрген азаматтардың қолдарын - осы экспедициялардың бастықтары;
стационарлық емдеу-сауықтыру мекемелерiнде емделуде жатқан азаматтардың
қолдарын - осы мекемелердiң әкiмшiлiгi куәландыра алады.
Өзара некеде тұратын әкесi мен анасы олардың бiреуiнiң өтiнiшi
бойынша тууды тiркеу кiтабында баланың ата-анасы болып жазылады. Неке қию
туралы куәлiк мұндай жазуға негiз болып табылады.
Жасанды түрде ұрықтандыру тәсiлiн қолдануға немесе эмбрионды
имплантациялауға өздерiнiң жазбаша келiсiмдерiн берген некеде тұратын
адамдар осы тәсiлдердi қолданудың нәтижесiнде оларда бала туған жағдайда
тууды жазу кiтабында оның ата-аналары болып жазылады.
Некеде тұратын және бала көтерту мақсатында басқа әйелге эмбрионды
имплантациялауға жазбаша түрде өз келiсiмдерiн берген адамдар тек баланы
туған әйелдiң (суррогат ананың) келiсiмiмен ғана баланың ата-анасы болып
жазыла алады.
Егер бала некенiң бұзылу немесе оның жарамсыз деп танылу күнiнен
бастап екi жүз жетпiс күн өткеннен кейiн туса, бұрынғы жұбай тек әке болуды
анықтау туралы актiлiк жазудың негiзiнде ғана баланың әкесi болып жазылуы
мүмкiн.
Егер тiркелген некеде тұратын баланың анасы тууды тiркеу кезiнде оның
жұбайы бұрынғы жұбайы баланың әкесi болып табылмайды деп мәлiмдесе және
баланың тууы әкесi болу мынадай тәртiппен анықталады:
а) баланың анасымен некеде тұрмайтын адамның әке болуы баланың әкесi
мен анасының АХАЖ органына бiрлесiп арыз беру жолымен анықталады;
б) анасы қайтыс болған, ол әрекет қабiлетi жоқ деп танылған, ананың
тұрған жерiн анықтау мүмкiн болмаған жағдайларда немесе ол ата-аналық
құқығынан айырылған жағдайда - қамқоршы және қорғаншы органдардың
келiсiмiмен баланың әкесiнiң арызы бойынша, осындай келiсiм болмаған
жағдайда - сот шешiмiмен анықталады;
в) бала туғаннан кейiн әке болуды анықтау туралы бiрлесе арыз беру
мүмкiн болмайды немесе қиын болады деп тұспалдауға негiз болатын мән-жайлар
болған жағдайда, болашақ баланың өзара некеде тұрмайтын ата-анасы осындай
арызды ананың жүктi кезiнде АХАЖ органына бере алады. Баланың ата-анасы
туралы жазба бала туғаннан кейiн жасалады.
Егер ата-анасы өзара некеде тұрмаса, баланың анасы туралы жазба
анасының өтiнiшi бойынша, ал әкесi туралы жазу - әке болуды баланың әкесi
мен анасының бiрлесiп берген арызы бойынша немесе баланың әкесiнiң арызы
бойынша жасалады немесе әкесi соттың шешiмi бойынша жазылады.
Бала некеде тұрмайтын анадан туған кезде, ата-ананың бiрлесiп берген
арызы болмаған кезде соттың әке болуды анықтау туралы шешiм болмаған
жағдайда, тууды жазу кiтабында баланың әкесi туралы жазба анасының тегi
бойынша, баланың әкесiнiң өз аты мен оның әкесiнiң ата-анасының айтуы
бойынша жазылады.
Баланың тууы анасының емес, басқа адамның өтiнiшi бойынша тiркеген
жағдайда әкесi туралы мәлiметтер осы тармақтың екiншi абзацымен көзделген
тәртiпте осы адамның айтуы бойынша жазылады.
Некеде тұрмайтын және он алты жасқа немесе кәмелетке толмаған ата-
анадан туған баланы тiркеу заңды өкiлдiң қатысуымен жүргiзiледi.
Жасанды түрде ұрықтандыру тәсiлiмен немесе эмбрионды имплантациялау
жолымен туған балалардың тууын тiркеу жалпы белгiленген тәртiппен жүзеге
асырылады.
Тууды тiркеу кезiнде баланың тегi ата-анасының тегiмен белгiленедi.
Ата-анасының тектерi әртүрлi болған жағдайда балаға ата-анасының келiсiмi
бойынша әкесiнiң немесе анасының тегi берiледi. Ата-анасының қалауы бойынша
баланың тегiн ұлттық дәстүрлердi ескерiле отырып, әкесiнiң немесе атасының
атына жазылуы мүмкiн. Баланың тегiне қатысты ата-анасының арасындағы
келiспеушiлiктер сот тәртiбiмен шешiледi.
Тууды тiркеу кезiнде ұлты қазақ адамдардың аттарын, әкелерiнiң
аттарын және тектерiн мына төмендегi үш мүшелiк антропонимдiк белгiлеу
жүйесi: аты, әкесiнiң аты, тегi бойынша дұрыс жазуға және айтуға назар
аудару керек.
Мұнымен қатар азаматтардың қалауы бойынша қазақтардың тектерi мен
әкелерiнiң аттарын жазу кезiнде қазақ тiлiне жат -ов, -ев, -ова, -ева, -ин,
-и -ины, -на, -овна, -евна, -ович, -евич жұрнақтары алып тасталып, олардың
орнына "ұлы", "қызы" жалғаулары бiрге қосып жазылады.
Әкесiнiң аты шын мәнiсiнде тегiн ауыстыратын болса және тегi
мiндеттi түрде бiрiншi орында, одан кейiн аты тұрса, онда әкесiнiң аты
жазылмайды.
Тегiнiң айтылуы қолайсыз естiлетiн жағдайларда сондай-ақ қазақтардың
тұрмысында кездесетiн шығыс антропонимi дәстүрлерiн құрметтей отырып, тегiн
белгiлеу кезiнде өз еркi бойынша "и" әрпiн қосып жазуға жол берiледi.
Ұлты қазақ адамдардың тектерiн, өз аттары мен әкелерiнiң аттарын жазу
кезiнде атындағы сөздiң мөлшерiне қарамастан бөлек жазуға жол берiлмейдi.
Атын, тегiн, әкесiнiң атын өзгертудi тiркеу кезiнде де осындай
принциптер қолданылады.
Текке "тегi", "ұрпағы", "немересi", "шөбересi" сөздерiн және тағы
басқа сөздердi қосып жазуға жол берiлмейдi.
Балаға қосарланған тек беруге рұқсат етiлмейдi. Алайда, егер ата-
анасының (немесе олардың бiреуiнiң) қосарланған тегi болса, АХАЖ органы
балаға осы тектi беруден бас тартуға құқылы емес. Балаға ұлттық-тарихи
дәстүрлерге сәйкес әкесiнiң немесе атасының атына жазылған тек берiлуi
мүмкiн.
Баланың аты ата-анасының келiсiмi бойынша қойылады, ата-анасының арасында
келiсiм болмаған жағдайда баланың атын қою мәселесi сот арқылы шешiледi.
АХАЖ органы берiлген аттың жеке аттар анықтамасында көрсетiлмеуi
немесе қысқартылған, еркелететiн ат болып табылуы негiзiнде балаға ата-
анасы таңдаған атты қоюдан бас тартуға құқылы емес.
Балаға әкесiнiң аты әкесiнiң атымен не әкесi ретiнде жазылған
адамның атымен берiледi. Егер жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес
әкесiнiң бiрнеше аты болса, баланың әкесiнiң аты ата-анасының таңдауымен
солардың бiреуi бойынша жазылады.
Басқа ұлт адамдарының тектерi, аттары және әкесiнiң аттары өздерiнiң
қалауы бойынша олардың ұлттық ерекшелiктерiне сәйкес жазылуы мүмкiн.
Тууды тiркеу туралы жазылған жазудың негiзiнде тууы туралы куәлiк
жазылып, ол тууды тiркеу туралы өтiнiш берген адамға берiледi.
Тууы туралы куәлiкпен бiрге мiндеттi түрде жұмыс орнына тапсыру үшiн
баланың туу жағдайы бойынша тиiстi жәрдемақы алуға анықтама берiледi.
Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың балаларының тууын тiркеу
кезiнде ата-анасының екеуiнiң де жеке бастарын куәландыратын құжаттарын,
сондай-ақ олардың мемлекеттiк және орыс тiлiндегi мәтiннiң нотариалдық
куәландырылған аудармасын тапсыру талап етiледi.
Екi және одан да көп бала туған кезде олардың әрқайсысына туу туралы
медициналық анықтама тапсырылуға тиiс, соның негiзiнде бiрiнен кейiн бiрi
жазылатын тууы туралы жеке жазбалар жазылады және балаларға туу туралы жеке
куәлiктер берiледi.
Тауып алған баланың тууын тiркеу, егер ол бұрын тiркелмеген болса,
оны тауып алған адамның, балалар мекемесi әкiмшiлiгiнiң немесе iшкi iстер
органының арызы бойынша тауып алу күнiнен бастап үш күннен кешiктiрiлмей
жүргiзiледi. Тауып алған баланың тууын тiркеу кезiнде АХАЖ органы бұл жайлы
дереу қамқоршылық және қорғаншылық органына хабарлауға тиiс.
Тууды тiркеу кезiнде арызға барлық жағдайларда, баланың табылған
уақытын, орнын және тауып алу жағдайларын көрсетiп iшкi iстер органы немесе
жергiлiктi атқарушы орган әзiрлеген хаттама, сондай-ақ баланың жасы туралы
медициналық мекеме берген анықтама қоса тапсырылады.
Тауып алынған, ата-анасы белгiсiз баланың тегi, аты, әкесiнiң аты,
сондай-ақ оның ата-анасының тегi, аты, әкесiнiң аты мен ұлты қамқоршылық
және қорғаншылық органының, бала тапсырылған балалар мекемесi
әкiмшiлiгiнiң, баланы тауып алған iшкi iстер органының немесе баланы тауып
алған адамның айтуы бойынша жазылады (баланың ата-анасы туралы басқа
мағлұматтар жазылмайды).
Өлi туған балалар мен өмiрiнiң бiрiншi аптасында өлген балалар баланы
тудырған немесе бала өлген емдеу мекемесiнiң арызы бойынша туу сәтiнен
бастап бес тәулiктен кешiктiрiлмей АХАЖ органдарында тiркелуге тиiс.
Алайда, егер мұндай арызбен ата-анасы немесе қажеттi құжаттарды ұсынған
басқа адам жүгiнсе, АХАЖ органы тiркеуден бас тартуға тиiс емес.
Өлi баланың тууын тiркеу өлi туу туралы медициналық куәлiктiң
(перинаталдық өлiм туралы куәлiктiң) негiзiнде тек тууы туралы актiлердi
тiркеу кiтабында ғана тiркеледi.
Егер бала туғаннан кейiн өлсе (егер ол бiрнеше минут қана өмiр сүрсе
де), екi актiлiк жазу: тууы туралы - тууы туралы медициналық анықтаманың
негiзiнде және қайтыс болу туралы - перинаталдық өлiм туралы куәлiктiң
негiзiнде жазылуға тиiс.
Мұнда туу туралы актiнiң жазуында актiлiк жазудың нысанымен көзделген
ата-анасы туралы барлық мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.
Егер бала өмiрiнiң бiрiншi аптасында қайтыс болса, өтiнiш берушiге
тек қайтыс болу туралы куәлiк берiледi. Кейiннен тек қайтыс болу туралы
қайтадан куәлiк берiледi.
Егер ата-анасына баланың (өлi немесе тiрi, бiрақ өмiрiнiң бiрiншi
аптасында қайтыс болған) тууын растайтын құжат алу қажет болса, АХАЖ органы
өлi туу туралы немесе баланың қайтыс болуы туралы көрсетiп, тууы туралы
анықтама бередi.
Баланың әкесiмен некеде тұрмайтын анасы қайтыс болғанда баланы толық
мемлекеттiң есебiнен ұстауға және тәрбиелеуге берсе, яғни баланы әйелдер
босанатын үйден алып кетуден бас тартса не оның тұратын жерi белгiсiз
болса, ал әке болу анықталмаса, баланың тууын тiркеу баланы туу кезiнде
анасы жатқан медициналық мекеме әкiмшiлiгiнiң арызы бойынша не балалар
мекемесi әкiмшiлiгiнiң немесе бала үш күн аралығында соның қамқоршылығында
болған адамның арызы бойынша жүргiзiледi. Анасы туралы мәлiметтер туу
туралы медициналық анықтамаға сәйкес, бала мен әкесiнiң тегi - анасының
тегi бойынша, бала мен әкесiнiң аттары әкелерiнiң аттарымен, сондай-ақ ата-
анасының ұлты - арыз берушiнiң айтуы бойынша көрсетiледi. Мұндай жағдайда
баланың әкесiнiң аты әкесiнiң өз атына сәйкес келуге тиiс (баланың ата-
анасы туралы басқа мәлiметтер жазылмайды).
Әке болуды анықтауды тіркеу. Әке болуды анықтауды тiркеу АХАЖ
органдарында жүргiзiледi.
Баланың өзара некеде тұратын ата-анадан тууы ата-анасының некесi
туралы жазумен куәландырылады.
Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңының 46-бабына
сәйкес, баланың анасымен некеде тұрмайтын адамның әке болуын анықтау АХАЖ
органына баланың әкесi мен анасының бiрлесе арыз беру жолымен; анасы қайтыс
болған, ол әрекет қабiлетi жоқ деп танылған, оның тұратын жерiн анықтау
мүмкiн болмаған немесе анасы ата-аналық құқықтан айырылған жағдайларда -
қамқоршылық және қорғаншылық органының келiсiмiмен баланың әкесiнiң арызы
бойынша ал келiсiм болмаған кезде - соттың шешiмi бойынша белгiленедi.
Әке болуды анықтауды тiркеу туралы арыз Қазақстан Республикасының
Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысандағы бланкiде әзiрленуге тиiс. Мұндай
бланкi болмаған жағдайда еркiн түрде жазылған арыздың мәтiнiнде бланкiде
көзделген барлық мәлiметтер болуға тиiс. Арыздың Бланкiсiндегi барлық
сұраққа толық және дәл жауап берiлуге тиiс. Арыздар АХАЖ органы
қызметкерiнiң көзiнше толтырылады және қол қойылады.
Арыздар түскен күнi арыздарды есепке алудың арнайы журналында
тiркелуi тиiс.
Әке болуды анықтауды тiркеу баланың әкесiнiң некеде тұрған-
тұрмағанына қарамастан жүргiзiледi, сондықтан жұбайдың әке болуды анықтауды
тiркеуге келiсiмi талап етiлмейдi.
Егер баланың тууы туралы акт жазбасында баланың әкесi ретiнде
белгiлi бiр адам көрсетiлсе, АХАЖ органының әке болуды анықтау туралы
арызды қабылдауға құқығы жоқ. Бұл жағдайда әке болуды анықтау туралы арыз
түскен кезде АХАЖ органы баланың тууы туралы жазбасы бойынша әкесi туралы
бұрын енгiзiлген мәлiметтердiң негiздемесiн тексеруге тиiс.
Мұндай тексеру:
1) егер әкесi анықталатын баланың анасы тiркелген некеде тұрса;
2) егер баланың анасы тiркелген некеде тұрмаса, ал тууы туралы
куәлiкте баланың әкесiнiң тегi анасының тегiмен сәйкес келмесе, мұндай
тексерулер мiндеттi түрде жүргiзiледi.
Егер тууы туралы жазба басқа АХАЖ органында болса, АХАЖ органы оның
көшiрмесiн көрсетiлген мәлiметтердi анықтау және арызға қосып тiгу үшiн бiр
айдың iшiнде алдыруға тиiс. Бұл жағдайда арыз әдеттегi тәртiппен түскен
күнi журналда тiркеледi, ал әке болуды анықтау арыз берушiлердiң (арыз
берушiнiң) қатысуымен тууы туралы актiлiк жазудың көшiрмесiн алғаннан кейiн
кiдiртiлместен жүргiзiледi. Туу туралы актiлiк жазудың көшiрмесiнiң
сұратылғаны туралы арыз берушiлерге (арыз берушiге) хабарланады және оның
нақты алыну мүмкiндiгi ескерiле отырып әке болуды анықтауды тiркеу күнi
белгiленедi.
Баланың тууы туралы актiлiк жазбада арыз берушi әйелдiң күйеуi немесе
басқа адам көрсетiлген жағдайда (Қазақстан Республикасының "Неке және
отбасы туралы" Заңының 49-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды
қоспағанда) баланың тууы туралы актiлiк жазудан әке болу туралы
мәлiметтердi алып тастау туралы мәселенi сот шешкенге дейiн әке болуды
анықтауды тiркеуден бас тартылуы тиiс.
Баланың тууы туралы акт жазба жоғалып кетсе, онда әке болуды анықтау
ол белгiленген тәртiппен қалпына келтiрiлгеннен кейiн тiркелуi мүмкiн.
Тууды және әке болуды анықтауды бiр мезгiлде тiркеу кезiнде мiндеттi
түрде туу туралы және әке болуды анықтау туралы актiлер жасалады. Бұл ретте
тууы туралы акт жазуларындағы баланың тегi анасының тегi бойынша
көрсетiледi, ал оның әкесiнiң аты және әкесi туралы мәлiметтер - ата-
аналарының әке болуды анықтау туралы бiрлесiп берген арызына (әкесiнiң
арызына) сәйкес көрсетiледi. Егер ата-аналары (әкесi) балаға өзiнiң тегiн
берудi қаласа, ол әке болуды анықтау туралы акт негiзiнде түзетiледi.
Ата-аналардың бiрлесiп берген арызы бойынша әке болуды анықтауды
тiркеу кезiнде баланың тегi ата-аналардың келiсiмi бойынша, ал келiсiм
болмаған жағдайда - сот тәртiбiмен анықталады.
Баланың қандай тектi иеленетiнi жөнiнде әке болуды анықтау туралы
арызда көрсетiлуi тиiс.
Сот шешiмi негiзiнде әке болуды анықтауды тiркеу кезiнде балаға
шешiмде көрсетiлген тек берiледi, мұндай жазу жоқ болған жағдайда - арыз
берушiнiң көрсетуi бойынша берiледi. Осы мәселе бойынша дау туған
жағдайда ол сот тәртiбiмен шешiледi.
Баланың әкесiнiң аты әкесiнiң аты бойынша өзгередi, оның iшiнде егер
кәмелетке жасы толған балалардың тарапынан қарсылық болмаған жағдайда да
олардың тегi осылай өзгередi.
Әке болуды анықтауды тiркеу кезiнде әке болуды анықтау жөнiндегi акт
жазуы бекiтiлген нысан бойынша екi данада жасалады.
Әке болуды анықтау туралы куәлiктi АХАЖ органы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz