Азаматтық құқықтың принциптер жүйесі


Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 4
І ТАРАУ. ҚР АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІНІҢ ЖӘНЕ ЗАҢ ФАКТІЛЕРІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
- Азаматтық құқықтың қайнар көздері, құрамы және басқа да нормативті құқықтық актілер . . . 6
- Азаматтық заңның уақыт, кеңістік жағынан және тұлғалар бойынша қолданылуы . . . 10
ІІ ТАРАУ. ҚР АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫН - ҚҰҚЫҚТЫҢ БІР САЛАСЫ РЕТІНДЕ ҚАРАСТЫРУ ЖӘНЕ ШЕТЕЛ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2. 1. Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының түсінігі, пәні және әдістемесі . . . 14
2. 2. Азаматтық құқықтың принциптер жүйесі . . . 18
2. 3. Шетел азаматтық құқығының негізгі ерекшеліктері . . . 29
ІІІ ТАРАУ. ҚР АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР
3. 1. Азаматтар, заңды тұлғалар және мемлекет азаматтық құқықтың субъектісі ретінде . . . 40
3. 2. Қазақстан Республикасыдағы Азаматтық құқықтық қатынас . . . 53
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 62
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 65
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Заңгердің біліктілігінің негізі - құқықтық салаларды жақсы білу және олардың ішінде жол табу ісін меңгеру. Азаматтық құқық өзге салалардың арасында маңызды орында. Сондықтан да заң факультетінің түлектерінің болашақта судья, адвокат және басқа да құқық қолданылатын қызметтерде жоғары нәтижелерге жету шарттарының бірі болып, азаматтық іс жүргізу құқығын терең зерттеу болып табылады.
ҚР қабылдаған АК-нің позитивтік жақтарын алсақ, ол азаматтық соттардың юрисдикцияларының кең болуы, айтысу регламентациясы талаптарының сапалы белгіленуі.
Азаматтық құқық жүйенің құрылымының қағидалары ретінде, демократияны және заңнаманы либералдау жолын таңдау, ҚР Азаматтық құқықта да үлкен әсерін тигізеді. Конституциялық қағидаларды өмірде іске асыру үшін әрбір заңнамалық адымды толық, теориялық зерттелген идяларды қолдана отырып, жасау кажет. Ол үшін мемлекетімізге жоғары сапалы заңгерлер, заң жағынан білікті мемлекеттік қызметкерлер қажет. Бұл кәсіп, әсіресе, қоғамның әлеуметтік құрылуы, жаңа экономикалық және саяси бағдар таңдауы кезінде жоғары бағаланады.
Жұмыстың актуалдылығы, азаматтық құқық заң фактілері және олардың конституциялық негіздерін қазіргі заманға сай зерттеу. Азаматтық заң фактілерінің маңыздылығы - осы саланың мәнін, негізгі жақтарын көрсетуі. Азаматтық құқық қағидалар, халықтың құқықты әлеуметтік бағасы, саяси-құқықтық идеялардың айна көрінісі болып табылады. Оларда, халықтың идеялары мен ойларын ең толық қанағаттандыратын, заңдылықты азаматтық істерде ұйымдастырудың негіздері, соттың процессуалдық іс-әрекеті, сот процесіне қатысушылардың құқықтық мәртебесін анықтау жолының құқықтық сапалар тізімі түйінделеді. Азаматтық құқық заң фактілерінің мазмұны демократиялық бағытта болады, және заң нормаларымен бекілітіліп, заңдылықты азаматтардың заң және сот алдында теңдігін сақтай отырып, соттың жүзеге асыруын, істерді судьялардың жеке-дара немесу алқалы түрде қаралуын, судьялардың тәуелсіздігі мен тек заңға бағынуы, жариялылық, сот ісін мемлекеттік тілде жүргізілуін білдіреді. Әрбір адамның сотқа қорғаныс іздеп және соттың қорғанысына жүгінуіне мүмкіндік беретін, сот ісін жүзеге асыруының қолайлы болуы, іске қатысушылардың реалды құқықтары және олардың жүзеге асуының кепілдігі болып табылады.
Қазақстан Республикасының азаматтық зандары жалпы-республикалық заңдар болып табылады және ол Азаматтық кодекстен, соған сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының өзге де заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлықтарынан, Парламенттің қаулыларынан, Парламенттің Сенаты мен Мәжілісінің қаулыларынан (заң актілерінен), сондай-ақ Азаматтық кодекстің 1-бабының 1, 2-тармақтарында аталған қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы Призедентінің Жарлықтарынан, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларынан тұрады.
Азаматтық-құқықтық актілер өздерінің иеленетін заң күші арақатынасына сәйкес мынадай деңгейлерге бөлінеді:
1) заң - қоғамдық қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 3-тармағында көзделген түбегейлі принциптер мен нормаларды белгілейтін, Қазақстан Республикасының
Парламетті Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 4-тармақшасында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайтын құқықтық акті;
2) заң актісі - Конституциялық заң, Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлығы, Кодекс, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы, Қазақстан Республикасы Парламентінің қаулысы, Сенат пен Мәжілістің қаулылары;
3) заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер - ҚР Үкіметінің қаулылары, министрлердің, мемлекеттік комитеттердің және басқа да орталық мемлекеттік органдардың бұйрықтары, нормативтік қаулылары, өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік бұйрықтары, қаулылары; мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік шешімдері.
Нормативтік құқықтық актілер негізгі және туынды актілер болып бөлінеді. Нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрлеріне мыналар жатады:
1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де нормативтік құқықтық Жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары,
5) Конституциялық Кеңестің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары;
6) Қазақстан Республикасының министрлер мен өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік бұйрықтары;
7) мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары, өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары;
8) мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.
Туынды нормативтік құқықтық актілердің түрлеріне: регламент, ереже, қағида, нұсқаулық жатады.
Туынды түрледегі нормативтік құқықтық актілер негізгі түрледегі нормативтік құқықтық актілер арқылы қабылданады немесе бекітіледі және олармен біртұтастық құрайды. Туынды түрдегі нормативтік құқықтық актінің нормативтік құқықтық актілер сатысында алатын орны негізгі түрдегі актінің деңгейімен анықталады. («Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңның 3-бабын қараңыз) .
І ТАРАУ. ҚР АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІНІҢ ЖӘНЕ ЗАҢ ФАКТІЛЕРІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. 1. Азаматтық құқықтың қайнар көздері, құрамы және басқа да нормативті құқықтық актілер
«Құқық дерекнамасы» термині қазіргі кездегі құқықтануға рим құқығынан келді. Құқық дерекнамасы туралы әңгіме қозғалғанда, алдымен бізге азаматтық құқықтың жиынтығын көрсететін құқықтық нормалдардың жай-жапсары қандай деген мәселені анықтап алуға тура келеді. Әдетте азаматтық құқық нормалдардың нысандардын «азаматтық құқық дерекнамасы» деген терминмен сипаттау тән нәрсе. Азаматтық құқық дерекнамасы заңдар, басқа да нормативтік құқықтық актілер және әдет-ғұрып деп аталатын екі түрге бөлінеді. Іскерлік айналымындағы әдет те оның соңғысына жатады. Кеңестік заңдарда сот тәжірбиесі дербес құқық дерекнамасы болып саналмады. Қазір Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты заңдарды қолдану жөнінде нормативтік қаулылар шығарды. Оған мысал ретінде Республика Жоғарғы Соты Пленумынын 1995 жылы 22 желтоқсандағы «Моральдық зиянды қалпына келтіру туралы заңдарды соттардың қолдануы» атты қаулысын айтуға болады. [12. 44]
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотынан нормативтік қаулылары белгілі дәрежеде азаматтық құқықтың дерекнамасы болып саналады, яғни ол соттарда қаралған істері бойынша алынған нормативтік қаулылар арқылы, сот тәжирбесі жөнінде басшылыққа алынатын нұсқаулар береді. Жоғарғы Соттын бұл нұсқаулары тек сот органдарына арнала тұрса да, беделді орнынан құжаты болғандықтан жалпыға бірден маңызға не болады және азаматтық құқықтың дамуында үлкен рөл атқарады.
Азаматтық құқық дерек намасына халықаралық шарттар да (конвенциялар) жатады (АК-тің 3-бабының 8-тармағы) . Бұл орайда халықаралық шарттар азаматтық құқық дерекнамасы ретінде Қазақстан Республикасының ішкі азаматтық заңдарына қарағанда басым құқыққа ие болады. Егер мұндай халықаралық шартта азаматтық заңдарындағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, аталған шарттың ережелері қолданылады. Әдетте, азаматтық кодексте қолданылатын халықаралық шарттар оны қолдану үшін Республика ішінде құжат шығару талап етілгеннен басқа жағдайларда, азаматтық қатынастарға Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттар тікелей қолданылады. Ал, үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдер, Үкіметтің әртүрлі шетелдік фирмаларымен жасаған шарттары ратификациялауға жатпайды. Демек келісімдер (шарттар) Қазақстан Республикасымен АК-тің 3-бабының 8-тармағына сәйкес халықаралық шарт болып есептелмейді. Халықаралық шарттың ішкі заңдарға қарағанда басым құқығы туралы ереже 1969 жылы 23 мамырда қабылданған халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясынан туындайды. Аталған конвенцияға Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 31 наурыздағы Жоғарғы Кеңестің Қаулысы арқылы қосылған болатын. [4. 115]
1. Қазақстан Республикасының азаматтық зандары жалпы-республикалық заңдар болып табылады және ол Азаматтық кодекстен, соған сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының өзге де заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлықтарынан, Парламенттің қаулыларынан, Парламенттің Сенаты мен Мәжілісінің қаулыларынан (заң актілерінен), сондай-ақ Азаматтық кодекстің 1-бабының 1, 2-тармақтарында аталған қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы Призедентінің Жарлықтарынан, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларынан тұрады.
Азаматтық-құқықтық актілер өздерінің иеленетін заң күші арақатынасына сәйкес мынадай деңгейлерге бөлінеді:
1) заң - қоғамдық қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 3-тармағында көзделген түбегейлі принциптер мен нормаларды белгілейтін, Қазақстан Республикасының
Парламетті Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 4-тармақшасында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайтын құқықтық акті;
2) заң актісі - Конституциялық заң, Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлығы, Кодекс, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы, Қазақстан Республикасы Парламентінің қаулысы, Сенат пен Мәжілістің қаулылары;
3) заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер - ҚР Үкіметінің қаулылары, министрлердің, мемлекеттік комитеттердің және басқа да орталық мемлекеттік органдардың бұйрықтары, нормативтік қаулылары, өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік бұйрықтары, қаулылары; мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік шешімдері. [10. 224]
Нормативтік құқықтық актілер негізгі және туынды актілер болып бөлінеді. Нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрлеріне мыналар жатады:
1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де нормативтік құқықтық Жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары,
5) Конституциялық Кеңестің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары;
6) Қазақстан Республикасының министрлер мен өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік бұйрықтары;
7) мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары, өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары;
8) мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.
Туынды нормативтік құқықтық актілердің түрлеріне: регламент, ереже, қағида, нұсқаулық жатады.
Туынды түрледегі нормативтік құқықтық актілер негізгі түрледегі нормативтік құқықтық актілер арқылы қабылданады немесе бекітіледі және олармен біртұтастық құрайды. Туынды түрдегі нормативтік құқықтық актінің нормативтік құқықтық актілер сатысында алатын орны негізгі түрдегі актінің деңгейімен анықталады. («Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңның 3-бабын қараңыз) .
Қазақстан Республикасы азаматтық заңының тұғыры, арқауы Азаматтық кодекс болып табылады. Ол екі бөлімнен (Жалпы және Ерекше) тұрады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің Жалпы бөлімі 1994 жылы 27 желтоқсанда қабылданып, 1995 жылы1 наурыздан бастап, ал ерекше бөлімі 1999 жылғы1 шілдеден бастап күшіне енді. Азаматтық кодекс бөлімдерден, бөлімшелерден, тараулардан, параграфтардан, баптардан, тармақтардан, тармақшалардан, бөліктерден құралады. Онда 62 тарау, 1124 бап бар. Жаңа кодексте Кеңечтік азаматтық заңдарда мүлдем болмаған тұжырымдар көптеп кездеседі, әрі мұндай жаңалықтар нарықтық қатынастардың ерекшеліктерін қамтуды мақсат еткен. [12. 52]
Азаматтық кодекстің 3-бабының 2-тармағы ерекше маңызға ие, онда былай делінген: «Осы Кодекстің 1-бабаның 3-тармағында аталғандарды қоспағанда азаматтық құқықтық Қазақстан Республикасының заң актілерінде қамтылған нормалары осы Кодекстің ережелеріне қайшы келген жағдайда осы Кодекстік ережелері қолданылады, Қазақстан Республиканың заңдарында қамтылған және осы Кодекстің нормаларына қайшы келетін азаматтық құқықтық нормалары Кодекске тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана қолданылады». Демек, Азаматтық кодекс бәрін үйлестіруші міндетін атқарады екен, сондықтан да азаматтық құқық нормалары енгізілген өзге құқықтық нормативтік актілер Азаматтық кодекстің талаптарына сай болуы тиіс. Ал мұның жақсы жағы да, кемшілігі де бар. Кемшілік жағы мынады, мәселен, Азаматтық кодексте жалпы және арнайы заңдардың ара салмағын реттеуде құқықтық негіз қаланбаған деп ойлаймыз, ал мұның өзі сайып келгенде, тәжірибеде белгілі бір дәрежеде қиындықтар туғызуы ғажап емес.
Азаматтық кодекс меншіктің жеке және басқа түрлеріне байланысты қатынастарын бекіте түсуге ерекше мән берген. Шын мәнінде Кодекс бұл мәселеге жаңа көзқарас тұрғысынан келеді, яғни азаматтық құқықтық қатынастар қатысушылардың мәртебесін, мәміленің жалпы ережесін айқындайды, меншік құқығын алу мен қорғаудың жаңа тәсілдерін бекітеді, міндеттемелерді қамтамазыетудің жаңа тәсілдерін, шарттар мен тағы басқаларының озық түрлерін қарастырады. Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасының жаңа азаматтық кодексі бүгінгі заман талабына сай келеді.
2. Басқа да азаматтық заңдар. Азаматтық құқық дерекнамасының ішінде азаматтық құқықтық заңдар да бар. Азаматтық кодекс өзінің бірқатар нормаларында осындай заң актілерін (29 заң актілерін), кодекстерді, арнайы заңдарды (мысалы, «Неке және отбасы туралы» заң, «Тұрған үй қатынастары туралы» заң, «Жер туралы» заң және т. б. ) қабылдауды тікелей қарастырған.
Азаматтық кодекстің 3-бабының 3-тармағына сәйкес банктерді құру, қайта ұйымдастыру, банкротқа ұшырауы және тарату, банк қызметін баұылау және оған аудиторлық тексеру жүргізу, банктік операциялардың жекелеген түрлерін лицензиялау Азаматтық кодекстің банк қызметін реттейтін заң актілеріне қайшы келмейтін бөлігімен реттеледі. Банктер мен оның клиенттерінің қатынастары, сондай-ақ банк арқылы клиенттер арасындағы қатынастар Азаматтық кодекстің 3-бабының 2-тармағында көрсетілген азаматтық заң тәртібімен реттеледі. [24. 215]
Азаматтық құқық нормалары заң актілері болып табылмайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерден де тұрады.
Азаматтық кодекстің 3-бабының 5-тармағына сәйкес министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдары, жергілікті өкілді және атқарушы органдары Азаматтық кодексте және азаматтық заңдардың өзге құжаттарында көзделген жағдайлар мен шектерде азаматтық қатынастарды реттейтін актілер шығара алады. Азаматтар мен заңды тұлғалардың Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң құжаттарында белгіленген құқықтарын мемлекеттік басқару органдары мен жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құжаттары шектей алмайды. Мұндай құжаттар қабылданған кезден бастап жарамсыз болып табылады және қолданылмауға тиіс (АК-тің 3-бабының 6-тармағы) .
Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 33-бабының 3-тармағына сәйкес заңға тәуелді нормативтік заң актілері мемлекеттік тіркеуге жатады.
Қазақстан тарихында әдет-ғұрыптың алатын орын ерекше. Қазақстан заңгер ғалымдары С. Зиманов және Н. Өсеров былай дейді: «Үш жүзден тұратын қазақтарды тарих бетіне шығарды. Сонымен бірге өзіне тән ерекшеліктері бар қазақ әдет-ғұрып заңдары да қатар өмірге келді. Бұл заңдар мен қағидалардың, құқықтардың қоғамға араласпайтын, олар қамтымайтын салалары жоқтын қасы. Жеке индивидтерден бастап, бүкіл қоғамдағы қандай іс-әрекетті, қарым-қатынасты алмайық, мысалы, көші-қон, дау-дамай, ұрлық-қарлық, алым-салық, аза-қаза, өлім-жетім, алыс-беріс, жиын-той, т. б. бәрі де қазақи дәуірде қалыптасқан қағидалармен реттеліп отырған. Міне, осы қазақи дәуір ережелері көбіне басқалармен онша қарым-қатынас жасалмауы себепті томаға-тұйық, өзгеріске онша түспеген қалпында күні кешеге дейін жетті».
Кеңес дәуірінде де әдет-ғұрып құқықтың дерекнамасы деп саналады. Азаматтық кодекстін 3-бабының 4-тармағына сәйкес азаматтық қатынастар, егер әдеттегі құқықтар, соның ішінде іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтар, Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген азаматтық зандарға қайшы келмесе, солармен реттелуі мүмкін. [14. 51]
Ю. Г. Басиннің пікірінше, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіндегі әдет-ғұрып мүліктік немесе өзіндік жеке қатынастар жайында жалпы түрі жағынан азаматтық-құқықтық реттеуде сол тұрғындардың жергілікті жердегі немесе этникалық топтардың қалыптасқан дәстүр ережесі деп түсіндіріледі. Іскерлік қызмет өрісіндегі әдет-ғұрып деп кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде қалыптасқан ережені айтады. Мысалы, әртүрлі мемлекеттердегі сатушы мен сатып алушы арасындағы сатып алынған тауарды жеткізу шығындарын бөлу туралы мәселені айтуға болады.
Ю. Г. Басин Азаматтық кодекстің 3-бабы заңға немесе шартқа қайшы келмесе, әдет-ғұрыптар (АК-тің 3-бабы 4-тармағы, 5-бабы 1-тармағы және т. б. ) мынадай жағдайда: 1) заңда тікелей көрсетілсе (мысалы, АК-тің 275-бабы және т. б. ) ; 2) қандай да бір азаматтық қатынас заңның немесе шарттың нормаларымен реттелмесе (мысалы, АК-тің 272-бабы және т. б. ) қолданыла береді. [15. 312]
Осы орайда айта кететін бір жәйт, Қазақстан Республикасының азаматтық заңына қазақтың әдет-ғұрып құқығының ережелерін енгізу керек. Қазірдің өзінде қазақ этносының әдет-ғұрып құқығы элементерін есепке алып, қолдану жөнінде әдебиеттерде мәселе негізді әрі орынды көтеріліп жүр.
1. 2. Азаматтық заңның уақыт, кеңістік жағынан және тұлғалар бойынша қолданылуы
1. Азаматтық заңының күші деп заң күшіне енгеннен бастап, оның күші жойылғанға дейін белгілі бір қатынасқа қолданылуындағы заңдық болмысына тән нысананы айтамыз. Азаматтық заңдардың күшіне ену тәртібі Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңның VІІ тарауына сәйкес жүзеге асырылады. Осы заңның 36-бабына орай нормативтік-құқықтық құжатар төмендегідей мерзімде:
1) Қазақстан Республикасының зандары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, егер актілердің өзінде немесе олардың күшіне енгізу туралы актілерде өзге мерзімдер көрсетілмесе, олар алғаш рет ремси жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң;
2) Қазақстан Республикасы Парламентінің, оның палаталарының қаулырлары, егер актілердің өзінде өзге мерзімдер көрсетілмесе, алғаш рет ремси жарияланған күннен бастап;
3) Қазақстан Республикасының Констентуциялық Кенесінің шешімдері олар қабылданған күннен бастап;
4) орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың
Қазақстан Республикасы Үкімет құрамына кіретіндерінің де, кірмейтіндерінің де, оның ішінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, сондай-ақ жергілікті өкілі және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілері - егер актілердің өзінде өзге мерзімдер көрсетілмесе, алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді. [5. 62]
Нормативтік құқықтық актілерде немесе оларды күшіне енгізу туралы актілерде нормативтік құқықтық актілерідің жекелеген бөліктерін, тарауларын, баптарын күшіне енгізудің тұтастай сол акт үшін белгіленгенінен басқа мерзімдері де көрсетілуі мүмкін. [3. 51]
Бұрын жауапкершілік қаралмаған іс-қимылдар үшін заңдық жауапкершілік көлдейтін не бұрынғысымен салыстырғанда неғұрлым қатаң жауапкершілік белгіленетін нормативтік құқықтық актіні бұл акт ресми жарияланғаннан кейін он күн мерзім өткенге дейін күшіне енгізуге болмайды.
Азаматтық кодекстың 4-бабының 1-тармағына сәйкес азаматық заң құжаттарының кері күші болмайды және өздері күшіне енгізілгеннен кейін пайда болған қатынастарға қолданылады. Алайда бұл ереженің аясына сыймайтын жағдай да болады. Біріншіден, тікелей өзінде оның заңдық күші ол күшіне енгенге дейін пайда болған қатынастарға қолданылатыны қарастырылады. Екіншіден, азаматтық заң құжаттары күшіне енгізілгенге дейін пайда болған қатынастар бойынша құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті жоятын не жұмсартатын жағдайларға қолданылады. Үшіншіден, егер шарт жасалған кезде қолданылып жүрген ережелерден өзгеше, тараптар үшін міндетті ережелерзаңдармен белгіленген болса, жасалған шарттың ережелері оның күні бұрын жасалған шарттардан туындайтын қатынастарға да қолданылады деп заңмен белгіленгендіктен басқа жағдайларда, өз күшін сақтайды (АК-тің 383-бабының 2-тармағы) .
Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері, егер сол нормативтің-құқықтық актілердің өзінде немесе оларды күшіне енгізу туралы актілерде өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралады (Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілері туралы» Заңның 41-бабының 1-тармағы) .
Қазақстан Республикасы бекіткен (ратификациялаған) заң құжаттары мен халықаралық шарттарда қаралған жағдайдан басқа кездерде, азаматтық заңның күші оның аумағында тұратын барлық азаматтары мен заңты тұлғаларына, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылатындығы азаматтық заңның жалпы ережесі болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz