Мүліктер азаматтық құқықтың объектісі ретінде
Мазмұны
Кіріспе 3
1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ЗАТТАЙ ҚҰҚЫҚТАРДЫҢ ЖАЛПЫ
СИПАТТАМАСЫ 5
1.1 Мүліктер азаматтық құқықтың объектісі ретінде 5
1.2 Мүліктік емес жеке құқықтар 11
1.3 Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру, міндеттерді атқару 20
2 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ОБЬЕКТІСІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
2.1 Азаматтық құқық обьектісінің түсінігі 21
2.2 Азаматтық құқық обьектісінің түрлері 21
2.3 Заттардың ұғымы және оны саралау (жіктеу) 22
2.4 Бағалы қағаздар 25
28
Қорытынды
32
Қолданылған әдебиеттер
34
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Заңгердің біліктілігінің негізі - құқықтық
салаларды жақсы білу және олардың ішінде жол табу ісін меңгеру. Азаматтық
құқық өзге салалардың арасында маңызды орында. Сондықтан да заң
факультетінің түлектерінің болашақта судья, адвокат және басқа да құқық
қолданылатын қызметтерде жоғары нәтижелерге жету шарттарының бірі болып,
азаматтық іс жүргізу құқығын терең зерттеу болып табылады.
ҚР қабылдаған АК-нің позитивтік жақтарын алсақ, ол азаматтық соттардың
юрисдикцияларының кең болуы, айтысу регламентациясы талаптарының сапалы
белгіленуі.
Азаматтық құқық жүйенің құрылымының қағидалары ретінде, демократияны
және заңнаманы либералдау жолын таңдау, ҚР Азаматтық құқықта да үлкен
әсерін тигізеді. Конституциялық қағидаларды өмірде іске асыру үшін әрбір
заңнамалық адымды толық, теориялық зерттелген идяларды қолдана отырып,
жасау кажет. Ол үшін мемлекетімізге жоғары сапалы заңгерлер, заң жағынан
білікті мемлекеттік қызметкерлер қажет. Бұл кәсіп, әсіресе, қоғамның
әлеуметтік құрылуы, жаңа экономикалық және саяси бағдар таңдауы кезінде
жоғары бағаланады.
Курстық жұмыстың тақырыбы Азаматтық құқық объектілері. Жұмыстың
актуалдылығы, азаматтық құқық объектілерінің мәселелері, қайнар көздері
және олардың конституциялық негіздерін қазіргі заманға сай зерттеу.
Азаматтық құқық объектілерінің қайнар көздерінің маңыздылығы - осы саланың
мәнін, негізгі жақтарын көрсетуі. Азаматтық құқық объектлерінің қағидалар,
халықтың құқықты әлеуметтік бағасы, саяси-құқықтық идеялардың айна көрінісі
болып табылады. Оларда, халықтың идеялары мен ойларын ең толық
қанағаттандыратын, заңдылықты азаматтық істерде ұйымдастырудың негіздері,
соттың процессуалдық іс-әрекеті, сот процесіне қатысушылардың құқықтық
мәртебесін анықтау жолының құқықтық сапалар тізімі түйінделеді. Азаматтық
құқық объектілерінің мазмұны демократиялық бағытта болады, және заң
нормаларымен бекілітіліп, заңдылықты азаматтардың заң және сот алдында
теңдігін сақтай отырып, соттың жүзеге асыруын, істерді судьялардың жеке-
дара немесу алқалы түрде қаралуын, судьялардың тәуелсіздігі мен тек заңға
бағынуы, жариялылық, сот ісін мемлекеттік тілде жүргізілуін білдіреді.
Әрбір адамның сотқа қорғаныс іздеп және соттың қорғанысына жүгінуіне
мүмкіндік беретін, сот ісін жүзеге асыруының қолайлы болуы, іске
қатысушылардың реалды құқықтары және олардың жүзеге асуының кепілдігі болып
табылады.
Мүліктік және мүлiктік емес өзіндік игіліктер мен құқықтар азаматтық
құқықтар объектілері бола алады. АК азаматтық құқықтар объектілерін мынадай
негізгі екі топқа бөлiнеді: мүліктік игіліктер мен құқықтар және мүліктік
емес өзіндік игіліктер мен құқықтар.
Азаматтық құқық субъектілерінің материалдық және өзге де қажеттерін
қанағаттандыра алатын, әдетте, ақшалай бағалауға жататын және азаматтық
құқық реттейтін қатынастар саласына енгізілген материалдық заттарды және
өзге құндылықтарды мүліктік игіліктер деп түсінеміз.
Мүліктік игіліктерге субъективтік азаматтық құқықтарды мүліктік
құқықтар деп түсінеміз.
Азаматтық құқық субъектілерінің жеке тұлғасымен ажырамастай тығыз
байланысты құндылықтар мүліктік емес өзіндік игіліктерге жатады, ал
мүліктік емес өзіндік құқықтар дегеніміз - бұл аталған құңдылықтарға
құқықтар болып табылады. Мысалы, адамның өмірі мүліктік емес өзіндік
игіліктерге, ал өмірі сүру құқығы - мүліктік емес өзіндік құқықтарға
жатады.
Құқық объектілері - мүліктік емес өзіндік игіліктердің мүліктік емес
өзіндік құқықтармен тығыз байланысқаны соншама, АК кейде тек мүліктік емес
өзіндік құқықтар туралы мәселе қозғап, оңда осы ұғымдар арқылы мүліктік
емес өзіндік игіліктерді меңзеп отырады.
АК жекелеген мүліктік игіліктер мен құқықтарды да, сондай-ақ олардың
жиынтығын немесе кешенін де мүлік деп түсінеді. Соңғы жағдайда, мысалы,
азаматтың немесе заңды тұлғаның мүлкі туралы айтылады да, олардың ішінен
жекелеген игіліктер мен құқықтар бөліп көрсетілмейді.
Мүліктің мынадай негізгі түрлерін бөліп көрсетуге болады: 1) заттар; 2)
ақша және бағалы қағаздар; 3) жұмыстар және көрсетілетін қызметтер; 4)
шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелері; 5) ақпарат; 6) мүліктік
құқықтар (құқық объектілері - ақша мен бағалы қағаздарға осы тараудың жеке
параграфтары арналған).
Курстық жұмыстың мақсаты азаматтық құқықтағы обьектілердің мағынасын
толық ашу, олардың қазіргі нарықтық экономикада атқаратын рөлін көрсету
болып табылады.
Курстық жұмыста Қазақстан және Шет мемелекет заңгерлерінің еңбектерін
басшылыққа алып қолдандым.
І ТАРАУ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ЗАТТАЙ ҚҰҚЫҚТАРДЫҢ ЖАЛПЫ
СИПАТТАМАСЫ
1. Мүліктер азаматтық құқықтың объектісі ретінде

құқықтар объектілері бола алады (АК-ның 115-бабының 1-тармағы). АК
азаматтық құқықтар объектілерін мынадай негізгі екі топқа бөлiнеді:
мүліктік игіліктер мен құқықтар және мүліктік емес өзіндік игіліктер мен
құқықтар.

өзге құндылықтарды (атап айтқанда, энергияны, жұмысты және көрсетілетін
қызметті) мүліктік игіліктер деп түсінеміз.
Мүліктік игіліктерге (атап айтқанда, мүліктік игіліктерді пайдалану,
иелену және оларға билік ету) субъективтік азаматтық құқықтарды мүліктік
құқықтар деп түсінеміз. [1.25]

АК-ның 115-бабының 2-тармағы құқық объектісі - мүліктің заңдық ұғымына
мүліктік игіліктер мен мүліктік құқықтарды біріктіреді. АК жекелеген
мүліктік игіліктер мен құқықтарды да, сондай-ақ олардың жиынтығын немесе
кешенін де мүлік деп түсінеді. Соңғы жағдайда, мысалы, азаматтың немесе
заңды тұлғаның мүлкі туралы айтылады да, олардың ішінен жекелеген игіліктер
мен құқықтар бөліп көрсетілмейді.[13.47]

Заттар мүліктің кең таралған түрлерінің бірі болып табылады. Заң
әдебиеттерінде әдетте, адамға қатысты алғанда, сыртқы материалдық дүние
заттарын - адам қолымен жасалған, сондай-ақ табиғаттың өзі жаратқан және
табиғи қасиеттері бар нәрселерді заттар деп түсінеді. Алайда мүлік
ретіндегі заттың мәні оның табиғи қасиеттерінде ғана емес (бұлар оның
құқықтық режимінен көрініс табатын болса да), адамның қажеттерін
қанағаттандыра алатын, тұтыну және айырбас құны бар, әдетте ақшалай бағасы
болатын және, әдетте, айналымға қабілетті мүліктік игілік ретіндегі оның
қоғамдық қасиеттерінде болып табылады. Зат мұндай қоғамдық қасиеттерді
қоғамдық қатынастар арқылы, оның заттық нысаны ретінде, басқаша айтқанда,
затқа айналдырылған қоғамдық қатынастар ретінде иеленеді.
Заттар мүлік ретінде барынша алуан түрлі және құқық субъектiлеріне
ұдайы белгілі бір қатынастарда болады (мысалы, оларға меншік құқығы,
пайдалану құқығы және т.с.с. ретінде тиесілі болады). Заң әр түрлі табиғат
ресурстарын да, зат нысанында көрінетін адам еңбегінің өнімдерін де заттар
деп түсінеді. Энергияның түрлері де (мысалы, жылу, электр энергиялары)
заттардың қатарына кіреді. Өсімдіктер мен жануралар да заттар ретінде
танылады.[21.31]
Жеміс, өнім және табыс болып табылатын заттардың құқықтық режимінің
кейбір ерекшеліктері бар. Мүліктерді пайдалану нәтижесінде алынған түсім
(жемістер, өнімдер, табыстар), егер заңдарда немесе бұл мүлікті пайдалану
туралы шартта өзгеше көзделмесе, осы мүлікті заңды негізде пайдаланушы
адамға тиесілі болады (АК-ның 123-бабы). Әдетте, өсімдіктер мен
жануарлардың тіршілiк әрекетінің құндылығы бар табиғи өнімдерін, мысалы,
жеміс ағаштарының жемістерiн, шайдың жапырағын, жануарлардың төлiн, жүн,
сүт, жұмыртқа секілді өсімдіктер мен жануарлардан алынатын өнiмдерді, яғни
түсімдерді зандық ұғым ретіңде жемістер деп түсінеді. Бірақ, мұнда тағы да
заттардың зандық қасиеттері жөнінде, яғни мүліктің қасиеті жөнінде әңгіме
болып отыр.
Еңбек барысында басқа заттарды өнімді пайдалану арқылы жасалған
заттарды өнімдер деп түсіну керек (мысалы, наубайханада пісірілетін нан,
тігін өндірісінде шығарылатын тігін бұйымдары және т.с.с.).
Затты (заттарды) пайдаланудан немесе өнім шығару әрекетінен алынатын
ақшалай және өзге түсімдерді табыстар деп түсіну керек. Бірақ, табыстар,
заттар түрінде ғана емес, сонымен қатар, міндеттемелер бойынша ақшалай және
өзге де талаптар түрінде болуы мүмкiн.
Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер. Азаматтық құқықтардың объектілері
болып табылатын жұмыстар мен көрсетілетiн қызметтер - бұлар адамның
мақсатты іс-әрекетінің элементтері, олар өзінше материалдық игіліктер болып
табылады.
Олардың арасындағы айырмашылықтар мынада: жұмыстар, жұмыс процесінің
өзінен бөлінетін материалдық нәтиже береді (мысалы, мердігерлік шарт
негізінде жұмыс жүргізу нәтижесінде құрылыс жүргізіледі). Бұл жағдайда
құрылыс жұмыстарының өзі құқық объектісі болады, бірақ бұдан әрі зат
ретінде құрылыстың өзі құқық объектісі болады.
Құқықтың дербес объектісі - қызмет көрсетудің қызмет көрсету жөніндегі
іс-қимылдан басқа пайдалы нәтижесі болмайды (бұған нотариустың қызмет
көрсетуі мысал бола алады).
Мынаны атап көрсету керек: жұмыстар да, көрсетілетін қызметтер де, егер
олардың тауарлық сипаты болса, басқа тұлғаларға тұтыну құны ретінде
арналған болса, онда азаматтық құқықтардың объектiлеріне айналады. Мысалы,
иесінің өз пәтерін жөндеуі құқық объектісі болмайды. Керісінше, мердігерлік
шарт бойынша басқа адамдардың пәтерін жөндеу азаматтық құқық объектілері
болып табылатын жұмыстарға жатады. [11.27]
Шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелері азаматтық құқықтар
объектілерінің дербес түрі, мүліктің ерекше түрі болып табылады, ол
объективті өмір сүретін болса да, заттардан өзгеше, материалдық емес, асқақ
сипатта болады. Азаматтың немесе заңды тұлғаның шығармашылық
интеллектуалдық қызметтің нәтижелеріне және оларға теңестірілген заңды
тұлғаны дараландыру құралдарына жеке немесе заңды тұлғаның өзі орындайтын
жұмысының немесе қызметінің өнімдеріне (фирмалық атау, тауар белгісі,
қызмет көрсету белгісі және т.б.) ерекше құқығы танылады (АК-ның 125-
бабының 1-тармағы).
Шығармашылық интеллектуалдық қызметтің осынау объективтендірілген
нәтижелерінің барлығын және оларға теңестірілген дараландыру құралдарын заң
интеллектуалдық меншік ұғымына біріктіреді (125-бап). Шығармашылық
интеллектуалдық қызметтің нәтижелері мен ерекше құқықтардың
(интеллектуалдық меншіктің) объектісі болуы мүмкін даралану құралдарын
пайдалануды үшінші жақтар құқық иеленушінің келісімімен ғана жүзеге
асырады.
Қазіргі уақытта азаматтық айналымға кеңінен енгізіліп отырған ақпарат
азаматтық құқық объектілерінің ерекше түрі болып табылады.
Құқық объектісі - шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелері
туралы айтып өткенбіз: біз ендігі жерде қызметтік және коммерциялық құпияға
толығырақ тоқталмақпыз.
Азаматтық заңдар қызметтік немесе коммерциялық құпия болып табылатын
ақпаратты қорғайды (АК-ның 126-бабының 1-тармағы). Бір мезгілде мынадай үш
белгісі бар ақпарат қана қоралуға жатады: үшінші жаққа белгісіз болуына
байланысты ақпараттың нақты немесе потенциалды коммерциялық құны бар;
үшінші жақтың ақпаратпен заңды негіздерде танысу мүмкіндігі жоқ; ақпарат
иесі оның құпиялылығын сақтау шараларын қолданады. [24.51]
Мүліктік құқықтар құқық объектісі - мүліктің маңызды түрлерінің бірі
болып табылады. Заттық құқықтар да (мысалы, жерді тұрақты пайдалану
құқығы), сондай-ақ міндеттемелік құқықтар да (мысалы, құқықты беру кезінде
несие берушінің борышқордан берешегiн алу құқығы) осыңдай объектілер болуы
мүмкін.
Интеллектуалдық меншік құқығы да мүліктік құқықтардың қатарына жатады.
Мүліктік кешендер. Көптеген жағдайларда мүлік жекелеген зат немесе
құқық түрінде емес, мүліктік кешен ретінде көрінеді. Капитал осындай
мүліктік кешендердің бір түрі болып табылады. Заңдық мағынада алғанда,
кәсіпкерлік қызметке арналған мүліктік кешенді капитал деп түсінеді. Заң
бойынша, капиталдың көптеген түрлері бар. Мәселен, Бухгалтерлік есеп және
қаржылық есеп-қисап туралы 1995 ж. 26 желтоқсандағы ҚР Заңында меншікті
капитал туралы сөз болады, ол субъектінің міндеттемелерін шегеруден кейін
қалған оның активтерін білдіреді. АК шаруашылық серіктестіктің жарғылық
капиталы туралы норманы қамтиды, ал ол оның құрылтайшыларының қаражаты
есебінен қалыптасады. Ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқық,
интеллектуалдық қызмет нәтижесі құқығын қоса алғанда және өзге де мүлік
шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталына салынатын салым бола алады
(АК-ның 59-бабының 1-тармағы). Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық
капиталы шығарылатын болып жарияланған барлық акциялардың атаулы жиынтық
құнынан тұрады (АК-ның 88-бабының 1-тармағы).
Жеке кәсіпкердің кәсіпкерлік ісі заңда көзделген мүліктік кешеннің бір
түрі болып табылады. Кәсіпкерлік іс, мүліктік құқықты қоса алған-да, жеке
кәсіпкер соның негізінде және сол арқылы өз қызметін жүзеге асыратын
мүлiктiң жиынтығы ретiнде анықталады.
Құқық объектісі - кәсіпорын - бұл кәсіпкерлік қызмет үшін
пайдаланылатын мүліктік кешен.
Мүлікті жіктеу өзінің міндеттерiне қарай алуан түрлі болып келеді:
1. Мүліктің айналым қабілеттілігі.
АК айналым қабілеттілігіне қарай мүлікті айналымнан алынып тасталған
айналым қабілетті және айналым қабілеттілігі шектеулі мүлікке бөледі (АК-
ның 116-бабы).
Иеліктен еркін шығарылатын немесе әмбебап құқық мирасқорлық тәртібімен
бір адамнан екінші адамға ауыса алатын мүлік айналымға қабілетті мүлік деп
танылады.
Айналымның белгілі бір мүшелеріне ғана тиесілі бола алатын және,
екіншіден, сатып алуға және иеліктен шығаруға құзіретті мемлекеттік
органдардың рұқсатымен (лицензиясымен) ғана жол берілетін заттар мен басқа
да мүлік айналымы шектеулі мүлікке жатады.
2. Жылжымайтын және жылжымалы мүлік. Заттар жылжымайтын және жылжымалы
мүлікке бөлінеді. Жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, көп жылдық желектер
секілді және оларды мақсатына сай келмейтiн шығын келтірместен, тұрған
орнынан ауыстыру мүмкін болмайтын өзге де мүліктер жылжымайтын мүлікке
жатады. Құқық объектісі – кәсіпорындар да жылжымайтын мүлікке жатады.
Мемлекеттік тіркеуге жата-тын әуе және теңіз кемелері, ішкі суларда жүзетін
кемелер, өзен-теңіз жүзу кемелері, ғарыштық объектілер жылжымайтын
мүлікке теңестіріледі. Жылжымайтын заттарға жатпайтын мүлік, оның ішінде
ақша мен бағалы қағаздар жылжымалы мүлік деп танылады (АК-ның 117-бабы).
3. Бөлінетін және бөлiнбейтін мүлік. Мүлік бөлінетін және бөлінбейтін
мүлік болуы мүмкін (АК-ның 120-бабы). Бөлінетін мүлік дегеніміз - бұл бөлу
нәтижесінде өзінің шаруашылық мақсатын (міндетін) жоғалтпайтын мүлік.
Бөлінбейтін мүлік дегеніміз - бұл құқықтық көзқарас тұрғысынан алғанда,
бөлу кезінде өзінің бұрынғы шаруашылық маңызынан айрылатын мүлік.
4. Күрделі зат ұғымы бөлінбейтін зат үғымына жуықтайды, күрделі зат заң
жүзінде бөлінбейтін болғанымен, мақсаты жөнінен бірігетін бірнеше заттан
тұрады.
5. Басты зат және керек-жарақ. Заттар жалпы шаруашылық мақсаты бойынша
олардың біреуі (керек-жарақ) екіншісіне (басты затқа) қызмет ететіндей
болып байланысуы мүмкін. Егер заңдарда немесе шарттарда өзгеше
белгіленбесе, керек-жарақ басты затқа ілесіп жүреді (АК-ның 122-бабы).
Ақша азаматтық құқықтардың ерекше объектісі болып табылады. Құқық
объектісі болып табылатын ақшаға қатысты жалпы ережелердің барлығын
қамтитын АК-ның 127-бабы осы объектіге арналған. Бұл бап Қазақстан
Республикасының ақша бірлігі теңге болып табылады, ол Қазақстанның бүкіл
аумағында өз құны бойынша қабылдануға міндетті деп белгілейдi.
Ақша негізгі екі нысанда шығарылады: ақша белгiлері (қолма-қол ақша)
нысанында және клиенттерінің банктегі есеп-шоттарындағы жазбалар түріңде
банктердің ақшалай мiндеттемелері нысанында.
Қолма-қол және қолма-қол емес ақшалардың төлемдерді және аударымдарды
жүзеге асыру кезінде байқалатын мәнді ерекшеліктері болады.
Төлемдер азаматтық-құқықтық мәмілелердің, ҚР заңдары нормаларының
негізінде және олардың шарттарына сәйкес жене соттың шешімімен жүргізіледі.
Қолма-қол акша заттардың ерекше түрі болып табылады. Бұдан ақшаға
заттық құқықтың пайда болу ерекшелігі туындайды.
Қолма-қол емес ақша иесінің мүліктік құқығы - банкінің клиенттің есеп-
шотындағы (өзге шоттағы) ақшасын төлеу жөніндегi оның алдындағы
міңдеттемелерінен туындайтын талап ету құқығы бар.
Сонымен, азаматтық құқық объектісі - ақшаға мынадай анықтама беруге
болады: ақша дегеніміз - кез келген басқа мүлікке айырбасталатын ерекше
қасиеті бар заттық құқық ретіндегі (қолма-қол ақша), сондай-ақ
міндеттемелік Құқық ретіндегі (қолма-қол ақша) азаматтық құқықтар
объектісі. [7.227]
Ақшалардың түрі секілді шетелдік валютаны да бөліп көрсету керек.
Шетелдік валюта ерекше объект ретінде валюталық құңдылықтарға
жатқызылады.
Өз иесінің шетелдік мемлекет объектісіне құқығын куәландыратын жағдайда
және халықаралық ақша рыногында қайтымды болатын жағдайда бағалы қағаз
валюталық құндылық деп танылады.
Валюта - бұл мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша
бірлігі немесе банкроттар, қазынашылық билеттер мен тиындар, оның ішінде
бағалы металдардан жасалған (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ
айналымда - жүрген ақшалармен айырбастауға жататынын қоса есептегенде)
түріндегі, қолма-қол және аудару нысаңдарындағы құндардың ресми
стандарттары, соңдай-ақ есеп-шоттардағы, оның ішінде халықаралық ақша
немесе есеп айырысу бiрлiктерiндегi қаражаттар.
Сонымен, шетел валютасы дегенiмiз – бұл шетелдiк мемлекеттердiң
эмитенттерiнiң, яғни осы мемлекеттердiң ресми органдарының немесе
ұйымдарының активтерiмен қамтамасыз етiлген шетелдiк мемлекеттердiң ақшасы.
Бағалы қағаз үғымы. Азаматтық кодекстің 129-бабына (2003 ж. 16
мамырдағы редакциясында) сәйкес мүліктік құқықтарды куәландыратын белгілі
бір жазбалардың және басқа белгілердің жиынтығы бағалы қағаз болып
табылады. Бағалы қағаздар, ең алдымен, мүліктік құқықтарды куәландырады,
бұл, атап айтқанда, олардың құндылығын айқындайды. Бағалы қағаздар рыногы,
шын мәнінде, мүліктік құқықтар рыногы болып табылады. [3.161]
Оның мазмұны заң актілерінде белгіленген талаптарға сай келуге тиіс
болатындықтан, бағалы қағаз - қатаң белгіленген жазба болып табылады.
Бағалы қағаздардың түрлері. Азаматтық кодекс бағалы қағаздардың: 1)
ұсынбалы; 2) атаулы және 3) ордерлік түрлерін ұсынады (129-баптың 2-
тармағы).
Ұсынбалы бағалы қағазда мұндай қағаз бойынша міндеттемені талап ету
құқығы бар адам көрсетілмейді. Оның иесі ұсынбалы бағалы қағаз бойынша
міндеттемені талап етуге уәкілетті, тиісінше ұсынбалы бағалы қағаз бойынша
құқықтарды беру үшін қағаздың өзін ұсыну жеткілікті болады.
Атаулы бағалы қағазда бағалы қағаз куәлаңдырған міндеттемелердің
орындалуын талап ету құқығы бар адам көрсетіледі. Атаулы бағалы қағаз
куәландырған құқықтар талаптан қайту (цессия) үшін белгіленген тәртіп
бойынша беріледi.
Куәландырылған ордерлік бағалы қағазда көрсетілген адам, ал оны заңда
көрсетілген тәртіппен басқаға беруде - осы қағаз берілген адам бұл қағаз
куәландыратын құқықтардың субъектісі болып табылады. Ордерлік бағалы қағаз
бойынша құқықтарды беру осы қағазға берілген жазу - индоссамент арқылы
көрсетіледі. Берілетін жазулар, әдетте, құжаттық бағалы қағаздың сыртқы
бетіне түсіріліп, белгіленген нысанда не электронды жазба түрінде арнайы
парақпен бағалы қағазға қоса ұсынылады.
Бұған қоса, эмиссиялық және эмиссиялық емес бағалы қағаздар болады. Бір
эмиссия (шығарылым) шегіңде осы эмиссия үшін бірдей жағдайларда
орналастырылатын және пайдаланылатын біртекті белгілері мен реквизиттері
бар бағалы қағаздар эмиссиялық бағалы қағаздарға жатады.
Бағалы қағаздар мемлекеттік және жеке бағалы қағаздарға бөлінеді.
Мемлекет эмитент, яғни мемлекеттік бағалы қағазды шығарушы және ол бойынша
міндетті тұлға болып табылады. Жеке бағалы қағаздың эмитенті, тиісінше,
жеке тұлға болады. [15.27]
Егер бағалы қағазды шығару шарттары бойынша оны осы эмитенттің басқа
түріндегі бағалы қағазға ауыстыру құқығы көзделген болса, ол айырбасталатын
бағалы қағаз деп аталады.
Өз ұстаушысының (акционердің) акционерлік қоғамның таза табысының бір
бөлігін дивидендтер түрінде алуына, акционерлік қоғамның істерін басқаруға
қатысуға және ол таратылғаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігіне құқығын
куәландыратын бағалы қағаз акция деп танылады (АК-ның 139-бабының 1-
тармағы).
Заңдарға сәйкес, акционерлік қоғам құжатталмаған нысанда атаулы
акцияларды ғана шығара алады. Акциялар жай және артықшылықты акцияларға
бөлінеді. Жай акция өзінің иесіне барлық жағдайларда қоғамдық басқаруға
құқық береді. Артықшылықты акциялар дегеніміз Акционерлік қоғамдар туралы
заңда тікелей белгiленген жағдайлардан басқа реттерде дауысы жоқ,
дивидендтерінің мөлшері ең аз акциялар болып табылады.
2. Мүліктік емес жеке құқықтар
Адамның құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау БҰҰ Жарғысында баянды
етілген. БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Комиссиясы өзінің алғашқы
бастамаларының бірі ретінде Адам құқықтары туралы халықаралық билль
жасауды қолға алды. Осыдан кейін, 1948 ж. 10 желтоқсанда қабылданған Адам
құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы және адам құқықтары жөніндегі
кейінгі халықаралық пактілер қорғалатын құқықтар мен бостандықтардың
ауқымын айтарлықтай ұлғайтты.
Қазақстан Республикасында адам құқықтары мен бостандықтары
Конституцияға сәйкес танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары
мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолюттік деп танылады,
олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық
актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.
Құқықтық мемлекет құру азаматтың мемлекет алдындағы жауапкершілігін
ғана емес, сондай-ақ мемлекеттің азамат алдындағы жауапкершілігін де
күшейтуді көздейді.
ҚР Конституциясында адам мен азаматтың айыруға болмайтын құқықтарына
арналған арнайы II бөлім бар. ҚР Конституциясы азаматтардың барынша маңызды
өзіндік құқықтары мен бостандықтарын атап көрсетеді, олардың жүзеге
асырылуына және құқық бұзушылықтан тиімді қорғалуына кепілдік береді. Бұл -
өмір сүру құқығы; денсаулық сақтау құқығы; жеке өміріне қол сұқпаушылық
құқығы; өзіндік және отбасы құпиясын, өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетін
қорғау құқығы; тұрғын үйге қол сұқпаушылық құқығы; ар-ождан бостандығы,
еңбек бостандығы құқығы және т.с.с.
Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары заңмен ғана шектелуі
мүмкін және оның өзінде де ол конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық
тәртіпті, халықтың денсаулығы мен ізгілігін қорғау мақсаттарына қажет
болатын шамада шектелуі мүмкін. [27.187]
Азаматтардың мүліктік емес өзіндік құқықтарын Конституцияда баянды ете
отырып, мемлекет осы арқылы оларды құқықтық реттеуді, яғни құқықтың түрлі
салаларының көмегімен реттеуді қамтамасыз етеді. Мәселен, азаматтардың
мүліктік емес өзіндік құқықтарын қорғау функциясын азаматтық құқықпен
қатар, құқықтың қылмыстық, әкімшілік, отбасылық, еңбек құқығы секілді
салалары атқарады.
Азаматтық заңдар мүліктік емес өзіндік қатынастардың екі тобын реттейді
және қорғайды: мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік
қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік
қатынастар.
Мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік қатынастарды
азаматтық құқық нормалары реттеп отырады, өйткені мүліктік емес өзіндік
-қатынастардың өмір сүруінің өзі субъект үшін мүліктік қатынастар пайда
болуының мүмкіндігі мен керектілігін көздейді.
Мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастарды
азаматтық заңдар реттеп отырады, өйткені бұл заң актілерінде өзгеше
көзделмеген не материалдық емес өзіндік қатынастардың мәнінен туындамайды.
Мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастар
дегеніміз - бұл рухани немесе материалдық емес игіліктерге қатысты
қалыптасатын қоғамдық қатынастар.
Сонымен, егер мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес
өзіндік қатынастар отбасылық, еңбек, әкімшілік және басқа құқық салаларының
нормаларымен реттелген болса, онда олар азаматтық құқықтың нысанасына
кірмейді. Қалған жағдайлардың барлығында оларды азаматтық құқық нормалары
реттейді. [1.83]
Мүліктік емес өзіндік құқықтарды реттеуде азаматтық құқықтың
мүмкіндіктері шексіз емес. Сондықтан АК-да мүліктік емес өзіндік құқықтарды
құқықтық реттеудің біртұтас жүйесі жоқ. Азаматтық заңдардың ірге қалаушы
актісі бола отырып, АК мүліктік емес өзіндік құқықтардың бүкіл алуан
түрлілігін көрсете алмайды.
АК-ның 115-бабына сәйкес, азаматтық құқықтар объектілеріне мүліктік
игiліктермен және құқықтармен қатар, мүліктік емес өзіндік игіліктер мен
құқықтар жатқызылған: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, игі
атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы
құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпау құқығы
және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады.
Бұл арада мүліктік емес өзіндік құқықтардың есім алу құқығы, еркін
жүріп-тұру және тұрғылықты жерді тандау құқығы секілді түрлері АК-ның 15
және 16-баптарымен реттеледі.
Мүліктік емес өзіндік құқықтардың негізгі сипатты белгілері мыналар:
- біріншіден, олар абсолютті, яғни белгілі бір уәкілетті тұлғаға оның
мүліктік емес өзіндік құқықтарын қандай да болсын құқық бұзушылықтан қалыс
қалуға міндетті тұлғалардың белгісіз тобы қарсы тұрады;
- екіншіден, олар бөлінбейді, яғни заң бойынша қарастырылатын
құқықтардың азаматтық құқыктық қатынастардың бір субъектілерінен екіншісіне
ауысуына жол берілмейді. Мәселен, АК-ның 116-бабының 4-тармағы былай деп
көрсетеді: Мүліктік емес өзіндік игіліктер мен құқықтар заң актілерінде
белгіленген реттерді қоспағанда, өзге әдіспен берілмейді және ауыспайды.
Заңда көзделген жағдайларда және тәртiпте басқа заңды тұлғаға берілуі
мүмкін фирмалық атау, тауар белгісі және т.с.с заңды тұлғаға тиесілі
игіліктер ғана бұл қағидаға жатпайды;
- үшіншіден, олар мүліктік мазмүнынан айрылған, яғни өзіндік, мүліктік
емес сипатта болады. Олардың экономикалық немесе құндық мазмұны жоқ;
- төртіншіден, олар азаматтың немесе заңды тұлғаның жеке басымен тығыз
байланысты. Бұл игіліктердің кейбіреуі азамат туылған кезден бастап пайда
болып, ол өлген соң тоқтатылады;
- бесіншіден, олар осы игіліктердің иелерінен ажырағысыз, яғни нақты
жеке немесе заңды тұлғаға нақты мүліктік емес өзіндік құқықтар тиесілі (өз
есіміне, өзінің ар-намысына және қадір-қасиетіне, өз атауына және т.с.с.
құқық);
- алтыншыдан, бұл игіліктер қандай да болсын азаматтық-қүқықтық
мәмілелердің нысанасы бола алмайды, өйткені өркениетті адамзат қоғамының
өмір сүруі және дамуы жағдайларында жеке адамның өмірі, денсаулығы, есімі,
ар-намысы, қадір-қасиеті тауар бола алмайды.
Сонымен, мүліктік емес өзіндік қүқықтар дегеніміз - бұл мүліктік емес
сипаттағы игілікке қүқық. Мұнда экономикалық мазмұны жоқ және иесінің жеке
басынан ажырағысыз, қолданыстағы заңдар таныған, реттейтін және қорғайтын
игiліктер мен бостандықтарды мүліктік емес өзіндік құқықтар ретінде
түсінеді.
Мүліктік емес сипаттағы игіліктерге мүліктік емес өзіндік құқықтар
пайда болады және тиісінше, олар, негізінен алғанда, жәбірленушінің
бұзылған мүліктік жағдайын қалпына келтіруді мақсат етпейтін әдістермен
қорғанады. АК-ның 9-бабына сәйкес мұндай әдістерге мыналар жатады:
құқықтарды мойындау, құқық бұзылғанға дейінгі болған жағдайды қалпына
келтіру, құқықты бұзатын немесе оның бұзылу қаупін туғызатын әрекеттерге
тыйым салу. Бірақ мүліктік емес өзіндік құқықтары бұзылған адамның, осы
шаралардан басқа, АК-ның 141-бабының 1-тармағына сәйкес, моральдық
зардаптарын өтеуге құқығы бар, бұл бұрын қолданылған Қазақ КСР Азаматтық
кодексінде көзделмеген болатын. [7.93]
Бұл шара көптеген шетелдерде бұрыннан кеңінен қолданылатын, бірақ ТМД
елдерінде ол тек 1991 ж. бастап, яғни Азаматтық заңдардың негіздері
қабылданған кезден бастап енгізілді. Мәселен, Негіздердің 131-бабында
тұңғыш рет моральдық зиян ұғымына анықтама беру, сондай-ақ оны өтеу
жағдайлары мен әдістерін бекіту әрекеті жасалды. АК-ның қабылдануымен
моральдық зиян санаты толығымен зандастырылды.
Соңғы жылдары заң әдебиеттерінде моральдық зиян ұғымына және моральдық
зиянның өтемі проблемаларына біршама көңіл бөлінуде.
Кең мағынада алғанда, жеке адамға оның құқықтарын бұзатын іс-әрекеттер
арқылы тән азабын немесе жан азабын келтіруді моральдық зиян деп түсінеді.
ҚР Жоғарғы Соты Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңдарды
қолдануы туралы 2001 ж. 21 шілдедегі №3 Нормативтік қаулысында біздінше,
моральдық зиян ұғымына барынша толық әрі дұрыс анықтама және түсінік
берген. Мәселен, қаулының 3-тармағында былай деп айтылған: азаматтың
тиесілі мүліктік емес өзіндік құқықтары мен игіліктерін құқыққа қайшы
жолмен бұзу, кемсіту немесе олардан айыру нәтижесінде оның шегетін жан
азабын немесе тән азабын моральдық зиян деп түсіну керек. Жәбірленуші
өзіне қарсы жасалған құқық бұзушылықтар нәтижесінде бастан кешетін қорлану,
ашулану, қысымшылық көру, ашу-ыза, ұят, түңілу, залал шегу, жайсыздық
сезімдерін адамның сезімдік-ерік толғаныстары ретіндегі жан азабы деп
түсінген жөн. Азаматтың өзіне қарсы құқыққа қайшы жолмен күш қолдану немесе
денсаулығына нұқсан келтіру арқылы жасалған әрекеттен қиналуын тән азабы
деп түсіну керек. [22.84]
Моральдық зиянды өтеу материалдық емес игіліктер мен мүліктік емес
өзіндік құқықтарды қорғау құралдарының бірі болып табылады. Моральдық зиян
тек ақшалай түрде өтеледі, ал өтемнің мөлшерін сот анықтайды. Сондықтан
әрбір нақты жағдайда моральдық зиян өтемінің мөлшерін анықтау жәбірленуші
үшін үлкен рөл атқарады. Алайда, құқық қорғаудың мұндай құралын қолдану іс
жүзінде белгілі бір қиындықтар тудырады. ҚР Жоғарғы Сотының №3 Нормативтік
қаулысында былай деп тікелей айтылған: моральдық зиян өтемінің ақшалай
мөлшерін анықтауда судьялар жәбірленушіге келтірілген жан азабының немесе
тән азабының ауырлығына берілетін субъективтік бағаны, сондай-ақ
объективтік мағлұматтарды да, атап айтқанда: біріншіден, өзіндік құқықтар
мен игіліктердің өмірлік маңыздылығын (адамның өмірі, денсаулығы, ар-намысы
және қадір-қасиеті, жеке бостандығы, тұрғын үйге қол сұқпаушылық т.с.с.);
екiншіден, жәбірленушінің бастан кешкен азабының дәрежесін және құқық
бұзушылық зардаптарының ауырлық дәрежесін (кісі өлтіру немесе денеге зақым
келтіру, бас бостандығынан немесе жұмыстан айыру, жақын туыстарынан айрылу
және т.с.с.); үшіншіден, моральдық зиянды өтеу үшін оның болуы қажетті
жағдайларда зиян келтірушінің кінәсының нысанын (қасақана істеу немесе
абайсыздық) да назарға алуы тиіс.
Егер моральдық зиянды өтеу мөлшерін анықтауда сот азаматтың мүліктік
емес өзіндік құқықтарының бұзылуына байланысты нақты мән-жайлардың барлығын
ескерген болса, моральдық зиянды ақшалай өтеу мөлшерін әділ әрі жеткілікті
деп есептеу керек.
АК-ның 143-бабының 6-тармағына сәйкес, азаматқа немесе заңды тұлғаға
қатысты олардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір
келтіретін мағлұматтар таратылған болса, олар мұндай мағлұматтарды теріске
шығарумен бірге, олардың таратылуы арқылы өздеріне келтірілген залалдың
немесе моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы. [37.126]
Сот моральдық зиянды өтеу жөніндегі талапты жеке, сондай-ақ мүліктік
залалды өтеу туралы талаппен бірге қарауы мүмкін, өйткені қолданыстағы
заңдарға сәйкес келтірілген моральдық зиян үшін жауапкершілік мүліктік
залалдың орын алуына тікелей байланыста болады, сондықтан мүліктік
жауапкершілікпен қатар немесе дербес қолданылуы мүмкін.
Моральдық зиян өтелуге тиісті мүліктік зияннан тәуелсіз өтеледі.
Мүліктік емес өзіндік және мүліктік құқықтар бір мезгілде бұзылған
жағдайда мүліктік емес өзіндік құқықтардың бұзылғаны үшін жәбірленушіге
тиесілі өтем ескеріле отырып, мүліктік зиянның орнын толтыру мөлшері
ұлғаяды (АК-ның 142-бабы).
Сонымен қатар, олардың қандай мән-жайларда немесе қандай әрекеттермен
(әрекетсіздікпен) келтірілгенін; зиян келтіруші кінәсының дәрежесін, оның
денсаулық жағдайын, отбасылық, тұрмыстық, материалдық және назар аударуға
тұрарлық басқа да жағдайларды анықтау қажет.
АК-ның 187-бабының 1-тармағына сәйкес, моральдық зиянды өтеу жөніндегі
талаптарға талап қою мерзімі таралмайды, өйткені олар мүліктік емес өзіндік
құқықтардың бұзылуынан туындайды. [38.92]
Жәбірленуші тарап моральдық зиянды өтеу жөнінде талап қою барысында
өтем мөлшерін дербес бағалайды, яғни оның ақшалай сомасын көрсетеді. Ұзақ
уақыт бойы кеңестік социалистік Қазақстанда моральдық зиян өтеуге мүлде
жатпайды деп есептелді, өйткені құқықтарымен, игіліктерімен,
бостандықтарымен қоса алғанда, адамның жеке басын ақшамен бағалауға
болмайды деп жансақ айтылып келді. Бұл жағдайда әңгіме адамның жеке басын
бағалауда емес, оның жеке басына келтірілген моральдық зиянды (залалды)
бағалау жөнінде болып отыр ғой. Сондықтан алыс шетелдердің тәжірибесін
зерттеу негізінде біртіндеп және қоғамдық санада, сондай-ақ заң
шығарушылардың осы мәселенің шешілуіне көзқарасында да бетбұрыс туды.
Заң шығарушылар моральдық зиянды ақшалай түрде өтеуді қолдайды, алайда
бұл материалдық емес өзіндік игіліктің құндық баламасы бола алмайды.
Егер АК-да өзгеше жағдай көзделмесе, күқық бұзған адамның кінәсына
қарамастан, мүліктік емес өзіндік құқықтар қорғалуға тиіс. Алайда өзін
қорғау туралы талап қойған адам өзінің мүліктік емес өзіндік құқықтарының
бұзылуы фактісін дәлелдеуге тиіс. Оның үстіне, АК-ның 141-бабының 4-
тармағында жәбірленушіге мүліктік емес өзіндік құқықтары бұзылуының
зардаптарын жоюды таңдау құқығын беретін маңызды ереже бар. Жәбірленуші
өзінің қалауы бойынша:
- құқық бұзушыдан бұзылу зардаптарын жоюды;
- не құқық бұзушының есебінен өз бетінше қажетті әрекеттер жасауды;
- не олардың орындалуын үшінші жаққа тапсыруды талап ете алады.
Азаматтық құқықтардың қорғалуы заң шығарушылардың құқық қорғау құралдарын
жасап шығаруына байланысты. Мұндай құралдардың тізбесі АК-ның 143-бабында
келтірілген. Мәселен, азамат немесе заңды тұлға өзінің ар-намысына, қадір-
қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтарды, егер ондай
мағлұматтарды таратушы адам олардың шындыққа сай екенін дәлелдей алмаса,
сот арқылы теріске шығаруды талап етуге құқылы. Мұнда заң шығарушылар былай
деп белгілейді: ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғауды
талап ететін адамдар оларға кір келтіретін мағлұматтардың жалғандығын
теріске шығаруға міндетті емес, яғни жәбірленуші ақталуға тиісті емес. Заң
оның адалдығының шүбәсыздығын анықтайды. Керісінше, мұндай мағлұматтарды
таратқан адам оның шындыққа сай келетінін дәлелдеуге міндетті. Егер осындай
мағлұматтарды таратқан адам оның шындыққа сай келетінін дәлелдесе, онда
жәбірленуші тарап беретін талап сотта қанағаттандырылмай қалады. Ар-
намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау жөніндегі талаптарды
сот қана қарайды. [26.62]
Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді сот арқылы қорғау -
азаматтар мен заңды тұлғаларды олардың ар-намысына, қадір-қасиетіне және
іскерлік беделіне кір келтіретін әр түрлі жалған өсектерден қорғаудың басты
құралдарының бірі.
Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік бедел санаттарына қатысты
азаматтық құқық ғылымында айтарлықтай бірдей пікір қалыптасты.
Ар-намыс дегеніміз - бұл адамға берілген қоғамдық баға, оның рухани
және әлеуметтік қасиеттерінің өлшемі.
Қадір-касиет дегеніміз - адамның өз қасиеттеріне, қабілеттеріне, дүние
танымына, өзінің қоғамдағы маңызына өзі іштей беретін баға.
Іскерлік бедел дегеніміз - адамның іскерлік (өндірістік, кәсіби) қадір-
қасиетіне қоғамдық пікір беретін тұрақты оң баға. Заң ар-намысқа, қадір-
қасиетке және іскерлік беделге кір келтіретін мағлұматтарды теріске шығару
жолымен жеке адамды қорғауды көздейді.
Белгілі бір мән-жайлардың бар-жоқтығын білдіретін ақпаратты немесе
тұжырымды мағлүматтар деп түсіну керек. Демек, әңгіме белгілі бір тұлғаны
теріс сипаттайтын кез келген мағлүматтар жөнінде болып отырған жоқ. АК-ның
143-бабы адамның моральдық баға беруге тұратын қасиеттері, сапалары, іс
қимылдары туралы жалған мағлұматтарға, яғни айналадағылардың көз алдында
адамның моральдық бағасын кемітетін жалған мағлұматтарға қарсы қорғануда
ғана қолданылады. Сонымен, заң, біріншіден, ар-намысқа, қадір-қасиетке,
іскерлік беделге кір келтіретін мағлұматтарға қарсы; екіншіден, жауапкер
таратқан; үшіншіден, шындыққа сай келмейтін жалған мағлұматтар таратудан
қорғануды көздейді. [24.73]
Сот тәжірибесінде азаматтар мен заңды тұлғалардың ар-намысын, қадір-
қасиетін және іскерлік беделін қорғау жөніндегі заңдардың қолданылуы
туралы 1992 ж. 18 желтоқсандағы ҚР Жоғарғы Соты Пленумының №б Қаулысында
аталған жағдайлардың әрқайсысын қалай түсіну керектігі баяндалған.
Заңдарды сақтау, қоғамның моральдық принциптері тұрғысынан қарағанда,
қоғамдық пікірдегі немесе жекелеген азаматтардың пікіріндегі азаматтың
немесе ұйымның ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітетін, шындыққа сай
келмейтін мағлұматтар кір келтіретін мағлұматгар болып табылады.
Ар-намысқа, қадір-қасиетке және іскерлік беделге кір келтіретін
мағлүматтарды тарату бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып, оларды
баспасөзде жариялауды, радио, теледидар арқылы хабарлауды, әр түрлі
ұйымдарға, лауазымды адамдарға немесе ең болмағанда бір адамға арналған
қызметтiк және өзге мiнездемелерде, жария сөздерде, мәлімдемелерде
баяндауды білдіреді.
Оларды бөгде тұлғаларға хабарлауды да ар-намысқа, қадір-қасиетке және
іскерлік беделге кір келтіретін мағлұматтарды тарату деп түсіну керек.
Мағлүматтарды тікелей өзіне қатысты адамға беру оларды тарату болып
есептелмейді. Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделге кір
келтіретін жалған мағлұматтарды мемлекеттік, сот-тергеу, прокурорлық және
т.с.с. органдарға хабарлауды да оларды таратуға жатқызу керек. [29.64]
АК-ның 143-бабына сәйкес, азаматтық істерді қарауда мына жағдайларды
жан-жақты анықтау қажет: оларды теріске шығару жөнінде талап қойылған
мағлұматтар таратылған ба; олар азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне,
ұйымның іскерлік беделіне кір келтіре ме; бұл мағлұматтар шындыққа сай келе
ме?
АК-ның 143-бабы бұқаралық ақпарат құралдарында таратылған кір
келтіретін мағлұматтарды теріске шығарудың арнайы тәртібін белгілейді: олар
сол бұқаралық ақпарат құралдарында тегін теріске шығарылуы тиіс. Бұған
қоса, бұқаралық ақпарат құралдарында оның құқықтарын немесе заңды
мүдделеріне нұқсан келтіретін мағлұматтар жарияланған азамат немесе заңды
тұлға нақ осы бұқаралық ақпарат құралдарында өз жауабын тегін жариялауға
құқылы болады. Бұл тұлғаның шеккен азабының өтемі үшін оның сомасы емес,
жәбірленушінің әділдігі ресми түрде танудың маңыздылығын көрсетеді.
Бұл айтылғандар, алайда, жеке немесе заңды тұлғалар теріске шығаруды
басқа бұқаралық ақпарат құралдарында (мысалы, басқа газеттерде, радио мен
теледидардың басқа арналары бойынша) жариялай алмайды дегенді білдірмейді.
Заң шығарушылар нақ сол бұқаралық ақпарат құралдарында дегенде олардың
тегін жариялануын көздеген; басқа құралдарда теріске шығару ақылы негізде
жүзеге асырылады. [16.48]
Мұндағы жалпы ереже мынадай: бұқаралық ақпарат құралдарында таратылған
мағлұматтар сол бұқаралық ақпарат құралдары арқылы теріске шығарылуы тиіс.
Егер бұқаралық ақпарат құралы бұлайша жариялаудан бас тартатын болса, не
оны бір ай ішінде жарияламаса, не оны жойып жіберсе, онда азамат немесе
заңды тұлға теріске шығаруды жариялау туралы сотқа талап қоюға құқылы және
ол сотта қаралуы тиіс. Егер соттың шешімі орындалмаса, онда сот тәртіп
бұзушыға бюджеттің кірісіне алынатын айыппұл салуға құқылы. Бұл жағдайда
айыппұл ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қалпына келтіру
жөнiндегі сот шешімінің орындалуын қамтамасыз ететін құрал болып табылады.
Айыппұл ар-намыстың, қадір-қасиеттің, іскерлік беделдің бұзылғаны үшін
жауапкершілік өлшемі емес, ол құқық бұзушылықтың өзі үшін салынбастан, сот
шешімінің орындалмағаны үшін мемлекет кірісіне өндiріп алынады. Айыппұл
азаматтық іс жүргізу заңдарында белгіленген тәртіп пен мөлшерде салынады.
Оны төлеу тәртіп бұзушыны сот шешімінде көзделген әрекетті орындау
міндетінен босатпайды (АК-ның 143-бабының 5-тармағы).
Егер ұйымнан шығатын құжатта азаматтың заңды тұлғаның ар-намысына,
қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтар болса,
мұндай құжат алмастырылуы немесе хабар иесіне бұл құжаттағы мағлұматтардың
шындыққа сай келмейтіні туралы міндетті түрде хабарлау арқылы қайтарып
алынуы тиіс. (Мысалы, егер заңды тұлға туралы қате мағлұматтар хабарланса
немесе азаматқа жуыспайтын мінездеме берілген болса).
Өзі жөнінде оның ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне
кір келтіретін мағлұматтар таратылған азамат немесе заңды тұлға мұндай
мағлұматтарды теріске шығарумен қатар, мағлүматтар тарату арқылы
келтірілген залалдың орнын толтыруды талап етуге құқылы.
Құқығы бұзылған адамның шеккен шығындарын, сондай-ақ егер бұл адамның
құқығы бұзылмаған жағдайда алынбай қалған табысын (айырылып қалған пайда)
залал деп түсінеді. Мысалы, азамат жөнінде оның ар-намысына және қадір-
қасиетіне кір келтіретін мағлұматтар жарияланған. Бұқаралық ақпарат
құралдарындағы осындай жарияланымнан кейін ол лауазымынан босатылады.
Мұндай азамат нақ сол бұқаралық ақпарат құралдарында осы мағлұматтарды
теріске шығаруды талап етуге, сондай-ақ өзін лауазымнан шеттеткен уақыт
ішінде алынбай қалған жалақының өтемін және келтірілген моральдық зиян үшін
өтем төлеуді талап етуге құқылы.
Егер осындай мағлұматтарды таратқан адам беймәлім болса және оны
анықтау мүмкін болмаса, онда өзі жөнінде мәліметтер таратылған азамат
немесе заңды тұлға таратылған мағлұматтарды шындыққа сай келмейді деп тану
туралы өтінішпен сотқа қайырылуға құқылы.
Азаматтық заңдар бойынша ҚР азаматының жеке бастың құпиясын сақтау,
оның ішінде хат алысу, телефон арқылы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz