Азаматтық құқықтарды сот арқылы қорғау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҰҒЫМЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК 4
1.1 Азаматтық құқық ұғымы мен белгілері 4
1.2 Азаматтық құқықтың қайнар көздерінің түсінігі 12


2 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ 16
2.1 Нормативтік құқықтық актілер сатысы 16
2.2 Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеудің түсінігі және
түрлері 18
2.3 Құқықтық нормалардың ұғымы және түрлері. Құқықтық норманың
құрылымы. 21
2.4 Нормативтік құқықтық актілердің уақытқа, кеңістіктегі,
субъектілерге байланысты (қамту өрісіндегі) күші 24

ҚОРЫТЫНДЫ 32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 34

КІРІСПЕ

Азаматтық құқық атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оны римдік
заңгерлер Рим азаматтарының құқығы – цивильді құқық деп атаған. Тарихтан
белгілі римдіктердің құқығы осы атаумен белгіленді. Римдік (Квиритеттер
құқығы) jus civile көне римдегі азаматтардың мемлекеттік қоғамдық және жеке
өзіндік қатынастарын реттеді және қазіргі азаматтық құқықтарға қарағанда
ұғымы әлде қайда кең болды. Қазіргі кезде азаматтық құқықтың римдік атауы
сақталғанмен оның мазмұны барынша өзгерді. Дегенмен соған қарамастан
civil атауы еуропалық құқықтануға еніп қана қоймай, заң
терминалогқұиясына кірді. Сондықтан да азаматтық құқықты цивилистік деп
атайды, ал бірі саладағы мамандарды – цивилист деп атайды. Римде құқықты
жария және жеке деп екі салаға бөлген. Жария және жеке құқықтардың
классиканың аратигін Ульпиан былайша ашып көрсетеді: Жария құқық дегеніміз
рим мемлекетінің құқықтық мәртебесіне қатысты, ал жеке құқық болса
жекелеген, адамның мүдделеріне сай келеді. Қазақстан Республикасының
қазіргі құқық жүйесі жария және жеке құқық деп білінбейді. Біздің ұлттық
азаматтық құқық тек өзіне ғана тән және белгілі бір ерекшеліктері бар
институттардың ұғымы.
Сонымен қатар азаматтық құқықтың әр түрлі жүйелерінің арасында белгілі
бір дәрежеде ұқсастықтар бар. Сондықтан азаматтық құқықтың жүйелерде болып
жатқан процесстер Қазақстан Республикасының азаматтық құқық іліміне әсерін
тигізіп отыр. Бұл орайда, біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен
жаңа демократиямен көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді
жолды басынан кешіп те, үлгірген уақытта құру үстіндеміз. Ендеше осы
бағытта әр түрлі өркениеттің ең соңғы жетістіктерін пайдаланудың маңызы
зор.
Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының тыныс –
тіршілікпен, сондай – ақ азаматтың заңды тұлғалармен мемлекеттің өзімен,
оның әкімшілік аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты. Азаматтық құқықты
зерттемес бұрыс азаматтық құқық пәнін анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні
не екенін белгілеп алуға тиістіміз.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – азаматтық құқықтың қайнар көздерін
туралы түсінік беру, осыған байланысты мынадай міндеттерді шешу көзделді:
- Азаматтық құқық ұғымына және оның белгілері, негізгі принциптеріне
тоқталу;
- Азаматтық құқықтың қайнар көздерінің түрлеріне түсінік беру.

1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҰҒЫМЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Азаматтық құқық ұғымы мен белгілері

Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының пәнін тауар – ақша
қатынастары, және қатысушылардың тендігіне негізделген өзге де мүліктік
қатынастар, сондай – ақ мүліктік емес жеке қатынастар құрайды. (Қазақстан
Республиканың АК-ң 1-бап, 1-тармақ) Сонымен қатар мүліктік қатынастарға
байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі.
Өйткені олар басқа да заң құжаттарына өзгеше көзделмеген не мүліктік емес
жеке қатынастар мәнінен туындамайды. (АК-ң 1-бап, 1-тармақ)
Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар негізінен мүліктік
қатынастар болып табылады. Материалдық игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен,
қызмет көрсетумен, ақшамен, құнды қағаздармен басқада мүліктермен)
байланысы бар қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мұндай
қатынастар иелену немесе мүліктің тиістілігіне қарай (заттық қатынас)
мүліктің бір адамнан екіншісіне аусыуы өтуі (міндеттеменің қатынастар)
меншік иесінің қайтыс болуына байланысты заттың тағдырын шешу (мұрагерлік
қатынас) тәрізді қатынастар тұрғысынан көрінсе, онда олар азаматтық заңмен
реттеледі. Бір сөзбен айтқанда мүліктік қатынас дегеніміз – мүліктерді
сатып алу, иелену басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас
болып табылады. Дегенмен бұдан азаматтық құқық мүліктік қатынастардың бәрін
бірдей реттей береді деген ұғым тумауы тиіс. Өйткені олардың өзі әр түрлі
сипатта кездеседі. Сайып келгенде мүліктік (имущественность) дегеніміз
заңды белгі болып табылмайды, ол тек экономикалық түсінік. Сондықтан да
азаматтық құқық пәнінің мазмұның оны біріктіретін әрі мән – мағынасын
ашатын тұсын бөліп қарауды қажет етеді. Қоғамдық қатынастарда бір – бірінен
ажырататын мүліктік қатынастардың мұндай белгілері, атап айтқанда белгілі
бір экономикалық құндылыққа ие болуымен байланысты материалдық объектілер
жайында адамдардың арасындағы қатынастар болғандықтан оның ерік сипатында
болғандығы нарықта дербес тауар иеленуші ретінде қимылдауы, қатысушылардың
өзара келісім және жар жасауы жатады.
Мүліктік құндылық қатынастарға ең алдымен қатысушылардың құн заңына
сүйенетін мүлік қатынастарының теңдігіне негізделген тауар – ақша
қатынастары және өзге де қатынастар жатады десек, нарықтық экономика
жағдайында тауар – ақша қатынасы азаматтық құқықты реттеудің негізгі
өзегіне айналады. Мүліктік қатынас адамдар арасындағы қатынас болғандықтан
ол мүліктік емес қатынастармен біте қайнасып, ұштасып жатады.
Қазақстан Республикасы азаматтық заңдары мүліктік емес қатынастардың
екі түрін атап айтқанда мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке
қатынастар (АК-ң 1-бап, 1-тармақ) және мүліктік қатынастарға байланысы жоқ
мүліктік емес жеке қатынастарды (АК-ң 1-бап, 2-тармақ) реттейді. Мүліктік
емес жеке қатынастар Қазақстан Республикасының Конституциясымен реттеледі.
Конституцияның екінші тарауы адам мен азаматтың ажырамайтын құқықтарына
арналған. Сонымен бірге азаматтық құқықтың реттеу пәніне мүліктік
қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастарының мейлінше кең
ауқымы енеді. Қорыта айтқанда азаматтық реттеудің пәні міне осындай. Енді
әдістеме жөніндегі мәселеге тоқталайық.
Құқықтың әрбір негізгі саласының өзіне тән құқық реттеу әдістемесі
болады. Ал оның жеке қырлары субъектілердің құқық мәртебесіне (статусына)
құқық қатынастарын қалыптастыру негізінде, олардың мазмұнын айқындау
әдістерінде және заң санкцияларында топтастырыла көрсетілген.
Мүлік және мүліктік емес қатынастардың азаматтық құқық реттеу
әдістемесі бір – қатар өзіндік белгілерге ие:
а) Азаматтық құқық қатынастарға қатынасушылардың жалпы құқық жағдайы
олардың тауар – ақша немесе басқа да қатынастарына негізделген заңды
түрдегі теңдігімен сипатталады. (АК-ң 1-2-бап, 1-тармақ)
К.Маркс капиталды былай деп жазған болатын: Бұл заттар бір-біріне
тауар ретінде қатысу үшін тауар иелері бір – біріне адам ретінде бұл
заттарды еркімен бейлейтін адам ретінде, қатысуы тиіс. Сонымен бір тауар
иесі тек екіншісінің еркі бойынша, демек олардың әрқайсысы екуіне ортақ
ерікті ат арқылы, өз тауарын басқаға бере отырып, өзге тауарды өзі
иемденеді. Демек, олар бірін – бірі жекеменшікті деп білуге тиіс. Азаматтық
құқық қатынастарға қатысушылардың заң жүзіндегі, теңдігіне келсе, олардың
азаматтық құқық айналымда тең құқықты, тәуелсіз субъектілер екенін көреміз,
әрі оның әрқайсысы, оқшаулыққа ие болады. Сондай-ақ бір- бірімен қарым
-қатынаста тең дәрежеде әрекет етеді. Бұл азаматтық құқық субъектілерінің
бірде бір азаматтық құқық қатынасында екінші жаққа бір жақты міндет
жүктеуіне болмайды деген сөз. Сонымен қатар құқықтық қатынастағы жақтардың
араларында дау туған жағдайда, екінші жақ үшін міндетті болып табылатын
шешім қабылдай алмайды.
ә) Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің азаматтарының құқықтарына өз
еркімен және өз мүддесін көздей отырып ие болады немесе оларды жүзеге
асырады. Олар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерінің
анықтауда немесе шарттың заңдарға қайшы келмейтін кез- келген жағдайларын
белгілеуде ерікті. (АК-ң 2-бап, 2-тармақ) Демек азаматтық құқық
қатынастардың қатысушыларына өзінің қалауынша және мүддесіне сай келетін
жағдай таңдауына мол мүмкіндік жасалады.
б) Тараптар азаматтық құқық қатынастарда тең дәрежеде қорғану құқығына
ие және қорғанудың белгілі бір мүмкіндігін тандауға ерікті (теңдік және
тұлғалардың өз құқықтарын толық пайдалану мүмкіндігі) Азаматтық құқықты
қорғау сотпен (төрелік сотпен немесе аралық сотпен) жүзеге асады, бұл арада
аз азаматтық құқық кодекстің 9-бабына сәйкес қорғанудың азаматтық істерді
жүргізу заңдарының ерекше ережелерін сақтай отырып ашық әдістері қолданады.
Егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, бұзылған құқықты қорғау үшін
үкімет билігі немесе басқару органдарына өтініш жасау, құқық қорғау туралы
талап арызбен сотқа шағымдануға кедергі жасамайды. Былайша айтқанда, сот
бұзылған немесе дауға түскен құқықтарды қорғауға тиіс. Егер қандай да бір
құқық әкімшілік жолымен қорғалса, онда ол тікелей заңға сүйену керек.
Мұндай жағдайда құқыққа байланысты дау сотқа бірден жіберілмей, алдымен
әкімшіліктің шешуін күтеді. Әкімшілік шешім қабылдағаннан кейін ғана оны
сотқа беруге болады. Азаматтық кодекстін 9-бабының 1-тармағында,
мемлекеттік, басқару органның немесе жергілікті өкілді атқарушы органның
заңдарға сәйкес келмейтін құжатын жарамсыз немесе орындауға жатпайды деп
тану туралы азаматтық құқықтардың қорғаудың жаңа тәсілі енгізілген.
Азаматтық кодекс қабылданғанға дейін көптеген құқық қолданушы органдар
заңға сүйеніп жасалған құжаттардың сол заңға сәйкес келмегенімен іс –
жүзінде, оның қолданылып келгеніне әрі мұндай заңсыз құжаттарды ешкімнің де
теріске шығармағанына талай мәрте көз жеткізген болатын, осындай
келеңсіздік көп қиындық келтірді.
в) Азаматтық құқық жауапкершілік өзіндік сипатымен атап айтқанда,
мүліктік және өтем түрінде айқындалады. Сондай – ақ оған келтірілген
залалды толықтай өтеу талабы да жатады. Заң құжаттарында өзгеше көзделмеген
жағдайда, бұл заң бұзушының кінәсінің қандай екендігіне де байланысты
болады.
Осы айтылғандарға сүйене отырып, мынадай тұжырым жасауға болады:
азаматтық құқық құқықтың бір саласы, ел тауар – ақша қатынастарды және
қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай –
ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарын
реттейтін нормалардың жиынтығы болып табылады.
Принцип (қағидат) термині латынның сөзі – бастау, негіз дегенді
білдіреді. Азаматтық принциптер ол нормативтік сипаты бар қоғамдық
қатынастарды азаматтық құқық реттеу бастамасын басшылыққа алатын негіз. Ол
Қазақстан Республикасы азаматтық заңының мейлінше маңызды тұстарын
көрсетеді. Демек азаматтық заңды түсіну мен оны қолдану азаматтық құқықтың
тек жалпы принциптері арқылы мүмкін болады.
Принциптер азаматтық құқық жүйесінде әрқашанда бастапқы норма болып
саналады. Сондықтан да басқа нормалар онымен жанама түрде көрініп, жалпы
сипат алады. Демек принциптер өзгелерден басым түседі. Принциптер азаматтық
құқық нормалардың барлық жүйесін қамтып, басшылыққа алады. Азаматтық
кодекстің 2 – бабындағы азаматтық заңдардың жалпы негіздері мен мәнісі беки
түсуіне байланысты, енді принциптер нормативтік мәнге ие болды және оны
қолдану міндеттілікке айналды. Бұрын соңды азаматтық принциптер заң
нормаларында арнайы термин немесе тиянақты тұжырымдама ретінде бекітілмеген
еді, тек азаматтық заңдардың жалпы негіздерімен мәнісіне байланысты деген
жалпылама тұжырымдамамен шектелетін (Қазақ КСР АК-ң 4-бабы)
Азаматтық құқықтың мынадай принциптері бар:
1) Азаматтық құқықтың қатынастарға қатысушылардың теңдігі;
2) Меншікке және басқа заттың құқығына қол сұқпаушылық принципі;
3) Шарт еркіндігі;
4) Жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге
болмайтындығы;
5) Азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру;
6) Нұсқан келтірілген құқықтың қалпына келтірілуін қамтамасыз ету;
7) Азаматтық құқықты сот арқылы қорғау;
Міне осы принциптердің бәрі де азаматтық кодекстің азаматтық
заңдардың негізгі бастаулары, деп аталатын 2-бабында бекітілген. Яғни сол
арқылы мемлекетпен қоғамның азаматтық заңдарын алдына қойған мақсаты мен
міндетін орындаудағы азаматтық заңының демократиялық және ізгілікті
қасиеттері көрініс береді. Енді осы көрсетілген принциптерді талдасақ
деймін:

1) Азаматтық құқықтың қатынастарға қатысушылардың теңдігі; Азаматтық
құқығының басты қағидаттарының бірі олардың қатысушылардың теңдігіне
байланысты келеді. Азаматтық қатынастарға қатысушылардың теңдік принципі
қоғамның қатынастарды азматтық құқық реттеу әдістемесінің өзімен
айқындалады. Яғни бұдан азаматтық құқық қатынастарда тараптардың жағдайы
тәуелсіз, тең дәрежеде болатындығын көреміз. Демек азаматтық қатынасқа
қатысушыларының бірі екіншісіне тіптен бағынышты емес. Ал тәуелділігі оның
мінез – құлқына, екіншісінің ерік – жігеріне қатысты болмауы керек.
Азаматтық заңмен реттелетін мүлік және мүліктік емес қатынастар жүйесінде
субъектілер теңдігі төмендегідей жәйттерді білдіреді:
1) Мемлекет немесе оның әкімшілік аумақтық бөлінісі азаматтық құқық
қатынастарға жалпы негізде, өзге қатысушылар мен тең құқықта қатысады. Бір
айта кететін жәйт азаматтық құқық қатынастағы мемлекеттің жауапкершілік
ерекшелігі заңда көрсетілмеген. (АК-тің 111-114-баптары)
2) Заңды тұлғалардың құқылық мәртебесі жеке тұлғалардың мәртебесіне
бір табан жақын келеді. Мысалы қазіргі кезде азаматтар ғана емес заңды
тұлғалар да шартпен өздерінің құқықтары мен міндеттерін белгілей алады.
Сондай – ақ заңға қайшы келмейтінде шарт талаптарының кез – келгенін
таңдауға ерікті. Заңды тұлға және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті
жүзеге асыратын азаматтар еңбек шартын, оның ішінде келісім шартты жасауға
хақысы бар.
3) Егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, шетелдік жеке және заңды
тұлғалар, сондай – ақ азаматтарға жоқ адамдар азаматтық заңдарда Қазақстан
Республиканың азаматтары мен заңды тұлғалары үшін қандай құқықтар мен
міндеттер көзделсе, нақ сондай құқықтарға ие болуға қақылы және сондай
міндеттерді орындауға міндетті. (АК-ң 3-бап, 7-тармақ)
Қазақстан Республиканың Конституцияның 6-бабында меншік иелерінің
құқығын қорғауға байланысты теңдік принципі тұжырымдалған. Мұның өзі оларға
қатысты құқтардың бұзылуына қарсы қорғану құрамын субъектілер бірдей
қолданады дегенді білдіреді.
2) Меншікке және басқа заттың құқығына қол сұқпаушылық принципі.
Меншікті құрметтеп, оған ешкім қол сұқпайтын елде ғана азаматтар жайбарақат
өмір сүре алады. Сондықтан да әрбір қоғамда меншік ерекше мәртебеге ие
болып, оны қасиетті әрі қол сұғылмайтын нәрсе деп бағалайды. Адамның
белгілі бір затты иелену оны тұтынып, белгілі бір мақсатына яғни керегіне
жарату үшін керек. Сондықтан ол бұл орайда қызмет ету құралын бәрінен де
жоғары қояды.
Мемлекет пен құқық, оның ішінде азаматтық құқық азаматқа мұндай
жағдайды қамтамасыз етеді. Қашан да меншік құқығы азаматтық құқықтың
орталық институты болып есептелген және меншік иесінің құқығын қорғауды
барынша талап еткен. Міне сондықтан да азаматтық құқық меншіктің қол
сұқпаушылық қағидасына негізделеді.
Меншікке қол сұқпаушылық азаматтық кодекстің басқа нормаларында да
өзіндік көрініс тапқан. Ал оны нақтылайтын тұжырымдама Конституцияның 26-
бабының 3-тармағында бекітілген. Яғни онда былай делінген: Соттың
шешімінсіз ешкімді де өз мүлікінен айыруға болмайды. Заңмен көзделген
ерекше жағдайда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен бағамен өтелген кезде
жүргізілуі мүмкін Конституцияның бұл қағидалары азаматтық кодексте
реквизициялау күтімсіз ұсталған мәдени және тарихи қазыналарды сатып алу
және т.б. қатынастарда қолданылады (АК-ң 253,254,256-баптары)
Қазіргі кезде заңда меншік құқығымен қатар меншік иесі болып
табылмайтын адамдардың заттық құқықтары да қаралған, оларға да қол
сұқпаушылық принципі қолданылады.
Айталық:
а) Жерді пайдалану құқығы;
ә) Шаруашылық жүргізу құқығы;
б) Оралымды басқару құқығы;
в) Өзге де заттық құқықтар;
(АК-ң 194-195-бап) Кей жағдайда меншік құқығы шектеулі болуы да
мүмкін. Мысалы Жер туралы заңнын 48-бабында жер қатынастары
субъектілерінің өздеріне тиесілі құқықтарды жүзеге асыруы табиғи объект
ретінде жерге айналадағы табиғи ортаға сондай – ақ басқа адамдардың
құқықтарымен заңды мүделеріне зиян келтірмеуі жөнінде айтылған. Бірақ та
заң арқылы белгілі бір дәрежеде шектеу қойыла тұрғанмен азаматтық заңдағы
меншік құқығының алар орны ерекше, ал меншік иесі нарықтың баста тұлғасы
болып табылады. Бұл бұрын соңды болмаған меншік құқығын қорғаудың жаңа
тәсілдерінің өмірге келуімен байланысты болып отыр. Мысалы: оған
қозғамайтын мүлікті мемлекеттік арнайы тіркеуге еңгізу жатады. (АК-ң 118-
бап) сондай – ақ қозғалатын мүліктің, мәселен бағалы қағаздардың меншік
құқығы сенімді де жедел ұштастарудың жаңа тәсілдері жасалды (АК-ң 129-140-
баптары)
3) Шарт еркіндігі принципі: Заң шығарушы меншікті емін-еркін пайдалану
үшін заңды негіз жасайды, сол арқылы азаматтық субъектілердің өздеріне
контрагентті таңдауына, шарт талаптарын мүлдем дербес айқындауға әрі оны
тағайындауға мүмкіндік береді. Бұл принцип нарықтың дамуына және бәсекеге
қажетті алғышарттарды жасайды. Міне сондықтан да ол кәсіпкерлік қызмет үшін
ерекше маңызға ие. Сонымен (АК-ң 10-бабының, 6-тармағында) әр бір
тұтынушының тауар сатып алу, жұмыс қызметі пайдалану үшін еркін шарт
жасауға мүмкіндігі бар. Шарт дегеніміз – шаруашылық қызметінің негізгі
құралы . азаматтарымен заңды тұлғалар шарт негізінде өздерінің құқықтарымен
міндеттерін өз еріктерімен, өз мүдделеріне сүйене отырып тағайындалады,
сонымен бірге заң құжаттарына қайшы келмейтін жағдайда олардың кез келген
шарт жасауына мүмкіндігі бар. Азаматтық кодекс шарт жасауға мәжбүр етуге
тыйым салады, дегенмен бұл орайда оған кейбір жағдайда жол берілетіндігін
жоққа шығаруға болмайды. Мысалы: заң құжаттарында немесе өз еркімен
қабылдаған міндеттемеде шарт жасасу міндеті көзделген жағдайларды
қоспағанда, шарт жасауға мәжбүр етуге жол берілмейді. (АК-ң 680-бабы)
Бұл принципті қолдануда мемлекеттің тағайындауымен белгілі бір
дәрежеде шектеу қойылуы мүмкін. Мысалы: оған валюталық шектеуді жатқызуға
болады. Айталық Қазақстан Республиканың Ұлттық банкісінің валютаға деген
резиденттердің экспорттық операциялары төлемдерін және экспорттық валюта
түсімін міндетті сату ретін шектеуді тағайындауға құқығы бар. (Қазақстан
Республикасының валюталық реттеу туралы заңының 3-бап, 2-тармақ)
Шарт еркіндігін шектеуді тек мемлекет қана емес, сонымен бірге
азаматтық айналым де жүзеге асырады. Мысалы: азаматтық кодекстің 11-бабына
сәйкес заңды бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, негізсіз артықшылықтар
алуға, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасауға
бағытталған монополистік және қандай да болса да басқа қызметке жол
берілмейді.
4) Жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен жол беруге болмайтын
принципі. Бұл принцип Азаматтық кодекстің 2-бап, 1-тармағында тұжырымдалған
және де ол жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге
болмайтындығын қарастырады. Азаматтық құқықтың бұл нормасы Конституцияның
18-бабында бекітілген: әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және
отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мне абыройлы атының қорғалуына құқығы
бар деген талапты алға тартты.
Жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол бермеу билік
және басқару органының, ата-аналарының қызмет орны жетекшілерінің және
басқа адамдарының әрекет қабілеті бар азаматтар мен заңды тұлғаларды
мүлкіне қожалық етуіне, пайдасын бөлісіп, кірісін пайдалануына тыйым
салады. Егер заңда көзделмесе, әлде-біреудің рұқсаты, келісім беруі,
ақпарат ұсынуы талап етілмейді. Жеке отбасылық, комерциялық құпиялары бар
мәліметтерді беруді талап етуге тыйым салынады.
5) Азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру принципі. Азаматтық
кодекстің бұл принципі Конституциялық ережеде де жазылған: Әркімнің
кәсіпкерлік қызмет еркіндігінде, өз мүлкін кез – келген заңды кәсіпкерлік
қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар (Конституцияның 26-бап, 4-тармақ)
Азаматтық құқықты жүзеге асырудың өзі осы принципке байланысты. Азаматтық
кодекстің 8-бабына сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген
азаматтық құқықтарды, оның ішінде өздерін қорғау құқығын өз қалауынша
пайдаланылады. Бір айта кететін жайт, олардың өздеріне берілген құқықтарды
жүзеге асырудан бас тартқан жалпы ережеге орай бұл құқықтың тоқталуына әкеп
соқтырмайды. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген құқықтарды
жүзеге асырған кезде адал, парасатты және әділ әрекет жасап, заңдардағы
талаптарды, қоғамның адамгершілік қағидаларын ал кәсіпкерлер бұған қоса
іскерлік, әдептілік ережелерін сақтауға тиіс.
Бұл міндетті шарт арқылы алып тастауға немесе шектеуге болмайды.
Азаматтық құқық қатынасына қатысушылардың адал , парасатты және әділ әрекет
жасауы көзделеді ( АҚ-ң 8-бап, 4-тармақ ) Азаматтық құқық конституциялық
құрылысты қорғау , қоғамдық тәртіпті , адамның құқықтары мен
бостандықтарын халық денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті.
Шамада ғана және заңмен шектелуі мүмкін. ( Конституцяның 39-бап, 1-тармақ
)Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру басқа құқық субъектілерінің құқығына
және заңдармен қорғалатын мүдделерін бұзбауға , айналадағы ортаға зиян
келтірмеуге тиіс.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың басқа тарапқа зиян келтіруге құқықты
басқа түрлерде қиянат жасап пайдалануға, сондай – ақ құқықты оның мақсатына
қайшы келетіндей етіп жүзеге асыруға бағытталған әректтеріне жол
берілмейді. (АК-тің 8-бап, 3-4-тармақ) Осы талаптарды орындамаған жағдайда
сот ол адамның тиісті құқығын қорғаудан бас тарта алады.
Сонымен қатар, тауарлар мен қызметтердің еркін қорғанысы жөніндегі
ережеде маңызды. Тауарлар, қызметтер және ақша Қазақстан Республикасының
барлық аумағында еркін қозғалыста болады..Қазақстан Республикасындағы не
заң шығарушының, не атқару билігінің тауарлар мен қызметтердің қорғанысын
шектеуге қақылары жоқ. Еркін қорғанысқа тек заңмен ғана тыйым салуға
болады.
6) Нұсқан келтірілген құқықтың қалпына келтіруін қамтамасыз ету
принципі. Азаматтық құқықтар мен міндеттердің көбісі мүліктік қатынастармен
байланысты. Демек олар белгілі бір дәрежеде материалдық мазмұнынға ие.
Азаматтық заңға бұл принципті еңгізу азаматтық құқықтың өзекті
мәселелерінің бірі – құқық бұзылғанға дейін болған жағдайды қалпына
келтіруді, ал ол лирикін болмаған жағдайда келтірілген зиянды өтеуді
қамтамассыз ету мәселесін шешуді жүзеге асырады.
7) Азаматтық құқықтарды сот арқылы қорғау. Соттың қорғауын қамтамасыз
ету принципі. Бұл конституциялық принцип: Әркімнің өз құқықтарымен
бостандығын сот арқылы қорғалуына құқығы бар. (Конституцияның 13-бап, 2-
тармақ) Бұдан аз ғана уақыт бұрын сот арқылы қорғану рөлі төмен болып
келді, яғни тек заңда көрсетілген жағдайда ғана сотқа шағыну мүмкін еді.
Азаматтық кодекстің 9-бабына сәйкес азаматтық құқықты қорғау сот
арқылы жүзеге асады. Белгілі бір жағдайда бұрмаланған азаматтық құқық басқа
да тәсілдермен қорғала алады. Заңда көзделген ретте мұндай қорғау әкімшілік
тарапынан жүзеге асуы мүмкін (АК-нің 9-бап, 2-тармақ) Азаматтық кодексте
дәстүрлі қорғау шараларынан басқа қорғаудың жаңа да арнайы тәсілдері
енгізілген. Арнайы заң құжаттарында көзделген жағдайда нақты және заңды
әрекеттермен тікелей құқығы бұзылған адамның құқығын қорғауға заң жол
береді. Өзін - өзі қорғау азаматтық құқығына жасалған қиянатты өз күшімен
жеңуі деуге болады, бұл өзін - өзі қорғау не мүлікті немесе қаржыға қатысты
төлемді ұстап қалу, сонда-ақ өз бетімен кепілдік құқығын жүзеге асыру
түрінде көрінеді. Өзін-өзі қорғау ұғымы қылмыстық құқықтың аясында жатады,
бірақ өзін-өзі қорғау жазалауға тұрмаса, онда онысы заңды әрекет болып
табылады. Ұстап қалу құқығы деп меншік иесінің бөтеннің затын иесіне өзінің
алуындағы міндеттемесін орындамағанша бермей, ұстай тұруын айтады. Мысалы:
азаматтық кодекстін 712-бабы бойынша экспедиторға, тек экспедицияның
қызметі үшін берілетін ақы төленбиінше, жүкті ұстай тұру құқығы беріледі.
Азаматтық кодекстін 318-бабының 2-тармағына сәйкес кепіл ұстаушы кепіл
туралы шартта, сондай-ақ, Азаматтық кодексте және өзге де заң құжаттарында
көзделген реттерде кепілге салынған мүлікті соттан тыс күштеу тәртібімен
сауда өткізу (аукцион) арқылы өз бетімен сатуға құқылы . Ақшалай қарызды
қамтамасыз ететін кепілге салынған нәрсені сату жөнінде кепіл ұстаушы
банктің де осындай құқығы болады. Моральдық зиян Азаматтық кодекстін 951-
бабына сәйкес адамның және заңды тұлғалардың өзіндік мүліктік емес
игіліктері мен құқықтарының бұзылуы, кемсітілуі немесе олардан айрылуы,
соның ішінде жәбірленушінің өзіне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы
салдарынан басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салынған) жан азабы
немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту,
түңілту, тән қинауы, залал шегу және т.б.) деп есептеледі. Моральдық зиян
оны келтірушінің кінәсіне орайластырып өтеледі. Сонымен қатар моральдық
зиян оны келтірушінің кінәсін есепке алмай-ақ егер ол төмендегідей жағдайға
байланысты орын алса.
1) Зиян азаматтың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіптілік көзі арқылы
келтірілсе.
2) Зиян азаматқа оның заңсыз сотталуының, заңсыз қылмыстық жауапқа
тартылуының, бұл тартпау шаруасы ретінде заңсыз қамауға алуды, үйде қамауда
ұстауда немесе ешқайда кетпеу туралы қолхат алуды қолданудан қамауда ұстау,
психиатриялық емдеу мекемесіне немесе басқа емдеу мекемесіне орналастыру
түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолданудың салдарынан келтірілсе.

3) Зиян ар-ожданына, қадір-қасиеті мен іскерлік беделіне нұқсан
келтіретін мәліметтер тарату арқылы келтірілсе;
4) Заң құжаттарында көзделген өзге де жағдайларда өтеледі.
Заңда көзделген ретте жағдайда азаматтың мүліктік құқығын бұзатын
әрекеттер арқылы жасалған зиян өндіртіп алуға жатпайды.
Моральдық зиян ақшалай түрде өндіріледі. Моральдық зиянның көлемін
анықтау кезінде жәбірленушінің шеккен рухани зардабын субъективті баға
ретінде ескереді. Сондай-ақ жәбірленушінің шеккен рухани зардабын және
денсаулығына байланысты зардап шегуінің дәрежесін анықтайтын объективті
мәліметтер де ескеріледі.Өмірлік маңызы бар жағдайға қастандық жасау
объектісі (өмірі, денсаулығы, абыройы, ар-намысы, еркіндігі, немесе тағы
басқа) құқық бұзушылықтың ауыр зардаптары; адамды мазақ қылатын жалған
мәліметтер тарату сипаты мен жүйесі; жәбірленушінің өмірлік хал-ахуалы
(тұрмыстық, отбасылық, қызметтік, материалдық, денсаулық жағдайлары, жасы
және басқалары); басқа да назар аударуға тұратын жайттар.
Мүліктік зиянның өндіріліп алынғанына қарамастан, моральдық зиян
орнына келтіріледі (АК-ның 925-бап)

1.2 Азаматтық құқықтың қайнар көздерінің түсінігі

Құқықтың қайнар көздері туралы әңгіме қозғалғанда алдымен бізге
азаматтық құқықтың жиынтығын көрсететін құқық нормативтік жай-жапсары
қандай деген мәселені анықтап алуға тура келеді. Әдетте азаматтық құқықтың
нормалардың нысандарын азаматтық құқық дерекнамасы деген терминмен
сипаттау тән нәрсе. Азаматтық құқық дерекнамасы заңдар басқа да нормативтік
құқықтық актілер және әдет-ғұрып деп аталатын екі түрге бөлінеді. Іскерлік
айналымындағы әдет те оның соңғысына жатады. Кеңестік заңдарда сот
тәжірибесі дербес құқық дерекнамасы болып саналады. Қазір Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Соты заңды қолдану жөнінде нормативтік қаулылар
шығарады. Оған мысалы ретінде Республика Жоғарғы Соты Пленумының 1995 жылы
22-желтоқсандағы моральдық зиянды қалпына келтіру туралы заңдарды
соттардың қолдануы атты қаулысын айтуға болады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормаларын қаулылары белгілі
дәрежеде азаматтық құқықтың дерекнамасы болып саналады. Яғни ол соттарда
қаралған істері бойынша алынған нормативтік қаулылар арқылы сот тәжірибесі
жөнінде басшылық алынатын нұсқаулар береді. Жоғарғы Соттың бұл нұсқаулары
тек сот органдарына арнала тұрса да, беделді органның құжаты болғандықтан
жалпыға бірдей маңызға ие болады және азаматтық құқықтың дамуында үлкен рөл
атқарады. Азаматтық құқық дерекнамасында халықаралық шарттарда
(конвенциялар) жатады. (АК-ның 3-бап, 8-тармақ) Бұл орайда халықаралық
шарттар азаматтық құқық дерекнамасы ретінде Қазақстан Респуликасы ішкі
азаматтық заңдарында қарағанда басым құқыққа ие болады. Егер мұндай
халықаралық шартта азаматтық заңдарындағыдан өзгеше ережелер белгіленген
болса, аталған шарттың ережелері қолданылады.Әдетте азаматтық кодексте
қолданылатын халықаралық шарттар оны қолдану үшін Республика ішінде құжат
шығару талап етілгеннен басқа жағдайда, азаматтық қатынастарға Қазақстан
Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттар тікелей
қолданылады. Ал Үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдер, Үкіметтің әр
түрлі шетелдік фермаларымен жасаған шарттары ратификациялауға жатпайды.
Демек келісімдер шарттар Қазақстан Республикасы мен
ратификацияланбағандықтан АК-ның 3-бап, 8-тармағына сәйкес халықаралық шарт
болып есептелмейді. Халықаралық шарттың ішкі заңдарға қарағанда басым
құқығы туралы ереже 1969 жылы 23-мамырда қабылданған халықаралық шарттар
құқығы туралы Вена конвенциясынан туындайды. Аталған конвенцияға Қазақстан
Республикасы 1993 жылы 31-наурызда Жоғарғы Кеңестің Қаулысы арқылы қосылған
болатын. Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары жалпы Республикалық
заңдар болып табылады және ол Азаматтық кодекстен соған сәйкес қабылданған
Қазақстан Республикасының өзге де заңдары мен Қазақстан Республикасы
Президентінің заң күші бар жарлықтарынан, Парламенттің қаулыларынан,
Парламенттің Сенаты мен Мәжілісінің қаулыларынан, сондай-ақ Азаматтық
кодекстің 1-бабының 1-2-тармақтарында аталған қатынастарды реттейтін
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарынан, Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулыларынан тұрады.
Азаматтық құқық актілері өздерінің иеленетін заң күші арақатынасына
сәйкес мынадай деңгейлерде бөлінеді:
1) Заң – қоғамдық қатынастарды реттейтін Қазақстан Республиканың
Конституциясының 61-бабының 3-тармағында көзделген түбегейлі принциптер мен
нормаларды белгілейтін Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан
Республикасы Конституцияның 53-бабының 4-тармақшасында көзделген
жағдайларда Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайтын құқықтық акт.
2)Заң актысы – Конституциялық заң, Қазақстан Республикасы
Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлығы, Кодекс Қазақстан
Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы, Қазақстан Республикасы
Парламентінің қаулысы, Сенат пен Мәжілістің қаулылары.
3) Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер - Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулылары, министрлердің, мемлекеттік комитеттердің және басқа
да орталық мемлекеттік органдардың бұйрықтары, нормативтік қаулылары, өзге
де орталық мемлекеттікоргандардың нормативтік бұйрықтары, қаулылары:
Нормативік құқықтық актлер, негізгі және туынды актлер болып бөлінеді.
Нормативтік құқықтық актлердің негізгі түрлеріне мыналар жатады:
1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар
Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтары,
Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де нормативтік құқықтық
жарлықтары.
3)Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның палаталарының нормативтік
қаулылары.
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары.
5) Конституциялық Кеңестік, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының,
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары.
6) Қазақстан Республикасы министрлер мен өзге де орталық мемлекет
органдар басшыларының нормативтік бұйрықтары.
7) Мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары, өзге де орталық
мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары.
8) Мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік құқықтың шешімдері.
Туынды нормативтік құқықтық актлердің түрлеріне: регламент, ереже,
қағида, нұсқаулық жатады. Туынды түрдегі нормативтік құқықтық актілер
негізгі түрлерді нормативтік құқық актілер арқылы қабылданады немесе
бекітеді және олармен біртұтастық құрайды. Туынды түрдегі нормативтік
құқықтық актінің нормативтік құқық актілер сатысында алатын орны негізгі
түрдегі актінің деңгейімен анықталады.
Қазақстан Республикасы азаматтық заңынын тұғыры, арқауы Азматтық
кодекс болып табылады. Ол екі бөлімнен (жалпы және ерекше) тұрады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің жалпы бөлімі 1994 жылы 27-
желтоқсанда қабылданып, 1995 жылы 1-наурыздан бастап, ал ерекше бөлімі 1999
жылы 1-шілдеден бастап күшіне енді. Азаматтық кодекс – бөлімдерден,
бөлімшелерден, тараулардан, параграфтардан, баптардан, тармақтардан,
тармақшалардан, бөліктерден құралады. Онда 62-тарау, 1124 бап бар.
Азаматтық кодекс меншіктің жеке және басқа түрлеріне байланысты
қатынастарын бекіте түсуге ерекше мән берген. Шын мәнінде Кодекс бұл
мәселеге жаңа көз қарас тұрғасынан келеді. Яғни азаматтық құқық қатынастар
қатысушылардың мәртебесін, мәмленің жалпы ережесін айқындайды. Меншік
құқығын алу мен қорғаудың жаңа тәсілдерін бекітеді. Міндеттемелерді
қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерін, шарттар мен тағы басқаларының озық
түрлерін қарастырады. Қорыта айтқанда Қазақстан Республикасының жаңа
Азаматтық кодексі бүгінгі заман талабына сай келеді.
Басқа да азаматтық заңдар Азаматтық құқық дерекнамасының ішінде
азаматтық құқықтың заңдар да бар. Азаматтық кодекс өзінің бірқатар
нормаларында осындай заң актлерін (29 заң актлері), кодекстерді арнайы
заңдарды (мысалы: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқықтарды қорғаудың ұғымы
Азаматтық құқықтарды қорғаудың балама тәсілдері
Азаматтық құқықтарды қорғаудың түсінігі және жалпы ережелері
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру шектері
Азаматтық құқықтағы мерзімдердің түрлері
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру
Азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың түрлері және жіктелуі
Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар
Азаматтық құқықтарды қорғау жолдары
Пәндер