Шарттың елеулі ережелері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. 1 Азаматтық-құқықтық шарттың түрлері
1. 2 Шарттың мазмұны мен формасы
1. 3 Шарт жасасудың құқықтық жағдайы
2 ҚАЗІРГІ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТТАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ
2. 1 Азаматтық-құқықтық шарт түрлерінің ерекшеліктері
2. 2 Консенсуалды және нақты шарттар
2. 3 Ақылы және ақысыз шарттар
2. 4 Бір типті және аралас шарттар
2. 5 Негізгі және алдын ала шарттар
2. 6 Еркін міндетті және жария шарттар
2. 7 Өзара келісілген шарттар және қосылу шарттары
3 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТТЫ ӨЗГЕРТУДІҢ ЖӘНЕ ТОҚТАТУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ
3. 1 Шарт жасасудың кезеңдері
3. 2 Шарт жасасу тәртібі және шарт жасасатын жер
3. 3 Шартты өзгерту және бұзу тәртібі және олардың салдарлары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
3
5
5
12
15
20
20
22
23
23
23
24
25
28
28
30
32
36
38
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Кез-келген білімді адамның, әсіресе ана тілінде өзінің азаматтық құқығын оқып, зерттеп жүрген заңгердің құқық қағидалары хақында орныққан өзінің көзқарасы, өз елінің көп қырлы азаматтық құқығы туралы жақсы бағыт-бағдары болуы тиіс. Осыған орай, тек позитивтік құқықты ғана емес, сондай-ақ азаматтық құқықтың даму тенденцияларын тек Қазақстан Республикасында ғана емес, Еуропа мен бүкіл дүние жүзі көлемінде меңгерген маңызды.
Келешек өсіп келе жатқан ұрпақ - қазақ заңгерлері тек нақты мәселелерді шешетін жаңа буын ғана емес, бұлар сонымен қатар құқықтық, егеменді қазақ мемлекетінің биік мұратын жүзеге асырушылар.
Курстық жұмыстың мақсаты қазіргі азаматтық-құқықтық шарттардың жекелеген түрлеріне талдау жасау.
Курстық жұмыстың мақсатына орай оның алдына келесі міндеттер қойылады:
- қазіргі азаматтық-құқықтық шарт түрлерінің ерекшеліктерін талдау;
- консенсуалды және нақты шарттар туралы түсінік беру;
- ақылы және ақысыз шарттардың негізін қарастыру;
- бір жақты және екі жақты шарттарды салыстыру;
- бір типті және аралас шарттардың теориялық жағын түсіндіру;
- негізгі және алдын ала шарттар жайлы мағлұмат беру;
- еркін міндетті және жария шарттар айырмашылығын талдау;
- азаматтық құқықтық шарт жасасу сатылары және шартты өзгертудің және бұзудың негіздерін қарастыру.
Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1-бабы, 1-тармағы) . Сонымен қатар мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар басқа заң құжаттарында өзгеше көзделмеген не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды (АК-тің 1-бабы, 2-тармағы) .
Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар негізінен мүліктік қатынастар болып табылады. Материалдық игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, құнды қағаздар мен басқа да мүліктермен) байланысы бар қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мұндай қатынастар иелену немесе мүліктің тиістілігіне қарай (заттық қатынас), мүліктің бір адамнан екіншісіне ауысуы, өтуі (міндеттемелік қатынас), меншік иесінің қайтыс болуына байланысты заттың тағдырын шешу (мұрагерлік қатынас) тәрізді қатынастар тұрғысынан көрінсе, онда олар азаматтық заңмен реттеледі. Бір сөзбен айтқанда, мүліктік қатынас дегеніміз мүліктерді сатып алу, иелену, басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас болып табылады.
Дейтұрғанмен бұдан азаматтық құқық мүліктік қатынастардың бәрін бірдей реттей береді деген ұғым тумауы тиіс. Өйткені, олардың өзі әртүрлі сипатта кездеседі. Сайып келгенде, мүліктілік (имущественность) дегеніміз заңды белгі болып табылмайды, ол тек экономикалық түсінік. 1 Сондықтан да азаматтық құқық пәнінің мазмұнын оны біріктіретін әрі мән-мағынасын ашатын тұсын бөліп қарауды қажет етеді. Қоғамдық қатынастарды бір-бірінен ажырататын мүліктік қатынастардың мынадай белгілері, атап айтқанда, белгілі бір экономикалық құндылыққа ие болуымен байланысты материалдық объектілер жайында адамдардың арасындағы қатынастар болғандықтан оның ерік сипатында болатындығы нарықта дербес тауар иеленуші ретінде қимылдауы, 2 қатысушылардың өзара келісім және өзара шарт жасауы.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Зерттеу тақырыбымыздың мақсаты мен мазмұны ескере отырып, негізінен, азаматтық-құқықтық шарттардың аспектілерін қаралап көрелік. Аталған мәселелерді зерттеумен айналысып жүргендер - Қазақстандық ғалымдар Ю. Г. Басин, М. К. Сүлейменов, А. Г. Диденко, О. Ихсанов және ресейлік ғалым Е. А. Суханов.
Курстық жұмысты жазу барысында отандық және шетел авторларының ғылыми еңбектері, басылымдары, Қазақстан Республикасының нормативтік әдебиеттері мен заңдылықтары қолданылды.
Сонымен қатар, қазіргі азаматтық-құқықтық шарттардың пайда болып, даму сатысындағы жетістіктер, қоғамның өзгеруіне байланысты туындаған ерекшеліктер, нарықтық экономикаға өту кезеңінде пайда болған қажеттіліктер туралы ақпараттар жүйесі курстық жұмыстың тақырыбына арқау болып отыр.
1 АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. 1 Азаматтық-құқықтық шарттың түрлері
Шарттың ережесі заңдарға сәйкес қолданылатын нормамен көзделген реттерде. егер тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, тараптар өздерінің келісімдерімен норманың қолданылуын жоя алады немесе сол нормада көзделгеннен өзгеше жағдайды белгілей алады.
Азаматтық кодекстің 393-бабының 1-тармағына сәйкес, тараптар арасында шарттың барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін нысанда келісімге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептеледі.
Елеулі шарттар болып табылатындар:
1. Шарттың мәні туралы ережелер;
2. Заң мен басқа нормативтік құжаттарда елеулі ретінде аталғандар;
3. Осы шарттың түрі үшін қажетті ережелер;
4. Бір тараптың мәлімдеуі бойынша келісімге қол жеткізуге тиісті барлық ережелер (АК-тің 393-бабы) .
Шарттың мазмұны шарттардың үлгі ережелерімен де айқындалуы мүмкін. АК-тің 388-бабына сәйкес, шарттың мазмұнында үлгі ережелерге сілтеме болмаған жағдайларда, осындай үлгі ережелер, егер шарттың ережесін тараптар немесе диспозитивтік қалып белгілемеген болса, тараптардың қатынастарына іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтар ретінде қолданылады.
Үлгі ережелер үлгі шарт немесе мазмұнында осы ережелер бар өзге құжат нысанында жазылуы мүмкін.
Шарт әр жақтың келісімі болып табылатындықтан, ол бір жақтың келісім жасауға ұсынысы мен екінші жақтың ондай ұсынысты қабылдау нәтижесінде жасалады. Шартты жасау тәртібі Азаматтық кодекстің 395-400-баптарымен реттеледі. Оларда шарт жасау кезіндегі екі кезең бекітітген.
Азаматтық кодекстің 395-бабының 1-тармағына сәйкес, бір жақтың шарт жасауға ұсынысы - оферта арқылы шарт жасау және екінші жақтың ұсынысын қабылдауы оның акцептісі болады.
Жолданған офертаны алған тұлға оны қабылдауға келісім бергенде, яғни, акцепт болғанда шарт жасалды деп есептеледі. Заңға сәйкес шарт жасау үшін әржақтың келісімінен басқа мүліктерді де тапсыруы керек, мүліктер тапсырылған сәттен бастап шарт жасалды деп есептеледі, яғни, сатып алушыға мүліктерді жеткізу ұйымдастырылады. Егер шарт заңға сәйкес мемлекеттік тіркеуден өтуге жатса, егер заңда басқаша көзделмесе, ол тіркеуден өткен сәттен бастап жасалды деп саналады.
Шарттың нысаны мәміленің нысаны туралы жалпы ережеге бағынады. Аталған шарттың түрі заңмен белгіленбеген болса, онда шарт келісім жасау үшін қаралған кез келген нысанда жасала береді. Егер тараптар белгілі бір нысанда шарт жасасуға уағдаласа, заң бойынша шарттардың осы түрі үшін бұл нысан берілген кезден бастап жасалды деп есептеледі (АК-тің 394-бабының 1-тармағы) .
Шарт бір жақтың ұсынысымен, екінші жақтың оны қабылдауына байланысты жасалады. Бірақ, кез келген ұсыныс оферта ретінде қарала алмайды, тек заңда бекітілген талаптарға сай келетіні ғана мүмкін болады (АК-тің 396-бабы) .
Шарт жасаудың екінші кезеңі - акцепт. Акцепт - оферта жолданған жақтың оны қабылдағаны туралы жауабы (АК-тің 396-бабының 1-тармағы) . Акцепт толық әрі бұлтарыссыз болуға тиіс. Заң құжаттарында, іскерлік өрісіндегі әдеттегі құқықтарда немесе бұрынғы іскерлік катынастарынан өзгеше туындамаса, жауап қайтармау акцепт болып есептелмейді. Офертаны алған жақтың оның акцепті үшін белгіленген мерзімде онда көрсетілген шарт ережелерін орындау жөнінде жасаған әрекеттері, егер заңдарда өзгеше көзделмесе немесе офертада көрсетілмесе, акцепт деп есептеледі (АК-тің 396-бабының 3-тармағы) . Егер акцепті қайтарып алу туралы хабар оферта жіберген жаққа акцептің өзінен бұрын немесе онымен қатар келсе, акцепт алынбаған болып есептеледі (АК-тің 396-бабы) .
Шарттың жасау сәті мынадай жағдайларға:
1. акцепт үшін мерзімі көрсетілген кезде не онсыз ұсыныс жасалды ма;
2. оферта ауызша немесе жазбаша нысанда ма, соған байланысты болады.
Шарттың еркіндігінен тыс заңда кейбір ерекшеліктерімен бөлектенетін міндетті түрдегі шарт жасасу жағдайы қарастырылуы мүмкін (АК-тің 399-бабы) .
Шарт жасасу міндетті болған жағдайда, әр жаққа арналған заңдарға сәйкес, бір жақ екіншісіне мына талаптарды орындайды:
1. акцепт туралы хабар, немесе;
2. акцептіден бас тарту, немесе;
3. офертаға өзгеше жағдайларға акцепт жасалатыны туралы, егер заңдарда басқа мерзім белгіленбесе, не тараптар келіспеген болса, офертаны алған күннен бастап 30 күннің ішінде хабар жіберуі тиіс.
Офертаны жіберген және шартты жасауға міндетті тараптан оған өзге жағдайлармен акцепт жасау туралы хабар алған тарап шарт жасау кезінде пайда болған келіспеушілікті осындай хабар алған күннен бастап отыз күн ішінде, не акцептіде арналған мерзім өткен соң, егер заңдарда шарттардың жекелеген түрлері туралы өзге мерзім белгіленбесе. соттың қарауына беруге құқылы (АК-тің 399-бабының 1-тармағы) .
Егер шарт жасауға міндетті тарап жіберген шарт жобасына отыз күн мерзімде шарт жобасына келіспеушілік хаттамасы алынса, бұл тарап екінші тарапқа шартты сол редакциясында қабылдайтыны туралы, не келіспеушілік хаттамасын қабылдамайтыны туралы келіспеушілік хаттамасын қабылдамайтыны туралы келіспеушілік хаттамасын алған күннен бастап отыз күн ішінде хабарлауға міндетті.
Шарт жасау кезінде туындаған келіспеушіліктер тараптардың келісуімен соттың қарауына берілген болса (АК-тің 399-бабы), шарттың тараптар келіспеген ережелері сол шешіміне сәйкес белгіленеді (АК-тің 400-бабы) .
Шартты өзгерту және бұзу заңда немесе шартта өзгеше көзделмесе, тараптардың келісуімен жүзеге асуы мүмкін (АК-тің 401-бабы) .
Тараптардың біреуі шартты бұзып, ал екінші тарап шарт жасасу кезінде үміт артуға құқылы болғанымен едәуір дәрежеде шығынға әкеліп соқса, бұл шарт едәуір дәрежеде бұзылды деп танылады.
Шартты толық немесе ішінара орындаудан біржақты бас тартқан ретте, мұндай бас тартуға заң құжаттарында немесе тараптардың келісімінде жол берілген кезде, шарт тиісінше бұзылған немесе өзгертілген болып есептеледі (АК-тің 401-бабының 3-тармағы) .
Шарттың ғасырлар бойы пайдаланылуы құқықтың икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы әртүрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген. Шарттың негізгі міндеті заң шеңберінде адамдардың әрекетін реттеу. Ал оларды бұзу заң талаптарын бұзушылықты білдіреді.
Шартты рим құқығы үш түрлі мағынада: құқық қатынастарының туындауы ретінде; құқықтық қатынастың өзі ретінде; ең соңында тиісті құқықтық қатынастың нысаны ретінде қарастырады. 3
Шарт туралы мұндай көзқарастар нақты іс жүзінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және басқа да елдердің азаматтық кодекстерінде тәртіптелген.
Азаматтық кодекстің 378-бабына сәйкес, екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады.
Шарттан туындайтын міндеттемелерге, Азаматтық кодекстің тиісті баптарында шарттардың кейбір түрлеріне арналған ережелерінде өзгеше көзделмегендіктен, міндеттемелер жөніндегі жалпы ережелер қолданылады. Шарттарды топтастыру олардың негізгі белгілеріне орай жүргізіледі.
Біржақты және екі жақты шарттар. Бір жақты шарт деп -бір жақта тек құқық, ал екіншісінде тек міндет болатын шартты айтады. Оған өсиет қалдыру шарты жатады, борышқор қарызын қайтаруға міндетті, ал несие беруші оны талап етуге құқылы. Шарттардың көбі екі жақты болып келеді (сату-сатып алу, мүліктік қарыз, жеткізу) .
Шарт ақылы және акысыз болып бөлінеді. Ақылы шарт бойынша өз міндетін атқарған жақ ақысын алуға, не қарсы талап қоюға құқылы. Шарт бойынша тарап өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алуы немесе бір-біріне бірнәрсе беруі керек болса, бұл ақылы шарт болып табылады. Ақысыз шартқа мысалы, сыйға беру, мүлікті акысыз тегін пайдалану, кейбір жағдайда сақтау жатады.
Консенсуалды және нақты шарт. Консенсуалды шарт дегеніміз әржақтың келісімі бойынша жасалатын шарт. Бұл шарт олар келісімге келген бойда күшіне енеді де әржақтың құқықтары мен міндеттері туындайды (сатып алу-сату, мүлікті жалдау, мердігерлік және т. б. ) .
Нақты шарт дегеніміз заттарды тапсыруы сәтінде ғана құқықтар мен міндеттер туғызатын шарт болып табылады (займ шарты, азаматтардың қатысуымен сақтау шарты) .
Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарт. Әдетте міндеттемелер бойынша құқықтар мен міндеттерді алатындар - сол міндеттемеге қатысушылар. Үшінші жақтың пайдасына жасалған шарт - бұл тараптар несие берушіге емес, шартта және борышқордан міндеттемені өзінің пайдасына орындауды талап етуге құқық бар үшінші жақ үшін жасалған шарт.
Азаматтық кодексте шарттың мынадай жаңа түрлері бар: жария шарт, қосылу шарты, алдын ала жасалған шарт, аралас шарт.
Коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметінің сипатына қарай оған өтінішпен келетін әркімге қатысты жүзеге асырылатын тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе, қызмет көрсету жөніндегі оның міндеттемелерін белгілейтін шарт - жария шарт деп танылады. (АК-тін 387-бабының 1-тармағы) .
Қосылу шарты - ережелерін тараптардың біреуі формулярларда немесе өзге стандартты нысандарда белгіленген және басқа тарап оны ұсынылған шартқа тұтастай қосылу жолы деп қабылдайтын шарт (АК-тін 389-бабының 1-тармағы) .
Алдын ала жасалған шарт - әр жақтың алдын ала жасалатын шартта көзделген жағдайларда мүлік беру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету туралы болашақта шарт жасауға міндеттенетін келісімі. (АК-тің 390-бабының 1-тармағы) .
Азаматтық кодекстің 390-бабының ережелеріне сәйкес, жасалған негізгі шарт алдын ала шарт жасаған жақтар үшін міндетті болады. Алдын ала жасасқан тарап өзі көздеген шартты жасаудан жалтарған реттерде, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, осы арқылы келтірілген залалды екінші тарапқа өтеуге міндетті (АК-тің 390-бабының 5-тармағы) . Егер ниеттер туралы хаттамада тараптардың оған алдын ала жасалатын шарт күшін беру ниеттері тікелей көзделмесе, ол азаматтық-құқықтық шарт болып табылмайды, әрі оның орындалмауы заңдық зардаптарға әкеліп соқтырмайды (АК-тің 390-бабының 7-тармағы) .
Аралас шартта заңда немесе басқа да нормативтік құжаттарда көрсетілген әр түрлі шарттардың элементтері болады. Тараптардың аралас шарт бойынша қатынастарына, егер тараптардың келісімімен немесе аралас шарттың мәнінен өзгеше туындамаса, аралас шартта элементтері бар шарттар туралы заңдардың тиісті бөліктері қолданылады (АК-тің 381-б. ) .
Екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттемелерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады (АК-ның 378-бабының 1-тармағы) .
"Шарт" термині азаматтық заңнамада әртүрлі мәнде қолданылады: өзінен міндеттеме туындайтын заңдық факты; сол шарттық міндеттеменің өзі; шарттық міндеттемені рәсімдеген құжат.
Шарт -құқықтық қатынастың туындауына, өзгеруіне немесе тоқтауына негіз болатын заңдық факт. Сондықтан да, шарт азаматтық құқықтар мен міндеттемелерді туындататын негіздердің бірі болып саналады (7-бап) .
148-баптың 1-тармағына сәйкес мәмілелер бір жақты және екі немесе көп жақты (шарттар) болуы мүмкін. Сол себепті, шарт мәміле болып табылады және шартқа екі және көп жақты мәмілелер туралы (373-баптың 2-тармағы), атап айтқанда, мәміленің формасы және оны тіркеу туралы, мәмілені заңсыз деп тану туралы және т. б. ережелер қолданылады. "Бір жақты және көп жақты мәмілелер" ұғымын "бір жақты және өзара шарттар" ұғымынан ажырату керек. Бір жақты мәміле шартқа жатпайды, себебі мәмілені жасау үшін тараптардың келісімі керек емес, бір жақтың ерік білдіруі жеткілікті. Шарттың басқа мәмілелерден және басқа заңдық фактылардан айырмашылығы сол, шарт дегеніміз тараптардың келісімі. Сондықтан, 148-баптың 3-тармағына сәйкес, шарт жасасу үшін екі тараптың (екі жақты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың (көп жақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет.
Шарттардың басым көпшілігі екі жақты мәміле болып табылады, себебі шарттан, әдетте, міндеттемелік құқық қатынастары туындайды, ал міндеттеме үшін мүдделері қарама-қарсы екі тарап болуы керек: біреуінде талап ету құқық (несие беруші), екіншісінде - сол құқыққа икемделген міндет (борышкер) болады.
Бірлескен қызмет туралы шарт көп жақты мәмілеге мысал бола алады (АК-ның 228-бабы) .
Бұл шарттың ерекшелігі сонда, оның тараптары ортақ шаруашылық мақсатқа қол жеткізу үшін бірлесіп әрекет жасауға келіседі және осы қызметтің нәтижесінде ортақ меншік пайда болады. Бірлескен қызмет (жай серіктестік) туралы шарттың "Міндеттемелік құқық" туралы бөлімде емес, меншік құқығына арналған бөлімде, ортақ меншік туралы тараудан кейін орналасуы бекерден бекер емес (АК-ның 228-бабы) .
Көп жақты шарттарға, әдетте, шарт туралы жалпы ережені қолдануға болады. Дегенмен, көп жақты шарттардың жоғарыда айтылған ерекшеліктеріне байланысты кейбір нормаларды қолдануға болмайды. Атап айтқанда, жария шарт туралы (387-бап), үшінші жақтың пайдасына шарт туралы (391-бап) ережелерді көп жақты шартқа қолдануға бола қояр ма екен, шарт жасасу туралы нормаларды қолдануда да қандай да бір ерекшелік болуға тиіс.
"Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастар туындауы мүмкін" (379-баптың 1-тармағы) деген ережені Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне кіргізу елеулі жаңалық болып табылады. Бұл ереже бұрынғы заңнамада болмаған. Ол ТМД-ға мүше басқа елдердің Азаматтық кодекстерінде жоқ.
Азаматтық-құқықтық шартты, әдетте, міндеттемелік құқық қатынастарымен байланыстырады. Көбіне солай да. Бірақ, міндеттемелік құқық қатынастарының ауқымына зорға сиатын құқықтық қатынастар да бар. Мысалы, бірлескен қызмет туралы шарттан ортақ меншік объектісін бірлесіп иелену және пайдалану жөнінде оның қатысушылары арасында қатынастар туындайды, ал олар міндеттемелік емес заттық салыстырмалы құқық қатынастары болып табылады (ортақ меншіктің қатысушылары мен барлық басқа адамдар арасында болатын заттық абсолюттікке қарағанда) .
Шарттан авторлық қатынастар (бірлескен авторлар арасында), өнертапқыштық қатынастар (бірлескен өнертапқыштар арасында) және т. б. туындаған жағдайда осылай бағалауға болады.
Құқықтық қатынастар кешені (заттық және міндеттемелік) заңды тұлғаның пайда болуына негіз болатын құрылтай шартынан туындайды (41-бап) .
Шарттан туындайтын міндеттемелерге міндеттемелер туралы жалпы ереже қолданылады (268-377-баптар), себебі АК-ның шарттар туралы жалпы ережеге арналған 22-тарауының баптарында және шарттардың АК-да көрсетілген кейбір түрлері жайындағы ережеде (379-баптың 2-тармағы) өзгедей көзделмеген.
379-баптың 2-тармағы міңдеттеме тек шарттан ғана емес, басқа заңдық фактылардан да туындайды дегенге сүйенеді. Сондықтан, шарттық міндеттемелерге міндеттемелер туралы жалпы ережені қолдану АК-ның шарттар туралы нормаларымен шектелуі мүмкін. Мысалы, талапқа көну және борышты аудару туралы кейбір ережелер (339-348-баптар) шарттардың кейбір түрлерінде (лизинг, факторинг) басқаша шешіледі. Яғни, шарттардың осы түрлері туралы нормалар қолданылады.
АК-ның 379-бабының 3-тармағына басқа формула енгізілген: шарттан (бірлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт және басқа) туындайтын заттық, авторлық немесе өзгедей (міндеттемеліктен басқа) құқықтық қатынастарға, егер заңнамадан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнінен өзгедей туындамаса, АК-ның 22-тарауының баптары (Шарт ұғымы және оның ережелері) қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz