Азаматтық - құқықтық жауапкершіліктің негіздері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

І. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
1.1 Міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауаптылық
ұғымы ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...9
1.3 Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен босату
негіздері ... ... ... ... ... ... .1 4

ІІ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ НЫСАНДАРЫ
2.1 Азаматтық – құқықтық жауапкершіліктің түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.2 Азаматтық – құқықтық жауапкершіліктің мөлшері
... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.3 Азаматтық – құқықтық міндеттемені тоқтату және оның
түсінігі ... ... ... 22

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .24
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.27

КІРІСПЕ

Құқықтық мемлекетті құру және қоғамдық өмірде демократиялық
бастамаларды жаңғырту жалпы адамзат құндылықтарын, соның ішінде адамның
бостандығы, өмірі, денсаулығы, ар-намысы, ожданы, құқықтары мен мүдделерін
мойындауды қажет етеді. Конституцияда Қазақстан Республикасы өзін
демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтыратыны ерекше аталып көрсетіледі. Осыған орай, елдегі саяси жүйедегі
реформалар өмірді барлық қырынан демократиялай отырып, жеке адам мүддесін
ұжым, бүкіл қоғам мүддесімен ұштастыруға, сондай-ақ адамды қоғамдық дамудың
орталығына қоя отырып, оның дұрыс өмір сұру және енбек ете алу жағдайын
қамтамасыз етуге, әлеуметтік әділеттілікті, саяси бостандықты орнатуға,
адамның жан-жақты дамуына және рухани баюына мүмкіндіктер жасауға
бағытталады.
Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі
болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды
тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен
тығыз байланысты.
Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәнін анықтап,
басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал
азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық
құқықпен реттелетін коғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.
Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінеді. Әдетте құқықтың қандай
салаға жататындығын анықтау үшін онын пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі
колданылады. Дәл осы пән мен әдістеме арқылы азаматтық құқықты Қазақстан
Республикасының басқа құқық салаларынан аражігін айыра отырып, сонымен
бірге оның салалық ерекшеліктерін де айқындауға болады.
Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша
қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік
қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке
қатынастар құрайды (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1- бабы, 1-
тармағы). Сонымен қатар мүліктік катынастарға байланысы жоқ мүліктік емес
жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар басқа заң
құжаттарында өзгеше көзделмеген не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен
туындамайды (АК-тің 1-бабы, 2-тармағы).
Азаматтық – құқықтық жауапкершілік дегеніміз, заңмен қаралған
ретте өзіне жүктелген міндетті бұзатын азаматтық құқық катынасының
субъектісіне қолданылатын мүлікті өндіртіп алу немесе мүліктік салмақ салу
болып табылады. Оған бұзылған кұқыққа орай уәкілетті тұлғаның мүліктік
шығынының орнын толтыру да жатады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік — Азаматтық құқықтың Жалпы бөлімінің
институты болып табылады, өйткені, жалпы ереже бойынша азаматтық-құқықтық
қатынастардың барлық түрінде өзіне тән қасиеттер кездеседі.
Жауапкершіліктің түрлерін оның негіздері, субъектілері, құқық бұзушыға
қолданылатын шара мен оның сипаты бойынша айыруға болады.
Негіздері бойынша жауапкершілік шартты және шарттан тыс деп бөлінеді,
яғни ол шарт арқылы немесе онсыз да жүзеге асады. Бірінші жағдайда әр
жақтың өзара шартынан, сондай-ақ басқа да әрекеттерінен туындайтын құқықтық
қатынастарға байланысты көрінеді. Жақтардың мақсаты қоғамдық-пайдалы
нәтижелерге қол жеткізу болып табылады, бірақ заң мен шарт олардың мүмкін
болатын құқық бұзушылығына орай міндеттері мен жауапкершіліктерін
қарастырады. Сондықтан, мұндай қатынастар бойынша жауапкершілік осы
құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқыққа сай келетін іс-әрекеттерін сол
нормалармен реттейді. Әдетте екі жаққа да бірдей әрі мейлінше қатал
талаптар қойылады.
І. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауаптылық ұғымы

Азаматтық жауапкершілік барлық құқық қатынастарына тән нәрсе.
Азаматтық-құкықтық қатынастардың негізгі бөлігін міндеттеме құрайтын
болғандықтан жауапкершілік жөніндегі мәселе міндеттемелік құқықтың жалпы
ережелерінде қаралады. Бірақ та бұл арада айтылған мәселе міндеттемелерден
тыс құқық қатынастарына да қатысты. Жалпы алғанда, жауапкершілік дегеніміз,
заңмен қаралған ретте өзіне жүктелген міндетті бұзатын азаматтық құқық
катынасының субъектісіне қолданылатын мүлікті өндіртіп алу немесе мүліктік
салмақ салу болып табылады. Оған бұзылған кұқыққа орай уәкілетті тұлғаның
мүліктік шығынының орнын толтыру да жатады.
Жауапкершілікке тарту, азаматтық құқық бұзушылық жағдайында құқықтық
нормаларға санкцияны жүзеге асыруға түрткі болады. Ең алдымен, азаматтық-
құқықтық жауапкершілікте мемлекеттік және шарттық тәртіпті нығайтудың, да,
осы мақсаттың алдын алудың да тәрбиелік маңызы айырық-ша. Азаматтық құқық
қатынасының субъектілері болып табылатын тараптар өздеріне жүктелген
міндеттерді орындамауы қоғамдық қатынастарды бұзып, мүліктік шығынға және
жеке тұлғалар мен бүкіл қоғамды қолайсыз жағдайларға әкеп соқтыратынын
білуі тиіс әрі өзінің міндетін бұзбауға күш салуы керек. Тәрбиелік жағын
былай қойғанда, егер, әлгі айтқан құқық бұзушылыққа жол берілетін болса,
онда азаматтық-құқықтық жауапкершілік оны қайта қалпына келтіруді
қамтамасыз етеді. Сондықтан да, борышкор өзі істеуге міндетті нәрсені
орында-мағанда ғана емес, оны орындаудан өз бетімен бас тартқан кезде де
оған жауапкершілік бәрібір мойындатылады. Азаматтық құқықтың қосымша
мүлікті өндіртіп алу тәрізді өзіне тән жауапкершіліктің қасиеті болмаса,
несие беруші міндеттемесін орындаудан жалтарған борышқорға жазалау шарасын
қолдана алмайды және онық іс-әрекетін өз дәрежесінде реттеп отыруы қиындай
түседі.
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің өзіне тән қасиеттері:
а) борышқордың міндеттемені бұзғанынан туындаған мүліктік шығындарды
несие берушіге қайтару;
ә) борышқордың міндеттемені тиісті дәрежеде орындауын қадағалау;
б) борышқорды міндеттемесін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде
орындамағаны үшін жазалау;
в) белгілі бір дәрежеде несие берушінің міндеттемеге қатысуына түрткі
болу (өйткені, контрагенттің дұрыс болмауынан пайда болатын шығынды өтеуді
қамтамасыз етеді);
г) борышқордың тәртіпсіздік фактілерін басқа тұлғалардың кезінше
айғақтау болып табылады.
Ықпалы әртүрлі денгейде бола тұрса да, міндеттемелердің бәрінде
жауапкершіліктің мұндай қасиеттері кездеседі. Мұндай жауапкершіліктің
қажеттілігі міндеттеменің бұзылмауын реттейтін заңнан (мысалы, міндеттемені
бұзғаннан келетін:
1. Жауапкершілікті белгілеу қосымша келісімдер арқылы да жүзеге асады.
Мысалы, оған міндеттеменің мерзімін бұзғаны үшін салынатын айыпқа орай
жасалатын келісімді жатқызуға болады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік — Азаматтық құқықтың Жалпы бөлімінің
институты болып табылады, өйткені, жалпы ереже бойынша азаматтық-құқықтық
қатынастардың барлық түрінде өзіне тән қасиеттер кездеседі.
2. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік түсінігі— заңғылымында даулы
мәселе. Кейбір авторлар оң мағынадағы (позитивті) жауапкершілікті бөліп
қарайды, яғни оны барлық міндеттердің бұлжымайтын, қатаң түрде жетілген
бастамасымен жүзеге асырылуы деп біледі[1].
Мұндай жауапкершілікке көзқарас міндеттеме жүйесіндегі жауапкершілікке
міндеттеменің тиісінше орындалуына сай келеді. Сонымен бірге міндеттемені
тиісінше орындауда азаматтық-құқықтық жауапкершілік әрқилы ережелерге
бағынады, демек оны борышқордың белгілі бір әрекетінің аясына сыйдыруға
болмайды[2].
Заң жүзіндегі жауапкершілік әрқашанда мінез-құлыққа нақтылы баға
береді, яғни сол құкық бұзушының мінез-құлқының салдарына мән береді.
Сондықтан да оны ретроспективтік жауапкершілік деп атайды.
Заң жүзіндегі жауапкершілік өзінің жасаған іс-әрекеті үшін есеп беру
міндеті құқығымен реттеледі деген де пікір бар. Өзінің әрекетінде есеп беру
міндеті құқық бұзушылық болмаған жағдайда да болатындығын еске сала кеткен
жөн.
Жауапкершілік дегенді мемлекеттік немесе қоғамдық мәжбүрлеу шарасын
қолдану деп түсіндіретіндер де кездеседі.
Мұндай көзкарастың кемшілігі сол, борышқордың несие берушіге келтірген
залапын өз еркімен қалпына келтіру немесе айыпты төлеуін азаматтық-құқықтық
жауапкершіліктен айналып кету мүмкіншілігін туғызады.

1.2 Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негіздері

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік тудыратын жағдай оның негіздері болып
есептеледі. Ондай негіздерге ең алдымен заңда немесе шартта көрсетілген
құқықтарды бұзу жатады. Мысалы, міндеттеме шартында көрсетіле тұрса да
тұлғаның оны орындамауы немесе тиісті дәрежеде орындамауы, әлдекімге
мүліктік залал келтіруі тәрізді жағдайларды айтуға болады.
Алайда жауапкершіліктің аталған негіздерінің бірі пайда болған кезде
оны белгілі бір тұлғаға қолдана қою әр кез мүмкін емес. Ол үшін азаматтық-
құқықтық бұзушылыққа сәйкес келетін жалпы, типтік болып табылатын белгілі
бір жағдайларды айқындап алу қажет. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің
мұндай жалпы негіздеріне жататындар:
1) тұлғаның кұкыққа қайшы қылығы (іс-әрекеті не әрекетсіздігі);
2) жәбірленген тұлғаның шеккен зияны немесе залалдың бар болуы;
3) құқық бұзушының құқыққа қайшы іс-әрекеті мен оның келтірген зиянының
салдары арасындағы болатын себепті байланыс;
4) құқық бұзушының кінәсі.
Нақты тұлғаға азаматтық-құкықтық жауапкершілікті жүктеу үшін жалпы
ереже бойынша қажетті келтірілген негіздер жиынтығы — азаматтық-құқық
бұзушылықтың құрамы болып табылады. Көрсетілген негіздердің біреуі болмай
қалса, жауапкершілікке тарту мәселесі туындамайды. Бірақта, кейбір
жағдайларда заң азаматтық құқықтағы құкық бұзушылық құрамының бар болуы
мүліктік жауапкершілікке тарту үшін жалпы талаппен санаспайды (мысалы,
жоғары қауіптілік көзін иеленуші заңды тұлға жәбірленушінің алдында кінәсіз
жауап береді (АК-тің 931- бабы). Енді азаматтық бұзушылықтың құрамының
әлгінде айтылған элементтерінің әрқайсысына тоқтала кетелік.
Құқыққа қайшы тұлғалардың қылықтары — азаматтық-құқықтық
жауапкершіліктің негізі. Құқыққа қайшы тұлғаның қылығы дегеніміз заңға
немесе шартқа сәйкес емес теріс іс-әрекет болып табылады. Ол құқықтық
қатынасқа түсетін екінші жақтың мүліктік немесе мүліктік емес игіліктері
мен құқыктарын бұзуға әкеп соғады. Азаматтық құқықта құқыққа қайшы тұлғаның
қылығы объективті және субъективті құқықтардың міндетті түрде бір мезгілде
бүзылуын көрсетеді[3].
Тұлғаның құқыққа қайшы қылығы жауапкершілікке тартудың бірден бір шарты
болса, оның жауапкершіліктің заңдық негізі деп атайды. Тұлғаның құқыққа
қайшы қылығының жағдайы іс-әрекетте не әрекетсіздікте көрінуі мүмкін. Мінез-
құлықтың саналы түрде болуы объективті жағдай, құқықтық қатынасқа
қатысушылардың құқық бұзушылығы оған қарамайды, сондықтан да қылмыстық
құқықта ол қылмыс құрамының объективті жағын құрайды.
Бұл арада мәселенің екі жағына тоқтала кеткен жөн. Біріншіден, заңдарды
білмеу құқық бұзушыны ештеңеден арашалай алмайды. Әңгіме заңның үңгіл-
шұңғылын жетік білуде емес, өмірде әрбір іс-әрекеттің бәрі заңдармен
қамтылмайды. Сондықтан, тіпті заңгерлердің өздеріне де қайсыбір іс-
әрекеттерді құқыққа сыйымды екендігін айқындау оңайға түспейді. Демек бұл
саланың маманы еместерден ондай дәлдікті айқындауды талап етудің өзі ақылға
сыймайды.
Екіншіден, тәртіптің саналылықпен жүзеге асуы басқаға, яғни құқық
бұзушылық құрамының субъективті жағына, кінәлілік мәселесіне қатысты.
Құқыққа қайшылық пен кінәлілікті шатыстыру заң әдебиеттерінде де, сот
тәжірибесінде де кездеседі, әлі кездесіп те жүр. Сонымен қатар жауапкер-
шілікке тартудың әрбір шарты қателіктерден ада болуы үшін әрқайсысы
міндетті түрде басқаларынан бөлек талдануы қажет. Жауаптылық туралы шежім
жоғарыда көрсетілген барлық қажетті негіздер түгел болғанда қолданылуға
тиіс, бірақ олардың бар болуы әрбір негіз бойынша бөлек қаралуы қажет.
Заңды, міндетті, бұйрықты орындау, құқықты жүзеге асыру, жәбірленушінің
келісімі, қажетті қорғаныс және аса қажеттілік тәрізді жағдайлар құқыққа
қайшы тұлғаның қылығы болып есептелмейді. Оның бәрі де белгілі бір
негіздерді сақтай отырып, саналы түрде атқаруды қажетсінеді, ал олардың
бұзылуы — құқыққа қайшылық, міне, оның салдарынан жауап-кершілік мәселесі
туындайды (қажетті қорғану және аса қажетті жағдайда зиян келтіру туралы АК-
тің 919-920 баптарында қаралады).
Кінә — азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізі. Жалпы заң ілімі
кінәні тұлға өзінің заң бұзу әрекетін (немесе әрекетсіздігін) жан-
дүниесімен, демек психологиялық тұрғыдан сезінуі деп түсіндіреді. Заңда оны
қылмысты істердегі кінә және азаматтық істердегі кінә деп екіге бөледі.
Қылмыстық жауаптылыққа қасақана немесе абайсызда қылмыс жасаған адам
тартылады. Азаматтық заңдарда кінә мүліктік немесе мүліктік емес өзіндік
міндеттемелерді орындамау және тиісті дәрежеде орындамау тұрғысынан
көрінеді. Кінә қасақана немесе абайсыз түрде болады.
Заңды біле тұа бұзу және оның келтіретін зиянды саларын болжау да
қасақаналық болып саналады, ал абайсызда заңды бұзған тұлға заңды бұзғанын
тіптен сезінбейді және оның зиянға әкеліп соғатын салдарын болжайда
алмайды. Бірақ ол нақтылы жағдайларды ескере отырып, мұны сезе де, болжай
да алуы керек еді. Кейде азаматтық қатынастарда тараптардың екі жағы да
кінәлі болуы мүмкін. Мұндай аралас кінә жағдайында келтірілген зиянның
орнын толтыру жауаптылығы екі жаққа бірдей жүктеледі.
Азаматтық құқықта тұлға кінәсіз болса да жауапкершілікке тартылуы
мүмкін. Кінәсіз жауаптылық тек заңда керсетілген жағдайларда ғана зиян
келтіруші бұл жөнінде кінәлі болмаса да жауап береді. Мысалы, қатерлі қауіп
көзі болып табылатын ұйымдар кінәсіз жағдайда да келтірілген шығынды өтеуге
міндетті. Керісінше, есі ауысқан адам, 14 жасқа жетпеген бала кінәлі болса
да келтірген зиян үшін жауап бермейді. Азаматтық кодекстің 359-бабы 1-
тармағына сәйкес, егер борышқор міндеттемені тиісті дәрежеде орындау үшін
өзіне байланысты шаралардың барлығын қолданғанын дәлелдесе, ол кінәсіз деп
танылады. Сөйтіп, азаматтық құқықта тұлғаның өз қылығына заң кінәні
субъективтік, психикалық қатынас деп қарамайды, керісінше тұлғанын өз іс-
әрекеті салдарынан болған жайсыз нәтижелерді немесе ағаттықты қалпына
келтіруге мүмкін болатын шараны алмағанына мән береді. Біздің заңымыздың
тұжырымы бойынша нақты тұлғаның қылығы істің шын бол-мысымен салыстырылуы
керек, бұл орайда, тұлғаның мүмкіндігі бола тұра өзіне тиесілі нәрсені
орындамағаны есепке алынады[4].
Азаматтық кодекстің 359-бабының 1-тармағының жалпы нормасы кәсіпкерлік
саласына қолданылмайды. Азаматтық кодекстің 359-бабының 2-тармағында
кәсіпкерлер үшін диспозитивтік сипаттағы басқа жалпы ереже берілген:
міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған тұлға басқа
кінәсі болмаса да жауап береді. Демек кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру
кезінде міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындай алмаған
кәсіпкерге жоғары жауапкершілік жүктеледі. Мұндай кінәсіз жауапкершілік
кәсіпкерлікке тән тәуекелге сүйенеді. Кәсіпкердің кінәсіз жауапкершілігі
Азаматтық кодекстің 360-бабынан шығады, ол "Міндеттемедегі кәсіпкерлік
тәуекел" деп аталады. Аталған бапта былай делінген: "Егер міндеттемеде
кәсіпкердің тапсырысы бойынша әлдебір жұмысты орындау көзделсе, жұмыстың
нәтижесін пайдаланудың мүмкін еместігі немесе оны пайдаланудың тиімсіз болу
тәуекелі кәсіпкерге жүктеледі. Жұмысты тиісті дәрежеде орындаған адам, егер
шартта өзге кәсіпкерлік тәуекелді бөлу көзделмесе, орындау дәрежесіне
сәйкес ақы алуға құқылы".
Сонымен бірге, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда міндеттемедегі
кәсіпкер жауапкершілігінің өзі шексіз деуге болмайды. Егер кәсіпкерлік
өзіне жүктелген міндеттемені бой бермейтін күштің, яғни осы жағдайлар
кезіндегі төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайлардың (дүлей құбылыстар,
со-ғыс қимылдары және т.б.) әсерінен орындай алмағаньш дәлелдей алса, онда
ол жауапкершіліктен құлылады. Мұндай жағдайда нарықта тауарлардың, жұмыстар
мен қызмет көрсетудің мүмкін болмай қалуы тәрізді жағдайлар есепке
алынбайды.

1.3 Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен босату негіздері

Заң немесе шарт арқылы жауапкершіліктің басқа да негіздері мен одан
босатылудың жағдайлары қарастырылуы ықтимал. Осылайша кәсіпкерлер шартқа
отырып, тек кінәға қатысты жауапкершілік жөнінде өзара келісімге келе
алады. Бірақ мұндай келісім болмаған жағдайда, Азаматтық кодекстің 359-
бабының 2-тармағының жалпы нормасына жүгінуге болады.
Азаматтық кодекстің 359-бабының 3-тармағында мына жағдай ескерілген:
міндеттемені қасақана бұзғаны үшін жауапкершілікті жою немесе шектеу туралы
алдын ала жасалған келісім жарамсыз болып табылады.
Азаматтық кодексте (қылмыстық құқықтан айырмашылығы) кінәнің
презумпциясы (кінәсіз деп жорамалдау) қолданылады.
Құқық бұзушы қашан өзінің кінәсіз екендігін дәлелдегенше кінәлі деп
есептеледі. Кінәсіз деп жорамалдауды (презумпциясы) бекіту мына жағдайларға
негізделген:
Біріншіден, азаматтық айналымда субъектінің қатысы жалпы еркіндікте
болады. Мұндай еркіндік өзінің әрекетінің қолайсыз салдары туындаған
жағдайда тәуекел етуге мүмкіндік береді, сонымен қатар жауапкершіліктен
құтылу үшін өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге көмектеседі.
Екіншіден, азаматтық-кұқықтық жауапкершілік жеке құқықтық сипатқа ие,
оның шаралары субъектіні жеке тұлға ретінде бостандығына, ар-намысына
тиіспейді. Бұл ретте кінәнің презумпциясы, сондай-ақ тұлғаның бостандығын
шектемейді және оның ар-намысына, қоғамдағы іскерлік беделіне нұқсан
келтірмейді.
Үшіншіден, әдетте шиеліністі жағдай мен орынсыз килігу субъектілердің
бірінің құқыққа қайшылық әрекеттерінен болады, даулы мәселені шешерде әр
жақ тен жағдайда болуы шарт: жәбірленуші жақ өзінің құқығы мен мүддесі
басқа субъектінің әрекетімен бұзылғанын дәлелдеуі тиіс, ал, соңғысы —
өзінің кінәсіз әрекет еткенін дәлелдеуі керек. Тұлғаның кінәсіз болуы оны
жауапкершіліктен босатылады.
Зиян — заңмен қорғалатын игілік атаулынын кемуі. Егер зиян мүліктік
сипат алатын болса, оны залал деп атайды. Залалдың ақшалай баламасы шығын
делінеді.
Азаматтық кодекстің 9-бабында құқығы бұзылған адам, егер заң мен шартта
аз мөлшердегі шығын қаралмаса, өзіне келген залалды толық калпына келтіруді
талап ете алатындығы бекітілген. Залалдың орнын толтыру жөніндегі норма
императивті тұрғыда келеді, ол барлық азаматтық құқықтық қатынастарға
жүреді және жақтардың шартында шығынды келтіру қаралды ма, жоқ па, оған
қарамай әрекет ете береді.
Мемлекеттік өкімет билігі органының, өзге де мемлекеттік органның
зандарға сай келмейтін құжат шығаруы, сондай-ақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқықтық жауапкершілікке тарту негіздері
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік түрлері және нысандарының сұрақтары
Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiк
«Азаматтық – құқықтық жауапкершілік: түсінігі, тарту негіздері және түрлері»
Кәсіпкерлік қызмет туралы заңды бұзғаны үшін заңдық жауаптылық түрлері мен нысандарды қолдана отырып кәсіпкерлік қызмет субъектілерін жауапкершілікке тарту
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негіздері мен турлері
Зиян келтірудің түрлері
Міндеттемені бұзғаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік
Борышқор әрекетін нақты айқындайтын міндеттеме және балама міндеттеме
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің ұғымын, түсінігін, түрлерін анықтау
Пәндер