Сотта өкілдік ету тәртіптері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 4

І ТАРАУ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ӨКІЛДІК ТҮСІНІГІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ

1. 1. Азаматтық құқықтағы өкілдікке жалпы сипаттама . . . 6

1. 2. Сотта өкілдік ету тәртіптері . . . 22

1. 3. Сотта іс жүргізу мерзімдері . . . 25

1. 4. Азаматтық іс жүргізудегі сот шығындары… . . . 27

ІІ ТАРАУ ҚР АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР

2. 1. Азаматтар, заңды тұлғалар және мемлекет азаматтық құқықтың субъектісі ретінде . . . 35

2. 2. Қазақстан Республикасыдағы Азаматтық құқықтық қатынас . . . 48

ІІІ ТАРАУ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР

3. 1. Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынасының ұғымы және элементтері . . . 57

3. 2. Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастарының объектісі мен мазмұны . . . 58

3. 3. Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынасының субъектілері және оларды топтастыру . . . 58

3. 4. Азаматтық іс жүргізуге (процеске) прокурордың қатысуы . . . 61

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 65

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 67

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Азаматтық іс жүргізу құқығында өкілдік және сотта өкілдік ету тәртіптері көрсетілген. Азаматтық құқықтағы өкілдікте өкілдік беруші бір адамның атынан өкіл сенімхатқа заңдарға сәйкес жүргізіледі. Онымен қатар соттағы өкілдік туралы айтатын болсақ онда бір тұлға екінші тұлғаға натораилдық куәландырылған сенімхат береді. Сол сенімхат негізінде азаматтық істерге қатысып өкілдік етеді. Өкіл алушы өкіл берушінің барлық құқықтары мен міндеттерін алады.

Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізу регламентациясы, салыстырмалы жақында ғана қабылданған АІЖК бойынша жүргізілуіне байланысты, зерттелетін мәселе әлі толық қаралған емес. Сот және құқық қорғау жүйесінің принциптерін, АІЖК-нің құқықтық негізін Конституция белгілейді.

ҚР қабылдаған АІЖК-нің позитивтік жақтарын алсақ, ол азаматтық соттардың юрисдикцияларының кең болуы, айтысу регламентациясы талаптарының сапалы белгіленуі.

Құқықтық жүйенің құрылымының принциптері ретінде, демократияны және заңнаманы либералдау жолын таңдау, ҚР азаматтық іс жүргізу құқығына да үлкен әсерін тигізеді. Конституциялық принциптерді өмірде іске асыру үшін әрбір заңнамалық адымды толық, теориялық зерттелген идяларды қолдана отырып, жасау кажет. Ол үшін мемлекетімізге жоғары сапалы заңгерлер, заң жағынан білікті мемлекеттік қызметкерлер қажет. Бұл кәсіп, әсіресе, қоғамның әлеуметтік құрылуы, жаңа экономикалық және саяси бағдар таңдауы кезінде жоғары бағаланады.

Азаматтық іс жүргізуде сотта өкілдік ету тәртібі және олардың конституциялық негіздерін қазіргі заманға сай зерттеу. Азаматтық іс жүргізуді сотта өкілдік ету тәртібі - осы саланың мәнін, негізгі жақтарын көрсетуі. Сотта өкілдік ету, халықтың құқықты әлеуметтік бағасы, саяси-құқықтық идеялардың айна көрінісі болып табылады. Оларда, халықтың идеялары мен ойларын ең толық қанағаттандыратын, заңдылықты азаматтық істерде ұйымдастырудың негіздері, соттың процессуалдық іс-әрекеті, сот процесіне қатысушылардың құқықтық мәртебесін анықтау жолының құқықтық сапалар тізімі түйінделеді. Сотта өкілдік ету тәртібінің мазмұны демократиялық бағытта болады, және заң нормаларымен бекілітіліп, заңдылықты азаматтардың заң және сот алдында теңдігін сақтай отырып, соттың жүзеге асыруын, істерді судьялардың жеке-дара немесу алқалы түрде қаралуын, судьялардың тәуелсіздігі мен тек заңға бағынуы, жариялылық, сот ісін мемлекеттік тілде жүргізілуін білдіреді. Әрбір адамның сотқа қорғаныс іздеп және соттың қорғанысына жүгінуіне мүмкіндік беретін, сот ісін жүзеге асыруының қолайлы болуы, іске қатысушылардың реалды құқықтары және олардың жүзеге асуының кепілдігі болып табылады.

Сондықтан да, азаматтық іс жүргізудің сотта өкілдік ету тәртібінің түсінігін дұрыс талқылау қажет.

Зерттеу объекті - азаматтық іс жүргізудің сотта өкілдік ету және олардың конституциялық негіздері.

Зерттеу пәні - азаматтық іс жүргізудің заң нормалары, Конституция.

Зерттеу мақсаты - азаматтық іс жүргізу сотта өкілдік ету тәртібін талқылау.

Дипломдық жұмысымды кіріспе, қорытынды және пайдаланған әдебиеттермен қоса негізгі үш тараудан тұрады:

  • І тарау. Азаматтық құқықтағы және азаматтық іс жүргізудегі өкілдік түсінігі, түрлері және міндеттері
  • ІІ тарау. ҚР азаматтық құқықтың субъектілері және азаматтық құқықтық қатынастар
  • ІІІ тарау. Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастар

І ТАРАУ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ӨКІЛДІК ТҮСІНІГІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ

  1. Азаматтық құқықтағы өкілдікке жалпы сипаттама

Жалпы ереже бойынша, азаматтық құқық субъектілерінің басқа тұлғалардың - өкілдіктің жәрдеміне жүгінбей-ақ мүліктік айналымға өз бетінше қатысу мүмкіндігі болады. Солай болса да, азаматтық айналымда өкілдік институты кеңінен қолданылады. Атап айтқанда, мысалы, заңға байланысты, тікелей қатысуына әрекет қабілеттілігінің жоқтығы немесе өзге де өмірлік нақты мән-жайларға байланысты өкілдік беруші адам өзінің құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра алмайтын, науқастығына, жұмысбастылығына және т. с. с. байланысты өзі қатыса алмайтын жағдайларда өкiлдіктің қажеттігі туады. Өкілдің арнайы білімін, біліктілігін немесе тәжірибесін пайдалану үшін өкiлдердің қызметіне жүгінетін бірқатар жағдайлар бар (мысалы, бағалы қағаздар рыногында мәмілелер жасауда өкілдік ету және т. с. с. ) .

Азаматтық құқықта бір адамның екінші адамның атынан жасаған мәмілелері немесе басқа да заңдық маңызы бар әрекеттері (мысалы, сотқа талап-арыз беру немесе сот отырысына қатысу) тікелей екінші адам үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызатын, өзгертетін немесе тоқтататын құқықтық қатынастар өкілдік деп аталады. Басқа адамның мүдделері үшін мәміле жасайтын адам өкіл деп, оның мүддесіне мәмiле жасалатын адам - сенім білдіруші немесе өкілдік беруші деп, ал сенім білдірушінің (өкілдік берушінің) мүдделері үшін өкіл мәміле жасайтын адамдар - үшінші жак деп аталады.

Өкілдікті құқықтық реттеу азаматтық құқыққа тән және көптеген ережелері бойынша көптеген елдердегі реттеулерге ұқсайды. Мүліктік айналымда өкілдік айтарлықтай кең қолданылады, бірақ оның қолданылуында кездесетін ерекшеліктерді атап көрсету қажет. Өкілдің өзі ғана жасай алатын мәмілелерде, сондай-ақ заң актілері бойынша өкілдің жеке қатысуы көзделген мәмілелерді жасауда не олардың өкіл арқылы жасалуына тыйым салынатын мәмілелерде өкілдік қолданылмайды. Өсиет қағазды толтыру өкіл арқылы жасауға тыйым салынған мәмілеге мысал бола алады. Егер өсиет қалдырушы қандай да бір себеппен өсиетке қол қоя алмаса, онда оған нотариустың немесе өсиетті куәландырушы адамның қатысуымен өсиет қалдырушының қол қоя алмауының себептерін көрсете отырып, басқа азамат қол қояды. Қол қойған адам өсиет қалдырушының өкілі емес, оның еркін қағаз бетінде белгілі бір құралмен бейнелеуші болады.

Бірқатар мәмілелер немесе заңдық маңызы бар әрекеттер, мысалы, некелесу, еңбек шартын жасасу, өмір бойы күтіп-бағатын келісіммен үйді иеліктен шығару шартын жасасу заң актілерінде тікелей тыйым салынбағанның өзінде өзінің сипаты бойынша өкілдің өзі қатысуын талап етеді, сондықтан оларды өкіл арқылы жасау мүмкін емес.

Өкілдің өкілдік беруші адамның мүддесіне заңцық мәмілелер жасауы өкілдіктің елеулі қызметі болып табылады. Бұл АК-ның өкілдікке анықтама беретін 163-бабында тікелей баянды етілген. Заңдық маңызы бар әрекеттерді жасау белгісі жөнінен өкілдіктің барлық өзге қатынастардан айырмашылығы бар, өйткені оларда бір тұлға екінші тұлғаны алмастырады (мысалы, заңды тұлғаның құқық қабілеттілігін оның органы - директор, басқарма арқылы жүзеге асыру) немесе оған іс жүзінде көмектеседі (мысалы, ақылы көмек көрсетеді, мердігерлік жұмыстарды жүзеге асырады, тауарларды өткізеді немесе делдалдық қызмет көрсетеді) .

Заңдық әрекеттерді жасау өкілдік берушінің еркін қайталауды ғана емес, өзінің дербес еркін көрсетуді де талап етеді. Сондықтан өкілдік ұғымына тек өзін жіберген тұлғаның еркін жеткізетін және өз бетінше өзінің еркін білдірмейтін, заңдық әрекеттер жасамайтын құрал ғана болып саналатын уәкілдің, шабарманның қызметі кірмейді.

Өкілдік өкілдiң сенім білдіруші адамның атынан мәміле жасалуын көздейді. Мәмілені сенім білдірушінiң мүддесі үшін, оның есебінен, бірақ өз атына комиссионер жасайды, ал шарттың тиісті талаптары болғанда - сенімгер басқарушы да жасайды. Көп ретте комиссия жөніндегі қатынастарды, АК-ның 163-бабындағы тікелей өкілдік мағынасынан өзгеше, жасырын өкілдікке жатқызады. Бірақ комиссияның шарты бойынша қатынастарда өкілдіктiң мәнді белгілері жоқ. Комиссияның өкілдікпен экономикалық белгілер бойынша ғана ұқсас белгілері бар - басқаның есебінен әрекет жасау, бірақ заңдық белгісі бойынша емес, өйткені оның мәні өкілдік білдiрушінің атынан әрекет ету болып табылады. Сондықтан комиссия және өкiлдік бойынша қатынастардың салдары бір-бірінен айтарлықтай өзгеше болады, бұл комиссияны өкілдікке жатқызуға мүмкіндік бермейді. Басқалардың мүдделері үшін болса да, өз атынан әрекет ететін адамдар өкілдер бола алмайдьі. Сондықтан, мысалы, сенімгер басқарушының, уәкілетті адамның өз атынан әрекет ету қызметі өкілдік болмайды (АК-ның 163-бабының 4-тармағы) .

Өзге адамның мүдделері үшін жүзеге асырылатын, бірақ ол үшін азаматтық-құқықтық салдары болмайтын қызмет те өкілдік бола алмайды, өйткені өкілдіктің мәнді белгісі өкілдің заңдық мәмілелер жасауы болып табылады. Мысалы, оларға өзге адамның атынан мәміле жасау емес, мәмілелер жасауға көмектесу тапсырылатын коммерциялық делдалдардың қызметі немесе болашақта жасалатын мәмілелерге, азаматтық-құқықтық шарт болып есептелмейтін ниет хаттамасына қол қоюға байланысты келіссөздерге қатысу тапсырылатын адамдардың (атап айтқанда, лауазымдық міндетіне осындай жұмыстарды жүргізу кіретін заңды тұлға қызметкерлерінің) қызметі өкілдік бола алмайды.

Өкілдік қатынастардың субъектілері. Өкілдікте өкіл, өкілдік беруші (сенім білдіруші) және үшінші тұлға арасында қатынастар туындайды. Өкілдікте және өкілдіктің көмегімен жасалған мәміле бойынша қатынастардың тууы үшін үш тұлғаның бірлескен және үйлесімді еркі болуы қажет: өкілдік беруші адам арқылы құқықтар мен міндеттерді белгілеу үшін - өкілдің; өкілдік беруші адаммен қатынас орнату үшін - үшінші адамның; өкіл арқылы мәміле жасауға өз келісімін ертерек немесе кешірек беру үшін - өкілдік берушінің еркі болуы керек.

Өкіл мен өкілдік беруші адам арасындағы құқықтық қатынас өкілдіктiң өзі болады, оны ішкі қатынас деп атайды. Өкіл мен үшінші адам арасындағы қатынас сыртқы қатынас болады, ол өкiлдік бойынша өкілеттікті жүзеге асыру болып табылады, оның дербес сипаты жоқ, өйткені өкілдіктiң мәні - өкіл жасаған мәміле бойынша тікелей өкілдік берушіде құқықтар мен міндеттер пайда болады. Бір тарабы өкіл болатын мәміледе өкілдік беруші адам құқықтар мен міндеттер субъектісіне айналады, ал үшінші жақ үшін өкіл фигурасының айтарлықтай мәні болмайды, өйткені үшінші жақ өкіл арқылы тікелей өкілдік берушімен құқықтық қатынас орнатады. Өкілдің мәмілесі - бұл заңдық факт, ол өкілдік беруші мен үшінші адам активті және пассивті субъектілері болып табылатын қатынастарды туғызады. Өкіл өкілдіктің жәрдемімен орнатылатын қатынастардан тыс қалады және онда ешқандай құқықтарды немесе міндеттерді иеленбейді.

Құқықтар мен міндеттер субъектісі өкіл емес, өкілдік беруші адам болатындықтан, онда жалпы азаматтық құқық қабілеттіліктің болуы талап етіледі. Жалпы ереже бойынша, азаматтық айналымның кез келген субъектісі - заңды тұлға немесе әрекет қабілеттілігінің күйіне қарамастан, азамат өкілдік беруші адам қызметін атқара алады. Сонымен бірге, бұл жалпы ережеден бірқатар ерекшеліктер бар. Атап айтқанда, бірқатар жағдайларда заң мәмілелердің жекелеген түрлері бойынша тараптарға белгілі бір талаптар қояды, мысалы, банк, қамсыздандыру және өзге де лицензияланатын қызметті жүзеге асырудан туындайтын мәмілелерді жасауға арнайы лицензия болудың қажеттігі және осы жағдайда өкілдік беруші адам жеке өзі немесе өкіл арқылы мәміле жасау үшін лицензия алуға тиіс. Өкіл арқылы мәміле жасауға қажетті келесі ерекшелік айналым қабілеті шектеулі мүлікпен мәміле жасауға қатысты шектеулерден туындайды, мысалы, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді шетелдіктердің меншігіне сатып алуына тыйым салу, аңшылық жасау қаруларын сатып алу үшін арнайы рұқсаттың болуы және т. с. с. Бұл жағдайда да өкілдік беруші адам заңның осындай мәміленің тараптарына қоятын талаптарына сай болуы тиіс.

Сонымен бірге мынаны атап көрсету қажет: әрекетке қабілетсіз азаматтар өз беттерінше мәмілелер жасауға құқықсыз болатындықтан, жалпы азаматтық құқық қабілеттілігін иелене тұра, өкіл арқылы өз беттерінше мәмілелер жасай алмайтын себепті олардың өкілдік етуіне жол берілмейді. Құқық қабілеттілігіне заң немесе жарғы арқылы белгілі бір шектеулер қойылуына байланысты заңды тұлға өз бетінше жасай алмайтын мәмілені өкілдік арқылы жасауға жол берілмейді, мысалы, мемлекеттік кәсіпорындардың өз беттерінше және өкіл арқылы кәсіпорынның негізгі қорларына жатқызылған мүлікке қатысты мәмілелер жасауға құқығы жоқ, не заңды тұлға мәміле жасау үшін өз жарғысының ережелеріне сәйкес белгілі бір органның (мысалы, байқау кеңесінің) рұқсатын алуға міндетті.

Егер өкілдік беруші адамда заңның белгілі бір мәмілелерге немесе азаматтық айналымның белгілі бір субъектілеріне қоятын құқық қабілеттіліктің болуы қажеттігі туралы ережесі бұзылатын болса, онда өкілдің жасаған мәмілесі жарамсыз деп танылады және өкілдік беруші мен үшінші жақ үшін заңдық құқық қатынастар тумайды. Сондықтан, мысалы, егер өкілдік беруші адам шетелдік болса, ауылшаруашылық мақсатындағы жер учаскесін меншікке сатып алуды көздейтін мәміле жарамсыз болады, ал өкілдің азаматтығының бұл жағдай үшін ешқандай маңызы болмайды. Егер бұл ұйымдардың осындай мәмілелерді жүзеге асыруына тыйым салынған болса, мысалы, банктердің немесе қамсыздандыру ұйымдарының өкіл арқылы жасаған және материалдық құндылықтармен сауда жасауды жүзеге асыруға бағытталған мәмілелері жарамсыз болады.

Өкілдіктегі сыртқы қатынастың өкiлдік үшін, атап айтқанда, өкілдік беруші мен үшiнші жақ арасындағы өзара қарым-қатынас мәселелерінде айтарлықтай мәні болатыны даусыз. Өкіл мәміле жасау арқылы өкілдік берушінің атынан және өзіне берілген өкілеттік шегінде өзінің еркін білдіретіндіктен, ол шарттарда тікелей контрагент болып саналады. Сондықтан өкіл арқылы жасалған мәміленің салдарын зерттеуде, мысалы, сенім білдіруші мен үшінші жақ арасында туған даулар бойынша салдарды зерттеуде (атап айтқанда, алдау, зорлық-зомбылық көрсету, қорқыту арқылы жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тануда) сенім білдірушінің емес, өкілдің еркінің себептері назарға алынуы тиіс. Мәселен, сатып алу-сату шартын жасау кезінде сатушы сатып алу-сату объектісінің кемістіктері жөнінде өкілге ескертпегендіктен, бұл мән-жай жасалған мәміленің салдарына ықпал ететін болады, өкілге сатып алу бағасын тиісінше кемітуді, залалдың орнын толтыруды және т. с. с. талап етуге құқық береді.

Өкілдің өз еркін білдіруі талап етілетіндіктен, жалпы азаматтық әрекет қабілеттілігі бар адам өкіл ретінде әрекет ете алады, яғни заң бойынша шартқа қатысуға тыйым салынбаған адам ғана өкіл бола алады. Сондықтан сот арқылы әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтар өкіл бола алмайды. Кәмелетке толмағандар, әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеттілігі шектеулі азаматтар өздері дербес жасай алатын мәмілелер бойынша ғана өкіл болуға құқылы. Ал мәміле бойынша, өкілдік беруші адамда құқықтар мен мiндеттердің пайда болуы өкілде белгілі бір мәмілелерді жасау үшін қажетті лицензияның болуын талап етпейді. Өкілдің - заңды тұлғаның арнайы құқық қабілеттілігі де олардың құқық қабілеттілігінің көлеміне кірмейтін мәмілелерді жасауына кедергі бола алмайды, өйткені олар жасаған мәміле бойынша өкілдік берушіде құқықтар мен міндеттер пайда болады.

Өкілдік өкілеттіктер. Өкілдің жасауына рұқсат етілген мәмілелер ауқымын өкілеттік деп атайды. Өкілеттік өкіл үшін ғана емес, сондай-ақ оның өкілдік берушінің атынан құқықтық қатынас орнататын адамдары үшін де міндетті, өйткені кейін оларды өкілдік беруші мақұлдайтын жағдайлардан басқа реттерде өкілеттігі жоқ немесе өкілеттігі көп өкілдік заңдық салдар туғыза алмайды. Сондықтан, жалпы ереже бойынша, өкілдің өкілеттігі оларды үшінші жақтың танысуына және тексеруіне болатын әдістермен бекітіледі.

Өкілдің өкілеттігі, әдетте, өкілдікке негіз болған заңдық фактінiң мазмұнынан туындайды.

Филиалдың басшысын немесе заңды тұлғаның өкілдігін тағайындауға негізделген өкілдікте заңның талаптарына қарай өкілдік функцияларын жүзеге асыру үшін басшыға сенімхат берілуі қажет. Бұл жағдайда өкілдің өкілеттіктері сенімхатта көрсетіледі.

Оқиғаларға немесе соттың шешіміне негізделген өкілдікте өкілдің өкілеттігі заңда баянды етілген нормалардан келіп шығады. Мысалы, баланың туылуы оқиғасына байланысты өкілдіктің пайда болуында өкілдердің - ата-аналарының өкілдіктері 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың мәміле жасау тәртібін көздейтін АК-ның 23-бабының нормаларынан туындайды. Соттың шешімімен азамат әрекетке қабілетсіз деп танылатын жағдайда өкілдің өкілеттігі әрекетке қабілетсіз адамның мәміле жасау тәртібін көздейтін АК-ның 26-бабынан туындайды.

Өкілдік мәміледен туындайтын жағдайда өкілдің өкілеттігі оның шарттарында баянды етіледі. Мәселен, тапсырма немесе коммерциялық өкілдік шартын жасасуда өкілдің өкілеттігі не шартта, не сенім білдірілген немесе коммерциялық өкіл беретін сенімхатта көрсетіледі.

Өкілеттік кейде өкілдік берушінің өз өкілін мәжбүр еткен мән-жайдан да туындауы мүмкін, мысалы, дүкендегі сатушы, бөлшек сауда бойынша мәміле жасайтын уәкілетті адам, банк кассасы бөлмесіндегі ақша қабылдауға, беруге және ақшалай есеп айырысудың өзге де турлерін жасауға уәкілетті кассир. Мұндай жағдайларда өкілдің өкілеттіктері лауазымдық міндеттерден туындайды және оларды сенімхатпен куәландыруды қажет етпейді.

Егер мәміле жасау кезінде ол осымен бір мезгілде осы адамның өкілі болса, сенім білдіруші адамның мүдделерін қорғау мақсатында өкілге өкілдік берушінің атынан мәміле жасауға тыйым салынған. Өзгеше жағдай екі немесе көп жақты мәмілелердің табиғатына қайшы келген болар еді, өйткені екі немесе одан көп тараптардың еркін міндетті түрде үйлестіруді бір адамның - өкілдің ғана еркі алмастырған болар еді. Сондықтан мұндай мәмілелер бойынша бір мезгілде екі тараптың мүдделерін білдіруге тыйым салынған жағдайларды бұза отырып жасалған мәмілелер жарамсыз деп танылады. Коммерциялық өкiлдік қана бұл ережеге жатпайды, өйткені онда өкілдікті кәсіпкерлік қызметтің бір түрі ретінде жүзеге асыратын және тиісінше өз әрекеттері үшін кәсіпкерлік жауап беретін адамның шарттың түрлі тараптарының мүдделерін білдіруіне рұқсат етіледі.

Заң немесе шарт өкiлдіктің пайда болуының негізі болып табылады. Заң арқылы пайда болатын өкілдік заңды немесе қажетті өкілдік деп аталады. Шарттың негізінде пайда болатын өкілдік шарттық немесе ерікті өкілдік деп аталады.

Белгілі бір адам кемістіктерінің немесе әрекетке қабілетсіздігінің орнын толтыру қажет болатын жағдайларда заңды өкілдік пайда болады. Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған кәмелетке толмағандарға (есі ауысқан, нашақор, маскүнем және т. с. с. науқастарға) қамқоршылық белгілеу заңды өкілдікке мысал болады. Заңды өкілдіктің пайда болу жағдайлары зандарда баянды етілген. Заңда заңды өкілдіктің пайда болуына қажетті заңдық фактілердің белгілі құрамы көрсетілген.

Заңды өкілдік тікелей мынадай заңдық фактілердің негізінде пайда болады:

- өкілдік қатынастардың басталуына себепші болатын оқиғалар, мысалы, заң баланың туылуына байланысты ата-аналарға өкілдік қызметін атқару уәкілеттігін береді;

- өкілдік қатынастарды белгілейтін сот шешімі, мысалы, соттың шешімімен азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану және оған қамқоршылық белгілеу әрекетке қабілетсіз азамат пен оның қамқоршысы арасында өкілдік қатынастар орнатады;

- заңға сәйкес өкілдік қатынастар туғызатын әкімшілік акт, мысалы, бала асырап алушылықты ресімдеу.

Бастапқыда өкілдік заңды өкілдік түрінде пайда болған. Міндеттеменің жеке-даралық сипатымен үйлеспейтін ерікті өкілдікті мойындамаған рим құқығы қалыптастырған айтарлықтай дамыған заңды өкілдік институты кейін құқықтың дамуына және біршама өзгеріске ұшырауға байланысты заңды және ерікті өкілдікті бірдей қамтитын осы заманғы өкілдік институтына негіз қалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық өкіл ретінде
Сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар
Прокурордың азаматтық іске қатысу негіздері
Азаматтық іс жүргізудегі адвокаттың құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасындағы қылмыстық процесс: жалпы бөлім
Қылмыстық ізге түсуден иммунитеттері бар адамдардың істері бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері мен тәртібі
Адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі
Адвокатура институтының даму тарихы
Адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтық жағдайы
Азаматтық құқық бойынша өкілдік беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz