Мемлекет функциясының ұғымы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР:

І. Кіріспе бөлім

  1. Мемлекет туралы ұғым
  2. Мемлекеттің пайда болу теориясы
  3. Мемлекеттің функциясы
  4. Мемлекеттің механизмі
  5. Құқық ұғымы мен белгілері
  6. Құқықтың қайнар көздері

ІІ. Негізгі бөлім

1. Құқық жүйесінің түсінігі және құқық жүйесінің құрылымдық элементтері

А) Құқықтың жүйесі

Ә) Құқықтық қатынастардың ұғымы, айрықша белгілері мен түрлері

Б) Құқықтық нормаларға түсіндірме беру ұғымы мен түрлері

2. Құқықтық жүйе және заң шығарушылық жүйе

А) Мемлекеттің биліктің ұғымы және Қазақстан Республикасында оны ұйымдастырудың қағидаттары

3. Құқық салалары

А) Құқық салаларының жалпы сипаттамасы

Ә) Әкімшілік құқықтың рөлі мен маңызы

Б) Мемлекеттік қаржылар мен қаржылық жүйелер

В) Еңбек құқығының пәні мен әдістері

Г) Азаматтық құқық туралы ұғым

Д) Отбасы құқығы: ұғымы, негіздері мен принциптері

Ж) Экология құқығының ұғымы

З) Қылмыстық құқықтың ұғымы

К) Қылмыстық іс жүргізу ұғымы

Л) Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы

М) Қазіргі кезеңдегі халықаралық құқық ұғымы

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

І. 1. МЕМЛЕКЕТТІҢ ҰҒЫМЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ

Мемлекет туралы ұғым. Мемлекет - басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғы шарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканын дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айырықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде қабылдаймыз.

Көрсетілген негізгі жағдайлар біздің түсінігімізде және мемлекетті анықтауда өзінің көрінісін табуы керек. Өзінің көрінісін тапқан құбылыстың күрделілігі мен көп аспектілігіне қарай оның біржақты болуы мүмкін емес және бірнеше "қабатты" қамтиды.

Мемлекет дегеніміз бұл - адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне тән саяси ұйым:

а) қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың, топтардың, таптардың және басқа да әлеуметтік субъектілердің қарым-қатынасын реттеп, бағыттау, олардың бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген;

б) оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кеңтармақты органдар жүйесі және биліктің ұйымдастырушылық күш құралдары бар;

в) тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық суъбектілері қамтамасыз ететін әкімшілік мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.

Мемлекет туралы бұл түсінікті ашып, нақтылай отырып, әрбір белгі соғылған белгілерге егжей-тегжейлі тоқталып, оның мазмұнды және мәнді сипаттамасына тереңірек үңіліп, әрекет ету механизмін көрсету қажет.

Мемлекеттің негізгі белгілері. Мемлекеттің рулық басқару ұйымынан басты айырмашылығы сол, онда арнаулы кәсіби басқару және мәжбүрлеу аппаратының болуымен немесе, оқу және монографиялық әдебиеттерде атайтындай, "жария-биліктің" болуы тән. Бұл жердегі әңгіме қоғамнан бөлініп шыққан, басқару негізгі жұмысына, кәсібіне, мамандығына айналған, қатары біртіндеп көбейе бастаған адамдар туралы. Басқарушы адамдардың мұндай ерекше тобын алғашқы-рулық басқару ұйымы білген емес. Ол тек қана басқарудың мемлекеттік жүйесіне тән нәрсе; олар мемлекеттің рабайсыз үлкен механизмін іске қосады. Нәтижесінде мемлекеттің барлық халқы бір жағынан басқарылатындарға, екінші жағынан басқаратындар мен басқару жөніндегі мамандарға бөлінген сияқты. Сөйте тұра екіншілерінің біріншісіне қатысты тек қана басқару функцияларын емес, сондай-ақ кейбір мәжбүрлеп ықпал ету шараларын да ресми түрде жүзеге асыруына қақысы бар.

Мемлекеттің басқа бір ерекше белгісі, өзінің өмір сүруі үшін халықтан салық жинауға мәжбүр болуы. Салық - бұл мемлекеттің өмір сүріп, тіршілік етуінің экономиқалық негізі; салықсыз ол күн көре алмайды, өйткені қаржының жетіспеуінен немесе болмауынан оның бүкіл тіршілігі қиындайды. Салықты мемлекеттің барлық азаматтары, соларға қоса шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да төлейді; халықтың шамалы ғана салық төлеуден босатылады. Мемлексет салықтан түскен қаржыны басқару жөне мәжбурлеу аппаратының орасан зор армиясын ұстауға, мемлекеттің жүргізетін ішкі саяси және сыртқы саяси шараларын қаржыландыруға, медицинаны, білім беру, ғылым, мәдениет салаларын қолдауға, экономиканың маңызды салаларын ынталандыруға, қоғамдық қауіпсіздікті, құқық тәртібін және қылмыс пен құқық бұзушылықпен күресті қамтамасыз етуге пайдаланады.

Мемлекеттің ерекше белгілерінің біріне оның өз азаматтарын аумақтық принцип бойынша бөлетіндігі жатады, ал алғашқы - рулық басқару ұйымының негізі мүлдем басқаша қандас туысқандардың байланысы мен қарым-қатынасынан құралады. Енді соңғысы бұрынғы маңызын жойды, басқару ісінде басым болудан қалды. Керісінше, мемлекет азаматтарға өздеріне тиесілі құқықтарын бөліп, оларға міндеттер жүктеу туралы мәселені шешкен кезде, оларды басқару, ұйымдастыру және басқа да шараларға тарту кезінде ең алдымен олардың аумақтық тиістілігін, тұрғылықты жерін ескереді.

Мемлекеттің даму барысында халықтың аумақтық принципі бірқатар мемлекеттік-құқықтық институттармен тұтас алғанда жанама түрде байланыс орната алды, ол оны нақтылай түсуге, тереңдетуге, айқын мазмұнмен толықтыруға бағытталған еді.

Олардың ішінде қандай да бір мемлекетке тиесілілігі бекітілген азаматтық институты ерекшеленеді. Басқа тұлғалардың бәрі шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ тұлғалар болып танылады. Азаматтардың мәртебесіндегі айырмашылықтарының, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың арқасында мемлекет халықты "өзіміздікі" және "өзіміздікі емес" деп дифференцияланды. Сыртқы (мемлекеттер арасындағы) және ішкі (антономиялық және әкімшілік аумақтық бөліністер арасындағы) шекаралар институтының маңызы айтарлықтай. Олардың көмегімен мемлекеттік биліктің кеңістіктегі шегі, сондай-ақ мемлекеттің егемендігінің құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтық билік ету институты анықталады.

Мемлекет басқа ұйымдардай қоғамда әрекет ететін құрылымдарымен және институттарымен, егемендік сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Бұл қасиет мемлекетті басқа ұйымдардан, қоғамның құрылымдары мен институттарынан жоғары қойып, оған өзіндік басымдық, қайталанбас ерекшелік береді. Егемендіктің екі құрамдас бөлігі бар: үстемдік және тәуелсіздік. Мемлекеттік биліктің үстемдігі деп өз аумағындағы ең жоғары билікті айтады. Аумағындағы жұмыс істеп тұрған барлық ұйымдар, бірлестіктер, құрылымдар мен тұлғалар мемлекеттің басымдық ролін мойындайды, өздерін оның мәртебесі мен маңызынан төмен қояды. Олар мемлекеттік биліктің бұйрығын орындауға, мемлекеттің белгілеген тәртібін сақтауға міндетті. Мемлекетке тиесілі аумақта бірде бір ұйым, бірлестік немесе құрылым мемлекетке қарсы келе алмайды. Егемендіктің екінші бір құрамдас бөлігі болып саналатын тәуелсіздік дегеніміздің мәнісі, мемлекет өзінің билігін дербес жүргізеді, өзінің стратегиялық бағыты мен тактикалық жолын өзі таңдайды, өз ісіне ешкімді араластырмай, ішкі және сыртқы саясатын өзі жасайды, басқаның үстемдігіне жол бермейді. Тәуелсіздік ұғымының ішкі аспектісі мемлекеттің ішінде жұмыс істейтін бірде-бір ұйымның, бірлестіктің және құрылымның мемлекеттік биліктің дербестігіне қол сұға алмайтындығына ерекше көңіл аударуға міндеттейді. Ал тәуелсіздіктің сыртқы аспектісі, егемен мемлекет басқа мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дербес қарым-қатынасты сақтайды дегенді білдіреді.

Мемлекет - қоғамның, елдің, халықтың ресми өкілі. Қоғамның, елдің, халықтың мүддесін ел толығымен көздей алды ма, жоқ па, қоғам, ел, халық оған өкілеттік берді ме, жоқ па, оған қарамастан бұл мәселенің дұрыс жауабы алдын ала түйінделіп қойған. Қоғамда, елде, халықтың арасында жұмыс істеп жатқан басқа бірде бір ұйым (бірлестік, құрылым) қоғамның, елдің, халықтың еркі мен мүддесін білдіруші екендігін, барлық деңгейде және барлық жағдайда оларды көрсете аламын деп мәлімдеуге батылдық білдіре алмайды. Бұған үміткер болуға мемлекеттің ғана негізі бар. Мемлекеттің мұндай қасиеттерінің молдығына дау жоқ.

Мемлекеттің басқарудың құқықтық нысаны, реттеуді және ықпал етуді пайдалануы оның міндетті белгісі болып табылады. Олардың алдында тұрған міндетті мемлекет құқықсыз шеше алмайды. Егер мемлекеттің аумағында орналасып, жұмыс істеп тұрған басқа ұйымдар, бірлестіктер мен құрылымдар құқық шеңберінде әрекет етіп, құқық тәртібін сақтауы, заңдар мен басқа да құқықтық нұсқауларды орындауы қажет болса, онда құқық аясындағы мемлекеттің қызметі мүлде басқаша, маңызды ерекшелігімен сипатталады және әр алуан: бұл айтылғандардан басқа, мемлекеттің құқық шығармашылық монополиясы, сондай-ақ құқық қорғау, бақылау, қамтамасыз етіп-кепілдік беретін функциялары бар. Мемлекет қоғамдағы негізгі өзара қарым-қатынасына өзінің қызметіндегі басты демеу болып отырған құқық бастауына сүйенеді.

Мемлекетте ішкі және сыртқы функциялардың жиынтығы болуы және оларды органдар, мекемелер мен билік құралдарының жүйесімен жүзеге асыруға бейімделуі (бұл мәселелер төменде егжей-тегжейлі қарастырылатын болады) мемлекеттің айрықша белгісі болып табылады.

Осыған дейін айтылып келген, мемлекеттің ерекшелік белгілерінен басқа, мемлекеттің элементтері туралы да айту керек, ол отандық оқу және монографиялық әдебиетте халық пен аумақты меңзейді. Ол тіршілік ету және даму процесінде мемлекет сүйенетін объективті тірек ретінде түсіндірілуі керек. Халықсыз және аумақсыз мемлекет жоқ және болмайды да: соңғысын табиғи факторға немесе мемлекеттің материалдық құрамдас бөлігіне жатқызу керек.

І. 2. МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУ ТЕОРИЯСЫ

Мемлекеттің пайда болу процестерінің саяси-құқықтық ойда бейнеленуі. Мемлекеттің пайда болуының жалпы және жеке заңдылықтары ежелден-ақ адамдарды толғандырып, олардың қызығушылыған туғызып келді. Алғашқы қауымдық қоғамның рулық (немесе ру-тайпалық) ұйымының мемлекетке орын беруінің себебін білуге тырысу, осы процестерге ықпал ететін және олардың динамикасы мен бағытын анықтайтын факторларды белгілеу, осыған байланысты әр халықтың жалпы және ерекше тәжірибелері көптеген теорияларға, тұжырымдар мен пайымдауларға келіп тоғысты. Олардың кейбіреуі саяси-құқықтық ойдың тарихында айтарлықтай із қалдырмастан, тез ұмытылып қалды, ал енді бір бөлігі ұзақ уақыт бойы адамдардың ақыл-ойын жаулап алды, әлі де болса олардың дүниеге көзқарасы мен түйсігіне әсер етіп келеді. Аталған теорияларға талдау жасай келіп біз әрбір ойшылдың мемлекеттілік генезисіне деген өзіндік тәсілі бар екендігін көреміз, олардың басқа ойшылдардан тәсілі де басқа, өз позицияларын негіздеуі де әр түрлі. Сонымен, кейде терең ойлы және дұрыс пікірлер жеңілтек, үстірт пікірлермен қоңсы қонып жатады. Алайда, ойшылдар айтқан постулаттардың, болжамдар мен ережелердің жиынтығы баға жетпес байлық; Қоғамдық-саяси және мемлекеттік-құқықтық шындықты оның дамуының өзгермелі кезеңдерінде адамның ойлау логикасын түсінуге мүмкіндік бере отырып олардың негізгілерін білудің, әр түрлі ойшылдың пайдаланған аргументтері мен дәлелдерін салыстырып талдау жасаудың, олардың күшті және әлсіз жақтарын анықтап, осы теориялардың адамзаттың кәдесіне жарайтын-жарамайтындығына қорытынды жасаудың маңызы зор.

Мемлекеттің пайда болуының маңызды теорияларының сипаттамасы. Теологиялық және патерналистік теориялар мемлекеттің пайда болуының ең ерте және көне теорияларының қатарына жатады. Теологиялық теориялар мемлекеттің құдайшыл менімен келіп шыққан, бұл теориядан құдайдың идеялары мен тілегінің жүзеге асуын және жазмыштың жазуын ғана көреді. Олардың айтуы бойынша, құдай адамдарды жаратты, оларды қоғамға және мемлекетке біріктірді, қолында билігі бар билеушілер берді; осы теорияны ұстанғандардың ойы бойынша, құдайдың айқындаушы ролі оның өкілетті өкілдері (мемлекет билеушілері, дін қызметкерлері) арқылы да, тікелей де көрінеді. Заңдылық пен құқық тәртібін сақтау құдайдың өсиетін орындау болып түсіндірілді, ал зайырлы (мемлекеттік) билік құдайдың билігінің жердегі аналогы саналды. Патернализмнің теологиялық теориядан айырмашылығы, мемлекеттік биліктің отбасы егесінің билігімен ұқсастығы мен туыстығын көре білді. Патерналистік тұжырымдаманың түсінігіне сәйкес, мемлекет отбасынан шығады көне өзінің құрылымында, қол астындағылармен өзара қарым-қатынаста отбасының ұйымдастыру және тіршілік ету принциптерін туғызады Әсіресе әкенің билік ету жағдайына көңіл бөлініп, барлық отбасы мүшелерінің оған сөзге келмей бағынуы баса көрсетілді. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың отбасылық-туысқандық ұйымдастырылуын дәріптеу, жалпы алғанда оның ерекшелігін ескермей, қоғамға заңсыз экстраполяция жүргізуі, отбасы егесінің нақтылы мүмкіндіктерін және оның билігін асырып жіберу - міне осының бәрі патернализмнің осал жері еді.

Белгілі бір мөлшерде оған бір жағынан - мемлекеттік құрылым, екінші жағынан - тірі организмнің (атап айтқанда - адамның) арасында паралелль жүргізуші органикалық теория келіп жанасты. Соған ұқсас, жеке организмнің басы, денесі, қолы және т. б. дене мүшелері болатыны, және олардың әрқайсысының орындайтын түрлі функциялары болатыны сияқты, әрбір мемлекеттік құрылым да белгілі бір мақсатқа арналған және басқа мемлекеттік құрылымдардың ролі мен функциясын қайталамауға тиіс. Олардың бәрі өзара матасып кеткен, іштеріндегі белсенділері басқаларының қызметін анықтап, бағыт беріп отырады. Өздерінің тұтастығымен олар өздсрінше бір бірлік құрды, Органикалық теория шеңберінде әр түрлі факторға акцент жасаған ағымдар бөлініп шықты. Алғашқы ағымның өкілдері Платон мен Аристотельдің ойы бойынша, дене болмаса қолдың өз бетінше әрекет ете алмайтыны сияқты, адам да мемлекеттен тыс тіршілік ете алмайды. Одан әлдеқайда кейін пайда болған ағымның өкілдері Герберт Спенсер және оның ізбасарлары, адамдардың пайда болуымен бірге пайда болған мемлекет қашан қоғам өзінің тіршілік етуін тоқтатқанға дейін өмір сүре береді және егер организм (мемлекет) жалпы алғанда сау болса, онда оның құрамдас бөліктері де сау болады деген ойды түйіндейді.

Бастауында Г. Гроцкий, Д. Локк, П. Гольбах, Ж. Ж. Руссо А. Н. Радищев секілді көрнекті ойшылдар тұрған қоғамдық келісім теориясы кеңінен тарады. Бұл теория бойынша, мемлекеттің пайда болуының негізінде адамдардың келісімі мен олардың келісіп іс істеу факторы жатыр. Бұл теорияны жақтаушылардың пікірі бойынша, адамдар өздерінің күнделікті тіршілігінде қалыпты жағдайды қамтамасыз ету үшін және тәртіпті сақтап, түрлі қол сұғушылықтан қорғану үшін қажетті билік өкілдеріне беріп, мемлекетке бірігуді шешті-мыс, Бұл мәселені шешкенде олар адамдардың саналы түрде көңіл білдіруі мен ерікті түрдегі келісімі негізінде әрекет етті. Халықтан басқаруға деген мандатты алғаннан кейін мемлекет әрбір адамның мүддесін қанағаттандыратын және барлығының игілігі үшін әрекет ететін бірден бір ұйымға айналады. Егер де ол өзінің бұл миссиясын нашар орындаса немесе мүлдем орындамаса, онда Ж. -Ж. Руссо мен А. Н. Радищев ұсынған келісімді теорияның радикалды ағымына сәйкес, халықтың оны өзінің сенімінен айырып, тіпті көтеріліс жасау арқылы өкіметті толық ауыстыруға қол жеткізуге құқығы бар.

Озбырлық теориясы мәжбүрлеу факторларын мемлекеттің пайда болу және даму процестеріндегі бірінші себебі деп санады. Сонымен, бұл теорияның кейбір өкілдері (ЕДюринг) ішкі озбырлыққа баса көңіл бөлсе, басқалары (Л. Гумполович, К. Каутский) - сыртқы озбырлыққа назар аударды. Ішкі озбырлық жағдайында халықтың қолы билікке жеткен бір бөлігі басқаларға өзіне қолайлы шешімді таңа бастайды. Осындай жолмен (еркін күштеп таңу жолымен) билік институттары» жеке меншік институттары, мемлекет құрылды, Сыртқы озбырлық жағдайында бір аумақта тұратын халық келесі бір аумақта тұратын халықты жаулап ала бастады; жауланып алынғандар құл болды, байлық пен жеке меншікті еселеп көбейту үшін пайдаланылды, ал бұл шаруаны мемлекет сияқты мәжбүрлеу ұйымынсыз жүзеге асыру мүмкін емес еді. Озбырлық теориясына баға бере келіп, озбырлық, мәжбүрлеу мемлекеттің пайда болуы процестеріне қатысқанымен, аталған теорияда олардың абсолюттендіріліп, шектен тыс өсіңкіреп кеткендігін айта кету керек. Ал бұл, шындыққа жанаспайды.

Диалектикалық-материалистік теория мемлекеттің пайда болуын табиғи-тарихи себептермен - өндіріс қаржысына жеке меншіктің пайда болуымен, қоғамның тапқа бөлінуімен, шиеленіскен әлеуметтік келіспеушіліктер мен қарсыласулар тудыратын олардың теңсіздігімен, таптық қарама-қайшылықтың ымырасыздығымен түсіндіреді. Экономикада шешуші позицияда отырған тап, өзінің экономикалық билігін сақтап қалуға тырысады, Осы мақсатпен ол саяси билікті қолға алып, соның көмегімен өзінің еркін бүкіл қоғамға таңады. Сөйтіп ол қоғамда өзінің диктатурасын, яғни саяси билігін орнатады. Бұл қөзқарас Ф. Энгельстің "Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің пайда болуы" деген еңбегінде және В. ИЛениннің "Мемлекет туралы" деген лекциясында кең түрде негізделді, Оларда, сондай-ақ К. Маркстің кейбір еңбектерінде мемлекеттің пайда болуының күрделі процесінің көптеген сипаттары дұрыс көрсетілген. Алайда оларды түсіндіру кезінде бұл процестегі таптық фактордың ролінің бадырайып көрсетілетіндігін ескермеуге болмайды, өйткені шын мәнінде мемлекет билік етуші таптың қарсыластарын басып-жаншып, қанап, қысым көрсету үшін ғана құрылған жоқ, сондай-ақ тұтас алғанда қоғамды басқарып, оның қалыпты жұмыс істеуі және үдемелі дамуы үшін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету үшін және құқық тәртібін қалыптастырып, сақтау үшін де құрылды ғой.

І. 3. МЕМЛЕКЕТТІҢ ФУНКЦИЯСЫ

Мемлекет функциясының ұғымы. Өзінің бағытына сәйкес мемлекет, әдетте, өз қызметін белеңді атқарады, яғни қоғамдық өмірдің маңызды салаларындағы істердің жағдайына белгілі дәрежеде ықпал етеді. Осындай тіршілік ететін неғұрлым тұрақты және салыстырмалы түрдегі дербес бағыт мемлекет функциясын құрады. Оның астарынан мемлекеттануда мемлекет өкіметінің негізгі бағыттарын түсіну қабылданған, онда өзіне қажетті қарым-қатынас төртібін бекіту мен алдыға қойған мақсатқа қол жеткізу ниетін түсіну қиын емес. Мемлекет қызметінің осы негізгі бағыттарының әрқайсысы тұтастық пен оқшаулықтың үлгісін көрсете отырып, белгілі бір айқындығымен сипатталады; онда аз мөлшердегі компоненттер жинағы міндетті түрде болады, ол компоненттер мемлекеттің дербес функциясын ерекшелеп тұрады. Ең алдымен функцияның мағынасы туралы, яғни мемлекеттің қоғамдық қатынастың қандай да бір саласына белсенді және мақсатты ықпалы туралы айту керек. Мұндай ықпалдың процесінде мемлекет бір қатынасты бекітіп, дамытып, жетілдіруге тырысса, екіншісін бейтараптандырып немесе тіпті жеңіп шығады, үшіншісінің - жаңадан пайда болуына мүмкіндік тудырады және т. б. Мемлекеттің ықпал ету объектісі болып табылатын бұл қатынастар бір функцияны екіншісінен ерекшелейтін белгі ретінде саналады. Функцияның нақты мағынасы өзіне лайық нысанға ие болуға мұқтаж. Нысан түсінігі көп мағыналы, оның құрамына функцияны жүзеге асыру жүктелген мемлекеттік органдардың жүйесі сияқты, онымсн құқықпен байланысты қызметте (құқық шығармашылығы, құқықты жүзеге асыру және құқық қорғау) кіреді. Мемлекет функциясының оны жүзеге асыру әдісі сияқты мынандай компонентін бөліп көрсету керек, оның астарынан ара қатынасты

а) сенімді және мәжбүрлеуді,

б) басқаруды орталықтандырудың және орталықсыздандырудың бастауын,

в) авторитарлық пен қоғамдық қатынастарға қатысушылардың мінез-құлық варианттарын еркін таңдау принциптерін түсінуге болады.

Осылайша, функцияның құрамына мемлекет қызметінің негізгі бағыттарының бірі ретінде мағынасынан (өзінің басты компонентінен) басқа, жүктелген міндеттерді шешудің нысандары (ұйымдастыру, кадр және құқықтық) мен әдістері, сондай-ақ мемлекеттік ықпал ету объектілері (қоғамдық қатынастардың қандай да бір түрлері) жатады. Аталған компоненттерді тұтас қалпында анықтап алғанда ғана мемлекет функциялары туралы ұғым қалыптастыруға болады.

Функциялар теориясы

а) мемлекеттің іс-әрекеті жағын сипаттайды, оның ролін, мәнін, даму переспективасын ашады, басқа жақтармен қатысын анықтайды;

б) мемлекеттің қызметін өзінің бағыты бойынша бөлуге, реттеуге мүмкіндік береді;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің атқаратын жұмысының негізгі бағыты мен әдістерін анықтайтын мемлекет функциясының ұғымын анықтау
Жедел-іздестіру қызметі
Мемлекеттің функциялары
Мемлекет түсінігі, функциясы
Мемлекет функциясының ішкі функциясы
Мемлекеттің ішкі функциялары
Ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында жеке экономикалық категориялардың қатысу дәрежесі
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі
Қаржылардың және қаржылық құқық ұғымы
Мемлекеттің ұғымы мен белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz