Азаматтардың құқық қабілеттілігі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІК ПЕН ӘРЕКЕТ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Азаматтардың құқық қабілеттілігі
1. 2 Азаматтардың есімі мен тұрғылықты жері және азаматтық хал актелірі
1. 3 Хабар-ошарсыз кету
1. 4 Азаматты өлді деп жариялау
2 Азаматтардың әрекет қабілеттілігі туралы түсінік және тәжірибе
2. 1 Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі-нің арасындағы айырмашылығы
2. 2 Қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері
2. 3 Кәмелетке толмағандардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі
3ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ӘРЕКЕТ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ
2. 1. Азаматтық құқықтағы заңды тұлғалардың жалпы ұғымы
2. 2. Коммерциялық заңды тұлға
2. 3. Коммерциялық емес заңды тұлғалар
2. 4. Заңды тұлғалардың құрылуы, қайта құрылуы және тоқтатылуы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
4
6
6
15
19
20
22
22
23
27
34
34
42
72
76
86
88
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік аумақтық бөліністер болып табылады.
Құқықтар мен міндеттер қашан да сол құқықтар мен міндеттердің қайсы бір субъектілеріне байланысты болады. Біз қайсыбір субъективтік құқық туралы айтқанымызда, бұл құқыққа әлде біреудің ие екендігін үнемі есте ұстаймыз. Сондай-ақ міндеттіңде әлде біреудің мойнындағы міндет екендігін жадымыздан шығара алмаймыз.
Заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін "құқық субъектілері" деп немесе "тұлға" деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы құқық қабілеттілік ұғымына сәйкес келеді. Құқық өкілеттігін алған құқық қабілетті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады. Бірақ әртүрлі топтар мен түрлерге орай субъектілердің мазмұны біркелкі бола бермейді. Ал азаматтық құқық кабілеттілігі дегеніміз субъектілердің азаматтық құқыққа ие болып, міндетін орындау қабілеті деп түсіну керек.
Тұлғанын екі категориясы бар. Құқық субъектілері - ең алдымен адамдар (жеке тұлға) . Әрбір адам - құқық субъекті. Бірақ, құқықта субъектілердің басқа да категориясының барлығы мәлім. Бұл - ұжымдар, толып жатқан ұйымдар, кәсіп-орындар, коғамдар және т. б. да құқық пен міндеттердін иелері болып табылады [3, 87] .
Жоғарыда айтылған екі категориялы құқық субъектілерін (яғни адамдар мен ұйымдарды) бір-бірінен ажырату үшін зангерлер бұларды жеке тұлғалар және заңды тұлғалар деп бөледі. Жеке тұлға дегеніміз - Қазақстан Республикасының азаматтары, баска мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар. Заңды тұлға деп мекемелерді, ұйымдарды, кәсіпорындарды және т. с. с. атайды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты азаматтық құқықтағы азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігіне талдау жасау.
Дипломдық жұмыстың мақсатына орай оның алдына келесі міндеттер қойылады:
құқық қабілеттіліктің жалпы сипаттамасын беру;
азаматтардың әрекет қабілеттілігінің мәнін ашу;
азаматтардың әрекет қабілеттілік пен құқық қабілеттілігінің байланысын көрсету;
азаматтық құқықтың әрекет қабілеттілігіне байланысты субъектілерін анықтау мен оларға сипаттама беру
Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің азаматтық құқықтарына өз еркімен және өз мүддесін көздей отырып ие болады және жүзеге асырады. Олар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін анықтауда және шарттың заңдарға қайшы келмейтін кез келген жағдайларын белгілеуде ерікті.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Дипломдық жұмысты жазу барысында отандық және шетел авторларының ғылыми еңбектері, басылымдары, Қазақстан Республикасының нормативтік әдебиеттері мен заңдылықтары қолданылды.
Азаматтық құқықтың субъектілері ретінде жеке адамдар мен заңды тұлғалар жөніндегі отандық заңнама дамуының бүгінгі күнге деңгейі теоретик және практиктер жағынан әрекет етуші құқықтық конструкциялардың нысаналы ұғынуымен және құқықтық нормалардың детализация және саралануының жоғары дәріжесімен ерекшеленеді. Осы мағынада соңғы уақытта әрекет етуші заңды тұлғалар туралы заңнама жүйесінің сынды талдауына арналған, оның жеке ұйымдық-құқықтық нысандарын қарастыратын жариялымдардың жиі шығуы көрсетімді. Бұл саладағы құқықтық сананың екпінді дамуы құқықтың қолдауына ғана әсер етіп қоймай, заңнаманың әрі қарай жетілдірілуіне, жаңа құқықтық конструкциялардың ізденісі мен бекітілуіне ықпал етеді.
Нарықтық экономикаға көшу мүліктік қатынастардағы азаматтардың құқықтық мәртебелерінің өзгеруіне әкеліп соғып, шаруашылық өмірдің дамуы азаматтық құқық субъектілерінің бірі - жеке тұлғалардың құқықтық реттелуіне ғана әсерін тигізіп қоймай, өзгерістер заңды тұлғалардың қызметіне, жүйесіне, айналымдағы мәртебелері мен ішкі құрылымына да барынша ықпал етті.
Экономиканың құлдырауына жол бермейтін, ғылыми-техникалық прогресстің белсенді дамуына жағдай жасап, мемлекет экономикасының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылататын инновацияларды тиімді басқару мен ұйымдастыруға байланысты; халықтың денсаулығын сақтау мен мәдениетінің өркендеуіне ықылас көрсететін ұйымдарды ашуға дүние жүзінде ерекше көңіл бөледі.
Қазіргі кезде азаматтық құқықтағы азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі ұғымдары жиі қолданыс табуда. Ал, осы сөздердің мәнің ұғыну менің дипломдық жұмысымның мақсаты болып табылады.
1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІК ПЕН ӘРЕКЕТ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Азаматтардың құқық қабілеттілігі
Заң бойынша, құқық қабілеттілік дегеніміз азаматтық құқықтарды иелену және міндеттерді өтеу қабілеттілігі. Құқы қабілеттіліктің мазмұны азаматтық заңнамаға сәйкес, азамат иелене алатын құқықтар мен міндеттердің кешені арқылы ашылады.
Құқық қатынастарына қатысушылардын азаматтық құқықтары мен міндеттері болады, олар құқық қатынастарының субъектілері деп аталады. Азаматтық кодекстік 1-бабында азаматтық зандармен реттелетін қатынастардын қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік -аумақтық бөліністер болып табылады деп атап көрсетілген.
Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері ретінде әрекет жасайтын азаматтардың басым көпшілігі - Қазақстан Республикасының азаматтары. Конституцияның 10-бабында Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес беріліп, тоқтатылатыны, оның алыну негіздеріне қарамастан бірыңғай және тең болып табылатыны атап көрсетілген.
Азаматтық құқық шеңберінде кәсіпкерлер үшін ерекше режим жасау Азаматтық кодекстің маңызды жаналығы болып табылады. Көсіпкерлік қызметпен заңды тұлғалар ғана емес, жекелеген азаматтар да айналыса алады. Атап айтқанда, Азаматтық кодекстің кейбір баптарында кәсіпкерлерге арналған арнаулы режим бар нормалар: міндеттемені мерзімінен бұрын орындау (Азаматтық кодекстін 279-бабы), бірлескен міндеттемені орындау (Азаматтық кодекстін 287-бабы), қосылу шарты (Азаматтық кодекстің 389-бабы) және басқалар келтірілген. 2 Азаматтық құқық қатынастарына Қазақстан Республикасының азаматтарымен қоса, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар қатыба алады. Шетеддіктердің құқықтық мәртебесі Қазақстан Ресрубликасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 18 маусымдағы заң күші бар Жарлығымен белгіленген. Қазақстанда Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің шет мемлекеттің азаматы екеніне айғағы бар адамдар шетелдік азаматтар деп танылады (Жарлықтың 2-бабы) . Мәселен, Қазақстанда шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, шетелдік фирмалардың (компаниялардың) мамандары, шетелдік студенттер және т. б. бар.
«Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы» Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына айғағы жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп саналады. (Жарлықтың 2-бабының 2-тармағы) .
Шетелдіктердің инвестицияларға қатысуының құқықтық жағдайлары екі жақты халықаралық шарттармен және капитал салымдарын өзара көтермелеу мен өзара қорғау туралы келісімдермен де айқындалады. Оларда әдетте ең қолайлы ұлт режимін немесе ұлттың режим беру көзделеді, екі мемлекеттің шетелдік меншікті ұлт иелігіне алмауына және оған сондай шаралар қолданбауға міндеттемелер, еркін айырбасталатын валютамен капитал салымдарын жүзеге асыруға байланысты телемдерді шетелге кедергісіз аудару кепілдігі және басқалар енгізіледі.
Заңды тұлғалар туралы Азаматтық кодекстін 33-бабында айтылған заңды тұлға анықтамасыңан әрбір ұйымның бәрі бірдей азаматтық құқық субъектісі болмайтыны, демек, әрбір ұйымның азаматтық құқық қатынастарына қатысуының бола алмайтыны көрінеді.
Республика аумағында жұмыс істейтін шетелдік заңды тұлғалардың құқықтық мәртебесі «Шетелдік инвестициялар туралы» 1994 жылғы 27 желтоқсандағы заңмен (кейінгі өзгерістерімен қоса) реттеледі.
Алайда Қазақстан Республикасында жекелеген салаларда шетелдік заңды тұлғалардың қызметіне шектеулер қойылғанын атап еткен жөн. Атап айтканда, сақтандыру саласында шектеу қойылған. Мәселен, шетелдік сақтандыру ұйымдарының Қазақстан Республикасы аумағындағы тікелей сақтандырушы ретіндегі қызметіне тыйым салынады.
Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністердің азаматтық құқык қатынастарына қатысуының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының азаматгық заңдармен реттелетін қатынастарда сол қатынастардың өзге де қатысушыларымен тең негіздерде әрекет ететіні болып табылады. Азаматтық кодекстің 112-бабының 1-тармағында әкімшілік-аумақтық бөліністер жөнінде сондай ережелер белгіленген.
Азаматтық құқықтың жоғарыда келтірілген субъектілері азаматтың құқық қатынастарына құқықтың осы саласының субъектісі ретінде қатысады. Азаматтық кодексте субъектілердің әрбір түрінің ерекшеліктері ескеріледі. Бұл орайда жалпы (субъектілердің барлық санатгарына қолданылатын) нормалармен қатар, субъектілердің белгілі бір түріне ғана қатысты бірқатар арнаулы нұсқаулар белгіленеді. Мысалы, Азаматтық кодекстің 159-бабының 9-тармағында ауыр жағдайлардың тоғысуы салдарынан жасалған мәміленің (Кіріптарлық мәміле) шын екеніне дау туғызуға азаматтар ғана құқылы болатыны көзделген.
Азаматтық Кодекстің 1-ші бабында көрсетілгеңдей, азаматтық-құқықтық қатынастардың негізгі субъектілерінің бірі - азаматтар. Азаматтардың құқықтық жағдайы олардың құқықтық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі арқылы сипатталады. Сондықтан да азаматтық құқық қабілеттілігіне анықтама беруіміз қажет. Азаматтық Кодекстің 13-ші бабына сәйкес, азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз - азаматтардың азаматтық құқықтарға ие болу және азаматтық міндеттерді атқару қабілетін айтамыз. Азаматтың құқық қабілеттілігі ол туылған кезден басталып, қайтыс болған соң тоқталады.
Азаматтық құқықтың алдына қойған мақсаты сол - азаматтық құқық қабілеттілігін тек аталған саланың шеңберінде ғана көрсетпеу, себебі құқық қабілеттілігі басқа да құқық салаларының көкейкесті мәселелерінің бірі.
Азаматтың құқық қабілеттілігі шығу тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, нәсілі мен ұлтына, жынысына, біліміне, тіліне, дінге катысына, кәсібінің тегі мен сипатына, тұратын жеріне және т. б. жағдайларға қарамастан Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына тендей мойындалады.
Азаматтық кұқық қабілеттілігін азаматтан айырып қарауға болмайды. Азрматтық зандарда көрсетілгендей, ол адамның ақыл-есіне, жасына, денсаулығына байланысты емес. Азаматтық құқық қабілеттілігі ол туылған кезден басталып, қайтыс болғаннан кеңш тоқтатылады. Сонымен бірге занда әлі дүниеге келмеген нәрестенің, болашақ азаматтың құқығын қорғау мүмкіншілігі де көрсетілген. Азаматтық Кодекстің (негізгі белім) 525-ші бабына сәйкес мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалын, ол өлгеннен кейін туылған азаматтар да басқа мұрагермен бірдей тең үлеске тиесілі.
Азаматтардың құқық қабілеттілігінің мазмұнына тоқталатын болсақ, ол жайында Азаматтық Кодекстің 14-ші бабында айқын көрсетілген. Азамат меңшік құқығы деңгейінде мүлікті алуға, мұраға салдыруға, республика аумағында" еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйымсалынбаған кез келген мәміле жасасып міндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға, ғылым, әдебибт және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады.
Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық қабілеттілігі болып табылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі АК-тің 13-бабында азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті (азаматық құқық қабілеттілігі) барлық азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады. Конституцияның 14-бабына сәйкес, заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Констутцияның аталған тұжырымына орай азаматтарды құқық қабілеттілігі занда бәріне бірдей және біріңғай құрылған. Азаматгық кодекстің 13-бабында азаматтарды құқық қабілеттілігі барлық азаматтар үшін тең дәрежеде екендігі танылған. Дейтұрғанмен, құқық қабілеттілігінің теңдік принципі нақты субъективтік құқық шеңберіңде жекелеген азаматтарға берілетін міндеттілік теңділікті көрсете қояды деуге болмайды. Азаматтардың бәрінде бірдей кез-келген құқықты ала беру (мысалы, тұрғын үйді, машинаны) мүмкіндігі бола бермейді. Құқық қабілеттілігінің теңдігі дегенді заңда бұл орайда ешкімге артықшылық бермейтіндігі, ешкімге субъективтік құқық алуға тыйым салмайтындығы тұрғысынан түсіну керек. Азаматық құқық қабілеттілігінің теңдік принциппен жалпы ережеге сәйкес оны шектеуге жол берілмейді. Азаматтық Кодекстің 18-бабының 1-тармағында былай деп жазылған; "Заң құжаттарында көзделген реттер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды". Қолданылып жүрген заңға сәйкес, құқық қабілеттілігін шектеу азаматтың қылмыс жасау негізінде сот үкімі арқылы алынған шара бойынша шектелуі мүмкін. Бұл орайда азамат құқық қабілеттілігінен толықтай (тұтастай) айрылмайды. Тек заңда көрсетілген құқықтарға ғана шектеу қойылады. Қазіргі қылмыстық заңда азаматтың құқығын айыру мына жағдайларға:
1) белгілі бір лауазымды иеленуге немесе белгілі бір қызметті жасауға (жүргізуші, дәрігер және т. б. ) ;
2) елдің аумағында емін-еркін жүріп-тұруға (жер аударумен шектелу) .
Ескерте кеткен жөн, біздің заң бойынша құқықты жою қашан да уақыттығына сипатта болады. Сонымен қатар құқық қабілеттілігін шектеуді азаматтық басқалай субъектілік құқықтарынан айыру жағдайымен шатастыруға болмайды. Құқық қабілеттілігін шектеу дегеніміз қандайда бір құқықты алу мүмкіндігінен айыру болып табылады.
Субъективтік құқықтан айыру дегеніміз нақты, іс жүзіндегі құқықтан айыру деп түсінген жөн. Мұндай субъективтік құқықтан айыру (тағы да заңды жауапкершілік негізінде) белгіленген мерзімнің тағайындалуымен байланысты болмауы мүмкін. Мысалы, қылмыс жасаған адамның мүлкі тәркіленді делік, яғни оның белгілі бір затқа, автомашинаға, үйге, аң аулау мен балық аулауға және т. б. меншіктік құқығы жойылады. Алайда, заңдық жауапкершіліктің мұндай шарасы оның жаңа автомашина алу, басқа үйді иелену құқығынан айыра алмайды.
Егер белгілі бір қызметті жасауға байланысты құқықтан, мысалы, дәрігерліктен айырса, істеп жүрген жерінен жұмыстан шығарылған адам басқа мекемеге барып тап соңдай мамаңдықта жұмыс істеуге рұқсат етілмейді. Дейтұрғанмен, басқа жұмыспен айналысуына мүмкіндік беріледі.
Азаматтар құқық қабілеттілігін меңгере отырып әртүрлі құқықтарды ала алады, сол арқылы өзіне әртүрлі міндеттерді жүктейді де, - құқық қабілеттілік мазмұнының жиынтығын құрайды. Сонымен, азаматық құқық қабілеттілігінің мазмұны - азаматтардың қолданылып жүрген заңға сәйкес азаматтық құқықтар мен міңдеттерінің жиынтығы болып табылады. Азаматтық кодекстің 14-бабында бұл мәселе былайша тұжырымдалған: "Азаматтың Қазақстан Республикасы шегінде де, одан тыс жерлерде де мүлікті, соның ішіңде шетел валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға;
республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жерді таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайта оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысуға; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке, құқықтары болады".
2. Азаматтың құқық қабілеттілігі оның туған сәтінен басталады, яғни ана құрсағынан тірі туып, жеке өзі өмірге келгеннен кейін жеке тұлға болып есептеледі. Мысалы, түсік тірі туа тұрса да, тұлға деп саналмайды, өйткені, ол адам бейнесіне әлі келмеген. Бірақ, айтарлықтай дамыған шала туған бала тұлға санатына қосыла алады. Сонымен, егер сәби тірі туып аз күн болса да өмір сүрсе, онда ол азаматтардың хал актілерін тіркеу органдарында қай кезде шетінегеніне қарамастан туылғаны жөнінде тіркеледі.
Азаматтық кодекстің 1044-бабы бойынша мұра қалдырушының тірі кезінде ішге қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар мұрагер бола алады, ондайда сәби небәрі бірнеше минут өмір сүрсе де аталған құқықты иеленеді.
Құқық қабілеттігі адамның - құқық субъектісінің өлуімен бірге қысқарады. Өлген адамның ие болып келген құқықтары мен міндеттері ішінара (жеке бастық, жеке отбасылық жағынан) қысқарады, ішінара (мүліктік құқықтар) мұрагерге көшеді. Өлім - бірқатар құқықтық салдар тудырып кететін факт. Сондықтан, адам туылғаңда тіркелсе, қайтыс болған азаматша да хал актілерінде тіркеу керек. Айта кететін жайт, азаматтың денсаулығы және психикалық жағдайы оның құқық қабілеттігіне әсер етпейді.
Азаматтық кодекстің 12-бабына сәйкес жеке тұлға деп Қазақстан Республикасының азаматтарын, басқа мемлекеттердің азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды атаймыз.
Азаматтық алған адам сол мемлекеттің құқық субъектісі болады. Сондықтан да азаматтық занда жеке тұлғалардың құқық қабілеттілігі туралы емес, азаматтардың құқық қабілеттілігі туралы ғана айтылған. Құқық қабілеттілігі ең алдымен толық түрде Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің І995-жылғы 1-маусымда қабылданған "Шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайлары туралы" заң күші бар Жарлығының 2-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналмайтын және баска мемлекеттің азаматы туралы дәлелі бар азаматтар шетел азаматтары болып саналады. " Қазақстан Республикасындағы олардың азаматтың құқық кабілеттілігі оған мемлекетінің занымен емес, Қазақстан Республикасының заңымен айкындалады. Олар Қазақстан Республикасының заңында қаралмаған азаматтық құқыққа таласа алмайды және де егер заңда өзгеше көзделмесе, құқық қабілеттілігі шектелуге жатпайды.
Аталған Жарлықтың 2-бабы IІ-бөлігіне сәйкес, "Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналмайтын және басқа мемлекеттің азаматтығы туралы дәлелі жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп есептеледі''. Егер заң құжаттарында көзделмесе, азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасы азаматтарымен тең дәрежеде азаматтық құқықты пайдаланады. [41. 3]
1. Құқық субьектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық қабілеттілігі болып табылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі АК-тің 13-бабында азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті (азаматтық құқық қабілеттілігі) барлық азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады. Конституцияның 14-бабына сәйкес заң мен сот . алдында жұрттың бәрі тең тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдайлар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Конституцияның аталған тұжырымына орай азаматтардың құқық қабілеттілігі занда бәріне бірдей және бірыңғайлы құрылған. Азаматтық кодекстің 13-бабында азаматтардың құқық кабілеттілігі барлық азаматтар үшін тең дәрежеде екендігі танылған. Дей тұрғанмен, құқық қабілеттілігінің теңдік принципі нақты субъективтік құқық шенберінде жекелеген азаматтарға берілетін міндеттілік теңдікті көрсете қояды деуге болмайды. Азаматтардың бәрінде бірдей кез келген құқықты ала беру (Мысалы: тұрғын үйді, машинаны) мүмкіндігі бола бермейді. Құқық қабілеттілігінің теңдігі дегенде заңда бұл орайда ешкімге артықшылық бермейтіндігі, ешкімге субъективтік құқық алуға тыйым салмайтындығы тұрғысынан түсіну керек. Азаматтық құқық қабілеттілігінің тендік принципінен жалпы ережеге сәйкес оны шектеуге жол берілмейді. Азаматтық Кодекстің 18-бабы І-тармағында былай деп жазылған: "Заң құжаттарында көзделген реттер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды. " Қолданылып жүрген заңға сәйкес, құқық қабілеттілігін шектеу азаматтың қылмыс жасау негізінде сот үкімі арқылы алынған шара бойынша шектелуі мүмкін. Бұл орайда азамат құқық қабілеттілігінен толықтай (тұтастай) айрылмайды. Тек заңда көрсетілген құқықтарға ғана шектеу қойылады. Қазіргі қылмыстық заңда азаматтың құқығын айыру мына жағдайларда:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz