Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінің арасындағы айырмашылығы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІК ПЕН ӘРЕКЕТ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1.1 Азаматтардың құқық қабілеттілігі
1.2 Азаматтардың есімі
1.3 Хабар-ошарсыз кету
1.4 Азаматты өлді деп жариялау
2 Азаматтардың әрекет қабілеттілігі туралы түсінік
2.1 Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінің арасындағы
айырмашылығы
2.2 Қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері
2.3 Кәмелетке толмағандардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі
Қорытынды
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
\
Кіріспе
Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың
теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік
қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық
заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар,
мемлекет, сондай-ақ әкімшілік аумақтық бөліністер болып табылады.
Құқықтар мен міндеттеор қашан да сол құқықтар мен міндеттердің
қайсыбір субъектілеріне байланысты болады. Біз қайсыбір субъективтік құқық
туралы айтқанымызда, бұд құқыққа әлдебіреуінің ие екендігін үнемі есте
ұстаймыз. Сондай-ақ міндеттің де кейбіреудің мойнындағы міндет екендігін
жадымыздан шығара алмаймыз.
Заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін құқық
субъектілері деп немесе тұлға деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан
алғандағы ұғымы құқық қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық
өкілеттілігін алған құқық қабіулетті атаулының бәрін тұлға деп атауға
болады. Тұлғаның екі категориясы бар. Құқық субъектілері – ең алдымен
адамдар ( жеке тұлға). Әрбір адам – құқық субъектісі.
Курстық жұмыстың мақсаты азаматтық құқықтағы азаматтардың құқық
қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігіне талдау жасау.
Курстық жұмыстың мақсатына орай оның алдына келесі міндеттер қойылады:
құқық қабілеттіліктің жалпы сипаттамасын беру;
азаматтардың әрекет қабілеттілігінің мәнін ашу;
азаматтардың әрекет қабілеттілік пен құқық қабілеттілігінің байланысын
көрсету;
азаматтық құқықтың әрекет қабілеттілігіне байланысты субъектілерін
анықтау мен оларға сипаттама беру
Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің азаматтық құқықтарына өз еркімен
және өз мүддесін көздей отырып ие болады және жүзеге асырады. Олар шарт
негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін анықтауда және шарттың
заңдарға қайшы келмейтін кез келген жағдайларын белгілеуде ерікті.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Курстық жұмысты жазу барысында отандық және шетел авторларының ғылыми
еңбектері, басылымдары, Қазақстан Республикасының нормативтік әдебиеттері
мен заңдылықтары қолданылды.
1. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІК ПЕН ӘРЕКЕТ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1.1 Азаматтардың құқық қабілеттілігі
Заң бойынша, құқық қабілеттілік дегеніміз азаматтық құқықтарды иелену
және міндеттерді өтеу қабілеттілігі. Құқы қабілеттіліктің мазмұны азаматтық
заңнамаға сәйкес, азамат иелене алатын құқықтар мен міндеттердің кешені
арқылы ашылады.
Құқық қатынастарына қатысушылардын азаматтық құқықтары мен міндеттері
болады, олар құқық қатынастарының субъектілері деп аталады. Азаматтық
кодекстік 1-бабын-да азаматтық зандармен реттелетін қатьшастардын
қатысушылары азаматтар, занды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік
-аумақтық бөліністер болып табылады деп атап көрсетілген.
Азаматтық құкық қатынастарының субъектілері ретінде әрекет жасайтын
азаматтардың басым көпшілігі — Қазақстан Республикасының азаматтары.
Конституцияның 10-бабында Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес
беріліп, тоқтатылатыны, оның алыну негіздеріне қарамастан бірыңғай және тең
болып табылатыны атап көрсетілген.
Азаматтық құқық шеңберінде кәсіпкерлер үшін ерекше режим жасау
Азаматтық кодекстің маңызды жаналығы болып табылады. Көсіпкерлік қызметпен
заңды тұлғалар ғана емес, жекелеген азаматтар да айналыса алады. Атап
айтқанда, Азаматтық кодекстің кейбір баптарында кәсіпкерлерге арналған
арнаулы режим бар нормалар: міндеттемені мерзімінен бұрын орындау
(Азаматтық кодекстін 279-бабы), бірлескен міндеттемені орындау (Азаматтық
кодекстін 287-бабы), қосылу шарты (Азаматтық кодекстің 389-бабы) және
басқалар келтірілген. 2 Азаматтық құқық қатынастарына Қазақстан
Республикасының азаматтарымен қоса, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар
қатыба алады. Шетеддіктердің құқықтық мәртебесі Қазақстан Ресрубликасы
Президентінің Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық
жағдайы туралы 1995 жылғы 18 маусымдағы заң күші бар Жарлығымен
белгіленген. Қазақстанда Қазақстан Республикасының азаматтары болып
табылмайтын және өзінің шет мемлекеттің азаматы екеніне айғағы бар адамдар
шетелдік азаматтар деп танылады (Жарлықтың 2-бабы). Мәселен, Қазақстанда
шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен халықаралық ұйымдардың
қызметкерлері, шетелдік фирмалардың (компаниялардың) мамандары, шетелдік
студенттер және т.б. бар.
Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы
туралы Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары болып
табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына айғағы
жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп саналады. (Жарлықтың 2-бабының 2-
тармағы).
Шетелдіктердің инвестицияларға қатысуының құқықтық жағдайлары екі жақты
халықаралық шарттармен және капитал салымдарын өзара көтермелеу мен өзара
қорғау туралы келісімдермен де айқындалады. Оларда әдетте ең қолайлы ұлт
режимін немесе ұлттың режим беру көзделеді, екі мемлекеттің шетелдік
меншікті ұлт иелігіне алмауына және оған сондай шаралар қолданбауға
міндеттемелер, еркін айырбасталатын валютамен капитал салымдарын жүзеге
асыруға байланысты телемдерді шетелге кедергісіз аудару кепілдігі және
басқалар енгізіледі.
Заңды тұлғалар туралы Азаматтық кодекстін 33-бабында айтылған занды
тұлға анықтамасыңан әрбір ұйымның бәрі бірдей азаматтық құқық субъектісі
болмайтыны, демек, әрбір ұйымның азаматтык құқық қатынастарына қатысуының
бола алмайтыны көрінеді.
Республика аумағында жұмыс істейтін шетелдік заңды тұлғалардың құқықтық
мәртебесі Шетелдік инвестициялар туралы 1994 жылғы 27 желтоқсандағы
заңмен (кейінгі өзгерістерімен қоса) реттеледі.
Алайда Қазақстан Республикасында жекелеген салаларда шетелдік занды
тұлғалардың қызметіне шектеулер қойылғанын атап еткен жөн. Атап айтканда,
сақтандыру саласында шектеу қойылған. Мәселен, шетелдік сақтандыру
ұйымдарының Қазақстан Республикасы аумағындағы тікелей сақтандырушы
ретіндегі қызметіне тыйым салынады.
Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністердің азаматтық құқык
қатынастарына қатысуының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының азаматгық
заңдармен реттелетін қатынастарда сол қатынастардың өзге де қатысушыларымен
тең негіздерде әрекет ететіні болып табылады. Азаматтық кодекстің 112-
бабының 1-тармағында әкімшілік-аумақтық бөліністер жөнінде сондай ережелер
белгіленген.
Азаматтық құқықтың жоғарыда келтірілген субъектілері азаматтың құқық
қатынастарына құқықтың осы саласының субъектісі ретінде қатысады. Азаматтық
кодексте субъектілердің әрбір түрінің ерекшеліктері ескеріледі. Бұл орайда
жалпы (субъектілердің барлық санатгарына қолданылатын) нормалармен қатар,
субъектілердің белгілі бір түріне ғана қатысты бірқатар арнаулы нұсқаулар
белгіленеді. Мысалы, Азаматтық кодекстің 159-бабының 9-тармағында ауыр
жағдайлардың тоғысуы салдарынан жасалған мәміленің (Кіріптарлық мәміле) шын
екеніне дау туғызуға азаматтар ғана құқылы болатыны көзделген.
Азаматтық Кодекстің 1-ші бабында көрсетілгеңдей, азаматтық-құқықтық
қатынастардың негізгі субъектілерінің бірі — азаматтар. Азаматтардың
құқықтық жағдайы олардың құқықтық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі
арқылы сипатталады. Сондықтан да азаматтық құқық қабілеттілігіне анықтама
беруіміз қажет. Азаматтық Кодекстің 13-ші бабына сәйкес, азаматтық құқық
қабілеттілігі дегеніміз — азаматтардың азаматтық құқықтарға ие болу және
азаматтық міндеттерді атқару қабілетін айтамыз. Азаматтың құқық
қабілеттілігі ол туылған кезден басталып, қайтыс болған соң тоқталады.
Азаматтық құқықтың алдына қойған мақсаты сол — азаматтық құқық
қабілеттілігін тек аталған саланың шеңберінде ғана көрсетпеу, себебі құқық
қабілеттілігі басқа да құқық салаларының көкейкесті мәселелерінің бірі.
Азаматтың құқық қабілеттілігі шығу тегіне, әлеуметтік және мүліктік
жағдайына, нәсілі мен ұлтына, жынысына, біліміне, тіліне, дінге катысына,
кәсібінің тегі мен сипатына, тұратын жеріне және т. б. жағдайларға
қарамастан Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына тендей
мойындалады.
Азаматтық кұқық қабілеттілігін азаматтан айырып қарауға болмайды.
Азрматтық зандарда көрсетілгендей, ол адамның ақыл-есіне, жасына,
денсаулығына байланысты емес. Азамат-тық құқық қабілеттілігі ол туылған
кезден басталып, қайтыс болғаннан кеңш тоқтатылады. Сонымен бірге занда әлі
дүниеге келмеген нәрестенің, болашақ азаматтың құқығын қорғау мүмкіншілігі
де көрсетілген. Азаматтық Кодекстің (негізгі белім) 525-ші бабына сәйкес
мұра қалдырушының тірі кезінде іште қальш, ол өлгеннен кейін туылған
азаматтар да басқа мұрагермен бірдей! тең үлеске тиесілі.
Азаматтардың құқық қабілеттілігінің мазмұнына тоқталатын болсақ, ол
жайында Азаматтық Кодекстің 14-ші бабында айқын көрсетілген. Азамат меңшік
құқығы деңгейінде мүлікті алуға, мұраға салдыруға, республика аумағында"
еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге
еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында
тыйымсалынбаған кез келген мәміле жасасып міндеттемелерге қатысу;
өнертабыстарға,.— ғылым, әдебибт және өнер шығармаларына, интеллектуалдық
қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға;
материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы
болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады.
Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық
қабілетгілігі болып табылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі АК-тің 13-
бабында азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті (азаматық құқық
қабілеттілігі) барлық азаматтарға бірдей деп тұжырыңдалады. Констшуцияның
14-бабына сәйкес, заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең, тегіне, әлеуметтік,
лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне,
дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген
өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Констутцияның аталған тұжырымына орай азаматтарды құқық қабілеттілігі
занда бәріне бірдей және біріңғай құрылған. Азаматгық кодекстің 13-бабында
азаматтарды құқық қабілеттілігі барлық азаматтар үшін тең дәрежеде екендігі
танылған. Дейтұрғанмен, құқық қабілетгілігінің теңдік принципі нақты
субъективтік құқық шеңберіңде жекелеген азаматтарға берілетін міндеттілік
теңділікті көрсете қояды деуге болмайды. Азаматтардың бәрінде бірде -кез
келген құқықты ала беру (мысалы, тұрғын үйді, машинаны) мүмкіндіп бола
бермейді. Құқық қабілеттілігінің теңдігі дегенді заңда бұл орайда ешкімге
артықшылық бермейтіндігі, ешкімге субъективтік құқық алуға тыйым
салмайтындығы тұрғасынан түсіну керек. Азаматық құқық қабілеттілігінің
теңдік принциппен жалпы ережеге сәйкес оны шектеуге жол берілмейді.
Азаматтық Кодекстің 18-бабының 1-тармағында былай деп жазылған; "Заң
құжаттарында көзделген реттер мен төртіп бойынша болмаса, ешкімнің де құқық
қабілетгілігі мен әрекет қабілетгілігін шектеуге болмайды". Қолданылып
жүрген заңға сәйкес, құқық қабілеттілігін шектеу азаматтаң қылмыс жасау
негізінде сот үкімі арқылы алынған шара бойынша шектелуі мүмкін. Бұл орайда
азамат құқық қабілетгілігінен толықтай (тұтастай) айрылмайды. Тек заңда
көрсетілген құқықтарға ғана шектеу қойылады. Қазіргі қылмыстық заңда
азаматтың құқығын айыру мына жағдайларға:
1) белгілі бір лауазымды иеленуге немесе белгілі бір қызметгі жасауға
(жүргізуші, дәрігер және т.б.);
2) елдің аумағында емін-еркін жүріп-тұруға (жер аударумен шектелу).
Ескерте кеткен жөн, біздің заң бойынша құқықты жою қашан да уақыттығына
сипатта болады. Сонымен қатар құқық қабілеттілігін шектеуді азаматтық
басқалай субъектілік құқықтарынан айыру жағдайымен шатастыруға болмайды.
Құқық қабілеттілігін шектеу дегеніміз қандайда бір құқықты алу
мүмкіндігінен айыру болып табылады.
Субъективтік құқықтан айыру дегеніміз нақты, іс жүзіндегі құқықтан
айыру деп түсінген жөн. Мұндай субъективтік Құқықтан айыру (тағы да заңды
жауапкершілік негізінде) белгіленген мерзімнің тағайыңдалуымен байланысты
болмауы мүмкін. Мысалы, қылмыс жасаған адамның мүлкі тәркіленді делік, яғни
оның белгілі бір затқа, автомашинаға, үйге, аң аулау мен балық аулауға және
т.б. меншіктік құқығы жойылады. Алайда, заңдық жауапкершіліктің мұндай
шарасы оның жаңа автомашина алу, басқа үйді иелену құқығынан айыра алмайды.
Егер белгілі бір қызметті жасауға байланысты құқықтан, мысалы,
дәрігерліктен айырса, істеп жүрген жерінен жұмыстан шығарылған адам басқа
мекемеге барып тап соңдай мамаңдықта жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.
Дейтұрғанмен, басқа жұмыспен айналысуына мүмкіндік беріледі.
Азаматтар құкық қабілеттілігін меңгере отырып әртүрлі құқықтарды ала
алады, сол арқылы өзіне әртүрлі міндеттерді жүктейді де,- құқық
қабілеттілік мазмұнының жиынтығын құрайды. Сонымен, азаматық құқық
қабілеттілігінің мазмұны — азаматтардың қолданылып жүрген заңға сәйкес
азаматтық құқықтар мен міңдеттерінің жиынтығы болып табылады. Азаматтық
кодекстің 14-бабында бұл мәселе былайша тұжырымдалған: "Азаматтың Қазақстан
Республикасы шегінде де, одан тыс жерлерде де мүлікті, соның ішіңде шетел
валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға;
республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жерді таңдауға;
республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайта
оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға;
дербес өзі немесе басқа азаматтармен және , заңды тұлғалармен бірігіп заңды
тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып,
міндеттемелерге қатысуға; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер
шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына
интеллектуалдық меншік құқығы болуға; материалдық және моралбдық зиянның
орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүлікгік және жеке,
құқықтары болады".
2.Азаматың құқық қабілетгілігі оның туған сәтінен басталады, яғни ана
құрсағынан тірі туып, жеке өзі өмірге келгеннен кейін жеке тұлға болып
есептеледі. Мысалы, түсік тірі туа тұрса да, тұлға деп саналмайды, өйткені,
ол адам бейнесіне әлі келмеген. Бірақ, айтарлықтай дамыған шала туған бала
тұлға санатына қосыла алады. Сонымен, егер сәби тірі туып аз күн болса да
өмір сүрсе, онда ол азаматтардың хал актілерін тіркеу органдарында қай
кезде шетінегеніне қарамастан туылғаны жөнінде тіркеледі.
Азаматтық кодекстің 1044-бабы бойынша мұра қалдырушының тірі кезіңде
ішге қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар мұрагер бола
алады, ондайда сәби небәрі бірнеше минут өмір сүрсе де аталған құқықты
иеленеді.
Құқық қабілеттігі адамның — құқық субъектісінің өлуімен бірге
қысқарады. Өлген адамның ие болып келген құқықтары мен міндеттері ішінара
(жеке бастық, жеке отбасылық жағынан) қысқарады, ішінара (мүліктік
құқықтар) мұрагерге көшеді. Өлім — бірқатар құқықтық салдар тудырып кететін
факт. Сондықтан, адам туылғаңда тіркелсе, қайтыс болған азаматша да хал
актілерінде тіркеу керек. Айта кететін жайт, азаматтың денсаулығы және
психикалық жағдайы оның құқық қабілеттігіне әсер етпейді.
1.2 Азаматтардың есімі
Азамат өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ қаласа, әкесінің атын
қоса, өз атымен құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асырады.
Заңдар бойынша азаматтардың жасырын түрде құқықтар иеленіп, міндеттерді
жүзеге асыратын жағдайлары немесе бүркеншік ат пайдаланатын реттері
көзделуі мүмкін.
Азаматтың туған кезде берілген есімі, сондай-ақ есімін өзгерту
азаматтық хал актілерін тіркеу туралы заңдарда белгіленген тәртіп бойынша
тіркелуге тиіс.
Азамат өз есімін заң құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша өзгертуге
құқылы. Есімін өзгерту оның бұрынғы есімін, жасырын немесе бүркеншік атпен
алған құқықтары мен міндеттерін тоқтатуға немесе өзгертуге негіз болмайды.
Азаматтың құқығы мен міндетгерін алу және жүзеге асыру тиісінше
дербестікке ие болуы керек. Әрбір жеке азамат өзінің атымен аталады. АК-тің
15-бабының 1-тармағына сәйкес азамат өз фамилиясы мен өз есімін, соңдай-ақ
қаласа, әкесінің атын да қоса алады. Азаматқа туылған кезде ат қояды. Ал
ата-анасы болмаған жағдайда оны тәрбиелеп отырған адам жүзеге асырады.
Әдетте балаға ата-анасының фамилиясы беріледі. Егер әртүрлі фамилияда
болса, онда ата-аналары қайсысын беруді өздері келісіп шешеда.
Некесіз туған балаға әкесі жоқтығынан сот арқылы қажет болмаған
жағдайда анасының фамилиясы беріледі.
Біздің елімізде 1992 жылдан бастап ата-анаға ұлттық дәстүрді ескере
Отырып, баланы әкесінің не атасының атына жаздыру мүмкіңдігі берілді.
Баланың әкесінің аты әкесінің атымен жазылады, ұлттық ерекшеліктерді
ескере отырып, айталық, қазақтар құжаттарда әкесінің атын көрсетатуіне
болады. Әрине, оның өзі ата-аналарының келісімі арқылы жүзеге асады. Азамат
тіркелу кезінде жазылған өз есімін, фамилиясын және әкесінің атын заң
құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша өзгертуге құқығы бар. Қазақстан
Республикасы Президентінінің 1996 жылғы 2 сәуірде қабылдаған "Қазақ
ұлтының адамдарының фамилиясы мен әкесінің атын жазуға байланысты
мәселелерді шешудің тәртібі туралы" Жарлығында қазақ ұлтының өкілдері
өздерінің ықтияры бойынша қазақ тіліне келе бермейтін жалғауларды
фамилиясы мен әкесінің аттарының түбірін сақтай отырып өзгертуіне
болатындығы айтылған. Әкесінің атынан кейін "ұлы" немесе "қызы" деп
жынысына қарай жазылады. Аталған Жарлықта фамилиясы мен әкесінің атының
жазылуындағы өзгерістер азаматтың қүқық субъектісін өзгерте алмайтындығы
ескертілген. Яғни жасалған өзгерістер оның құқықтары мен міндеттерін
тоқтатса да, өзгерте алмайды.
Қазақстан Республикасы азаматтарының фамилиясы мен әкесінің атын
ауыстру жөніндегі тілек Республика Үкіметінің қаулысымен 1996 жылы 26
қыркүйекте қабылдаған Ережесімен айқыңдалады.
Азаматтың жеке дербестігі есімімен қатар оның тұрғылықты жерімен
анықталады. Міндеттемені орындау, мұрагердік жасау және басқа да азаматтық-
құқықтық әрекеттер азаматтың тұрғылықты жерінде жүзеге асады. Азаматтың
есімімен қатар оның тұрғылықты жері азаматтық, құқықтық қатынастың
субъектісін нақтылай түседі. Өмірде аты, фамилиясы және әкесінің аты бірдей
болатын жағдайлар аз кездеспейді. Егер азаматтың атыңда әкесінің аты
көрсетілмесе, онда олардың бір-бірінен айырмашылығын анықтау қиындай
береді. Сондықтан да тұрғылықты жері бойьшша азаматың жеке басын
куәлаңдыратын мәліметтер нақтыланады. АК-тің 16-бабында азаматтың тұрақты
немесе тұратын елді-мекені оның тұрғылықты жері деп танылатындығы
тұжырындалған.
Әдетте азаматтың тұрғылықты жері мен оның жұмыс орны бір-біріне сай
келеді. Дейтұрғанмен, өзі бір жерде тұрып, екінші жерде жұмыс істейтін
жағдайлар да кездеседі. Мысалы, азамат Алматы қаласында тұрып, Қаскеленде
жұмыс істеуі мүмкін. Мұндай жағдайда заңның тікелей көрсетуіне орай оның
жұмыс орны емес, тұрғылыкты жеріне басымдылық беріледі.
Қазіргі жағдайда азаматтар бірнеше тұрын үйді иеленуге құқылы, әрі онда
бір-біріне ауысып отарады. Мысалы, Алматыдағы үйі мен қаланың сыртында
жазда тұратын үйі болды делік. Мұндай жағдайда заң оның қайсысында көп
тұратындығын ескереді. Азаматтар тұрғылықты жерін өзі таңдайды, бұл оның
азаматтық құқық қабілеттілігінің бір элементі болып табылады. (АК-тің 14-
бабы). Жасы 14-ке толмаған және қорғаншылықтағы азаматтардың ғана нақты
тұрғалықты жері есепке алынбайды, яғни оның ата-аналарының асырап алушылар
мен қорғаншыларының тұрғылықты жері танылады. Мұның өзі аталған
азаматтардың әрекет қабілетгілігі болмай, өз беттерімен мәмілелер және
басқа заңды әрекеттер жасай алмауымен түсіндіріледі.
1.3 Хабар-ошарсыз кету
1. Азаматтық кодекстің 28-бабына сәйкес, егер азаматтың тұрғылықты
жерінде ол туралы бір жыл бойы деректер болмаса, мүдделі адамдардың арызы
бойынша сот оны хабар-ошарсыз кетуі деп тануы мүмкін. Жылдық мерзім
азаматтың хабар-ошарсыз кеткені жөнінде хабар түскен күннен басталады.
Ондай азамат туралы соңғы деректер алынған күнді анықтау мүмкін болмаған
жағдайда жоқ адам туралы соңы деректер алынған айдан кейінгі айдың бірінші
күні, ал бұл айды анықтау мүмкін болмаған жағдайда келесі жылгы 1 қаңтар
хабар-ошарсыз кетудің бірінші күні деп есептеледі.
Сот шешім шығарған кезде барлық қояда бар мәліметтерді еске алады. Арыз
берушіден немесе басқа адамдардан жоғалған адамның қайда болуы мүмкін деген
жерлер анықталады, ата-аналарының, туған-туысқандарының, бұрынта отбасының
мекен-жайына сұрау салынады, әрі одан келген жауаптарды саралайды. Алайда
жасырынып, өзінің мекен-жайын айтудан жалтарып жүрген адамдарды хабар-
ошарсыз кетгі деп тануға болмайды. Сондықтан да азамапъщ жасырынып жургеш
белгілі болса, мәселен, қүқықты бүзып, жауапкершіліктен жалтарьш бой
тасалап кетсе, онда оны жоғалған деп санамайды.
Хабар-ошарсыз кетті деп саналған адамның мүлкіне сот шешімінің
негізінде қорғаншылық белгіленеді. Осы мүліктен хабар-ошарсыз кеткен
адам асырауға міндетті адамдарды асырауға қаражат беріледі және хабар-
ошарсыз кетеен адамның салықтар мен басқа да міндеттемелер бойынша берешегі
өтеледі. Мүлікке қорғаншылық белгілеу, азаматты хабар-ошарсыз кетті
деп танудан басқа да жағдайлар заңға сәйкес шешімін табады. Мысалы, жоғалып
кеткен адамның жұбайы онымен жеңілдетілген тәртіппен некесін бұза алады.
Азаматтық кодекстің 29-бабының 2-тармағына сәйкес, мүдделі адамдардың
арызы бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органы мүлікгі сақтау және
басқару үшін хабар-ошарсыз кеткен адамның тұрған жері туралы соңы деректер
алынған күннен бастап бір жыл өткенге дейін де қорғаншы тағайыңдай алады.
Қорғаншыны осылайша шұғыл белгілеу кезінде сот азаматы хабар-ошарсыз кетті
деп танымайынша мүліктен ешқаңдай төлем төлемейтіңдігі ескерілген.
Хабар-ошарсыз кетті деп танылған адам келген немесе оның тұрған жері
белгілі болған жағдайда сот оны хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы оның
мүлкіне қорғаншылық белгілеу туралы шешімнің күшін жояды (АК-тің 30-бабы).
1.4 Азаматты өлді деп жариялау
АК-тің 31-бабына сәйкес, егер азаматтың тұрғылықты жеріңде ол туралы
үш жыл бойы деректер болмаса, ал егер ол өлім қатері төнген немесе
жазатайым оқизгадан қаза тапты деп жорамаддауға негіз болатьш жағдайларда
алты ай бойы хабар-ошарсыз жоғалып кетсе, мүдделі адамдардың арызы бойынша
сот оны өлді деп жариялауы мүмкін. Азаматга өлді деп жариялауға оның хабар-
ошарсыз кетуі, ұзақ уақыт бойы өзінің өлі-тірі екендігінен хабар бермеуі,
тірі болса ендігі бір жерден шығатындығы назарға алынады. Адамды өлді деп
жариялауға берілетін уақыт хабар-ошарсыз кеткенге қарағанда неғұрлым ұзақ
мерзім болады.
Азамат өлді деп жариялауға байланысты сотқа жүгінбестен бұрын сотқа
оның хабар-ошарсыз кеткені туралы тануы талап етілмейді.
Сонымен, үш жыл бойы үшты-күйлі жоғалған адамды сот арқылы өлді деп
жария етуге болады. Ал, өлім қатері төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза
тапты деп жорамалдауға негіз болған жағдайда өлді деп жариялау алты ай
мерзімнен кешіктірілмей шығарылады. Егер азамат жер сілкінісінен, дауылдан,
бораннан және т.б. кездейсоқ апат кезіңде жаталып кетсе, оны өлді деп
жариялауды үш жыл күтуді қажеті жоқ. Мұндай жағдайда ол туралы хабарды алты
ай күтіп, сосын өлді деп жариялай береді. Заңда әскери қызметкерлердің
сондай-ақ соғыс қимылдарына байланысты хабар-ошарсыз жоғалып кеткендер
туралы арнайы ереже бар, Аталған тұлғалардың баққа мемлекеттің аумағында
тұтқында болуы тәрізді мәселелер де ескеріледі. Соған орай азаматтық
кодекстің 31-бабының 2-тармағында соғыс кимылдарына байланысты хабар-
ошарсыз жоғалып кеткен әскери қызметшіні немесе өзге адамды соғыс
қимылдары аяқталған бастап кемінде екі жыл өткеннен кейін өлді деп
жариялау мүмкіндігі айтылған.
Өлді деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген ні өлді деп
жарияланған адамның өлген күні болып есептеледі. Өлім қатері төнген немесе
жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негіз болатын жағдайларда
хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адам өлді деп жарияланған реттерде сот бұл
адамның шамамен қаза тапқан күнін оның өлген күні деп тануы мүмкін. Мысалы,
азамат су тасқыны кезінде өлді деп жарияланса, онда оның өлген күні болып
сел болған күн танылады.
Адамды өлді деп жариялау туралы заңды күшіне енген сот шешімінің
негізінде Азаматтық хал актілерін жазу кітаптарына оның өлгені туралы жазба
жасалады. Азаматық кодекстің 31 -бабына сәйкес бұл жазбаның нәтижелері де
нақты өлім туралы жазбаның нәтижелері сияқты болады.
Осы айтылғандарға қарап, азаматты өлді деп жариялаған соттың шешімі
күшіне енген соң, азаматтық хал актілеріне, жазу кітаптарына оның өлгені
туралы жазба түсірілгеннен кейін өлді деп жарияланған адамның мүлкіне
мұрагерлік ашылады, некесі бұзылып, асыраушысыз қалған адамға зейнетақы
төленеді.
Азаматы өлді деп жариялау өлгені туралы нақты факті негізінде емес,
жорамалға сәйкес жүзеге асады. Сондықтан да Азаматық кодекстің 32-бабы өлді
деп жарияланған адамның тірі оралуынан туындайтын жағдайларды қарастырады.
Өлді деп жарияланған адам тірі оралған немесе оның тұрған жері белгілі
болған жағдайда, сот тиісті шешіміне күшін жояды.
Азамат өзінің қай уақытта оралғанына қарамастан, кез келген адамнан
азамат өлді деп жарияланғаннан кейін сол адамға тегін көшіп, сақталып
қалған мүлкін қайырып беруді талап ете алады. Өлді деп жарияланған адамның
мүлкін қайтаруға оның тек мұрагері ғана емес, мұрагердің мүлік сыйлаған
адамы да міндетті болады. Егер өлді деп жарияланған адамның мүлкін оның
занды мұрагері үшінші бір адамдарға беріп, олар мүліктің сатып алу бағасын
адам тірі оралған кезге дейін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz