Азаматтардың әрекет қабілеттілігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
1.1. Азаматтық құқық қабілеттілігі және азаматтардың әрекет қабілеттілігі.
1.2. Қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері.
1.3. Азаматтардың есімі мен тұрғылықты жері. Хабар – ошарсыз кету, азаматты
өлді деп жариялау.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланған әдебиеттер.

Кіріспе.
Құқықтар мен міңдеттер кашан да сол құқықтар мен міндеттердің қайсыбір
субъектілеріне байланысты болады. Біз қайсыбір субъекгивтік құқық туралы
айтқанымызда, бұл құқыққа әлдебіреудің ие екендігін үнемі есте ұстаймыз.
Сондай-ақ, міндеттің де әлдебіреудің мойнындағы міндет екендігін жадымыздан
шығара алмаймыз.
Заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін "құқық субъекгілері"
деп немесе "тұлға" деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы
құқық қабілетгілік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық өкілеттігін алған құқық
қабілетгі атаулының бірін тұлға деп атауға болады. Бірақ, әртүрлі топтар
мен түрлерге орай субъектілердің мазмұны біркелкі бола бермейді. Ал
азаматық құқық қабілеттілігі дегеніміз субъектілердің азаматтық құқыққа ие
болып, міндетін орындау қабілеті деп түсіну керек.
Тұлғаның екі категориясы бар. Құқық субъектілері — ең алдымен адамдар
(жеке тұлға). Әрбір адам — құқық субъектісі. Бірақ, құқықта субъектілердің
басқа да категориясының барлығы мәлім. Бұл — ұжымдар, толып жатқан ұйымдар,
кәсіпорындар, қоғамдар және т.б. да құқық пен міндеттердің иелері болып
табылады.
Жоғарыда айтылған екі категориялы құқық субъектілерін (яғни адамдар мен
ұйымдарды) бір-бірінен ажырату үшін заңгерлер бұларды жеке тұлғалар және
заңды тұлғалар деп бөледі. Жеке тұлға дегеніміз — Қазақстан Республикасының
азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ
адамдар. Заңды тұлға деп мекемелерді, ұйымдарды, көсіпорындарды және т.с.с.
атайды.
Азаматық кодексінің 12-бабына сәйкес жеке тұлға деп Қазақстан
Республикасының азаматтарын, басқа мемлекеттердің азаматтарын және
азаматтығы жоқ адамдарды атаймыз.
Азаматтық алған адам сол мемлекетгің құқық субъектісі болады. Сондықтан
да азаматтық заңда жеке тұлғалардың құқық қабілеттілігі туралы емес,
азаматтардың құқық қабілетгілігі туралы ғана айтылған. Құқық қабілеттілігі
ең алдымен толық түрде Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымда қабылданған
"Шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайлары туралы" Заң күші бар Жарлығының
2-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналмайтын
және басқа мемлекеттің азаматы туралы дәлелі бар азаматтар шетел азаматтары
болып саналады." Қазақстан Республикасындағы олардың азаматгық құқық
қабілетгілігі өзінің мемлекетінің заңымен емес, Қазақстан Республикасының
заңымен айқыңдалады. Олар Қазақстан Республикасының заңында қаралмаған
азаматық құқыққа таласа алмайды және де егер занда өзгеше көзделмесе, құқық
қабілеттілігі шектелуге жатпайды.
Аталған Жарлықтың 2-бабының 11-бөлігіне сәйкес, "Қазақстан
Республикасының азаматгары болып саналмайтын және басқа мемлекеттің
азаматтығы туралы дәлелі жою адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп
есептеледі". Егер заң құжаттарыңда көзделмесе, азаматтың жоқ адамдар
Қазақстан Республикасы азаматтарымен тең дәрежеде азаматтық құқықты
пайдаланады.

1.1. Азаматтық құқық қабілеттілігі
Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық
қабілетгілігі болып табылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі АК-тің
13-бабында азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті (азаматық
құқық қабілеттілігі) барлық азаматтарға бірдей деп тұжырыңдалады.
Констшуцияның 14-бабына сәйкес, заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең,
тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне,
ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты
немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге
болмайды.
Констутцияның аталған тұжырымына орай азаматтарды құқық қабілеттілігі
занда бәріне бірдей және біріңғай құрылған. Азаматгық кодекстің 13-бабында
азаматтарды құқық қабілеттілігі барлық азаматтар үшін тең дәрежеде екендігі
танылған. Дейтұрғанмен, құқық қабілетгілігінің теңдік принципі нақты
субъективтік құқық шеңберіңде жекелеген азаматтарға берілетін міндеттілік
теңділікті көрсете қояды деуге болмайды. Азаматтардың бәрінде бірде -кез
келген құқықты ала беру (мысалы, тұрғын үйді, машинаны) мүмкіндіп бола
бермейді. Құқық қабілеттілігінің теңдігі дегенді заңда бұл орайда ешкімге
артықшылық бермейтіндігі, ешкімге субъективтік құқық алуға тыйым
салмайтындығы тұрғасынан түсіну керек. Азаматық құқық қабілеттілігінің
теңдік принциппен жалпы ережеге сәйкес оны шектеуге жол берілмейді.
Азаматтық Кодекстің 18-бабының 1-тармағында былай деп жазылған; "Заң
құжаттарында көзделген реттер мен төртіп бойынша болмаса, ешкімнің де құқық
қабілетгілігі мен әрекет қабілетгілігін шектеуге болмайды". Қолданылып
жүрген заңға сәйкес, құқық қабілеттілігін шектеу азаматтаң қылмыс жасау
негізінде сот үкімі арқылы алынған шара бойынша шектелуі мүмкін. Бұл орайда
азамат құқық қабілетгілігінен толықтай (тұтастай) айрылмайды. Тек заңда
көрсетілген құқықтарға ғана шектеу қойылады. Қазіргі қылмыстық заңда
азаматтың құқығын айыру мына жағдайларға:
1) белгілі бір лауазымды иеленуге немесе белгілі бір қызметгі жасауға
(жүргізуші, дәрігер және т.б.);
2) елдің аумағында емін-еркін жүріп-тұруға (жер аударумен шектелу).
Ескерте кеткен жөн, біздің заң бойынша құқықты жою қашан да уақыттығына
сипатта болады. Сонымен қатар құқық қабілеттілігін шектеуді азаматтық
басқалай субъектілік құқықтарынан айыру жағдайымен шатастыруға болмайды.
Құқық қабілеттілігін шектеу дегеніміз қандайда бір құқықты алу
мүмкіндігінен айыру болып табылады.
Субъективтік құқықтан айыру дегеніміз нақты, іс жүзіндегі құқықтан
айыру деп түсінген жөн. Мұндай субъективтік Құқықтан айыру (тағы да заңды
жауапкершілік негізінде) белгіленген мерзімнің тағайыңдалуымен байланысты
болмауы мүмкін. Мысалы, қылмыс жасаған адамның мүлкі тәркіленді делік, яғни
оның белгілі бір затқа, автомашинаға, үйге, аң аулау мен балық аулауға және
т.б. меншіктік құқығы жойылады. Алайда, заңдық жауапкершіліктің мұндай
шарасы оның жаңа автомашина алу, басқа үйді иелену құқығынан айыра алмайды.
Егер белгілі бір қызметті жасауға байланысты құқықтан, мысалы,
дәрігерліктен айырса, істеп жүрген жерінен жұмыстан шығарылған адам басқа
мекемеге барып тап соңдай мамаңдықта жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.
Дейтұрғанмен, басқа жұмыспен айналысуына мүмкіндік беріледі.
Азаматтар құкық қабілеттілігін меңгере отырып әртүрлі құқықтарды ала
алады, сол арқылы өзіне әртүрлі міндеттерді жүктейді де,- құқық
қабілеттілік мазмұнының жиынтығын құрайды. Сонымен, азаматық құқық
қабілеттілігінің мазмұны — азаматтардың қолданылып жүрген заңға сәйкес
азаматтық құқықтар мен міңдеттерінің жиынтығы болып табылады. Азаматтық
кодекстің 14-бабында бұл мәселе былайша тұжырымдалған: "Азаматтың Қазақстан
Республикасы шегінде де, одан тыс жерлерде де мүлікті, соның ішіңде шетел
валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға;
республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жерді таңдауға;
республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайта
оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға;
дербес өзі немесе басқа азаматтармен және , заңды тұлғалармен бірігіп заңды
тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып,
міндеттемелерге қатысуға; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер
шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына
интеллектуалдық меншік құқығы болуға; материалдық және моралбдық зиянның
орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүлікгік және жеке,
құқықтары болады".
2.Азаматың құқық қабілетгілігі оның туған сәтінен басталады, яғни ана
құрсағынан тірі туып, жеке өзі өмірге келгеннен кейін жеке тұлға болып
есептеледі. Мысалы, түсік тірі туа тұрса да, тұлға деп саналмайды, өйткені,
ол адам бейнесіне әлі келмеген. Бірақ, айтарлықтай дамыған шала туған бала
тұлға санатына қосыла алады. Сонымен, егер сәби тірі туып аз күн болса да
өмір сүрсе, онда ол азаматтардың хал актілерін тіркеу органдарында қай
кезде шетінегеніне қарамастан туылғаны жөнінде тіркеледі.
Азаматтық кодекстің 1044-бабы бойынша мұра қалдырушының тірі кезіңде
ішге қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар мұрагер бола
алады, ондайда сәби небәрі бірнеше минут өмір сүрсе де аталған құқықты
иеленеді.
Құқық қабілеттігі адамның — құқық субъектісінің өлуімен бірге
қысқарады. Өлген адамның ие болып келген құқықтары мен міндеттері ішінара
(жеке бастық, жеке отбасылық жағынан) қысқарады, ішінара (мүліктік
құқықтар) мұрагерге көшеді. Өлім — бірқатар құқықтық салдар тудырып кететін
факт. Сондықтан, адам туылғаңда тіркелсе, қайтыс болған азаматша да хал
актілерінде тіркеу керек. Айта кететін жайт, азаматтың денсаулығы және
психикалық жағдайы оның құқық қабілеттігіне әсер етпейді.
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі дегеніміз, азаматтың өз беттерімен
азаматық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге өзі үшін азаматық міндеттер
жасап, оларды орындауға қабілеттілігі болып табылады.
Азаматтардың әрекет қабілетгілігі азаматтың құқық қабілеттілігінен
ерекшеленеді. Азаматың құқық қабілетгілігі оның дүниеге келген сәтінен бұл
дүниеден озғанынша бірге болады. ("Азаматтың әрекет қабілетгілігі үшін оның
өз еркімен мүлікті иеленіп оған билік ету немесе өзіне міндетгеме алуға
тілек білдіруі қажет. Сондықтан да азаматтың құқық қабілеттілігі оның жасы
мен психикалық жағдайына қатысты келеді. Ол өзіне азаматық құқық пен
міңдеттілікті алу үшін қалыпты әрі толысқан психикада болуы тиіс.
Нәтижесінде құқық қабілеттілігі барлардың бәрі бірдей әрекет
қабілеттілігіне ие емес, бір сөзбен айтқанда, азаматта құқық қабілеттілік
болғанымен, әрекет қабілеттілігі белгілі бір уақыт арасында болмауы мүмкін.
Азаматық кодекстің 17-бабына сәйкес әрекет қабілетгілігі кәмелетке
толғанда, яғни 18 жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады.
Бұл арада ескеретін мынадай бір жағдай бар: Азаматтық кодекстің 17-
бабының 2-тармағына сәйкес заң құжаттарында 18 жасқа жеткенге дейін
некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған
кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Қазақстанда
"Неке және отбасы туралы" Заң бойынша некеге тұруға 18 жастан бастап рұқсат
етіледі. Егер дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны
бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу оргаңдары неке жасын екі жылдан
аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін. ("Неке және отбасы туралы" Заң, 10-
бап).
(Әдебиеттерде азаматтардың әрекет қабілеттілігі толық, ішінара (толық
емес) және шектеулі деп бөлінеді. Оның өзі азаматың әрекет қабілеттілігіне
байланыста жүзеге асады. Жаңа туған бала толығынан құқық қабілеттілігі бола
тұрса да, өзі әрекет жасап қайсыбір құқыққа ие болуға немесе өзіне
міндеттер алуға қабілетсіз екендігі түсінікті нәрсе. Саналы әрекет жасау
қабілеті кісінің өскендігіне (жасына) байланысты. Сондықтан әрекет жасау
жасы толған адамдарда ғана болады.
18 жасқа толғандар ғана ер жеткен деп саналады (АК-нің 17-бабының 1-
тармағы). Осы жасқа толған соң адам азаматтақ құқық айналымына толық құқылы
қатысушысы болып қана қоймай, ол саяси құқықтар мен міндеттерге де ие
болады.
Толық емес немесе ішінара әрекет қабілеттілігі бойынша азамат өзінің
әрекеті арқылы кез келген құқықтық әрекетті жасай алмайды, былайша
айтқанда, занда тікелей көрсетілген біркатарына ғана ие.
Ішінара (толық емес) әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмелетке
толмағандарға тән, ал берілетін әрекет ауқымы олардың жасына байланысты.
Заң мұндай тұлғаларды екі топқа бөледі:
а) жасы кәмелетке тоямаған 14 пен 18 жас аралығындағылар;
ә) жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі жас балалар.
14 пен-18 жас аралығындағылар әрекет қабілеттілігі мейлінше ауқымды,
олар заңда көрсетілген шекте әртүрлі мәмілелер жасай береді. Оңдай
мәмілелерді екі түрге бөлуге болады:
- өздерінің заңды өкілдерінің, яғни ата-аналары мен асырап алушылардың,
қорғаншылары келісімінсіз-ақ өз бетімен жасаған мәмілелер;
- ата-анасының (асырап алушының, қамқоршысының) рұқсат берген жазбаша
хаты негізінде жасалатын мәміле.
14 пен 18 жас аралығындағы жасы кәмелетке толмағандар заңды өкілдерінің
келісімінсіз мыналарды істеуге:
1) өзінің жалақысына, стипеңдиясы мен басқа кірістеріне билікетуге;
2) интеллектуалдық меншік құқығы бар объектілеріне билік етуге;
3) ұсақ тұрмыстық мәмілелер жасауға;
4) банкке салым салуға және өзінің салымына, оның ішінде өзінің атына
салынған салымдарға иелік етуге құқылы.
14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар басқалай мәмілелерді,
яғни мәмілелерді ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының
келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке
толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуге тиіс (АК-
тің 22-бабының 1-тармағы).
Мәміленің аталған екі түрі бойынша жауапкершілікті, заңды өкілдерінің
келісімі талап етілсін не етілмесін, жасы кәмелетке толмағандардың өздері
көтереді.
Жасы кәмелетке толмағандар (14 жастан 18 жасқа дейінгі) Келтірілген
зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе табысы болмаған реттерде зиянның
тиісті бөлігін, оның ата-аналары (асырап. алушы адамдар) немесе қамқоршысы
өтеуге тиісті. Олардың бұл міндеті зиян келтірушінің жасы толғаннан кейін,
сондай-ақ келтірген зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе еңбек табысы
жасы толғанға дейін пайда болған ретте жойылады.
14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмілелерді, заңда өзгеше
көзделмесе, ата-анасы, асырап алушылары мен жасай береді (АК-тің 23-бабы).
Сонымен қатар кодекс белгілі бір мәмілелерді жасөспірімдердің өзі-ақ
беретіндігін де жоққа шығармайды. АК-тің 23-бабының 2-тармағына сәйкес,
олар өздерінің жасыны лайыкты, жасай салып орындалатан тұрмыстық ұсақ
мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Мысалы, оған ойыншылықтарды,
балаларға арналған кітаптарды сатып алуды жатқызуға болады. Жас балалар
аталған мәмілелерді жасағанымен, әрекет қабілеттіліп жоқ деп танылады,
Сондықтан да жеке жауапкершілікті мойнына алмайды, бұған келтірілген
залал мәселесі де қатысты. Олардың әрекетіне ата-анасы, асырап алушылары
мен қорғаншшары жауап береді.
Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің
отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет
қабілетгілігін сот Казақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу
кодексінде белгіленген тәртіп бойыншы шектеуі мүмкін. Оған қамқоршылық,
белгіленеді. Ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Басқа
мәмілелерді жасауды, сондай-ақ табыну, зейнетақысын және өзге де кірістерін
алуды және оларға билік етуді ол тек қамқоршысының келісімімен ғана жүзеге
асыра алады. (АК-тің 27-бабы).
Ал, азамат, айталық, жүйке ауруынан жазылып, арақты қойып,
нашақорлықтан ескере отырып, сот арқылы оның әрекет қабілетгілігіне
қойылған шектеунің күші жояды. Сот шешімінің негізінде азаматқа
белгіленген қамқоршылықтың күнгі жойылады. Нәтижесінде сот оны
қабілеттілігі бар деп таниды.

1.2. Қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері
1. Жоғарыда айтылғаңдай, әрекет жасау қабілетгілігі жоқ адамдардын да
құқықтарға және міндеттерге ие бола алатындығы айтылған. Ал бұлар
өздерінің құқықтарын қалайша жүзеге асырады, азаматық айналымға қалайша
қатысады? – деген сұрақтуады.
Бұл мәселе қорғаншылық немесе қамқоршылық тағайындау жолымен шешіледі.
Бұның мәні мынада: қорғаншы өзінің әрекеттерімен қорғауындағы құқық және
міндет еншілей отырып, әрекет қабілеттілігі жоқ адамның орнына өзі әрекет
жасайды Қамқоршылықтың мәні қамқоршы адамдар ішішара әрекет қабілеттілігі
бар адамдарға өздерінің міндеттерін орындағанда көмектесіп, бақылауына
алатындығында, сонымен қатар оларды үшінші жақтардан болатын қиянаттардан
қорғап жүретінгігіне. Екінің бірінде дене мүшесінің кемістігінен (мәселен,
соқыр, мүгедек) өзінің құқықтарын жүзеге асыра алмайтан және қорғай
алмайтын, бірақ, сонда да әрекет қабідеттілігі толық деп танылатындарға да
қамқоршы адам тағайындалады. Бұңдай адамдар жөніңде қамқоршының қызметі сол
мүгедек адамның құқыққа ие болуына, құқығын жүзеге асыруына кажетті
әрекеттерін орындап отыру болып есептеледі. Кәмететке толған әрекетке
қабілеті бар адамның қамқоршысын қорғаншы және қамқорлық жасаушы орган сол
адамның келісімі бойынша ғана тағайындауы мүмкін.

Кәмелетке толған әрекетке қабілетті қамқоршылыққа алынушыға тиесілі
мүлікке билік етуді камқоршылыққа алынушымен жасалған тапсыру шарты немесе
мүлкін сенімді басқару негізінде қамқоршы жүзеге асырады. Қамқоршылыққа
алынушыны асырап алуға және оның тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыруға
бағытталған тұрмыстық Және, өзге де мәміледерді жасауды қамқорлыққа
алынушының келісімімен қамқоршы жүзеге асырады ("Неке және отбасы турада"
Заңның 113-бабы).
2. Жергілікті атқарушы органдар қорғаншы және қамқоршы органдар болып
табылады.
Аудандық және қалалық атқарушы органдар өздерінің қорғаншылық және
қамқоршылық жөніндегі міндеттерін халыққа білім беруге, оны әлеуметтік
қорғауға және оның денсаулығын сақтауға уәкілеттік берілген органдары
арқылы жүзеге асырады; ал поселкелік, селолық, ауылдық атқарушы органдар
бұл қызметтерді дербес жүзеге асырады.
Қорғаншы немесе қамқоршы тек оның келісімімен ғана тағайындалуы мүмкін.

Егер бұл қорғаншылыққа алынушының мүдделеріне қайшы келмесе,
қорғаншының немесе қорғаншылыққа алынушыға жақын басқа да адамдардың басым
құқығы болады.
Егер қамқорлыққа алынушылардың мүдделерінің арасында қайшылық болмаса,
бір қорғаншы немесе қамқоршыны бірнеше адамға тағайындауға жол беріледі.
Әрекетке қабілетті және ата-ана құқықтарынан айрылмаған, бірақ,
балаларының тәрбиесін жүзеге асыра алмайтын ата-аналардың кәмелетке
толмаған балаларына қорғаншы және қамқоршы тағайындалған кезде, қорғаншылар
және қамқоршылар ата-аналардың тілегі ескеріле отырып тағайындалады.
Балаға қорғаншы (қамқоршы) тағайындау кезінде қорғаншының (қамқоршының)
адамгершілік және өзге де жеке қасиеттері, оның қорғаншылық (қамқоршылық)
міндеттерді орындау қабілеті, қорғаншы (қамқоршы) мен баланың арасындағы
қарым-қатынастар, қорғаншы (қамқоршы) отбасы мүшелерінің балаға деген
көзқарасы, сондай-ақ егер бұл мүмкін болса, баланың өз тілегі ескеріледі.
Егер кәмелетке толмаған балаға қорғаншы немесе қамқоршы етіп тағайындалатын
адам некеде тұрса, оның жұбайының келісімі талап етіледі.
"Неке және отбасы туралы" Заңның 108-бабыңда көрсетілендей,
қорғаншылар мен қамқоршылар бола алмайтындар мыналар:
1) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп
танылған адамдар;
2) сот бойынша ата-ана құқықтарынан айрылған немесе ата-ана құқыктарын
сот шектеген адамдар;
3) өзіне заңмен жүктелген міндеттерді тиісінше
орындамағаны үшін қорғаншылық (қамқоршылық) міндеттерден шеттетілген
адамдар;
4) егер сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшін жойған болса,
бұрын бала асырап алушылар;
5) денсаулығының жай-күйіне байланысты баланы тәрбиелеу жөніндегі
міндеттерін жүзеге асыра алмайтын адамдар.
Қорғаншылық және қамқоршылық — қамқорлыққа алынатын адамның тұрғылықты
жері бойынша жасалады. Жекелеген жағдайда бұл қорғаншының (қамқоршының)
тұрғылықты мекені бойынша белгіленуі мүмкін.
Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, қорғаншылық және қамқоршылық
жөніндегі міндетгер тегін атқарылады.
Қорғаншы (қамқоршы) қамқоршылығына алынғаңдарды өз есебінен асырап
бағуға міндетті емес. Қамқоршылыққа алынушыны асырап бағу қамқоршылыққа
алынушының алатын жалақысы, алиметі, зейнетақысы және басқа да әлеуметік
төлемдері есебінен, сондай-ақ отан тиесілі мүліктер есебінен жүзеге
асырылады.
Қамқоршылыққа алынушыны асырап бағуға жеткілікгі қаражат болмаған кезде
қорғаншы және қамқоршы органдар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтардың құқықтары
Азаматтардың құқықтық қабілеттілігі
Азаматтардың құқық және әрекет қабілеттілігі
Жеке тұлға құқық субьектісі
Азаматтық әрекет қабілеттілік ұғымының құқық қабілеттіліктен айырмашылығы
Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінің арасындағы айырмашылығы
Жеке тұлғаның азаматтық құқықтық субъектісі
Қазақстан Республикасы құқық қабілеттіліктері
Азаматтардың құқық қабілеттілігі туралы
Құқық қатынастарына қатысушылардын азаматтық құқықтары мен міндеттері
Пәндер