Шарт жасасу тәртібі


Мазмұны
КІРІСПЕ 3
І. Азаматтық құқық бойынша шарттық
қатынастарды реттеу 5
1. 1. Шарт ұғымы, мазмұны, формасы . -
1. 2. Шарт жасасудың құқықтық жағдайы . 10
ІI. Сатып алу-сату шарты 17
2. 1. Сатып алу-сату шартының ұғымы және элементтерi -
2. 2. Сатушының және сатып алушының құқықтары
мен міндеттері 29
ІІІ. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты 47
3. 1. Сатып алу-сату шартының негізгі түрі ретінде
бөлшектеп сатып алу-сатудың ұғымы -
ҚОРЫТЫНДЫ 56
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 58
Кіріспе
Менің Азаматтық құқық институттарындағы сатып алу-сату шартын дипломдық жұмыс ретінде алған себебім тақырыптық мәнін кеңірек ашып, танысқым келгендігімде.
Сатып алу-сату шарты біздің мемлекетіміздің өндіріс процесін және тұтынуды қамтамасыз етеді. Тауар-ақша қатынастарының міндеттемелерін шешеді. Ол ұйымдар арасындағы экономикалық байланыстарды жүзеге асырудың құралы болып табылады. Шарттың осы түрі бар экономикалық қатынастарға өнеркәсіптік-техникалық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек сатып алу-сату шартының, ұсақ көтерме сатулардың, тұрғын үйді және басқа да жылжымайтын мүлікті жеткізіп беру және тағы басқа шарттарын ажыратады.
Азаматтық қоғамда дәстүрлік қарым-қатынастарға байланысты сатып алу-сату, мүлікті жалдау шарттарында Қазақстандағы нарықтық қатынастардың дамуына байланысты біраз өзгерістерге ұшырады.
Сатып алу-сату шартының ауқымын реттеуде Азаматтық кодекстің жалпы бөлімінің кейбір нормаларының мысалы, мәмілелер туралы, мүліктің кездейсоқ жойылу қаупі туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы" заңы және тағы да басқа заңдардың маңызы ерекше. Осы заңдардың негізінде сатып алу-сату шартының мәселелерін реттейтін нұсқаулар, ережелер қабылданған. Сатып алу-сату шартында тараптар сатушы және сатып алушы болып табылады. Азаматтық айналымға қатысушылар: азаматтар, кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар тараптар бола алады.
Бұндағы сатушы дегеніміз - осы шарт бойынша сатып алушының иелігіне немесе жедел басқаруына, шаруашылық жүргізу құқығына мүлік беретін тұлға. Ол сатылатын мүліктің иесі немесе ұйым сатушы бола алады. Шарттардың едәуір бөлігі бір жағынан мемлекеттік кооперативтік бөлшек сауда кәсіпорындары, екінші жағынан азаматтар арасында жасалады. Бұл жағдайда біріншілері сатушыларда, екіншілері сатып алушылар болады. сатып алу-сату шарттары халықтық тұтыну қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған заттарға байланысты азаматтардың арасында жасалады. Ал ұйымдардың арасында - кәсіпорындар нормадан тыс, артық және пайдаланылмаған шикізаттарды, бұйымдарды, құрал-жабдықтарды және басқа да материалдық құндылықтарды сатқанда жасалады.
І. Азаматтық қҰқық бойынша шарттық
қатынастарды реттеу
1. 1. Шарт ұғымы, мазмұны, формасы.
"Шарт" термині азаматтық заңнамада әртүрлі мәнде қолданылады: өзінен міндеттеме туындайтын заңды факты: сол шарттық міндеттеменің өзі; шарттық міндеттемені ресімделген құжат.
Шарт - құқықтық қатынастың туындауына, өзгеруіне немесе тоқтауына негіз болатын заңдық факт. Сондықтан да, шарт азаматтық құқықтар мен міндеттемелерді туындататын негіздердің бірі болып саналады.
148-баптың 1-тармағынасәйкес мәмілелер бір жақты және екі немесе көп жақты (шарттар) болуы мүмкін. Сол себепті, шарт мәміле болып табылады және шартқа екі және көп жақты мәмілелер туралы, атап айтқанда, мәміленің формасы және оны тіркеу туралы, мәмілені заңсыз деп тану туралы және т. б. ережелер қолданылады. "Бір жақты және көп жақты мәмілелер" ұғымын "бәр жақты және өзара шарттар" ұғымынан ажырату керек. Бір жақты мәміле шартқа жатпайды, себебі мәмілені жасау үшін тараптардың келісімі керек емес, бір жақтың ерік білдіруі жеткілікті. Шарттың басқа мәмілелерден және басқа заңдық фактылардан айырмашылығы сол, шарт дегеніміз тараптардың келісімі. Сондықтан заңға сәйкес, шарт жасасу үшін екі тараптың (екі жақты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың (көп жақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет.
Шарттардың басым көпшілігі екі жақты мәміле болып табылады, себебі шарттан, әдетте, міндеттемелік құқық қатынастары туындайды, ал міндеттеме үшін мүдделері қарама қарсы екі тарап болуы керек: біреуінде талап ету құқығы (несие беруші), екіншісінде - сол құқыққа икемделген міндет (борышкер) болады.
Бірлескен қызмет туралы шарт көп жақты мәмілеге мысал бола алады.
Бұл шарттың ерекшелігі сонда, оның тараптары ортақ шаруашылық мақсатқа қол жеткізу үшін бірлесіп әрекет жасауға келіседі және осы қызметтің нәтижесінде ортақ меншік пайда болады. көп жақты шарттарға, әдетте, шарт туралы жалпы ережені қолдануға болады. дегенмен, көп жақты шарттардың жоғарыда айтылған ерекшеліктеріне байланысты кейбір нормаларды қолдануға болмайды. Атап айтқанда, жария шарт туралы, үшінші жақтың пайдасына шарт туралы, ережелерді көп жақты шартқа қолдануға бола қояр ма екен, шарт жасасу туралы нормаларды қолдануда да қандай да бір ерекшелік болуға тиіс.
Азаматтар мен заңды тұлғалар шарт жасасуда еркіндік берілген. Заң құжаттарында немесе өз еркімен қабылданған міндеттемеде, шарт жасасу міндеті көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға мәжбүрлеуге жол берілмейді.
Шарт еркіндігі туралы норма азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген азаматтық құқықтарды өз қалауынша пайлаланды деген ережесіне негізделген.
Шарт еркіндігі заңда бекімінтапқан кәсіпкерлік қызмет еркіндігімен және тұтынушылардың тауарлар иеленуге, жұмыстар мен қызметтер пайдалануға шарт жасасу еркіндігіне құқығымен үйлестікте болады.
Жаңа ережеде жоспарлы-бөлу экономикасында шарт еркіндігі болмады, барлығын жоспарлы қорлар мен бөліп тарату анықтады, соларға сәйкес шарттар жасалынды. Шарттарда формальдық сипат болды, ең басты маңыздылық жоспарлық актілерге берілді. Мұның барлығы заңнамада, оның ішінде Азаматтық кодексте мұқият реттеледі.
Қазір шарт жасауға мәжбүрлеу айрықша жағдайларда ғана болады.
Шарт жасасу міндеті заңда, егер мұндай шарт жария шарт болса, коммерциялық ұйым үшін көзделген.
Сатылп алу-сату шартын жасасу міндеті жекешелендіру туралы жарлықтың 14-бабының 6-тармағында және Мемлекеттік мүлікті сатушы мен мемлекеттік сатып алу туралы заңында бекімін тапқан. Мемлекеттік мүлікті сатушы мен мемлекеттік мүлікті сату жөніндегі ашық сауданың жеңімпазы осындай шарт жасасуға міндетті.
Шарт жасасу міндеті еркімен қабылдаған міндеттемеден туындайтын жағдайларға алдын ала шарт жасасу жатады.
Заңға сәйкес, кепіл ұстаушыға оның иеленуіне берілген кепілге салынған мүлікті сақтандыру міндеті шартпен немесе заң актілерімен жүктелуі мүмкін. Кепіл берушінің пайдалануында қалатын кепіл мүлкін сақтандыру кепіл берушіге жүктеледі.
Сонымен, шарт дегеніміз екі немесе бірнеше адамның келісімі, екі немесе бірнеше адамның келісіп ерік білдіруі. Әр шартта көптеген ережелер болуы мүмкін, олардың ішінен, егер келісілмесе шарт жасалады деп саналмайтындарын бөліп алу қажет. Бұл - шарттың елеулі ережесі. Тараптар арасына шарттың барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін формада келісімге қол жеткен кезде шарт жасалынды деп есептелінеді.
Ережелердің елеулі болып табылатын үш тобын бөліп алуға болады, олар:
1) шарт нысаны туралы ережелер. Шарт нысаны анықталмайынша бірде бір шарт жасалған болып саналмайды;
2) заңнамада елеулі деп танылған ережелер. Мысалы, брокер-диллер мен оның клиенті арасында жасалған брокерлік шартта мыналар болуға тиіс:
а) шарт нысаны: номиналдық ұстаушы ретіндегі клиенттің тапсырмасы бойынша брокер-диллердің өз қызметін жүзеге асыруы;
б) тараптарды, оның ішінде брокер-диллердің, клиенттің есепшоты туралы коммерциялық құпияны сақтау міндеттемесін қоса алғандағы, құқықтары мен міндеттері;
в) брокер-диллердің қызметін төлеудің мөлшері мен тәртібі;
г) брокер-диллердің клиент алдында есеп беруінің формасы мен кезеңділігі;
д) тараптардың шарт ережелерін бұзғандық үшін жауаптылығы;
е) бағалы қағаздар бойынша табыс алудың, және оны клиенттің есепшотына аударудың, сондай-ақ ақша қаражатын клиенттің бұйрығы бойынша төлеудің шарттары мен тәртібі;
3) шарттардың осы түрі үшін қажетті ережелер, мысалы, мысалы, мүлікті жалдау шартындағы жалдау ақысының мөлшері;
4) тараптардың біреуінің арызы бойынша оған қатысты келісім болуға тиіс ереже. Мысалы, жүк алушы шартта жүкті темір жолмен емес су көлігімен жеткізу туралы ереже болуын талап етеді.
Ондай елеулі ережелер болмағандықтан немесе ондағы ережелер бойынша келісімге келмегендіктен шарттың заңсыз деп танылуы мәмілені заңсыз деп танығандағыдай салдарларға әкеледі.
Елеуліден басқа шарттың дағдылы және кездейсоқ ережелерін бөліп алуға болады. Олардың ерекшелігі сонда, бұл ережелердің болған-болмағандығы шарттың заңды күшіне әсер етпейді. Дағдылы ережелер заңнамада шарттардың осы түрі үшін дағдылы деп көзделгендіктен қолданылады, және олар шартта бар-жоғын қарамастан қолданылады. Мысалы, баға туралы ереже. Егер тараптар шартта шарт бағасын келіспесе, онда заң актілерінде көзделген жағдайларда, уәкілетті мемлекеттік органдар белгілейтін немесе реттейтін бағалар (тарифтер, бағалау, ставка және т. б. ) қолданылады. Ал, ақылы шартта баға қарастырылмаған болса және оны шарт ережелеріне сүйене отырып анықтау мүмкін болмаса, шартты орындау шарт жасасқан кезде осыған ұқсас жағдайларда, әдетте, осы сияқты тауарлар, жұмыс немесе қызмет үшін алынатын баға бойынша жүргізілуі тиіс деп есептеледі.
Дағдылы ережелер, негізінен, диспозитивтік нормаларда көзделеді және ол шартқа ондағы бұл ережелер қандай да бір себептермен шешілмей қалғанда қолданылады.
Кездейсоқ ережелер шарттың бұл түріне тән емес және шартқа тараптардың өзара келісімі бойынша кіреді (мысалы, сатып алу-сату шартының нысанын сатып алушыға беру тәртібі туралы ереже, мердігерге жұмысты мерзімінен бұрын орындағаны және оның айрықша сапасы үшін қосымша сыйақы беру туралы ереже және т. б. ) . Бұл ережелердің бар-жоғы шартты жасалған деп тануға еш ықпал етпейді.
Үлгі ережелерді тараптардың біреуі дайындаған шарттардың үлгілерінен бөліп қарау керек. ¤нім өндіретіндер, жұмыс, қызмет орындайтындар, әдетте, өз клиенттеріне шарт жобасын ұсынады. үлгі ережелер, әдетте үкімет бекітетін және өзінде міндеттеу күші болатын типтік шарттардың ережелерінен де басқа.
Үлгі ережелерінің мысалы ретінде Мұнай туралы заңның
26-бабында және Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жарлықтың 1-бабында көзделген Модельдік контрактыны алуға болады. Модельдік контракт үкімет бекітетін үлгі контракт ретінде анықталған, онда контрактылардың кейбір түрлерінің ерекшеліктері немесе жер қойнауын пайдаланудың кейбір операцияларын жүргізудің ерекшеліктері көрініс табады және ол контрактылар жасаудың үлгісі ретінде пайдаланылады.
Үлгі ережелері қолданылуы үшін олар шартта көрсетілуі тиіс. егер оның сілтеме болмаса, үлгі ережелері іскерлік айналым дағдысы ретінде ғана қолданылады. Бұл ретте, мұндай дағдылар заңнамаға қайшы келе алмайды. Олар тараптар арасындағы қатынастарға да қолданатындай болуға тиіс.
1. 2. Шарт жасасудың құқықтық жағдайы.
Шарт жасасудың кезеңдері, оның құқықтық жағдайына алып келеді. Азаматтық заң бойынша шарт жасасу екі кезеңнен тұрады: шарт жасасуға ұсыныс (оферта) және ол ұсынысты басқа тараптың қабыл алуы (акцепт) . ¦сыныс жасаған тұлға оферент деп, ал ұсынысты қабыл алған тарап акцептант деп аталады.
Заңға сәйкес, офертада бірашама нышандар болуға тиіс. Біріншіден, ол анық және тұлғаның шарт жасасуға аса ниеттілігін білдіруге, екіншіден, мүмкіндігінше толық, яғни шарттың елеулі ережелерінің барлығын қамтуға, үшіншіден, белгілі бір тұлғаның атына бағытталған болуы тиіс. Егер ұсыныс жалпыламай жасалса (мысалы, азамат "Караванда" пианиносын сатамын деп хабарландыру береді), ол оферта емес, тек оферта жасауға шақыру. Сондықтан, мұндай хабарландыру, оны жасаған адамға шарт жасасу міндетін жүктемейді. Бұл ретте сол хабарландыруға үн қатқан адамдардың ұсынысы оферта болады. Ал, түскен ұсынысты қабылдау-қабылдамау сатушының өзіне байланысты.
Шарт жасасу қандай да бір тараптың міндеті емес, офертаны олардың кез келгені жібере алады.
АК-ның 395-бабы "Оференттің байланыстылығы" ұғымын енгізді. Бұл шарт әлі болмаса да, белгілі бір міндеттемелердің туындағанын білдіреді. Ол адресат офертаны алған кезден акцеп немесе акцеп үшін белгіленген мерзім өткен кезге дейін туындайды.
"Оферент байланыстылығы" ұғымынан "офертаның қайтарып алынбайтындығы" ұғымы туындайды. Оферент орфертамен байланысты болатын мерзім өткенше ол офертаны қайтарып ала алмайды және оның ережелерін өзгерте алмайды. Бұл ережені бұзу екінші тараптың офертаны қайтарып алудан көрген шығынын өтеу міндетінің туындауына әкеп соғады.
Сонымен қатар, офертаның қайтарып алынбайтындығы туралы ереже диспозитивтік болып табылады. Егер ондай мүмкіндік офертаның өзінде айтылса не ұсыныстың мәнінен немесе ол жасалған жағдайдан ондай мүмкіндік туындаса офертаны қайтарып алуға болады.
Заңда оферта емес, тек офертаға шақыру болып табылатын жарнама мен жария оферта арасындағы айырмашылық көрсетілген. Жалпыламай жасалған ұсыныс пен барлығына және әркімге арнап жасалған ұсынысты айыра білу керек.
Жария офертаны өзінің қызметінің сипаты жағынан мүмкіндігінше көп адамға ұсыныс жасауға міндетті адамдар мен ұйымдар жасайды. Мысалы, витринаға немесе сатып алушылар өзіне өзі қызмет көрсететін залға бағасы көрсетілген тауарлар қойып қойған дүкен оферент болып саналады. Сол тауарды сатып алуға ұсыныс жасаған кез келген адам акцептант болып табылады. Сондықтан, тауар тұрған кезде дүкен өз офертасымен байланысты болады және тауарды сатудан бас тарта алмайды.
Тауар жаймада жоқ болса, сатушы оны витринадан алып сатуға міндетті.
¦сынысты жария оферта деп тану үшін мынадай белгілер болуға тиіс: 1) одан тұлғаның шарттық қатынастарға баруға ерікті екендігі сезілуі тиіс; 2) ол шарттың барлық елеулі ережелерін қамтуы тиіс;
3) тұлғаның шарттық қатынастарға еркімен баруы бұл ұсынысқа үн қатқандардың барлығына қатысты болады.
Сонымен, егер дүкен қандай да бір тауардың бар екендігі жайында жарнама берсе - ол офертаға шақыру; егер дүкентауарын витринаға қойса - ол жария оферта.
Оферта жолданған жақтың оны қабылдағаны туралы жауабы акцепт деп танылады.
Акцептанттың өзінің офертамен толық және сөзсіз келісетіндігін білдірген жауабы ғана акцепт деп саналады. Мысалы, акцептант өзіне жолданған жобаға сөзсіз және өзгертусіз қол қояды. Шарт ережелерінен бас тарту немесе өз ережелерін ұсыну, ережелерді өзгерту немесе оларға толықтыру енгізу, келісімнің анықталмағандығы акцепт болып табылмайды, одан шарт тумайды және ол не шарт жасасудан бас тарту немесе жаңа оферта ұсынғандық болады.
Бұрынғы заңнамада үндемейтін акцепт арқылы шарт жасасуға жол берілген еді, яғни, егер белгілі бір мерзім өткенше басқа тарап шарт жасасудан бас тартатынын хабарламас, шарт жасалды деп саналатын. АК-нің 396-баптың 2-тармағы кері жүреді: үндемей қою акцепт емес. Бірақ бұл норма диспозитивтік болып табылады.
Мысалы, банктердің корреспонденттік есепшоттары бойынша есеп-қисап операцияларын электрондық хабарламалар түрінде жүргізуді белгілейтін банкаралық келісімдерде егер ондай хабарлама келіп түскеннен кейін белгілі бір мерзім өткенше корреспондент ол хабарламаға келіп түскеннен кейін белгілі бір мерзім өткенше корреспондент ол хабарламаға келіспейтінін білдірмесе, ұсыныс қабылданған болып саналады делінген.
Акцепт ауызша немесе жазбаша формадағы мәлімдеу немесе үндемей қою түрінде ғана емес, конклюденттік әрекеттер жасау, яғни тауарлар жіберу, қызмет көрсету, тиісті сомада ақша төлеу және т. б. түрде де болады. бірақ бұл әрекеттерден офертаны сөзсіз қолдау сезіліп тұруы тиіс және бұл әрекеттер өзінің акцепті үшін оферта белгілеген мерзімде жасалуы керек.
Оферта сияқты акцепт те, ол оферентке барып жеткенше қайтырп алынуы мүмкін, оның акцептантқа еш салдары болмайды. Мысалы, акцептант оференттен алған шарт жобасына қол қойып, оны почтамен жібереді, бірақ кейін өзінің акцепттен бас тартатындығын оферентке телеграммамен немесе факспен хабарлай алады.
Оферент акцепті алғаннан кейін шарт жасалған болып саналады, оны шартты бұзудың жалпы ереже бойынша ғана ғана тоқтатуға болады.
Шарт жасасу тәртібі. Шарт жасасу ұсынысы сол жерде бар контрагентке тез жауап беруге болатын жағдайларда; ол жерде жоқ контрагентке жауап алу үшін қалайда қажет болатын жағдай жасалады. Мерзім көрсетілген ұсыныс ауызша да, жазбаша да жасалуы мүмкін. Жауап күтетін мерзімін ұсынушының өзі анықтағандықтан (пианино сатып алыңыз, жауабын 2 апта күтемін), ол сол мерзіммен байланып қалады, және өз ұсынысынан бас тарта немесе оның мазмұнын өзгерте алмайды. Мерзім өткенге дейін ұсынысынан бас тартса оферентке екінші тарапқа келген шығынду өтеу түрінде теріс салдар келедң.
Жазбаша офертада акцепт үшін мерзім көрсетілмесе шарт жасалған болып саналады, егер акцепті оферта жолдаған адам заңнамада белгіленген мерзім аяқталғанша, егерондай мерзім белгіленбеген болса - ол үшін жеткілікті уақыт ішінде алған болса. Ал оферта акцепт үшін мерзім көрсетілмей ауызша жасалса, басқа тарап өзінің акцептіжайында тез мәдімдеген жағдайда шарт жасалған болып саналады.
Оферта үшін тағайындалған мерзім (немесе ұсынысқа жауап алу үшін қажетті уақыт) өткен жағдайда офертаның күші жойылады, оферент өз ұсынысы бойынша міндеттемеден босанады. Сондықтан, ұсыныс алған адам тағайындалға мерзім өткеннен кейін ұсынысты қабылдауға шешім етсе, ол енді акцептант емес, жаңа оферент болады. Жаңа құқықтық қатынастар туындайды, оған шарт жасасудың жоғарыда қарастырылған барлық ережелері таралады.
Жауаптың кещігуі акцептанттың кінәсінен емес, уақытыл жіберілген жауапты дер кезінде жеткізбеген байланыс бөлімінің кінәсінен болған жағдайда, оференттің де, акцептанттың да кінәсі жоқ, сондықтан заң екі тараптың да мүдделерін қорғайтын шаралар қарастырады.
Оферент, жауап ала алмағандықтан, басқа адаммен шарт жасасуы мүмкін. Ол оның құқығы, себебі оферент өз ұсынысымен байланып түрған жоқ. Ал, жауапты дер кезінде жіберген акцептант та, мерзімнің өтіп кеткенін білмей, шартты орындау үшін өз тарапынан әрекет жасауы мүмкін (көлік дайындауы, басқа зат іздеудітоқтатуы және т. б. ) . Сондықтан оферент мұны істемесе жауап кешіккен деп саналмайды, яғни шарт жасалған болып табылады, және шартты орындаудан бас тартса оферент акцептантқа келген шығынды өтеуге міндетті.
Мысалы, И. 1 сәуірде М-ге пианино сатамын деп ұсыныс жіберді, жауап беруіне 30 күн мерзім тағайындайды. 10 сәуірде М. өзінің келісетіндігін жазып хат жібереді, бірақ ол хат байланыс бөлімінің кінәсінен едәуір кешігіп келді (10 мамырда) . Жауап келмеген соң И.
5 мамырда пианиноны Н-ге сатады, ал М-нің хатын алғаннан кейін оған пианиноны сатып жібергендігін хабарлайды. 15 мамырда М. Көлік жалдап пианиноны алуға келді. Ол көтерген шығынның бәрін М. өтеуге міндетті.
Шарт жасасу процедурасы екінші тараптың (акцептанттың) ұсынысты оферент белгілеген ережелер бойынша ғана қабылдауын көздейді. Егер ол ережелерді акцептант қабылдамайтын болса шарт жасалмаған болып табылады, барлық процедура қайта басталады. Сондықтанда ережеге қандай да бір өзгеріс енгізу жаңа ұсыныс жасау болып табылады. Алғашқы оферент акцептантқа айналады, жаңа ұсынысты қабылдауға да, шарт жасасудан бас тартуға да оның құқығы бар, немесе ол жаңа ұсыныс жасап қайтадан жаңа оферентке айнала алады. Ол шарт жасалғанша немесе тараптар өздерінің бос әурешілігін түсінгенше жалғаса береді.
Шарт жасасатын жер. Егер шартта оны жасасатын жер көрсетілмесе, шарт азаматтың тұрғылықты жерінде немесе оферта жіберген заңды тұлғаның орналасқан жерінде жасалған болып танылады.
Шарт жасасқан жерді анықтаудың сыртқы экономикалық шарттар жасасқанда маңызы зор. Мұндай жағдайларда заң, әдетте, егер келісімде басқадай көрсетілмесе, мәміле формасының ол жасалған жердің құқығын бағынатындығын, ал тараптардың құқықтары мен міндеттерінің мәміле жасалған жердің құқығы бойынша анықталатындығын белгілейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz