Азаматтық қоғамның саяси жүйесінің түсінігі
ЖОСПАР
Кіріспе 3
І. Тарау. Саяси жүйе 7
1.1 Азаматтық қоғамның саяси жүйесінің түсінігі 7
1.2 Саяси жүйелердің түрлері 8
1.3 Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам 11
ІІ. Тарау. Азаматтық қоғам 16
2.1 Азаматтық қоғам, оның мазмұны, белгілері 16
2.2 Азаматтық қоғамның саяси жүйесі, оның мазмұны 18
ІІІ Тарау. Саяси іс- әрекет және құқықтық нормалар
3.1 Азаматтық қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен 20
ролі
3.2 Азаматтық қоғамның саяси жүйесінің даму заңдылықтары 20
Қорытынды 23
Пайдаланған әдебеттер
25
26
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2008
жылғы Қазақстан халқына жолдауында еліміздегі қазіргі азаматтық қоғамдық –
саяси жағдайларды сипаттай отырып былай деген: Демократиялық дамудың
жалпыға бірдей танылған заңдылықтары мен біздің азаматтық қоғамымыздың
дәстүрлерін үйлестіре отырып, біз одан әрі де саяси жүйеде мемлекеттік
құрылыстың Қазақстандық моделін жетілдіру жолымен жүре беретін боламыз. Бұл
– біз мақтануға құқылы және бәріміз ұқыптылықпен сақтауға міндетті
Қазақстандық ноу-хау[1].
Осы мәселені ескере отырып, әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу
елдің қатарына кіру мақсаты ұлттың ұлы идеясын ұстанып отырған
мемлекетіміздің өмірінде, құқықтық мемлекетті құру жолында саяси реформалар
ерекше орын алады деген пікір баршылық. Құқықтық мемлекеттің нақты-тарихи
қалыптасу тәжірибесі мен дамуы онын әлеуметтік-экономикалық және саяси
деңгейімен, азаматтық қоғамдық кұқықты сезіне алушылығымен, ұлттық және
тарихи салт-дәстүрлермен анықталады. Мұндай жағдайлардың бірі – аталған
мемлекеттің бар болуы болып табылады. Құкыктык мемлекет проблемаларымен
айналысып жүрген ғалымдар, соның ішінде заңгерлер мен саясаттанушылар, ең
алдымен құқықтық мемлекеттің түсінігіне, оның принциптеріне, заңдылықтарына
басты назарларын аударады. Бұл жолда, әрине, құқықтық мемлекет жайындағы
теориялық концепцияларды ескермей болмайды.
Мемлекет дүниеге келгенге дейін азаматтық қоғам болған. Алғашқы
қауымдық құрылыста адамдар өмірі азаматтық қоғам негізінде реттелген.
Тіршілік пен адамдар арасындағы қатынастарды азаматтық қоғам институттары
жүзеге асырған.
Өндіргіш күштердің пайда бола бастауымен, жеке топтар мен отбасылардың
қолында артық өнімдердің шоғырлануы жеке иемденуді, иелер құқығын сақтау,
меншіктер арасындағы қатынасты реттеу қажеттілігі саяси күштің –
мемлекеттің пайда болуына әкелді.
Мемлекеттің іргесі қаланып, оның құрылымдық шарттарының нығая бастаған
кезде бұрынғы азаматтық қоғам институттары ығыстырылды, азаматтық қоғамды
басқару мемлекеттің қолына көшті. Мемлекет нығая келе азаматтық қоғамның
қызметтерін шектеп, біртіндеп олардың аясын тарылтты. Абсолютизм тұсында,
тоталитарлық билік кезінде азаматтық қоғамның сүлдесі ғана қалды.
Америка мен Еуропа елдерінде либералдық демократияға көшу азаматтық
қоғам институттарын қайта өмірге әкеліп, оның қызметтерін жандандыра түсті.
Дамудың демократиялық жолына түскен посткеңестік мемлекеттерде
азаматтық қоғам қалыптастыруға, оның институттарын дамытуға бағытталды.
Азаматтық қоғамды құруды елді демократияландырудың басты шарты деген
көзқарас адамдар арасында бүгінде берік қалыптасқан.
Сонымен, халықтың басым бөлігі – саясаткерлер де, қарапайым көзі ашық
азаматтар да ден қоя бастаған бұл азаматтық қоғам деген не?
Азаматтық қоғам адамдардың сөз, жиналыс, еркін пікір айту, өз ойын
ашық жеткізу, төл құқығын қорғай білу, еңбек ету, оқып-білім алу,
әлеуметтік жағынан қорғалу, өзінің адами қажеттіліктерін қанағаттандыру
деген құқықтарын қамтамасыз ете ала ма? Азаматтық қоғам көпшіліктің өмірден
күткен сұраныстарына толық жол ашатын бірден-бір институт феномен бе, әлде
олардың көңілі ауған уақытша қызығушылық па? Сонда азаматтық қоғам
дегеніміз не?
Азаматтық қоғам ұғымымен қатар, соңғы кезде құқықтық мемлекет идеясы
заңды ойлаудың тағы да ең маңызды идеясына айналуда, себебі ол жалпы
азаматтық құндылықтар санатына жатады.
Қазіргі заманда құқықтық мемлекетті құру, қалыптастыру мәселесі
ғаламдық проблемаға айналды. Өйткені адам азаматтық қоғамының даму
тарихында ешқашан, еш елде құқықтық мемлекет болған емес. Қазіргі кезде де
жоқ. Болашақта да барлық елдерде бір мазмұнды, бір нысанды құқықтық
мемлекет болуы мүмкін емес. Себебі әр елдің экономикасы, мәдениеті,
әлеуметтік жағдайы, рухани санасы, саясаты бір деңгейде болмайды. Бұған
қоса олардың географиялық, ұлттық ерекшеліктері болады.
Құқықтық мемлекетті қалыптастырудың маңызды алғышарттарының ішінде
азаматтық қоғамның алар орны бір төбе. Ал азаматтық қоғам алуан түрлі
азаматтық қоғамдық қатынастардың мемлекеттен біршама дербес болуын мақсат
тұтса, бұл игі мақсат мемлекеттік биліктің құзыреті заңмен шектеліп, адам
құқығы алдыңғы орынға шыққанда ғана емес, әрбір жеке адамның мүдделеріне
қатысты басқарушылық саяси шешімдер мен бағдарламаларды жүзеге асыру болып
табылады.
Құқықтық мемлекет саяси билікті ұйымдастырудың формасы ретінде
азаматтық қоғамдық өмірдің барлық салаларында құқықтың үстемдігі
принципімен аса күрделі ұштасуына, биліктің бөлінуіне, бүкіл мемлекеттік
механизмнің құқықпен байланыстылығына, заңдардың үстемдігіне, заңдылықтың
жүзеге асуына, халық егемендігінің қамтамасыз етілуіне, азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарының, ар-абыройларының сақталу кепілдігіне,
азаматтық қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне, жалпыазаматтық
құндылықтарды және әлемдік практиканы есепке алуға негізделеді.
Азаматтық қоғамның қалыптасу процесіне, оның басты факторлары мен
құндылықтарына ғылыми зерттеу жүргізіліп, даму үрдістерін анықтау құқықты-
демократиялық мемлекет үшін маңызды мәселелердің бірі. Азаматтық қоғам
ұғымы арқылы азаматтық қоғамдық байланыстар мен қатынастардың жағдайы
бейнеленіп, белгілі бір мелекеттегі тұрғындардың азаматтық қайраткерлігінің
қарқыны, мемлекет пе азаматтық қоғамның әлеуметтік саладағы қызметтерінің
бөліну деңгейі анықталады. Басқаша айтқанда, азаматтық қоғам демократиялық
құрылысқа аса қажет әлеуметтік қатынаастардың өзін-өзі реттеу қызметіне
жағдай туады: азаматтар саяси институттардың көмегіне сүйенбей-ақ, өздері
реттей алатын қатынастарға мемлекеттің қол сұғуы тежеледі. Сондықтан да
демократиялық сипаттағы саяси жүйесі бар құқықтық мемлекеттің дамуында
азаматтық қоғамның алатын орны ерекше.
Азаматтық қоғамның біздің түсінігіміздегі нақты анықтамасы мынадай: ол
– құрамындағы мүшелердің арасындағы экономикалық, мядени, құқықтық және
саяси қатынастары дамыған, мемлекеттен тәуелсіз, бірақ онымен өзара
әрекеттесуші азаматтық қоғам, мемлекеттпен бірлесе отырып, дамыған құқықтық
қатынастар құрушы, жоғарғы дәрежелі әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени
және моральдық мәртебелі азаматтар азаматтық қоғамы. Азаматтық қоғамның
шынайылығы идеал мен идеалдық жобаның және осындай жобаны жүзеге асырушы
азаматтық қоғамның шын мәнісінде қол жеткізген жетістіктерімен анықталады.
Бүгінгі таңдағы көзқарас бойынша, азаматтық қоғам бұл айтылғандармен
қоса, демократиялық заңдар, биліктің тармақтарға жіктелуі, заң жүзіндегі
оппозицияның болуы, көппартиялық жүйе сияқты басқа да азаматтық өмірдің
құндылықтарын, адамдардың саяси және әлеуметтік бостандықтарын және олардың
ассоциацияға, топқа, партияға бірлесуін жүзеге асырушы тетіктерді қамтиды.
Азаматтық қоғам заңды тіркелген, құрылымды бекітілген және психологиялық
тұрғыда қамтамасыз етілген әлеуметтік-саяси қызметтің материалдық және
идеялық плюрализммен ажырамас бірлікте. Ал адамның жеке өміріне ешбір қол
сұғушылыққа жол берілмейді, ол тек заңды бұзып, оған қайшы келмесе болғаны.
Адам құқығы басты орындағы мәселе.
Соңғы кездері құқықтық мемлекет идеясы заңды ойлаудың тағы бір ең
маңызды идеясына айналуда, себебі ол жалпы азаматтық құндылықтар санатына
жатады.
Құқықтың мемлекет терминінің өзі ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында неміс
ғалымдарының еңбектерінде жарық көрді. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру,
дамыту адам азаматтық қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болды. ХІХ
ғасырдың соңы және ХХ ғасырдың алғашқы жартысында құқықтық мемлекет
теориясы құқықтық мемлекет жөніндегі үстемдігін бекітті. Қазіргі кезеңде
теорияның даусыз мойындалып отырған белгісі – мемлекет пен адам арасындағы
байланыста басымдықтың адамға берілуі. Мемлекеттің міндеті тек адамдардың
кейбір топтарына ғана қатысты емес, жекелей алғанда әрбір адамның мүддесіне
қатысты басқарушылық шешімдер мен бағдарламаларды жүзеге асыру болып
табылады. Сондықтан да құқықтық мемлекет құрудың мәселелерін кешенді түрде
талқылау бірінші кезектегі міндетке жатады.
Осы жұмысты жазу кезінде көптеген арнаулы ғылыми, ғылыми-көпшілік
әдебиеттер, мемлекет пен құқық теориясы мен тәжірибелеріне, Қазақстан
Республикасының мемлекеті мен құқық теориясына, шетелдік мемлекеттердің
мемлекеті мен құқық теориясына арналған әдебиеттер, бұқаралық ақпарат
құралдарының мағлұматтары пайдаланылды.
Азаматтық қоғам- экономикалық және рухани біртұтастықпен, өмір сұру
жағдайын ұйымдастырудың тұтастығымен сипатталатын, белгілі бір аумақтағы
адамдар бірлігі.
Саяси жүйе- елдің саяси өміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік
емес азаматтық қоғамдық құрылымдардың біртұтас кешенде қарастырылуы.
Соныен, азаматтық қоғамның саяси жүйесі- мемлекетік және азаматтық
қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне
кірісіп, азаматтық қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы.
Саяси жүйенің ең күрделі, ең маңызды элементі- мемлекет. Саяси жүйенің
азаматтық қоғамды басқарудағы ең орталық буыны- мемлекет. Біріншіден, ол
саяси жүйенің билігін, мүдде- мақсатын іске асыратын ең негізгі аппараты.
Екіншіден, мемлекет саяси жүйенің барлық элементтерін біріктіріп, саяси
функция арқылы азаматтық қоғамның игілікті құндылықтарын әділетті болу
процесін басқарып отырады. Бұл процесті басқару, бақылап отыру дегеніміз-
азаматтық қоғамдағы қарым- қатынастарды, олардың өзара байланысын реттеп
отыру, тұрақты, жақсы дамуын қамтамасыз ету.
Жоғарыда көрсетілген саяси жүйенің элементтерінің даму процесінен
азаматтық қоғамда әр түрлі саяси жүйелер қалыптасады: әкімшілік, жарыстық,
әділетті- бірлік жүйелері. Азаматтық қоғамның жақсы- жаман дамуын осы
жүйелер шешеді, соған сәйкес саяси жүйе әр түрлері қалыптасып жатады.
1) Формациялық саяси жүйелері- құл иелену, феодалдық, жуазиялық,
социалистік формацияларының саяси жүйелері.
2) Авторитарлық саяси жүйелер- тоталитарлық, партократтық,
деспотиялық, фашистік т.б. саяси жүйелер.
3) Демократиялық саяси жүйелер- либерал- демократиялық, залықтық-
демократиялық, социал- демократиялық т.б.
4) Прогрестік, реформаторлық, консервативтік, реакцияшыл т.б.
саяси жүйелер.
І. Тарау. Саяси жүйе
1.1. Азаматтық қоғамның саяси жүйесінің түсінігі
Азаматтық қоғамның саяси жүйесі – бұл белгілі бір саяси функцияларды
атқарушы мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың
жүйесі. Мұндай институттардың қатарына азаматтық қоғамдық өмірдің билікке
байланысты саласына қатысушы мемлекет, партиялар, кәсіптік одақтар және
басқа да ұйымдар мен қозғалыстар жатады. Саяси жүйе сыртқы және ішкі
саясаттың жүзеге асуын қамтамасыз етеді, әлеуметтік топтардың мүдделерін
қалыптастырады, білдіреді және қорғайды. Оның сипаты, ең алдымен, осы саяси
жүйенің пайда болған және өызмет ететін әлеуметтік ортасы арқылы
анықталады:
1. Еңбек нәтижелері саналы түрде мемлекеттік ұйымдасқан адамдардың
ерекше тобымен бөлінетін әлеуметтік орта. Мұндай ортада меншіктің
мемлекеттік және азаматтық қоғамдық түрлері орын алады, өзіндік меншікке
рұқсат берілуі мүмкін, ал жеке меншік мүлдем болмайды. Мұндай саяси
жүйелерде мемлекеттік билік азаматтық қоғамның экономикалық өміріне
тоталитарлы түрде араласады; мемлекет идеологиясынан өзгеше ойлау басп-
жаншылып отырады; мемлекеттік идеология, дін, мәдениет, білім, ғылым
қалыптасады. Билікте тек бір саяси партия болады.
2. Әлеуметтік ортаның екінші түрі азаматтық қоғамның экономикалық
өмірінің нарықтық – ақшалық негізіне, еркін кәсіпкерліктің тәжерибесі мен
идеологиясына негізделеді. Мұндай саяси жүйелерде мемлекет нарықтық
экономика үшін жағдайларды ұйымдастырушы ретінде көрініс табады,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етеді. Мұндай жүйеде
партиялар билікті сайлау компаниларына қатысу арқылы жаулар алуға тырысады,
құқықтық нысандар саяси мақсаттарға жетудің негізгі құралына айналады.
3. Әлеуметтік ортаны ұйымдастырудың үшінші түрі- аралас түр, ол
конвергенция деген атқа ие болды. Конвергенциялық саяси жүйелер бір
әлеуметтік ортадан екінші әлеуметтік ортаға өту кезінде пайда болады.
Конвергенциялық саяси жүйелерге әртүрлі мақсаттағы және мазмұндағы көптеген
саяси институттардың араласуы тән болып келеді.
Қоғамның саяси жүйесі – саяси, әлеуметтік, заңға тән идеологиялық,
рухани нормалардың, тарихи дәстүрлерге, нақтылы қоғамның саяси режимінің
бағдарламаларына тәуелді саяси институттардың, қозғалыстардың тәртіптелген
тұтас жиынтығы. Қоғамның саяси жүйесі оның ұлттық, таптық жаратылысымен,
әлеуметтік құрылысымен, басқару тұрпатымен (республика, монархия),
мемлекеттік құрылымымен (федерация, біртұтас), саяси режимінің сипатымен
(демократиялық, демократияға қарсы, тоталитарлық), саяси өмірдің ұлттық
дәстүрлерімен, т.с.с. жағдайлармен анықталады. [1, 10-б].
Саяси жүйеге жатқызылатын қоғамдық құбылыстардың ерекше белгілері
болады. Ондай белгілерге мыналар жатады:
1) саяси жүйе бөлігінің ұйымдық сипаты болуы қажет;
2) кез келген қоғамдық бірлестік, ұйым саяси жүйенің болмысы бола
алмайды. Саяси жүйеге жату үшін оның алдына қойған мақсатының саяси мазмұны
болуы шарт;
3) Саяси ұйымның саяси сипаты оның бағдарламасымен анықталады.
Саяси жүйені зерттеу, тану үшін ерекше тәсілдер қолданылады.
Конституциялық тәсілді қолдану арқылы саяси жүйе бөліктерінің ұйымдық
ерекшеліктері айқындалады. Мысалы, мемлекет механизмінің болуы оның басқа
саяси жүйе бөліктерінен ерекше екенін байқатады. Функционалдық (қызмет
бағытына байланысты) тәсілді қолдану арқылы саяси ұйымның табиғи сипаты
анықталады. Реттеу рөлін зерттеу арқылы саяси ұйымның қоғамдың қатынастарды
қалыптастырып, дамытудағы қызметі көрсетіледі. Идеологиялық тәсілді қолдана
отырып саяси ұйымның нақтылы қандай таптар, әлеуметтік топтар, ұлттар үшін
қызмет атқаратынын анықтауға болады. Коммуникативтік тәсілді қолдану арқылы
саяси ұйымның саяси жүйеге жататын басқа ұйымдармен қарым-қатынасының
дәрежесін, деңгейін, көлемін, мазмұнын түсінуге болады.
Саяси жүйе дегеніміз - саяси билікті және азамат пен мемлекеттің өзара
байланысын ұйымдастырушы, сонымен қатар өзара әрекетте болатын нормалар мен
идеялардың, осыларға негізделген саяси институттардың, мекемелер мен
әрекетттердің жиынтығы. Осы аталып отырған көп қалыпты құрылымның негізгі
тағайыны адамдардың саясаттағы әрекеттерінің бірлігін, тұтастығын
қамтамасыз ету болып табылады.
Әдебиеттерде саяси жүйе төрт тараптың диалектикалық ынтымағы (бірлігі)
деп атап көрсетіледі:
1. Институционалдық (мемлекет, саяси партиялар, әлеуметтік-экономикалық
және басқалай да ұйымдар). Осылардың бәрі жиынтың түрінде қоғамның саяси
ұйымын құрайды.
2. Реттеуші (құқық, саяси нормалар мен дәстүрлер, имандылық нормаларының
кейбіреулері және т.б.).
3. Қызметтік (функционалдық) саяси режимнің негізін құрайтын саяси іс-
әрекет әдістері.
4. Идеологиялық (ең алдымен осы қоғамда үстемдік құрған саяси сана).
1.2 Саяси жүйелердің түрлері
Саяси жүйелердің пайда болатын әлеуметтік ортасының сипатына қарай
мынадай саяси жүйе түрлері болады: тоталитарлық, либералдық- демократиялық
және аралас жүйелер; ал өзара байланасу сипатына қарай ашық және жабық
саяси жүйелер болады.
Саяси жүйенің даму процесінің бірнеше түрі болды. Социалистік типті
мемлекеттерде сталиндік саяси жүйе қалыптасты. Оның мазмұны: жеке адамға
табнушылық, бір партияның үстемдігінің орнауы, әкімшілік- әміршілік,
тоталитарлық басқару жүйенің қалыптасуы, демократияның, бостандықтың,
әділеттіктің арасының зор шектеулі.
Саяси жүйенің екінші түрі- дамыған елдерде ХХ ғасырдың 60-90 жж.
Қалыптасқан нарықтық экономика мен либерал- демократиялық мемлекеттердің,
ұйымдардың, одақтардың өзара қатынасы мемлекеттің Конституциясына сәйкес
дамуы. Бұл еллдерде де толық бостандық әділеттік, теңдік жоқ. Мысалы,
таптардың , топтардың әлеуметтік саяси теңдігінің жоқтығы.
Саяси жүйенің үшінші түрі- ХХ ғасырда қалыптасқан аралас мемлекеттік
құрылыс- конвергенция теориясы. Капитализм мен социализм азаматтық
қоғамының экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени дамуының, жақсы
тәжірибелерін біріктіру. Бұл саяси жүйеде де кемшіліктер көп кездеседі.
Адам азаматтық қоғамының тарихында ұлтшылдық, шовинистік, расистік,
фашистік саяси жүйелері қалыптасқан, аз болса да өмір сүрген.
Қазіргі заманда мемлекеттердің саясаты дүниежұзілік бірлікке, одаққа
бет бұруда. Бұл объективтік прогрестік құбылыс. Глобальдық проблемаларды
шешуге қолайлы жағдай қалыптасуы мүмкін.
Сонымен, азаматтық қоғамның саяси жүйесі- мемлекеттік және азаматтық

Саяси жүйенің төрт бағыты болады.
- институционалдық- мемлекет, саяси партиялар, азаматтық
қоғамдық ұйымдар бірігіп азаматтық қоғамның саяси жүйесін
құрайды:
- реттеуші- құқық, саяси нормалар, әдет- ғұрып, мораль т.б.;
- функционалдық – саяси әрекеттің тәсілдері, саяси жүйе;
- идеологиялық- саяси сана, азаматтық қоғамдағы үстемдік
идеология.
Саяси жүйенің негізгі элементтері: саяси және құқықтық нормалар, саяси
құрылыс, саяси іс- әрекет, саяси сана және саяси мәдениет.
Саяси жүйе құрамының негізгі құрамдас бөліктерін ажыратып көрсеткенде,
саяси және құқықтың нормаларды, саяси құрылымды, саяси іс-әрекетті, саяси
сананы және саяси мәдениетті атауға болады. [2, 15-б].
1. Саяси және құқықтық нормалар - бұларға мінез-құлықтың қалыптасып
болған немесе анықталып белгіленген, саяси қатынастарды реттеудің
тәсілдері, бар және әрекет үстіндегі конституциялар, кодекстер, заңдар,
партиялардың жарғылары мен бағдарламалары, саяси үрдістер мен рәсімдер
жатады.
2. Саяси құрылым - бұларға саяси және мемлекеттік ұйымдар,
институттар, мекемелер мен олардың араларындағы қатынастар жатады.
3. Саяси іс-әрекет - бұған адамдардың қоғамдағы саяси биліктің қызмет
етуін қамтамасыз етуге, өзгертіп қайта құруға және қоғамдағы саяси билікті
жүзеге асыру жүйесін қорғауға бағытталған әртүрлі әрекеттері жатады.
4. Саяси сана мен саяси мәдениет - мұндағы ескерілетіні саяси билік
механизмінің іс-әрекетін көрсететін руханият көріністерінің алуандығы және
олардың саяси қатынастар аясында адамдардың іс-әрекетін бағыттап
отыратындығы түсініледі.
Саяси мәдениет - саяси билік мүшелері қабылдаған және өздерінің іс-
әрекеттері мен қатынастарында пайдаланатын саяси идеялардан, рәміздерден,
нанымдардан тұратын құндылықтар жүйесі.
Қоғамның саяси жүйесі - белгілі саяси қызметтерді атқарып, оларды
жүзеге асыратын мемлекеттік және мемлекеттік емес институттар жүйесі.
Мемлекет, партиялар, кәсіподақтар және қоғамдық болмыста іс түйіні билікті
күшпен тартып алулармен, одан ажырап қалмау және пайдалану әрекеттерімен
байланысты ұйымдар мен қозғалыстар жоғарыда аталған институттарға жатады.
Саяси жүйе ішкі-сыртқы саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді, әлеуметтік
топтарды қалыптастырады, олардың мүдделерін білдіреді және оларды қорғайды.
Саяси жүйенің сипаты әлеуметтік ортамен тығыз байланыста болады, өйткені
өзі содан туындап, соған қызмет етеді.
Қоғамның саяси жүйесінің негізгі субъектілері ретінде мемлекет,
партиялар және қоғамдық қозғалыстар ең алдыңғы қатарға шығады.
Мемлекет - саяси жүйеде бастаушы рөл атқарады, өйткені, оның өзіне
ғана тән ерекше белгілері болады: біріншіден - қоғамды интеграциялауға
(біріктіруге) қабілетінің болуы, бұл қабілет қоғамда болатын әлеуметтік
өзгешеліктерге, мүдделер тартысы дегенге қарамастан өз ықпалымен әсер
етеді; екіншіден, мемлекет — билік органы. Ол белсенді түрде қоғамдық
қатынастарды ұйымдастыру ережелерін, белгіленген нормаларды сақтағаны
немесе бұзғаны үшін санкцияларды, көтермелеу мен жаза қолдануларды жүзеге
асырады; үшіншіден, қоғамда оның құқықтық шығармашылық қызметі болады;
төртіншіден, мемлекеттік биліктің көпшілікке тәндігі, жалпылық істерді
басқарудың кәсібилендірілуі, мемлекеттік органдарға, олардың
қызметкерлеріне өкілеттіктерді ерікті немесе еріксіз беру, басқа адамдарға
сол өкілеттіктерді басқаруға беру; бесіншіден, саяси кеңістік шегінің
ерекшелігі (өзгешелігі) мен оның айқындығы.
Мемлекеттің географиялық шегі болады; оның билігі жүретін аумағы,
өзінің азаматтарын - мемлекет мүшелерін қамтитын - заңдық ықпалы болады.
Осы заңдық ықпал бойынша мемлекет алдында әлгі мүшелерінің заң бекіткен
міндеттері, құқықтары болады, олар алым-салықтар төлейді және тағы
сондайлар. Басқаша айтқан да, мемлекеттің заңдық ықпалы бойынша оның
органдарының бар болуы мен әрекет етуіне материалдық мүмкіндіктер
тудырылады, қамтамасыз етіледі. [3, 25-б].
Саяси жүйеде мемлекеттің алатын орны ерекше. Мемлекет барша елдің
ресми өкілі болып саналады, себебі ол қоғамды қандай да болсын ерекше
бөліктерге бөлмей, қоғамның, халықтың мүддесін қанағаттандыру үшін қызмет
атқарады. Мемлекеттің тарихи даму барысында қалыптасқан, тек оның өзіне
ғана тән құрылымы бар. Мемлекет өз қызметін атқару үшін ерекше ұйымдардан
тұрады: ол мемлекет органдары. Саяси жүйенің басқа бөліктерінің мұндай
құрылымы болмайды. Мұны - мемлекеттің механизмі дейді. Осы механизм арқылы
мемлекет өзінің сан алуан, түрлі бағыттағы қызметін атқарады. Мемлекет тек
қоғамның ішінде ғана емес, басқа мемлекеттермен қарым-қатынас, алыс-
берістер жасауға байланысты да қызмет атқарады. Тек мемлекетке ғана
азаматтық деген құбылыс тән, сондықтан азаматтық—мемлекет пен адамдардың
арасындағы байланыс болып саналады. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекет
органдары ғана қабылдай алады, олар қоғамдық қатынастарды ресми түрде
реттейтіндіктен, барлық қоғам мүшелерінің іс-әрекетін, мінез-құлқын жолға
салған құрал болып саналады.
1.3 Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам
Құқықтық мемлекеттілік азаматтық қоғаммен табиғи байланысқан, ол
онсыз қалыптасып, қызмет етіп өркендей алмайды. Азаматтық қоғам — құқықтық
мемлекеттің маңызды компоненттері пайда болып, бекіп, өзінің тіршілікке
қабілеттілігі мен өміршендігін көрсететін, жетілдірілетін және олар үшін
өзіндік бір тіршілік ету ортасы болып табылатын, оларға қажетті жағдайлар
мен алғышарттар жасайтын айқын әлеуметтік-экономикалық қондырма. Құқықтық
мемлекет құрудағы табыстар, бұл процестің өрісі мен қарқыны оның оң және
теріс нәтижелерінің ара қатысы азаматтыққа дейінгі қоғамның азаматтық
қоғамға айналу дәрежесіне тура пропорционал тәуелді болып табылады.
Құқықтық мемлекеттің құрылуы мен дамуы өз кезегінде азаматтық қоғамның
нығаюы мен жетілуін жеңілдетеді, және құқықтық емес мемлекеттің құқықтық
мемлекетке ауысу процесі біріншісінен екіншісіне айналуы неғұрлым кең өріс
алса, азаматтық қоғамға тірек болатын және оған қызмет көрсететін тіректер
мен құрылғылар солғұрлым сенімдірек, мықтырақ болады. [10, 56-б].
Басқаша айтқанда, қоғамдық өмірдің аталған екі құбылысының (құқықтық
мемлекет және азаматтық қоғам) арасында өзара келісушілік пен өзара іс-
қимыл нысанында екіжақты тәуелділік бар: іс жүзінде олардың біреуі
екіншісінсіз тіршілік ете алмайды; бұдан былай олар бір біріне серік
болады, олардың қызмет етуінің нәтижесі бір бірімен тығыз байланысты және
олардың әрқайсысына тікелей әсер етеді.
Азаматтық қоғам әдетте, жеке меншіктің және нарықтық қатынастардың,
орта таптағы меншік иелерінің ролінің арта түсуімен, бәсекелестік,
шұғылдық, парасатты есептей білу негізіндегі шаруашылық және коммерциялық
табыстарға қол жеткізілуімен сипатталады. Әлеуметтік толысудың белгілі бір
деңгейіне жеткен соң азаматтық қоғам мемлекеттің диктатын өзіне дарытпайтын
жағдайда болады, онымен тең және белгілі бір тепе-теңдік орнатып, үйлесімді
қатынастар мен өзара әрекеттестікті қалпына келтіреді. Азаматтық қоғамның
одан әрі жетілдірілуіне қарай онда мемлекетпен, социумдарымен, жеке
тұлғалармен байланыстары жаңа деңгейге көтеріледі, олардың біреуінің
екіншісінен шектен тыс басымдығы болмайды. Қоғамда пайда болған жанжалдар,
қарама-қайшылықтар және шиеленістер жария құралдармен, зорлықсыз, басып-
жаншусыз, революциясыз шешіледі.
Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам бір біріне жақын болғанымен әр
түрлі мәселелерді тікелей шешеді. Егер мемлекет өзінің конституциялық және
заң актілерінде жеке адамның құқықтық мәртебесін баянды ететін болса, онда
азаматтық қоғам оны жоғары әлеуметтік мәртебемен қамтамасыз етеді.
Мәртебенің бұл екі түрі жеке адамның өмір тіршілігінің әр түрлі жақтарына
акцент береді, бірін бірі толықтыра отырып, оған өзінің мақсаттары мен
міндеттеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Әлеуметтік мәртебе
материалдық, ұйымдастырушылық-техникалық мүмкіндіктерді, сондай-ақ әрбір
қоғамға тән таптық-топтық, ұлттық-этникалық, социумдық байланыстар мен
қатынастардын артықшылықтарын анықтайды. Қоғам бұл мүмкіндіктер мен
артықшылықтарға өзінің мүшелерін араластырады. Қоғамның қарамағында мұндай
мүмкіндіктер мен артықшылықтар неғұрлым көп болса, азаматтар оны соғұрлым
толығырақ пайдалана алады Олар құқықтық мәртебенің мазмұнын құрайтын
мүмкіндікті нығайтады. Олар болмаса құқықтық мәртебенің жүзеге асырылуы
кемиді. [11, 45-б].
Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің
негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар
бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени
орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз
қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері,
атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман
қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел
болып дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға деген ұрпақтық
сүйіспеншілігінің түп-тамыры да дәл осында жатыр. Сондықтан да ата-бабамыз
осындай ұлан-ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап,
ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен.
Өкінішке орай, осы бір тарихи жалғастық Қазақстанды да өз уысында
ұстаған тоталитарлық мемлекет кезінде үзіліп қалды. 70 жыл ішінде
жүргізілген аяусыз зұлмат тек қазақ халқын сан жағынан ғана селдіретіп, өз
отанында азшылыққа ұшыратып қойған жоқ, ол өмір сүретін табиғи ортаны да
ойрандады, халық санасын уландырды, оның тарихында мыңдаған жылдар бойына
мәңгілік болып саналып келген талай табиғи байлық ондаған жылдардың ішінде-
ақ сарқылып келмеске кетті.
КСРО өзінің 70 жылдық тарихында ұлттардың, этникалық топтардың, аз
халықтардың теңдігі мен құқы жөнінде жар салудан жалыққан емес, ал іс
жүзінде халықаралық міндеттерді сақтау былай тұрсын, тіпті, конституциялық
заң ережелері де орындалмады. Шынайы демократия болмағандықтан да заң
әрқашан қағаз жүзінде қалып отырды. Тек егеменді Қазақстан Республикасы
жағдайында ғана құқықтық мемлекет құрудың шынайы мүмкіндігі туып отыр.
Біздің жас мемлекетіміздің Конституциясында міне осы қадам тәуелсіз
Қазақстанның демократиялық дамуының кепілі ретінде жүзеге асырылады.
Құқықтық мемлекет құру мен қоғамды демократияландыру – қайшылықты,
ұзақ та күрделі процесс. Бұл біздің жас мемлекетіміздің аяғынан қаз тұру
жолынан да жақсы байқалады. Тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғам
өміріне өту қажеттілігі айқын болған күннен бастап-ақ Қазақстан
тұрғындарының алдында ең алдымен Қазақстан мемлекетінің егемендігі мен
тәуелсіздігін қорғау міндеті тұрады.
Бұл орайда демократияны дамыту – меншік қатынастарын реформалау мен
нарықтық экономикаға өту экономиканы тығырықтан алып шығудың, ұлттық
мемлекеттің қалыптасуына қолайлы жағдай туғызудың толассыз жолы. Саяси
саладағы басты мақсат – жас егеменді мемлекетті қуатты президентті
республика етіп қалыптастыру. Біздің мемлекетімізде барлық азаматтардың
теңдігі барлығының заң алдындағы бірдей жауапкершілігі, кімнің қай ұлтқа
жататындығына қарамастан, бірдей екендігі әуелден-ақ нақты көрсетілген.
Әрине, кейбір жағдайда жергілікті ұлт – қазақтардың мүддесі ерекше
ескеріледі. Мұндай жағдайға ұлттық мәдениетті, тілді өркендету, қазақ
диаспорасының рухани-мәдени және басқа да байланыстарын қалпына келтіру,
олардың өз Отанына қайтып оралуына қолайлы жағдайлар туғызу жатады.
Басқа елдер деңгейімен салыстырмалы түрде алғандағы экономикалық
байлыққа қол жеткізудің алғышарты – бүкіл қоғамдық өмірді
демократияландырған тұрақты құқықтық мемлекет құру болып саналады.
Құқықтық демократиялық мемлекетте Конституция, яғни біздің қоғам
өмірінің Негізгі Заңы аса жоғары мәнге ие. Конституция жобасы Қазақстан
Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап жасалына бастады. Конституция
қабылдаудан бұрын бүкілхалықтық талқылаудан өтті.
Біздің Конституциямыз бойынша Қазақстан халқы егемендіктің иесі,
республикадағы мемлекетік биліктің жалғыз қайнар көзі болып табылады.
Республикада тек қазақтар ғана емес, басқа ұлт өкілдері де тұрады.
Сондықтан саяси ымыраға келу қажет болғандықтан қазақ халқы өз қамын
күйттеумен қатар, жас мемлекетіміздің тыныштығын, оны одан әрі нығайтуды
ойлауы керек.
Құқықтық мемлекет құру, қоғамдық өмірді демократияландыру, жалпыұлттық
келісім мен ынтымақ Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықтың
лайықты толық мүшесі болып енуінің басты шарты болып табылады.
Республиканың президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей басшылығымен тәуелсіз
Қазақстанның жаңа Конституциясы қысқа мерзім ішінде әзірленді. Ол халық
талқылауынан өтіп, референдум арқылы өз күшіне енді.
Жаңа Конституцияның өмірге келуі, жан-жақты сараптамадан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz