Сот жарыссөздері және прокурордың қорытындысы


Жоспар
Кіріспе . …. 4
І тарау. Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастар
- Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынасының ұғымы және элементтері . . . 6
- Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастарының объектісі мен мазмұны . . . 7
- Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынасының субъектілері және оларды топтастыру . . . 7
- Азаматтық іс жүргізуге (процеске) прокурордың қатысуы . . . 10
ІІ тарау. Азаматтық іс жүргізу құқығы бойынша азаматтық істі қарау іс жүргізуді тоқтата тұру немесе кейінге қалдыру тәртіптері
2. 1. Сотта іс қарау сатысының мәні және құрылымы . . . 14
2. 2. Істі қарауды кейінге қалдыру . . . 28
2. 3. Азаматтық іс бойынша іс жүргізуді сот шешімін қабылдамай аяқтауы немесе тоқтата тұру30
III тарау Азаматтық іс жүргізудегі сот актілері және іс жүргізу мерзімдері
3. 1. Азаматтық іс жүргізу мерзімдерінің түсінгі мен түрлері . . . 39
3. 2. Бірінші сатыдағы сот актілері (ұғымы мен түрлері) . . . 41
3. 3. Сырттай және бұйрық арқылы іс жүргізу тәртіптері . . . 45
Қорытынды . . . 65
Пайдаланған әдебиеттер . . . 67
Кіріспе
Заңгердің біліктілігінің негізі - құқықтық салаларды жақсы білу және олардың ішінде жол табу ісін меңгеру. Азаматтық іс жүргізу құқығы өзге салалардың арасында маңызды орында. Сондықтан да заң факультетінің түлектерінің болашақта судья, адвокат және басқа да құқық қолданылатын қызметтерде жоғары нәтижелерге жету шарттарының бірі болып, азаматтық іс жүргізу құқығын терең зерттеу болып табылады.
Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізу регламентациясы, салыстырмалы жақында ғана қабылданған АІЖК бойынша жүргізілуіне байланысты, зерттелетін мәселе әлі толық қаралған емес. Сот және құқық қорғау жүйесінің принциптерін, АІЖК-нің құқықтық негізін Конституция белгілейді.
ҚР қабылдаған АІЖК-нің позитивтік жақтарын алсақ, ол азаматтық соттардың юрисдикцияларының кең болуы, айтысу регламентациясы талаптарының сапалы белгіленуі.
Құқықтық жүйенің құрылымының принциптері ретінде, демократияны және заңнаманы либералдау жолын таңдау, ҚР азаматтық іс жүргізу құқығына да үлкен әсерін тигізеді. Конституциялық принциптерді өмірде іске асыру үшін әрбір заңнамалық адымды толық, теориялық зерттелген идяларды қолдана отырып, жасау кажет. Ол үшін мемлекетімізге жоғары сапалы заңгерлер, заң жағынан білікті мемлекеттік қызметкерлер қажет. Бұл кәсіп, әсіресе, қоғамның әлеуметтік құрылуы, жаңа экономикалық және саяси бағдар таңдауы кезінде жоғары бағаланады.
Азаматтық іс жүргізуді кейінге қалдыру және тоқтату тәртібі және олардың конституциялық негіздерін қазіргі заманға сай зерттеу. Азаматтық іс жүргізуді кейінге қалдыру және тоқтату тәртібі - осы саланың мәнін, негізгі жақтарын көрсетуі. Кейінге қалдыру мен тоқтату, халықтың құқықты әлеуметтік бағасы, саяси-құқықтық идеялардың айна көрінісі болып табылады. Оларда, халықтың идеялары мен ойларын ең толық қанағаттандыратын, заңдылықты азаматтық істерде ұйымдастырудың негіздері, соттың процессуалдық іс-әрекеті, сот процесіне қатысушылардың құқықтық мәртебесін анықтау жолының құқықтық сапалар тізімі түйінделеді. Кейінге қалдыру мен тоқтату тәртібінің мазмұны демократиялық бағытта болады, және заң нормаларымен бекілітіліп, заңдылықты азаматтардың заң және сот алдында теңдігін сақтай отырып, соттың жүзеге асыруын, істерді судьялардың жеке-дара немесу алқалы түрде қаралуын, судьялардың тәуелсіздігі мен тек заңға бағынуы, жариялылық, сот ісін мемлекеттік тілде жүргізілуін білдіреді. Әрбір адамның сотқа қорғаныс іздеп және соттың қорғанысына жүгінуіне мүмкіндік беретін, сот ісін жүзеге асыруының қолайлы болуы, іске қатысушылардың реалды құқықтары және олардың жүзеге асуының кепілдігі болып табылады.
Сондықтан да, азаматтық іс жүргізудің кейінге қалдыру мен тоқтату тәртібінің түсінігін дұрыс талқылау қажет.
Зерттеу объекті - азаматтық іс жүргізудің кейінге қалдыру мен тоқтату және олардың конституциялық негіздері.
Зерттеу пәні - азаматтық іс жүргізудің заң нормалары, Конституция.
Зерттеу мақсаты - азаматтық іс жүргізу кейінге қалдыру мен тоқтату тәртібін талқылау.
Зерттеу гипотезасы: АІЖК-де азаматтық құқық принциптерінің толық зерттелмегендігі, оларға анализ жасау және түзеті енгізу қажеттілігінде.
Мақсатқа жету үшін келесі сұрақтарды қарастырамыз:
- азаматтық іс жүргізу принциптерінің тарихын зерттеу;
- азаматтық іс жүргізу принциптерінің жүйесін қарастыру;
толық анализ жасап, азаматтық іс жүргізу принциптерінің мәселелері мен болашағын анықтау.
Жаңалық элементі ретінде: диспозитивтік принциптің соңғы дұрыс талқылауы - сот және өзге істерді жүргізудің бастапқы локомотив екендігі анықталғанын айта кеткен жөн.
І тарау. Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастар
1. 1. Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынасының ұғымы және элементтері
Құқықтық қатынас - құқық нормаларымен реттелген, құрамында өзара алмасылып отыратын құқықтар және міндеттермен айшықталған құқық субъектілері арасында заңдық байланысы бар қоғамдық қатынастар. Азаматтық іс жүргізу қатынасы құқық қорғау қатынастарына жатады. Олардың пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуы заңдық жағдаяттармен, заңдық маңызы бар нақтылы мән-жайлармен байланысты, олармен құқық нормасы азаматтық іс жүргізу құқық субъектілерінің іс жүргізу құқықтары мен іс жүргізу міндеттерінің пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуын байланыстырады. Бұл қатынастардың ерекшеліктері мыналар:
- олар азаматтық іс жүргізу құқықтың нормаларымен тікелей белгіленген;
- ерекше субъективтік құрамы, яғни іске қатысушылардың құрамы;
- бірлігі мен біріктік;
- ара-қатынасында.
Азаматтық іс жүргізу қатынастары сотқа талап арыз, арыз және шағым берген кезде пайда болады. Азаматтық іс жүргізу құқықтары мен азаматтық іс жүргізу міндеттері азаматтық іс жүргізу қатынастарының мазмұнын құрайды.
Азаматтық істерді қарап шешуде азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының мынандай түрлерін байқауға болады: негізгі, қосымша және қызметтік-көмек көрсетушілік.
Негізгі іс жүргізу құқық қатынастары талап қоюмен іс жүргізу, ерекше талап қоюмен іс жүргізуде сот пен тараптар (талап қоюшы және жауапкер) арасында және ерекше іс жүргізуде сот пен арыз беруші арасында болады.
Қосымша іс жүргізу құқық қатынастары іс бойынша қорытынды беру үшін прокурордың, мемлекеттік органның немесе жергілікті өзін-өзі басқару органның қатысуымен өткенде (АІЖК-тің 55, 57 баптары), сондай-ақ үшінші тұлғалардың қатысуымен өткенде (АІЖК-нің 52, 53 баптары) туындайды.
Қызметтік-көмек көрсетушілік іс жүргізу құқық қатынастары іс бойынша өз қызмет бабы бойынша көмек көрсету үшін аудармашының, сарапшының, куәлардың, қоғамдық өкілдердің қатысуымен өткенде туындайды.
Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының ерекшелігі оның биліктік сипатында, яғни биліктік қатынастылығында. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының субъектілері - сот және өзге сот ісін жүргізуге қатысушысы - билік және бағынушылық қатынаста болады. Оған дәлел ҚР Конституциясының сот билігін бекітуі. [18. 363]
Жоғарыда айтылғанның бәрі азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының түсінігіне анықтама беруге болатынын білдіреді. Сонымен азаматтық іс жүргізу құқық қатынасы - бұл субъективтік құқықтармен заңмен қорғалатын мүддені қорғау үшін сот пен өзге азаматтық процестің қатысушылары арасындағы азаматтық іс жүргізу құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар.
1. 2. Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастарының объектісі мен мазмұны
Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының объектісін 2 түрге бөліп қарастыруға болады: жалпы және арнайы.
Жалпы объект - сотпен қаралып, шешілуге немесе қорғалуға жататын материалдық-құқықтық дау немесе заңмен қорғалатын мүдде.
Арнайы объект - нақты, белгілі құқық қатынасын жүзеге асыруда жасалатын қорытынды (мысалы, сот пен сарапшы арасында азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының объектісі болып осы сарапшының өзінің арнайы білімі негізінде іс үшін мәні бар фактілер туралы қорытындысы) .
Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастың мазмұны - азаматтық процестегі субъектілерінің іс жүргізу құқықтары мен міндеттері, ал кейбір процессуалистердің пікірінше (А. А. Мельников) субъектілердің мінез-құлқы, яғни өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудағы әрекеттері.
1. 3. Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынасының субъектілері және оларды топтастыру
Азаматтық іс жүргізу қатынастарының субъектілері азаматтар мен заңды тұлғалар бола алады. Соның қатарына азаматтық іс жүргізу қатынастарына шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар қатыса алады. Процеске қатысушылардың бәрін, олардың іске қатынастығына орай, белгіленген топтарға бөлінеді: сот, іске қатысушылар және сот төрелігін жүзеге асыруына жәрдемдесушілер. [13. 43]
Сот азаматтық іс жүргізу қатынасының міндетті субъектісі ретінде қаралады. Республикада азаматтық, төрелік, қылмыстық және басқа да істерді қарайтын, соттардан тыс ешқандай орган жоқ. Сот азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын, ол бұзылған жағдайда оны қалпына келтіретін барынша ықпалды нысан болып табылады. Соттар қайсыбіреулердің еркіне қарамастан тек Конституция мен Республика заңдарына сәйкес, өздеріне Республика атынан берілген билікті жүзеге асырады, іс жүргізу нысанында заңмен белгіленген сот ісін қарауға процесс мүшелерінің барлығының да белсенді түрде қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, істің ақиқатын ашады және ол бойынша заңды және негізделген шешім шығарады. Соттарға мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы берілген. Сот азаматтық және шаруашылық істер жөніндегі шешімдерімен кінәлі тараптарды (талап қоюшыны немесе жауапкерді) тиісті тәртіпке шақырады, оларды міндеттері мен жауапкершілігін орындауға, оның ішінде жауапкердің есеп шотынан талап қоюшының пайдасына ақшалай қаражат өндіртуге не мүліктерін өндіруге мәжбүрлейді. Істі сот отырыстарында қарау мен шешу ҚР Конституцияның 77-бабында және ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің жалпы бөлімінің 2-ші тарауында аталған принциптерге негізделеді. [27. 31]
Іске қатысушыларды азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастардың субъектері ретінде танимыз. Олардың құрамына ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 44-бабына сәйкес:
- тараптарды (талап қоюшы мен жауапкерді) ;
- үшінші тұлғаларды (даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін және даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін) ;
- прокурор;
- мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдар;
- ҚР АІЖК 56, 57-баптарымен көрсетілген негіздер бойынша процеске қатысатын ұйымдар немесе жеке адамдар;
- арыз берушілер және басқа да мүдделі тұлғаларды (ҚР АІЖК 289-бабы) жатқызамыз.
Сот төрелігін жүзеге асыруына жәрдемдесушілер - азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының субъектілері. Олар қатарына: аудармашы, куә, маман, сот приставы, сот хатшысы, сот орындаушысы, өкіл және т. б. жатқызылады.
Іске қатысқан тұлғалар ішінде үшінші тұлғалар ең түсініксіз тұлғалар. Үшінші тұлғалар - өздерінің субъективті құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін басталып кеткен азаматтық процеске қатысатын және тараптардың (талап қоюшы мен жауапкердің) құқықтары мен мүдделерімен сәйкес келмейтін тұлғалар. Үшінші тұлғалардың азаматтық процеске қатысудың негізгі себебі - олардың қаралып жатқан азаматтық істе өздерінің жеке мүдделері бар. Іс бойынша сот шешімі олардың материалдық құқықтары мен міндеттеріне әсер етуі мүмкін. Бұған қоса үшінші тұлғалар институты нақты бір іс бойынша бірнеше әртүрлі талаптарды біріктіруге мүмкіндік етеді, істің бүкіл мән-жайларын сотпен толық зерттеуді қамтамасыз етеді және негізсіз сот шешімдерін шығарудан сақтайды деуге болады.
Үшінші тұлғалардың іс бойынша мүдделерінің деңгейі әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан олардың 2 (екі) түрі болады:
1-мәлімдейтін;
2-мәлімдемейтін.
1) Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар - бұл талап қоюшы мен жауапкер арасында басталып кеткен процеске даудың нысанасына өздерінің дербес құқықтарын қорғау үшін қатысатын тұлғалар. Бұл тұлғалардың қатысу себебі, олар құқық жөнінде дау талап қоюшы мен жауапкерге емес өзіне берілген деп ойлайды. Олар жалпы тәртіп бойынша (ҚР АІЖК 14 тарауы) бірінші сатыдағы сот шешімін шығарғанша талап қою арқылы қатыса алады (мысалы: Екі жас некеге тұрған соң олар 12 мың теңге тұратын жеке пәтер алмақшы болады, ал пәтерді сатып алу үшін 8 мың теңге ақша соманы ер жігіт өзінің туған анасынан алады, ал 4 мың теңге ақшаны үйленер алдында өзі жұмыс істеп тапқанынан қосады. Бір жыл бірге сол пәтерде тұрған соң жастар некелерін сот арқылы қияды, себебі ортақ мүлік бөлуде араларында дау болған. Сотта іс қарағанда ер жігіттің туған анасы өзінің дербес талабын қоюы мүмкін, яғни ол осы іс бойынша дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлға болып танылады) . Бұл үшінші тұлғалар өз талаптарын тараптың біреуіне не екеуіне бірден қоюы мүмкін.
Іс бойынша үшінші тұлғаларды қатыстыру мәселесі, соттың сәйкесті ұйғарым шығаруымен белгіленеді.
Осы үшінші тұлғаның талап қоюшыдан бір ғана айырмашылығы бар - бұл процеске кіру кезеңі.
Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар сипаттамасы:
- процеске талап қою арқылы қатысады, талап қоюшының барлық құқықтарын пайдаланады және оның барлық міндеттерін атқарады;
- үшінші тұлғалардың талап қою пәні талап қоюшының талап қою пәнімен толық көлемде немесе жарым-жартылай толық сәйкес келу керек, сондықтан талап қоюшының талабын қанағаттандырса әлбетте, үшінші тұлғаның талап арызын қабылдаудан бас тартады (толық немесе жарым-жартылай) . Іске қатыса алмаған дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар жеке талап қоюға хақы бар.
- іске қатысу ықылас көбінесе үшінші тұлғалардың өздерінен болады.
2) Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар - бұл бірінші сатыдағы қаралатын іс бойынша қабылданатын шешім тараптардың біреуіне қатысы өздерінің құқықтары мен міндеттеріне әсер етуі мүмкін болғанда, талап қоюшы не жауапкер жағында іске қатысатын тұлғалар (ҚР АІЖК 53 б. ) .
Олардың сипаттамасы:
- егер іс тараптардың біреуіне қатысы өздерінің құқықтарына немесе міндеттеріне әсер етуі мүмкін болса, іс бойынша бірінші сатыдағы соттың шешімі шыққанға дейін талап қоюшы немесе жауапкер жағында іске кірісе алады;
- олар сондай-ақ тараптардың және іске қатысушы басқа адамдардың өтінімімен немесе соттың бастамасымен іске қатысуға тартылуы мүмкін;
- дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар тараптардың талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгерту, талап қою талабының мөлшерін ұлғайту немесе азайту, сондай-ақ талап қоюдан бас тарту, талап қоюды мойындау не бітімгершілік келісімін жасау, қарсы талап қою, соттың шешімін мәжбүрлеп орындатуды талап ету құқықтарынан басқа іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және іс жүргізу міндетін мойнына алады (ҚР АІЖК 47 б. ) .
Даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлғалар іске келесі жағдайларда кірісе алады:
- өз бастамасы бойынша;
- тараптардың өтініші бойынша;
- іске қатысушы басқа тұлғалардың (прокурордың, мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдардың) өтініші бойынша;
- соттың бастамасы бойынша.
Бұлар іске соттың бірінші сатысындағы шешімі қабылданғанға дейін кірісе алады және ол соттың ұйғарымымен белгіленеді.
Даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлғалардың азаматтық процеске қатысу жөнінде мысал келтірейк. Мысалы: Қыста жолдың тайғақтығынан екі автокөлік жүргізуші, біреуі - қала автопаркінің автобус жүргізушісі, ал екіншісі - жеке меншік автокөлік жүргізушісі, аварияға ұшырайды. Егер автопарк автобусының жүргізушісі кінәлі болса, онда жеке меншік автокөлік жүргізуші сотқа талап арыз беру арқылы (талап қоюшы ретінде) келтірілген материалдық зиянды автобус жүргізушіден емес ол жұмыс істеп жүрген автопарк әкімшілігінен (жауапкер ретінде) өндіріп алады. Сонда кейіннен материалдық зиян өтеу үшін төленген ақша сомасын автопарк әкімшілігі өз қызметкерінің жалақысынан ұстап қалып отырады, яғни сонымен даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлға болып автобус жүргізушісі танылады. [30. 46]
1. 4. Азаматтық іс жүргізуге (процеске) прокурордың қатысуы
Қазақстан Республикасының Конституциясына және “Қазақстан Республикасының прокуратура туралы” заңына сәйкес прокуратура органдарының алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі кез-келген заң бұзушылықты дер кезінде анықтап, оны жоюға шара қолдану болып табылады. Кез-келген құқықтық мемлекеттегі тәрізді Қазақстан Республикасында да сот және прокуратура органдарының алдына қойылған мақсат - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әділдік пен заңдылықты қамтамасыз ету болып табылады. [25. 41]
Халықтың соттарға деген биік сенімін жоғалтпау үшін істерді қараған кезде, қара қылды қақ жаратындай әділдік болуы шарт. Ал, прокуратура болса ҚР “Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы” заңына сәйкес сот процесі барысында мемлекет мүддесін білдіріп, ақиқатты анықтауға ат салысатын мемлекеттік орган.
Прокуратураның қызметкері - прокурор, іске қатысушы тұлғалар құрамына енгізілген (ҚР АІЖК 5 тарау 44 бап) .
Прокурор процеске өз бастамасы немесе соттың бастамасы бойынша (ҚР АІЖК 55 бабы) іс жүргізудің кез-келген сатысында және кез-келген іс бойынша қатыса алады.
Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы келесі жағдайларда міндетті:
- мұның өзі заңмен көзделгенде;
- осы іске қатысу қажеттілігін сот танығанда (ҚР АІЖК 52 бабы 2 бөлігі) .
Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге міндетті қатысуы ҚР АІЖК-нің 287, 299, 317-4, 350, 398 баптарында көзделген.
Прокурор іс бойынша бірінші сатыдағы соттың, апелляциялық, қадағалау және жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша істерді қайта қарау сатыларындағы соттардың бастамасы бойынша қатыса алады. [16. 373]
Прокурордың процеске кіру тәртібі және оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерінің көлемі процестің қай сатысында кіргеніне және іске қатысу нысанына байланысты.
ҚР-ның прокуратура туралы заңы және ҚР-ның АІЖК-сы азаматтық процеске прокурордың қатысуының екі нысанын белгілейді:
1-сотқа арыз, талап арыз беру арқылы процеске қатысуы;
2-іс бойынша қортынды беру үшін процеске қатысуы.
1) Прокурордың сотқа талап қою арқылы қатысуы. ҚР-ның АІЖК-нің 55-бабы 3 бөлігіне сәйкес прокурор азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау туралы сотқа талап қоюға құқылы. Прокурордың талап қоюдағы міндеттерінің негізгі мақсаты - заң бұзушылықты жоюға сот тәртібімен уақытылы және тиімді шара қолдану, құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау.
Прокурордың талаптары - заң бұзушылыққа қарсы күрестің тиімді де маңызды құралдарының бірі.
Егер адам дәлелді себептермен өзі сотқа жүгіне алмаса, онда мүдделі адамның өтінішімен ғана прокурор азаматтың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау туралы талап қоя алады. Ал әрекеті қабілетсіз азаматтың мүддесін қорғау үшін прокурор мүдделі адамның өтінішіне қарамастан талап қоя алады.
ҚР-сы Бас Прокурорының 1999 жылғы 15 шілдедегі № 60 “Әлеуметтік және экономикалық салалардағы заңдардың қолдануына прокурорлық қадағалау ұйымдастыру” атты бұйрығына сәйкес, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары бұзылғандығы анықталып, ал олардың денсаулығына немесе жасы ұлғайғандығына байланысты өздерінің құқықтары мен бостандықтарын сотта қорғау мүмкіндіктері жоқ болса немесе бірнеше азаматтың құқықтары мен бостандықтары бұзылып жатса, прокурор олардың мүддесін талап ету және арыз беру арқылы сотта қорғай алады.
Басқа жағдайларда, прокурор әрбір азаматтың өз құқығы мен бостандығын сот арқылы қорғауға конституциялық құқығы бар екендігін түсіндіреді. Прокурордың талап қоюына лауазымды тұлғалардың, жеке азаматтардың құқыққа қарсы әрекетінің немесе қылмыс жасауының нәтижесінде келтірілген мүліктік залал немесе басқа да зиян негіз болып табылады. Талап арыз прокурор мүддесін қорғайтын адам мен жауапкер арасында туындаған мүліктік-құқықтық қатынас мазмұнына байланысты болады. [34. 73]
Прокурордың талабы тексеруден өткен, дәлелденген материалдарға негізделуі қажет. Сонда ғана талаптың негізі болып табылатын айғақтардың мөлшерін анықтау, талап ету, сонымен қатар, жауапкерге (жауапкерлерге) прокурордың талабын дәлелдейтін және олардың талапқа қарсы қарсылығын теріске шығаратын қажетті айғақтық материалдарды талдау төңірегінде талап етудің жүйелі жұмысы қалыптасады. Осы саладағы прокурордың жұмысы тек талаптың негізіндегі фактілер құрамын дұрыс анықтаса ғана нәтижелі болмақ. Прокурор талапты дайындау барысында ол бағалауға жататын болса, талап қоюдың бағасын міндетті түрде белгілейді (ҚР АІЖК 150-баптың 2-бөлігі, 6-тармағы) . Талаптың бағасы ҚР АІЖК-нің 102-бабына сәйкес белгіленеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz