Сотта азаматтық істің қозғалуы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
М а з м ұ н ы

К і р і с п
е ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...6
1-тарау. Азаматтық істер бойынша сырттай іс жүргізу мен
сырттай шешім шығару және азаматтық істерді бірінші сатыдағы сотта
қарау тәртіптері
1.1 Сырттай іс жүргізу тәртібі мен
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .8
2. Сырттай шешім және оған шағым жасау
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
3. Азаматтық істерді бірінші сатыдағы сотта қарау
тәртіптері ... ... ... 13
4. Азаматтық істерді сотқа
әзірлеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
2

2-тарау. Азаматтық іс жүргізу құқығындағы талап түсінігі мен түрлері
және іс жүргізу мерзімдері мен сот актілері
2.1 Талап
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 26
2.2 Талап
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...30
2.3 Азаматтық іс жүргізу мерзімдерінің түсінгі мен
түрлері ... ... ... ... ... .44
2.4 Бірінші сатыдағы сот
актілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46

3-тарау. Заңды күшіне енбеген және заңды күшіне енген сот
актілерін қарау тәртібі
3.1 Заңды күшіне енбеген сот актілеріне апелляциялық шағым беру,
наразылық келтіру тәртібі және
мерзімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5 2
3.2 Заңды күшіне енген сот актілерін қадағалау тәртібімен қайта
қарау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56
3.3 Заңды күшіне енген сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар
бойынша қайта қарау жөнінде іс
жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5 9

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...63

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..6 5

К і р і с п е

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010
жылы тамыз айының 17 жұлдызында шығарылған Жарлығы бойынша ҚР-да құқық
қорғау органдарын жетілдіру қажеттігі, соның ішінде сот органдарының
алатын орны ерекше екендігі айтылды. ҚР-да сот органдары азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын мемлекеттік орган болып табылады,
сондай-ақ азаматтық істер бойынша да шешім шығарып, әділдікке апаратын ең
басты органның бірі. Қылмыстық істер бойынша шығарылатын үкімдер де,
азаматтық істер бойынша шешімдер де заң негізінде барлық талаптарды
қамтамасыз ете отырып әділ төрелігін жүргізеді.
Заңгер біліктілігінің негізі - құқықтық салаларды жақсы меңгеру және
олардың ішінде әділ жол таба білу болып табылады.
Азаматтық іс жүргізу құқығы өзге салалардың арасында маңызды орынды
иелейді. Сондықтан да заң факультеті түлектерінің болашақта судья,
прокурор, адвокат және басқа да құқық қолданылатын қызметтерде жоғары
нәтижелерге жету шарттарының бірі болып, азаматтық іс жүргізу құқығын терең
зерттеу болып табылады.
Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізу регламентациясы,
салыстырмалы жақында ғана қабылданған АІЖК бойынша жүргізілуіне байланысты,
зерттелетін мәселе әлі толық қаралған емес. Сот, сот және құқық қорғау
жүйесінің принциптерін, АІЖК-нің құқықтық негізін Конституция белгілейді.
ҚР қабылдаған АІЖК-нің позитивтік жақтарын алсақ, ол азаматтық
соттардың юрисдикцияларының кең болуы, айтысу регламентациясы талаптарының
сапалы белгіленуі.
Құқықтық жүйе құрылымының принциптері ретінде, демократияны және
заңнаманы либералдау жолын таңдау, ҚР азаматтық іс жүргізу құқығына да
үлкен әсерін тигізеді. Конституциялық принциптерді өмірде іске асыру үшін
әрбір заңнаманы толық, теориялық зерттелген идяларды қолдана отырып, жасау
қажет. Ол үшін мемлекетімізге жоғары сапалы заңгерлер, заң жағынан білікті
мемлекеттік қызметкерлер қажет. Бұл кәсіп, әсіресе, қоғамның әлеуметтік
құрылуы, жаңа экономикалық және саяси бағдар таңдауы кезінде жоғары
бағаланады.
Азаматтық іс жүргізу сатыларында соттың қатысуы міндетті, өйткені сот
іс жүргізу тәртібінде азаматтардың құқықтарын қорғауға өзінің қызметін
жұмылдырады. Азаматтық іс жүргізуге соттың қатысуы - осы саланың мәнін,
негізгі жақтарын көрсетуі. Соттың азаматтық іске қатысуы халықтың құқықтық
әлеуметтік бағасы, саяси-құқықтық идеялардың айна көрінісі болып табылады.
Оларда, халықтың идеялары мен ойларын толық қанағаттандыратын, заңдылықты
азаматтық істерде ұйымдастырудың негіздері, соттың процессуалдық іс-
әрекеті, сот процесіне қатысушылардың құқықтық мәртебесін анықтау жолының
құқықтық сапалар тізімі түйінделеді. Соттың азаматтық іске қатысуының
мазмұны демократиялық бағытта болады, және заң нормаларымен бекілітіліп,
заңдылықты азаматтардың заң және сот алдында теңдігін сақтай отырып, соттың
жүзеге асыруын, істерді судьялардың жеке-дара немесу алқалы түрде қарауын,
судьялардың тәуелсіздігі мен тек заңға бағынуы, жариялылық, сот ісін
мемлекеттік тілде жүргізілуін білдіреді. Әрбір адамның сотқа қорғаныс
іздеп және соттың қорғанысына жүгінуіне мүмкіндік беретін, сот ісін жүзеге
асыруының қолайлы болуы, іске қатысушылардың реалды құқықтары және олардың
жүзеге асуының кепілдігі болып табылады.
Сондықтан да, азаматтық іс жүргізу сатыларының түсінігін дұрыс талқылау
қажет.
Жұмысты орындауда тақырыбымның негізі болып табылатын азаматтық
істер бойынша көптеген іс жүргізулердің бірі, яғни сырттай іс
жүргізуге баса назар аударылды.
Дипломдық жұмыстың объектісі – азаматтық істер бойынша сырттай шешім
шығару тәртіптері.
Дипломдық жұмыстың пәні – азаматтық іс жүргізудің заң нормалары,
Конституция.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – азаматтық істер бойынша сырттай шешім
шығаруды талқылау.
Дипломдық жұмыстың құрылымы – кіріспе, негізгі үш тарау, қорытынды
және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрып, жалпы көлемі 66
бетті құрайды.

1-тарау. Азаматтық істер бойынша сырттай іс жүргізу мен сырттай шешім
шығару және азаматтық істерді бірінші сатыдағы сотта қарау
тәртіптері

1. Сырттай іс жүргізу тәртібі мен ерекшелігі

Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу кодексінің 260-бап 1-
бөлігіне сәйкес: Отырыстың өткізілетін орны мен уақыты тиісті түрде
хабарланған, келмей қалуының дәлелді себептерін хабарламаған және істі өзі
жоқта қарауды сұрамаған жауапкер сот отырысына келмей қалған жағдайда, егер
талап қоюшы бұған қарсы болмаса, іс сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуы
мүмкін[3.76 б.].
Сырттай іс жүргізуге тән белгілерді атайтын болсақ, олар келесілерден
тұрады:
Біріншіден, сырттай іс жүргізу ұғымы бірінші сатыдағы сотта іс
жүргізуге жатқызылған, яғни ол сотта іс қараудың бір бөлігі болып танылады.
Ал апелляциялық және қадағалау инстанцияларында істі сырттай іс жүргізу
тәртібімен сот қарамайды.
Екіншіден, сырттай іс жүргізу тәртібімен тек талап қою бойынша істер
қаралады, себебі Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексінде
талап қоюшы, жауапкер, талап ұғымдары ерекше талап қоюмен іс
жүргізу және ерекше іс жүргізу тәртібі бойынша бөлімдерде көзделмеген.
Сонымен заң, бірінші сатыдағы сотта талап қоюмен іс жүргізу бойынша істі
сот, жалпы немесе сырттай тәртіппен қарауын бекітеді.
Үшіншіден, сырттай іс жүргізу тәртібі бойынша іс қарау үшін келесі 5
(бес) негіздемелер болуы қажет:
1) жауапкер келмеген жағдайда;
2) жауапкер тиісті түрде сот отырысының өтетін орны мен уақыты туралы
хабарланса;
3) іс бойынша талап қоюшы қарсы болмау;
4) жауапкер өзінің келмей қалуының себептерін хабарламаған болса;
5) жауапкер істі өзі жоқта қарауды сұрамаған болса.
Жоғарыда аталған негіздемелердің барлығы талап қоюмен істі қарауда орын
алғанда сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарайды.
Іс ҚР АІЖК-нің 260-бап 1-тармағында көрсетілген негіздемелер жиынтығы
болған жағдайда ғана:
- жауапкер істің қаралу орны мен уақыты туралы тиісті түрде хабардар
етілсе;
- жауапкер сот мәжілісіне дәлелді себептермен келмей қалса немесе келмей
қалуының дәлелді себептері туралы хабарламаса;
- жауапкердің істі өзі жоқта қарау туралы өтініші болмаса;
- талап қоюшының істі жауапкер жоқта қарауға келісімі болса;
- талап қоюшының істі жауапкер жоқта қарауға келісіміне қарамастан,
жауапкер сот мәжілісіне дәлелді себепсіз екінші рет келмей қалса, сырттай
іс жүргізу тәртібі бойынша қаралуы мүмкін.
Осы жоғарыда көрсетілген негіздердің кез келген біреуінің болмауы, істі
сырттай іс жүргізу тәртібінде қараудың мүмкіндігін жояды.
Талап қоюшының істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қаруға келісімі
жазбаша ретінде арызда немесе ауызша айтып сот хаттамасында қол қоюымен
бекітіліп көрсетілуі мүмкін. Сонымен қатар талап қоюшы өз талаптарын
қанағаттандыру жөнінде талап арызда жазбаша былай деп белгілеуі мүмкін:
Жауапкер келмеген жағдайда сырттай шешім шығаруды сұраймын.
Егер сот отырысына келген талап қоюшы жауапкер жоқта істі сырттай іс
жүргізу тәртібімен қарауға келіспесе, сот істің қаралуын кейінге қалдырады
және жауапкерге жаңа сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы
хабарлама жібереді. Тиісті түрде хабарланған жауапкер тағы да келмей
қалған жағдайда сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарайды. Бұл
жағдайда сырттай іс жүргізу тәртібі бойынша істі қарауына сот талап
қоюшыдан келісім сұрамайды.
Егер іске бірнеше жауапкер қатысқан кезде сот отырысына барлық
жауапкерлер келмей қалған жағдайда іс сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуы
мүмкін [3.76 б.].
Сырттай іс жүргізу тәртібімен істі қарағанда сот осы іс бойынша талап
қоюшы және басқа да іске қатысушы адамдармен ұсынылған дәлелдемелер
негізінде зерттеу мен бағалауды жүзеге асырады. Талап қоюшы істің нысанасын
немесе талаптың негіздемесін өзгерткен жағдайда сот істі соттың отырысында
сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға құқылы емес, себебі жауапкерге
жіберілген сот шақыру қағазымен талап арыздың көшірмесінде бұл өзгерістер
көрсетілмеген, яғни ол өзгерістер туралы жауапкер білмейді. Егер де талап
қоюшы сырттай іс жүргізу тәртібі бойынша іс қарауда талаптың элементтерінің
біреуін (негіздемесін немесе нысанасын) өзгертуге ықыласын білдіретін
болса, онда сот істі қарауды кейінге қалдыруға тиіс. Талаптың кез келген
өзгерістерін сот істі соттың сот отырысында сырттай іс жүргізу тәртібімен
қарауға құқылы, егер ол өзгерістер туралы жауапкер тиісті түрде хабарланған
болса және оған қарсылық немесе түсініктемелер беруге құқығы берілсе. Мұнда
азаматтық сот ісін жүргізу тараптардың тең құқықтылығы негізінде жүзеге
асырылады [3.6 б.].
Сонымен сырттай іс жүргізу – бұл тиісті түрде хабарланған, келмей
қалуының дәлелді себептерін хабарламаған және істі өзі жоқта қарауды
сұрамаған жауапкер сот отырысына келмеген жағдайда, талап қоюшының келісімі
бойынша талап қою істерін бірінші сатыдағы сотта іс қарау.
Сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарау туралы ұйғарым шығарады.
Бұл ұйғарым апелляциялық тәртіп бойынша шағымдануға немесе наразылық
келтіруге жатпайды. Егер жауапкер іс бойынша іс жүргізуді қасақана созып
отыр деп таныса, сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға құқылы
[3.54 б.].
Сырттай іс жүргізу тәртібімен істі қараудағы мақсаттары:
- жауапкерді тәртіпке салу;
- өзінің мінез-құлқы үшін жауапкершілікті нығайту;
- жауапкер тарапынан қиянат жасаудың алдын алу;
- азаматтық істі тез қарап шешу.
Сот сырттай іс жүргізу тәртібімен істі қарау кезінде іске қатысушы
адамдар берген дәлелдемелерді зерттейді, олардың дәлелдерін ескереді және
сырттай шешім деп аталатын шешім шығарады.

1.2 Сырттай шешім және оған шағым жасау тәртібі

ҚР АІЖК-нің 262-бабы сырттай шешімнің мазмұнын реттейді. Сырттай
шешімнің мазмұны ҚР АІЖК 221-бабының ережелерінде белгіленеді. Сырттай
шешім кәдімгі сот шешімі сияқты кіріспе, сипаттау, дәлелдеу және қарар
бөліктерінен тұрады. Осылай сырттай шешімнің:
- кіріспе бөлігінде сырттай шешім шығарылған уақыт пен орын, сырттай шешім
шығарған соттың атауы, судьяның, сот отырысының хатшысы және тараптар
тегі, аты-жөні, даудың нысанасы немесе мәлімделген талап көрсетіледі;
- сипаттау бөлігінде сырттай іс жүргізу негіздері көрсетіледі;
- сырттай дәледі шешім шығаруды кейінге қалдыруға жол берілмейді, яғни
сырттай шешім істі қарау аяқталған соң бірден дәлелді нысанда шығарылады;
- қарар бөлігінде жауапкердің бұл шешімнің күшін жою туралы өтініш беруінің
мерзімі мен тәртібі көрсетілуге тиіс.
Сырттай шешімнің көшірмесі жауапкерге оның шығарылған күннен бастап үш
күннен кешіктірілмей, оның тапсырылғаны туралы хабарланатын етіп
жіберіледі. Сырттай шешімнің көшірмесі сот отырысына қатыспаған талап
қоюшыға да ол шығарылған күннен бастап үш күннен кешіктірілмей, оның
тапсырылғаны туралы хабарланатын етіп жіберіледі.
Сырттай шешім ҚР АІЖК-нің 235-бабының ережелері бойынша заңды күшіне
енеді, егер оған шағым, наразылық жасалмаса, апелляциялық шағымдану 15 (он
бес) күн мерзімі өткен соң. ҚР АІЖК-нің 237 және 238-баптары негіздеріне
сәйкес сырттай шешім дереу орындалуға жіберілуі мүмкін.
Егер соттың сырттай шешіміне апелляциялық шағым немесе наразылық
берілсе, бірақ оның күші жойылмаса, онда апелляциялық қаулы шығарған күні
заңды күшіне енеді[3.106 б.].
ҚР АІЖК-сі сырттай шешімге шағым жасаудың екі әдісін белгілейді.
Бірінші әдісі, тек жауапкер ғана қолдана алады. Жауапкер сырттай
шешімнің күшін жою туралы арыз беруге құқылы. Сырттай шешім шығарған сотқа
жауапкер шешімнің көшірмесін алған кезден бастап 5 (бес) күн ішінде арыз
беруге тиіс.
Екінші шағымдану әдісін талап қоюшы мен жауапкер тең қолдана алады.
ҚР АІЖК-нің 264-бап 2-бөлігіне сәйкес сырттай шешімге апелляциялық
тәртіппен тарап (талап қоюшы немесе жауапкер) шағым беруі немесе прокурор
наразылық келтіруі мүмкін.
Апелляциялық шағым немесе наразылық берудің 15 (он бес) күн мерзімі
сырттай шешімнің күшін жою туралы арыз беру 5 (бес) күн мерзімі өткен соң
есептеледі. Егер арыз берілген жағдайда – бірінші сатыдағы сот арызды
қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарған кезден бастап 15 (он
бес) күн есептеледі. Сондықтан бұл нормаға сәйкес жауапкер осы екі шағым
жасау әдістерін қолдана алады: біріншіден сырттай шешімнің күшін жою туралы
арыз беру арқылы, екіншіден – апелляциялық шағым беру арқылы.
Сот сырттай шешім шығарып, одан кейін жауапкердің сырттай шешімді бұзу
туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарған
жағдайда, жауапкер соттың шешімі мен ұйғарымына шағымдануға құқылы. Іске
қатысушылар сырттай шешімді бұзу туралы ұйғарымға шағымдануға құқылы емес,
себебі ол істің әрі қарай жылжуына кедергі жасамауды және мұндай ұйғарымға
шағымдану құқығы заңда көрсетілмеген.
ҚР АІЖК-нің 265-бабына сәйкес сырттай шешімнің күшін жою туралы
арызда:
1) сырттай шешім шығарған соттың атауы;
2) арыз берген жауапкердің атауы;
3) жауапкердің сот отырысына дәлелді себептермен келмей қалуын
куәландыратын мән-жайлар туралы мәліметтер және бұл мән-жайларды
растайтын дәлелдемелер, сондай-ақ шешімнің мазмұнына әсер етуі мүмкін
дәлелдемелер;
4) арыз беруші жауапкердің өтініші;
5) арызға қоса тіркелетін материалдардың тізбесі болуға тиіс.
Арызға жауапкер немесе өкілеттігі болған жағдайда оның өкілі қол қояды.
Іске қатысушы адамдардың саны бойынша жауапкер сырттай шешімнің күшін жою
туралы арыздың көшірмесін сотқа ұсынады.
Сырттай шешімнің күшін жою туралы арызға мемлекеттік баж төленбейді
[3.77 б.].
В.И.Решетняк және И.И.Черныхтардың айтуы бойынша бұл нормада қарама-
қайшылық бар, яғни бір жағынан заң шығарушы жауапкерді жағымсыз жағдайға
соқтырады, екінші жағынан – сырттай шешімнің күшін жою туралы арыз берумен
байланысты шығыннан босатады. Олардың ой-пікірлері боынша талап-арызды
қарау кезде сот және талап қоюшы үшін материалдық шығындар туындайды,
сондықтан жауапкер сырттай шешімнің күшін жою арызын беруде мемлекеттік баж
төлеуі тиіс. Осындай арызды қабылдағаннан кейін сот іске қатысушы адамдарға
сырттай шешімнің күшін жою туралы арыздың қаралатын уақыты мен орнын
хабарлайды, оларға арыздың және оған қоса тіркелетін материалдардың
көшірмесін жібереді.
Сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды сот оның сотқа келіп түскен
кезінен бастап 10 (он) күн ішінде сот отырысында қарайды. Сот отырысы
өткізілетін уақыт пен орын туралы хабарланған іске қатысушы адамдардың
келмей қалуы арыздың қаралуына кедергі болмайды. Сырттай шешімнің күшін жою
туралы арызды қарау жөнінде соттың өкілеттігі ҚР АІЖК-нің 268-бабында
көзделген.
Сот сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды қарап болған соң келесі
ұйғарымдардың біреуін қабылдайды:
1) сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды қанағаттандырудан бас тарту
туралы;
2) сырттай шешімнің күшін жою және істі мәні бойынша соттың сол құрамында
немесе өзге құрамында қайта қарау туралы.
Соттың сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды қанағаттандырудан бас
тарту туралы ұйғарымына жеке шағым (наразылық) жалпы тәртіп бойынша берілуі
мүмкін [3.101 б.].
Сырттай шешімнің күшін жоюдың негіздемелерінің толық тізімі ҚР АІЖК-нің
269-бабында көзделген. Осылай сырттай шешімнің күші жойылуға тиіс:
- егер жауапкердің сот отырысына келмей қалуына дәлелді себептер болса;
- егер жауапкер дәлелді себептер туралы сотқа мезгілінде хабарлауға оның
мүмкіндігі болмағанын сот анықтаса;
- егер жауапкер шешімнің мазмұнына ықпал етуі мүмкін дәлелдемелерді табыс
етсе.
Сырттай шешімнің күші жойылған жағдайда сот істі мәні бойынша қайта
қарайды.
Сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісті түрде
хабарланған жауапкер келмей қалған жағдайда, істі жаңадан қараған кезде сот
шығарған шешім сырттай шешім деп танылмайды. Жауапкердің бұл шешімді
сырттай іс жүргізу тәртібімен қайта қарау туралы қайталап арыз беруге
құқығы жоқ.

3. Азаматтық істерді бірінші сатыдағы сотта қарау тәртіптері

Мемлекетімізде азаматтық, төрелік, қылмыстық және басқа да істерді
қарайтын, соттардан тыс ешқандай орган жоқ. Азаматтық және шаруашылық
істерді сотқа дейін әзірлеу, жүргізу, сот төрелігін жүзеге асыру болып
табылмайды. Сондықтан мемлекетіміздің Конституциясында сот төрелігін
жүргізетін органдардың арасында алдын ала тергеу жүргізетін органдар және
прокуратура аталмайды.
Сот азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерін қорғайтын, ол бұзылған жағдайда оны қалпына келтіретін барынша
ықпалды нысан болып табылады.
Соттарға мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы берілген. Сот азаматтық
және шаруашылық істер жөніндегі шешімдермен кінәлі тарапты (талап қоюшыны
немесе жауапкерді) тиісті тәртіпке шақырады, оларды міндеттері мен
жауапкершілігін орындауға, оның ішінде жауапкердің есеп шотынан талап
қоюшының пайдасына ақшалай қаражат өндіртуге не мүліктерін өндіруге
мәжбүрлейді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 2-тармағына сәйкес
әркім өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқылы.
Алайда іс жүзінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзушылық
және оларды шектеу әлі де орын алады. Бұл жағдайда жеке, мүліктік, отбасы,
еңбек және өзге де құқықтары мен заңды мүдделерді қорғаудың ең тиімді
тәсілі – азаматтардың сотқа жүгінуі.
Сотта азаматтық іс:
- өзінің құқығын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін өтініш
жасаған адамның арызы бойынша;
- прокурордың арызы бойынша;
- заң бойынша басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін сотқа
жүгіне алатын болған жағдайда мемлекеттік басқару, жергілікті өзін-өзі
басқару органдарының, кәсіподақтың, мекемелердің, ұйымдардың және
азаматтардың мәлімдеуі бойынша қозғалады [3.17 б.].
Азаматтық іс қозғау – процестің бірінші және өте маңызды сатысы.
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 152-бабына сәйкес азаматтық іс бойынша
арызды қабылдау туралы мәселені судья жеке дара шешеді. Арыз сотқа
түскеннен бастап бес күннің ішінде судья істі қозғау жөнінде ұйғарым
шығарады. Мүдделі адамның құқығын соттың қорғауы іске асырылатыны немесе
бұдан бас тартылатыны соттың бұл мәселені дұрыс шешуіне байланысты болады.
Азаматтық істі қозғаудың алдында мүдделі адам талап арыз, шағым (арыз)
береді.
Талап арыздың берілуімен талап қою бойынша іс жүргізу қозғалады. Ерекше
талап қоюмен іс жүргізу және Ерекше іс жүргізу – арыз, шағым берумен
қозғалады.
Талап қою бойынша іс жүргізу азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй
және басқа да құқықтық қатынастарынан туындайтын субъективтік құқық немесе
заңмен қорғалатын мүдде туралы дауларды қарау мен шешу жөніндегі соттың
азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген қызметі.
Сотта азаматтық істердің көпшілігі Азаматтық іс жүргізу кодексінің 150-
бабында аталған талаптар сақтала отырып, жазбаша түрде талап қойылған, яғни
азаматтық іс туралы қажет мәліметтер бар талап арыз беру арқылы қозғалады.
Егер талап арызды өкіл берсе, оған заңда белгіленген тәртіппен рәсімделген
сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын өзге құжат қоса табыс
етілуі қажет.
Талап арызға талап қоюшы қол қойып, сотқа жауапкерлер мен үшінші
тұлғалардың санына қарай көшірмелерімен қоса беріледі. Судья істің қиындығы
мен сипатына қарай талап қоюшының талап арызға қоса тіркелетін құжаттардың
көшірмелерін табыс етуге міндеттеуі мүмкін [3.45 б.].
Талап арыз бен қос құжаттардың көшірмесі жауапкерге табыс етіледі,
мұның өзі оның істі сотта қарауға дайындалуына мүмкіндік береді.
Сотқа берілетін талап арызға баж төленуге тиіс (ҚР АІЖК-нің 101-бабы,
“Мемлекеттік баж туралы” заңының нормасына сәйкес).
Азаматтық істі қозғай отырып, бес күннің ішінде судья ұйғарым шығарады
да, сонымен бірге істі өзінің жүргізуіне қабылдайды және сол кезден бастап
нақты іс бойынша процесс пайда болады.
Азаматтық іс қозғау сатысында судья ұйғарым шығару ретінде келесі
шешімдердің біреуін қабылдайды:
1- талап арызды (арыз, шағым) қабылдау және өз қарауына алу;
2- талап арызды (арыз, шағым) қабылдаудан бас тарту;
3- талап арыз (арыз, шағым) қайтару;
4- талап арызды қозғалыссыз қалдыру.
Азаматтық іс бойынша талап арызды (арыз, шағым) қабылдау және өз
қарауына алу мәселесін судья жеке-дара шешеді. Талап арызды қабылдау туралы
судья ұйғарым шығарады. Сот ұйғарымды қабылдағаннан кейін азаматтық іс
процестің келесі сатысына өтеді.
Кейде азаматтық іс қозғау сатысында арыз азаматтық сот ісін жүргізу
тәртібімен қарауға және шешуге жатпайтыны анықталса, сондай-ақ тараптардың
арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша
шығарылған соттың заңды күшіне енген шешімі немесе талап қоюшының талап
қоюдан бас тартуына байланысты іс бойынша сот ісін жүргізуді тоқтату туралы
немесе тараптардың бітімгершілік келісімін бекіту туралы сот ұйғарымы болса
судья талап арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым шығарады.
Арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым ол сотқа түскен кезден
бастап бес күн мерзімде шығарылуы және арыз берушіге арызға қоса тіркелген
барлық құжаттармен бірге табыс етілуге немесе жіберілуге тиіс. Арызды
қабылдаудан бас тарту өтініш берушінің сол жауапкерге сол нысана және сол
негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуге заң бойынша болмайды.
Арызды қабылдаудан бас тарту туралы судьяның шығарған ұйғарымына іске
қатысушылармен жеке шағым берілуі, ал прокурормен – жеке наразылық
келтірілуі мүмкін.
Сонымен қатар азаматтық іс қозғау сатысында судья талап арызды
қайтаруға құқылы. Талап арызды қайтару туралы судья ұйғарым шығарады.
Мұндай ұйғарым шығарады, егер:
- талап қоюшы істердің осы санаты үшін дауды сотқа дейін алдын ала шешу
заңдармен белгіленген тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолдану
мүмкіндігі жойылмаса;
- іс осы соттың соттауына жатпаса;
- арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе;
- арызға оған қол қоюға өкілеттігі жоқ адам қол қойса;
- осы немесе басқа бір соттың іс жүргізуінде сол тараптар – арасында, сол
нысана туралы және сол негіздер бойынша дау жөнінде іс бар болса;
- коммуналдық мүлікті басқаруға құқылы орган жылжымайтын мүлікке құқықты
мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органның осы затты қабылдаған
күнінен бастап бір жыл өткенге дейін жылжымайтын затқа коммуналдық
меншікті тану туралы өтінішпен сотқа жүгінсе;
- бұл туралы талап қоюшы мәлімдесе.
Талап арызды қайтару туралы ұйғарым ол сотқа түскен күннен бастап бес
күн мерзімде шығарылуға және арызға қоса тіркелген барлық құжаттармен арыз
берушіге тапсырылуға және жіберілуге тиіс, сонымен қатар осы сот ұйғарымына
жеке шағым және жеке наразылық берілуі мүмкін.
Егер талап қоюшы жол берілген бұзушылықты жоятын болса, арызды қайтару
талап қоюшының сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша
талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуге кедергі болмайды.
Азаматтық іс қозғау сатысында судья талап арыз ҚР АІЖК-нің 150-бабының
талаптарына және 151-бабының 1) – 3) тармақшаларына сәйкес келмеген
жағдайда арызды қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады. Бұл ұйғарымда
талап қоюшымен талап арызында келтірілген кемшіліктер көрсетіледі және
оларды түзетуге мерзім береді. Талап қоюшы судьяның нұсқауына сәйкес және
ол белгілеген мерзімде ұйғарымда аталған талаптарды орындаса, талап арыз
оны сотқа алғашқы тапсырылған күні берілген болып есептеледі және судья
азаматтық іс қозғау туралы ұйғарымын шығарып іс келесі сатыда қаралуына
мүмкіндік етеді. Егер кемшіліктер белгіленген мерзімде түзетілмесе арыз
берілмеген болып есептеледі және судьяның ұйғарымымен оған қоса тіркелген
барлық құжаттармен бірге талап қоюшыға қайтарылады, бірақ талап қоюшы
арызды қайтару туралы судьяның ұйғарымына жеке шағым, наразылық беруі
мүмкін.
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 249-бабына
сәйкес сот арызды қараусыз қалдыру мүмкін, егер:
- талап қоюшы осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген дауды алдын ала
сотқа дейін шешудің міндетті тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті
қолданудың мүмкіндігі жоғалмаса (мысалы, “Сауда мақсатында теңізде жүзу
туралы” Қазақстан Республикасының Заңының 232-235-баптары. (2002 жылғы 17
қаңтар № 284 – ІІ);
- арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе;
- арызға қол қойған және оны берген адамның арызға қол қоюға және оны
беруге өкілеттігі жоқ болса;
- осы немесе басқа соттың іс жүргізуінде осы тараптар арасындағы, сол
мәселе туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша бұрын қозғалған іс
бар болса;
- тараптар арасында бұл дауды заңға сәйкес аралық соттың шешіміне беру
туралы келісім жасалса және жауапкерден істі мәні бойынша қарау
басталғанға дейін дауды сотта шешуге қарсылық білдірілсе;
- өздерінің қатысуынсыз істі қарауды өтінбеген тараптар екінші шақыру
бойынша сотқа келмесе;
- өзінің қатысуынсыз істі қарауды өтінбеген талап қоюшы екінші шақыру
бойынша сотқа келмесе, ал жауапкер істі мәні бойынша қарауды талап
етпесе;
- өзінің мүддесіне сай іс қозғалған адам мәлімделген талапты қолдамаса;
- талап арызды қайтарып алу туралы өтініш берілсе, ал жауапкер істі мәні
бойынша қарауды талап етпесе;
- көрсетушіге арналған күші жойылған бағалы қағаздар және ордерлі бағалы
қағаздар бойынша құқықты қалпына келтіру туралы істер жөніндегі өтініш
жарияланымнан бастап үш ай мерзім аяқталғанға дейін берілсе.
Аталған мән-жайлар жойылғаннан кейін мүдделі адам жалпы тәртіп бойынша
сотқа тағы да арыз беруге құқылы.
Арызды қараусыз қалдыру туралы сот ұйғарым шығарады, бірақ іске
қатысушы адамдар оған жеке шағым беруі немесе прокурор наразылық келтіруі
мүмкін.
ҚР Конституциясының 13-бабының 2-бөлігі бойынша әркiмнiң өз құқықтары
мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.
Мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар заңда көзделген
жағдайларда өзге адамдардың немесе адамдардың белгісіз бір тобының
құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп
жүгінуге құқылы [3.5 б.].
Талап – құқық туралы дау шешу үшін бұзылған немесе даулы субъективтік
құқықты немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау туралы талап қою арқылы
тұлғаның сотқа жүгіну.
Талап – субъективтік құқықты немесе заңмен қорғалатын мүддені сот
арқылы қорғау тәсілі.
Талап – азаматтық іс қозғау тәсілі.
Талап элементтері – бұл талаптың құрамалы бөлшектері. Оларға
(элементтеріне):
- мазмұны;
- нысанасы;
- негіздемесі жатқызылады.
Талаптың мазмұны – талап қоюшымен көрсетілген сот арқылы қорғану түрі,
яғни сотқа жүгіну арқылы талап қоюшының өзінің бұзылған немесе даулы
құқығын қорғау үшін сұрайтын соттың қызметі.
Талаптың мазмұны талап қоюшының сотқа қойылатын талабын бейнелейді және
талап арыздың сұрау бөлігінде көзделеді.
Талаптың нысанасы – бұл талап қоюшының соттан шешуді сұрайтын
материалдық-құқықтық дау.
Талаптың нысанасына:
Талап қоюшы мен жауапкер араларында материалдық-құқықтық қатынастың бар
немесе жоқтығы туралы дау (мысалы, некені заңсыз деп тану);
Талап қоюшымен материалдық-құқықтық қатынасынан туындайтын жауапкердің
міндеттері туралы дау (мысалы: мүлік иесі өз мүлкін қайтаруын талап ету,
несие беруші – қарызды қайтаруын);
Тараптар араларындағы құқұқ қатынасты өзгерту немесе тоқтату туралы дау
(мысалы: туылған сәбидің әкесін анықтау, талап қоюшы мен жауапкер
арасындағы некені бұзу).
Талап талаптары субъективтік азаматтық құқықтарынан пайда болады.
Мысалы: меншік иесі өзінің жоғалған мүлкіне иеленуді қалпына келтіру туралы
өзінің меншік құқығы бар екеніне сілтеме жасауы; өнертапқыш өзінің ойлап
тапқан өнертабысын талап етуде - өзінің интеллектуалды меншігіне сілтеме
жасауы.
Талаптар мына негіздер бойынша жіктеледі:
- материалдық-құқықтық белгілер;
- процессуалдық-құқықтық белгілер.
Талаптардың процесуалдық-құқықтық белгісі бойынша жіктелуі талаптың
мазмұны бойынша қалыптасқанын білдіреді, яғни талап қоюшы талабының сот
арқылы қорғану түрі бойынша. Талаптардың түрлерге бөлінуінің процессуалдық-
құқықтық жіктелуі негізі арқылы талаптардың мазмұны танылады.
Сондықтан осындай жіктелуі негізі бойынша талаптарды үш түрге бөлуге
болады:
1-ұйғару туралы талаптар;
2-мойындау туралы талаптар;
3-өзгертетін (құқық қатынастарын өзгертуге немесе тоқтатуға арналған)
талаптар.
Ұйғару туралы талаптар немесе атқару талаптар дегеніміз бұл жауапкердің
белгілі әрекеттер жасау немесе жасамауын соттан талап қоюшының сұрайтын
талабы. Талап қоюшының соттан жауапкердің өз міндеттерін орындатуды сұрауы
ұйғару талап деп аталады (мысалы: талап қоюшы соттан жауапкермен қарызды
төлеуі, пәтерді босату, келтірілген зардапты өтеу). Осындай сотқа қойылған
талаптар бойынша сот шешімдері негізінде атқару парақтары беріледі,
сондықтан олар тағы атқару талаптары деп аталады.
Мойындау туралы талаптар бойынша талап қоюшы соттан белгілі құқық
қатынасының бар немесе жоқтығын бекітуін сұрайды (мысалы, талап қоюшы
белгілі бір әдебиет шығармашылығына өзінің авторлық құқығын бекітуін
сұрауы).
Өзгертетін талаптар материалдық-құқықтық қатынастарын өзгертуге немесе
тоқтатуға бағытталған. Әдетте азаматтық айналымның қатысушылары (жеке және
заңды тұлғалар) соттың қатысуысыз өз еркілерімен араларындағы құқық
қатынастарын өзгертеді немесе тоқтатады, бірақ кейбір жағдайларда белгілі
құқық қатынастары тек соттың бақылауымен ғана өзгертіледі немесе
тоқтатылады. Мысалы, неке бұзу туралы (егер ортақ кәмелетке толмаған бала
немесе ортақ мүлікті бөлу жөнінде дау болса) талап бойынша.
Материалдық-құқықтық белгісі бойынша талаптар жіктелуі келесі түрлерге
бөлінеді: отбасылық, алименттік, тұрғын үй, жер құқықтық қатынастарынан
пайда болатын және т.б.
Талап термині екі мағынада қолданылады:
1- материалдық;
2- процессуалдық.
Материалдық мағынады талап қою құқығы дегеніміз сотқа үндеу арқылы
субъективтік азаматтық құқықты мәжбүрлеп жүзеге асыру құқығы, яғни сот
арқылы субъективтік құқығын қорғауға құқық. Азаматтық процесте сот талап
қоюшының талап қоюға (материалдық мағынада) құқығы бар не жоқтығын
анықтайды.
Процессуалдық мағынада талап қою құқығы дегеніміз дауды қарап, шешу
үшін сотқа талап қою құқығы, яғни сот істі мәні бойынша шешу үшін сотқа
тікелей талап арыз, арыз және шағым беру. Бұл нақты азаматтық-құқықтық дау
бойынша сот төрелігіне жүгіну құқығы.
Талап қою құқығы – ҚР Конституциясымен (13-баптың 2-бөлігі, 75-бабы)
бекітілген сот арқылы қорғану құқығының бір нысаны. Сот жүгіну арқылы
құқықтарды қорғау құқығы азаматтық процеске қатысатын азаматтарға және
ұйымдарға (ҚР АІЖК 5-бабы), сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ
адамдарға (ҚР АІЖК 45-тарауы) тиесілі.
Талап қою құқығы белгілі шарттармен байланысты. Талап қою құқығы заңмен
белгіленген шарттармен анықталады. Талап қою құқығының шарттарына нақты
заңды деректер жатқызылады, олардың бар не жоқтығы негізінде заң азаматтық
іс бойынша талап қою субъективтік құқығының пайда болуын байланыстырады.
Талап қою құқығының шарттары – нақты азаматтық іс бойынша тұлғаның
талап қою субъективтік құқығының пайда болуын заң бойынша оның бар не
жоқтығымен байланыстыратын мән-жайлар.
Бұл шарттар өзара:
- жалпы;
- арнаулы;
- жаратымды;
- жаратымсыз деп бөлініп қарастырылады.
Талап қою құқығының жалпы шарттары:
- Талап қоюшы мен жауапкердің азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі, яғни
азаматтық процесте тарап болу қабілеттігі (ҚР АІЖК 45-бабы);
- Азаматтық істердің соттарға ведомстволық бағыныстылығы (ҚР АІЖК 24-бабы);
- өз құзыреті шегінде сол мәселе туралы азаматтық іс бойынша қабылданған
сот шешімінің жоқтығы;
- тараптардың өзара дауды аралық соттың қарауына беру туралы келісімнің
жоқтығы (ҚР АІЖК 25-бабы).
Жоғарыда аталғанның алғашқы екеуі жаратымды, ал қалғаны – жаратымсыз
сипатта болады.
Талап қою құқығының арнаулы шарттары дегеніміз бұл кейбір субъектілер
немесе категория істері үшін жалпы шарттармен қатар, заңмен белгіленген
шарттар. Мысалы, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғалар
өзара дауларын сотқа дейін талап (претензия) қою арқылы реттеу тиіс (ҚР
Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы (17.01.2002 ж. қабылданған) заңның
232-235 баптары).
Талап қою құқығының шарттарының болмауы сотпен келесі әрекеттер
жасауына әкеледі:
- талап арызды қайтару (ҚР АІЖК 154-бабы);
- талап арызды қабылдаудан бас тарту [3.46 б.];
- іс бойынша іс жүргізуді қысқарту (ҚР АІЖК 247-бабы);
- арызды қараусыз қалдыру (ҚР АІЖК 249-бабы).
Талап арыз – субъективтік құқық туралы дауды шешу үшін заңмен
белгіленген сотқа жүгіну нысаны.
Әр адам өзінің субъективтік құқығын немесе заңмен қорғалатын мүддесін
сот арқылы қорғау үшін сотқа талап арыз ұсыну қажет.
Талап арыз мазмұны:
- кіріспе;
- сипаттау;
- дәлелдеу;
- сұрау бөліктерінен тұрады.
Талап арыз сотқа жазбаша нысанда беріледі (ҚР АІЖК 150-бабының 1-
бөлігі).
Талап арыздың кіріспе бөлігінде:
- талап арыз берілетін соттың атауы;
- талап қоюшының атауы, оның тұрғылықты жері немесе, егер талап қоюшы
ұйым болса, оның тұрған жері мен банктік реквизиттері, сондай-ақ,
егер арызды оның өкілі берсе, өкілдің атауы мен мекен-жайы;
- жауапкердің атауы, оның тұрғылықты жері немесе, егер жауапкер ұйым
болса, егер талап қоюшыға белгілі болса, оның тұрған жері мен
банктік реквизиттері көрсетілуге тиіс.
Ерекше талап қоюмен іс жүргізу істер бойынша арызда жауапкердің
мәліметтері көрсетілетін орнына органның (лауазымды тұлғаның) атауы, оның
тұрғылықты жері және шағымдануға жататын әрекеттері немесе қабылданған
шешімдері. Ерекше іс жүргізу істер бойынша арыздың кіріспе бөлігінде арыз
беруші туралы мәліметтер.
Сонымен қатар талап арыздың кіріспе бөлігінде талап қоюдың нысанасын,
егер талап мүліктік сипатта болса, онда бағасы белгіленуі тиіс.
Талап арыздың (арыздың) сипаттау бөлігінде:
- талап қоюшының құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін
және оның талап қою талаптарын бұзудың немесе бұзу қауіпінің мәні;
- талап қоюшы өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар, және бұл мән-
жайларды растайтын дәлелдемелер.
Талап арыздың дәлелдеу бөлігі кейде оның сипаттау бөлігімен ұйқасады.
Осы бөлікте талап қоюшы (арыз беруші) өзінің талаптарын қанағаттандыру үшін
заң нормаларына сілтеме жасайды. Егер прокурор азаматтардың мүдделері үшін
өтініш жасайтын болса, онда:
- талап арызда азаматтың өзінің талап қоюы мүмкін еместігінің
себептерін негіздеу болуға тиіс;
- арызға, әрекетке қабілетсіз адамның мүдделері үшін арыз беретін
жағдайларды қоспағанда, азаматтың сотқа талап қоюмен жүгінуге
келісімін растайтын құжат қоса тіркелуге тиіс. Егер талап қою
бағалауға жатса, талап қоюдың бағасын көрсетілуге тиіс.
Талап арыздың сұрау бөлігінде мүдделі тұлғаның бұзылған құқықтарын
немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауға қамтамасыз етуі мүмкін
талаптары көзделеді.
Егер заңмен белгіленсе немесе тараптардың шартында көзделсе, жауапкерге
жүгінудің сотқа дейінгі тәртібін сақтау туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс.
Талап арыздың соңында қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс,
оларға:
- жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың санына қарай талап арыздың
көшірмесі;
- мемлекеттік баж төлеуді растайтын құжат (квитация), ал егер
төленбесе онда төлеуден босату негіздерін көрсету қажет;
- егер іс бойынша өкіл қатысатын болса, онда өкілдің өкілеттігін
куәландыратын сенімхат немесе өзге де құжат;
Арызға талап қоюшы немесе талап арызға қол қоюға және оны көрсетуге
өкілеттігі болған жағдайда оның өкілі қол қояды.
Талап қоюды қамтамасыз ету – іске қатысушы адамдардың арызы бойынша сот
шешімін орындауды кепілдік ету үшін заңмен белгіленген тәртіпке сәйкес
соттың іс-әрекеті.
Талап қоюды қамтамасыз етуге, егер мұндай шараларды қабылдамау сот
шешімін орындауды қиындатса немесе оның орындалуын мүмкін етпесе, істің
барлық жағдайларында да жол беріледі (ҚР АІЖК 158-бабы).
Талап қоюды қамтамасыз ету мақсаттары:
- егер сот шешімін орындауды қиындатса;
- егер сот шешімін орындалуын мүмкін етпесе.
Іске қатысатын адамдар талап қоюды қамтамасыз ету туралы жазбаша
нысандағы арызды сотқа ұсынады. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды
судья жауапкерге және іске қатысатын басқа адамдарға хабарламастан ол сотқа
түскен күні шешеді. Бұл сот (судья) талап қоюды қамтамасыз ету туралы
ұйғарым шығарады.
Талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарым сот шешімдерін орындау үшін
ҚР АІЖК-нің 237-239 баптарымен белгіленген тәртіпте дереу орындалады.
Талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар:
- жауапкерге тиісті және онда немесе басқа адамдарда болатын мүлікке тыйым
салу;
- жауапкерге белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салу;
- басқа адамдардың мүлікті жауапкерге беруіне немесе оған қатысты өзге де
міндеттемелерді орындауына тыйым салу;
- мүлікті тыйым салудан босату туралы талап қойылған жағдайда мүлікті
өткізуді тоқтата тұру;
- мемлекеттік органның, ұйымның немесе лауазымды адамның дауға салынатын
актісінің қолданылуын тоқтата тұру;
- борышкер сот тәртібімен дауға салатын атқарушылық құжат бойынша өндіріп
алуды тоқтата тұру болуы мүмкін.
Қажет болған жағдайларда сот талап қоюды қамтамасыз ету жөнінде:
- өзге де шараларды;
- бірнеше шараларын қабылдауы мүмкін.
Іске қатысушы адамның арызы бойынша талап қоюды қамтамасыз етудің бір
түрін екінші түрімен ауыстыруға жол беріледі. Талап қоюдың бір түрін екінші
түрімен ауыстыру туралы судья ұйғарым шығарады.
Талап қоюшы сот тәртібімен осы адамдардан талап қоюды қамтамасыз ету
туралы ұйғарымды орындамаудан келтірілген залалдарды өтеуді талап етуге
құқылы (ҚР АІЖК 159-бабының 2-бөлігі).
Талап қоюды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі барлық ұйғарымға жеке
шағым (жауапкермен) берілуі және жеке наразылық (прокурормен) келтірілуі
мүмкін.
Егер талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарым шағым берген адамдарға
хабарламай шығарылса, шағым беру мерзімі оған бұл ұйғарым белгілі болған
күннен бастап есептеледі.
Егер талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымға жеке шағым беру бұл
ұйғарымның орындалуын тоқтатпайды.
Егер талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы немесе талап қоюды
қамтамасыз етудің бір түрін екінші түріне (мысалы, жауапкердің тиісті
мүлікке тыйым салу шарасын жауапкерге белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым
салу шарасымен) ауыстыру туралы ұйғарымға жеке шағым беру немесе наразылық
келтіру ұйғарымның орындалуын тоқтата тұрады.
Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін:
- сол сот тараптардың арызы бойынша;
- сол сот өз бастамасы бойынша жоюы мүмкін (ҚР АІЖК 163-бабының 1-
бөлігі).
Ақшалай соманы өндіріп алу туралы талап қоюды қамтамасыз еткен жағдайда
жауапкер талап қоюды қамтамасыз етуге сот қабылдаған шаралардың орнына
соттың депозиттік шотына талап қоюшы талап ететін соманы енгізуге құқылы
(ҚР АІЖК 162-бабы).
Жауапкер талап қоюда бас тартылған шешім заңды күшіне енгеннен кейін
талап қоюшыға оның жазбаша өтініші бойынша қабылданған оған талап қоюды
қамтамасыз ету шараларымен келтірілген залалдарды өтеу туралы талап қоюға
құқылы (ҚР АІЖК 165-бабы).

4. Азаматтық істерді сотқа әзірлеу

Талап арыз (арыз, шағым) қабылдау арқылы азаматтық іс қозғағаннан кейін
сот азаматтық процестің келесі азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу
сатысына өтеді. Нақты азаматтық істі сотта қарау сатысында бұзылған немесе
даулы құқықтар, бостандықтар және заңмен қорғалатын мүдделер қорғауы жүзеге
асырылады. Егер істі қарау және шешу бойынша сәйкесті әзірлік жүргізілсе
бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтарды қорғап шығуға мүмкіндік
бар.
Кез келген азаматтық іс бойынша сотта қарауға әзірлеу жүргізілуі қажет,
себебі бұл маңызды роль атқаратын азаматтық процестің жеке сатысы.
Сотта іс қарауға әзірлеуді жүргізу туралы заң талаптарын сақтау істі
дұрыс және уақытылы шешудің негізгі шарттарының бірі. Сотта іс қарауға
әзірлеу сатысы сотпен сәйкесті ұйғарым қабылдаудан басталады. Бұл ұйғарымда
жүргізілуге тиіс әрекеттер белгіленеді. Істі сотта қарауға әзірлік
жүргізудің мақсаты – істі дер кезінде және дұрыс шешуді қамтамасыз ету.
Осы мақсат ҚР АІЖК-нің 166-бабында көрсетілген міндеттерді шешу жолымен
жүзеге асырылады. Азаматтық істерді әзірлеудің міндеттері:
1) істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды айқындау;
2) тараптардың құқықтық қатынастарын және басшылыққа алынуға тиісті заңды
анықтау;
3) іске қатысатын адамдардың құрамы мен процестің басқа да қатысушылары
туралы мәселені шешу;
4) әрбір тарап өз пайымдауларын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді
анықтау.
Кейбір ғалымдардың пікірінше сотта іс қарауға әзірлеу сатысында тек сот
қана әрекет етеді, бірақ бұл түбінде осы сатының мәні мен мазмұнына сәйкес
емес. Әрине судьяның қызметі негізгі болып есептеледі, сондықтан оның
әрекеттері азаматтық іс жүргізу құқығының арнайы нормаларымен реттеледі.
Бірақ әзірлік жүргізуге іске қатысушы тұлғалардың тікелей қатысы бар.
Мысалы, тараптар іс бойынша сотқа дәлелдемелер ұсынуға міндетті.
Әзірлеу сатысында дәлелдемелер ұсынуға жағдай жасалуына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық іс жүргізу құқықғы
Азаматтык істін өзіндік ерекшелігі осында
Әкімшілік құқық ұғымы
Істі бірінші сатыдағы сотта қараудың ерекшеліктері
Азаматтық іс жүргізу құқығы жайлы
Азаматтық іс жүргізу құқығы түсінігі
Атқару өндірісі
Меншік құқығы туралы түсінік
Істі сотта қарауға әзірлеу сатысы
Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесі
Пәндер