Прокуратура органдарының тарихы


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 4
І ТАРАУ ҚР ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ҰҒЫМЫ, ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ, ОРГАНДАРЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ САЛАЛАРЫ
- ҚР прокуратура органдарының түсінігі мен мақсат, міндеттері . . . 6
- Прокуратура органдарының тарихы . . . 10
- Прокуратура органдарына қатысты мәселелер . . . 16
ІІ ТАРАУ ҚР АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУГЕ ТӘРТІПТЕРІ ЖӘНЕ ПРОКУРОРДЫҢ АЗАМАТТЫҚ ІСКЕ ҚАТЫСУЫ
2. 1. ҚР-сы прокуратура органдарының қызметтерін ұйымдастыру . . . 30
2. 2. Азаматтық істерді қозғау және бірінші сатыда қарау тәртіптері . . . 36
2. 3. Аппеляциялық және қадауғалау тәртібі сатыларында азаматтық істерді қарау . . . 67
2. 4 Азаматтық іс жүргізуге прокурордың қатысуы . . . 72
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 76
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 78
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: ҚР Президентінің Н. А. Назарбаевтың 2010 жылдың тамыз айының 17 жұлдызында шығарылған жарлығы бойынша ҚР құқық қорғау органдарын жетілдіру, соның ішінде прокуратура органдарының алатын орны ерекше. ҚР прокуратура органдары заңның дәлме дәл сақталуына қадағалау жүргізілетін ерекше орган болып табылады. Мемлекеттің атынан прокуратура органдары азаматтық, қылмыстық және әкімшілік іс жүргізуге қатысады, бұл жерде ең басты мақсаты азаматтардың құқтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау болып табылады.
Заңгердің біліктілігінің негізі - құқықтық салаларды жақсы білу және олардың ішінде жол табу ісін меңгеру. Азаматтық іс жүргізуге құқығы өзге салалардың арасында маңызды орында. Сондықтан да заң факультетінің түлектерінің болашақта судья, прокурор, адвокат және басқа да құқық қолданылатын қызметтерде жоғары нәтижелерге жету шарттарының бірі болып, азаматтық іс жүргізуге құқығын терең зерттеу болып табылады.
Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізуге регламентациясы, салыстырмалы жақында ғана қабылданған АІЖК бойынша жүргізілуіне байланысты, зерттелетін мәселе әлі толық қаралған емес. Сот, прокуратура және құқық қорғау жүйесінің принциптерін, АІЖК-нің құқықтық негізін Конституция белгілейді.
ҚР қабылдаған АІЖК-нің позитивтік жақтарын алсақ, ол азаматтық соттардың юрисдикцияларының кең болуы, айтысу регламентациясы талаптарының сапалы белгіленуі.
Құқықтық жүйенің құрылымының принциптері ретінде, демократияны және заңнаманы либералдау жолын таңдау, ҚР азаматтық іс жүргізуге құқығына да үлкен әсерін тигізеді. Конституциялық принциптерді өмірде іске асыру үшін әрбір заңнамалық адымды толық, теориялық зерттелген идяларды қолдана отырып, жасау кажет. Ол үшін мемлекетімізге жоғары сапалы заңгерлер, заң жағынан білікті мемлекеттік қызметкерлер қажет. Бұл кәсіп, әсіресе, қоғамның әлеуметтік құрылуы, жаңа экономикалық және саяси бағдар таңдауы кезінде жоғары бағаланады.
Азаматтық іс жүргізугеде прокурордың қатысуы керек деп есептейміз, өйткені прокурор іс жүргізуге тәртібін азаматтардың құқықтарын қорғауға өзінің қызметін жұмылдырады. Азаматтық іс жүргізуге прокурордың қатысуы - осы саланың мәнін, негізгі жақтарын көрсетуі. Прокурордың азаматтық іске қатысуы халықтың құқықты әлеуметтік бағасы, саяси-құқықтық идеялардың айна көрінісі болып табылады. Оларда, халықтың идеялары мен ойларын ең толық қанағаттандыратын, заңдылықты азаматтық істерде ұйымдастырудың негіздері, соттың процессуалдық іс-әрекеті, сот процесіне қатысушылардың құқықтық мәртебесін анықтау жолының құқықтық сапалар тізімі түйінделеді. Прокурордың азаматтық іске қатысуының мазмұны демократиялық бағытта болады, және заң нормаларымен бекілітіліп, заңдылықты азаматтардың заң және сот алдында теңдігін сақтай отырып, соттың жүзеге асыруын, істерді судьялардың жеке-дара немесу алқалы түрде қаралуын, судьялардың тәуелсіздігі мен тек заңға бағынуы, жариялылық, сот ісін мемлекеттік тілде жүргізілуін білдіреді. Әрбір адамның сотқа қорғаныс іздеп және соттың қорғанысына жүгінуіне мүмкіндік беретін, сот ісін жүзеге асыруының қолайлы болуы, іске қатысушылардың реалды құқықтары және олардың жүзеге асуының кепілдігі болып табылады.
Сондықтан да, азаматтық іс жүргізуге прокурордың қатысуының түсінігін дұрыс талқылау қажет.
Дипломдық жұмысытың объектісі - азаматтық іс жүргізуге прокурордың қатысы және олардың конституциялық негіздері.
Тақырыбтың пәні - азаматтық іс жүргізугедің заң нормалары, Конституция.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - азаматтық іс жүргізугеде прокурордың қатысу тәртібін талқылау.
Дипломдық жұмысым кіріспе қорытынды және пайдаланған әдеттермен қоса негізгі екі тараудан тұрады:
- І-тарауда ҚР прокуратура органдарының ұғымы, даму кезеңдері, органдары және қызметінің салаларын ашып көрсеттім
- ІІ-тарауда ҚР азаматтық іс жүргізуге тәртіптері және прокурордың азаматтық іске қатысуын талқыладым.
І ТАРАУ ҚР ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ҰҒЫМЫ, ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ, ОРГАНДАРЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ САЛАЛАРЫ
- ҚР прокуратура органдарының түсінігі мен мақсат, міндеттері
ҚР Конституциясының 1. 6. 83 б. сәйкес "прокуратура мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуына, жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізугедің заңдылығына жоғары қадагалауды жүзеге асырады. Заңдылықтың кез келген заң бүзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін зандарға, өзге де құқықтық актілерге наразылық жасайды. Прокуратура сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңдармен белгіленген тәртіп пен шекте кылмыстық қудалауды жүзеге асырады". Үлкен энциклопедиялық сөздікке сәйкес прокурор француз тіліндегі ргосteur деген, латын тілінің забучусь деген сөздерінен шыққан - ол прокуратура органының лауазымды адамы. Сотта ол мемлекет мүддесін білдіреді. ҚР Конституциясы және "Прокуратура туралы" ҚР Заңы прокуратураны мемлекеттік органдар арасындағы дербес жүйе ретінде, ал прокурорлық қадағалауды прокуратура органы ретінде анықтады. ҚР Конституциясының 4-бөлімінің 3-бабына сәйкес республикадағы мемлекеттік билік біртұтас. Ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасау қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады, Прокуратураға қатысты ережелер ҚР Конституциясының "Соттар және сот төрелігі" бөліміне енгізілген. Бірақ, бұл жерде прокуратура соттармен қатар сот билігіне ие болады дегенді білдірмейді. Прокуратура органдарының міндеттері мен функцияларының сипаттамасы прокуратураны биліктің сот тармағына, сондай-ақ басқа атқарушы мен заң шығарушы тармақтарына жатпайтынына ешқандай күмән келтірмейді. Прокуратура органдары биліктің үш тармағының әрқайсысымен функциональды байланысты болса да, ешқайсысына толығымен жатпайды. Мемлекеттік құрылымдағы прокуратураның мұндай өзіндік жағдайы билік тармақтарының қызметін теңестіруге және олардың оңтайлы іс-қимылын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, мемлекеттік қызметтің жеке түрі ретінде прокурорлық қадағалаудың өзгешелігі туады. Осы айтылғандардан оқу курстарын игеруде маңызды принципиальды бірнеше ережелер шығады.
Біріншіден, прокурорлық қадағалау - бұл прокуратурадан басқа мемлекеттік, қоғамдық, дербес немесе өзге ұйымдар, мекемелер немесе лауазымды адамдар жүзеге асыра алмайтын мемлекеттік қызметтің дербес, ерекше түрі. [2. 41]
Екіншіден, прокурорлық қадағалау Қазақстан Республикасының мемлекеті атынан жүзеге асырылады. Осы ережелердің маңыздылығы прокурордың қадағалауды іске асыра отырып, құқық бұзушылықтарды анықтау, оларды жоюға және жергілікті өзін-өзі басқару, атқарушы немесе сот биліктерінің жеке органдары атынан емес, олардың барлық жиынтығына сәйкес кінәлі адамдарды жазалауда шараларды қолдануы.
Үшіншіден, прокурорлық қадағалау - мемлекеттік қызметтің өзіндік түрі. Оның басқа мемлекеттік қызмет түрлерінен өзгешелігі ҚР Конституциясының дәл сақталуын тексеру, заң талаптарының орындалуы, өзге де қүқықтық актілердің заңға сәйкес келуін және тек прокуратураға ғана берілген құралдардың көмегімен анықталған құқық бұзушылықтарды жоюға шаралар қабылдайтын қызметтердің ерекше мазмұнымен анықталады.
Прокурорлық қадағалау мемлекеттік қызметтің басқа нысандарынан, ең алдымен мемлекеттік функцияларды орындауда өзінің тағайындалуымен ерекшеленеді. [14. 54]
Мемлекеттік басқарудың жеке органдары мен сот органдарына жүктелген кейбір қадағалау міндеттері осы қызметтердің бір бөлігін ғана құрайды: мемлекеттік басқару органдары үшін - бұл атқару және бөлу қызметі; сот органдары үшін - сот әділдігі. Прокурорлық биліктің мемлекеттік басқару билік органдарынан және әділ соттан ерекшелендіретін өзінің өзгешелігі бар. Прокуратурада қадағалауды іске асыру кезінде, занда аталғандарды қоспағанда, басқа органдардың шешімдерін езінің шешімдерімен ауыстырмайды, қүқық бұзушыларға жазалау шараларын қолданбайды, керісінше құзыретті органдардың, лауазымды адамдардың, ұйымдардың заң бұзушылықты жоюын талап етеді. Атап айтқанда, прокурорлық шара қолдану жолымен мемлекетгік органдардың, лауазымды адамдардың қызметіне бақылау жасамай, олардың әкімшілік қызметіне араласпай заң бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қолданады. Заңдардың және жарлықтардың дәл әрі бірыңғай қолданылуына жоғары қадағалаудың субъектісі Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оған бағынышты прокурорлар болып табылады.
Осыған байланысты, прокурорлық қадағалауды заң бұзушылықтарды анықтау және жою үшін шаралар қолдану, кінәлі адамдарды жауапқа тарту, қылмыстық қудалауды іске асыру жолымен заңдардың дәл және бірыңғай қолданылуына жоғары қадағалауды іске асыруды қамтамасыз ететін арнаулы өкілетті адамдардың-прокурорлардың қызметтері мемлекет атынан іске асырылатын мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретінде сипаттауға болады. ҚР Конституциясының 2-бабындағы 83-бабына сәйкес республика прокуратурасы төменгі тұрған прокурорларды жоғары түрған прокурорларға және республика Бас прокурорына бағындыра отырып, басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз бірыңғай орталықтандырылған жүйе құрайды. Қазақстан Республикасының Президенті прокуратураға қатысы бойынша жоғарғы мемлекетгік саты болып табылады. "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 13-бабына сәйкес Президент Парламент Сенатының келісімімен Бас прокурорды бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Осы Конституциялық заңның 19-бабына сәйкес Президент прокуратура органдарының қызметкерлеріне сыныптық шендер береді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті прокуратура органдарын тікелей калыптастырады және олардың қызметтеріне бақылау жасайды. Прокурорлық қадағалаудың маңызы ол мемлекет атынан Президент бақылауында іске асырылады, жергілікті органдарға тәуелсіз, тек Қазақстан Республикасының Бас прокурорына ғана бағынышты. [2. 41]
"Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес прокурорлык қызметтің мақсаты анықталады. Оның мақсаты Конституция мен заңдардың үстем тұруын қамтамасыз ету, адамның және азаматтың қүқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау болып табылады. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты мен міндеттері өзара тығыз байланысты. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты деп, тұтас алғанда прокуратураның барлық қызметтері бағытталған жетістіктерінің нәтижесі, соның ішінде оның маңызды функциясы прокурорлық қадағалау болып түсіндіріледі. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты прокуратураның мәртебесімен, мемлекеттегі оның алатын орны және рөлімен анықталады. Нәтижесінде, олар ҚР Конституциясымен, прокуратура туралы заңмен, ҚР прокуратура органдарының қызметтерін реттейтін басқа заң актілерімен анықталады. Прокурорлық қадағалаудың міндеттері өте көп және бір-бірінен деңгейі, мазмұны, шешімдерінің құралдары, осы міндеттерді шешетін және алға қоятын прокуратура органдарының құзыреті бойынша бөлінеді. Прокурорлық қадағалаудың міндеттер үш түрге бөлінуі мүмкін: жалпы, арнаулы және жеке (накты) . Аталған міндеттер бір-бірімен өзара байланысты және әр деңгейде. Жеке міндеттерді шешу (ең төменгі деңгей) прокурорлық қадағалаудың арнаулы міндеттерін шешуге себепші болады. Өз кезегінде арнаулы міндеттерді ойдағыдай шешу прокурорлық қадағалау міндеттерінің ең жоғары деңгейі жалпы шешімдерге бағынышты. Прокурорлық қадағалаудың жалпы міндеттері ҚР Конституциясымен, Прокуратура туралы ҚР Заңымен, бірқатар басқа нормативті-құқықтық актілерімен, мысалға, ҚІЖК, АІЖК-мен анықталады. Прокурорлық қадағалаудыц жалпы міндеттері жоғары қадағалауды іске асырудан тұрады; оларға мыналар жатады:
- республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқыктық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуын қадағалау;
- жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің заңдылығын қадағалау; кез келген заңдылык бүзушылықты анықтау жою жөнінде шаралар қолдану;
- әкімшілік және атқарушылық істер жүргізугедің зандылығын қадағалау;
- республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар өзге де құқықтық актілерге наразылық жасау;
- сотта мемлекеттің мүддесін білдіру және сот актілерінің заңдылығын қадағалауды іске асыру;
- заңда белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асыру;
- мемлекеттік-құқықтық статистика құру және құқықтық статистика саласында қадағалауды іске асыру.
Прокуратураның қадағалау функцияларын орындайтын әрбір прокурор жалпы міндеттерді шешеді. Прокурорлық қадағалаудың орындалуына қадағалауды жүзеге асыратын заңдардың мазмұнымен ерекшеленетін бірнеше бағыттардан тұрады. Осыған сәйкес, прокурордың алдындатолығымен тұрған жалпы міндеттер осы бағыттардың әрқайсысының да міндеттері болып табылады. Жалпы міндеттер толығымен тек прокурорлық қадагалау қызметінде ғана шешілуі мүмкін. Прокурорлық қадағалаудың әрбір біртұтас бағыты (саласы) жалпы міндеттерді шешу кезінде ез үлестерін қосады. Осы үлестің көлемі мен мазмұны прокурорлық қадағалаудың нақты бағыттарының (салалармен) алдында тұрған арнаулы міндеттерімен анықталады. Олардың мәні жалпы міндеттерден шығады және әрбір прокурорлық қадағалау бағыттарындағы прокурорлардың құзыретімен анықталады. Арнаулы міндеттер көбінесе Бас прокурордың шығарған бүйрықтарымен және өзге де құқықтық актілермен реттеледі. Көбінесе, бүл міндеттер тергеу және анықтауды қадағалау саласында ҚР Бас прокурорының 2001 жылғы 19 шілдедегі № 88 "прокурорлық қадағалау деп аталатын саласында "алдын ала тергеу және анықтау заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы" бұйрығында анықталған. Прокурорлық қадағалаудың жалпы және арнаулы міндеттерін шешу кезінде прокурор прокурорлық қадағалаудың белгілі жеке міндеттерін қою отырып, және оларды шешу барысында прокурорлық қадағалаудың құқықтық құралдарын қабылдау жолымен іске асырылады. Бүл міндеттер ғылымда прокурорлық қадағалаудың жалпы және арнаулы міндеттері болып бөлінеді. Олар жалпы және арнаулыға қарағанда, барынша әртүрлі және көпжақты. Жеке міндеттер прокурорлық қадағалаудың бағыттарына (салаларға), қолданатын прокурорлық құралдарға, прокурордың қадағалау қызметін іске асыратын нақты жағдайларына қарай ерекшеленеді. Әдетте, жеке және нақты міндеттер Бас прокуратураның, облыстық және аудандық деңгейіндегі прокуратуралардың жұмыс жоспарларында белгіленеді. Прокурорлардың өз міндеттерін орындау заңмен берілген құқықтарды іске асыру жолымен жүргізіледі. [6. 151]
ҚР Конституциясының 83-бабына, ҚР "Прокуратура туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бүйрықтарына сәйкес прокурорлық қызметтің мынадай:
Республика аумағындағы заңдардың және Президент Жарлықтарының және өзге де нормативтік қүқықтық актілердің дәл әрі бірыңғай колданылуын қадағалау;
- жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің заңдылығын қадағалау;
- сотта мемлекет мүддесін білдіру және сот қаулыларының, сондай-ақ әкімшілік және атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау;
- заңда белгіленген шегінде қылмыстық қудалауды жүзеге асыру салалары анықталады.
Салалар - бұл прокурорлық қадағалаудың біртүтас өзара байланысты бөлігі, олар көріп отырғандай прокуратура органдарының қызметінде бөлек-бөлек әрекет етеді. Сонымен, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңдарды қолдануларында тексеріс жүргізуге барысында прокурор қылмыстық кудалау функцияларын жүзеге асырады, яғни жасалған қылмыстарды немесе теріс қылықтарын анықтайды және кінәлі адамдарды қылмыстық істер мен әкімшілік іс жүргізугелерді қозғау жолымен қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тартады. Прокурорлық қадағалау салаларын Президент анықтайтын жеке міндеттердің ерекшеліктерімен, немесе криминогендік жағдайдың не заң салаларындағы ерекшеліктермен белгіленетін прокуратура қызметтерінің жеке бағыттарымен араластыруға болмайды. Сонымен, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша заңдардың, Президент Жарлықтарының орындалу езгешелігі бұл жұмыстарды Бас прокурордың жеке бұйрықтарымен бекітілген дербес бағыттарға ұйымдаскан түрде бөлу қажеттілігін анықтайды. Қылмыстық қудалауды іске асыратын органдар және қылмысқа қарсы күрес, өзге де заң бұзушылықтар бойынша басқа мемлекеттік органдар мен қоғамдық үйымдар өткізген іс-шаралар үйлесімдері бойынша қызметтер прокуратураның жұмысында ерекше орын алады. [8. 53]
- ҚР Прокуратура органдарының даму кезеңдері
Бұл жерде ең бастысы оның тарихындағы маңызды үш кезеңді атап көрсету керек. Қазақ АССР прокуратурасы "Прокурорлық қадағалау туралы ережені" бекіткен ҚазОАК 2-шақырылуындағы III сессиясының қаулысымен 1922 жылдың 13 шілдесінде бекітілген Осыған байланысты әділет халық комиссары өз қызметімен қатар республика прокурорының қызметін атқарған. Әділет халық комиссариатының құрамына кіретін прокуратурада тарихи мәні бар осы құжат мемлекет атынан кінәлі адамдарға карсы қылмыстық қудалауды қозғау және заң бұзушылық қаулыларына наразылық келтіру жолымен барлық билік органдардың, шаруашылық мекемелердің, қоғамдық және жеке ұйымдардың, жеке тұлғалардың әрекеттерінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру; қылмысты ашу саласында анықтау және тергеу органдарының қызметтерін тікелей бақылау; сотта айыпталушыны қолдау; сотталғандарды қамауда ұстау дүрыстығын бақылау үшін жасалған. Автономиялық республикалардың прокурорлары республиканың ОАК тағайындалған және шақырылған және осы республика шегінде барлық тиісті құқықтарға ие болған. Жалпы федеральдық заңдарының мәселелері бойынша Қазақ автономиялық республикасының прокуратурасы РСФСР прокурорына бағынған Республикасының бірінші прокуроры болып әділет халық комиссары Шафхат Мұхамметжанұлы Бекмұхамметов тағайындалған. "Прокурорлық қадағалау туралы ережелерді" қабылдағаннан кейін Ш. Бекмұхамметов 1922 жылы 2 тамыздағы әділет халық комиссарының және республика прокурорының міндеттерін біруақытта орындау туралы бұйрығына қол қойды. Мұрағаттық мәліметтерге байланысты ол республика прокуратурасының негізін салушы болып табылады. ҚазОАК-ке жасаған прокуратураның бірінші есебінде Орынбор, Ақмола губернияларының прокурорларын бекіту туралы қаулы баяндалды. Ш. М. Бекмүхамметовтың бастамасы бойынша РСФСР Қылмыстық кодексіне қалым, күнә және барымта мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Содан кейін, 1922 жылдың 15 қыркүйегінде ғана ҚазОАК-нің алқа шешімімен Әділет халық комиссары және прокурор болып Мырзағұл Атаниязов тағайындалды, көптеген авторлар ол кісіні ҚазССР бірінші прокуроры болған деп есептейді. Ережеге сәйкес республика прокуроры орталық қызметкерлерінің, сондай-ақ жергілікті орган кандидаттарының ішінен әрбір губерния мен облысқа прокурор тағайындалған. Прокурорларды қызметке тағайындай, ауыстыру және қызметінен шектетуді республика прокуроры ғана жүзеге асырды. Губерниялық прокуратураларда тиісті губерниялар мен облыстардың ұсынуы бойынша республика прокуроры тағайындаған және шақырған прокурорлардың көмекшілері болды. Олардың арасындағы міндеттер губерния және облыс шегінде бөлінді. [5. 251]
Республика прокуроры:
- барлық халық комиссарларының, мекемелер мен ұйымдардың қызметі заңдылығын бақылау және заңға сәйкес келмейтін олардың шығарған өкімдері мен қаулылары бұзу және өзгерту туралы ұсыныстарды енгізу;
- оларды бұзу мақсатында ҚазОАК Төралқасы мен Халық Комиссарлар Кеңесіне аталған өкімдер мен қаулыларға наразылық келтіру;
- республика прокурорлары көмекшілерінің, сондай-ақ орындарындағы прокурорлар мен олардың көмекшілерінің қызметтерін бақылау және басшылық жасау, олардың қызметтерінде туындаған барлық мәселелер бойынша түсіндірмелер беру;
- республика прокурорына қажет деп танылған жағдайларда прокурорлардың функцияларын тікелей іске асыру жүктелген.
Ережеде орындарындағы прокурорлар міндеттерінің шеңбері мынадай тәртіппен анықталған: Халық комиссарлары кеңесінде немесе ОАК Төралқасында республика прокуроры арқылы жоғарыда атаған өкімдер мен қаулыларға наразылық келтіру. Бүндай прокурордың наразылық келтіруі наразылық келтірілген қаулылардың өмірде қолданылуын тоқтатпайды. Прокурорға кеңесші даусымен жергілікті атқару комитеттерінің барлық жиналыстарына қатысу құқығы берілген. Ережедегі прокурорлардың өкілеттілігінде губерниялар мен облыстарда әрекет ететін әкімшілік мекемелер мен лауазымды адамдардан қажетті материалдар мен мәліметтерді талап ету құқығы көзделген. Сондай-ақ прокурорларға өкілеттіліктерін жеке өзі немесе көмекшілері арқылы іске асыру құқығы берілген. Ерекше ескертулерде мемлекеттік саяси басқару органдарының аса құпия сипаттағы істермен танысу үшін талап етуге құқығы көзделген. Бұл тікелей прокурордың өзімен іске асырылған. Прокуратура туралы бірінші ережеде республика прокурорының және губерниялық атқару комитетінің алдында губерниялық прокурорлардың әр тоқсан сайын есеп беруі көзделген. Прокурорлық қадағалау туралы ережені қабылдауға байланысты ҚазОАК қаулысымен осы уақытқа дейінгі губерниялық халық соттары кеңесіне жататын барлық міндеттер 1922 жылдың 1 тамызынан бастап прокуратураның ерекше жүргізугеіне берілді. [16. 74]
1923 жылдың аяғына қарай ҚазССР әділет халық комиссариатының прокуратура бөлімінде төрт кіші бөлімдер ұйымдастырылған:
- жалпы басқару (ұйымдастырушы-нұсқаушы) ;
- жалпы қадағалау жөніндегі;
- тергеу және анықтау органдарын, КТУ және бас бостандығынан айыру орындарын бақылау жөніндегі;
- мемлекеттік айыптаушы және сот қадағалау (Жоғары Сот жанындағы прокурорлар) .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz