Талапкердің жауапкерге талабы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

І ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР

1. Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынасының ұғымы және
элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2. Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастарының объектісі мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
3. Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынасының субъектілері және оларды
топтастыру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .7
4. Азаматтық іс жүргізуге (процеске) прокурордың қатысуы
... ... ... ... ... ...10

ІІ ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ ТАРАПТАР ЖӘНЕ ТАЛАП ТҮСІНІГІ МЕН
ТҮРЛЕРІ

2.1. Азаматтық іс жүргізудегі тараптар түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2. Азаматтық іс жүргізу құқығындағы талап түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.3. Талап түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2 4

III ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТ АКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ІС ЖҮРГІЗУ МЕРЗІМДЕРІ

3.1. Азаматтық іс жүргізу мерзімдерінің түсінгі мен
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ..38
3.2. Бірінші сатыдағы сот актілері (ұғымы мен
түрлері) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40
3.3. Сырттай және бұйрық арқылы іс жүргізу
тәртіптері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 44

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..64

ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..66

КІРІСПЕ

Заңгердің біліктілігінің негізі - құқықтық салаларды жақсы білу және
олардың ішінде жол табу ісін меңгеру. Азаматтық іс жүргізу құқығы өзге
салалардың арасында маңызды орында. Сондықтан да заң факультетінің
түлектерінің болашақта судья, адвокат және басқа да құқық қолданылатын
қызметтерде жоғары нәтижелерге жету шарттарының бірі болып, азаматтық іс
жүргізу құқығын терең зерттеу болып табылады.
Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізу регламентациясы, салыстырмалы
жақында ғана қабылданған АІЖК бойынша жүргізілуіне байланысты, зерттелетін
мәселе әлі толық қаралған емес. Сот және құқық қорғау жүйесінің
принциптерін, АІЖК-нің құқықтық негізін Конституция белгілейді.
ҚР қабылдаған АІЖК-нің позитивтік жақтарын алсақ, ол азаматтық соттардың
юрисдикцияларының кең болуы, айтысу регламентациясы талаптарының сапалы
белгіленуі.
Құқықтық жүйенің құрылымының принциптері ретінде, демократияны және
заңнаманы либералдау жолын таңдау, ҚР азаматтық іс жүргізу құқығына да
үлкен әсерін тигізеді. Конституциялық принциптерді өмірде іске асыру үшін
әрбір заңнамалық адымды толық, теориялық зерттелген идяларды қолдана
отырып, жасау кажет. Ол үшін мемлекетімізге жоғары сапалы заңгерлер, заң
жағынан білікті мемлекеттік қызметкерлер қажет. Бұл кәсіп, әсіресе,
қоғамның әлеуметтік құрылуы, жаңа экономикалық және саяси бағдар таңдауы
кезінде жоғары бағаланады.
Азаматтық іс жүргізу құқығындағы тараптар және талап конституциялық
негіздерін қазіргі заманға сай зерттеу. Азаматтық іс жүргізу құқығындағы
тараптар және талап - осы саланың мәнін, негізгі жақтарын көрсетуі. Кейінге
қалдыру мен тоқтату, халықтың құқықты әлеуметтік бағасы, саяси-құқықтық
идеялардың айна көрінісі болып табылады. Оларда, халықтың идеялары мен
ойларын ең толық қанағаттандыратын, заңдылықты азаматтық істерде
ұйымдастырудың негіздері, соттың процессуалдық іс-әрекеті, сот процесіне
қатысушылардың құқықтық мәртебесін анықтау жолының құқықтық сапалар тізімі
түйінделеді. Кейінге қалдыру мен тоқтату тәртібінің мазмұны демократиялық
бағытта болады, және заң нормаларымен бекілітіліп, заңдылықты азаматтардың
заң және сот алдында теңдігін сақтай отырып, соттың жүзеге асыруын, істерді
судьялардың жеке-дара немесу алқалы түрде қаралуын, судьялардың
тәуелсіздігі мен тек заңға бағынуы, жариялылық, сот ісін мемлекеттік тілде
жүргізілуін білдіреді. Әрбір адамның сотқа қорғаныс іздеп және соттың
қорғанысына жүгінуіне мүмкіндік беретін, сот ісін жүзеге асыруының қолайлы
болуы, іске қатысушылардың реалды құқықтары және олардың жүзеге асуының
кепілдігі болып табылады.
Сондықтан да , азаматтық іс құқығындағы тараптар және талап түсінігін
дұрыс талқылау қажет.
Зерттеу объекті – азаматтық іс жүргізудің құқығындағы тараптар және
олардың конституциялық негіздері.
Зерттеу пәні – азаматтық іс жүргізудің заң нормалары, Конституция.
Зерттеу мақсаты – азаматтық іс жүргізу құқығындағы тараптар және талап
тәртібін талқылау.
Зерттеу гипотезасы: АІЖК-де азаматтық құқық принциптерінің толық
зерттелмегендігі, оларға анализ жасау және түзеті енгізу қажеттілігінде.
Мақсатқа жету үшін келесі сұрақтарды қарастырамыз:
- азаматтық іс жүргізу принциптерінің тарихын зерттеу;
- азаматтық іс жүргізу принциптерінің жүйесін қарастыру;
- толық анализ жасап, азаматтық іс жүргізу принциптерінің мәселелері мен
болашағын анықтау.
Жаңалық элементі ретінде: диспозитивтік принциптің соңғы дұрыс талқылауы -
сот және өзге істерді жүргізудің бастапқы локомотив екендігі анықталғанын
айта кеткен жөн.

І ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР

1. Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынасының ұғымы және элементтері

Құқықтық қатынас - құқық нормаларымен реттелген, құрамында өзара
алмасылып отыратын құқықтар және міндеттермен айшықталған құқық
субъектілері арасында заңдық байланысы бар қоғамдық қатынастар. Азаматтық
іс жүргізу қатынасы құқық қорғау қатынастарына жатады. Олардың пайда болуы,
өзгертілуі және тоқтатылуы заңдық жағдаяттармен, заңдық маңызы бар нақтылы
мән-жайлармен байланысты, олармен құқық нормасы азаматтық іс жүргізу құқық
субъектілерінің іс жүргізу құқықтары мен іс жүргізу міндеттерінің пайда
болуы, өзгертілуі және тоқтатылуын байланыстырады. Бұл қатынастардың
ерекшеліктері мыналар:
• олар азаматтық іс жүргізу құқықтың нормаларымен тікелей белгіленген;
• ерекше субъективтік құрамы, яғни іске қатысушылардың құрамы;
• бірлігі мен біріктік;
• ара-қатынасында.
Азаматтық іс жүргізу қатынастары сотқа талап арыз, арыз және шағым
берген кезде пайда болады. Азаматтық іс жүргізу құқықтары мен азаматтық іс
жүргізу міндеттері азаматтық іс жүргізу қатынастарының мазмұнын құрайды.
Азаматтық істерді қарап шешуде азаматтық іс жүргізу құқық
қатынастарының мынандай түрлерін байқауға болады: негізгі, қосымша және
қызметтік-көмек көрсетушілік.
Негізгі іс жүргізу құқық қатынастары талап қоюмен іс жүргізу, ерекше
талап қоюмен іс жүргізуде сот пен тараптар (талап қоюшы және жауапкер)
арасында және ерекше іс жүргізуде сот пен арыз беруші арасында болады.
Қосымша іс жүргізу құқық қатынастары іс бойынша қорытынды беру үшін
прокурордың, мемлекеттік органның немесе жергілікті өзін-өзі басқару
органның қатысуымен өткенде (АІЖК-тің 55, 57 баптары), сондай-ақ үшінші
тұлғалардың қатысуымен өткенде (АІЖК-нің 52, 53 баптары) туындайды.
Қызметтік-көмек көрсетушілік іс жүргізу құқық қатынастары іс бойынша
өз қызмет бабы бойынша көмек көрсету үшін аудармашының, сарапшының,
куәлардың, қоғамдық өкілдердің қатысуымен өткенде туындайды.
Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының ерекшелігі оның биліктік
сипатында, яғни биліктік қатынастылығында. Азаматтық іс жүргізу құқық
қатынастарының субъектілері – сот және өзге сот ісін жүргізуге қатысушысы –
билік және бағынушылық қатынаста болады. Оған дәлел ҚР Конституциясының сот
билігін бекітуі. [18.363]
Жоғарыда айтылғанның бәрі азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының
түсінігіне анықтама беруге болатынын білдіреді. Сонымен азаматтық іс
жүргізу құқық қатынасы – бұл субъективтік құқықтармен заңмен қорғалатын
мүддені қорғау үшін сот пен өзге азаматтық процестің қатысушылары
арасындағы азаматтық іс жүргізу құқық нормаларымен реттелген қоғамдық
қатынастар.

1.2. Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастарының объектісі мен мазмұны

Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының объектісін 2 түрге бөліп
қарастыруға болады: жалпы және арнайы.
Жалпы объект – сотпен қаралып, шешілуге немесе қорғалуға жататын
материалдық-құқықтық дау немесе заңмен қорғалатын мүдде.
Арнайы объект – нақты, белгілі құқық қатынасын жүзеге асыруда
жасалатын қорытынды (мысалы, сот пен сарапшы арасында азаматтық іс жүргізу
құқық қатынасының объектісі болып осы сарапшының өзінің арнайы білімі
негізінде іс үшін мәні бар фактілер туралы қорытындысы).
Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастың мазмұны – азаматтық
процестегі субъектілерінің іс жүргізу құқықтары мен міндеттері, ал кейбір
процессуалистердің пікірінше (А.А.Мельников) субъектілердің мінез-құлқы,
яғни өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудағы әрекеттері.

1.3. Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынасының субъектілері және оларды
топтастыру

Азаматтық іс жүргізу қатынастарының субъектілері азаматтар мен заңды
тұлғалар бола алады. Соның қатарына азаматтық іс жүргізу қатынастарына
шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар
қатыса алады. Процеске қатысушылардың бәрін, олардың іске қатынастығына
орай, белгіленген топтарға бөлінеді: сот, іске қатысушылар және сот
төрелігін жүзеге асыруына жәрдемдесушілер. [13.43]
Сот азаматтық іс жүргізу қатынасының міндетті субъектісі ретінде
қаралады. Республикада азаматтық, төрелік, қылмыстық және басқа да істерді
қарайтын, соттардан тыс ешқандай орган жоқ. Сот азаматтар мен ұйымдардың
құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын, ол бұзылған
жағдайда оны қалпына келтіретін барынша ықпалды нысан болып табылады.
Соттар қайсыбіреулердің еркіне қарамастан тек Конституция мен Республика
заңдарына сәйкес, өздеріне Республика атынан берілген билікті жүзеге
асырады, іс жүргізу нысанында заңмен белгіленген сот ісін қарауға процесс
мүшелерінің барлығының да белсенді түрде қатысу мүмкіндігін қамтамасыз
етеді, істің ақиқатын ашады және ол бойынша заңды және негізделген шешім
шығарады. Соттарға мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы берілген. Сот
азаматтық және шаруашылық істер жөніндегі шешімдерімен кінәлі тараптарды
(талап қоюшыны немесе жауапкерді) тиісті тәртіпке шақырады, оларды
міндеттері мен жауапкершілігін орындауға, оның ішінде жауапкердің есеп
шотынан талап қоюшының пайдасына ақшалай қаражат өндіртуге не мүліктерін
өндіруге мәжбүрлейді. Істі сот отырыстарында қарау мен шешу ҚР
Конституцияның 77-бабында және ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің жалпы
бөлімінің 2-ші тарауында аталған принциптерге негізделеді. [27.31]
Іске қатысушыларды азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастардың
субъектері ретінде танимыз. Олардың құрамына ҚР Азаматтық іс жүргізу
кодексінің 44-бабына сәйкес:
• тараптарды (талап қоюшы мен жауапкерді);
• үшінші тұлғаларды (даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін және
даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін);
• прокурор;
• мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдар;
• ҚР АІЖК 56,57-баптарымен көрсетілген негіздер бойынша процеске қатысатын
ұйымдар немесе жеке адамдар;
• арыз берушілер және басқа да мүдделі тұлғаларды (ҚР АІЖК 289-бабы)
жатқызамыз.
Сот төрелігін жүзеге асыруына жәрдемдесушілер - азаматтық іс жүргізу
құқықтық қатынастарының субъектілері. Олар қатарына: аудармашы, куә, маман,
сот приставы, сот хатшысы, сот орындаушысы, өкіл және т.б. жатқызылады.
Іске қатысқан тұлғалар ішінде үшінші тұлғалар ең түсініксіз тұлғалар.
Үшінші тұлғалар - өздерінің субъективті құқықтары мен мүдделерін қорғау
үшін басталып кеткен азаматтық процеске қатысатын және тараптардың (талап
қоюшы мен жауапкердің) құқықтары мен мүдделерімен сәйкес келмейтін
тұлғалар. Үшінші тұлғалардың азаматтық процеске қатысудың негізгі себебі –
олардың қаралып жатқан азаматтық істе өздерінің жеке мүдделері бар. Іс
бойынша сот шешімі олардың материалдық құқықтары мен міндеттеріне әсер етуі
мүмкін. Бұған қоса үшінші тұлғалар институты нақты бір іс бойынша бірнеше
әртүрлі талаптарды біріктіруге мүмкіндік етеді, істің бүкіл мән-жайларын
сотпен толық зерттеуді қамтамасыз етеді және негізсіз сот шешімдерін
шығарудан сақтайды деуге болады.
Үшінші тұлғалардың іс бойынша мүдделерінің деңгейі әр түрлі болуы мүмкін,
сондықтан олардың 2 (екі) түрі болады:
1-мәлімдейтін;
2-мәлімдемейтін.
1) Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар –
бұл талап қоюшы мен жауапкер арасында басталып кеткен процеске даудың
нысанасына өздерінің дербес құқықтарын қорғау үшін қатысатын тұлғалар. Бұл
тұлғалардың қатысу себебі, олар құқық жөнінде дау талап қоюшы мен
жауапкерге емес өзіне берілген деп ойлайды. Олар жалпы тәртіп бойынша (ҚР
АІЖК 14 тарауы) бірінші сатыдағы сот шешімін шығарғанша талап қою арқылы
қатыса алады (мысалы: Екі жас некеге тұрған соң олар 120000 мың теңге
тұратын жеке пәтер алмақшы болады, ал пәтерді сатып алу үшін 80000 мың
теңге ақша соманы ер жігіт өзінің туған анасынан алады, ал 40000 мың теңге
ақшаны үйленер алдында өзі жұмыс істеп тапқанынан қосады. Бір жыл бірге сол
пәтерде тұрған соң жастар некелерін сот арқылы қияды, себебі ортақ мүлік
бөлуде араларында дау болған. Сотта іс қарағанда ер жігіттің туған анасы
өзінің дербес талабын қоюы мүмкін, яғни ол осы іс бойынша дербес талаптарын
мәлімдейтін үшінші тұлға болып танылады). Бұл үшінші тұлғалар өз талаптарын
тараптың біреуіне не екеуіне бірден қоюы мүмкін.
Іс бойынша үшінші тұлғаларды қатыстыру мәселесі, соттың сәйкесті
ұйғарым шығаруымен белгіленеді.
Осы үшінші тұлғаның талап қоюшыдан бір ғана айырмашылығы бар – бұл
процеске кіру кезеңі.
Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар
сипаттамасы:
- процеске талап қою арқылы қатысады, талап қоюшының барлық құқықтарын
пайдаланады және оның барлық міндеттерін атқарады;
- үшінші тұлғалардың талап қою пәні талап қоюшының талап қою пәнімен толық
көлемде немесе жарым-жартылай толық сәйкес келу керек, сондықтан талап
қоюшының талабын қанағаттандырса әлбетте, үшінші тұлғаның талап арызын
қабылдаудан бас тартады (толық немесе жарым-жартылай). Іске қатыса
алмаған дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар жеке талап қоюға
хақы бар.
- іске қатысу ықылас көбінесе үшінші тұлғалардың өздерінен болады.
2) Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар –
бұл бірінші сатыдағы қаралатын іс бойынша қабылданатын шешім тараптардың
біреуіне қатысы өздерінің құқықтары мен міндеттеріне әсер етуі мүмкін
болғанда, талап қоюшы не жауапкер жағында іске қатысатын тұлғалар (ҚР АІЖК
53 б.).
Олардың сипаттамасы:
- егер іс тараптардың біреуіне қатысы өздерінің құқықтарына немесе
міндеттеріне әсер етуі мүмкін болса, іс бойынша бірінші сатыдағы соттың
шешімі шыққанға дейін талап қоюшы немесе жауапкер жағында іске кірісе
алады;
- олар сондай-ақ тараптардың және іске қатысушы басқа адамдардың өтінімімен
немесе соттың бастамасымен іске қатысуға тартылуы мүмкін;
- дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар тараптардың талап қоюдың
негіздемесі мен нысанасын өзгерту, талап қою талабының мөлшерін ұлғайту
немесе азайту, сондай-ақ талап қоюдан бас тарту, талап қоюды мойындау не
бітімгершілік келісімін жасау, қарсы талап қою, соттың шешімін мәжбүрлеп
орындатуды талап ету құқықтарынан басқа іс жүргізу құқықтарын пайдаланады
және іс жүргізу міндетін мойнына алады (ҚР АІЖК 47 б.).
Даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлғалар іске
келесі жағдайларда кірісе алады:
- өз бастамасы бойынша;
- тараптардың өтініші бойынша;
- іске қатысушы басқа тұлғалардың (прокурордың, мемлекеттік және өзін-өзі
басқару органдардың) өтініші бойынша;
- соттың бастамасы бойынша.
Бұлар іске соттың бірінші сатысындағы шешімі қабылданғанға дейін кірісе
алады және ол соттың ұйғарымымен белгіленеді.
Даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлғалардың
азаматтық процеске қатысу жөнінде мысал келтірейк. Мысалы: Қыста жолдың
тайғақтығынан екі автокөлік жүргізуші, біреуі – қала автопаркінің автобус
жүргізушісі, ал екіншісі – жеке меншік автокөлік жүргізушісі, аварияға
ұшырайды. Егер автопарк автобусының жүргізушісі кінәлі болса, онда жеке
меншік автокөлік жүргізуші сотқа талап арыз беру арқылы (талап қоюшы
ретінде) келтірілген материалдық зиянды автобус жүргізушіден емес ол жұмыс
істеп жүрген автопарк әкімшілігінен (жауапкер ретінде) өндіріп алады. Сонда
кейіннен материалдық зиян өтеу үшін төленген ақша сомасын автопарк
әкімшілігі өз қызметкерінің жалақысынан ұстап қалып отырады, яғни сонымен
даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлға болып
автобус жүргізушісі танылады. [30.46]

1.4. Азаматтық іс жүргізуге (процеске) прокурордың қатысуы

Қазақстан Республикасының Конституциясына және “Қазақстан
Республикасының прокуратура туралы” заңына сәйкес прокуратура органдарының
алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі кез-келген заң бұзушылықты дер
кезінде анықтап, оны жоюға шара қолдану болып табылады. Кез-келген құқықтық
мемлекеттегі тәрізді Қазақстан Республикасында да сот және прокуратура
органдарының алдына қойылған мақсат – азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын қорғау, әділдік пен заңдылықты қамтамасыз ету болып
табылады. [25.41]
Халықтың соттарға деген биік сенімін жоғалтпау үшін істерді қараған
кезде, қара қылды қақ жаратындай әділдік болуы шарт. Ал, прокуратура болса
ҚР “Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы” заңына сәйкес сот
процесі барысында мемлекет мүддесін білдіріп, ақиқатты анықтауға ат
салысатын мемлекеттік орган.
Прокуратураның қызметкері – прокурор, іске қатысушы тұлғалар құрамына
енгізілген (ҚР АІЖК 5 тарау 44 бап).
Прокурор процеске өз бастамасы немесе соттың бастамасы бойынша (ҚР
АІЖК 55 бабы) іс жүргізудің кез-келген сатысында және кез-келген іс бойынша
қатыса алады.
Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы келесі жағдайларда
міндетті:
- мұның өзі заңмен көзделгенде;
- осы іске қатысу қажеттілігін сот танығанда (ҚР АІЖК 52 бабы 2 бөлігі).
Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге міндетті қатысуы ҚР АІЖК-нің
287, 299, 317-4, 350, 398 баптарында көзделген.
Прокурор іс бойынша бірінші сатыдағы соттың, апелляциялық, қадағалау және
жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша істерді қайта қарау сатыларындағы
соттардың бастамасы бойынша қатыса алады. [16.373]
Прокурордың процеске кіру тәртібі және оның іс жүргізу құқықтары мен
міндеттерінің көлемі процестің қай сатысында кіргеніне және іске қатысу
нысанына байланысты. [32.51]
ҚР-ның прокуратура туралы заңы және ҚР-ның АІЖК-сы азаматтық процеске
прокурордың қатысуының екі нысанын белгілейді:
1-сотқа арыз, талап арыз беру арқылы процеске қатысуы;
2-іс бойынша қортынды беру үшін процеске қатысуы.
1) Прокурордың сотқа талап қою арқылы қатысуы. ҚР-ның АІЖК-нің 55-бабы 3
бөлігіне сәйкес прокурор азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды
мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық және
мемлекеттік мүдделерді қорғау туралы сотқа талап қоюға құқылы. Прокурордың
талап қоюдағы міндеттерінің негізгі мақсаты – заң бұзушылықты жоюға сот
тәртібімен уақытылы және тиімді шара қолдану, құқық бұзушылықтың алдын алу,
азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың
құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді
қорғау.
Прокурордың талаптары – заң бұзушылыққа қарсы күрестің тиімді де маңызды
құралдарының бірі.
Егер адам дәлелді себептермен өзі сотқа жүгіне алмаса, онда мүдделі
адамның өтінішімен ғана прокурор азаматтың құқықтарын, бостандықтарын және
заңды мүдделерін қорғау туралы талап қоя алады. Ал әрекеті қабілетсіз
азаматтың мүддесін қорғау үшін прокурор мүдделі адамның өтінішіне
қарамастан талап қоя алады.
ҚР-сы Бас Прокурорының 1999 жылғы 15 шілдедегі № 60 “Әлеуметтік және
экономикалық салалардағы заңдардың қолдануына прокурорлық қадағалау
ұйымдастыру” атты бұйрығына сәйкес, адам және азаматтың құқықтары мен
бостандықтары бұзылғандығы анықталып, ал олардың денсаулығына немесе жасы
ұлғайғандығына байланысты өздерінің құқықтары мен бостандықтарын сотта
қорғау мүмкіндіктері жоқ болса немесе бірнеше азаматтың құқықтары мен
бостандықтары бұзылып жатса, прокурор олардың мүддесін талап ету және арыз
беру арқылы сотта қорғай алады.
Басқа жағдайларда, прокурор әрбір азаматтың өз құқығы мен бостандығын сот
арқылы қорғауға конституциялық құқығы бар екендігін түсіндіреді.
Прокурордың талап қоюына лауазымды тұлғалардың, жеке азаматтардың құқыққа
қарсы әрекетінің немесе қылмыс жасауының нәтижесінде келтірілген мүліктік
залал немесе басқа да зиян негіз болып табылады. Талап арыз прокурор
мүддесін қорғайтын адам мен жауапкер арасында туындаған мүліктік-құқықтық
қатынас мазмұнына байланысты болады. [34.73]
Прокурордың талабы тексеруден өткен, дәлелденген материалдарға негізделуі
қажет. Сонда ғана талаптың негізі болып табылатын айғақтардың мөлшерін
анықтау, талап ету, сонымен қатар, жауапкерге (жауапкерлерге) прокурордың
талабын дәлелдейтін және олардың талапқа қарсы қарсылығын теріске шығаратын
қажетті айғақтық материалдарды талдау төңірегінде талап етудің жүйелі
жұмысы қалыптасады. Осы саладағы прокурордың жұмысы тек талаптың
негізіндегі фактілер құрамын дұрыс анықтаса ғана нәтижелі болмақ. Прокурор
талапты дайындау барысында ол бағалауға жататын болса, талап қоюдың бағасын
міндетті түрде белгілейді (ҚР АІЖК 150-баптың 2-бөлігі, 6-тармағы).
Талаптың бағасы ҚР АІЖК-нің 102-бабына сәйкес белгіленеді.
Қандай сотқа арыздануды шешу үшін прокурор ҚР АІЖК-нің 27, 28, 31, 32, 35-
баптарын басшылыққа алу қажет.
ҚР АІЖК-нің 150-бабы 2-бөлігіне сәйкес прокурор талап арызда азаматтық
істердің қаралуы тиісті соттың атауын, талап қоюшы прокурордың аты-жөнін,
мүддесі қорғалатын адамның аты-жөнін көрсетеді.
Прокурор талап арызда жауапкерге қоятын талаптарын дәлелдейтін
жағдайларды, сонымен қатар талаптың негізі болып табылатын айғақтарды толық
келтіреді. Бұл талап арыздың ең маңызды бөлігі болып табылады, себебі,
заңды және дәлелді түрде сауатты баяндалған себептер мен айғақтар таластың
дұрыс және жан-жақты шешілуіне көп көмегін тигізеді. Арызда прокурор қандай
жағдалардың лауазымды тұлғалар мен азаматтардың түсініктемелері арқылы,
жазбаша және заттай айғақтар арқылы, маманның қорытындысы арқылы
дәлелденетінін толық көрсетеді. [25.89]
Бұлардан басқа, ҚР АІЖК-нің 150-бабы 4-бөлігіне сәйкес прокурор
мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделер үшін беретін арызды мемлекеттік немесе
қоғамдық мүдденің неден тұратының, қандай құқықтың бұзылғанын дәлелді түрде
негіздеп, сондай-ақ заңға немесе өзге де нормативтік-құқықтық актілерге
сілтеме жасауы тиіс. Ал азаматтардың мүдделерін қорғау үшін берілген талап
арызда азаматтың өздігінен талап қою мүмкіндігі жоқтығын негізгі түрде
дәлелдеп көрсетеді, арызға, әрекет қабілеті жоқ адамның мүдделерін қорғау
үшін арыз берілетін жағдайларды қоспағанда, азаматтың сотқа талап қоюға
келісім бергенін растайтын құжат қоса тіркелуі тиіс. ҚР АІЖК-нің 151-бабына
сәйкес прокурор арызға жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың санына қарай
талап арыздың көшірмесін қоса тіркейді. [32.63]
Талап арызға прокурор қол қойып, өзінің сыныптық шенін, арыздың сотқа
жіберілген уақытын көрсетеді.
2) Іс бойынша қортынды беру үшін прокурордың процеске қатысуы.
Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында іс
бойынша қортынды беру үшін және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын
және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық
немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін өз бастамасы немесе соттың
бастамасы бойынша процеске қатыса алады.
Жауапкер мен оның өкілі соңғы сөздерін айтып болғаннан кейін іс
бойынша тарап болып табылмайтын және ҚР АІЖК-нің 55-бабының 2-бөлігінде
көзделген тәртіппен процеске қатысушы прокурор жалпы істің мәні бойынша
қортынды береді.
Сотта азаматтық істерді қайта қарау сатысы бойынша прокурор 2 (екі)
нысанда қатысуы мүмкін:
1-Осы саты бойынша өндірісті (апелляциялық не қадағалау наразылықтарын
келтіру арқылы) қозғау. Заңсыз және дәлелсіз шешімдер мен ұйғарымдарға
наразылық жасау прокурордың лауазымдық міндетіне жатады, осының негізінде
азаматтық сот істерін жүргізу саласында мемлекет атынан заңдардың тура және
бірыңғай қолданылуына жоғары қадағалау жүзеге асады. Сонымен, заңды күшіне
енбеген сот шешімдеріне, ұйғарымдарына прокурор апелляциялық наразылық
келтіреді, ал заңды күшіне енген сот актілеріне қадағалау тәртібі бойынша
наразылық келтіреді. Азаматтық сот ісін жүргізуде заңдардың дәлме-дәл және
бір үлгіде қолданылуына жоғары қадағалау жүргізу ісін мемлекет атынан
Қазақстан Республикасының Бас прокуроры тікелей өзі және өзіне бағынатын
прокурорлар арқылы жүзеге асырады (ҚР АІЖК 55 бап, 1 бөлігі).
2-Іс бойынша қатысатын не қатыспайтын тараптардың немесе басқа да
тұлғалардың құқықтары мен міндеттері жөнінде қабылданған сот шешімі бойынша
шағымды қарайтын іске қатысу. Азаматтық істерді қайта қарау сатыдағы сотта
прокурор процеске қатысу нысанына қарамастан іс бойынша қортынды береді.
[20.235]
Сот қаулыларын орындау сатысында прокурор сот шешімдерінің уақытылы
және заңды орындалуына қадағалауды жүзеге асырады. Бұл сатыда прокурор екі
нысанда қатысады:
- сотта арыз, талап арыз беруші болған себептен өтініш жасау, атқару және
өзге де әрекеттер жасауға қатысу арқылы;
- сот орындаушының әрекетіне наразылық келтіру арқылы.

ІІ ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ ТАРАПТАР ЖӘНЕ ТАЛАП ТҮСІНІГІ МЕН
ТҮРЛЕРІ

2.1. Азаматтық іс жүргізудегі тараптар түсінігі

Азаматтық іс жүргізудегі тараптар іске қатысушы тұлғалар қатарына
жатады (АІЖК-нің 44 бабы). Жеке тұлға болсын, заңды тұлға болсын
(кәсіпорын, мекеме, ұйымдар) өздеріне келтірілген зиянды сот арқылы өндіріп
алуға хақысы бар.
Тараптар – сотта субъективтік құқықтары немесе заңмен қорғалатын жеке
мүддесі туралы даулары қаралып және шешілуге тиіс іске қатысушы тұлғалар.
Тараптар деп талап қоюшы мен жауапкерді атайды. Талап қоюшы мен
жауапкер ретінде жеке тұлғалар (ҚР-ның азаматы, шетел азаматы және
азаматтығы жоқ адам) мен заңды тұлғалар (мекемелер, ұйымдар және
кәсіпорындар) болып табылады.
Талап қоюшы – сотқа талап арыз беру арқылы өзінің субъективтік
құқықтары мен заңмен қорғалатын мүддесін қорғаушы тұлға. Қазіргі азаматтық
іс жүргізу заңында талап қоюшының азаматтық процеске қатысуының 2 негізі
көрсетіледі: 1-ден, талап қоюшы өз мүдделері және құқықтарын көздеп талап
қою арқылы қатысады; 2-ден, басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын
және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінеді. Бірінші
жағдайда талап қоюшы іс жүргізуін өзі бастайды, ал екінші жағдайда ол іске
қатысуға соттан рұқсат сұрайды. [26.72]
Жауапкер – талап қоюшының талабы бойынша сот алдында жауап беретін
тұлға. Талап қоюшының айтуынша жауапкер оның субъективтік құқығын немесе
заңмен қорғалатын мүддесін бұзып не дауға салып отыр. Талап қоюшы мен
жауапкер – сотта қаралуға жататын даулы құқық қатынасының немесе заңмен
қорғалатын мүдденің субъектілері.
Азаматтық іс жүргізуде тараптар ретінде қатысушы үшін азаматтық іс
жүргізу құқық қабілеттігі (АІЖК-нің 45 бабы) болуы тиіс, ал сотта өзінің іс
жүргізу құқықтарын жүзеге асыру үшін азаматтық іс жүргізу әрекет
қабілеттігі (АІЖК-нің 46 бабы) қажет.
Азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі – азаматтық іс жүргізу құқықтары
мен міндеттеріне ие болу қабілеттілігі, материалдық құқық субъектілері
болып табылатын барлық азаматтар мен ұйымдар үшін бірдей дәрежеде танылады.
Азаматтарға азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттері туғаннан беріліп,
өлгенде ғана тоқтатылады.
Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттігі – сотта құқықтарын өз іс-
әрекетімен жүзеге асыру және міндеттерін орындау, іс жүргізуді өкілге
тапсыру қабілеттігі. Заңды тұлғаның азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі
мен әрекет қабілеттігі мемлекеттік тіркеуден өткен кезде және оны
куәландыратын сәйкесті құжат болғанда басталады. Азаматтардың іс жүргізу
әрекет қабілеттілігі толық көлемде 18 жасқа толғаннан кейін ғана басталады.
16 жасқа толған ата-анасының рұқсатымен үйленген немесе шарт бойынша
кәсіпкерлік іс-әрекетпен айналасатын болса оны толық азаматтық іс жүргізу
әрекет қабілеті бар деп танимыз. 14-18 жасқа дейінгі кәмелетке
толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеті шектеулі деп танылған
азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін
сотта олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері қорғайды, алайда
сот мұндай істерге кәмелетке толмағандардың немесе әрекет қабілеті шектеулі
деп танылған азаматтардың өздерін тартуға міндетті. [23.162]
ҚР АІЖК 48-бабының 5 бөлігіне сәйкес: тараптар іс жүргізу құқықтарын
тең пайдаланады және бірдей іс жүргізу міндетін мойнына алады деген.
Тараптардың азаматтық іс жүргізу құқықтарын: жалпы және арнайы деп
бөліп қарастырса болады. Жалпы – бұл тараптардан басқа да іске қатысушы
тұлғаларға тән құқықтар: іс материалдарымен танысуға, олардан үзінділер
жазып алуға және көшірмелер түсіруге, қарсылықтарын мәлімдеуге, дәлелдеме
табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға және т.б. (ҚР АІЖК 47-бабы).
Арнайы - ҚР АІЖК 32, 49, 50, 156, 158 және т.б. баптарында көзделген.
Мысалы, талап қоюшы талаптың негіздемесін немесе нысанасын өзгертуге, талап
қою талабының мөлшерін ұлғайтуға не азайтуға немесе талап қоюдан бас
тартуға құқылы. Жауапкер талап қоюды толық не жартылай тануға, немесе
талаптан бас тартуға құқылы.
Тараптардың азаматтық іс жүргізу міндеттерін: жалпы және арнайы деп
бөліп қарастырса болады. Жалпы – тараптар өздеріне берілген барлық іс
жүргізу құқықтарын адал пайдалануға, сот отырысындағы тәртіпті сақтау,
сотта төрағалық етушінің қаулыларына бағынуға тиіс. Арнайы – ол азаматтық
іс жүргізудің сатыларына және нақты іс жүргізу әрекеттердің мінезіне
байланысты. Осылай, талап қоюшы сотқа өзі ұсынған талап арызында міндетті
түрде заңда көрсетілген мәліметтер бар болу керек (ҚР АІЖК 150-бабы); әр
тарап (талап қоюшы мен жауапкер) өзінің талаптарының және қарсылықтарының
негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс (ҚР АІЖК 65-
бабы).
жүргізуге тең қатысушылық - бұл бірден азаматтық процесте талап қоюшы
не жауапкер жағында немесе екі тараптар (талап қоюшы мен жауапкер) жағынан
бір-біріне мүдделері қайшы келмейтін бірнеше тұлғалар қатысуы.
ҚР АІЖК 50-бабында: "Талапты бірнеше талап қоюшы бірлесіп қоюы немесе
оның бірнеше жауапкерге қойылуы мүмкін. Талап қоюшылардың немесе
жауапкердің әрқайсысы екінші тарапқа қатысты процесте дербес болады.
Тараптар (талап қоюшы мен жауапкер) іс жүргізуді тиісінше тең талап
қоюшылардың немесе тең жауапкерлердің біреуіне тапсыра алады". [28.27]
Егер іске бірнеше талап қоюшының қатысуы болса, онда олар тең талап
қоюшылар деп аталады.
Егер іске бірнеше жауапкердің қатысуы болса, онда олар тең жауапкерлер
деп аталады.
Теория жүзінде бірігіп қатысушылықты екі мағынада қарастырады:
процессуалдық-құқықтық мағынада;
материалдық-құқықтық мағынада.
Процессуалдық-құқықтық мағынада ол 3 түрге бөлініп қаралуы мүмкін:
1-ші түрі – белсенді бірігіп қатысуы – сотта талап қоюшы ретінде
бірнеше тұлғаның қатысуы (екеу және одан көп қатысуы), мысалы 3 талап қоюшы
мен 1 жауапкердің қатысуы;
2-ші түрі – еңжар бірігіп қатысуы – сотта жауапкер жағынан бірнеше
тұлғаның қатысуы (екеу және одан көп қатысуы), мысалы 1 талап қоюшы мен 3
жауапкердің қатысуы;
3-ші түрі – аралас бірігіп қатысуы – бірден сотта талап қоюшы мен
жауапкер жағынан бірнеше тұлғаның қатысуы, мысалы 3 талап қоюшы мен 3
жауапкердің қатысуы.
Материалдық-құқықтық мағынада 2 түрде қарастырылуы мүмкін:
1-ші түрі – қажетті (міндетті) – заң бойынша іске барлық қатысушылардың
(талап қоюшы не жауапкер ретінде) қатысуын міндетті түрде тілейді, мысалы
ортақ мүлік бөлуде өз ұпайын белгілеу;
2-ші түрі – факультативті (міндетті емес) – бірігіп қатысуын міндетті
түрде тілемейді, яғни іс бойынша бірнеше талап қоюшылардың немесе бір ғана
талап қоюшының бірнеше жауапкерлерге жеке және бір-біріне байланыстырмай
қаралуын білдіреді. Бірнеше талап қоюшы талаптар қойған немесе талаптар
бірнеше жауапкерге қойылған кезде сот, егер талаптарды ажыратып қарауды
неғұрлым дұрыс деп тапса, бір немес бірнеше талапты жеке іс жүргізуге
бөлуге құқылы (АІЖК-нің 171 б. 2-ші бөлігі). Судья осы соттың іс
жүргізуінде дәл сол тараптар қатысатын біртектес, не бір талап қоюшының әр
түрлі жауапкерге немесе әр түрлі талап қоюшылардың бір жауапкерге қойған
талабы бойынша бірнеше іс бар екенін белгілеп, егер мұндай біріктіруді
дұрыс деп тапса, бұл істерді біріктіріп қарау үшін бір іске біріктіруге
құқылы (АІЖК-нің 171 б. 3-ші бөлігі).
Басқа тең қатысушылардың тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың біреуі
сотта өкіл бола алады (АІЖК-нің 59 б. 6-шы бөлігі).
Iс жүргізу құқық мирасқорлығы – бұл даулы не сот шешімімен анықталатын
құқықтық қатынасының іс жүргізуінен жақтардың біреуінің шығуына байланысты
істе тарап немесе үшінші тұлға болып танылатын тұлғаны ауыстыру.
Іс жүргізу құқық мирасқорлығы материалдық құқық бойынша келесі
жағдайларда болады:
Жалпы (универсалды) мирасқорлық (мұрагерлік, заңды тұлғаның қайта
ұйымдастырылуы);
Сингулярлы мирасқорлық, яғни жеке субъективтік құқық мирасқорлығы
(талапқа жол беру немесе басқа тұлғаның қарызын өзіне аудару).[11.152]
Материалдық құқық бойынша мирасқорлыққа жол берілмейтін жағдайда онда
іс жүргізу құқық мирасқорлығы да болмайды, мәселен талап ету құқық талап
қоюшы немесе жауапкер тұлғаларымен тығыз байланыста болса (неке бұзу,
алименттер өндіріп алу, жұмыс орнына қайта тұрғызу туралы талаптар
бойынша), сондай-ақ мирасқорлық заңға не шартқа қайшы болса (ҚР АК 190 б.).
Құқық мирасқорлығы процестің кез келген сатысында мүмкін болады. Құқық
мирасқордың процеске кіруі соттың ұйғарым шығарумен белгіленеді. Құқық
мирасқоры процеске кіру кезінде өзінің мирасқорлығын негіздеуге тиіс,
мысалы мұрагерлікте мұрагерлік құқы туралы куәлік, заңды тұлғаның қайта
ұйымдастырылуында сол туралы құжат, талапқа жол беру немесе борышты
ауыстыру туралы сәйкесті шарттар.
Құқық мирасқоры процеске кіргенге дейін жасалған барлық әрекеттер құқық
мирасқоры үшін бұл әрекеттер құқық мирасқоры ауыстырған тұлғаға қаншалықты
міндетті болса, сондай шамада міндетті.
Тиісті тараптар (талап қоюшы мен жауапкер) – нақты азаматтық іс бойынша
азаматтық іс жүргізудің нағызғы қатысушылары, яғни тарапты іс материалдары
бойынша даулы құқық қатынасының субъектісі болуы мүмкін деген болжау.
[23.164]
Тиісті емес тараптар (талап қоюшы мен жауапкер) – нақты азаматтық іс
бойынша азаматтық іс жүргізудің нағызғы қатысушысы емес, яғни даулы құқық
қатынасының субъектісі болуы мүмкін деген болжау іс материалдары бойынша
жоққа шығарылған тарап.
Тиісті емес тарап болып тиісті емес талап қоюшы немесе жауапкер танылуы
мүмкін. Тиісті емес тарап – азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі бар
тұлға. Ол тараптың барлық іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие болады,
яғни іс бойынша тарап болып танылады. Сондықтан сот тиісті емес талап
қоюшымен немесе тиісті емес жауапкерге талап қоюда талап арыз қабылдаудан
бас тартуға болмайды.
Тиісті емес жауапкер тиістімен мына жағдайда ауыстырылуы мүмкін:
сотпен - өз ықыласы бойынша (ҚР АІЖК 170 б. 3 б.)
талап қоюшының өтініші бойынша (ҚР АІЖК 51 б. 1 б.)
Барлық жағдайда диспозитивтік принципке сәйкес тиісті емес жауапкерді
тиістімен орын ауыстыруда талап қоюшының келісімі керек (ҚР АІЖК 51 б. 2
б.), ал тиісті емес жауапкердің тиістімен орын ауыстыруда келісімнің қажеті
жоқ. Сот істі дайындау үстінде немесе бірінші сатыдағы сотта оны қарау
кезінде талап бойынша жауап беруге тиісті емес адамға талап қойылып
отырғанын анықтаса, істі тоқтатпай талап қоюшының өтініші бойынша тиісті
емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстыра алады.
Тиісті емес жауапкерді ауыстырғаннан кейін істі дайындау және қарау
басынан бастап жүргізіледі. Егер талап қоюшы тиісті емес жауапкерді басқа
тұлғамен ауыстыруға келіспесе, сот істі ұсынылған талап қою бойынша
қарайды. Бұған қоса азаматтық процесте керісінше болу мүмкін, яғни тиісті
емес талап қоюшы. Себебі жоғарыда тиісті емес тараптар деп атаған едік, ал
тараптар ретінде біз талап қоюшы мен жауапкерді танимыз, сондықтан бұнда
тиісті емес талап қоюшы туралы айтқан орынды. [43.51]
Іске қатысқан тұлғалар ішінде үшінші тұлғалар ең түсініксіз тұлғалар.
Үшінші тұлғалар - өздерінің субъективті құқықтары мен мүдделерін қорғау
үшін басталып кеткен азаматтық процеске қатысатын және тараптардың (талап
қоюшы мен жауапкердің) құқықтары мен мүдделерімен сәйкес келмейтін
тұлғалар. Үшінші тұлғалардың азаматтық процеске қатысудың негізгі себебі –
олардың қаралып жатқан азаматтық істе өздерінің жеке мүдделері бар. Іс
бойынша сот шешімі олардың материалдық құқықтары мен міндеттеріне әсер етуі
мүмкін. Бұған қоса үшінші тұлғалар институты нақты бір іс бойынша бірнеше
әртүрлі талаптарды біріктіруге мүмкіндік етеді, істің бүкіл мән-жайларын
сотпен толық зерттеуді қамтамасыз етеді және негізсіз сот шешімдерін
шығарудан сақтайды деуге болады. [45.141]
Үшінші тұлғалардың іс бойынша мүдделерінің деңгейі әр түрлі болуы
мүмкін, сондықтан олардың 2 (екі) түрі болады:
1-мәлімдейтін;
2-мәлімдемейтін.
1) Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар –
бұл талап қоюшы мен жауапкер арасында басталып кеткен процеске даудың
нысанасына өздерінің дербес құқықтарын қорғау үшін қатысатын тұлғалар. Бұл
тұлғалардың қатысу себебі, олар құқық жөнінде дау талап қоюшы мен
жауапкерге емес өзіне берілген деп ойлайды. Олар жалпы тәртіп бойынша (ҚР
АІЖК 14 тарауы) бірінші сатыдағы сот шешімін шығарғанша талап қою арқылы
қатыса алады (мысалы: Екі жас некеге тұрған соң олар 120000 мың теңге
тұратын жеке пәтер алмақшы болады, ал пәтерді сатып алу үшін 80000 мың
теңге ақша соманы ер жігіт өзінің туған анасынан алады, ал 40000 мың теңге
ақшаны үйленер алдында өзі жұмыс істеп тапқанынан қосады. Бір жыл бірге сол
пәтерде тұрған соң жастар некелерін сот арқылы қияды, себебі ортақ мүлік
бөлуде араларында дау болған. Сотта іс қарағанда ер жігіттің туған анасы
өзінің дербес талабын қоюы мүмкін, яғни ол осы іс бойынша дербес талаптарын
мәлімдейтін үшінші тұлға болып танылады). Бұл үшінші тұлғалар өз талаптарын
тараптың біреуіне не екеуіне бірден қоюы мүмкін.
Іс бойынша үшінші тұлғаларды қатыстыру мәселесі, соттың сәйкесті
ұйғарым шығаруымен белгіленеді.
Осы үшінші тұлғаның талап қоюшыдан бір ғана айырмашылығы бар – бұл
процеске кіру кезеңі.
Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар
сипаттамасы:
процеске талап қою арқылы қатысады, талап қоюшының барлық құқықтарын
пайдаланады және оның барлық міндеттерін атқарады;
үшінші тұлғалардың талап қою пәні талап қоюшының талап қою пәнімен
толық көлемде немесе жарым-жартылай толық сәйкес келу керек, сондықтан
талап қоюшының талабын қанағаттандырса әлбетте, үшінші тұлғаның талап
арызын қабылдаудан бас тартады (толық немесе жарым-жартылай). Іске қатыса
алмаған дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар жеке талап қоюға хақы
бар. [32.51]
Іске қатысу ықылас көбінесе үшінші тұлғалардың өздерінен болады.
2) Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар –
бұл бірінші сатыдағы қаралатын іс бойынша қабылданатын шешім тараптардың
біреуіне қатысы өздерінің құқықтары мен міндеттеріне әсер етуі мүмкін
болғанда, талап қоюшы не жауапкер жағында іске қатысатын тұлғалар (ҚР АІЖК
53 б.).
Олардың сипаттамасы:
▪ Егер іс тараптардың біреуіне қатысы өздерінің құқықтарына немесе
міндеттеріне әсер етуі мүмкін болса, іс бойынша бірінші сатыдағы соттың
шешімі шыққанға дейін талап қоюшы немесе жауапкер жағында іске кірісе
алады;
▪ Олар сондай-ақ тараптардың және іске қатысушы басқа адамдардың
өтінімімен немесе соттың бастамасымен іске қатысуға тартылуы мүмкін;
▪ Дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар тараптардың талап
қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгерту, талап қою талабының мөлшерін
ұлғайту немесе азайту, сондай-ақ талап қоюдан бас тарту, талап қоюды
мойындау не бітімгершілік келісімін жасау, қарсы талап қою, соттың
шешімін мәжбүрлеп орындатуды талап ету құқықтарынан басқа іс жүргізу
құқықтарын пайдаланады және іс жүргізу міндетін мойнына алады (қр аіжк 47
б.).
Даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлғалар іске
келесі жағдайларда кірісе алады:
өз бастамасы бойынша;
тараптардың өтініші бойынша;
іске қатысушы басқа тұлғалардың (прокурордың, мемлекеттік және өзін-өзі
басқару органдардың) өтініші бойынша;
соттың бастамасы бойынша.
Бұлар іске соттың бірінші сатысындағы шешімі қабылданғанға дейін кірісе
алады және ол соттың ұйғарымымен белгіленеді.
Даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлғалардың
азаматтық процеске қатысу жөнінде мысал келтірейк. Мысалы: Қыста жолдың
тайғақтығынан екі автокөлік жүргізуші, біреуі – қала автопаркінің автобус
жүргізушісі, ал екіншісі – жеке меншік автокөлік жүргізушісі, аварияға
ұшырайды. Егер автопарк автобусының жүргізушісі кінәлі болса, онда жеке
меншік автокөлік жүргізуші сотқа талап арыз беру арқылы (талап қоюшы
ретінде) келтірілген материалдық зиянды автобус жүргізушіден емес ол жұмыс
істеп жүрген автопарк әкімшілігінен (жауапкер ретінде) өндіріп алады. Сонда
кейіннен материалдық зиян өтеу үшін төленген ақша сомасын автопарк
әкімшілігі өз қызметкерінің жалақысынан ұстап қалып отырады, яғни сонымен
даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлға болып
автобус жүргізушісі танылады. [41.235]

2.2. Азаматтық іс жүргізу құқығындағы талап түсінігі

Азаматтардың және ұйымдардың субъективтік құқықтары мен заң мен
қорғалатын мүдделерінің сотпен қорғалуы, сотқа жолдану арқылы жүзеге
асырылады. Сотқа жолдану кезінде тұлға талап арыз береді. Осының өзінде
талап өндірісі туындайды.
Талап өндірісі – азаматтық, отбасылық, еңбек, шаруашылық және басқа да
құқықтық қатынастардан туындайтын субъективтік құқықтар және заңмен
қорғалатын құқықтарға мүдделерге байланысты дауларды шешуге және қарауға
бағытталған азаматтық іс жүргізу құқының нормаларымен реттелген соттың
қызметі. Сот арқылы қорғалудың осы түрі қазіргі кезде кең таралған және өте
тиімді болып табылады. Жоғарыда аталып кеткен құқықтық қатынастың
барлығында субъектілер бір – біріне байланысты бірдей жағдайда болады, ал
сотта оларға дауласудың заңды теңділігі беріледі. Талап өндірісіндегі
дауласу құқығын қорғаудың процессуалдық әдісі талап болып табылады. Талап
өндірісі - азаматтық сот өндірісінің негізгі түрі, оның нормалары сот
өндірісінің және талаптық емес өндірісінің іс нормаларынан тұрады .
Қазақстан Республикасының АІЖК – нің 3 бөлімі 2 – бабының 3- тармағы
бойынша азаматтық сот сот өндірісінің заңдары азаматтық, отбасылық, еңбек,
тұрғын үй, әкімшілік, қаржылық, шаруашылық, жер, жерге байланысты құқықтық
қатынастардың және табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны
қорғауға байланысты құқықтық қатынастардан туындайтын дауласу істерін
қараудың тәртібін белгілейді. [25.261]
Соттың азаматтық, отбасылық, еңбек және шаруашылық істерге байланысты
заң мен берілген құзіреттері әр – түрлі болуына қарамастан олардың
барлығына бірдей белгілерінің (субъектінің теңділігі құқыққа байланысты
даудың болуы) белгілерінің болуы. Азаматтық, отбасылық, еңбек және
шаруашылық істерге байланысты сот өндірісінің жалпы тәртібін белгілеуге
жағдай жасайды.
Азаматтық сот өндірісінің бірнеше түрлерге бөлінуі (талап өндірісі,
ерекше өндіріс, ерекше талап өндірісі, әкімшілік қатынастардан туындайтын
өндіріс) олардың материалдық, материалдық құқықтық табиғатына байланысты
болып табылады. Азаматтық сот өндірісінің теориялық жағдайы ескеріле
отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық істер жүргізу Кодекснің 2 –
бөлімі құрылды – “бірінші инстанция сотындағы іс өндірісі” соттың даудың
туындауына субъективтік құқықтардың бар немесе жоқ екендігін тексеруінде
талап өндірісінің мағынасы көрінеді.
Талап өндірісінде сот дауды шешеді және бұзылған немесе даулы құқықтың
қорғалуын жүзеге асырады. Дауды талап арқылы екі жақтың осы дауды дұрыс
шешуіне жағдай жасау. Талап құқықты қорғаудың процессуалдық әдісі ретінде
тараптарға өз ойларының дұрыстығын дәлелдеуіне жағдай жасайды: талапкерге –
өзінің материалдық құқықтық талаптарының негізділігін көрсету ал жауапкерге
– талапкердің талабын жоққа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Талап түсінігі және мағынасы туралы
Мойындату талаптары
Талап түсінігі және мағынасы
Азаматтық іс жүргізу құқығы түсінігі
Азаматтық істерді сырттай іс жүргізу тәртібімен қараудың сот тәжірибесіне шолу
Талап қою арқылы іс жүргізу
Азаматтық процесстегі катысушылардың арасындағы тараптардың орны
Сотта азаматтық істің қозғалуы
Талап ұғымы және түсінігі
Өндірісі және талап
Пәндер