АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҰҒЫМЫ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҰҒЫМЫ
1.1 Азаматтық құқықтың пәні
1.2 Азаматтық құқықтың әдісі
1.3. Азаматтық құқықтың принциптері

2 АЗАМАТТЫҚ ЗАҢНАМАНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ
2.1 Азаматтық құқықтың дерекнамалары
2.2 Азаматтық заңнама туралы негізігі түсініктер
2.3. Азаматтық құқықтың әрекет қабілеттілігі мен құқық қабілеттілігі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе
Азаматтық құқық атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оны римдік
заңгерлер Рим азаматтарының құқығы – цивильді құқық деп атаған. Тарихтан
белгілі римдіктердің құқығы осы атаумен белгіленді. (квиритеттер құқығы)
Римдік jus civile көне римдегі азаматтардың мемлекеттік қоғамдық және жеке
өзіндік қатынастарын реттеді және қазіргі азаматтық құқықтарға қарағанда
ұғымы әлде қайда кең болды. Қазіргі кезде азаматтық құқықтың римдік атауы
сақталғанмен оның мазмұны барынша өзгерді. Дегенмен соған қарамастан
civil атауы еуропалық құқықтануға еніп қана қоймай, заң терминалогиясына
кірді. Сондықтан да азаматтық құқықты цивилистік деп атайды, ал бірі
саладағы мамандарды – цивилист деп атайды. Римде құқықты жария және жеке
деп екі салаға бөлген. Жария және жеке құқықтардың классиканың аратигін
Ульпиан былайша ашып көрсетеді: Жария құқық дегеніміз Рим мемлекетінің
құқықтық мәртебесіне қатысты, ал жеке құқық болса жекелеген, адамның
мүдделеріне сай келеді. Қазақстан Республикасының қазіргі құқық жүйесі
жария және жеке құқық деп білінбейді. Біздің ұлттық азаматтық құқық тек
өзіне ғана тән және белгілі бір ерекшеліктері бар институттардың ұғымы.
Сонымен қатар азаматтық құқықтың әр түрлі жүйелерінің арасында
белгілі бір дәрежеде ұқсастықтар бар. Сондықтан азаматтық құқықтың
жүйелерде болып жатқан процесстер Қазақстан Республикасының азаматтық құқық
іліміне әсерін тигізіп отыр. Бұл орайда, біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық
экономика мен жаңа демократиямен көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер
осы тәрізді жолды басынан кешіп те, үлгірген уақытта құру үстіндеміз.
Ендеше осы бағытта әр түрлі өркениеттің ең соңғы жетістіктерін пайдаланудың
маңызы зор.

1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҰҒЫМЫ
1.1 Азаматтық құқықтың пәні
Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының тыныс –
тіршілікпен, сондай – ақ азаматтың заңды тұлғалармен мемлекеттің өзімен,
оның әкімшілік аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты. Азаматтық құқықты
зерттемес бұрыс азаматтық құқық пәнін анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні
не екенін белгілеп алуға тиістіміз.
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының пәнін тауар – ақша
қатынастары, және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік
қатынастар, сондай – ақ мүліктік емес жеке қатынастар құрайды. (Қазақстан
Республикасының АК-ң 1-бап, 1-тармақ) Сонымен қатар мүліктік қатынастарға
байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі.
Өйткені олар басқа да заң құжаттарына өзгеше көзделмеген не мүліктік емес
жеке қатынастар мәнінен туындамайды. (АК-ң 1-бап, 1-тармақ)
Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар негізінен мүліктік
қатынастар болып табылады. Материалдық игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен,
қызмет көрсетумен, ақшамен, құнды қағаздармен басқада мүліктермен)
байланысы бар қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мұндай
қатынастар иелену немесе мүліктің тиістілігіне қарай (заттық қатынас)
мүліктің бір адамнан екіншісіне ауысуы өтуі (міндеттеменің қатынастар)
меншік иесінің қайтыс болуына байланысты заттың тағдырын шешу (мұрагерлік
қатынас) тәрізді қатынастар тұрғысынан көрінсе, онда олар азаматтық заңмен
реттеледі. Бір сөзбен айтқанда мүліктік қатынас дегеніміз – мүліктерді
сатып алу, иелену басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас
болып табылады. Дегенмен бұдан азаматтық құқық мүліктік қатынастардың бәрін
бірдей реттей береді деген ұғым тумауы тиіс. Өйткені олардың өзі әр түрлі
сипатта кездеседі. Сайып келгенде мүліктік (имущественность) дегеніміз
заңды белгі болып табылмайды, ол тек экономикалық түсінік. Сондықтан да
азаматтық құқық пәнінің мазмұнын оны біріктіретін әрі мән – мағынасын
ашатын тұсын бөліп қарауды қажет етеді. Қоғамдық қатынастарда бір – бірінен
ажырататын мүліктік қатынастардың мұндай белгілері, атап айтқанда белгілі
бір экономикалық құндылыққа ие болуымен байланысты материалдық объектілер
жайында адамдардың арасындағы қатынастар болғандықтан оның ерік сипатында
болғандығы нарықта дербес тауар иеленуші ретінде қимылдауы, қатысушылардың
өзара келісім және жар жасауы жатады.
Мүліктік құндылық қатынастарға ең алдымен қатысушылардың құн заңына
сүйенетін мүлік қатынастарының теңдігіне негізделген тауар – ақша
қатынастары және өзге де қатынастар жатады десек, нарықты экономика
жағдайында тауар – ақша қатынасы азаматтық құқықты реттеудің негізгі
өзегіне айналады. Мүліктік қатынас адамдар арасындағы қатынас болғандықтан
ол мүліктік емес қатынастармен біте қайнасып, ұштасып жатады.
Қазақстан Республикасы азаматтық заңдары мүліктік емес қатынастардың
екі түрін атап айтқанда мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке
қатынастар (АК-ң 1-бап, 1-тармақ) және мүліктік қатынастарға байланысы жоқ
мүліктік емес жеке қатынастарды (АК-ң 1-бап, 2-тармақ) реттейді. Мүліктік
емес жеке қатынастар Қазақстан Республикасының Конституциясымен реттеледі.
Конституцияның екінші тарауы адам мен азаматтың ажырамайтын құқықтарына
арналған. Сонымен бірге азаматтық құқықтың реттеу пәніне мүліктік
қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастарының мейлінше кең
ауқымы енеді. Қорыта айтқанда азаматтық реттеудің пәні міне осындай. Енді
әдістеме жөніндегі мәселеге тоқталайық.

1.2 Азаматтық құқықтың әдісі
Құқықтың әрбір негізгі саласының өзіне тән құқық реттеу әдістемесі
болады. Ал оның жеке қырлары субъектілердің құқық мәртебесіне (статусына)
құқық қатынастарын қалыптастыру негізінде, олардың мазмұнын айқындау
әдістерінде және заң санкцияларында топтастырыла көрсетілген.
Мүлік және мүліктік емес қатынастардың азаматтық құқық реттеу
әдістемесі бір – қатар өзіндік белгілерге ие:
а) Азаматтық құқық қатынастарға қатынасушылардың жалпы құқық жағдайы
олардың тауар – ақша немесе басқа да қатынастарына негізделген заңды
түрдегі теңдігімен сипатталады. (АК-ң 1-2-бап, 1-тармақ)
К. Маркс капиталды былай деп жазған болатын: Бұл заттар бір-біріне
тауар ретінде қатысу үшін тауар иелері бір – біріне адам ретінде бұл
заттарды еркімен бейлейтін адам ретінде, қатысуы тиіс. Сонымен бір тауар
иесі тек екіншісінің еркі бойынша, демек олардың әрқайсысы екеуіне ортақ
ерікті ат арқылы, өз тауарын басқаға бере отырып, өзге тауарды өзі
иемденеді. Демек, олар бірін – бірі жекеменшікті деп білуге тиіс. Азаматтық
құқық қатынастарға қатысушылардың заң жүзіндегі, теңдігіне келсе, олардың
азаматтық құқық айналымда тең құқықты, тәуелсіз субъектілер екенін көреміз,
әрі оның әрқайсысы, оқшаулыққа ие болады. Сондай-ақ бір-бірімен қарым-
қатынаста тең дәрежеде әрекет етеді. Бұл азаматтық құқық субъектілерінің
бірде бір азаматтық құқық қатынасында екінші жаққа бір жақты міндет
жүктеуіне болмайды деген сөз. Сонымен қатар құқықтық қатынастағы жақтардың
араларында дау туған жағдайда, екінші жақ үшін міндеті болып табылатын
шешім қабылдай алмайды.
ә) Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің азаматтарының құқықтарына
өз еркімен және өз мүддесін көздей отырып ие болады немесе оларды жүзеге
асырады. Олар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерінің
анықтауда немесе шарттың заңдарға қайшы келмейтін кез-келген жағдайларын
белгілеуде ерікті. (АК-ң 2-бап, 2-тармақ) Демек, азаматтық құқық
қатынастардың қатысушыларына өзінің қалауынша және мүддесіне сай келетін
жағдай таңдауына мол мүмкіндік жасалады.
б) Тараптар азаматтық құқық қатынастарда тең дәрежеде қорғану
құқығына ие және қорғанудың белгілі бір мүмкіндігін тандауға ерікті (теңдік
және тұлғалардың өз құқықтарын толық пайдалану мүмкіндігі) Азаматтық
құқықты қорғау сотпен (төрелік сотпен немесе аралық сотпен) жүзеге асады,
бұл арада азаматтық құқық кодекстің 9-бабына сәйкес қорғанудың азаматтық
істерді жүргізу заңдарының ерекше ережелерін сақтай отырып ашық әдістері
қолданады. Егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, бұзылған құқықты қорғау
үшін үкімет билігі немесе басқару органдарына өтініш жасау, құқық қорғау
туралы талап арызбен сотқа шағымдануға кедергі жасамайды. Былайша айтқанда,
сот бұзылған немесе дауға түскен құқықтарды қорғауға тиіс. Егер қандай да
бір құқық әкімшілік жолымен қорғалса, онда ол тікелей заңға сүйену керек.
Мұндай жағдайда құқыққа байланысты дау сотқа бірден жіберілмей, алдымен
әкімшіліктің шешуін күтеді. Әкімшілік шешім қабылдағаннан кейін ғана оны
сотқа беруге болады. Азаматтық кодекстің 9-бабының 1-тармағында,
мемлекеттік, басқару органның немесе жергілікті өкілді атқарушы органның
заңдарға сәйкес келмейтін құжатын жарамсыз немесе орындауға жатпайды деп
тану туралы азаматтық құқықтардың қорғаудың жаңа тәсілі енгізілген.
Азаматтық кодекс қабылданғанға дейін көптеген құқық қолданушы органдар
заңға сүйеніп жасалған құжаттардың сол заңға сәйкес келмегенімен іс –
жүзінде, оның қолданылып келгеніне әрі мұндай заңсыз құжаттарды ешкімнің де
теріске шығармағанына талай мәрте көз жеткізген болатын, осындай
келеңсіздік көп қиындық келтірді.
в) Азаматтық құқық жауапкершілік өзіндік сипатымен атап айтқанда,
мүліктік және өтем түрінде айқындалады. Сондай – ақ оған келтірілген
залалды толықтай өтеу талабы да жатады. Заң құжаттарында өзгеше көзделмеген
жағдайда, бұл заң бұзушының кінәсінің қандай екендігіне де байланысты
болады.
Осы айтылғандарға сүйене отырып, мынадай тұжырым жасауға болады:
азаматтық құқық құқықтың бір саласы, ол тауар – ақша қатынастарды және
қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай –
ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарын
реттейтін нормалардың жиынтығы болып табылады.

1.3. Азаматтық құқықтың принциптері
Принцип (қағидат) термині латынның сөзі – бастау, негіз дегенді
білдіреді. Азаматтық принциптер ол нормативтік сипаты бар қоғамдық
қатынастарды азаматтық құқық реттеу бастамасын басшылыққа алатын негіз. Ол
Қазақстан Республикасы азаматтық заңының мейлінше маңызды тұстарын
көрсетеді. Демек азаматтық заңды түсіну мен оны қолдану азаматтық құқықтың
тек жалпы принциптері арқылы мүмкін болады.
Принциптер азаматтық құқық жүйесінде әрқашанда бастапқы норма болып
саналады. Сондықтан да басқа нормалар онымен жанама түрде көрініп, жалпы
сипат алады. Демек принциптер өзгелерден басым түседі. Принциптер азаматтық
құқық нормалардың барлық жүйесін қамтып, басшылыққа алады. Азаматтық
кодекстің 2 – бабындағы азаматтық заңдардың жалпы негіздері мен мәнісі беки
түсуіне байланысты, енді принциптер нормативтік мәнге ие болды және оны
қолдану міндеттілікке айналды. Бұрын сонды азаматтық принциптер заң
нормаларында арнайы термин немесе тиянақты тұжырымдама ретінде бекітілмеген
еді, тек азаматтық заңдардың жалпы негіздерімен мәнісіне байланысты деген
жалпылама тұжырымдамамен шектелетін (Қазақ КСР АК-ң 4-бабы)
Азаматтық құқықтың мынадай принциптері бар:
1) Азаматтық құқықтың қатынастарға қатысушылардың теңдігі;
2) Меншікке және басқа заттың құқығына қол сұқпаушылық принципі;
3) Шарт еркіндігі;
4) Жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге
болмайтындығы;
5) Азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру;
6) Нұсқан келтірілген құқықтың қалпына келтірілуін қамтамасыз ету;
7) Азаматтық құқықты сот арқылы қорғау;
Міне осы принциптердің бәрі де азаматтық кодекстің азаматтық
заңдардың негізгі бастаулары, деп аталатын 2-бабында бекітілген. Яғни сол
арқылы мемлекетпен қоғамның азаматтық заңдарын алдына қойған мақсаты мен
міндетін орындаудағы азаматтық заңының демократиялық және ізгілікті
қасиеттері көрініс береді. Енді осы көрсетілген принциптерді талдасақ
деймін:

1) Азаматтық құқықтың қатынастарға қатысушылардың теңдігі; Азаматтық
құқығының басты қағидаттарының бірі олардың қатысушылардың теңдігіне
байланысты келеді. Азаматтық қатынастарға қатысушылардың теңдік принципі
қоғамның қатынастарды азматтық құқық реттеу әдістемесінің өзімен
айқындалады. Яғни бұдан азаматтық құқық қатынастарда тараптардың жағдайы
тәуелсіз, тең дәрежеде болатындығын көреміз. Демек азаматтық қатынасқа
қатысушыларының бірі екіншісіне тіптен бағынышты емес. Ал тәуелділігі оның
мінез – құлқына, екіншісінің ерік – жігеріне қатысты болмауы керек.
Азаматтық заңмен реттелетін мүлік және мүліктік емес қатынастар жүйесінде
субъектілер теңдігі төмендегідей жәйттерді білдіреді:
1) Мемлекет немесе оның әкімшілік аумақтық бөлінісі азаматтық құқық
қатынастарға жалпы негізде, өзге қатысушылар мен тең құқықта қатысады. Бір
айта кететін жәйт азаматтық құқық қатынастағы мемлекеттің жауапкершілік
ерекшелігі заңда көрсетілмеген. (АК-тің 111-114-баптары)
2) Заңды тұлғалардың құқылық мәртебесі жеке тұлғалардың мәртебесіне
бір табан жақын келеді. Мысалы қазіргі кезде азаматтар ғана емес заңды
тұлғалар да шартпен өздерінің құқықтары мен міндеттерін белгілей алады.
Сондай – ақ заңға қайшы келмейтінде шарт талаптарының кез – келгенін
таңдауға ерікті. Заңды тұлға және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті
жүзеге асыратын азаматтар еңбек шартын, оның ішінде келісім шартты жасауға
хақысы бар.
3) Егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, шетелдік жеке және заңды
тұлғалар, сондай – ақ азаматтарға жоқ адамдар азаматтық заңдарда Қазақстан
Республиканың азаматтары мен заңды тұлғалары үшін қандай құқықтар мен
міндеттер көзделсе, нақ сондай құқықтарға ие болуға қақылы және сондай
міндеттерді орындауға міндетті. (АК-ң 3-бап, 7-тармақ)
Қазақстан Республиканың Конституцияның 6-бабында меншік иелерінің
құқығын қорғауға байланысты теңдік принципі тұжырымдалған. Мұның өзі оларға
қатысты құқтардың бұзылуына қарсы қорғану құрамын субъектілер бірдей
қолданады дегенді білдіреді.
2) Меншікке және басқа заттың құқығына қол сұқпаушылық принципі.
Меншікті құрметтеп, оған ешкім қол сұқпайтын елде ғана азаматтар жайбарақат
өмір сүре алады. Сондықтан да әрбір қоғамда меншік ерекше мәртебеге ие
болып, оны қасиетті әрі қол сұғылмайтын нәрсе деп бағалайды. Адамның
белгілі бір затты иелену оны тұтынып, белгілі бір мақсатына яғни керегіне
жарату үшін керек. Сондықтан ол бұл орайда қызмет ету құралын бәрінен де
жоғары қояды.
Мемлекет пен құқық, оның ішінде азаматтық құқық азаматқа мұндай
жағдайды қамтамасыз етеді. Қашан да меншік құқығы азаматтық құқықтың
орталық институты болып есептелген және меншік иесінің құқығын қорғауды
барынша талап еткен. Міне сондықтан да азаматтық құқық меншіктің қол
сұқпаушылық қағидасына негізделеді.
Меншікке қол сұқпаушылық азаматтық кодекстің басқа нормаларында да
өзіндік көрініс тапқан. Ал оны нақтылайтын тұжырымдама Конституцияның 26-
бабының 3-тармағында бекітілген. Яғни онда былай делінген: Соттың
шешімінсіз ешкімді де өз мүлікінен айыруға болмайды. Заңмен көзделген
ерекше жағдайда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен бағамен өтелген кезде
жүргізілуі мүмкін Конституцияның бұл қағидалары азаматтық кодексте
реквизициялау күтімсіз ұсталған мәдени және тарихи қазыналарды сатып алу
және т.б. қатынастарда қолданылады (АК-ң 253,254,256-баптары)
Қазіргі кезде заңда меншік құқығымен қатар меншік иесі болып
табылмайтын адамдардың заттық құқықтары да қаралған, оларға да қол
сұқпаушылық принципі қолданылады.
Айталық:
а) Жерді пайдалану құқығы;
ә) Шаруашылық жүргізу құқығы;
б) Оралымды басқару құқығы;
в) Өзге де заттық құқықтар; (АК-ң 194-195-бап)
Кей жағдайда меншік құқығы шектеулі болуы да мүмкін. Мысалы Жер
туралы заңнын 48-бабында жер қатынастары субъектілерінің өздеріне тиесілі
құқықтарды жүзеге асыруы табиғи объект ретінде жерге айналадағы табиғи
ортаға сондай – ақ басқа адамдардың құқықтарымен заңды мүделеріне зиян
келтірмеуі жөнінде айтылған. Бірақ та заң арқылы белгілі бір дәрежеде
шектеу қойыла тұрғанмен азаматтық заңдағы меншік құқығының алар орны
ерекше, ал меншік иесі нарықтың баста тұлғасы болып табылады. Бұл бұрын
соңды болмаған меншік құқығын қорғаудың жаңа тәсілдерінің өмірге келуімен
байланысты болып отыр. Мысалы: оған қозғамайтын мүлікті мемлекеттік арнайы
тіркеуге еңгізу жатады. (АК-ң 118-бап) сондай – ақ қозғалатын мүліктің,
мәселен бағалы қағаздардың меншік құқығы сенімді де жедел ұштастарудың жаңа
тәсілдері жасалды (АК-ң 129-140-баптары).
3) Шарт еркіндігі принципі: Заң шығарушы меншікті емін-еркін
пайдалану үшін заңды негіз жасайды, сол арқылы азаматтық субъектілердің
өздеріне контрагентті таңдауына, шарт талаптарын мүлдем дербес айқындауға
әрі оны тағайындауға мүмкіндік береді. Бұл принцип нарықтың дамуына және
бәсекеге қажетті алғышарттарды жасайды. Міне сондықтан да ол кәсіпкерлік
қызмет үшін ерекше маңызға ие. Сонымен (АК-ң 10-бабының, 6-тармағында) әр
бір тұтынушының тауар сатып алу, жұмыс қызметі пайдалану үшін еркін шарт
жасауға мүмкіндігі бар. Шарт дегеніміз – шаруашылық қызметінің негізгі
құралы . азаматтарымен заңды тұлғалар шарт негізінде өздерінің құқықтарымен
міндеттерін өз еріктерімен, өз мүдделеріне сүйене отырып тағайындалады,
сонымен бірге заң құжаттарына қайшы келмейтін жағдайда олардың кез келген
шарт жасауына мүмкіндігі бар. Азаматтық кодекс шарт жасауға мәжбүр етуге
тыйым салады, дегенмен бұл орайда оған кейбір жағдайда жол берілетіндігін
жоққа шығаруға болмайды. Мысалы: заң құжаттарында немесе өз еркімен
қабылдаған міндеттемеде шарт жасасу міндеті көзделген жағдайларды
қоспағанда, шарт жасауға мәжбүр етуге жол берілмейді. (АК-ң 680-бабы)
Бұл принципті қолдануда мемлекеттің тағайындауымен белгілі бір
дәрежеде шектеу қойылуы мүмкін. Мысалы: оған валюталық шектеуді жатқызуға
болады. Айталық Қазақстан Республиканың Ұлттық банкісінің валютаға деген
резиденттердің экспорттық операциялары төлемдерін және экспорттық валюта
түсімін міндетті сату ретін шектеуді тағайындауға құқығы бар. (Қазақстан
Республикасының валюталық реттеу туралы заңының 3-бап, 2-тармақ)
Шарт еркіндігін шектеуді тек мемлекет қана емес, сонымен бірге
азаматтық айналым де жүзеге асырады. Мысалы: азаматтық кодекстің 11-бабына
сәйкес заңды бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, негізсіз артықшылықтар
алуға, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасауға
бағытталған монополистік және қандай да болса да басқа қызметке жол
берілмейді.
4) Жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен жол беруге болмайтын
принципі. Бұл принцип Азаматтық кодекстің 2-бап, 1-тармағында тұжырымдалған
және де ол жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге
болмайтындығын қарастырады. Азаматтық құқықтың бұл нормасы Конституцияның
18-бабында бекітілген: Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және
отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мне абыройлы атының қорғалуына құқығы
бар деген талапты алға тартты.
Жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол бермеу билік
және басқару органының, ата-аналарының қызмет орны жетекшілерінің және
басқа адамдарының әрекет қабілеті бар азаматтар мен заңды тұлғаларды
мүлкіне қожалық етуіне, пайдасын бөлісіп, кірісін пайдалануына тыйым
салады. Егер заңда көзделмесе, әлде-біреудің рұқсаты, келісім беруі,
ақпарат ұсынуы талап етілмейді. Жеке отбасылық, комерциялық құпиялары бар
мәліметтерді беруді талап етуге тыйым салынады.
5) Азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру принципі. Азаматтық
кодекстің бұл принципі Конституциялық ережеде де жазылған: Әркімнің
кәсіпкерлік қызмет еркіндігінде, өз мүлкін кез – келген заңды кәсіпкерлік
қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар (Конституцияның 26-бап, 4-тармақ)
Азаматтық құқықты жүзеге асырудың өзі осы принципке байланысты. Азаматтық
кодекстің 8-бабына сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген
азаматтық құқықтарды, оның ішінде өздерін қорғау құқығын өз қалауынша
пайдаланылады. Бір айта кететін жайт, олардың өздеріне берілген құқықтарды
жүзеге асырудан бас тартқан жалпы ережеге орай бұл құқықтың тоқталуына әкеп
соқтырмайды. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген құқықтарды
жүзеге асырған кезде адал, парасатты және әділ әрекет жасап, заңдардағы
талаптарды, қоғамның адамгершілік қағидаларын ал кәсіпкерлер бұған қоса
іскерлік, әдептілік ережелерін сақтауға тиіс.
Бұл міндетті шарт арқылы алып тастауға немесе шектеуге болмайды.
Азаматтық құқық қатынасына қатысушылардың адал , парасатты және әділ әрекет
жасауы көзделеді ( АҚ-ң 8-бап, 4-тармақ ) Азаматтық құқық конституциялық
құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын
халық денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті. Шамада ғана және
заңмен шектелуі мүмкін. (Конституцяның 39-бап, 1-тармақ) Азаматтық
құқықтарды жүзеге асыру басқа құқық субъектілерінің құқығына және заңдармен
қорғалатын мүдделерін бұзбауға , айналадағы ортаға зиян келтірмеуге тиіс.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың басқа тарапқа зиян келтіруге құқықты
басқа түрлерде қиянат жасап пайдалануға, сондай – ақ құқықты оның мақсатына
қайшы келетіндей етіп жүзеге асыруға бағытталған әректтеріне жол
берілмейді. (АК-тің 8-бап, 3-4-тармақ) Осы талаптарды орындамаған жағдайда
сот ол адамның тиісті құқығын қорғаудан бас тарта алады.
Сонымен қатар тауарлар мен қызметтердің еркін қорғанысы жөніндегі
ережеде маңызды. Тауарлар, қызметтер және ақша Қазақстан Республикасының
барлық аумағында еркін қозғалыста болады..Қазақстан Республикасындағы не
заң шығарушының, не атқару билігінің тауарлар мен қызметтердің қорғанысын
шектеуге қақылары жоқ. Еркін қорғанысқа тек заңмен ғана тыйым салуға
болады.
6) Нұсқан келтірілген құқықтың қалпына келтіруін қамтамасыз ету
принципі. Азаматтық құқықтар мен міндеттердің көбісі мүліктік қатынастармен
байланысты. Демек олар белгілі бір дәрежеде материалдық мазмұнынға ие.
Азаматтық заңға бұл принципті енгізу азаматтық құқықтың өзекті
мәселелерінің бірі – құқық бұзылғанға дейін болған жағдайды қалпына
келтіруді, ал ол еркін болмаған жағдайда келтірілген зиянды өтеуді
қамтамасыз ету мәселесін шешуді жүзеге асырады.
7) Азаматтық құқықтарды сот арқылы қорғау. Соттың қорғауын қамтамасыз
ету принципі. Бұл конституциялық принцип: Әркімнің өз құқықтарымен
бостандығын сот арқылы қорғалуына құқығы бар. (Конституцияның 13-бап, 2-
тармақ) Бұдан аз ғана уақыт бұрын сот арқылы қорғану рөлі төмен болып
келді, яғни тек заңда көрсетілген жағдайда ғана сотқа шағыну мүмкін еді.
Азаматтық кодекстің 9-бабына сәйкес азаматтық құқықты қорғау сот
арқылы жүзеге асады. Белгілі бір жағдайда бұрмаланған азаматтық құқық басқа
да тәсілдермен қорғала алады. Заңда көзделген ретте мұндай қорғау әкімшілік
тарапынан жүзеге асуы мүмкін (АК-нің 9-бап, 2-тармақ) Азаматтық кодексте
дәстүрлі қорғау шараларынан басқа қорғаудың жаңа да арнайы тәсілдері
енгізілген. Арнайы заң құжаттарында көзделген жағдайда нақты және заңды
әрекеттермен тікелей құқығы бұзылған адамның құқығын қорғауға заң жол
береді. Өзін - өзі қорғау азаматтық құқығына жасалған қиянатты өз күшімен
жеңуі деуге болады, бұл өзін - өзі қорғау не мүлікті немесе қаржыға қатысты
төлемді ұстап қалу, сонда-ақ өз бетімен кепілдік құқығын жүзеге асыру
түрінде көрінеді. Өзін-өзі қорғау ұғымы қылмыстық құқықтың аясында жатады,
бірақ өзін-өзі қорғау жазалауға тұрмаса, онда онысы заңды әрекет болып
табылады. Ұстап қалу құқығы деп меншік иесінің бөтеннің затын иесіне өзінің
алуындағы міндеттемесін орындамағанша бермей, ұстай тұруын айтады. Мысалы:
азаматтық кодекстін 712-бабы бойынша экспедиторға, тек экспедицияның
қызметі үшін берілетін ақы төленбиінше, жүкті ұстай тұру құқығы беріледі.
Азаматтық кодекстін 318-бабының 2-тармағына сәйкес кепіл ұстаушы
кепіл туралы шартта, сондай-ақ, Азаматтық кодексте және өзге де заң
құжаттарында көзделген реттерде кепілге салынған мүлікті соттан тыс күштеу
тәртібімен сауда өткізу (аукцион) арқылы өз бетімен сатуға құқылы. Ақшалай
қарызды қамтамасыз ететін кепілге салынған нәрсені сату жөнінде кепіл
ұстаушы банктің де осындай құқығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы»
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Азаматтық құқық объектісінің түрлері
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
ҚР мен шет елердің азаматтық іс жүргізу құқығы
ҚР тұрғын үй қатынастарын құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында пайдалану
Азаматтық құқық қатынастарының объектілері
Азаматтық құқық пәнінен лекция тезистері
Құқық жүйесінің түсінігі және құқық жүйесінің құрылымдық элементтері
Пәндер