Мүліктік емес жеке құқықтар


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 4
І ТАРАУ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ЗАТТАЙ ҚҰҚЫҚТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
- Мүліктер азаматтық құқықтың объектісі ретінде . . . 6
- Мүліктік емес жеке құқықтар . . . 12
- Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру, міндеттерді атқару . . . 20
ІІ ТАРАУ. ҚР АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР
2. 1. Азаматтар, заңды тұлғалар және мемлекет азаматтық құқықтың субъектісі ретінде . . . 30
2. 2. Қазақстан Республикасыдағы Азаматтық құқықтық қатынас . . . 43
IIІ ТАРАУ. ҚР АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
3. 1. Азаматтық құқықтың қайнар көздері, құрамы және басқа да нормативті құқықтық актілер . . . 52
- Азаматтық заңның уақыт, кеңістік жағынан және тұлғалар бойынша қолданылуы . . . 56
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 60
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 62
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Заңгердің біліктілігінің негізі - құқықтық салаларды жақсы білу және олардың ішінде жол табу ісін меңгеру. Азаматтық құқық өзге салалардың арасында маңызды орында. Сондықтан да заң факультетінің түлектерінің болашақта судья, адвокат және басқа да құқық қолданылатын қызметтерде жоғары нәтижелерге жету шарттарының бірі болып, азаматтық іс жүргізу құқығын терең зерттеу болып табылады.
ҚР қабылдаған АК-нің позитивтік жақтарын алсақ, ол азаматтық соттардың юрисдикцияларының кең болуы, айтысу регламентациясы талаптарының сапалы белгіленуі.
Азаматтық құқық жүйенің құрылымының қағидалары ретінде, демократияны және заңнаманы либералдау жолын таңдау, ҚР Азаматтық құқықта да үлкен әсерін тигізеді. Конституциялық қағидаларды өмірде іске асыру үшін әрбір заңнамалық адымды толық, теориялық зерттелген идяларды қолдана отырып, жасау кажет. Ол үшін мемлекетімізге жоғары сапалы заңгерлер, заң жағынан білікті мемлекеттік қызметкерлер қажет. Бұл кәсіп, әсіресе, қоғамның әлеуметтік құрылуы, жаңа экономикалық және саяси бағдар таңдауы кезінде жоғары бағаланады.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Азаматтық құқық объектілерінің мәселелері». Жұмыстың актуалдылығы, азаматтық құқық объектілерінің мәселелері, қайнар көздері және олардың конституциялық негіздерін қазіргі заманға сай зерттеу. Азаматтық құқық объектілерінің қайнар көздерінің маңыздылығы - осы саланың мәнін, негізгі жақтарын көрсетуі. Азаматтық құқық объектлерінің қағидалар, халықтың құқықты әлеуметтік бағасы, саяси-құқықтық идеялардың айна көрінісі болып табылады. Оларда, халықтың идеялары мен ойларын ең толық қанағаттандыратын, заңдылықты азаматтық істерде ұйымдастырудың негіздері, соттың процессуалдық іс-әрекеті, сот процесіне қатысушылардың құқықтық мәртебесін анықтау жолының құқықтық сапалар тізімі түйінделеді. Азаматтық құқық объектілерінің мазмұны демократиялық бағытта болады, және заң нормаларымен бекілітіліп, заңдылықты азаматтардың заң және сот алдында теңдігін сақтай отырып, соттың жүзеге асыруын, істерді судьялардың жеке-дара немесу алқалы түрде қаралуын, судьялардың тәуелсіздігі мен тек заңға бағынуы, жариялылық, сот ісін мемлекеттік тілде жүргізілуін білдіреді. Әрбір адамның сотқа қорғаныс іздеп және соттың қорғанысына жүгінуіне мүмкіндік беретін, сот ісін жүзеге асыруының қолайлы болуы, іске қатысушылардың реалды құқықтары және олардың жүзеге асуының кепілдігі болып табылады.
Мүліктік және мүлiктік емес өзіндік игіліктер мен құқықтар азаматтық құқықтар объектілері бола алады. АК азаматтық құқықтар объектілерін мынадай негізгі екі топқа бөлiнеді: мүліктік игіліктер мен құқықтар және мүліктік емес өзіндік игіліктер мен құқықтар.
Азаматтық құқық субъектілерінің материалдық және өзге де қажеттерін қанағаттандыра алатын, әдетте, ақшалай бағалауға жататын және азаматтық құқық реттейтін қатынастар саласына енгізілген материалдық заттарды және өзге құндылықтарды мүліктік игіліктер деп түсінеміз.
Мүліктік игіліктерге субъективтік азаматтық құқықтарды мүліктік құқықтар деп түсінеміз.
Азаматтық құқық субъектілерінің жеке тұлғасымен ажырамастай тығыз байланысты құндылықтар мүліктік емес өзіндік игіліктерге жатады, ал мүліктік емес өзіндік құқықтар дегеніміз - бұл аталған құңдылықтарға құқықтар болып табылады. Мысалы, адамның өмірі мүліктік емес өзіндік игіліктерге, ал өмірі сүру құқығы - мүліктік емес өзіндік құқықтарға жатады.
Құқық объектілері - мүліктік емес өзіндік игіліктердің мүліктік емес өзіндік құқықтармен тығыз байланысқаны соншама, АК кейде тек мүліктік емес өзіндік құқықтар туралы мәселе қозғап, оңда осы ұғымдар арқылы мүліктік емес өзіндік игіліктерді меңзеп отырады.
АК жекелеген мүліктік игіліктер мен құқықтарды да, сондай-ақ олардың жиынтығын немесе кешенін де мүлік деп түсінеді. Соңғы жағдайда, мысалы, азаматтың немесе заңды тұлғаның мүлкі туралы айтылады да, олардың ішінен жекелеген игіліктер мен құқықтар бөліп көрсетілмейді.
Мүліктің мынадай негізгі түрлерін бөліп көрсетуге болады: 1) заттар; 2) ақша және бағалы қағаздар; 3) жұмыстар және көрсетілетін қызметтер; 4) шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелері; 5) ақпарат; 6) мүліктік құқықтар (құқық объектілері - ақша мен бағалы қағаздарға осы тараудың жеке параграфтары арналған) .
Дипломдық жұмыстың мақсаты азаматтық құқықтағы обьектілердің мағынасын толық ашу, олардың қазіргі нарықтық экономикада атқаратын рөлін көрсету болып табылады.
Дипломдық жұмыс негізгі үш тараудан тұрады:
І-тарау. Азаматтық құқықтың объектілері және заттай құқықтардың жалпы сипаттамасы
ІI-тарау. Қр азаматтық құқықтың субъектілері және азаматтық құқықтық қатынастар
III-тарау. Қр азаматтық құқықтың қайнар көздерінің жалпы сипаттамасы
Дипломдық жұмыста Қазақстан және Шет мемелекет заңгерлерінің еңбектерін басшылыққа алып қолдандым.
І ТАРАУ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ЗАТТАЙ ҚҰҚЫҚТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
- Мүліктер азаматтық құқықтың объектісі ретінде
Мүліктік және мүлiктік емес өзіндік игіліктер мен құқықтар азаматтық құқықтар объектілері бола алады (АК-ның 115-бабының 1-тармағы) . АК азаматтық құқықтар объектілерін мынадай негізгі екі топқа бөлiнеді: мүліктік игіліктер мен құқықтар және мүліктік емес өзіндік игіліктер мен құқықтар.
Азаматтық құқық субъектілерінің материалдық және өзге де қажеттерін қанағаттандыра алатын, әдетте, ақшалай бағалауға жататын және азаматтық құқық реттейтін қатынастар саласына енгізілген материалдық заттарды және өзге құндылықтарды (атап айтқанда, энергияны, жұмысты және көрсетілетін қызметті) мүліктік игіліктер деп түсінеміз.
Мүліктік игіліктерге (атап айтқанда, мүліктік игіліктерді пайдалану, иелену және оларға билік ету) субъективтік азаматтық құқықтарды мүліктік құқықтар деп түсінеміз. [1. 25]
Азаматтық құқық субъектілерінің жеке тұлғасымен ажырамастай тығыз байланысты құндылықтар мүліктік емес өзіндік игіліктерге жатады, ал мүліктік емес өзіндік құқықтар дегеніміз - бұл аталған құңдылықтарға құқықтар болып табылады. Мысалы, адамның өмірі мүліктік емес өзіндік игіліктерге, ал өмірі сүру құқығы - мүліктік емес өзіндік құқықтарға жатады.
Құқық объектілері - мүліктік емес өзіндік игіліктердің мүліктік емес өзіндік құқықтармен тығыз байланысқаны соншама, АК кейде тек мүліктік емес өзіндік құқықтар туралы мәселе қозғап, оңда осы ұғымдар арқылы мүліктік емес өзіндік игіліктерді меңзеп отырады.
АК-ның 115-бабының 2-тармағы құқық объектісі - мүліктің заңдық ұғымына мүліктік игіліктер мен мүліктік құқықтарды біріктіреді. АК жекелеген мүліктік игіліктер мен құқықтарды да, сондай-ақ олардың жиынтығын немесе кешенін де мүлік деп түсінеді. Соңғы жағдайда, мысалы, азаматтың немесе заңды тұлғаның мүлкі туралы айтылады да, олардың ішінен жекелеген игіліктер мен құқықтар бөліп көрсетілмейді. [13. 47]
Мүліктің мынадай негізгі түрлерін бөліп көрсетуге болады: 1) заттар; 2) ақша және бағалы қағаздар; 3) жұмыстар және көрсетілетін қызметтер; 4) шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелері; 5) ақпарат; 6) мүліктік құқықтар.
Заттар мүліктің кең таралған түрлерінің бірі болып табылады. Заң әдебиеттерінде әдетте, адамға қатысты алғанда, сыртқы материалдық дүние заттарын - адам қолымен жасалған, сондай-ақ табиғаттың өзі жаратқан және табиғи қасиеттері бар нәрселерді заттар деп түсінеді. Алайда мүлік ретіндегі заттың мәні оның табиғи қасиеттерінде ғана емес (бұлар оның құқықтық режимінен көрініс табатын болса да), адамның қажеттерін қанағаттандыра алатын, тұтыну және айырбас құны бар, әдетте ақшалай бағасы болатын және, әдетте, айналымға қабілетті мүліктік игілік ретіндегі оның қоғамдық қасиеттерінде болып табылады. Зат мұндай қоғамдық қасиеттерді қоғамдық қатынастар арқылы, оның заттық нысаны ретінде, басқаша айтқанда, затқа айналдырылған қоғамдық қатынастар ретінде иеленеді.
Заттар мүлік ретінде барынша алуан түрлі және құқық субъектiлеріне ұдайы белгілі бір қатынастарда болады (мысалы, оларға меншік құқығы, пайдалану құқығы және т. с. с. ретінде тиесілі болады) . Заң әр түрлі табиғат ресурстарын да, зат нысанында көрінетін адам еңбегінің өнімдерін де заттар деп түсінеді. Энергияның түрлері де (мысалы, жылу, электр энергиялары) заттардың қатарына кіреді. Өсімдіктер мен жануралар да заттар ретінде танылады. [21. 31]
Жеміс, өнім және табыс болып табылатын заттардың құқықтық режимінің кейбір ерекшеліктері бар. Мүліктерді пайдалану нәтижесінде алынған түсім (жемістер, өнімдер, табыстар), егер заңдарда немесе бұл мүлікті пайдалану туралы шартта өзгеше көзделмесе, осы мүлікті заңды негізде пайдаланушы адамға тиесілі болады (АК-ның 123-бабы) . Әдетте, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілiк әрекетінің құндылығы бар табиғи өнімдерін, мысалы, жеміс ағаштарының жемістерiн, шайдың жапырағын, жануарлардың төлiн, жүн, сүт, жұмыртқа секілді өсімдіктер мен жануарлардан алынатын өнiмдерді, яғни түсімдерді зандық ұғым ретіңде жемістер деп түсінеді. Бірақ, мұнда тағы да заттардың зандық қасиеттері жөнінде, яғни мүліктің қасиеті жөнінде әңгіме болып отыр.
Еңбек барысында басқа заттарды өнімді пайдалану арқылы жасалған заттарды өнімдер деп түсіну керек (мысалы, наубайханада пісірілетін нан, тігін өндірісінде шығарылатын тігін бұйымдары және т. с. с. ) .
Затты (заттарды) пайдаланудан немесе өнім шығару әрекетінен алынатын ақшалай және өзге түсімдерді табыстар деп түсіну керек. Бірақ, табыстар, заттар түрінде ғана емес, сонымен қатар, міндеттемелер бойынша ақшалай және өзге де талаптар түрінде болуы мүмкiн.
Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер. Азаматтық құқықтардың объектілері болып табылатын жұмыстар мен көрсетілетiн қызметтер - бұлар адамның мақсатты іс-әрекетінің элементтері, олар өзінше материалдық игіліктер болып табылады.
Олардың арасындағы айырмашылықтар мынада: жұмыстар, жұмыс процесінің өзінен бөлінетін материалдық нәтиже береді (мысалы, мердігерлік шарт негізінде жұмыс жүргізу нәтижесінде құрылыс жүргізіледі) . Бұл жағдайда құрылыс жұмыстарының өзі құқық объектісі болады, бірақ бұдан әрі зат ретінде құрылыстың өзі құқық объектісі болады.
Құқықтың дербес объектісі - қызмет көрсетудің қызмет көрсету жөніндегі іс-қимылдан басқа пайдалы нәтижесі болмайды (бұған нотариустың қызмет көрсетуі мысал бола алады) .
Мынаны атап көрсету керек: жұмыстар да, көрсетілетін қызметтер де, егер олардың тауарлық сипаты болса, басқа тұлғаларға тұтыну құны ретінде арналған болса, онда азаматтық құқықтардың объектiлеріне айналады. Мысалы, иесінің өз пәтерін жөндеуі құқық объектісі болмайды. Керісінше, мердігерлік шарт бойынша басқа адамдардың пәтерін жөндеу азаматтық құқық объектілері болып табылатын жұмыстарға жатады. [11. 27]
Шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелері азаматтық құқықтар объектілерінің дербес түрі, мүліктің ерекше түрі болып табылады, ол объективті өмір сүретін болса да, заттардан өзгеше, материалдық емес, асқақ сипатта болады. Азаматтың немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелеріне және оларға теңестірілген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына жеке немесе заңды тұлғаның өзі орындайтын жұмысының немесе қызметінің өнімдеріне (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі және т. б. ) ерекше құқығы танылады (АК-ның 125-бабының 1-тармағы) .
Шығармашылық интеллектуалдық қызметтің осынау объективтендірілген нәтижелерінің барлығын және оларға теңестірілген дараландыру құралдарын заң интеллектуалдық меншік ұғымына біріктіреді (125-бап) . Шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелері мен ерекше құқықтардың (интеллектуалдық меншіктің) объектісі болуы мүмкін даралану құралдарын пайдалануды үшінші жақтар құқық иеленушінің келісімімен ғана жүзеге асырады.
Қазіргі уақытта азаматтық айналымға кеңінен енгізіліп отырған ақпарат азаматтық құқық объектілерінің ерекше түрі болып табылады.
Құқық объектісі - шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелері туралы айтып өткенбіз: біз ендігі жерде қызметтік және коммерциялық құпияға толығырақ тоқталмақпыз.
Азаматтық заңдар қызметтік немесе коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты қорғайды (АК-ның 126-бабының 1-тармағы) . Бір мезгілде мынадай үш белгісі бар ақпарат қана қоралуға жатады: үшінші жаққа белгісіз болуына байланысты ақпараттың нақты немесе потенциалды коммерциялық құны бар; үшінші жақтың ақпаратпен заңды негіздерде танысу мүмкіндігі жоқ; ақпарат иесі оның құпиялылығын сақтау шараларын қолданады. [24. 51]
Мүліктік құқықтар құқық объектісі - мүліктің маңызды түрлерінің бірі болып табылады. Заттық құқықтар да (мысалы, жерді тұрақты пайдалану құқығы), сондай-ақ міндеттемелік құқықтар да (мысалы, құқықты беру кезінде несие берушінің борышқордан берешегiн алу құқығы) осыңдай объектілер болуы мүмкін.
Интеллектуалдық меншік құқығы да мүліктік құқықтардың қатарына жатады.
Мүліктік кешендер. Көптеген жағдайларда мүлік жекелеген зат немесе құқық түрінде емес, мүліктік кешен ретінде көрінеді. Капитал осындай мүліктік кешендердің бір түрі болып табылады. Заңдық мағынада алғанда, кәсіпкерлік қызметке арналған мүліктік кешенді капитал деп түсінеді. Заң бойынша, капиталдың көптеген түрлері бар. Мәселен, «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп-қисап туралы» 1995 ж. 26 желтоқсандағы ҚР Заңында меншікті капитал туралы сөз болады, ол субъектінің міндеттемелерін шегеруден кейін қалған оның активтерін білдіреді. АК шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталы туралы норманы қамтиды, ал ол оның құрылтайшыларының қаражаты есебінен қалыптасады. Ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқық, интеллектуалдық қызмет нәтижесі құқығын қоса алғанда және өзге де мүлік шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталына салынатын салым бола алады (АК-ның 59-бабының 1-тармағы) . Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталы шығарылатын болып жарияланған барлық акциялардың атаулы жиынтық құнынан тұрады (АК-ның 88-бабының 1-тармағы) .
Жеке кәсіпкердің кәсіпкерлік ісі заңда көзделген мүліктік кешеннің бір түрі болып табылады. Кәсіпкерлік іс, мүліктік құқықты қоса алған-да, жеке кәсіпкер соның негізінде және сол арқылы өз қызметін жүзеге асыратын мүлiктiң жиынтығы ретiнде анықталады.
Құқық объектісі - кәсіпорын - бұл кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын мүліктік кешен.
Мүлікті жіктеу өзінің міндеттерiне қарай алуан түрлі болып келеді:
1. Мүліктің айналым қабілеттілігі.
АК айналым қабілеттілігіне қарай мүлікті айналымнан алынып тасталған айналым қабілетті және айналым қабілеттілігі шектеулі мүлікке бөледі (АК-ның 116-бабы) .
Иеліктен еркін шығарылатын немесе әмбебап құқық мирасқорлық тәртібімен бір адамнан екінші адамға ауыса алатын мүлік айналымға қабілетті мүлік деп танылады.
Айналымның белгілі бір мүшелеріне ғана тиесілі бола алатын және, екіншіден, сатып алуға және иеліктен шығаруға құзіретті мемлекеттік органдардың рұқсатымен (лицензиясымен) ғана жол берілетін заттар мен басқа да мүлік айналымы шектеулі мүлікке жатады.
2. Жылжымайтын және жылжымалы мүлік. Заттар жылжымайтын және жылжымалы мүлікке бөлінеді. Жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, көп жылдық желектер секілді және оларды мақсатына сай келмейтiн шығын келтірместен, тұрған орнынан ауыстыру мүмкін болмайтын өзге де мүліктер жылжымайтын мүлікке жатады. Құқық объектісі - кәсіпорындар да жылжымайтын мүлікке жатады. Мемлекеттік тіркеуге жата-тын әуе және теңіз кемелері, ішкі суларда жүзетін кемелер, «өзен-теңіз» жүзу кемелері, ғарыштық объектілер жылжымайтын мүлікке теңестіріледі. Жылжымайтын заттарға жатпайтын мүлік, оның ішінде ақша мен бағалы қағаздар жылжымалы мүлік деп танылады (АК-ның 117-бабы) .
3. Бөлінетін және бөлiнбейтін мүлік. Мүлік бөлінетін және бөлінбейтін мүлік болуы мүмкін (АК-ның 120-бабы) . Бөлінетін мүлік дегеніміз - бұл бөлу нәтижесінде өзінің шаруашылық мақсатын (міндетін) жоғалтпайтын мүлік. Бөлінбейтін мүлік дегеніміз - бұл құқықтық көзқарас тұрғысынан алғанда, бөлу кезінде өзінің бұрынғы шаруашылық маңызынан айрылатын мүлік.
4. Күрделі зат ұғымы бөлінбейтін зат үғымына жуықтайды, күрделі зат заң жүзінде бөлінбейтін болғанымен, мақсаты жөнінен бірігетін бірнеше заттан тұрады.
5. Басты зат және керек-жарақ. Заттар жалпы шаруашылық мақсаты бойынша олардың біреуі (керек-жарақ) екіншісіне (басты затқа) қызмет ететіндей болып байланысуы мүмкін. Егер заңдарда немесе шарттарда өзгеше белгіленбесе, керек-жарақ басты затқа ілесіп жүреді (АК-ның 122-бабы) .
Ақша азаматтық құқықтардың ерекше объектісі болып табылады. Құқық объектісі болып табылатын ақшаға қатысты жалпы ережелердің барлығын қамтитын АК-ның 127-бабы осы объектіге арналған. Бұл бап Қазақстан Республикасының ақша бірлігі теңге болып табылады, ол Қазақстанның бүкіл аумағында өз құны бойынша қабылдануға міндетті деп белгілейдi.
Ақша негізгі екі нысанда шығарылады: ақша белгiлері (қолма-қол ақша) нысанында және клиенттерінің банктегі есеп-шоттарындағы жазбалар түріңде банктердің ақшалай мiндеттемелері нысанында.
Қолма-қол және қолма-қол емес ақшалардың төлемдерді және аударымдарды жүзеге асыру кезінде байқалатын мәнді ерекшеліктері болады.
Төлемдер азаматтық-құқықтық мәмілелердің, ҚР заңдары нормаларының негізінде және олардың шарттарына сәйкес жене соттың шешімімен жүргізіледі.
Қолма-қол акша заттардың ерекше түрі болып табылады. Бұдан ақшаға заттық құқықтың пайда болу ерекшелігі туындайды.
Қолма-қол емес ақша иесінің мүліктік құқығы - банкінің клиенттің есеп-шотындағы (өзге шоттағы) ақшасын төлеу жөніндегi оның алдындағы міңдеттемелерінен туындайтын талап ету құқығы бар.
Сонымен, азаматтық құқық объектісі - ақшаға мынадай анықтама беруге болады: ақша дегеніміз - кез келген басқа мүлікке айырбасталатын ерекше қасиеті бар заттық құқық ретіндегі (қолма-қол ақша), сондай-ақ міндеттемелік Құқық ретіндегі (қолма-қол ақша) азаматтық құқықтар объектісі. [7. 227]
Ақшалардың түрі секілді шетелдік валютаны да бөліп көрсету керек.
Шетелдік валюта ерекше объект ретінде валюталық құңдылықтарға жатқызылады.
Өз иесінің шетелдік мемлекет объектісіне құқығын куәландыратын жағдайда және халықаралық ақша рыногында қайтымды болатын жағдайда бағалы қағаз валюталық құндылық деп танылады.
Валюта - бұл мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірлігі немесе банкроттар, қазынашылық билеттер мен тиындар, оның ішінде бағалы металдардан жасалған (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда - жүрген ақшалармен айырбастауға жататынын қоса есептегенде) түріндегі, қолма-қол және аудару нысаңдарындағы құндардың ресми стандарттары, соңдай-ақ есеп-шоттардағы, оның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бiрлiктерiндегi қаражаттар.
Сонымен, шетел валютасы дегенiмiз - бұл шетелдiк мемлекеттердiң эмитенттерiнiң, яғни осы мемлекеттердiң ресми органдарының немесе ұйымдарының активтерiмен қамтамасыз етiлген шетелдiк мемлекеттердiң ақшасы.
Бағалы қағаз үғымы. Азаматтық кодекстің 129-бабына (2003 ж. 16 мамырдағы редакциясында) сәйкес мүліктік құқықтарды куәландыратын белгілі бір жазбалардың және басқа белгілердің жиынтығы бағалы қағаз болып табылады. Бағалы қағаздар, ең алдымен, мүліктік құқықтарды куәландырады, бұл, атап айтқанда, олардың құндылығын айқындайды. Бағалы қағаздар рыногы, шын мәнінде, мүліктік құқықтар рыногы болып табылады. [3. 161]
Оның мазмұны заң актілерінде белгіленген талаптарға сай келуге тиіс болатындықтан, бағалы қағаз - қатаң белгіленген жазба болып табылады.
Бағалы қағаздардың түрлері. Азаматтық кодекс бағалы қағаздардың: 1) ұсынбалы; 2) атаулы және 3) ордерлік түрлерін ұсынады (129-баптың 2-тармағы) .
Ұсынбалы бағалы қағазда мұндай қағаз бойынша міндеттемені талап ету құқығы бар адам көрсетілмейді. Оның иесі ұсынбалы бағалы қағаз бойынша міндеттемені талап етуге уәкілетті, тиісінше ұсынбалы бағалы қағаз бойынша құқықтарды беру үшін қағаздың өзін ұсыну жеткілікті болады.
Атаулы бағалы қағазда бағалы қағаз куәлаңдырған міндеттемелердің орындалуын талап ету құқығы бар адам көрсетіледі. Атаулы бағалы қағаз куәландырған құқықтар талаптан қайту (цессия) үшін белгіленген тәртіп бойынша беріледi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz