Құқық субъектілерінің азаматтық әрекет қабілеттілігі


ЖОСПАР:
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Азаматтық құқық қатынасының ұғымы және оның ерекшеліктері
2. 2. Азаматтық құқық қатынасының мазмұны
2. 3. Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері мен объектілері
2. 3. 1. Азаматтар - азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері ретінде
2. 3. 2. Құқық субъектілерінің азаматтық құқық қабілеттілігі
2. 3. 3 Құқық субъектілерінің азаматтық әрекет қабілеттілігі
2. 3. 4. Хабар - ошарсыз кетті деп танылу
2. 3. 5. Азаматтық өлді деп жариялау
2. 3. 6. Заңды тұлғалар Азаматтық құқықтық қатынастарының субъектілері ретінде
2. 3. 7. Заңды тұлғаның құқық қабілеттігі мен әрекет қабілеттілігі
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Қазақстан Республикасының бір тұтас құқық жүйесі бірнеше салаға бөлінетіндігі бәрімізге мәлім. Сол салалардың бірі болып табылатын - азаматтық құқық. Азаматтық құқық сала ретінде елімізде қалыптасып келе жатқан нарықтық экономиканың бірден-бір негізі десек те болатын шығар. Өйткені, бұл саламен реттелінетін құқық қатынастарының шеңбері кең.
Азаматтық құқығымен реттелінетін қатынастардың түсінігін беру үшін құқық теориясында қолданылып жүрген ережелерге сүйенуіміз қажет. Яғни айтқанда, реттеу пәні мен реттеу тәсілдері. Осы жоғарыда көрсетілген екі категорияның негізінде азаматтық құқығына сала ретінде тек анықтама ғана емес, оның басқа құқық салаларынан ерекшелігін де көрсетуге болады.
Азаматтық кодекстің 1-ші бабының 1-ші тармағында көрсетілгендей, азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Сонымен қатар, мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар да азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды.
Жоғарыда көріп отырғанымыздай, азаматтық құқығымен реттелінетін қоғамдық қатынастардың негізгісі болып табылатыны - мүліктік қатынастар. Сондықтан да айтып кеткен жөн болар, кез келген мүліктік қатынастар емес, қоғамның негізін қалайтын тауар-ақша қатынастары, яғни азаматтық құқық субъектілерінің кез келгенінің қатысуымен және әр түрлі көріністерде (мүлік беру, жұмыс, қызмет) байқалатын мүліктік қатынастар. Мүліктік қатынастарға негізінен, қоғамдағы өндіріс құрал-жабдықтарына, мүліктік игіліктерге және басқа да материалдық құндылықтарға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жатады.
Мүліктік емес жеке қатынастар, мүліктік қатынастарға тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар болып екі топқа бөлінеді. Азаматтық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке катынастарға құндық
маңызы жоқ қатысушылардың қоғамдық сипатын белгілейтін материалдық емес құндылықтар жатады. Мәселен, әдеби шығармамен, ғылыми еңбекпен айналысушылар немесе өнертапқыш өзінің авторлығын анықтау туралы мәселе қойса, өзінің жекелігін қорғай отырып, бұл мәселе бойынша қоғамдық дербес қатынасқа түседі. Бұл қатынас мүліктік болып табылмаса да, мүлікпен тығыз байланысты, өйткені өнертабыс иесінің өнертабысын пайдаланғаны үшін онда авторлық сый ақы алу құкығы пайда болады.
Азаматтық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастарға азаматтың есімі, жеке келбет құқығы, жеке өмірдің құпиялығы, тұрғын үйге қол сұқпаушылық, азаматтың немесе заңды тұлғаның абыройына, қадір-қасиетіне, іскерлік беделіне байланысты туындайтын құқықтық қатынастарды жатқызуға болады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 9-бабында азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылық атап көрсетілген.
Сондай-ақ Ата Заңның 33-бабы «азаматтың жеке өміріне қол сұғуға болмайтындығын» атай келе, «азаматтың жеке өміріне араласуға, оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға тыйым салынады» десе, осы баптың келесі тармағында «тұрғын үйге қол сұғуға болмайтындығы» атап көрсетілген. Жоғарыда көрсетілген мүліктік қатынастармен байланысы жоқ жеке қатынастар, мүліктік емес жеке қатанастардың екінші тобын құрайды.
Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастар жиынтығын анықтай келе, бұл қатынастардың субъектілерін де атап көрсетуге болады. Оларға жеке тұлғалар (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар), заңды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1964 жылы Азаматтық Кодекспен салыстырғанда 1994 жылы 27-ші желтоқсанда қабылданған Азаматтық Кодекстің ерекшелігі сол, мемлекет азаматтық-құқықтық қатынастарға осы қатынастарға өзге қатысушыларымен тең негізде түсетіндігі атап көрсетілген.
2. 1. 1. Азаматтың құқық қатынасы санатының азаматтық құқық түсінігі үшін зор маңызы бар. Азаматтық құқықпен реттелген мүліктік қатынастар, сондай-ақ қатысушылары бір-бірімен субъективті азаматтық құқықтармен және міндеттермен байланысатын соларға қатысты (қатысты емес) жеке мүліктік қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады. Г. Ф. Шершеневич өзінің «Орыс азаматтық құқығының оқулығы» деген кітабында былай деп жазған: «кез келген тұрмыстық қатынас оның заңдық нормалармен қашан және қаншалықты анықталса да заңдық қатынастар болады. Нақ осы жаннан заңдық жағы да болады, өйткені біреуі екіншісінен талап ету құқығын алады, ал соңғысы заң ережелерінде айтылғандарды орындауға, мысалы, белгіленген жалдау ақысын енгізуге міндеттенеді» 1 .
Сонымен, азаматтық құқық мәселесі болып табылатын мүліктік және жеке мүліктік қатынастарды реттеу мынадан көрінеді, азаматтық құқық нормалары бұл қатынастарға қатысушылардың мінез-құлқы көріне алатын және көрінуге тиісті нәрсені айқындайды.
2. Азаматтық құқық қатынастарының ерекшеліктері мыналар болып табылады:
Біріншіден, азаматтық құқық қатынастарының субъектілері заң жүзінде тең құқылы, бір-біріне тәуелсіз, сол арқылы олар басқа құқық қатынастарынан ажыратылады (ерекшеленеді) ;
Екіншіден, азаматтық құқық қатынастары заңда көзделген негіздер бойынша да, кезделмеген негіздер бойынша да туындауы мүмкін (Азаматтық кодекс, 7-бап) ;
Үшіншіден, азаматтық құқық қатынастарының жағдайлары мен мазмұнын белгілегенде тараптардың келісімі басым болады;
Төртіншіден, ерекшелік бұзылған азаматтық құқықтарды қорғаудың тәртібі мен әдісінің өзіндік өзгешелігінде болып табылады (Азаматтық кодекстің 9-бабы) .
2. 2. 1. Кез келген құқық қатынасы оның субъективті құқықтар мен міндеттерді таратушылар ретіндегі қатысушыларының құқықтық байланысы болып табылады. Сондықтан субъективті құқықтар мен міндеттер де азаматтық құқық қатынасының мазмұны болып табылады.
2. Субъективті құқық дегеніміз құқық берілген тұлғаның ықтимал мінез-құлық шамасы. Субъективті азаматтық құқық мазмұны жағынан әртүрлі. Субъективті құқықтың мазмұнын субъектіге берілген немесе заңмен рұқсат етілген мүмкіндіктер құрайды.
Мысалы, меншік құқығы: а) белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін меншік иесіне тиесілі мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету мүмкіндігін; ә) басқа адамдардың бәрінен олардың сол мүмкіндіктерді жүзеге асыруға меншік иесіне кедергі жасамауын талап ету; б) меншік құқығы бұзылған жағдайда құқық бұзушылықты жою үшін сотқа жүгінуге дейін құқық қорғау тәртібі шараларын пайдалану мүмкіндігін қамтиды (Азаматтық кодекстің 188-бабы) .
Міндетті тұлғаның тиісті мінез-құлық шамасы азаматтық құқықта міндет деп түсініледі. Алайда, азаматтық құқықта міндеттің әртүрлі болатынын ескеру керек.
Азаматтық құқық нормаларының көпшілігі диспозитивтік сипатта болады. Алайда азаматтық заңдарда тыйым салулар мен нұсқаулар сипатындағы ережелер де белгілі. Құқықтың тыйым салу нормалары азаматтық құқық қатынастарына қатысушылардың міндеттерін де айқындайды. Мысалға, тараптардың шарттан бір жақты бас тартуын немесе оның ережелерін бір жақты өзгерту (Азаматгық кодекстің 401-бабы) .
Әрбір азаматтық құқық қатынасында тараптар құқық берілген және міндетті тараптар болып екіге бөлінеді. Екі тараптың екеуінде де бір тұлға немесе бірнеше тұлға болуы мүмкін, мысалы, бірлесіп зиян келтірген тұлғалар бұл зиянды зардап шегушіге өтеуге тиіс. Құқық қатынастарына белгілі бір тұлғалар қатысуы мүмкін, алайда кейбір азаматтық құқық қатынастарына міндетті тарап жағынан саны белгісіз тұлғалар қатысады (автордың, өнертапқыштың құқықтарын бұзудан барша жұрт тартынуға міндетті) .
Азаматтық құқық қатынастарына қатысушылардың әрқайсысының бір мезгілде құқық берілген және міндетті тарап болуы сирек кездеспейді. Мысалы, сатып алу-сату шарты бойынша сатушы мүлікті сатып алушының меншігіне беруге міндетті және сонымен бірге одан белгілі бір ақша сомасын төлеуді талап етуге құқылы. Ал сатып алушы бұл соманы төлеуге міндетті ғана емес, сонымен қатар мүлікті өзінің меншігіне беруді талап етуге де құқылы.
Азаматтық құқық қатынастарына қатысушылар құрамының өзгеруі мүмкін, мұның өзі, атап айтқанда, құқықтық мирасқорлық себебінен орын алады. Құқықтық мирасқорлық деп құқықтың (сондай-ақ құқықтар мен міндеттердің) бір тұлғадан - құқықтық ізашардан екінші тұлғаға - құқықтық мирасқорға ауысуы түсініледі, бұл ретте соңғысы құқық қатынастарында өзінің құқықтық ізашарының орнын басады 1 .
Құқықтық мирасқорлық әмбебап (жалпы) не сингулярлық (жекеше) болуы мүмкін. Жалпы құқықтық мирасқорлық бір заңдық актінің нәтижесінде құқықтық мирасқордың барлық құқық қатынастарында (құқықтық мирасқорлыққа жол берілмейтінін коспағанда) құқықтық ізашарының орнын басатынымен сипатталады. Мысалы, заңды тұлғалар қосылған жағдайда олардың құқықтары мен міндеттері, Азаматтық кодекстің 46-бабына сәйкес, жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға ауысады; мұраны қабылдауына байланысты мұрагерлер қайтыс болған адам қатысқан мүліктік құқық қатынастарының су оъектілеріне айналады. Жеке құқықтық мирасқорлық - қандай да болсын бір құқық қатынасындағы немесе бірнеше құқық қатынастарындағы құқықтық мирасқорлық. Мысалы, тұлға өзінің үшінші жаққа талап қою құқығын басқа тұлғаға берген жағдайда солай болады (Азаматтық кодекстің 345-бабы), Жеке сипатта болатын құқық қатынастарында (есімге, авторлыққа және т. б. құқықты басқа адамдарға ауыстыруға болмайды), сондай-ақ бұлайша ауыстыруға заңмен тыйым салынған барлық жағдайларда құқықтық мирасқорлыққа жол берілмейді.
2. 3. 1. Құқық қатынастарына қатысушылардың азаматтық құқықтары мен міндеттері болады, олар құқық қатынастарының субъектілері деп аталады. Азаматтық кодекстің І-бабында азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер болып табылады деп атап көрсетілген.
Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері ретінде әрекет жасайтын азаматтардың басым көпшілігі - Қазақстан Республикасының азаматтары. Конституцияның 10-бабында Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес беріліп, тоқтатылатыны, оның алыну негіздеріне қарамастан бірыңғай және тең болып табылатыны атап көрсетілген.
Азаматтық құқық шеңберінде кәсіпкерлер үшін ерекше режим жасау Азаматтық кодекстің маңызды жаңалығы болып табылады. Кәсіпкерлік қызметпен заңды тұлғалар ғана емес, жекелеген азаматтар да айналыса алады. Атап айтқанда, Азаматтық кодекстің кейбір баптарында кәсіпкерлерге арналған арнаулы режим бар нормалар: міндеттемені мерзімінен бұрын орындау (Азаматтық кодекстің 279-бабы), бірлескен міндеттемені орындау (Азаматтық кодекстің 287-бабы), қосылу шарты (Азаматтық кодекстің 389-бабы) және басқалар келтірілген.
2. Азаматтық құқық катынастарына Қазақстан Республикасының азаматтарымен қоса, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар қатыса алады. Шетелдіктердің құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 18 маусымдағы заң күші бар Жарлығымен белгіленген. Қазақстанда Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің шет мемлекеттің азаматы екеніне айғағы бар адамдар шетелдік азаматтар деп танылады (Жарлықтың 2-бабы) . Мәселен, Қазақстанда шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, шетелдік фирмалардың (компаниялардың) мамандары, шетелдік студенттер және т. б. бар.
«Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы» Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына айғақ жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп саналады (Жарлықтың 2-бабының 2-тармағы) .
Шетелдіктердің инвестщияларға қатысуының құқықтық жағдайлары екі жақты халықаралық шарттармен және капитал салымдарын өзара көтермелеу мен өзара қорғау туралы келісімдермен де айқындалады. Оларда әдетте ең қолайлы ұлт режимін немесе ұлттық режим беру көзделеді, екі мемлекеттің шетелдік меншікті ұлт иелігіне алмауына және оған сондай шаралар қолданбауға міндеттемелер, еркін айырбасталатын валютамен капитал салымдарын жүзеге асыруға байланысты төлемдерді шетелге кедергісіз аудару кепілдігі және басқалар енгізіледі 1 .
Шетелдік инвестицияларды көтермелеу мен өзара қорғау туралы Қазақстан Республикасы жасасқан екі жақты келісімдер жөнінде мыналар неғұрлым толық келтірілген: Международное частное право. Учебное пособие. Отв. ред. М. С. Сарсембаев. --Алматы: Ғылым, 1996, с. 24-26; Право и иностранные инвестиции Республике Казахстан. Отв. ред. М. К. Сүлейменов. -Алматы; Жеті Жарғы, 1997, с. 71-90.
3. Заңды тұлғалар туралы Азаматтық кодекстің 33-бабында айтылған заңды тұлға анықтамасынан әрбір ұйымның бәрі бірдей азаматтық құқық субъектісі болмайтыны, демек, әрбір ұйымның азаматтық құқық қатынастарына қатысушы бола алмайтыны көрінеді.
Республика аумағында жұмыс істейтін шетелдік заңды тұлғалардың құқықтық мәртебесі «Шетелдік инвестициялар туралы» 1994 жылғы 27 желтоқсандағы заңмен (кейінгі өзгерістерімен қоса) реттеледі.
Алайда Қазақстан Республикасында жекелеген салаларда шетелдік заңды тұлғалардың қызметіне шектеулер қойылғанын атап өткен жөн. Атап айтқанда, сақтандыру саласында шектеу қойылған. Мәселен, шетелдік сақтандыру ұйымдарының Қазақстан Республикасы аумағындағы тікелей сақтандырушы ретіндегі қызметіне тыйым салынады.
4. Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністердің азаматтық құқық қатынастарына қатысуының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының азаматтық заңдармен реттелетін қатынастарда сол қатынастардың өзге де қатысушыларымен тең негіздерде әрекет ететіні болып табылады. Азаматтық кодекстің 112-бабының 1-тармағында әкімшілік-аумақтық бөліністер жөнінде сондай ережелер белгіленген.
1Азаматтық құқықтың жоғарыда келтірілген субъектілері азаматтық құқық қатынастарына құқықтың осы саласының субъектісі ретінде қатысады. Азаматтық кодексте субъектілердің әрбір түрінің ерекшеліктері ескеріледі. Бұл орайда жалпы (субъектілердің барлық санаттарына қолданылатын) нормалармен қатар, субъектілердің белгілі бір түріне ғана қатысты бірқатар арнаулы нұсқаулар белгіленеді. Мысалы, Азаматтық кодекстің 159-бабының 9-тармағында ауыр жағдайлардың топтасуы салдарынан жасалған мәміленің (кіріптарлық мәміле) шын екеніне дау туғызуға азаматтар ғана құқылы болатыны көзделген.
5. Азаматтық құқық қатынастардың объектілері. Әдетте құқық қатынастарының объектілері деп аталған құқық қатынасы бағытталған және белгілі бір ықпал жасайтын нәрсе түсініледі. Адамдар арасындағы олардың өзара іс-қимылы нәтижесінде белгіленетін қоғамдық байланыс ретінде азаматтық құқық қатынасы адамның мінез-құлқына ғана ықпал ете
алады. Сондықтан азаматтық құқық қатынастарының объектісі оның субъектілерінің алуан түрлі материалдық игіліктер мен материалдық емес игіліктерге бағытталған мінез-құлқы больш табылады 1 .
Профессор О. С. Иоффе заң әдебиетінде құқықтық объектінің мәні туралы және сыртқы дүниенің құқық объектілері ретінде болуы мүмкін құбылыстарының саны туралы мәселені шешудің әр алуан үш түрі болатынын атап өтеді. Заңгерлердің көпшілігі қосылатын үстем көзқарасқа сәйкес объектілердің қатарына іс-әрекеттер, материалдық емес жеке игіліктер, заттар және басқа да бағалы заттар жатады. Объектінің іс-әрекеттерінің маңызын теріске шығаратын және бұл маңызды тек қана заттарда немесе, тіпті болмағанда, ең алдымен заттарда деп танитын объектінің заттық-құқықтық теориясы бірсыпыра аз болғанымен, едәуір кең таралды.
Ақырында, кейбір авторлар ғана корғайтын іс-әрекет теориясы заттарды құқықтық объектілер қатарынан шығарып тастайды және объектінің маңызы құқық берген тұлға үміттене алатын міндетті әрекеттерде ғана болады деп таниды 2 .
Азаматық кодекстің 115-бабында азаматық құқық объекілерінің мынадай түрлері аталған: заттар, ақша, оның ішінде шетелдік валюта, бағалы қағаздар, жұмыс, көрсетілетін қызмет, шығармашылық жеке қызметтің объектілендірілген нәтижелері, фирма атаулары, тауар 2белгілері және бұйымдарды дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтар және басқа да мүлік.
Мүліктік емес жеке игіліктер мен құқықтарға мыналар жатады: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, ар-ождан, жақсы атақ, іскерлік абырой, жеке өмірге тиіспеушілік, жеке және отбасылық құпия, атақ құқығы, авторлық құқық, туындыға және басқа да материалдық игіліктер мен құқыққа тиіспеушілік құқығы.
2. 3. 1. Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық қабілеттілігі АК-тің 13-бабында азаматтық құқықққа ие болып, міндет атқару қабілеті (азаматтың құқық қабілеттілігі) барлық азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады. Конституцияның 14-бабына сәйкес заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Конституцияның аталған тұжырымына орай азаматтардың құқық қабілеттілігі заңда бәріне бірдей және бірыңғай құрылған. Азаматтық кодекстің 13-бабында азаматтардың құқық қабілеттілігі барлық азаматтар үшін тең дәрежеде екендігі танылған. Дейтұрғанмен, құқық қабілеттілігінің тендік принципі нақты субъективтік құқық шеңберінде жекелеген азаматтарға берілетін міндеттілік тендікті көрсете қояды деуге болмайды. Азаматтардың бәрінде бірдей кез келген құқықты ала беру (мысалы, тұрғын үйді, машинаны) мүмкіндігі бола бермейді. Құқық қабілеттілігінің теңдігі дегенде занды бұл орайда ешкімге артықшылық бермейтіндігі, ешкімге субъектівтік құқық алуға тыйым салмайтындығы тұрғысынан түсіну керек. Азаматтық құқық қабілеттілігінің тендік принципімен жалпы ережеге сәйкес оны, шектеуге жол берілмейді. Азаматтық Кодекстің 18-бабы 1-тармағында былай деп жазылған. «Заң құжаттарында көзделген реттер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды». Қолданылған жүрген заңға сәйкес, құқық қабілеттілігін шектеу азаматтың қылмыс жасау негізінде сот үкімі арқылы алынған шара бойынша шектелуі мүмкін. Бұл орайда азамат құқық қабілеттілігінен толықтай (тұтаста) айрылмайды. Тек занда көрсетілген құқықтарға ғана шектеу қойылады. Қазіргі қылмыстық заңда азаматтың құқығын айыру мына жағдайларға:
1) Белгілі бір лауазымды иеленуге немесе белгілі бір қызметті жасауға (жүргізуші, дәрігер және т. б. ) ;
2) елдің аумағында емін-еркін жүріп-тұруға (жер аударумен шектелу) .
Ескерте кеткен жөн, біздің заң бойынша құқықты жою қашан да уақытша сипатта болады. Сонымен қатар құқық қабілеттілігін шектеуді азаматтық басқалай субъективтік құқықтарынан айыру жағдайымен шатастыруға болмайды. Құқық қабілеттілігін шектеу дегеніміз қандай да бір құқықты алу мүмкіндігінен айыру болып табылады.
Субъективтік құқықтан айыру дегеніміз нақты, іс жүзіңдегі құқықтан айыру деп түсінген жөн. Мұндай субъективтік құқықтан айыру (тағы да заңды жауапкершілік негізінде) белгіленген мерзімнің тағайындалуымен байланысты болмауы мүмкін. Мысалы, қылмыс жасаған адамның мүлкі тәркіленді делік, яғни оның белгілі бір затқа, автомашинаға, үйге, аң аулау мен балық аулауға және т. б. меншіктік құқығы жойылады. Алайда, заңдық жауапкершіліктің мұндай шарасы оның жаңа автомашина алу, басқа үйді иелену құқығынан айыра алмайды.
Егер белгілі бір қызметті жасауға байланысты құқықтан, мысалы, дәрігерліктен айырса, істеп жүрген жерінен жұмыстан шығарылған адам басқа мекемеге барып тап соңдай мамандықта жұмыс істеуге рұқсат етілмейді. Дейтұрғанмен, басқа жұмыспен айналысуына мүмкіндік беріледі.
2. 3. 2 . Азаматтар құқық қабілеттілігін меңгере отырып, әртүрлі құқықтарды ала алады, сол арқылы өзіне әртүрлі міндеттерді жүктейді де, құқық қабілеттілік мазмұнының жиынтығын құрайды. Сонымен, азаматтық құқық қабілеттілгінің мазмұны азаматтардың қолданылып жүрген заңға сәйкес азаматтық құқықтар мен міндеттерінің жиынтығы болып табылады.
Азаматтық кодекстің 14-бабында бұл мәселе былайша тұжырымдалған: «Азаматтың Қазақстан Реслубликасы шегінде де, одан тыс жерлерде де мүлікті, соның ішінде шетел валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жерді таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайта оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құру; заң құжаттарыңда тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міңдеттемелерге қатысу; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады. »
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz